сиырдың сүтінен алынған
айраннан жасалған құрттың
ұзақ өмір сүруге септігі бар
ма, жоқ па – кім білген,
ауылдағы аңқау да ақкөңіл
апамыздың айтқанында
қандай да бір шындық
бардай көрінгені рас.
екең де құрметті орын алуға әбден лайық-
ты-ақ. Голландиялықтардың ірімшігі, тү-
рік тердің йогурты сияқты әлемдік асханада
өзіндік лайықты орнын ойып тұрып алуына
бо лады-ақ. Алайда «барғызбасың бар ғыз-
бастың» кебін киюлі. Атам заманғы құрттың
жасалу технологиясы бұзылып, оның ор-
нына заманауи құрталмас тыр ғыштар шық-
қалы қашан! Базардағы көтер ме бағамен
сатылатын құрт атаулы – құртқа ұқсас
дүние, әйтеуір, «оригинал» емес. Ұзын-
құлақтың айтуынша, оның сапасын сырып
қойып, санын көбейту үшін әк қосады-
мыс. Тіпті ақтың обалынан қорық пай-
тындар тез кебуі үшін аздап асбест те қоса-
тын көрінеді. «Ұсталмаған ұры емес», көз-
бен көріп, қолмен ұстап алмағаннан кейін
бәрі бекер. Тек құрттың дәмін көру үшін тіс-
теп көрсең, үгітіліп тұр. Әйтеуір, әктің ауы-
лы алыс емес-ау деп, «от болмаса, түтіннің
де болмайтыны» осындайда еске түседі.
Сондайда ауылдағы апамның өреге
жайған, май қосып қайнатқан, дәмі тіл
үйірер нағыз құртын сағынып кетесің...
БАҒА ҚАНДАЙ, БАҒА!
Жеңсік асқа құмартушылар оны көбіне
таныстарынан, онда да ауылдағы ағайын-
нан алғысы келеді. Базардағы көтерме сау-
дада құрттың бір келісі – 600 теңге, тіпті
мың теңгеге дейін барады. Ал данасы 10-
15 теңге тұрса, үлкендеулерін 20-30 теңге-
ден де саудалайды. Алыс ауылдардан
облыс орталықтарына көтерме бағамен
әкеліп өткізетіндер, әрине, арзандау бағаға
беріп кетеді. Ал базардағылар үстіне өкіртіп
қосып, саудасын жандырады. Базардан
жа ңа дан жайылғанын да, кепкенін де, екі-
үш жылдық тас болып қатып қалғанын да
таба аласыз. Тек сұрасаңыз, болғаны.
Алай да ауылдық, нағыз құртты табу қиы-
нырақ. Дәмі келіңкіресе, болғаны. Құртқа
деген құмарлықты әлгіндей сапа сын емес,
санын көздегендер құртпаса, құртекең
әзірше сауда сөресінен түсе қоймас.
ҚҰРТТАН КҮШ-ҚУАТ
АЛУҒА БОЛАДЫ
Құрттың химиялық құрамы мен кало-
риясын зерттеген ғалымдар тың жаңалық
ашқандай таң-тамаша болып отыр. Шы-
нында да, ол анау-мынау дәруменіңді
жол
да қалдырады. Арнайы зауытта
дайындалған сүзбеде ақуыз мөлшері 16
пайыз болса, құрттағы ақуыз мөлшері өте
бай: 53 пайызды құрайды. 100 грамм
сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттікі –
370,1 (!). 100 грамм құртта 3 грамға жуық
ақуыз, 3,2 грамм кальций мен фосфор
қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2,
Д дәрумендері бар екен. 100 грамм
құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория
беріледі. Пайдасы бар ма? Бар, әрине!
Бүгінде құрт өндіретін шағын цехтар да
жұмыс істеуде. Алайда аз уақыт сақталған
соң, сарғайып кететін өнімнің алушылары
да кем. Сондықтан да нағыз ауылда
апаларымыз дайындаған технологиямен
жасалар болса, нағыз табыс көзі болары
сөзсіз. Тіпті оны туристік кластердің бір
бағыты ретінде дамытып, кішігірім цехтар
ашып, шетелдік туристерге ұсынсақ,
ұтарымыз көп, әрине. Өзге ұлттардың
өреге құрт жайғанын көрмедік. Ұлттық
брендке сұранып-ақ тұрған дүние. Тек біз
ұйықтап жүргенде өредегі құртымызды
өзгелер ұрлап кетпесін...
ҚҰРТ ТҮРЛЕРІ:
Ыстық құрт. Қазанға құртты қайнатып,
май қосып, сапырып ішетін кенеулі ас.
Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқат-
тарға ем ретінде жасалған. Иммунитеті
төмен дегендерге де таптырмайтын ас
саналады.
Малта. Ет қайнатқан сорпаға кепкен
құртты салып езеді. Түбінде қалған кішкене
түйіршегі әрі жұмсақ, әрі дәмді болады.
Езілген бөлігін сорпаға қатып ішеді.
Ақмалта. Езген құрттың ең соңғы
шайындысы. Ол өте жұғымды және тез
сіңетін тағам болып саналады, оны сол
сұйық түрінде ішеді.
Құрт-май. Сары майға батырып
жасайтын құрт. Кепкен кезде сап-сары
болып, дәмі тіл үйірердей болады. Құрттың
ішіндегі ең дәмдісі – осы сары май қосылып
жасалғаны.
Гүлжан КӨШЕРОВА
Үшінші конференция жұмысын құран
оқумен бастаған мұсылман елдерінің ден-
саулық сақтау тізгінін ұстаған басшылар
мен дәрі герлердің үш күн бойы мәжіліс
құрып, тал қылайтын мәселелерінің де
нобайы сөз басынан-ақ айқындалып қал-
ды. Конферен
ция жұмысының күн
тәртібінде бүгінгі әлем ге ортақ, қай қо-
ғамға да қауіп төн діретін, әлеуметтік тұр-
ғыдан өзекті ауру лар дың алдын алу, емдеу
ісіне қатысты озық тәжірибелермен алма-
сып, мәселе лерді шешудің жолдарын бір-
лесіп іздестіру көзделіпті. Мұны осы кон-
ференцияға үшбу сәлемін жолдаған
Елбасы Нұрсұлтан На зар баев пен ИЫҰ бас
хатшысы Экмеледин Ихсаноғлы да
айрықша атап көрсеткен екен.
ДЕНСАУЛЫҚ – ЖАҺАНДЫҚ
ДЕҢГЕЙДЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Мәселен, Мемлекет басшысы кон-
ференция қатысушыларына жолдауында:
«Бүгінгі таңда экономикадағы жаһандану
үдерістері, шиеленісті жағдайлар мен қор-
шаған ортадағы ахуалдың өзгеруі, халық-
тың көші-қоны секілді күрделі мәселелер
денсаулық сақтау саласын халықаралық
қарым-қатынастардың басты тақырыбына
айналдырды. Денсаулық сақтау мәселесі
әрдайым жаһандық деңгейдегі маңызды
басымдықтардың бірі болып қала береді.
Денсаулық сақтау саласының көптеген
мәселесі халықаралық маңызға ие болуда
және оларды бірлесіп қана шеше аламыз.
Бүгінгі конференцияда жалпы адамзаттың
денсаулығын сақтау мәселелерін қарауды
ұсынамыз. Біз ана мен баланың денсау-
лығын сақтау, СПИД індетінің алдын алу,
туберкулезге қарсы күрес саласындағы
мәселелерді шешу жөніндегі ынтымақ-
тастығымызды арттыруды жоспарлап
отырмыз», – делінген. Елбасының хатын
Ауруды жеңу үшін де ынтымақ қажет
конференцияға арнайы келіп қатысқан
Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев оқып
берді.
ТӘН САУЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ
– САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Ауру адамзатқа ортақ. Адамзатты
жаратқан Алла тағала аурудың да неше
түрін жаратқан. Ал пенделер өзіне белгілі-
белгісізі бар, сол ауру түрлерін жұғатын
және жұқпайтын деп шартты түрде екіге
бөліп қарап, ақыл-ой зердесінің жетке-
нінше әрқайсысының дауасын іздеумен
келеді. Бірақ ауруды жаратқан Алла Адам
ғалайһиссәләмнің ұрпақтарына «сақтан-
саң, сақтаймын» дегенді де жеткізген екен.
Мұның бүкіл адамзат мойындайтын бір-ақ
ұғымы бар, ол – салауатты өмір салтын ұс-
тану. Алайда жаратылысынан ерік-жігері
әлсіздеу туатын адамдардың көбі салауатты
тіршілік кешуге, денсаулығын күтуге енжар
келетіні – шындық. Сол себепті де аурудың
шығуы мен таралуының түрлі себептері
көп және оның басым көпшілігінде адам-
ның өзі кінәлі болып жатады. Бірақ солай
екен деп, қол қусырып отыруға болмайды.
Денсаулық сақтау министр ліктерінің ал-
дын дағы басты міндет – халық денсаулығын
қорғау және дерттің қай түрінің болсын
алдын алу бағытында ілкімді жұмыс істеу.
«Алдағы жылдары денсаулық сақтауды
дамытудың негізгі бағыттарының бірі
жұқпалы емес, созылмалы аурулардың
алдын алу мәселесіне айрықша ден қоя
отырып, денсаулықты салауатты өмір
салтын қалыптастыру арқылы нығайту
болмақ», – деді кеше осы конференцияда
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің
бағыт-бағдарын таныстырған денсаулық
сақтау министрі Салидат Қайырбекова.
Министр бұл ретте туберкулез, тұмау, ВИЧ/
СПИД секілді жұқпалы індеттерге қарсы
күрес те еш бәсеңсімейтінін, қайта негізгі
басымдықтардың бірі болатынын айтып
отыр.
ИЫҰ ЕЛДЕРІ ЖАЛҒАН ДӘРІГЕ
ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ТІЗЕ
ҚОСУЫ КЕРЕК
Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдері
үшін дәрі-дәрмек төңірегіндегі алаяқтық та
– үлкен мәселе. Сондықтан бұл мәселеге де
Қазақстанның бас дәрігері соқпай кет педі.
Жалған дәрілер халық денсаулы
ғына
орасан зиян тигізетінін алға тартқан Сали-
дат ханым ИЫҰ елдерін осындай алаяқ
өндірушілерге қарсы күресте бір лесуге
шақырды. Сонымен қатар ол ИЫҰ мем-
лекеттеріне өздерінің фармацев тикалық
өнеркәсібін дамыту бойынша қосымша
шаралар қабылдап, негізгі дәрілермен
халықты жеткілікті қамтамасыз ету үшін
өзара ынтымақтастықты жалғастыру қажет-
тігін атап көрсетті.
АУРУҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ДЕ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАЖЕТ
Алайда тағы бір мойындайтын шындық
– аурудың шекараға бағынбайтыны. Сон-
дықтан да денсаулық сақтау ісінде өзара
тығыз ынтымақтастық аса маңызды. Мұны
конференцияға келген шетел деле гаттары
да бір ауыздан айтып отыр.
Абдуллах ОМАР, Мысыр делегация-
сының басшысы:
– Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі
жақсы дамып келеді. Әсіресе Астанада. Мен
Астанадағы госпитальді барып көрдім, өте
жақсы жабдықталған. Сіздердің елде дәрі-
герлерді оқыту жүйесі де жақсы жолға
қойыл ған. Соның арқасында Қазақстанда
жақсы дәрігерлер көп, сол сияқты біздің
Мы сырда да мықты дәрігерлер бар. Сон-
дықтан бүгінгі Ислам ынтымақтастығы ұйы-
мының денсаулық сақтау министр лерінің
конференциясы бізге әсіресе хирургия жа-
ғында өзара тәжірибе ал масуға, ортақ мә-
се лелерді шешудің жолын бірге талқы лауға
мүмкіндік ашады.
Доктор Хаммати ПЭЙМАН, иран дық
дәрігер:
– Бұл конференция бізге Ислам ынты-
мақтастығы ұйымы елдерінің денсаулық
сақтау саласындағы мәселелерді бірлесіп
талқы
лап, ортақ тұжырымдар жасауға
мүмкіндік береді. Меніңше, осы тұрғыдан
алғанда, Қа зақстан үшін бұл конферен-
цияның маңы зы өте зор. Өйткені біздің адам
ресурсы жа ғынан да, мүдделер тұрғысынан
да ортақ тұстарымыз көп, сондықтан кон-
ференция ба рысында әрбір ел денсаулық
сақтау саласында жиған тәжірибелерімен
алма
сып, бәрімізге ортақ мәселелерді
шешудің жолын іздейтін боламыз.
Доктор Мансұр НАСЕР ӘЛ-ХОВАСИ,
Сауд Арабиясының денсаулық сақтау ми нис-
трінің орынбасары, делегация басшы сы:
– Конференцияның бірінші және екінші
күндерінде денсаулық сақтау саласының
өзекті мәселелерін талқылап, оларды қазіргі
заманғы медицинаның жеткен жетістік-
терімен бөлісе отырып шешу жолдарын
қарастырамыз. Бірінші кезекте ислам мем-
лекеттеріндегі жұқпалы ауруларды емдеу
мен таралуының алдын алу мәселелері тал-
қыланып, денсаулық сақтау саласын басқару
ісіндегі тәжірибелер ортаға салынады. Ал
бұл жиыннан не күтеміз дегенге келсек,
медицинаның өзі – белгілі бір жетістіктерге
жету үшін тығыз ынтымақтастықты қажет
ететін сала. Осыны ескерсек, Ислам ынты-
мақтастығы ұйымы аясындағы бүкіл елдің
денсаулық сақтау министрлері жиналған
конференция жалпы денсаулық сақтау
ісіндегі көптеген өзекті түйткілдің ортақ
шешімін табуға жол ашатыны сөзсіз.
Ричард МОХУУРА, Уганда деле-
гациясының басшысы:
– Ана мен бала өлім-жітімін азайту, ана
мен бала денсаулығын қорғау ісін жетілдіру
– ең үлкен мәселелердің бірі. Осы мәселе-
лер ді конференцияға қатысушы өзге ел-
дермен талқылау, олардың жеткен жетіс-
тіктерімен танысу аса маңызды. Мысалы,
мен кеше Астанадағы нейрохирургия орта-
лы ғында болдым және оның заманауи ме-
ди циналық техникалармен, білікті маман-
дар мен жабдықталғанын көріп, тамсандым.
Ал ондағы профессорлармен әңгімелес-
кенімде угандалық мамандарды осы Астана-
ның нейрохирургия орталығында оқыту,
мұндағы жаңалықтарды Угандада енгізу
мүм кіндіктерін талқыладық. Өз басым кон-
ференция аяқталған соң, Қазақстанның өзге
де бағыттардағы медициналық орталық-
тарымен жақынырақ танысу мүмкіндігі
бола тын шығар деген ойдамын.
Жужжана ЖАКАБ, Дүниежүзілік ден-
саулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік
бюросының директоры:
– Бүгінгі өтіп жатқан жиын өте маңызды
деп ойлаймын. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының басымдықтары мен
Қазақстанның денсаулық сақтау ісіндегі
басымдықтары бірдей. Мен осыған өте қуа-
ныштымын. «Саламатты Қазақстан» бағдар-
ла масы ДДҰ саясатымен үндесіп жатыр. Осы
бағдарламада әсіресе алғашқы медицина-
лық-санитарлық көмек көрсету ісін дамытуға
айрықша ден қойылып отырғаны қуантады.
Бұл бағдарлама Қазақстан халқының негізгі
денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға
бағыт талған деп санаймын. Ал бұл индика-
тор лардың жақсарып келе жатқанын өздері-
ңіз де білесіздер. Бағдарламаның тағы бір
күшті жағы – халықты иммундау ісі. Бұл –
өте маңызды мәселе. Былтыр, мәселен,
Тәжікстанда полиомиелит індеті табылды.
Қазақстанның бұл індетке қарсы әрекеті
жүйелі, табанды түрде жүргізілді. Соның
арқасында Еуропа секілді, сіздердің ел де
– полиомиелиттен ада ел қатарында.
Мен бүгін түстен кейін ҚР денсаулық
сақтау министрі Салидат Қайырбековамен
кездесіп, ДДҰ-мен арада алдағы екі жылға
арналған келісімге қол қоямын. Бұл келі-
сімде, әрине, жұқпалы аурулардың, әсіресе
туберкулез мен ВИЧ/СПИД алдын алу ісіне
ерекше ден қойылатын болады. Ал бүгінгі
конференция барысында Ислам ынтымақ-
тастығы ұйымының хатшылығы мен ДДҰ
арасында денсаулық сақтау саласында
жақсы серіктестік орнайды деген үміттемін.
Айбын БАҚЫТҰЛЫ
Қаулыда бекітілген Азаматтық қызметші-
лердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда)
санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне
сәйкес, біліктілігі жоғары деңгейдегі зертхана-
шыға еңбекақы төлеу G-10 санаты бойынша
жүргізіледі.
Бүгінде БЛЖ мөлшері 13 613 теңгені
құрайды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолда-
нылатын коэффициенттер қаулыға 2-қосым-
ша да бекітілген.
Білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағ-
дай лары үшін төленетін қосымша ақы мен үс-
теме ақылар – қаулыға 4-қосымшада, ал сана-
ты үшін қосымша ақы 19-қосымшада қарасты-
рыл ған.
Көрсетілген қосымша ақы меке ме -
лердің басшыларына, олардың орынба-
сар ларына қолданыл майды және лауа-
зымды қоса атқарған қызметкердің өз
лауазымдық жалақысы нан есептеледі.
Сонымен бірге аталған қосымшада
уақытша болмаған қызметкердің міндет-
терін орындағаны үшін қосымша ақы
қарастырылған. Оның мөлшері жұмыстың
нақты көлеміне қарай анықталады.
Қазақстан Республикасы Еңбек
кодексінің 130-бабына сәйкес, қызметкер
әртүрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған
кезде оның еңбегiне неғұрлым жоғары
бiлiктiлiк жұмысы бойынша ақы төле-
недi.
ТАСЫМАЛ
Сауда-логистика
орталығы
салынатын болды
Ақтөбеде бұрынғы жүнді
алғаш өңдеу зауыты аумағында
сауда-логистика орталығы
салынатын болды. Өндірісті
калайда қайта қалпына келтіру,
шаруашылық айналымын жақ-
сарту мақсатында бұл жобаны
«Ақтөбе ӘКК» АҚ ұсынды. Және
олар бұрынғы зауыт базасында
жаңа индустриялық аймақ пайда
болса, онда облыс көлеміне
қаржы құйылатыны анық екенін
дәлелдеп отыр.
Орталықтың аумағы 38 гектарды
құрайды, қоймалар мен өндірістер көлемі
– 142 мың шаршы метр. Орталық бойынша
бес тораптан жүретін вагон айналымы
тәулігіне – 200 дана, автокөлік саны 270
дана болады деп күтілуде. Ол үшін өнер-
кәсіптік инфрақұрылым керек. Ал инфра-
құрылым жасау үшін сауда-логистикалық
орталықтың атқаратын рөлі үлкен болмақ.
Әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіпорны ұсынып
отырған жобада жылыжай, суармалы
егістік, бордақылау және дайындау алаң-
дары, қоймалар салынатыны көрсетіл ген.
Жоба иелері мұны Хоргоспен салыс-
тырады. Шынымен де, Ақтөбенің геогра-
фия лық орналасу жағдайы келіп тұр:
теміржол, автомобиль жолы, оның ішінде
Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізі
Шығыс пен Батыстың орталығына айналуы
әбден мүмкін.
Мұның бәрі еліміздің экономикалық
дамуына орайластырылған. Әлемдік
экономикаға кірігу, сыртқы экономикалық
байланыстың дамуы, Қазақстанның
Кедендік одаққа кіруі еліміздің ұлттық,
экспорттық, импорттық және транзиттік
тауар айналымын арттыра түседі.
Серғазы ИСЕМБАЕВ,
«Ақтөбе ӘКК» АҚ басқарма төрағасы:
– Бұл жобаны қолға алуға Ақтөбе
қаласының географиялық жағдайы әсер
етті. Ақтөбе қаласы алдағы уақытта Шығыс
– Батыс, Батыс – Шығыс бағыттарындағы
халықаралық транзиттік ағынның негізгі
қатысушысына айналуы мүмкін. Оған
жағдай бар. Қытай, Орталық Азия, Еуропа
мемлекеттері осы әлеуетті пайдалана
алады. Ал бұл ақтөбеліктерге еуроазиялық
тауар айналымын реттеп отыруға, содан
табыс табуға мүмкіндік береді.
Бақыт ЖАНШАЕВА,
Ақтөбе облысы
ИНВЕСТИЦИЯ
Жұртымызды телесериалы-
мен жаулаған корейлер енді
кәсіпорындарын салып, өңірдің
денсаулық саласын өркендетуге
үлес қоспақ ниетте. Денсаулық
саласы, кәсіпорын жайлы бекер ге
айтып отырған жоқпыз.
Осыдан бірер күн бұрын Өскеменге
жұмыс сапарымен келген Оңтүстік Ко-
реяның еліміздегі елшісі Ли Бен Хва мен
облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесу
кезінде осын дай уағдаластыққа қол жет-
кізді. Кә рістер әсіресе Шығыс Қазақстан
облысының брендіне айналған марал
шаруашылығына қызығушылық танытып
отыр.
Осы тұрғыда кездесу барысында
«Жасыл доктор» ЖШС мен DAE YOUNCT
CO.LTD компаниясы арасында бизнес сала-
сындағы ынтымақтастық туралы мемо-
рандумға қол қойылды. Аталмыш құжатқа
сәйкес Шығыс Қазақстанда марал және
омарта шаруашылығымен, емдік шөптерді
өсіру және өңдеу ісімен айна лысатын
бірлескен қазақ-кәріс кәсіпорны құрылатын
болады. Ал барлық өндірілген өнім өңір
тұрғындарының қажеті үшін пайдаланыл-
мақ.
Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қа-
зақстан облысы:
– Шығыс Қазақстанның бірден-бір
бренді – марал шаруашылығы. Осы салада
да тартымды әрі барынша тиімді ынты-
мақтастық орнату көзделуде, бұл аймақтағы
марал шаруашылығын дамытуға қосымша
ықпал етпек. Мұнымен қоса Алтай тау-
ларында шипалық қасиеті бар шөптердің
алуан түрі өседі. Осыған орай қазіргі кезде
Зырян ауданында корей жағы емдік
өсімдіктер өнімін сатып алып, солардың
негізінде көптеген дәрі-дәрмек әзір леуде.
Бірлескен кәсіпорын құруға ниетті екенін
білдірген кәріс елшісі жағдайды көзбен
көріп, көңілге түю үшін облыс басшысына
Кореяға келіп қайтуға ұсыныс білдірді.
Білдіріп қана қойған жоқ, Бердібек Сапар-
баевқа Корея Республикасының Президенті
атынан екі ел арасындағы халықаралық
қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін
атаулы қол сағатты тарту етті.
Азамат ҚАСЫМ,
Өскемен
Корейлер шығыста
кәсіпорын
ашқысы келеді
ОҚИҒА
Көкшетауда төтенше оқиға
тіркелді. Бұрынғы полиция
қызметкері облыстық салық
департаментіндегі күзетшілерді
тапаншамен қорқытты. Ол
аталмыш мекеменің бастығымен
жолықтыруды талап еткен.
Алайда ғимараттың қауіпсіздігіне
жауап беретін қызметкерлердің кедергісіне
тап болыпты. Тапа тал түсте тапаншамен
әкімшілік ғимаратта ойран салмақ болған
азамат қолға түсті. Тінту барысында оның
қолынан жеті оғы бар тапанша, жеке авто-
көлігінен 40 мың АҚШ доллары және 13
млн теңге тәркіленді. Дегенмен «Ин-
терфакс-Қазақстан» агенттігі таратқан бұл
ақпаратты облыстық салық басқармасы
бастығының орынбасары Сырым Нұркенов
жоққа шығарып отыр. Сырым Айтқали-
ұлының айтуынша, мұндай оқиға болған
жоқ. «Оның үстіне бастыққа кіремін деген
адамға ешқандай бөгет жасалмайды. Егер
дәлізде айқай-шу шықса, біз де естір едік»,
– деп отыр. Ал ішкі істер департаментінің
мамандары бұл оқиға жайлы қандай да
бір ақпарат беруден бас тартты. Оқиғаның
болғаны рас па, әлде жалған ба – ол жағы
да жұмбақ күйінде қалып отыр. Бейресми
мәліметтерге сүйенсек, қазір бұрынғы
тәртіп сақшысының қолына табельді қару-
дың қайдан келгендігі анықталып жатыр.
Тіпті осы оқиға ізімен қылмыстық іс қоз-
ғалған.
Достарыңызбен бөлісу: |