№2 2015 жыл Ақпан-Февраль


ҚАЗАҚТЫң ХАЛЫҚТЫҚ ғұМЫРНАМАСЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата01.01.2017
өлшемі7,9 Mb.
#917
1   2   3

ҚАЗАҚТЫң ХАЛЫҚТЫҚ ғұМЫРНАМАСЫ МЕН 

МЕМЛЕкЕТТік ТАРиХЫ жАйЫНдА

Барды  базарлай алмай жүргендігіміз 

болмаса,  қазақ  халқы  –  бай  тарихы  бар 

байырғы    халықтың  мұрагері.  Оның 

солай  екенін    айғақтар  ауызша  да, 

жазбаша  да  деректер    жетіп  артылады. 

Өйткені  арғы  замандардағы  ата-

бабаларымыз  ұланбайтақ Ұлы Даланың 

дәл  ортасынан  ойып  орын алып,  оны 

құтты мекеніне айналдырғанынан кейінгі  

сан мыңжылдықтар ішінде  болған  ірілі-

ұсақты  тарихи  оқиғалардың  бәрі де осы 

ара  арқылы өткен, бір де біреуі бұларға 

соқпай  кетпеген.  Солардың  бәрінің: 

батыстан шығысқа, шығыстан бастысқа 

қарай  жөңкілген  қоныс аударулардың да;  

түрлі-түрлі басқыншылық  жорықтардың  

да;  өзара болып жататын  ішкі бірігулер 

мен ыдыраулардың  да  шынайы куәгері 

–Ұлы  Дала,  осы  даланың  тұрғындары. 

Оның  тарихының  бай  болатыны  да 

сондықтан.  Бұл  ретте  әлемнің    бір 

де  бір  халқы    даланың  байырғы  төл 

тұрғындары  –  түріктектес  халықтармен 

терезе  теңестіре  алмайды.  Қазақ  халқы 

«Түрік» атты ғажайып  алып  бәйтеректің  

көп  бұтағының  бірінен  бұдан  550 

жыл  бұрын  жаңадан  бүр  жарып,  өсіп 

шыққан  бір  өскіні  ғана.Сондықтан  сол 

өскіннің бүгінгі болмысына қарап, оның 

бұрынғысын    ескермей  естен  шығаруға 

да,  оның  халықтық    ғұмырнамасын, 

мемлекеттік  тарихын  шендестіруге    де 

,  көз  көрім  жерден    келте  қайыруға  да 

болмайды.Олай  істеу  шындыққа  да, 

тарихқа да қиянат болмақ. Бұл–тамырын 

тереңге жіберіп, сан мыңжылдықтардың 

дауылы  мен  жауынына,  ыстығы  мен 

суығына  төтеп  беріп,    жайқалып  өскен  

бәйтеректің алып діңі мен тармақталған 

бұтақтарына  мән  бермей,  тек  солардан 

өнген    көктемгі      көз  тартар  көрікті 

жапырақтарды ғана қызықтаумен бірдей.   

Бейнелеп  айтқанда,  Түрік  –бәйтеректің 

алып  діңі;    түрік  халықтары  орнатқан 

түрлі  мемлекеттер  –  осы  діңнен    өнген 

бұтақтар;    ал  осы  бұтақтарға  көрік 

берген көп жапырақтар– бұл күнде ұзын 

саны  үш  жүз  миллионға  жетіп  қалған 

түріктектес халықтардың перзенттері. 

Қазіргі  жетілген  ғылым  кез  келген 

халықтың  ғұмырнамалық  бастауының, 

оның  бүгінгі  таңдағы  жағдайына: 

санының  аз-көбіне,  өркениеттің  қай 

деңгейінде 

жүргеніне 

қарамастан,  

адамзат  баласының  ортақтүп  бастау 

тарихымен  тамырласып  жататынын 

дәлелдеп  бергелі  де  талай  уақыт 

болды.    Бірақ,  өкінішке  қарай,  ресми 

тарих  ғылымы    бұл  заңдылықты    әлі 

күнге  тәрк  етіп  келеді.  Барға  байыппен 

қарап, бағалай білген жөн. Ешбір халық 

ғайыптан  пайда  болмайды:  көктен 

түспейді,  жерден  де  өніп  шықпайды. 

Сондай-ақ  халық  шегіртке  де  емес, 

жылдың  бір  маусымында  қаулап  өсіп, 

қаптап  кетпейді.  Адамзат  баласының 

эволюциялық 

даму 

заңдылығы 



аясында,түрлі 

тарихи-әлеуметтік 

жағдайлардың    ықпалы  негізінде,  

адамдардың  өзара  бірігіп,  белгілі    бір 

әкімшілік 

орталыққа(мемлекетке)

ұйысуы 

арқылы 


халық 

болып 


отырықшы  елдердің  жазба  дерегінде 

кездесетін 

үзік-үзік 

мәліметтерден 

құралған    бас-аяғы  жоқ,  құранды  тарих 

пайда болды, сол арқылы бүгінгі тарихи 

сана  қалыптасты.    Басқаны  айтпағанда, 

Ұлы  Даланың  ежелгі  тұрғыны  деп 

танылған  түріктердің  өзін    «х.э.  кейінгі 

VI    ғасырда  Алтайда  пайда  болған  жас 

халық» деп  жариялап, соны  анықталған 

ақиқат ретінде ғылымға енгізіп отырғаны 

осының  айғағы.    Сол  себепті  де  қазіргі 

тарихшы  ғалымдарды    «х.э.  кейінгі  VI  

тарихшылар терістіктен келген «жабайы 

тайпалар» 

деп 

түсіндіргенімен, 



осылардың  қай-қайсысы  да  барған 

жерлерінің  елін    жаулап  алып,  халқын 

қырып-жойып,  жоқ  қылып  жібермейді, 

керісінше  жергілікті  тұрғындармен 

араласып,  өздері  соларға      сіңісіп,түрлі 

атаумен  аталған  өз  мемлекеттерін 

орнатып  жатады.  Одан  да  ғажабы, көне  

замандардағы    адамзат  баласына  тән 

ежелгі  өркениеттердің  қай-қайсысы  да 

қалыптасады.      Ал  бұл  –  ай  емес,  жыл 

емес, тұтас ғасырларды қамтитын  ұзақ 

та күрделі үдеріс.Осылайша қалыптасқан 

халықтардың    түрлі  тарихи  оқиғаларға 

байланысты  кейде  өзара  бірігіп,  әйгілі 

Ұлы  Ұлыстар  (империялар)құрайтыны, 

кейде  іштей  ыдырап,  толып  жатқан 

хандықтарға 

(мемлекеттерге)бөлініп 

кететіні  де  адамзат  ұрпағының  есте 

жоқ  ескі  заманнан  басталып,  бүгінгі 

күнге  жол  тартқан тірлік керуенінің өн 

бойында  сан  қайталанған  құбылыстар. 

Осының  бәрін  зерде  сүзгісінен  өткізіп, 

жан-жақты    саралап,  кімнің  кім  екенін, 

оның  қайдан  шығып,  қайда  келгенін 

танып-біліп алмай тұрып,  қай халықтың 

болсын 

ғұмырнамасын 



қазіргідей 

оның  бүгінгі      тарихқа  белгілі    болған 

кезінен  бастап,  сол  арқылы  ғылыми 

тұжырым  жасау  зор  қателік  болмақ.  

Өкінішке  қарай,  ресми  тарих  ғылымы 

бір  тектен  жаралған  адамзат  баласын 

екіге бөліп, соныңөздері «көшкіншілер» 

деп ат қойып, айдар таққан бір бөлігінің 

тарихын  жазудаәлі  күнге  дейін  осы 

қате  ұстанымды  ұстанып  келді.  Соның 

салдарынан  тарихқа    аттары  белгілі 

болған  ежелгі көшкінші халықтардың бір 

де біреуінің  нақты кімдер екеніғылыми 

тұрғыда тап басып танылған, анықталған 

емес.  Олар  кімдер  еді,    қайдан  пайда 

болды,  кейін    қайда  кетті,  оған      ресми  

тарих жауап бермейді. 

Мұның  барлығы–әлем  тарихының 

әу баста тек еуропалық таным-түсінікте 

жазылып,    сол  таным-түсінікке  сай   

адамзат  баласын  өздерінше  жіктеп, 

соның  бірін«тарихи  халықтар»,  яғни 

«мәдениетті,  өркениетті  халықтар»;  

екіншісін  «тарихи  емес  халықтар»,  

яғни  «жабайылар,    тағылар»  деп 

екіге  бөліп  тастап,  Ұлы  Дала  

тұрғындарын  соның  «жабайыларына» 

(«варварларға») жатқызған ғылымға жат 

«өркениеттілердің» менмен астамшылық 

әрекеттерінен басталғаны қазір тарихтан 

хабардар  жанның  бәріне  аян.    Осы 

пенделік  менмендіктің  қырсығынан 

«жабайы» халықтардың тарихы тарихшы 

ғалымдар  тарапынан  зерттеу  нысанына 

айналмай  тыс  қалды.  Нәтижесінде,  тек  

ғасырдан да бұрын түріктер болған» деп 

сендіру қиын. 

Әлем 


халықтарының 

тарихын(«Всемирная 

история»)  

зерделей парақтаған кез келген адамҰлы 

Даланың 

ежелгі 


тұрғындарының, 

яғни 


көшкінші 

халықтардың 

өкілдерінің(тайпаларының)христиан 

эрасына 


дейінгі 

төртмыңыншы  

жылдардан  бері  қарайғы  жерде  ғана 

жазба деректер арқылы  тарихқа таныла 

бастағанын  пайымдай  алады. Оған  дейін 

олар жөнінде ешқандай дерек берілмейді. 

Ал  олардың  төртмыңыншы  жылдан 

кейін  таныла  бастауына    көшкінші 

халықтардың    кейбіреулерінің  Ұлы 

Даладан  шығып,      «байырғы  өркениет 

ошағы»    делінетін  күнгей  өңірлерге   

кезең-кезеңімен,  толқын-толқын  болып 

құйыла  бастауы  себеп  болғаны  анық.  

Теріскейден күнгей өңірлерге әр кезеңде  

келген  осы  халықтарды    ресми  тарих:  

шумерлер,  хеттар  (хаттар),  гиксостар, 

арийлер, 

этрускилер, 

щиәниундер, 

юечжилер  депәр  түрлі  атаулармен 

атайды.  Ал  бұлар  кімдер?  Қай  нәсілге 

жатады?  Қандай  тілде  сөйлеген?  Оған  

ресми тарихта жауап жоқ. 

Ең  ғажабы,  осылардың  бәрін 

«жабайы» делінген осы көшкіншілердің 

қатысуымен  жасалады.  Ресми  тарихтан 

«ежелгі  өркениет  ошағы»  деп  танылған 

оңтүстік өңірлердің бір де біреуінен «мына 

өркениетті  осы  өңірдің    тұрғылықты 

халқы  жасады» деген деректі кездестіре 

алмайсыз. Олардың қай-қайсысы да  тек  

терістіктен  келген  жабайылар  жаулап 

алғанан  кейін,  солардың  қатысуымен 

пайда  болған  өркениеттер.  Нақтылық 

үшін    тарихқа  белгілі  өркениеттердің 

басында  тұрған  Месопотамия  («екі 

өзен  аралығы»)  өркениетін  алсақ,  оның 

да    негізін  терістіктен  келген  жабайы 

тайпа  –  шумерлер  қалайды.  Сондай-

ақ  осы  өңірде  кейінірек  пайда  болған  

әйгілі Вавилон, Ассирия өркениеттері де  

шумерлерге қарыздар. Осыларға жалғаса 

х.э.  дейінгі  екімыңыншы  жылдары  бой 

көтерген  Солтүстік  Индия  жеріндегі,  

ғылымға «Харапп  мәдениеті» деген атпен 

енгенбелгілі  өркениет  те      терістіктен 

келген  көшпелі  тайпа  –арийлердің 

атымен  тікелей  байланысты.  Болмаса, 

бүкіл  Еуропа    мәдениетінің  бастауында 

тұрған  Рим  мәдениетін  алыңыз,  оның 

да  негізін  қалаған  теріскейден  келген 

көшпелі    тайпа  –  этрускилер  екенін 

көресіз.  Сол  секілді  терістіктен  Африка 


5

жеріне  келген  гиксостардың,    Кіші 

Азияға  жаугершілікпен  енген  хеттердің 

де,  қытай  жерінде  Инь    дәуірінің 

өркендеуіне үлес қосқан  гуйфандардың 

да   барған жерлерінде өзіндік өркениетке 

қол  жеткізгені  баршаға  аян.  Бұлардың 

қатарында    кезінде    сиуңнулардың  

шабуылынан кейін ата мекенінен қоныс 

аударған  юечжилердің    Парфия  мен 

Солтүстік Индияны жаулап алып, атақты 

Кушан  империясын  құрғанын  да  айтуға 

болар еді. 

Тағы  бір  таңданарлық  жай,    бұған 

керісінше,  Ұлы  Далаға    әлгі  «көне 

өркениеттің  ошағы»  делінетін  оңтүстік 

өңірлерден  не  бір  халық,  не  бір  тайпа  

келмеген.  Келмеген  соң,  мұнда    олар 

орнатты  дейтін  мемлекет  те  болмаған. 

Бар    тарихтың  ұзынабойынан  Алдыңғы 

Азия мен Кіші Азияны немесе Үндістан 

мен  Қытайды,  болмаса  Африка  мен  

Американы  көне  замандардамекендеген 

көне  халықтардың  бір  де  біреуінің 

қандай  дабір  себеппен    атамекенінен 

қоныс аударып келіп,  Далаға  тұрақтап  

қалғанын  айғақтайтын,  ең  болмаса,  бір 

деректі   таба алмайсыз.  Өйткені ондай 

дерек жоқ.Ал бұл,қалай дегенде де, сонау 

ежелгі  ескі  заманнан  бері  отырықшы  

елдер  өкілдері  қалдырған  жазба 

дереккөздерінде  кездесетін    көшкінші 

халықтардың    қайсысының  дақандай 

атаумен    аталып  жүргеніне  қарамастан, 

солардың бәрі  Ұлы Даланың түптамыры 

бір  байырғы  тұрғындары,  тектес  бір 

халық  деген  сөз.  Басқаша  айтқанда, 

тарих  айналымының  сәтіне  қарай  бірде 

бірігіп,  бірде  ыдырап,  біріккенде    Ұлы 

Ұлыстар  құрып,  ыдырағанда  толып 

жатқан  жеке  хандықтарға  бөлініп, 

құрған  мемлекеттері    билік  басына 

келген  әулеттердің  атымен  сан  түрлі 

атауларға  ие  болып    жүрген,  елдік  

құрылымының    негізі  рулық-тайпалық 

жүйеде қалыптасқан,    түп негізі ортақ 

сол баяғы бір халықты, яғни түріктектес 

халықтарды    ғана  көреміз.Оныңсолай 

екенін 

Гарвард 


университетінің 

профессоры  А.А.  Клесовтың  генетика 

ғылымының  соңғы  жетістіктерінің  бірі 

–  ДНК(дезоксирибонуклеин  қышқылы)

зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отырып 

жасаған:  «Концепция  о  степях  Евразии 

как  «прародине»  «индоевропейской 

общности» совершенно непродуктивна и 

ложна. Во-первых, «праиндоевропейцы» 

не  могли  появиться  в  степях  ниоткуда, 

ни о какой языковой «прародине» там не 

может быть и речи. Они и не появились 

ниоткуда. 

Тюркскоязычные 

R1b1 

мигрировали  с  востока,  ариеязычные 



«пра-индоевропейцы»  мигрировали  с 

запада  (Клесов  А.А.  «Основная  загадка 

во  взаимоотношениях  индоевропейской 

и тюркской языковых семей и попытка её 

решения  с  помощью  ДНК-генеалогии), 

–  деген  ой  тұжырымдары  да  дәлелдей 

түседі. 

.Олай  болса,    тіпті,  арғысын  былай 

қойып, тарихы ғылымға біршама молынан 

танылған скиф-сақ дәуірінен (х.э. дейінгі 

700 – 200  жж.) бергі  кезеңдерде арасына 

сырттан сыналап   бірде-бір бөгде жұрт  

кірмеген,  мемлекеттік  жүйесі  (рулық-

тайпалық)  ортақ,    өмір  сүру    заңы 

бір(Мөденің, 

Бумынның, 

Шыңғыс 

ханның,    қазақ  хандары:    Қасым,  Есім, 



Тәукелердің  заңының  түпнегізі  бір)  

біртектес халықтың бір  мұрагері – Қазақ 

хандығының  мемлекеттілігінің тарихын 

бес ғасырмен шектеу шындыққа жата ма?  

Мемлекеттілігіміздің  тарихы,  ең  кемі,  

2700 жыл  десек, мұның  қандай ағаттығы 

бар?  Қаншама мыңжылдықтар өтсе де, 

Ұлы Дала тұрғындарының  мемлекеттік 

сабақтастығы  үзілмей, бірден бірге ата 

мұрадай  аманатталып,  жалғасып  келе 

жатқаны  ақиқат қой. Отырықшы елдер 

қалай атап, қалай құбылтқанымен, ел де 

сол,  жерде  сол.  Бар  өзгерісі:    бірін  бірі 

желкелеп, жағаға асыққан дауылды күнгі 

теңіз  толқындарындай  сапырылысып, 

бірінің  орынын  бірі  басып,  алмасып 

жатқан  мемлекеттердің атаулары ғана.

Соның  бір  көрінісі  ретінде:Ұлы 

Далада 1465 жылыҚазақ хандығыныңөз 

алдына жеке шаңырақ көтергені белгілі. 

Бірақ  жаңа  хандық  пайда  болғанымен, 

оның    шаңырағын  көтерген  халық 

сырттан  жаугершілікпен  келіп,  жаулап 

алып,  өз  мемлекетін,  өз  салт-дәстүрін  

орнатқан  бөтен  жұрт  емес,    сол  баяғы 

осының  алдында  өмір  сүрген  «Көк 

Орда» деп аталған  мемлекеттің  байырғы 

тұрғындары.  Мұның  да  бар  өзгерісі:  

билік  басына  Көк  Орданың  бұрынғы 

билеушісі Орда Ежен әулетін ығыстырып, 

орнына  Шайбан  әулетініңкелгендігі; 

Қазақ  хандығын  құрғандардың  біраз 

уақыт  осылардың,  нақтылап  айтсақ,  

Әбілхайыр  хандығының  құрамында 

болғандығы;        кейін  қолайлы  сәт 

сағаты  соққанда  дербестікке  ұмтылып, 

қайтадан бөлініп шығып,  «қазақ» деген 

жаңа    аталғандығы    ғана.  Әйтпесе, 

мемлекеттілігінде,  болмаса  халқының 

құрамында,  немесе  мекендеген  жерінде 

ерекшелер  ешқандай  өзгеріс  болған 

жоқ.  Әрі-беріден  соң,  түптеп  келгенде, 

Әбілхайыр  хандығы  да,  одан  бөлінген 

Қазақ  хандығы  да  кешегі  Жошы  ұлысы 

атанған  бір  мемлекет.Бөлшектенгені 

болмаса,  бәрі  сол  халық,  сол    жер,  сол 

мемлекет,  билеушілері  де  сол  баяғы 

Жошының ұрпақтары. 

Осы 

орайда 


айтпағымыз 

ұғынықты  болуы  үшін  оқырманның  

салыстыра  пайымдауына    мүмкіндік 

туғызу  мақсатында  ойымызды  бір 

сәт 

қытайлықтардың 



тарихымен 

байланыстыра  өрбітіп  көрелік.Қазіргі 

таңда  әлемдік  деңгейге  көтеріліп, 

дәуірелеп 

тұрғанқытайлықтарыңыз 

бүгінгі мемлекетін,  соңғы Чиң империясы 

1911  жылы  құлағаннан  кейінгі    талас-

тартыспен өткен ондаған жылдардансоң 

барып,  нақтырақ  айтқанда,  халықтық 

ревоюцияның  жеңісі  нәтижесінде      1 

қазан  1949 жылы   құрып, оны «Қытай 

Халық Республикасы» деп жариялағаны 

белгілі.    Содан  бері  бар  болғаны  –  65 

жыл  өтті.  Бірақ  осылай  екен  деп  олар 

өз  мемлекеттілігінің  тарихын  осы 

жылдан  бастамайды,  мемлекеттігіміздің 

тарихы  65  жыл,  кеше  ғана  пайда 

болған  жас  мемлекетпіз  демейді.    Олар 

өз  халқының  да,  мемлекеттігінің 

де  тарихынтым  әріден,  хуашиалар 

(көнеқытайлықтар 

әуелде 


өздерін 

осылай  атаған.  –  Қ.С.)    құрған    Шиа 

(Ся)  патшалығынан,  яғни    х.э.  дейінгі 

2205 жылдан бастайды.    Осы  уақыттар 

ішінде, яғни Шиа патшалығынан Қытай 

Халық Республикасына дейінгі аралықта  

ежелгі қытай жерінде бірін-бірі күреспен 

алмастырған  24    патшалық  өмір  сүрді.  

Бір  қызығы,    осы  патшалықтарды 

құрғандардың  біразықытайлықтар  да 

емес.  Мысалы,  басқаны  айтпағанда,  

бұлардың  арасында    тарихы  қазіргі 

оқырмандарға  кеңінен  таныс,  баршаға 

белгілі:негізін    сәнбилік  тобалар 

қалаған  «Вей»,  моңғолдар  құрған 

«Юань»,  маньчжурлар  орнатқан  «Чиң»  

империялары  да  бар.  Сәнбилік  тобалар 

да,  моңғолдар  мен  маньчжурлар  да 

көшкінші  халықтар.  Соған  қарамастан, 

қытайлықтар  осының  бәрінің    өмір 

сүрген  жері    байырғы  Қытай  жері  

болғандықтан,    мемлекеттігінің  негізін  

сонау  Шиа  мемлекетінен  бастап,3000 

жылдық  тарихымыз  бар  деп  әлемді 

мойындатып отыр. 

Ал біздің Қазақ хандығының  шаңырақ 

көтерген жерінде   бұған дейін де, кейін 

де, қытайдағыдай  сырттан келіп, ешкім 

өз  мемлекетін  орнатқан  жоқ.  Кімдер 

қашан,  қай  заманда,    қандай  мемлекет 

орнатса да, бәрі сол  Қазақ хандығының 

құрамына  кірген      тайпалардың    ежелгі  

ата-бабалары,  тіпті,  бізді  жаулап  алды 

деген  Шыңғыс хан моңғолдарының  ата-

бабаларының  өзі  де  қазіргі  Қазақстан 

жерінің    ежелгі  тұрғындары,  түпнегізі 

ғұз  бірлестігіне  жататын  түріктектес 

халықтардың  өкілдері.  Жаңаша  жыл 

санауға    дейінгі  VI-III    ғасырлар 

аралығында Қарахан моңғолдары  жазда 

Ұлытау  мен  Кішітауды  жайлап,  қыста 

Сыр  бойын,  Борсық  құмын,  Талас, 

Сайрам  қалаларын  қыстаған.  Содан 

киммерлерді  қуып,  Алдыңғы  Азияға 

өткен  скифтер  секілді  х.э.  дейінгі  III 

ғасырдың аяғына қарай  соғыста жеңіліп 

қашқан  татарларды  іздетіп,  Қытай 

жерінің  шекарасына  жеткен.  Онда 

көнеқытайлықтар  көшкінші көршілерін 

«жабайы»    деп  менсінбей,  қорлап, 

кемсітетін    ежелгі  әдеттерімен  оларды  

«сиуңну»  («хунну»,  «ғұн»)  деп  атаған 

(Сиуңну  -    қытайша  «өркөкірек  құл», 

«кекшіл  құл»  деген  ұғымды  білдіреді. 

–  Қ.С.).  Осы  сиуңну    аталғандар  кейін  

атақты  Сиуңну  империясын  құрып, 

екі-үш  ғасыр  өмір  сүреді.  Ақырында 

қытайлықтар 

мен 

сиәнбиліктердің 



біріккен  күшінің  соққысынан  кейін 

империя  құлап,  қырғыннан  аман 

қалғандары Алтай тауының бір қуысына 

барып  паналайды.  Өздері  «Ерген-қон» 

атандырған осы жерде олар 450 жыл өмір 

сүреді.  Кейін  өсіп-өніп  осы  «Ергене-

қоннан»  далаға  қайта  оралғандарды  

бастап шыққан  Бөрте-чино деген кісіні  

шыңғыстанушы 

ғалымдар«Шыңғыс 

ханның 

жиырма 


екінші 

атасы» 


дейді.  Мұның  бәрін  бүгінгі  жетілген 

ғылымның  зерттеу нәтижелеріне сүйене 

отырып,  талдау  жасаған    зерттеуші  

ғалымдардыңшығыстың 

белгілі 

тарихшылары: Рашид ад-Дин, Хондемир, 

Әбілғазы  еңбектері    негізінде      толық 

дәлелдеп  бергені  де  қазір  көпшілікке 

кеңінен  мәлім(Қараңыз:  Тыныбайын 

Т.Ә.  «Құпия  шежіренің  құпиясы». 

Алматы.  2010  ж.;    Оловинцов  А.Г. 

«Тюрки  и  монголы?  ЭпохаЧингисхана. 

Алматы.  2012  ж;  Салғараұлы  Қ. 

«Мыңғұл мен моңғол және үш Шыңғыс» 

Астана.  2013  ж.).  Мұның    сыртында 

Шыңғыс  хан  моңғолдарының  арғы  ата-

бабаларының  қазіргі  Қазақстан  жерінің 

төл тумалары екенін  моңғолдың «Құпия 

шежірісіндегі» жер атаулары мен  Алматы 

облысының аумағындағы жер атауларын 

(топонимдерді)  салыстыра  зерттеген  

ғалым-жазушылар  Б.  Нұржекеұлы  мен 

М.  Ысқақбай  баспасөз  бетінде  жарық 

көрген  бірнеше  зерттеу  мақалаларымен 

бірін  бірі  толықтыра  отырып,    жеріне 

жеткізе дәлелдеп берді де.

Айтылғандарды  сараптай  келгенде, 

тіпті, этникалық құрамы тектес емес, ала-

құла  халықтар  құрған  мемлекеттерден 

тұратын    мемлекеттілік  тарихын 

қытайлықтар өздеріне теліп, оны  әлемге 

мойындатып  отырғанда,  олардан  гөрі 

біртұтас  жүйедегі  біртектес  халықты 

құрайтын  түріктектес  халықтардың  бір 

тармағы–қазақ  халқы  мемлекетілігінің 

байырғылығы    әлдеқайда    шынайы 

да  нақты  екеніне  көз  жеткізе  аламыз. 

Қашанға  дейін  далалықтардың  тұрмыс-

тіршілігінен,    салт-дәстүрінен  хабары 

жоқ,    өзімшіл  өркөкірек  менмендікпен 

көшкіншілерді  жабайы  санаған  ежелгі 

отырықшы елдердің өкілдері қалдырған 

жазбалардың  деректері арқылы пайымдау 

жасаған  еуропалықтар  мен  отарлаған 

елінің  тарихын  саясат  саудасының  

мүлкіне айналдырған отарлаушылардың  

ой-тұжырымдарын  жалаулата  береміз. 

Әлі  күнге  дейін    қайсыбіріміздің  

халық  тарихы  мен  мемлекет  тарихын 

ажырата  алмай,  Тәуелсіздік  берген 

мүмкіндікті 

пайдаланып, 

қазақ 

халқының  ғұмырнамасын  түгендеудің 



орнына    «Қазақстан  тарихын»  жазғанға  

тояттанып  жүргеніміз  соның  қырсығы 

емес  пе?!Төл  тарихымыздың  төл 

болмысын    өз  таным-түсінігімізде 

пайымдап,  саралайтын  кез  жеткен  жоқ 

па  әлде?    Қазақ  халқы  бұдан  550  жыл 

бұрын    «Қозыбасы»  мен  «Шу  бойына» 

халық болып қалыптасып,аспаннан түсе 

қалған жоқ. Бүгінгі қазақ халқының ата-

бабалары  да Адам-ата мен Хауа-ананың 

ұрпағы  ретінде  өзге  халықтар  секілді 

адамзаттың басынан өткерген небір қилы 

замандардың  қызығы  мен  шыжығын 

бірге  бөлісіп,  соқтықпалы,  соқпақты 

ұзақ жолды басып өтті, ұрпағы осы күнге  

жетті. Ендеше, осындай ұланғайыр ұзақ 

тарихты  бірін  бірі  алмастырып,    кейін 

пайда  болған  өздерінің    кезекті  бір 

мемлекетінің  тарихымен  шендестіру 

де. шатастыру  да ешқандай біліктілікке 

жатпаса керек.

Қойшығара САлҒАРАҰлЫ, 

Тарих ғылымдарының докторы,

профессор 


6

декан ФдО, доктор технических наук, 

профессор Медведков Евгений Борисович

 

Дистанционное  обучение  пришло  на 



смену  заочному,  которое  было  широко 

распространено  в  СССР  и  Казахстане 

вплоть до начала этого века. В Советском 

Союзе  заочное  обучение  было  введено 

для  того,  чтобы  люди,  работающие 

на  производстве  длительное  время, 

имеющие практические навыки и высокую 

профессиональную  квалификацию,  часто 

занимающие  руководящие  должности, 

могли без отрыва от производства получить 

необходимые руководителю теоретические 

и  инженерные  знания.  Обязательным 

условием для учебы на заочном отделении 

являлась работа студента по специальности.

Дистанционное 

обучение 

также 

предполагает 



совмещение 

занятий 


с  основной  деятельностью.  Однако 

обязательного 

условия 

работы 


по  специальности  в  этом  случае 

не 


выдвигается. 

Приобретение 

практических профессиональных навыков 

достигается  другим  путем.  Обучаться  по 

дистанционной  технологии  могут  только 

выпускники колледжей, которые получили 

в нем хорошую практическую подготовку, 

или  выпускники  вузов,  которым  по 

условиям  их  работы  необходимо  сменить 

квалификацию.  Причем  если  студенты 

работают по специальности, то от практики 

они  освобождаются.  В  противном  слу-

чае  их  направляют  для  прохождения 

практики на соответствующих выбранной 

специальности предприятиях.

Кто 


еще 

может 


обучаться 

дистанционно? 

Согласно 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет