Көк қаршыға көзін шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қояды. Бұрын мұндай құсты көрмеген мысық одан көз алмай, таңданып әрі қорқып қарайды



Дата21.12.2023
өлшемі12,41 Kb.
#142457

Кішіпейілділік
Көк қаршыға көзін шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қояды. Бұрын мұндай құсты көрмеген мысық одан көз алмай, таңданып әрі қорқып қарайды. Мысықтың бағанадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол биік төсектің бас жағынан түргелген тарғыл арлан еді. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Күміс қарғалы тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп, төсін жерге тие керілді. Мойынындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр қағып, тазы есікке қарай бет алды. Мысық зәресі ұшып, Шоқанның артына қарай ығыстай берді.
- Қорықпа, тимейді, - деп, Шоқан Мысықты өзінің қатарына қарай ығыстырды. – Апатай, мына Мысыққа бауырсақ беріңізші, - деп, Шоқан шешесіне өтінішті ерке тілек айтты.
(С. Бегалин, 102 сөз)

Тапсырма: 1.Мына сөздердің түбірін ажыратыңдар.
Шаңырақтан,мысықтың , құлағының, сақиналары.
2. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса:
Аспан, Шоқан, апатай

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет