Андриенко Е. В., педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Артамонова Е. И



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата01.01.2017
өлшемі11,62 Mb.
#943
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Б.Қ. Бодауова, Т.Ш. Ахметова
Музыкалық білім кафедрасы, педагогика ғылымдарының кандидаттары
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БІЛІМ МЕН ӨНЕР ОРДАСЫ
«Музыкалық  білім»  кафедрасының  25  жылдық  тарихындағы  жетістіктері  мен  оқытушы-
профессорлық құрамы, ғылыми-зерттеу қызметі, студенттердің олимпиада, конкурстарға белсене
қатысу жайлы баяндалған.
1989 жылы 80 жылдық тарихы бар сол кездегі
Н.К.Крупская  атындағы  Семей  мемлекеттік
педагогикалық институтының тарих факультеті
«Педагогика  және  психология»  кафедрасы
қармағынан «Бастауыш  оқыту әдістемесі және
Музыка» мамандығы ашылған еді. Ол кезде жаңа
тәй-тәй басып келе жатқан бұл мамандықта не
бары    үш  ұстаз  қызмет  етті.  Қала  бойынша
шақырылған  білгір  маман  –  ұстаздар  Колбина
Е.В.,  Уразова  Ж.А.,  Воробьева  С.Т.  осы
кафедраның негізін қалаушы ардагерлері деуге
болады.    1990  жылы  «Музыка»  кафедрасы
бөлініп  «Музыкалық  тәрбие  теориясы  мен
әдістемесі» деп аталды. Сол кезде М.Төлебаев
атындағы  Семей  музыкалық  училищесінің  алдыңғы  қатарлы  оқытушысы  Н.В.Шкутова  аталған
кафедраның меңгеруші қызметіне арнайы шақырылды.
1994 жылы кафедра еліміздегі көптеген өзгерістерге байланысты осы мамандықтарға студент
қабылдау саябыр жүрді. «Бастауыш  оқыту әдістемесі және Музыка» мамандығының соңғы түлектері
1998 жылы жоғары білімді музыка маманы дипломын алып шықты. Жалпы кафедраның тарихында
қаладағы алдыңғы қатарлы музыканттар еңбек етіп, болашақ мамандарға жоғары дегейдегі білім
нәрімен    сусындатты.      Солардың  ішінде      Ф.М.Нурбаева,  Ахметова  Т.Ш.,      Б.Қ.  Бодауова,
Махамбетова А.Ш., Е.В. Рыхликова, О.В. Круглова, Н.В.Каврецкая, О.С.Джанияров, Л.В. Божко,
А.Т.Бейсембеков, Б.И.Турищев, В.А.Малинин сынды ұстаздарды ерекше атауға болады.
2002 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болған Е.В.Колбина музыка мамандарын дайындайтын
«Музыка және ән» атты мамандықты ашуға көп еңбек етті. Қазіргі таңда Е.В.Колбина өз еңбегінің
арқасында Семей өңірінің Композиторлар мүшесі. Аталған  «Музыкалық білім» мамандығының
алғашқы  түлектері  қаламыздағы  және  облысымыздағы  байқаулар  мен  фестивальдарда  жүлделі
орындардардың жеңімпазы атанып, мамандық мақтанышы болды. Атап айтар болсақ,  Молдабекова
Ләззат облыстық көркемөнерпаздар байқауында 1-ші дәрежелі лауреат атағына ие болса,  3- ші
курс  студенті  Қоныров  Жасулан  Республикалық  дәстүрлі  ән  байқауында  жоғарғы  жетістіктер
көрсетті.  Ал түлегіміз Торайғыров Жанарбек пен Байжұманов Қазыбектерді қалалық және облыстық

98
айтыстар мүшайрасынан жиі көруге болады.
Осы уақыт ішінде аталған мамандықты Қазақстан Респбуликасының жастары ғана емес, көрші
жатқан Ресей, Қытай, Моңғол Республикаларының жастары да меңгеруде. Бұл кафедраның өсіп,
нығая бастағанының белгісі.
 «Музыкалық білім» кафедрасында таңдаулы да, білгір мамандар жұмыс істейді. Кафедраның
ұжымы жаңарған сайын ұстаздардың кәсіби дәрежесі, шығармашылық табыстары да өсе түсуде.
Оған  дәлел  2001  жылдың  наурыз  айында  кафедраның  аға  оқытушысы  Б.Қ.Бодауованың  Семей
мемлекеттік  педагогикалық  институтында  10  жыл  ұстаздық  қызмет  атқарғанына  арналған
шығармашылық кеші, сол жылы аталмыш кафедраның аға оқытушы Н.В.Ларина жетекшілік еткен
академиялық әйелдер хорының шығармашылық кештерін айта аламыз.
2002  жылы  кафедраға  Қазақстанға  еңбегі  сіңген  қайраткер  Оразғали  Сейтқазының  келуімен
институттың ұлт аспаптар оркестрі құрылды. Оркестр сол жылы – ақ облыстық көркемөнерпаздар
байқауында  бас  жүлдеге  ие  болып,  лауреат  атанды.  Сонымен  қатар  халқымыздың  ұлттық
аспаптарынан тұратын фольклорлық-этнографиялық «Шыңғыстау» ансамблі де тәжірибелі, дарынды
сазгер  Оразғали  Сейтқазының  туындысы.  Қалалық  аймақта  өткізілген  музыка  мұғалімдерінің
семинары  кафедраның  ардагері,  белсенді  аға  оқытушысы  Нурбаева  Фанида  Мұқатайқызының
бастауымен  2003 жылы мамыр айында өткізілді.  Семинарға қатысушылардың қызуғышылығын
туғызды.  Қалалық  мәдениет  сарайының    жанынан  Бодауова  Б.Қ.  жетекшілігімен  құрылған
«Назқоңыр» вокалды ансамблінің құрамында кафедраның  ұстаздары Сұлтанова Н.К., Нұрбаева
Ф.М., Тыныбаева Ж.Т. өнер көрсетеді.
2005-2007 жылдары аралығындағы «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі педагогика
ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Білім беру Академиясының корреспондент мүшесі Т.Ш.
Ахметова сайланды. 2005 жылы кафедраның аға оқытушысы Н.В.Ларина  жетекшілік еткен «Эйсо»
вокалдық  ансамблі,  оқытушы  Н.К.Сұлтанованың  жетекшілігімен  «Аңсар»  тобы,  аға  оқытушы
Ф.М.Нұрбаеваның жетекшілігімен «Дарын» тобы  құрылып, институттың, қаланың іс – шараларына
қатысып, көптеген жетістіктерге жетті. 2006 жылы Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы  Өнер
институтында өткен  Республикалық студенттер ғылыми – практикалық конференциясында 4 курс
студенті
Ж.Қоңыров кафедраның оқытушысы Н.К.Сұлтанованың жетекшілігімен  І  дәрежелі жүлдеге ие
болды.  2007  жылы  Петропавл  қаласының  С.Торайғыров  атындағы  мемлекеттік  университетте
ұйымдастырылған ІҮ Республикалық «Ең үздік мұғалім - 2007» конкурс – фестивалінде кафедраның
оқытушысы  болған Айдар  Әбдіхатұлы Абдухамитов 1-орынды, ал «Музыкалық білім берудегі
инновация»  номинациясын  және  3  –орынды  3  курс  студент  Ә.Мауликеева  кафедра  меңгерушісі
Т.Ш.Ахметованың жетекшілігімен жеңіп алды.
Ал 2007 жылдың тамыз айынан бастап кафедраның меңгерушісі, педагогика ғылымдарының
кандидаты Н.К. Сұлтанова тағайындалды.
Сол жылы Талдықорған қаласында Қазақстан студент жастарының ҮІІ Республикалық «Жас
толқын» фестивалінде «Эстрадалық ән» номинациясында 4 курс студенті Л.Кунчина бас жүлдені, 3
курс студенті А.Абылқасымова «Халықтық ән» номинациясы бойынша І дәрежеге ие болса, 3 курс
студенті К.Қалдыбаева «Хореография» номинациясы бойынша ІІ дәрежеге ие болды.
Кафедраның профессоры, Мәдениет қайраткері  О.Ж.Сейтқазының жетекшілігімен институттың
оркестрі облыстық байқауда  бас жүлдені жеңіп алады.
Аға оқытушы Б.Қ. Бодауованың жетекшілігімен құрылған «Квинтоль» вокалдық тобы 2008-2010
жылдары аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткізілген
«Dос  Star»  (Дос-Мұқасан)  атты  ІІІ  Республикалық  студент  жастар  арасындағы  эстрадалық  ән
фестиваліне қатысып ІІ  дәрежелі лауреат атағына ие болады.
2011  жылдан  бастап  кафедра  меңгерушісі  болып  педагогика  ғылымдарының  кандидаты
Б.Қ.Бодауова тағайындалды.
Қазіргі таңда кафедра оқытушылары тәжірибе жинай отырып, болашақ музыка мұғалімдерін
дайындаумен  қатар    қалалық  балалар  музыка  мектептерінің  және  аймақтық  жалпы  білім  беру
мектептерінің музыка мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. «Қазіргі мектептердің
педагогикалық  үрдісін модернизациялау аясында музыкалық білім беру сапасын арттыру» атты

99
жалпы орта білім беретін мектептердің музыка мұғалімдерімен өткізілетін семинарда заман талабына
сай өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен бөлісу  дәстүрге айналған.
Кафедра оқытушыларының барлығы дерлік өздерінің кәсіби біліктіліктерін РКБКИ БЖ «Өрлеу»
бойынша Алматы қаласында және Лиссабон (Португалия) техникалық университетінде  көтерді.
Кафедраның  ғылыми  -  зерттеу  қызметі    тақырыптық  жоспар  бойынша  жүзеге  асады.
Оқытушылардың ғылыми жұмыстарының нәтижесін кафедраның доценті, п.ғ.к. Н.К.Султанованың
100-ден астам баспадан шыққан ғылыми мақалаларынан, оқулық, оқу-әдістемелік құралдарынан,
70-тен астам ғылыми еңбектері бар п.ғ.к. Т.Ш.Ахметованың жетекшілігімен 2012 жылдан бастап
баспадан  шыға  бастаған  оқу-әдістемелік  құралдардан,  Хор  өнерінің  тарихын  зерттеп,  болашақ
мамандардың шеберлігін арттыру  мақсатында «Хор педагогикасы» пәнін  еңгізген, 60-тан астам
ғылыми  еңбектері  жарыққа  шыққан  п.ғ.к.  Б.Қ.Бодауованың  және  кафедраның    басқа  да
оқытушыларының ғылыми еңбектерінен көруге болады.
Кафедра ұстаздары (Е.В.Колбина, Ж.Н.Айтжанова) кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Б.Бодауованың
жетекшілігімен күндізгі бөлім студенттеріне Модульдік оқыту бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама
болашақ музыка мұғалімінің тікелей мамандықты игеруімен қатар, қосымша бағыттарда білім алып,
балалар  музыка  мектептерінің  оқытушылары,  балабақшаларда  музыка  жетекшісі  және  мәдени
орталықтардың қызметкерлері құзыреттілігін меңгеріп шығады.
Шәкірттерді сахна мәдениетіне тәрбиелеу, шеберлігін шыңдауда кафедраның тәжірибелі ұстазы,
ҚР Мәдениет қайраткері А.Т.Бейсембеков жемісті еңбек етуде. 2013 жылдың  желтоқсан айында
өткен Қазақстан сатириктерінің Республикалық «Көзкөрген» атты конкурста А.Бейсембеков бәйгенің
бас жүлдесіне ие болды. Оның шәкірттері Отан Парасат, Қаныш Садықов, Наурызхан Ісбек, Мадина
Нургазина  қалалық,  облыстық,  республикалық  конкурстар  мен  байқауларға  қатысып,  жүлделі
орындарға ие болды. 2013 жылы қараша айында Астана қаласында өткен Халықаралық жастардың
«Шабыт» фестивалінде 3 курс студенті Қаныш Садықов өнер көрсетіп, көрермендер қошеметіне
бөленді.
Студенттердің ғылыми-іздену жұмысына кафедра оқытушылары үлкен көңіл бөледі. Мамандық
студенттері  жыл  сайынғы  өтетін  ғылыми-практикалық  конференцияларға  белсене  қатысып,
нәтижелі орындарға ие болады. 2013 жылы  Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде
өткен Студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 3
курс  студенті  Д.Амренова  (жетекшісі  п.ғ.к.  Б.Қ.Бодауова),  4  курс  студенттері  Қ.Мұратбекқызы
(жетекшісі п.ғ.к. Б.Қ.Бодауова), Б.Слямқұлов (жетекшісі п.ғ.к. Б.Қ.Бодауова), А.Советжан (жетекшісі
п.ғ.к., доцент Н.К.Султанова) қатысып, ғылыми мақалалары «Келешек - 2013» жинағында баспадан
шықты.
Осындай шаралармен қатар,  студенттер мамандықтың өз ерекшелеріне байланысты республика
көлемінде  өтетін  әртүрлі  орындаушылық  шеберліктерін  жетілдіру  барысында  олимпиадаларға,
конкурс-фестивальдарға белсене қатысады. Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік
университетінде  2012  жылдың  сәуір  айында  студенттер  арасында  өткен  4-ші  Республикалық
олимпиадаға  «Негізгі  музыкалық  аспап»  пәні  бойынша  мамандық  студенттері  Ж.  Рахантаева,
З.Кайсенова (жетекшісі п.ғ.к. Т.Ш.Ахметова), Томан Рәпилә (жетекшісі аға оқытушы Қ.А.Бекбаев)
қатысты, 2013 жылдың сәуір айында «Хорды дирижерлеу» пәні бойынша студенттер арасында өткен
5-ші Республикалық олимпиадада 4 курс студенті Рахантаева Жанар (жетекшісі кафедраның аға
оқытушы А.А.Саткенова) 3-ші жүлделі орынға ие болды.
2012  жылдан  бастап  кафедраның  профессорлық-оқытушылар  құрамы    Семей  педагогикалық
институты,  «Музыкалық  білім»  мамандығының  2004  жылғы  түлегі  Е.Е.Какимов,  Құрманғазы
атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі Ә.С.Серіков, Астана қаласының Музыкалық
Академиясының түлегі  Д.С.Сеилхадиров сияқты жас мамандармен толығуда.
Бүгінгі таңда Семей педагогикалық институты Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университет болып қайта құрылды. Қазіргі кезде кафедраның дайындап жатқан мамандары облыс
пен аудан көлемінде аса қажетті сұранымға ие болып отыр. Сондықтан профессорлық-оқытушылар
құрамы университет бітірушілермен және олардың мамандығына сәйкес қызметке орналасуына
әсерін  тигізеді.  Білім  және  мәдениет  департаменттерінің  өкілдерімен  кездесіп  жас  маманның
жұмысқа  орналасуын  бірлесе  отырып  шешеді.  Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  (бала    бақша)

100
мекемелер, саз колледждері, жалпы білім беретін мектептермен жұмыстар жүргізіп келеді.
Азды  көпті  25  жыл  тарихы  бар  «Музыкалық  білім»  кафедрасы  Семей  қаласының  Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университетінің бетке ұстар кафедраларының бірі деуге болады. «Музыкалық
білім»  кафедрасының  профессор  –оқытушылар  құрамы  Қазақстан  Республикасының  шығыс
аймағында ғылымда да, өнерде де, білімде де бетке ұстар ұжымы екені сөзсіз. Кафедра ұжымы әлі
де дарынды студенттерімен, білімді мамандарды, болашақ лауреаттарды дайындай бермек.
The center of knowledge and art
B.K. Bodauova, T.Sh. Ahmetova
The article is concerned with the history of the Faculty of Music. The academic teaching staff, scientific
achievements, active engagement of students in various competitions are described.
Центр знания и искусства
Б.К. Бодауова, Т.Ш. Ахметова
В статье говорится о 25-летней истории кафедры музыкального образования, ее достижениях
и профессорско-преподавательском составе, научно-исследовательской деятельности, активном
участии студентов в олимпиадах и конкурсах.
УДК:378.096:7
Н.Н. Өтепбаев
Педагогика ғылымдарының докторы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ӨНЕРПАЗ БОЛСАҢ, АРҚАЛАН...
Көркем  сурет  және  дизайн  мамандықтары  бойынша  кафедраның  45  жылдық  тарихында
басшылар, оқытушы-профессорлық құрамның жетістіктері, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу
қызметі,  түлектерінің  білім  беру  және  мәдениет  саласында  жемісті  еңбек  етуі,  басшылық
қызметті абыройлы атқаруы, республикаға танымал өнердегі жетістіктері баяндалады.
1969 жылы Семей қаласының Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтының физика-
математика факультетіне қарасты орта мектептерге сызу және сурет пәндерінің мұғалім мамандарын
дайындайтын бөлім ашылды.
Үстіміздегі жылы аталмыш мамандыққа 45 жыл толып отыр.
1973 жылы бөлім өз алдына көркем – графика факультеті статусына ие болды. Жаңадан құрылған
факультеттің құрамында үш кафедра «Сурет», «Живопись» және «Сәндік қолданбалы өнер» жұмыс
жасады.
Сол жылдары институт ректоры қызметін А.А.Курочкин одан соң э.ғ.к. Ю.Г.Чернов атқарды.
Сызу және сурет бөлімі және көркем графика факультетінің қалыптасуына п.ғ.к. В.И. Маслов
пен п.ғ.к. Е.П.Червяковтың еңбектері ерекше болды.
Факультеттің алғашқы суретші-ұстаздары И.Ф.Лихачев, А.В.Лихачева, Я.Я.Бомбах, В.Ф.Власюк,
А.В.Тумахани болса, одан соң В.С.Громов, И.М.Цхай, Ғ.Е.Макаров, И.В.Аухадиев, И.А.Семгина,
В.Р.Шерина, И.В.Хижняк, Н.А.Готвиг, Т.А.Стромская, Н.Т.Егоров т.б. талантты суретші-ұстаздармен
толықты.
Әр жылдары көркем-графика факультетінің материалдық базасын, білім беруді жетілдіру мен
нығайтуға  өлшеусіз  үлес  қосқан  факультет  деканы  және  факультет  кафедралардың  меңгеруші
қызметін атқарған белгілі ғалымдар Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі, ф.ғ.д., профессор
Ғ.Е.Есімнің, Ресейдің Омбы қаласындағы МПУ-дің Өнер институтының директоры, Ресей білім

101
академиясының  корреспондент  мүшесі,  п.ғ.д.,  профессор  Л.Г.Медведевтің,  ОМПУ-нің  «Сәндік-
қолданбалы өнер» кафедрасының меңгерушісі, Омбы көркем-өндірістік колледжінің директоры,
п.ғ.д.,  профессор  Қ.Ж.Әмірғазиннің,  ОМПУ-нің  «Академиялық  живопись  және  сурет»
кафедрасының  профессоры,  п.ғ.к.  И.В.Солодухиннің,  Астана  қаласының  Қазақ  Ұлттық  өнер
университеті «Көркемөнер» факультетінің деканы, п.ғ.д., профессор Е.С.Асылхановтың еңбектері
мамандық дәрежесін жоғарғы деңгейге көтерді. Студенттердің тәжірбиелік және шығармашылық
шеберліктерін шыңдауға кәсіби суретшілердің де қосқан еңбектері орасан зор болды, атап айтқанда
КСРО және Қазақстан суретшілер одағының мүшелері М.Г.Егоров, В.И.Третьяков, М.Ж.Жанболатов,
И.И.Янгичер, Ян Лун Ли т.б.
Сол жылдардан бері факультет кейіннен кафедрада көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру
ісінде көптеген тәжірибелі және талантты суретші-ұстаздар жұмыс жасады.
1973  жылы  алғашқы  түлектерге  сызу  және  сурет  пәндерінің  мұғалімі  квалификациясы  34
бітірушіге берілсе, 2013 жылы мамандықтың күндізгі және сырттай бөлімдерін 81 түлек бітіріп
шықты. 2013 жылдан көркем-графика факультетінің мұрагері болып саналатын «Бейнелеу өнері
және  дизайн»  кафедрасы  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  Мемлекеттік  университетінің
Педагогика жоғары мектебінің «Педагогика» факультетіне қарайды.
Университет ректоры с.ғ.д., профессор Ш.А.Әмірбеков, Педагогика жоғары мектебінің директоры
ф.ғ.д., профессор А.С.Еспенбетов, Педагогика факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Р.Ж.Аубакирова,
кафедра меңгерушісі п.ғ.к. М.С.Мырзаканов.
Білім  берудің  кредиттік  жүйесіне  көшкен  кафедра  келесі  профильдер  5В010700  –  «Бейнелеу
өнері және сызу», 5В012000 – «Кәсіптік оқыту», 5В042100 – «Дизайн» мамандықтары бойынша
мамандар дайындайды.
Оқыту  процесін  22  профессорлық-оқытушылар,  солардың  ішінде  1  ғылым  кандидаты,  2
университет профессоры,  8 Қазақстан  суретшілер одағының  мүшесі, 10  Қазақстан дизайнерлер
одағының мүшесі, 2 магистр атқарады.
Соңғы  жылдары  кафедра  ұстаздары  20-ға  жуық  ғылыми-әдістемелік  және  оқу-әдістемелік
құралдарды баспадан шығарды.
Суретші-ұстаздар көптеген қалалық, аймақтық, республикалық көрмелерге қатысып, олардың
дипломанттары мен жеңімпаздары атанды.
Кафедра  студенттері  белсенді  шығармашылық  пен  айналысып  Республикалық  байқаулардың
жүлдегерлері, сондай-ақ жыл сайын өтетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғарғы
оқу орны ішілік және Республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.
2011  жылы  Алматы  қаласында,  2013  жылы  Тараз  қаласында  өткен  Қазақстан  Республикасы
жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  Республикалық  пәндік  олимпиадаларында  5В010700  –
«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жалпы команда II және III дәрежелі Дипломдармен
марапатталды.
Кафедраның  тәжірибелі  ұстазы,  профессор,  ҚР  Білім  үздігі  белгісінің  иегері,  Қазақстан
суретшілер одағының мүшесі Ғ.Е. Макаров 1972 жылдан еңбек етіп келеді, сол жылдардан бері
білім  берумен  қатар  көркем  шығармашылық  жұмыспен  айналысады,  суретші-ұстаздың
шығармашылығы түрлі дәрежедегі жүлделерге ие болды.
2000 ж. Халықаралық «Мастер класс Қазақстан» өнер фестивалінің  «Жібек жолы поэзиясы»
номинациясының иегері, 2004 ж. «Қарағайлы орман»  атты еңбегі «Қазақстан өнер антологиясы»
альбомына енді.
2007 ж. ШҚО әкімінің  бейнелеу өнері номинациясы бойынша  дипломы мен силығының лауреаты
атанды.
2013  ж.  ШҚО-ның  жылдығына  арналған  «Менің  Қазақстаным»  атты  бейнелеу  өнері
туындыларының облыстық байқауының 2-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
2014 ж. ҚР  Тәуелсіздігі күніне арналған Семей  кәсіпқой суретшілері конкурсының 1-ші дәрежелі
лауреаты,  Ө.Бөкейдің  70-жылдығына  арналған  «Менің  Қазақстаным»  атты  бейнелеу  өнері
туындылығы облыстық байқауының 1-ші дәрежелі  дипломының иегері  атанды.
 Ғ.Е.Макаровтың жұмыстары ҚР Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік музейінің, ШҚО бейнелеу
өнері музейінің, Семей қаласының Невзоровтар отбасы бейнелеу өнері музейінің т.б. қорларында

102
сақтаулы.
Кафедраның профессоры Қазақстан суретшілер одағының және Қазақстан дизайнерлер одағының
мүшесі Н.Н.Өтепбаев 50-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 10 оқу құралының
авторы. Атап айтсақ «Сурет- бейнелеу өнерінің негізі» оқу құралы, Семей, 2001ж.,192б., «Қазақ
ою-өрнегі, дәстүр және қазіргі заман» (қолданбалы өнер туындылар жинағы)», Семей, 2005ж., 96б.,
«Ою-өрнек –мәдени мұра» (соавторы Чукеева Д.Н.), Семей,2007ж., 140б., «Долбар және суреттеме»,
Семей, 2009ж.,108б., «Сурет материалдары және техникасы», Семей, 2009ж., 92б., «Скрытые образы
древнего искусства», Семей, 2013ж.,121б., «Академиялық сурет» оқу құралы, Семей, 2014ж., 112б.
Н. Өтепбаевтың көркем шығармалары АҚШ-тың, Жапонияның, Қытайдың, Латвияның, Ресейдің,
Түркияның, Германия және Қазақстанның жеке коллекцияларында сақтаулы. Көптеген көрмелерге
қатысып,  Астана,  Алматы,  Өскемен,  Павлодар,  Семей  қалаларында  9  жеке  көрмесін  өткізді.
Суретшінің жұмыстары Қазақстанның 6 музейінің қорында сақтаулы. Н.Н.Өтепбаевтың көпжылдық
еңбегі мемлекеттік және салалық наградалармен аталып өтті. 2011 жылы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне
20 жыл» мерекелік медалімен, 2011 жылғы желтоқсанның 5-дегі жарлық бойынша «Ерен еңбегі
үшін» медалімен наградталды. 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин»
және  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің  «Мәдениет  қайраткері»,  Шығыс  Қазақстан
облысының  Грамотасымен,  Қазақстан  дизайнының  дамуына  қосқан  үлесі  және  Қазақстан
дизайнерлер одағының құрылғанына 20 және 25 жылдығына арналған медалдармен марапатталды.
Кафедраның әдіскер аға оқытушысы, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Масаева Р.А.
оқу-әдістемелік  және  әдістемелік нұсқаулар  жазған  тәжірибелі  ұстаз. ШҚО  мектеп  мұғалімдері
бейнелеу өнері, сызу және технология пәндерінен біліктілігін жетілдіру Семей қаласы білім беру
басқармасы  аттестациялық  комиссиясының  мүшесі.  Масаева  Р.А.  көп  жылдар  мұғалімдердің
біліктілігін жетілдіру курстарын өткізеді.
Р.А. Масаева бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, сонымен бірге «Художественная обработка
текстильных  материалов.  Практикум»  оқу-әдістемелік  құралын,  «Сызу  негіздері»  пәнінің  оқу-
әдістемелік комплексін, Семей, 2007 ж. «Занимательные задания на уроках черчения в школе» оқу
құралы,  Семей,  2014ж.  еңбектерін  шығарды.  Сонымен  қатар  көркем  шығармашылық  еңбектері
көркем-графика факультетінің 30-жылдығы мен 40-жылдығына арналып жасаған мерекелік киім
үлгілері.  «Мисс  Приыртышья»  және  «Наурыз  аруы»  сайыстарына  арнайы  мерекелік  киім
коллекцияларының  авторы. ШҚО облысының «Сильные женщины» сайысында 2-ші орын, Абайдың
150-жылдығына, Шәкәрімнің 160-жылдығына және Бекжан батырдың 300-жылдығына арналған
Қазақстан ұлттық киім коллекцияларының авторы.
Кирсанова С. Б. 35 жыл еңбек етіп келе жатқан жетекші аға оқытушы. Бейнелеу өнері тарихы
және  теориясынан және  Қазақстан  өнер тарихы  мен  Көркем шығармашылықтың  психологиясы
пәндерінен  дәріс  оқиды.  Қаланың  және  университеттің  қоғамдық  өміріне  белсене  араласады.
Мәдениет пен өнерге  қосқан үлесі үшін бірнеше дипломдар мен грамоталардың иегері атанды.
2009 жылы «Білімге сіңірген»  медалімен, 2004 ж. «Сильная женщина» Республикалық байқауының
жүлдегері атанды.
Татиев Т.Ә. оқытушылық жұмыспен бірге бейнелеу өнері бойынша шығармашылық жұмыспен
белсенді шұғылданды. Суретшінің көркем жұмыстары республикаға әйгілі және  музейлер қорында
сақтаулы.  2006  ж.  Невзоровтар  отбасы  мұражайы  өткізген  ҚР  Тәуелсіздігінің  15-жылдығына
арналған «Мой Казахстан» Семей қаласының суретшілері сайысында «Кескіндеме» номинациясы
бойынша  1-ші  орынының  иегері.  2011  ж.  Өскемен  қаласында  өткен  облыстық  бейнелеу  өнері
шығармаларының    сайысында    1-ші  орынға  ие  болды.,  сол  жылы  Астана  қаласында  өткен
Республикалық    Қазақстан  суретшілерінің    симпозиумының  «Кескіндеме»  номинациясының
жеңімпазы аталды.
Тәжірбиелі  аға  оқытушылар  Степанова  В.А.  кафедраның  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына
жетекшілік жасаса, Кирсанова С.Б кафедраның әдістемелік семинар өткізу жұмыстарына жауапты.
Сондай-ақ кафедра ұстаздары Адылханов С.А., Битимирова А.М., Татиева М.Е., Нысанғалиева Б.Т.,
Тоқтаров  Ә.Т.,  Мұсатаева  М.Е.  арнайы  баспалар  мен  ғылыми-зерттеу  және  оқу-әдістемелік
конференцияларға белсенді қатысып өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп келеді.

103
Шығыс  Қазақстан  облысы  Әкімінің  «Бейнелеу  өнері»  номинациясының  дипломы  мен
сыйлығының әр жылдардағы лауреаттары атанған суретші-ұстаздар Өтепбаев Н.Н., Макаров Ғ.Е.,
Татиев Т.А.
Қазақстан суретшілер одағының және Қазақстан дизайнерлер одағының мүшелері Мырзаканов
М.С., Рахметов Р.А., Макаров Г.Е., Өтепбаев Н.Н., Татиев Т.А., Жұбанышев Т.Р., Каретников В.Н.
бейнелеу өнері мен дизайн өнеріндегі шығармашылық еңбектері республика көрермендеріне мәлім.
Көркемсурет және дизайн мамандықтары бойынша бітірген жүздеген түлектер еліміздің білім
беру  және  мәдениет  салаларында  жемісті  еңбек  ету  үстінде.  Солардың  бірқатары  білім  беру
саласының  басшылық  қызметтерінде  абройлы  еңбек  етсе,  бірқатары  өнердегі  жетістіктерімен
республикаға танымал болып отыр.
Үстіміздегі жылы құрылғанына 80 жыл толып отырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетінің Педагогика жоғары мектебінің ұжымы қазіргі күннің сұранысына жауап
беретін білікті ұстаздарды дайындауда талмай еңбек етуде.
The centre of arts and aesthetic knowledge
N.N. Utepbaev
The 45 year History of the faculty of Art and Design, the academic teaching staff, scientific and methodical
work, graduate alumni and their achievements are touched upon in the article.
Центр искусства и эстетики
Н.Н. Утепбаев
Статья повествует о 45-летней истории кафедры изобразительного искусства и дизайна, о
руководителях  кафедры,  достижениях  профессорско-преподавательского  состава,  учебно-
методической и научно-исследовательской деятельности, о плодотворной работе выпускников
кафедры в области образования и культуры.
УДК:378.096:796

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет