Андриенко Е. В., педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Артамонова Е. И


БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫ – ДАРЫНДЫ СТУДЕНТ



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата01.01.2017
өлшемі11,62 Mb.
#943
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫ – ДАРЫНДЫ СТУДЕНТ
Физика-математика факультеті математика, физика, информатика мамандығында оқитын
студенттердің  арасында  республикалық,  халықаралық  деңгейдегі  интернет-олимпиада
жеңімпаздарын (студенттер мен магистранттар) дәріптеп жазған.
Бүгінде еліміздің болашағы болып саналатын жастарға көп көңіл бөлінуде. «Жастар еліміздің
келешегі, ал білімді жастар – мемлекетіміздің  жарқын болашағы» деп Елбасы атап өткендей  ХХ1
ғасырда  білім мен инновацияны, экономиканы дамыту келешек жастардың еншісінде , сол себепті
Елбасы  болашақ жастарға  үлкен үміт артып отыр. Білім, спорт, мәдениет, әлеуметтік сала болсын
Елбасымыздың қолдауымен  жүзеге асып жатқан шаралар қаншама. Соның ішінде ерекше көңіл
бөлуді қажет ететіні –білім-ғылым саласы. Себебі, кемелденген ел болуы үшін  оның халқы білімді
болуы шарт. Сонда ғана біз келешекке нық қадам баспақпыз. Ал келешек бүгінгі жастардың қолында.
Әрбір  тұлғаның  өзіне  тән  туа  біткен  дарыны,  қабілеті  болады,  сол    қабілетті  танып,  дамыта
білсе, зор белестерді бағындыра алады. Міне осындай дарынды жастардың бірі Семей қаласының
Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің  физика-математика  факультетінде  математика,
физика, информатика мамандығында оқитын Тортаева Назерке, Жұмаділов Ержан, Малгаждаров
Мирас, Оқыбаева Назерке студенттері мен математика мамандығының магистранты Баймұрзаева
Анарды  атап  өткім  келеді.  Аталған  студенттер  жылда  жарыстарға,  қоғамдық  жұмыстарға,
олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға иеленіп университеттің оқытушыларының  ыждаһатты
еңбектерінің арқасында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті атындағы шәкіртақының
иегері атанды.
Студенттеріміз  университет  көлемінде  өтетін  іс-шараларға,  республикалық,  халықаралық
деңгейдегі интернет-олимпиада жеңімпаздары. Әрбір студент пен магистрантқа тоқталып кетейік.
Тортаева Назерке Ермекқызы 2011 жылы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебін Алтын белгіге бітіріп, 5В060100 «Математика» мамандығына оқуға түсті, мемлекеттік
білім грантының иегері атанды.
Қазіргі  таңда  болашақ  ғалым-Назерке  2011  жылы  «Қоғамдық,  жаратылыс,  техникалық  және
гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  XV  ғылыми  конференциясында»  -  2  орын,  2012  жылы
«Қоғамдық,  жаратылыс,  техникалық  және  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  XVI  ғылыми
конференциясында» - 1 орын, 2013 жылы XVII ғылыми конференциясында - 3орын,  2012 жылы
cтуденттер арасында өткен қалалық олипиадада - 2 орын алды. 2012 жылы Астана қаласындағы
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Математика, механика, информатика
пәндерінен  IV Республикалық студенттік ғылыми-практикалық коннференциясына» қатысып, жақсы
дәрежеде өзін көрсете білді. 2013-2014 оқу жылында  Ресейлік жаратылыстану академиясының
ұйымдастыруымен  студенттер арасында  өткізген «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ФОРУМ-2014» атты
VI Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуда.
Назерке өз мамандығын жетік меңгеріп қана қоймай, шет тілін де өте жақсы меңгереді. Соның
дәлелі  ретінде  физика-математика  бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінде  Бауыржан
Серікұлының өткізуімен “Пәнді оқытуағы CLIL  әдістемесі” және шет елден келген Mr.Bryan атты
оқытушының өткізуімен “Математика пәнін шет тілінде оқыту” атты курстарына қатысады. Бұл
курстардың барлығы шет тілінде өтеді.Назерке қоғамдық жұмыстарға қатысқаны және ғылыми-
конференцияларға  қатысып,  ғылымға    үлес  қосқаны  үшін  университет  ректорының  алғыс
хаттарымен бірнеше рет марапатталды.
Тортаева Назеркенің мақсаты: «Менің мақсатым – жоғары білім алып, болашақта  Қазақстан

139
мемлекетінің мақтанышына айналатын тұлғалы ұстаз және маманы болып шығу».
Жұмаділов Ержан  Есетұлы 2007-2011 жылдары дарынды балаларға арналған Талдықорған қазақ-
түрік лицейінде оқып, «Алтын белгі» иегері болды.
Лицейде  әртүрлі  жарыстарға,  қоғамдық  жұмыстарға  ,  олимпиадаларға  қатысып  жүлделі
орындарға ие болды. Атап айтсақ 2008 жылы KATEV қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен
қазақ-түрік лицейлерінің арасындағы республикалық  олимпиадада физика пәні бойынша 3-орын,
2009, 2010 жылдары физика пәні бойынша облыстық олимпиададан 3-орын, 2010 жылы  физика
пәні бойынша  Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде 1-орын, республикалық кезеңінде
сертификат, 2011 жылы физика пәні бойынша облыстық олимпиадада 1-орын, 2011 жылы физика
пәні бойынша республикалық олимпиадада сертификаталды.
2011 жылы Облыстық ғылыми жоба конкурсында «Сверхпроводимость» тақырыбы бойынша 2-
орынды жеңіп алды.
2011жылы    Шәкәрім  атындағы  Семей  Мемлекеттік  Университетіне  5В060400  “Физика”
мамандығы  бойынша  грантқа  оқуға  түсті.  2011,  2012  жылы  Физика  және  электротехника
кафедрасында  өткен физика олипиадасынан 1-орын және 2011 жылы “Тұрақты ток көзіндегі электр
тізбегі” тақырыбы бойынша ғылыми-студенттік конференцияда 1-орынды иеленді. 2012 жылы Ресей
Федерациясының ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен халықаралық интернет-
олимпиадада  2-орын,  2013  жылы  физика  пәні  бойынша  студенттердің    халықаралық  интернет-
олимпиадасынан алтын медаль, теориялық механика пәні бойынша республикалық олимпиададан
2  орын,  2014  жылы  Қазақстан  Республикасының  жоғары  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің
Республикалық пәндік олимпиадасында  «Физика» мамандығы бойынша 1-орын, 2014 ж. физика
пәні бойынша студенттердің  халықаралық интернет-олимпиадасынан III дәрежелі диплом және
Қола  медаль иеленді және Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-
Жомарт  Тоқаевтың «Алғыс Хатымен» марапатталды.
Жұмаділов Ержан тілегі: «Менің ендігі мақсатым –білімімді ары қарай шындап, ұлағатты істерге
сәл де болса  қол ұшымды беріп, мемлекетіміздің  дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Еліміздегі
іргелі оқу орындарының  бірі саналатын  Шәкәрім атындағы  Семей мемлекеттік  университетінің
студенті атанғанымды мақтан тұтамын  және де осы  ұжым басшыларына алғысымды білдіремін».
Малгаждаров  Мирас  Миратұлы  өзінің  адамгершілік  қасиеттерімен,  инабаттылығымен,
тәртіптілігімен, жауапкершілігімен көпшіліктің құрметіне ие болған жастардың бірі. Адамдармен
қарым-қатынасы тамаша, іскерлігімен ерекшеленіп тұратын студент.
Жоғары  оқу  орнымызға  І  курсқа  түскен  алғашқы  күндерінен  ақ  өзінің  белсенділігі  және
ұйымдастырушылық қабілетімен таныла  біліп, институттың өзін өзі басқару  органы Жастар ісі
жөніндегі  комитет  Төрағасы  лауазымына  тағайындалды.  Мирас,  тек  институтішілік  қана  емес
сонымен қатар, қалалық деңгейдегі жастар ұйымдарында жұмыс атқаруда. Атап айтсақ, «Салауат»
Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.  2013 жылы аталмыш ұйым
«Жылдың үздік ұйымы-2013» Семей қаласы әкімінің сыйлығына ие болды.
2013 жылы қыркүйек-желтоқсан айларында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Оңтүстік
Корея Республикасының Джионгсанг ұлттық университетінде білім алды. Осы оқу орынында білім
алып  жүрген  уақытта,  Мирастың  тікелей  қатысуымен  Республикалық,  облыстық,  қалалық  БАҚ
көздеріне университет атынан 24 мақала жарық көрді.
Мирастың жетістіктерін атап өтсек:
– 2008 жылы 23 қараша, ШҚО «Ішкі саясат департаментінің» кубогына арналған Облыстық
дебат турнирінің ІІ орын иегері.
– 2008 ж қараша айынан - 2010 ж желтоқсан айына дейін М.О.Әуезов ат Педагогикалық колледж
«Оқушылар Парламенті» Президенті, колледждегі «Қазақстан студенттер Альянсы» төрағасы.
– 20-22  ақпан  2009  ж,  Алматы  қаласында  «БҰҰ  кубогына»  арналған  Халықаралық  дебат
турнирінің ІІІ орын иегері, «Ең үздік спикері».
– 2009  жылы    23  мамырында  Өскемен  қаласында  ШҚО  «Білім  басқармасының»
ұйымдастырумен  өткен  «Кәсіптік  және  техникалық  орта  арнаулы  оқу  орындарындағы  Өзін-өзі
басқару ұйымдары» басшылары арасындағы сайыста І-ші дәрежелі дипломмен марапатталып, «Ең
үздік көшбасшы» атанды.

140
– 2009 жылы 12 желтоқсан, «Семей студенттерінің Альянсы» ҚЖҚБ шешімі бойынша «Үздік
АСКер» аталымының иегері желтоқсан 2009 жыл.
– 2009 жылы  22 желтоқсан, «Адам құқықтары бойынша қазақстандық заңдар және халықаралық
нормалармен оның байланысы» Халықаралық студенттік конференцияның ІІІ орын иегері.
– 2009 жылы Семей қаласындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі
үлесі үшін «Семей каласы ішкі саясат бөлімінің» алғыс хатымен марапатталды.
– 2010  жылы  маусым-тамыз  айларында  Алматы  облысында  «Маралсай»  жазғы  сауықтыру
лагерінде «Тәлімгер» болып жұмыс атқарды.
– 2010 жылы 20 қазан, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Үздік педагогикалық жасақ сарбазы»
аталымы бойынша дипломы иегері.
– 2011 жылы желтоқсан 2012 жылы қаңтар аралығында «Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабында
«Агитациялық және жалпы бөлім» бастығының көмекшісі міндетін атқарды.
– 2012 жылы қыркүйек, «Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» «Ядролық тыйым салудан – ядролық
қарусыз әлемге» халықаралық конференциясын ұйымдастыруға ат салысқаны үшін алғыс хат иегері.
– 2012 жылы, желтоқсан, «Altaynews» интернет порталы дауыс беру нәтижесі бойынша «Лицо
СГПИ - 2012» дипломы.
– 2013 жылы, мамыр, Пікір-сайыстан Республикалық турнирының чемпионы Диплом иегері.
– Дебаттан Семей қалалық:
10 мәрте «Үздік спикері», 7 мәрте «Үздік төреші»,5 мәрте 3-орын иегері,8 мәрте 2-орын иегері,
5 мәрте қала Чемпионы, 1 мәрте Республика Чемпионы.
Баймұрзаева Анар Батыргазыевна 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтына,
физика-математика факультетінің «Математика» мамандығына оқуға түсті. Алғашқы күнінен бастап
өзінің  білімділігімен,  оқуға  деген  ынтасымен,  алғырлығымен,  ұйымдастырушылық  қабілетімен
студенттердің арасында жағымды әсер қалдырып топтың старостасы етіп сайлады.
Білім  мен  өнерді  тұлғалықтың  бастауы  ретінде  танып,  институттағы  қоғамдық  жұмыстарға
белсене  араласқаны  үшін  «Үздік  студент»  медалімен  марапатталды.  2011  –  2013  жылдарда
Президенттік стипендия иегері болды. Қазіргі таңда Анар Батырғазықызы  10 – нан астам ғылыми
мақаланың авторы, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми –
зерттеу  жұмыстарына  арналған  республикалық  конкурстың,  олимпиада,    Халықаралық,
республикалық ғылыми конференциялардың жеңімпазы. Соның ішінде:
2012 жылғы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-
зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурстың І дәрежелі диплом иегері, 2013 жылы
Семей  қаласы  жоғары  оқу  орындары  студенттері  арасында  ұйымдастырылған  математикалық
олимпиада жеңімпазы, 2013 жылы Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде өткен математика, механика және информатикадан V Республикалық студенттердің
ғылыми – практикалық конференциясының І дәрежелі диплом иегері, 2013 жыл Қазақ ССР Ғылым
Академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Төлеубай  Ыдрысұлы  Амановтың  туғанына  90  жыл  толуына  арналған  «Функциялар  теориясы,
функционалдық анализ  және олардың қолданылуы»  атты Халықаралық ғылыми  – практикалық
конференция  қатысушысы,  2014  жыл  участница VI  Международной  студенческой  электронной
научной конференции «Студенческий научный форум 2014» Российская Федерация және де 2014
жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қазақстан
әйелдер  қоғамдастығының  өкілдерімен  өткізген  «Көктем  шуағы»  атты  кездесуіне  қатысып,
Елбасының құттықтауы мен батасын алды.
Анар тек оқумен ғана шектелмей, осы оқу орны  қабырғасында жыл бойы өтетін барлық қоғамдық
-  мәдени  іс  -  шараларға  белсене  ат  салысқаны  үшін  осы  оқу  орнының  бірнеше  алғыс  хатымен
марапатталды.
Анардың  алға  қойған  мақсаты:  өзінің  бар  бойындағы  білімін,  өнерін  еліміздің  білімді  жас
ұрпақтарына  сапалы білім мен саналы  тәрбие беруге өз үлесін қосу, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне
аянбай еңбек ету.
«Балам дейтін жұрт болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» дегендей  Елбасы білім жолына
кемелді күш сала отырып, өз сөзінде:  «Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді

141
туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде» -деп, жастарға мол міндет жүктеді.
Бұл сөздер арқылы студенттерді рухтандырып, жігерлендіреміз. Елбасының өсиет сөздері  ұлтжанды
әрбір жастың бойтұмарына айналғай!
The leader of the future – gifted student
M.J. Djunusova
The students of Physics, Mathematics and Informatics specialty who have  became the winners of the
Online Republican and International Olympiads are highly praised in the article.
Лидер будущего – талантливый студент
М.Ж. Джунусова
Статья  посвящена  студентам  физико-математического  факультета,  занявшим  призовые
места на международных, республиканских интернет-олимпиадах.
УДК:378-057.875
А. Шаймарданова
Президенттік стипендия иегері
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
АРМАНЫМА ҚАНАТ БІТІРГЕН АЛЫП ОРДА
Ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұстаздар дайындайтын филология факультеті
туралы баяндалған.
Орта мектептің 7-8 сыныптарында оқып жүргенде-ақ болашақ мамандығың мен ересек өмірің
жайлы ойлай бастайсың. Қазір мен сарғайған газет қиындылары арасынан түрлі университеттердің
фотосуреттерін тауып алып қайран қалып отырамын. Балалық шақта әр нәрсеге құмартқыш көңілім
биік-биік армандарға талпынатын. Кей-кейде өзімді үлкен үлкен сахналарда тұрғандай сезініп, айна
алдында  сағаттап  сөз  сөйлейтінмін.  Ұйықтар  алдында  университтердің  суреттерін  жинап  алып
тамсана  қарайтынмын.  Облыстық  олипиадалар  болмаса  үлкен  қалаларға  шыға  бермейтінбіз.  9
cыныпта оқып жүргенде Семей қаласында оқушылардың республикалық олимпиадасы өтетін болып
аудан атынан аттандық. Ол кез Семей деген шаһарды тұңғыш көруім еді. Қазақстанның түкпір-
түкпірінен  жиналған  дарынды  оқушылардың  бәсекесінде    қанжығам  майланбаса  да  қаланың
қонақжайлылығы мен 75 жылдық тарихы бар педагогикалық институттың білім ошағы мені қайран
қалдырған болатын. Бірақ ол кезде кейін осы оқу орнының студенті боламын деген ой үш ұйықтасам
түсіме кірмеген.
Жылдар жылжып мектепті аяқтар сәт келді. Мамандығым белгілі. Журналист болу. Үлкендердің
қарсы болғанына қарамастан таңдауым сол. Мейлі журналист болмаған күннің өзінде әдебиетші
болармын дедім. Аттестаттағы жалғыз төрттікке қарамастан алып ұшқан көңіл Алматыны аңсады.
Жалғыз перзенті болғандықтан ба анам шыр-пыр болды.
-
Үлкен қала қайтесің, балам. Жақында бол. Сағынсам барып қайтармын, - деп Семейге жетектеп
әкелді. Бар арман тілегі Алматы болған қайран бала көңіл бірнеше күн пәс болды да жүрді. - Абай,
Шәкәрім, Мұхтардың жері. Киелі жер. Жаман болмайсың. Оқу орнына әкелген кездегі анамның
сөзі. Міне қазір сол сөздерді үш жыл өткен соң еске алып көзіме жас келеді. Анамның көрегенділігі
үшін ризамын. Тіптен екінші қайтара оқу орнын таңдар сәт туса дәл осы педагогикалық институттың
табалдырығын қайта аттар едім.
Қош,  сонымен  не  керек  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  филология
факультетінің студенті атанып, үлкен өмірге аяқ бастым. Сәл кешігіп, бесінші қыркүйек күні келдім.

142
Топтастарымның көбі бірін бірі танып, араласып кетіпті. Куратормен жиналыстан соң бәріміз де
бір бірімізбен достасып кеттік. Түс ауа 1 курс студенттеріне арналған жиналыс деген сон  үлкендеу
аудиторияның біріне жиналдық. Филология факультетінің белсенді студенттері бізбен таныспақ
ниетте жиналыпты. Кілең әдеміше келген қыздар мен жігіттерге қызыға көз тастап біз отырмыз.
Бәрі шетінен өжет, көздерінде от, жігерлі жастар екені көрініп тұр. Қазірде сол жастардың дені
магистрант, білікті маман. Кезегімен сөз алған олар оқу орнының тарихына тоқталып, факультет
жайлы көп айтты. Әсіресе менің байқағаным факультет деканын олар екінші анамыз дейді екен.
Небәрі екі жүз бала ғана оқитын факультет Қазақстан педагогикалық оқу орындарында жалғыз
екенін кейін біліп жүрміз ғой. - Бізді біріктіретін бір ұғым - намыс!- деп сөздерін жалынды аяқтады.
Осы сөз менің жадымда мәңгі жатталыпты. Кейін ақтарылған ақындарды айтсайшы. Төгіліп тұр.
Сен тұр мен атайындар. Таңғалғаным жазба болсын, айтыскер болсын ақындардың кілең мықты
дарабоздары  осында  жиналыпты.  Өзімнің  қандай  өнер  мен  білімнің  қайнаған  ортасына  түсіп
кеткенімді сол сәт бірақ білдім.
Факультет деканы. Екінші анамыз. Қазақтықты бәрінен жоғары қойған Фарида  Задақызы.
Маған ол кісі қазақ әйелдерінің символы болып елестейтін. Киім киісі, жүріс тұрысы, сөйлеген
сөзі бәрі дерлік қайран қалдыратын. Үлкен дәлізде кездесіп қалсақ бірінші курс студенті екенімізді
біліп  жылы  қабақ  танытатын.  Үнемі  қарбалас  жұмыс  үстінде  жүреді.  Институт  тапсырмасын
мүлтіксіз орындау, студенттердің оқу үлгерімі, қалалық деңгейдегі шаралар, факультеттің тыныс
тіршілігі және жай тіршілігі емес қазақы тіршілігі үшін жан аямай қызмет еткен жанның есімін қай
студент болмасын құрметпен атары сөзсіз. Әр студент менің жалғызым дейтін Фарида Задақызы
қазір  зейнеткерлік  демалысқа  шықса  да  факультет,  институт  тарих  парақтарында  ерекше  атпен
қалары сөзсіз.
Студенттік кездің алғашқы күндері, дәріс, аудитория, семинар, жатақхана бәрі - бәрі күнделікті
өміріме айналды. Қызығы көбейіп, баяғы сағыну мен аңсаулар артта қалды. Білмегенімді біле түссем
дейтін алға апарар ынта, майын тамыза оқылатын дәрістер қазірде жадымда тұр.
Дәріс демекші Қайым Мұхамедханов атындағы дәрісхана бір кішігірім сахна іспетті болатын.
Дәрісіміздің  соңы  таласқа  айналып,  уақыт  жетпей  дәлелді  ойларды  ортаға  салатынбыз.  Түскі
мезгілде ақындар мүшәйрасы, әдеби кездесулер, концерттік бағдарламалар толассыз өтіп жататын.
Институт қабырғасында факультет студенттерінің бастамасымен құрылған  үйірмелер көп болды.
Олардың  біразы  қазір  де  жас  дарындармен  толығу  үстінде.  Әсіресе  «Шабыт»  өнерлі  жастар
орталығы,  «Жебе»  ақындар  орталығы,  «Қарагөз»  драма  үйірмесі.  «Жүз  сөйлем»,  «Асыл  сөз»,
«Серпін» сынды білімге жетелейтін ғылыми үйірмелердің  жұмысы да қызықты болатын. Филология
факультеті  институттың  мәдени  өмірінде  елеулі  рөл  атқарды.  Кешегі  Ринат  Зайытов,  Сара
Тоқтамысова, Қарлығаш Әубәкірова, Әсем Ережеқызы сынды саңлақтарды түлеткен киелі шаңырақ
кейінгі толқын жастардың бірсыпырасын қазақ өнерінің бәйгесіне қосты. Институттың абыройы
өзге облыстарда жоғары болды.  Қай жерге бармасаңда институт жайлы жылы лебіз білдіретін. Әрі
қазір Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет етіп жүрген жандардың көбі дерлік
институт қабырғасынан түлеген.
2012 жылы Ілияс Жансүгіровтің туғанына 119 жыл толуына орай Жетісу жерінде үлкен  дода,
студенттердің фестивалі өтті. Институт атынан алты студент іріктеліп алынды. Олардың ішінде
мен де бармын. Бес номинациядан тұратын сайыста алтауымыз да жүлделі орындарға ие болдық.
Семей жерінен, Семей педагогикалық институтынан келгенімізді естіген олар бізді құшақ жая қарсы
алып, ерекше ілтипат көрсетті. Өзге достарыммен қоса бәріміз өз оқу орнымыздың осыншалық
даңқты екеніне тағы бір сәт көз жеткіздік.
Талай сындарда сүрінбеген жүйрік болсақ, жүйріктерді баптайтын ұстаздар болады. Институт
беделді  оқытушыларға  бай.    Біздің  факультетте  тілші  ғалым,  оқытушылардың  ардагері  Қинаят
Шаяхметұлынан бастап Айман Советқызы, Айман Омарханқызы, Раушан Қойшанқызы, Эльмира
Мақсұтқызы,  Фарида  Задақызы,  Ғалия  Рахметоллақызы,  Қарлығаш  Сұлтанбекқызы,  Мұхит
Төкенұлы, Төлеуғазы Кәментайұлы сияқты студент жанының терең білгірлері қызмет етеді. Заман
талабына сай педагог мамандар тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарға баса назар аударатын біздің
ұстаздар ұлтым дейтін ұлан тәрбиелеуді басты назарда ұстайды.
Міне, биыл мен 3 курсты тәмәмдадым. Институт табалдырығынан басталған студенттік өмірім

143
Шәкәрім  атындағы  университетте  жалғасуда.  Қазір  педагогикалық  институт  университетпен
қосылып, алып білім ордасына айналған. Өз кезегінде Семей мемлекеттік педагогикалық институтын
тамырын тереңге жайған, аласармас, мызғымас бәйтерек деуге болады. Екі оқу орнының қосылуы
оң нәтижелерін беріп, сексен жыл өмір сүрген институттың мүмкіндігін молынан көрсетуге ықпал
жасауда.  Ұрпаққа  сапалы  білім  мен  сапалы  тәрбие  беретін  ұстаздар  дайындайтын  ұстахана
педагогикалық институт үшін биыл дүбірлі той, жеңісті мерейтой! Аздаған уақыттан соң түлеп
ұшқалы отырған мен де нәр алған бастау бұлағымның, арманыма қанат бітірген алып ордамның
қуанышымен  шын  жүректен  құттықтаймын!  Ұлылар  мекенінде,  Алаш  астанасының  тарихында
педагогикалық институт бірегей әрі жалғыз!!!
Tһe place – the implementation of my dreams
А. Shaymardanova
The  article  describes  the  philology  faculty  that  prepare  teachers  of  high  quality  knowledge  and
upbringing.
Место осуществления моей мечты
А. Шаймарданова
В статье повествуется о филологическом факультете, готовящем высококвалифицированных
педагогов
УДК:378-057.875
М. Татиева
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аға оқытушысы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР
Педагогикалық  факультеттің  «Кәсіптік  білім»  мамандығының  жауапкершілікті  сезінуге
ынталы үздік студенттері, жан-жақты өнерлерімен көзге түскен Президенттік шәкіртақы, Ы.
Алтынсарин атындағы шәкіртақы иегерлері туралы ой қозғайды.
Биылғы  жылғы  түлектер  арасында  біздің  педагогикалық
факультетіміздің  алға  ұстар,  тек  үздік  білімдерімен,  жан-жақты
өнерлерімен  көзге  түскен  бірі  Президенттік  шәкіртақы,  бірі
Ы.Алтынсарин атындағы шәкіртақы иегерлері туралы келер ұрпаққа,
басқа  студенттер  үшін  үлгі  болар  деген  мақсатпен  біраз  сөз    айтып
кеткіміз келеді.
Президенттің шәкіртақы иегері Құдашкен Гүлнар Көшкінбайқызы
1993 жылдың 20-сыншы сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Ұржар
ауданының  Таскескен  ауылында  дүниеге  келді.  Әкесі  Қосалов
Көшкінбай Хамитұлы туып өскен Тасбұлақ деген ауылының мектебінде
көп  жылдар  бойы  технология  пәні  мұғалімі.    Мен  1999  жылы
мемлекеттік  мекеме  "Тасбұлақ  орта  мектебінің"  бірінші  сыныбына
қабылданды. Атаулы мектепті 2010 жылы бітіріп шықты. ҰБТ-ден 95
ұпай  жинап,  Семей  қаласында  орналасқан  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтының,
педагогика  факультеті,  «Кәсіптік  білім»  мамандығының  бірінші  курсының  грант  иегері  болды.
Институт  аясында  өткізілген  қайырымдылық  акцияларға  қатысып,  өзгелерге  қамқор  болуға,
жанашырлық танытып, жауапкершілік сезінуге ынталы. Институт қабырғасында оқып жүрген кезде

144
қоғамдық жұмыстарда білім мен өнерді тұлғалықтың бастауы ретінде танып, мәдени іс-шараларға
қатысып жүрді. 2012 жылы өндірістік тәжірибеден Семей қаласының "Арман-Сервис" орталығында
колиграфия және баспа студиясында өтті. Оқуда мынандай жетістіктерге жетті: «Ы.Алтынсарин
атындағы» жоғарылатылған шәкіртақы иегері  және «Президенттік» жоғарылатылған шәкіртақы
иегері, ҚР-ның ЖОО арасындағы  «Теориялық механикадан» V- Республикалық олимпиадасына
қатысқандығы туралы сертификат және мақтау қағазы, ҚР ғылым күніне  әлеуметтік гуманитарлық
және жаратылыстық ғылымдар бойынша студенттердің VIII ші ғылыми конференциясына қатысты,
2014жылы  «Құрмет  кітабына»  енгізілді.  Семей  қаласындағы  Ф.М.  Достоевский  атындағы
мұражайындағы  2012  жылы  «Созерцание»  атты  көрмесінен  сертификат  және  де  «Парсек»
халықаралық білім беру технологиялары зертханасы  «Техника художественной вышивки»   курсы
бойынша  куәлік  берілді.  Сурет  салумен,  әр  түрлі  материалдық  технологияларды  өңдеумен
айналысқанды жақсы көреді.
Ы. Алтынсарин атындағы шәкірақы Жакупбаева Айнаш Мейрамтайқызы, 1990 жылы 20 наурызда
Шығыс  Қазақстан  облысы  Аягөз  ауданы  Мәдениет  ауылында  дүниеге  келген.  Қазақстан
Республикасының азаматшасы, ұлты қазақ.
1996 жылы Еркеғали Рахмадиев атындағы  орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып, аталған
оқу  орнын  2007  жылы  тоғызыншы  сыныбын  тәмәмдағаннан  кейін  Павлодар  қаласындағы
Инновациялық  Еуразия  Университетінің  Колледжінде  «Жылу  электр  станцияларындағы  жылу
энергетикалық қондырғылар» мамандығы  бойынша білім алды. Аталған оқу  орнын 2010 жылы
үздік дипломмен бітіріп техник-жылу технигі»   біліктілігін алды.
2010 жылы Семей қаласындағы Семей мемлекеттік Педагогикалық институты «Кәсіптік білім»
мамандығына  оқуға    түсіп,  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының «Кәсіптік білім» мамандығын үздік дипломмен  бітірді.
Институт қабырғасында жүргенде «кіші деканат» студенттер ұйымында ред-коллегия мүшесі болды.
Өндірістік  іс-тәжірибеден  Семей  қаласының  «Арман-Сервис»  орталығынан  өтті.  Институт
аясында өткізілген қайырымдылық акцияларға қатысып, өзгелерге қамқор болуға, жанашырлық
танытып, жауапкершілік сезінуге ынталы.
«Жастықтың оты қайдасың?» атты апталық аясында студенттер күніне орай ұйымдастырылған
1 курстар арасында өткізілген «Институт жұлдызы байқауында би билеу номинациясы бойынша 1
орын алды.
2012  жылы  сәуірде  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздерінің  20  жылдығына,
Қазақстанның  қарулы  күштерінің  20  жылдығына  және  ұлы  жазушы,  белгілі  қоғам  қайраткері
М.Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына арналған Семей қалалық көркемөнерпаздар фестивалінде
«Аққу биін» билегені үшін мақтау қағазымен  марапатталды. Сол жылы Семей қаласының Абай
атындағы драма театрында қалалық филармонияның ашылу салтанатында өнер көрсетті.
Семей мемлекеттік Педагогикалық институтының ректоры Жакупбаева Айнаштың үздік оқуы
мен қоғамдық, мәдени жұмыстарға белсене қатысқаны үшін ата-анасына алғыс хатын жолады.
2012-2013 оқу жылы арлығында «Ә.Бөкейханов алындағы» жоғарылатылған шәкіртақы иегері.
Семей мемлекеттік  Педагогикалық институты Инновациялық педагогикалық  білім орталығы
«ПАРСЕК»  халықаралық  білім  беру  технологиялары  зертханасында  «Техника  художественной
вышивки» және «Техника макраме» курстарын 72 сағат көлемінде оқып, қойылған академиялық
талаптарды орындағаным туралы КУӘЛІК алды.
2012 жылы шілде айында Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалды мұражайында Семей
мемлекеттік педагогикалық институты Бейнелеу өнері және сызу кафедрасының оқытушылар мен
студенттерінің «Созерцание» атты көрмесіне 50х70 көлеміндегі бисер және батик техникасымен
жасалған екі жұмысы қойылды.
2013  жылы  сәуір  айында  Қазақстан  Республикасының  Ғылым  күніне  арналған  әлеуметтік-
гуманитарлық және жаратылыстық ғылымдар бойынша студенттердің ІХ ғылыми конференциясында
бейнелеу өнері және сызу секциясыда үздік баяндама жасағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
2013  жылы  20  маусым  күні  Семей  қаласындағы  Ф.М.Достоевский  әдеби-мемориалды
мұражайында Отан, туған өлке, туған жер негізінде жас суретшілердің «Наследие» атты көрмесіне
қатысқан. Осы көрме туралы мақала «Наше дело» газетінде жарық көрді.

145
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Семей қаласының
әкімшілігі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының ұйымдастыруымен өткен
Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған семейлік суретшілер шығармаларының
бірінші көрме-конкурсына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
2014  жылы  25  ақпанда  Педагогикалық  іс-тәжірибе  барысында  ШҚО  Аягөз  ауданы  Баршатас
ауылының  Оспанқұл  Меңаяқұлы  атындағы    жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  «КММ»  -  де
мектепшілік және аудандық «Ақ Олимпиада – 2014» қолөнер көрмесіне белсене араласып, өзінің
өнерін  шығармашылығын  көрсете  білгені  үшін  мектеп  директорының  мақтау  қағазымен
марапатталды. Аталған орта мектепте «Шұбартау Шарасы» би үйірмесінде мектеп оқушыларына
қазақ биі «Домбыра», испан халықтарының биін үйретуге ат салысты.
2014  жылы  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінде  өткен  ОҚУ
ОЗАТТАР ФОРУМЫНДА аталған университет қабырғасында үздік білімімен көзге түсіп, ғылыми
зерттеу жұмыстарында жоғарғы нәтижеге жетіп, өнегелі тәрбиемен, өзіндік зерделігімен танылып,
қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, университет ішіндегі өзіне жүктелген міндетке мұқият
қарап, әрдайым белсенділік танытқаны үшін ата-анасы университет ректорының алғыс хатымен
марапатталды.
Қазіргі таңда Жакупбаева Айнаш Мейрамтайқызы «Ы. Алтынсарин» атындағы жоғарылатылған
шәкіртақы иегері.
Оқудан  тыс  уақытында  «Мәдениет»  мерекелік  іс-шаралар  өткізу  агенттігінде  биші,  сонымен
қатар аталған агенттіктің тігін шеберханасында сахналық костюмдер тігумен айналысады.
The best graduates
M. Tatieva
Students of Pedagogical specialty, particularly, honor students, President grant-holders and Y.Altynsaryn
grant winners are at the forefront.
Лучшие выпускники
М. Татиева
В статье повествуется о лучших выпускниках специальности «Профессиональное обучение»
педогогического  факультета,  обладателях  Президентской  стипендии  и  стипендии  имени  И.
Алтынсарина.

146

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет