Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68

 

Библиографиялық сілтемелер 



556 

 

1. А.О.Малдыбаева, 



Э.Ә.  Орынбаева.  «Дефектология  негіздері». 

Шымкент 2007. 

2. Н.М.Назарова. Специальная педагогика. Москва, 2006. 

3. К.С. Тебенова.  Дамуындағы ауытқулары бар балалар. Оқулық  құрал. 

Қарағанды, 2003. 

4. Ж.И.  Намазбаева,  Р.А.  Сулейменова.  Дефектологиялық  сөздік. 

Алматы 1993. 

5. А. Әбілқаев «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»  Алматы,  Санақ, 1999. 

 

 

Кульзия Кадыровна Тобатаева 



 «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы 

ШҚО бойынша  ПҚ БАИ-дың  бөлім бастығы 

 

SMART – EDUCATION: БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ 

 

SMART  қоғамының  құрылуы  –  дамудың  өзекті  тенденциясы.    Қоғаммен 

бірге  білім  беру  жолдары  да  өзгереді,  SMART  Learning  білім  алушылар  өз 

білімдерін  көрсете  алатын  инклюзивті    және  дамыта  оқыту,  контексті  түсіну 

деңгейінің  жоғарлауы,  тыңдаушыларды  жетелу  арқылы  жандандыру  және  өз 

білімдерін  қалыптастыру,  ақпараттық  үрдіс,  өзін-өзі  өнімді  оқытуға  баулу 

сияқты мақсаттарды көздейді. 

 

Басты сөздер:SMART оқытудың негізгі мінездемесі ,SMART қоғамының 

құрылуы,  SMART-оқытудың  негізгі  аспектісі,  SMART  ұғымы,  SMART 

оқытудың негізгі мінездемесі, SMART оқытуды тарату шарттары. 

 

Білім  беру  ұйымдарына  электронды  оқыту  жүйесін  енгізу  ҚР  2011-2020 



жж  арналған  білім  беруді  дамыту  мемлекеттік  бағдарламасының  негізгі 

бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Электронды  оқыту  жүйесін  білім  беру 

ұйымдарына енгізудің басты мақсаты оқыту үрдісінің барлық қатысушыларына 

тең дәрежеде үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қолжеткізуіне 

негізделген.  

SMART  оқытудың  негізгі  мінездемесі  –  дамудың  өзекті  тенденциясы.  

Қоғаммен  бірге  білім  беру  жолдары  да  өзгереді,  SMART  Learning  білім 

алушылар  өз  білімдерін  көрсете  алатын  инклюзивті    және  дамыта  оқыту, 

контексті  түсіну  деңгейінің  жоғарлауы,  тыңдаушыларды  жетелу  арқылы 

жандандыру  және  өз  білімдерін  қалыптастыру,  ақпараттық  үрдіс,  өзін-өзі 

өнімді оқытуға баулу сияқты мақсаттарды көздейді. Smart оқытудың нұсқаулық 

үлгісіне, әмбебап сервисі мен контенттің қолжетімділігіне ерекше назар аудару 

керек.  Сол  себепті  де  қабылдау  үрдісінде  білім  алушыны  жалықтырмау  үшін 

интерфейстік  дизайн  нұсқаулығы  және  үздік  контент  туралы  ойлану  қажет. 

Контент  интерактивті,  қызықты,  барлық  адамдарға  қолжетімді  болуы  үшін  

Smart және U-learning элементтерін қолдану керек. Біз SMART-қоғамда, немесе 



557 

 

басқа сөзбен айтар болсақ – ақылды қоғамда өмір сүрудеміз. Бұл дегеніміз - біз 



өмірімізді  жақсартуға  арналған  техникалық  құралдар  мен  әртүрлі 

орталықтардың  қоршауындамыз.  Бүгінгі  таңдағы  барлық  жерден,  әлемдік 

желіден  деректер  алу  мүмкіндігі,  әлемдік  білім  мен  тәжірибе  көлемінің 

қолжетімділігі,    барлығымызда  дерлік  бар  көпатқарымды  құрылғы,  гаджеттер 

біздің  өмірімізді,  бос  уақытымыз  бен  жұмысымызды  жеңілдетеді.  Олар: 

смартфондар,  планшеттер,  ультрабуктер  мен  өзге  де  алуан  түрлі  заманауи 

технологиялар.  

SMART-оқытудың  негізгі  аспектісі  –  білім  берудің  ыңғайлы  және  ашық 

ортасын  құру:  гаджеттерді  пайдалану,  ашық  білім  беру  қоры,  басқару 

құрылымы.  Біз  өмір  сүріп  отырған  қоғам,  бүкіл  әлем  дамуда,  соған  орай 

адамдардың  қажеттіліктері  де  өсуде,  жүзеге  асырушы  құралдар  да  кемеліне 

жетуде.  Кеше  ғана  біздер  өзімізді  технологиялық  құрылғылармен  қоршап, 

адамдық жүйе құрып, аналогтік есептеулерді қолданған индустриялды қоғамда 

өмір 


сүрдік. 

Бүгінгі 


таңдағы 

ақпараттық 

қоғамда 

бағдарламалық 

қамтамасыздандыруға сүйеніп құрылған компьютерлік жүйе мен сандық ойлау 

нарықтағы  өзектілердің  бірі,  ал  ертең  бізді  ақпараттық  жүйе  мен  будандық 

ойлау, ақпараттық технология үстем болатын қоғам күтіп тұр.  

 

Электронды оқытуды дамыту дәйекті түрде инфрақұрылымның ширақ 



дамуына  сәйкес  келесі  алгоритмдер  арқылы  жүзеге  асады:  E-Learning;  U-

Learning  (Ubiquitous-Learning,  жаппай  оқыту);  M-Learning  (Мobile-Learning 

мобилді  оқыту);  SMART-  education.  SMART  оқыту  –  бұл  икемді  оқыту:  еркін 

қолжетімділігі  бар,  білім  беру  шектеулерін  кеңейтуге  мүмкіндік  беретін,  тек 

қана білім алушылардың саны емес, уақыт пен кеңестік көзқарасы тұрғысынан 

да  білім  беру,  кез-келген  уақыт  пен  барлық  жерде  қолжетімді,  бүкіл  әлемдік 

контент көмегімен мобилді құрылғыны пайдалану негізінде интерактивті білім 

беру. 


 

SMART  –  қысқарған  сөз  (Self-directed,  Motivated,  Adaptive,  Resource 

free, Technology embedded), жеке тұлғаға білім беруді бағдарлау, ішкі ынтасын 

жетілдіру, бейімденуі, қорға еркін қолжетімділігі, технологияларды пайдалану 

дегенді білдіреді.      

 

Білім  берудегі  SMART  ұғымы  –  оқыту  үрдісіне  қатысушылардың 



құзіреттілігін үздіксіз дамыту үшін интеллектуалды орта құру, оқу үрдісіндегі 

ресми  және  бейресми  іс-шаралармен  қоса  қолданысқа  енген  жаңа 

құзіреттіліктерді  қолдану  жолдарының  тәртіп  көрсеткіші  болып  табылады. 

Бұндай  білім  берудің  техникалық  базасы  болып  оқушыларға  тиесілі 

құрылғылар  ғана  емес,  білім  беру  мекемесінің  де  барлық  құрылғылар  тобы 

жатады:  қарапайым  компьютерлер,  ноутбуктар,  планшеттер,  смартфондар. 

Бұлар ақылды экономика мен сандық қоғам талабына сай табысты іс-әрекеттер 

үшін қажетті білім беруді мақсат етеді.  

SMART  оқытудың  негізгі  мінездемесі:  әртүрлі  операциялық  жүйелерге 

арнап  жасалынған  бағдарламалық  қамтамасыздандырудың  сыйымдылығымен 

қаруландыру; оқыту ақпаратының тұтастығы мен үзіліссіз оқу үрдісінде білімді 

тең дәрежеде алуларына мүмкіндік жасау; уақыт пен орынға тәуелсіз, мобилді, 



558 

 

үзіліссіз  және  оқу  ақпаратына  қолжетімділіктің  қарапайымдылығы;  оқытушы 



мен  оқушының  мобилді  құрылғылар  арқылы  автономды  түрде  оқу 

ақпараттарына  қолжеткізуі;  әртүрлі  мотивациялық  үлгілерді  анықтау;  жеке 

және  ұйымдық  мақсаттармен  жұмыс  беруші  мен  білім  беру  мекемесінің 

арасындағы өзара байланыс; құзіреттіліктердің өзгерген көрсеткіштерін бағалау 

–  оқу  үрдісінің  нәтижесі  алған  біліммен  ғана  емес  іс-тәжірибеде  қолдана 

алуымен  де  өлшенеді;  икемді  оқыту  артықшылықтар  мен  білім  алушылардың 

жеке  мүмкіндіктерін  көрсетеді  (оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере 

отырып білім беруді жоспарлау мүмкіндігі мынандай: бастапқы білім, тәжірибе 

мен  дағды;  білім  беру  стилі;  оқытудың  әр  сәтінде  физиологиялық  және 

психологиялық жағдайға дейін). 

SMART оқытуды тарату шарттары. Формалды және формалды емес білім 

беруді мойындау. Құзіретті-бағдарлау – мамандық құзіреттілігі мен белгілі бір 

үлгілер  негізінде  мазмұнын  жаңарту.  Техникалық  құрылыстағы  құрылымдық 

өзгерісті  және  SMART  құрылғыны  оқу  үрдісіне  енгізуді  қамтамасыздандыру 

оқу үрдісінде барлық қатысушылардың құзіреттілігін үзіліссіз басқару арқылы 

жүзеге  асады.  Білім  беру  ортасына  өзіндік  диагностика  құрылғысын  енгізу 

білім беру ортасын тұрақты атқарымдардың барлық элементтерімен (аппаратты 

бөлімдері мен контентті) қамтамасыздандыруды көздейді.  

Үздіксіз  ұстанымды  тарату  үшін  тұғырнамааралық  жол  мен  білім  беру 

ұйымдарындағы  бар  операциялық  жүйелерге  бейімделетін  бағдарламалық 

қамтамсыздандыруды  енгізу  керек.  Микроүлгілерді,  әр  түрлі  құрылғыларды 

пайдалану арқылы білім беру контентін жоғарғы жылдамдықта жаңарту. Білім 

беру  контентін  әзірлеуде  құрылғыларды  пайдалану  зияткерлік  ортада 

қолданылатын  құрылғы  пішімінде  объект  жасауға  мүмкіндік  береді.  Бағалау 

жүйесінде  оқытудың  мерзіміне  емес,  оның    нәтижелілігіне  назар  аударуымыз 

керек.  Оқуға  дейінгі  және  кейінгі  құзіреттіліктерді  анықтау  үшін  нақты 

өлшемдер қажет. Метрикалық өлшемнің барлық қорытындысы оқыту үлгісінің 

сараптамасы үшін электронды портфолиода сақталады.  

 

SMART оқытудың қорына кіреді:  видеоматериалдар, видео және онлайн 



дәрістер, тренажерлар, сандық кітаптар және т.б.  

Контент әзірлеудегі міндетті кезеңдер:   

- контент жоспарының жобасы (мақсаты, мазмұны, бағалау жүйесі); 

- контент әзірлемесін дайындау (StoryBoard); 

- контент мазмұнын әзірлеу, жалғасымдылық уақыты 25 минут.  

Электронды  оқытуды  қолдану  барысында  білім  алушылардың  оқу 

жетістіктерін бағалау жүйесі нақтылануы керек. Дәстүрлі  бес ұпайлық бағалау 

жүйесі электрондық оқытуда қолданыла алмайды, себебі:  

- оқушы бойында оқу дербестігінің «негізгі кірпіші» - бағалау дербестігін 

қалыптастыруға толыққанды мүмкіндік бермейді (аталған қабілет білім берудің 

жаңа сапасын анықтайтын негізгі құзіреттілік екендігін мойындатты); 

-  жекелей  оқытуды  қиындатады,  оқушылардың  білім  алудағы  алдыңғы 

қорытындыларын  нақтылы  жеткен  деңгейімен  салыстыра  отыра  бағалау 

қиындық тудырады;  



559 

 

-  аз  ақпаратты  болып  табылады,  нысанды  және  жабық  сын  нақты  білім 



деңгейін көрсете алмайды, ең бастысы, ары қарай күш жұмсау векторын, яғни 

нені  нақты  жетілдіру  керек,  немен  жұмыс  жасау  керек,  бұл  білім  алушының 

мүмкіндігі қандай екендігін  анықтауға мүмкіндік бермейді;   

-  жиі  жаралаушы  болып  келеді,  оқушы  үшін  алдау  қаруы  және 

психологиялық қысым болуы мүмкін.  

«Оқу  үшін  білім  алу»  жаңа  ұғымы  оқушыларды  білім  алу  барысында  жеке 

қиындықтарын  жеңуге  негіздейді,  күрделі  ептілік  пен  іскерлік  іс-әрекетін  

қалыптастыру деңгейін тексеруде әдіснамалық жаңа бағалауды талап етеді.  

Нәтижелі  білім  беруге  бағытталған  оқытудың  бағалау  жүйесі  мүмкіндік  беруі 

тиіс:  


-  ақпараттық  және  мөлшерлі  қайтарымды  қатынасты  жүзеге  асырып, 

білім  алушыларға  бағдарламаны  орындау  туралы  ақпаратты  беру  арқылы  ол 

қаншалықты  алға  жылжыды,  бағдарламыны  орындау  деңгейінде  неге  ерекше 

назар  аударуын  көрсету  арқылы  әлсіз  тұстарын  көрсету,  ал  тьюторға  бұл 

қайтарымды қатынас қойған мақсатына жету туралы ақпаратты береді.  

-  оны  көтермелеу  түрінде  қолдану,  бірақ  жазалау  емес,  оқуға 

ынталандыру,  білмейтін  тұстарын  қарастыруға,  білетінін  жетілдіруге 

пайдалану;  

-  бағалау  жүйесі  арқылы  білім  алушының  өз  екпінімен  сәл  болсадағы 

алдыға ұмтылысын көрсету;  

- оқушыларды жетістікке бағдарлау;  

-  шектелген  топтағы  білім  алушылардың  жетістіктеріне  ғана  емес,  терең 

негізіне сүйену, өзін-өзі бағалауының қалыптасуы мен дамуына көмектесу. 

Бүгінгі  таңда  әдебиетте  «қалыптастырушы  бағалау»  термині  кеңінен 

қолданылып  жүр,  бағалау  ең  алдымен  оқушының  жеке  қалыптасуына 

бағдарлануы тиіс.   

Қалыптастырушы  бағалау  (кей  кезде ішкі деп  те  аталады)  әр оқушының 

жеке  жетістіктерін  анықтауға  бағытталған,  бұл  бағалау  қорытындыны 

салыстыруды және әкімшілік тұжырымды қажет етпейді.  

Бағалаудың  бұл  түрін  қалаптастырушы  деп  атау  себебі,  баға  нақты  оқушыға 

бағытталған  және  сол  оқушының  тақырыпты  меңгерудегі  олқылықтарының 

орынын тиімді толтыру үшін беріледі.   

Бағалаудың  сыни  жүйесі  білім  беруде  жоспарланған  барлық  іс-әрекетті 

бағалау  үшін  өлшемдер  жүйесі  құрылады  деп  топшалайды.  Мысалы, 

электронды  оқытуда  форумға  қатысу  қарастырылса,  форумда  білім 

алушылардың жұмыстарын бағалау үшін бағалау өлшемдері көрсетілу керек:  

- форумға қатысуы; 

-  форумда  айтылған  пікірлер  форум  тақырыбына  сәйкес;  форумдағы 

пікірлер  берілген  кестеге  сай  «3-2-1»  (3  аргумент  «келісемін»,  2  аргумент 

«қарсымын», 1 «сұрақ»); 

- пікірлер сыпайы және әдепті.  

Samsung Smart School  жобасын іске асыру бойынша инновациялық іс-әрекеттің 

негізгі бағыттары:  


560 

 

-  оқу  үрдісінде  Samsung  Smart  School  интерактивті  құрылғысын  және 



бағдарламамен қамтамасыздандыру мүмкіндіктерін зерттеу;  

- оқу-тәрбие үрдісінде Samsung Smart School қолданудағы педагогикалық 

тәжірибені  тарату  үшін  әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру.  Осы  бағытта 

мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту; 

-  Samsung  Smart  School  мен  мектептің  білім  беру  кеңісітігін  біріктіру 

(оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті сыныпты қолдануды ұйымдастыру).  

Samsung  Smart  School  интерактивті  құрылғының  мүмкіндіктерін  зеттеу 

және оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыру үшін мұғалімдерден шығармашыл топ 

құру.  Бұл  топтың  басты  тапсырмасы:  құрылғының  білім  берудегі 

мүмкіндіктерін  игеру  және  педагогикалық  тәжірибені  мұғалімдер  ұжымында 

тарату. 

Тұрақты 


түрде 

презентация, 

шебер-класс, 

коучингтер 

ұйымдасытырылып, ақпараттық бүктемелер шығарылады, т.б.  

Ақылды  кабинеттің  мүмкіндіктерін  сабақта  пайдалану  оқушылардың 

білімге  деген  ынтасын  арттырады.  Оқушылар  жеке  және  жұптық  жоба  жасау 

барысында  S-Note  бағдарламасын  белсенді  қолданып,  сол  арқылы  коллаждар 

мен  әртүрлі  тақырыптарға  плакаттар  жасап,  жобаларын  қорғайды. 

Видеоредактор  бағдарламасымен  жұмыс  істеу  барысында  пәнді  игеруге  деген 

қызығушылықтарын  артыратын  клиптер,  фильмдер  құрастырады.  Тілдік 

пәндерде  жоба  құру  барысында  оқушылардың  қарым-қатынас  құзіреттілігін 

жетілдіру  үшін  барлық  тілдік  іс-әрекеттерді  пайдалануға  болады,  олар:  оқу, 

сөйлеу, аудару және жазу. Жобамен жұмыс оқушылардың субъекті қабілеттерін 

дамыта  отыра  әр  баланың  бойынан  даралық,  бірегейлік  және  қайталанбас 

қабілеттерді  көруге,  шығармашылық  әлеуетін  кеңейтуге  мүмкіндік  береді. 

Балалар  өз  планшеттерінде  жеке  жұмыс  жасау  арқылы  бір-бірімен  ақпарат 

алмасуға, өзін-өзі тексеру мен өзге оқушылардың жұмысын бағалауға үйренеді.  

Өзіндік      жұмысты  өткізу  барасында  дамыта  оқытуды  ұйымдастыру  және 

жүзеге  асыру  өте  тиімді:  әр  планшетке  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін 

ескере отыра  тапсырамалар (грамматикалық материал  мен үлестірме  қағаздар, 

ми  жұмысын  жақсарту  үшін  логикалық  жаттығулар)  жіберіледі.  Smart  School 

мүмкіндігін  пайдалана  отыра  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыс  түрлерін 

ұйымдастыруға болады. Сабақта компьютерлік тесттерді, білімдерін тексеруге 

арналған  ойындарды  пайдалану  аз  уақыттың  ішінде  игерілген  материал 

деңгейін  көрсете  алады.  Бұндай  жұмысты  ұйымдастырғанда  сабақ  үлгерімі 

төмен  оқушылар  да  сабаққа  белсене  қатысады.  Smart  School  бағдарламасы 

мұғалімге сабақтың барлық кезеңінде әр оқушының жұмысын ұйымдастыруға, 

жетекшілік  етуге  және  бақылауға  көмектеседі,  бірде-бір  оқушы  мұғалім 

назарынан тыс қалмайды.  

Samsung  Smart  School  мектептің  маркетингтік  үрдісінде  де орны  ерекше. 

Сынып 


мектепішілік, 

қалалық, 

облыстық 

деңгейдегі 

іс-шараларды 

ұйымдастыруда  көп  көмек  көрсетеді.    Оқушылардың,  ата-аналардың, 

педагогтардың, қоғамдық ұйым өкілдерінің үлкен қызығушылығын оятады.  

Мектепте  Samsung  Smart  School  тәжірибесін  пайдалану  бойынша  мынадай 

нәтижелерді атап айтуға болады:  


561 

 

-  презентациялық  және  интерактивті  Smart  School  құрылғысын 



пайдаланудың ыңғайлылығы (All Share технологиясымен пайдалану). 

- мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық құзіреттіліктерін дамытудағы 

әлеуетілігі (сабақ аясында интернетті және медиаконтентті пайдаланудың үлкен 

мүмкіндігі). 

-  оқушылардың  креативтілігін  (шығармашылығын)  дамыту  (Samsung 

Smart  School  бағдарламасы  әртүрлі  контентті  пайдалана  отыра  шығармашыл 

жобалар жасауға мүмкіндік береді).  

-  оқушылардың  ынталарын  ояту  (Smart  School  құрылғысымен  жұмыс 

оқушылардың үлкен қызығушылықтарын тудырады). 

-  мектеп  педагогтарының  кәсіби  құзіреттіліктері  кеңейіп  (мұғалімдер 

интерактивті құрылғымен және Smart School бағдарламасымен жұмыс жасауға 

бейімделеді).

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

              Сурет1.      SMART - оқыту 

SAMSUNG SMART SCHOOL интерактивті құрылғысының болашағы мектепте 

өткізілген  тәжірибеден айқындалады. 

Бұл: 

-    SAMSUNG  SMART  SCHOOL  мүмкіндіктерін  мектеп  тәжірибесінде 



белсене қолданатын мұғалімдер санының  өсіуі.  

-  SAMSUNG  SMART  SCHOOL  ұсынған  барлық  мүмкіндіктердің  жүзеге 

асуы.  

-  аталмыш  құрылғысы  бар  білім  беру  мекемелерімен  өзара  жүйелік 



байланыстың аумақтануы.  

Білім берудің бұндай жолы әр адамға өмір бойы білім алуға, ақпарат пен 

білім  беретін  әртүрлі  құрылғыларды  өмірінің  соңына  дейін  пайдалануға 

машықтандырады.  Білімде  бір  жерден  ғана  қаныққаныңша  алатын  көз  жоқ.  

Homo-Sapiens  уақыты  өткен,    болашақ  Homo-Ludens,  ойлап  қана  қоймай, 

ойнайтын адамда.   



 

Библиографиялық сілтемелер 

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

2. Штода В.А. Особенности применения ЦОР и интерактивной доски на 

уроках // ИКТ в образовании. - 2009. - № 12 (48). – С. 14-15. 



562 

 

3.  Семченко  А.А.,  Мухамбетжанова  С.Т.,  Толыкбаева  Г.Н.,  Жартынова 



Ж.А., Коровина С.В. Разработка образовательных контентов в объектно-

ориентированной среде «MOODLE»-Алматы: РИПК СО, 2011.-48с. 

4.  Зайнутдинова    Л.Х.  Создание  и  применение  электронных  учебников 

(на  примере  общетехнических  дисциплин)  Л.Х.  Зайнутдинова.  – 

Астрахань : Изд-во «ЦНТЭП», 1999. – 364 с. 

5.  Куклев  В.А.  Опыт  разработки  и  применения  цифровых 

образовательных  ресурсов:  от  компьютеризированных  учебников  через 

сетевые технологии к мобильному образованию // Компьютерные учебн. 

программы и инновации. - 2006. - № 3. - С. 70-74; 

 

 



Райкул Ибраевна Тожыбаева 

Өскемен қ. № 3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 

 бастауыш сынып мұғалімі 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 



ДАМЫТУДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ РОЛІ 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  талдау 

жасалған.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың 

негізгі әдістері мен тәсілдері көрсетілген. 



 

Түйін  сөздер:  Инновациялық  тәсіл,  функционалдық  сауаттылық,  өзгеріс 

динамикасы,



 

интербелсенді әдіс. 

 

Бала  құштарлығын  ояту  үшін  заман  талабына  сай  мұғалім  -  «ақпарат 



тасушы»  емес,  сол  ақпаратқа  жету  жолын  көрсетуші,  соны  әртүрлі  әдіс-

тәсілдермен  ұйымдастырушы.  Сонда  ғана  уақыт  алға  тартып  отырған  талап 

үдесінен  шыға  алады.  Сонымен  қатар,  білім  берудегі  инновациялық  үдерісті 

басқара  алуы  да  тиіс.  Ал  оқу  мен  оқытудағы  инновация  дегеніміз  табысты 

оқытудың  жүзеге  асуын  қамтамасыз  етіп,  ынталандырып  отыратын  әдіс-

тәсілдерді өз жұмысында ұтымды пайдалану  болып табылады. 

Инновациялық  тәсіл  оқытуға  өмірдің  өзгеріс  динамикасының 

ерекшелігіне  негізделген  жаңалық  енгізу  үдерісіне,  тұлғаның  мұқтаждығын 

қамтамасыз  етуге,  әлеуметтік  пайдалы  білім  беруге,  тұлға  бойында  өз  пікірін 

дәйектей  алатын,  айналасындағыларды  сендіре  білетін,  қарым-қатынастағы 

шынайылық пен тең құқылыққа бағытталады [1]. 

Бүгінгі  таңда  тұлғаны  басқару  емес,  оның  даму  үдерісін  басқару 

керектігін уақыт көрсетіп отыр. Мұғалім өз жұмысында басымдылықты тікелей 

педагогикалық  қатынасқа  түсуге  беру  керек  дегенді  білдіреді.  Тікелей 

педагогикалық  қатынасқа  түсе  отырып,  бұрынғыдай  үндеу  тастаудан,  артық 

уағыз  айтудан,  дидактикадан  арылып,  олардың  орнына  қатынасқа  түсудің 



563 

 

диалогтік  әдісін,  ақиқатқа  бірге  жету  жолын  іздестіруді,  жағдаяттар  тудыра 



отырып, оқыту мен тәрбиелеуді қойып отыр. 

Негізгі  әдістемелік  инновациялар  бүгінгі  таңда  оқытудың  интербелсенді 

әдістерін қолданумен тікелей байланысты. Интербелсенділік өзара әрекеттесуді 

немесе  біреумен  не  бірдеңемен  (мысалы,  компьютермен)  диалогтік  қатынаста 

болуды  білдіреді.  Бұдан  шығатын  қорытынды  интербелсенді  оқыту  дегеніміз 

бұл  –  бәрінен  бұрын  оқытушы  мен  білім  алушы  өзара  қатынасқа  түсетін 

диалогтік оқыту. 

Осындай өзара белсенді қатынас жасау нәтижесінде: 

-

 

білім  беру  субъектілерінің  мағынасы  бір  кеңістікте  болуы,  яғни  бір 



мәселе төңірегінде ой бөлісуі, сол туралы ойлануы; 

-

 



бірыңғай  шығармашылық  кеңістікке  енулері,  яғни  қойылған 

проблемалық мәселеге бәрінің бірдей бір мезгілде шешім іздеуі; 

-

 

мәселені  шешудің  тәсілдері  мен  әдістерін  іздестіруде  келісімнің 



болуы; 

-

 



мәселені  шешуді  жүзеге  асыру  барысында  болатын  әртүрлі 

эмоционалдық  жағдайларды  топ  мүшелерінің  бәрінің  бірдей  бастарынан 

өткізуі. 

Интербелсенді  оқытудың  мәні  оқушылардың  барлығының  таным 

үдерісіне тартылуында, жаңа тақырыпты меңгерту барысында  мұғалім барлық 

білім  алушыларға  топтық  жұмыс  арқылы  тапсырма  бере  отырып,  олардың 

қатысуын  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  олар  өздері  нені  біледі,  нені 

меңгере  алған  жоқ  сияқты  мәселе  төңірегінде  ойлана  отырып,  өз  әрекеттеріне 

рефлексия  жасай  алады.  Оқушылардың  бірлескен  әрекеті  нәтижесінде  әркім 

өзінің  қолтаңбасын  қалдырады:  білімдерімен  алмасады,  бір-бірінен  жаңа 

ақпарат  алады,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  үйренеді.  Осының  барлығы  бірін-бірі 

қолдау, жағымды қатынас орнату түрінде жүзеге асып отырады. 

Интербелсенді оқыту жоғары технологиялар заманында жүзеге асырылып 

жатқандықтан,  адамға  жан-жақтан  түрлі  ақпарат  келіп  түседі,  сондықтан 

олардан  ақпараттармен  жұмыс  жасай  біліп,  қажетін  алып  қолдана  алу 

бейімділігін  қажет  етеді.  Оқуды  және  диалог  түрінде  оқытуды  белсендіруге 

ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең 

бөлінген  орын  екенін  білдіретін  фактіні  растайды;  сабақ  беру  мен  оқыту 

талқылау  үдерісінде  жүзеге  асырылуға  және  ынтымақтастық  қолдануға  тиіс, 

сондықтан  мұғалімдер  оқушыларға  өз  бетінше  орындау  құқығын  беретін, 

сыныпта  аса  демократиялық  атмосферасын  қалыптастыратын  тәсілмен  оқыту 

үдерісіне баса назар аударылуы тиіс. 

Бүгінгі таңда білім беру үдерісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып 

қарастырылатын  болды.  Бұның  өзі  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасау, 

даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор 

міндеттер жүктейді. Екінші жағынан, оқушыдан да тұлға ретінде өзіндік «Мен» 

тұжырымдамасын  терең  түсіне  отырып,  өзінің  барлық  әлеуетін  дұрыс 

пайдаланып, таным үдерісінде белсенділік танытуды талап етеді. 



564 

 

Бүгінгі  күні  ғалымдар  бір  ауыздан  дерлік  білімнің  негізгі  екі  түрін 



көрсетіп жүр: 

-  репродуктивтік; 

-  конструктивтік. 

Философ  Джон  Дьюи,  психологтар  Жан  Пиаже  мен  Лев  Выготский, 

математик  және  логик  Алфред  Уайтхэд,  педагог  Т.Лешкевич,  философ 

Владимир Данченко және басқалар білімнің бұл түрлері өз қасиеттері бойынша 

бір-біріне қарама-қарсы деп есептеген. Бұған қоса білім берудің де екі үдерісін 

ажыратуға  болады:  репродуктивтік  тұрғыдан  білім  беру  өткен  дәуірдің 

әдістемесіне жатса, конструктивтік тұрғыдан білім игеру - бүгінгі және ертеңгі 

күннің білімі [1]. 



Репродуктивтік  білім.  Білімнің  бұл  түрі  ырықсыз,  бәсеңді  (пассив 

түрдегі)  түйсінуді  (қабылдауды)  білдіреді;  мұнда  үйренушінің  субъективтік 

және  өзіндік  түсінігіне  жол  берілмейді:  репродуктивтік  білім  «түрлендірусіз, 

еш  өзгертусіз  қайталау»  деген  ұғымды  меңзейді.  Ол  дегеніміз  әр  оқушының 

жеке  сұранысы  ескерілмейді  деген  сөз,  яғни  мұғалім  қалай  сабақты 

ұйымдастырғысы  келсе,  солай  құрып  шығады,  солай  жоспарлайды.  Сонымен 

қатар,  оқушы  пікірінен  гөрі  өзінің  пайымдауы  бірінші  орында  тұрады.  

Репродуктивтік  білім  есте  сақтау  және  қайталауға  негізделеді,  мұнда 

қарастырылатын  мәлімет  білім  алушы  тұрғысынан  аз  мөлшерде  өзгертіліп, 

интерпретацияланады. 

Репродуктивтік  білімде  бағдарлама  (оқытудың,  пәннің  бағдарламасы, 

оқулық)  негізгі рөл  атқарады,  өйткені мұндай  білім  шәкірттің  жеке  тұлғасына 

бағытталмай,  жоғары  жақтан  белгіленген  оқытудың  бағдарламасына  арқа 

сүйейді:  «бағдарламада  қалай  келтірілсе,  солай  оқыту  керек»  деген  қағиданы 

ұстанады. 

Репродуктивтік білімде басты тұлға – үйретуші («ұстазцентристік» білім), 

өйткені  ол  білім  алушының  мүдделерін  ескермей,  үйретушіге  (ұстазға) 

бағытталады. Ұстаз тұлғасы  – негізгі тұлға. Сабақты ұйымдастырушы да, оны 

соңына  жеткізіп  жүргізу  де  тек  мұғалімге  байланысты.  Бұл  жерде  көбінесе 

мұғалім оқушыдан нені күтеді, соны сұрайды. 

Репродуктивтік білімнің түрлері: 

1) Сипаттаушы білім 

- қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады; 

- негізгі сипаты: көрнекілік; 

2) Түсіндіруші білім 

- объективтік дәлелдемеге ұмтылады; 

- негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу). 

Конструктивтік білім. Конструктивтік білімде басты назар «пән» немесе 

«бағдарламаға» емес, үйренуші (шәкірт) тұлғасына аударылады, ал ұсынылған 

білім  тұлғаны  өзгерістерге  ынталандырады:  шәкірт  алған  білімді  (ақпаратты, 

мәліметті,  ұғымды,  т.с.с.)  өзіндік  тұрғыдан  өзгертсе,  оның  үйренген  білімі 

шәкірт тұлғасын да өзгертеді (дамытады, өсіреді). 


565 

 

Сол  себепті  де  конструктивтік  білімді  кейде  түрлендіруші  білім  деп  те 



атайды. 

Неліктен «конструктивтік» деп аталады? Себебі: 

-  білім  алушы  өздігінен  ақпарат,  фактілер,  ережелер  мен  қағидалардан 

дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады; 

- конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі 

«түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге  ынталандырады; 

- конструктивтік білім тұлғаға  өзін-өзі түрлендірудің (өзгертудің) айқын 

да анық мақсаттары мен құралдарын беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды 

тұлғаның тұла бойына сіңіріп, оны өзін-өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады. 

Неліктен  конструктивтік  білім  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  болып 

табылады? 

Сипаттаушы  және  түсіндіруші  білімдер  қаншалықты  қажетті  болса  да 

олар  әлемді  өзгерте  алмайды,  өйткені  әлем  тек  адамның  түрлендіруші 

әрекеттері  арқылы  өзгере  алады,  яғни  оқытуда  басты  назарды  тұлғаның  жеке 

қасиеттері  мен  оның  белсенді  әрекеттеріне,  оның  қолынан  келетін  істерге 

аудару қажет [2]. 

Ал коструктивті білім беруді жүзеге асырудың тетігі интербелсенді әдіс-

тәсілдер екені сөзсіз. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Генке И. Активные методы.- Москва, 2011.- 160 с. 

2. Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістерді  ЖОО-да  қолдану.  Оқу  құралы.- 

Алматы, 2012-360 б.  

 

 



Арайлым Кабиткановна Токпаева  

№3 Күршім гимназия, 

 шет тілі пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Күршім ауылы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет