«Абайтану»


Түсінік. «Жас қазақ» газеті



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата22.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#95
1   2   3   4   5   6   7

Түсінік. «Жас қазақ» газеті М. Мырзахметов, Абай 

«...Абай  адамгершілікті  моральды

қ  философияда  барлық  жайдан 

жоғары қояды». М.Әуезов 

Абайдың толық адам туралы ілімі 

Абайдағы  толық  адам  туралы  ойдың  о  бастағы  төркіні  «Ғылым  таппай 

мақтанба» (1886) өлеңінен бастау алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене 

түсетіні  бар.  Гуманист  атаулы  ғалымдардың  бәрі  де  бұл  дүниедегі  асылдың 

асылы, ең бағалысы адам деп қарайды. Сол адамның бойындағы қалыптасатын 


50

 

 



мінез-құлықтың  ең  басты  сипаты  неден  тұрмақ  деген  сұраққа  әр  заман 

ойшылдары өзі  жасаған  заман  талабына  орай  жауап  беруге  ұмтылған.  Бұған 

исламият әлемінде, әсіресе, Түркістан өлкесінде бұл өзекті мәселеге Әл Фараби 

бастаған  XI  ғасырдағы  Жүсіп  Қас  Хаджиб,  XII-XIII ғасырлардағы  Ясауи, 

Ш.Табризи  (Тарази),  Ж.Руми  жал

ғастырған  жәуанмәртлік,  хал  ілімі,  камили 

инсани жайындағы ой-толғаныстары танымдары өз үлестерін қосып жатты. Ал 

XIX 


ғасырдың екінші жартысында Абай бұл мәселеге айрықша назар аударып, 

өзіне  дейінгі  ойшылдар  дәстүрін  жалғастырып  дамытып,  толық  адам  туралы 

ілімнің негізін салса, XX ғасыр басында өз шәкірті Шәкәрім ар ғылым арқылы 

жалғастыра дамытты. 

Адам  болу  туралы  ой  танымын  «

Ғылым  таппай  мақтанба»  өлеңінде  көп 

нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М.Әуезов ол өлеңді «Абайдың, әсіресе, 

көп  ой  қорытып  айтқан  мағыналы  және  програмдық  бір  өлеңі»,  -  деп  ерекше 

мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Абайдың: 

Бес нәрседен қашық бол, 

Бес нәрсеге асық бол, 

Адам болам десеңіз, - деп, адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы 

ұғымдардың  сырын  7-қарасөзінде  айтылатын  «жанның  тамағы»  дейтін 

пәлсапалық  мағынасы  бар  ұғыммен  салыстыра  отырып  сырын  ашсақ,  көп 

мәселенің  тамырын  дөп  басамыз.  Осы  өлеңде  ерекше  мән  бере  аталатын 

Шығыстың  озық  ойлы  Ғұламаһи  Дауанидің  (XV  ғ.)  атақты  шәкірті  Жүсіп 

Қарабағи  (XVIII  ғ.)  «Рисаласында»  «жанның  азығы»  деген  ұғымды  еске 

(память) байланысты қарап талдайтыны бар. Автор «жанның азығы» (духовная 

пища) деген ұғымды екіге бөліп: бірінші жанның пайдалы азы ғы (шын сенім, 

жомарттық,  ғылыми  түсінік)  екіншісі  -  жанның  зиянды  азығы  (күншілдік, 

жалған сенім) деп атайды. 

Абай  танымындағы  «жанның  тамағы»  да  жан  қуаты  арқылы  біртіндеп 

қорланатын рухани байлықты меңзейді. Өйткені, Абай: «...Құмарланып жиған 

қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп көрсетуі арқылы 

әрбір  талапкер  жас  өзінің  дүниетанымының  қалыптасу  жолында  жанның 

пайдалы  тамағымен  сусындауға  саналы  түрде  бет  бұрса  ғана  толық  адам 

жолына түсе алмақ, болмаса жоқ. 

Ақынның  «бес  нәрседен  қашық  бол»  деп  таңбалап  отырғаны  адамды 

аздыратын жанның зиянды тамақтары болып шығады. Адам болу туралы ойлар, 

әсіресе,  ақынның  қарасөздерінде  молырақ  таратылған.  Ондағы  «адам  болу, 

адам,  жарым  адам,  толы

қ  адам,  адамның  адамдығы,  адамшылық, 

адамшылығының  кәмалаттығы,  пенделіктің  кәмалаттығы,  инсанияттың 

кәмаләттығы  т.  б.  терминдік  мәні  бар  сөздердің  бәрі  де  толық  адам  жайлы 

пікірлерімен сабақтасып жатады. 

 

Қосымша мәлімет. 

Әдебиет теориясы.  

Эпитет. 


51

 

 



Айқындау,  яғни  эпитет  (грекше  epitheton  –  қосымша)  -  заттың,  құбылыс-

тың  айрықша  сипатын,  сапасын  анықтайтын  суретті  сөз.  Эпитетсіз  тіпті 

айтарыңды  анықтау,  суреттеп  отырған  нәрсеңді  нақтылау  қиын.  ...Эпитетті 

тыңнан табу, жаңадан жасау суреткер тіліне жаңа рең, жас ажар береді. Эпитет 

өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етеді.  

Мысалы: 


Көктемнің балғын кезі еді, 

Әнші құс көкте ағылған. 

Жемнің де жасыл өзегі 



Көгілдір мұнар жамылған. 

 

(Сағи Жиенбаев) 



Зейнолла Қабдолов,   Сөз  өнері  (Әдебиет  теориясының  негіздері)  «Мектеп» 

баспасы, Алматы, 1976, 224-227-беттер. 



 

Қосымша мәлімет.  

Әдебиет теорияясы. Кейіптеу. 

«Жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла 

суреттелген құбылтудың (троптың(мұндай түрі – кейіптеу (грекшеprospopeia, 

орысша олицетворение). 

 

Абайдың Лермонтовтан аударған «Теректің сыйы» деген өлеңіндегі бейнелеу 



тәсілі – түп-түгел кейіптеу. Асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра 

толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға 

бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы- бәрі де 

өзен емес, адам мінезіне ұқсайды».  

З. Қабдолов «Сөз өнері» (Әдебиет теориясының негіздері), 232-бет.  

 

«Мектеп» баспасы, Алматы, 1976  



 

Қосымша мәлімет.  

«

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінің мәтіні 1909 – 1957 жылғы 



жинақтар мен Мүрсейіт қолжазбаларының (1905, 1907, 1910) бойынша 

басылды.  



Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай) 

 «

Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі 

 

 

Өлең мәнерлеп оқылады немесе аудио дискіден тыңдалады. 



 

Тапсырмалар жүйесі 

 

ІІ Абай тілінің сөздігі 

 12-


кесте - Абай тілінің сөздігі 

Әуелде 

 

Басында, әдепкіде 



Зерек 

 

Алғыр, зейінді, ұғымтал 



52

 

 



Тоқтаулы 

(Тоқтаулылық) 

Әр нәрсеге ақыл-парасатпен қарайтын, байыпты, 

салиқалы 

12-

кестенің жалғасы



 

Толық 

І 1. Кем емес, түгел, тұтас. 2. Толы, толған. 

ІІ 1. Үстемелеп қосылу, олая түсу. 2. Ет алу, семіру. 

Жарытып  

(жарытпайды) 



 

Ұқсатып, мандытып. Бұл жерде етістік болымсыз 

түрде, ІІІ жақта қолданылған. 

Ұста 

І 1. Темірден, ағаштан неше түрлі бұйым жасап 

шығаратын шебер адам. 2. Ауысп. Өнерлі, майталман, 

тілмар. 


ІІ 1. Бір нәрсені қолмен қармап тұту. 2. Бір затты бір 

жерге тұту, құру. 3. Бір затты қажетке жарату, кәдеге 

асыру, пайдалану.  

Жарымес  

 

Есуас, есерсоқ, есалаң. 



Әлек 

 

1. 


Әбігер, әуре. 2. Сергелдең, дүрбелең, әуре-сарсаң. 

 

 

 

 



ІІІ «Абайды оқы, ерінбе» 

13-


кесте  – Тірек сөздер: 

 



суық мұз 

 



жылытқан 

 



шыдамдылық 

 



қайраттан 

 



жүректі 

 



елден бөлек 

жарытпайды 



жол да жоқ 

ашу да жоқ 



қылады әлек 

күні жоқ 



үшеуінің 



 

ІV «Абайды оқы, таңырқа» 

14-


кесте – 1. Құнды сөз 

 

Көркем эпитеттер: 

 

1. суық мұз ақыл 

 

2. зерек ақыл 

 

3. ыстық жүрек 

 

4. тұла бойды жылытқан жүрек 

 

 

Кейіптеу: 

 

1. жеке-жеке біреуі жарытпайды 

53

 

 



 

2. тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек 

 

3. біреуінің күні жоқ біреуінсіз 

 

 

15-

кесте  – 2. Құнарлы ой 

 

1. 


Суық мұз – зерек ақыл 

2. 


Жылытқан тұра бойды ыстық жүрек 

3. 


Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық Бұл қайраттан шығады, 

білсең керек. 

4. 

Жарыместі жол да жоқ «жақсы» демек  



5. 

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек 



 



Зерде 

16-

кесте - 1. Ойды жүйелеу 

 

 



2. Жинақтау 

Қайраттың белгілері

  

 

 

 

 

 

  

Ақылдың белгілері

 

 

  

 

 

 

 «

Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі 

1. 

Өлең мазмұнындағы ой жүйесі: 

 



Абай ақыл, жүрек, қайраттың әрқайсысының ерекшеліктерін анықтап 

көрсетеді; 

 

Олардың адам баласы үшін пайдасын айқындайды; 



 

Үшеуінің бір-бірінсіз күні жоқтығын, жеке-жеке ешкімді жарытпайтынын 



ескертеді; 

 



Үшеуін бірдей ұстағанда ғана адамның елден ерек толық адам бола 

алатынын сипаттайды; 

 

«Сол үшеуінің жөнін білу – ғылым» деген ой түйінін жасайды. 



2. 

Өлеңнің тақырыбы: 

Толық адам болу үшін адамға қажет қасиеттер  



3. 

Өлеңнің идеясы: 

Ақыл, жүрек, қайратты бірдей, бірлікте ұстап. елден бөлек толық адам 

болуға, «толық адам» ғылымын меңгеруге үндеу. 



 

Қайрат

 

  

 

1. ыстық 



2. талаптылық 

3. 

шыдамдылық 

4. 

тоқтаулылық 

5. байыпты 

6. сабырлы 

  

 

 



Ақыл

 

  

 

1. 



зерек 

2. алғыр 

3. зейінді 

4. 

ұғымтал 

5. 

суық мұз 

  

 


54

 

 



Жүректің белгілері

 

 

 

 

 

 

  

 

  

4-

сурет – Қайрат, ақыл, жүрек белгілері 



 

3. 

Салыстырмалы талдау 

Ой үндестігі 

 

 

 

 

 

4-

сурет – Толық адам 



 

Қайрат Ақыл Жүрек  

 

 

 

адамды талаптандырады, ыстық жүрек тұла бойды  

 

қандай нәрсеге де тоқтау жылытады, әр нәрсеге ,  



 

қоя алады, шыдамды, ұмтылдырады, тынымсыз  

 

төзімді болуға үйретеді. тулап, қайнап әлек қылады.  



 

Суық мұздай ақыл адамды  

 

сабырлылыққа, зеректікке, 



 

зейінділікке, алғырлыққа,  



 

білім-ғылымға бастайды. 

 

Түйін. 

 

 



 

 

 

4. 

Салыстырмалы талдау 

Ой үндестігі 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Малға достың мұңы жоқ «Әуелде бір суық мұз – Он жетінші 

 

 

малдан басқа» өлеңі ақыл зерек» өлеңі қарасөзі 

  

 

Үш-ақ нәрсе адамның «Үшеуің басыңды қос, 

 

қасиеті: бәрін жүрекке билет... 

 

ыстық қайрат, Үшеуің ала болсаң, 

Толық 

адамның  

 

 

Жүрек

 

  

 

1. жылы 



2. ыстық 

3. тулаған 

4. 

қайнаған 

5. 

әлекшіл 

  

  

 

Абайдың ой 



тұжырымы 

55

 

 



 

нұрлы ақыл, мен жүректі жақтадым...» 

 

жылы жүрек. 

 

 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

 

Сонда толық боласың елден ерек



 

 

Түйін. 

 

 

4-

сурет – Абайдың ой тұжырымы



 

 

4. 

Салыстырмалы талдау 

Ой үндестігі 

 

 

 

 

 

 

  

 

5-

сурет - Толық адам болу жолдары



 

«Малға достың мұңы жоқ «Әуелде бір суық мұз – «Он жетінші сөз»

 

 

малдан басқа» өлеңі ақыл зерек» өлеңі 

  

 

Үш-ақ нәрсе адамның Үшеуің басыңды қос, 

 

қасиеті: бәрін жүрекке билет... 

 

ыстық қайрат, Үшеуің ала болсаң, 

 

нұрлы ақыл, мен жүректі жақтадым... 

 

жылы жүрек. 

 

 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

 

Сонда толық боласың елден ерек



 

 

Түйін. 

 

 



 

 

17-

кесте - 5. Абайдың сөзден салған суреті 

  

 1. 

Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек. 

 

2. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 



 

Сонда толық боласың елден ерек.  

 

3. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 



 

Ғылым сол – үшеуінің жөнін білмек. 



 

 

 

Толық адам 

болу жолдары 

56

 

 



18-

кесте -6. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі 

 

«

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі 

 

1. 


Әр тармақтағы буын саны – 11  

2. 


Әр тармақтағы бунақ саны - 3 

3. 


Әр шумақтағы тармақ саны - 4 

4. 


Өлеңдегі шумақ саны - 3 

5. 


Ұйқасы – А А В А (қара өлең ұйқасы )  

6. 


Өлеңге анықтама: 

Әр тармағы 11 буыннан,  

3 бунақтан тұратын,  

 

әр шумағы 4 тармақтан құралған  



қара өлең ұйқасымен жазылған  

 

3 шумақты өлең 



 

 

 

VІ Таразы 

Сынақ тапсырмасы 

 

(Сынақ тапсырмаларының бір немесе бірнеше жауаптары бар) 

 

1. 


Қандай адамның малдан басқа мұңы жоқ екенін табыңыз. 

 

1) жанға дос адамның 



 2) 

адамға дос адамның 

 

3) малға дос адамның 



 

4) байлыққа дос адамның 

 

5) досқа дос адамның 



 

6) сараңдыққа дос адамның 

 

7) мақтаншақ адамның 



 

8) табысына табынған адамның 

 

2. «Бір суық мұздың» не екенін анықтаңыз. 



 

1) адам зерек 

 

2) ақыл зерек 



 

3) сана зерек 

 

4) дана зерек 



 

5) бала зерек 

 6) 

қайрат зерек 



 7) 

ғылым зерек 

 

8) білім зерек  



 

3. Тұла бойды жылытатынның не екекнін анықтаңыз.  

 

1) ыстық қайрат 



57

 

 



 

2) нұрлы ақыл 

 

3) жылы жүрек 



 4) 

әсем күлкі 

 

5) ақылды сөз 



 

6) ыстық жүрек 

 

7) күн шуағы 



 

8) жылы сөз 

 

4. 


Өлеңдегі қайраттың іс-әрекетін анықтаңыз. 

 

1) тоқтаулылық, талапты шыдамдылық 



 2) 

ерен ерлік 

 

3) көзсіз батырлық 



 

4) күш-қуат бірлігі 

 

5) күш-жігер көрінісі  



 

6) алып күш қуаты 

 

7) толағай күш 



 

8) орасан қуат 

 

5. 


Өлеңде жарыместе не жоқ делінгенін белгілеңіз. 

 

1) ақыл, ашу, әзіл 



 

2) ақыл, білім, білік 

 

3) ақыл, парасат, білім 



 

4) ақыл, ашу, күлкі 

 

5) ақыл, күлкі, әзіл 



 

6) ақыл-ес 

 

7) ақыл, сыпайылық 



 

8) ақыл - парасат 

 

6. 


Өлеңде жүректің қандай әлек қылатынын анықтаңыз. 

 

1) күледі, рақаттанады 



 

2) ренжиді, өкпелейді 

 3) 

қуанады, мәз болады 



 

4) жұлқынады, бұлқынады 

 

5) тулайды, қайнайды 



 

6) тулайды. тасиды 

 

7) тулайды, төгіледі 



 

8) асып-тасиды 

 

7. Адамның қай кезде толық болатынын табыңыз. 



 

1) ақыл, қуат, мейірімділікті бірдей ұстағанда 

 

2) ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстағанда 



 

3) ақыл, қайрат, сабырлылықты бірдей ұстағанда 

 

4) ақыл, сезім, білімді бірдей ұстағанда 



 

5) ақыл, парасат, білімді бірдей ұстағанда 



58

 

 



 

6) ақыл, білім, қайратты бірдей ұстағанда 

 7) 

ақыл, тәрбие, өнегені бірдей ұстағанда 



 

8) ақыл, білім, ғылымды бірдей ұстағанда 



 

8. Малға дос адамның малды не үшін жиятынын анықтаңыз. 

 

1) байлығына мастану, риза болу. 



 

2) табысына табынып, қалтаң қағып. 

 

3) мал жияды мақтанып білдірмекке. 



 

4) табысына көңілі толып, мақтану үшін. 

 

5) табысын міндетсіну, басқаларды менсінбеу. 



 

6) малының көптігіне сүйену үшін. 

 

7) көзге шұқып малменен күйдірмекке. 



 

8) сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке 



 

9. Малға дос адамның мінез-құлқын көрсетіңдер. 

 

1) малының көптігін көрсету үшін. 



 

2) мақтанышын білдіру үшін. 

 

3) алуға келгенде алдамасқа шара жоқ. 



 

4) тойғанынан қалғанын алашқа берсе жетеді. 

 5) 

өзі шошқа болған соң, басқаларды ит деп ойлайды. 



 

6) сорпа-сумен, сүйекпен басқаларды алдай салу 

 

7) малсыздарды көзіне ілмейді. 



 

8) малының арқасында өзін ең ардақты адам деп ойлайды 

10. 

Мал жияды мақтанып білдірмекке, 

--------------------------------------------- . 

Өлеңнің екінші тармағын 

табыңыз.  

 1) «

Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар» 



 

2) «Сорпа-сумен, сүйекпен күйдірмекке» 

 

3) « Көзге шұқып, малменен күйдірмекке» 



 

4) «Ақылды деп, арлы деп, ақ бейіл деп» 

 

5) «Тойғанынан қалғанын берсе алашқа» 



 

6) «Мақтамайды бұл күнде ешкімді көп» 

 

7) «Алтын алсаң береді боғынан жеп» 



 

8) «Осы күнде мал қайда, боқ ішінде» 

 

11. Абайдың зерек болсаң нені ойлау керектігін айтқанын табыңыз. 



 

1) бұл күнде ешкімді ақылына қарап бағаламайтынын  

 

2) еңбекті сатсаң да, арды сатпауды 



 3) 

біреуден пайда түсерде еш нәрседен тайынбауды 

 4) 

басқаларды ит деп ойлауды 



 

5) осы күнгі малдың иесінің парықсыздығын 

 6) 

өзіңде ғана байлық болуын  



 7) 

өзіңді басқалардан әрқашан жоғары ұстауды 

 

8) бай болудың амалдарын игеруді 



59

 

 



 

12. Абайдың бұл күнде қандай адамды мақтамайды дегенін белгілеңдер.  

 

1) білімді, ақылды, парасатты 



 

2) білімді, сабырлы, кең пейіл 

 

3) ақылды, парасатты, байсалды 



 

4) ақылды, арлы, ақ бейіл 

 

5) ақылды, ғалым, білімді 



 

6) жақсы, иманды, кішіпейіл 

 

7) жақсы, ақылды, сабырлы 



 

8) жақсы, парасатты, миманды 

 

13. 


Абайдың адамның үш қасиеті деп атап көрсеткен қасиеттерін табыңдар. 

 

1) таза ой 



 

2) ыстық қайрат 

 

3) дұрыс ақыл 



 

4) сезімтал жүрек 

 

5) нұрлы ақыл 



 

6) адал көңіл 

 

7) ынтық сезім 



 

8) жылы жүрек 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет