ақыры
жалғастық
тапканы
шындық.
Философиялық мағынада алсақ, ақын өлеңi мен
дана сөзі өлмек емес.
Осы орайда ақын тағдырына біраз тоқталайық.
Ғасыр басынан-ақ ел-жұртына мәшһүр болған
Мағжан Жұмабаев 1988 жылдың желтоқсанында
ғана ақырғы рет ақталды. Ақырғы рет деуіміз – ол
ресми түрде 1960 жылы-ақ ақталған еді. Бірақ сол
кезде оның есімін атауға, шығармаларын
жариялауға рұхсат болмады. Себебі, бұлай
жасауды тоқырау заманының басшылары мақұл
көрмеді, жабулы қазан жабулы күйінде қала берді.
20
Енді ақын қазасынан соң жарты ғасыр өткенде
ғана, аты аңызға айналған есiм халқына қайта
оралды. Мұны жалпы қауым қуана, тебірене қарсы
алды. Өйткені, бұл мәдени өміріміздегі үлкен оқиға
еді. Бір кездері нахақтан күйген есім ақталып қайта
оралса, оған қалай қуанбаймыз?! Кешелері дүлей
қара
күш
ақыл
парасатты
ауыздықтап;
шідерлегенін, ата-баба жолын ұмыттырып,
теңсіздікке сүйрегенін білеміз. Бүгіндерi өткендегі
орасан қателерді жөндеп, рухани байлықты, талант
сөздерін халықтың өз иелігіне қайтаруға мүмкіндік
туып отырғаны, әрине, қуанарлық жай. Өйткені,
М.Жұмабаевтың Жүсіпбек Аймауытовтың, Ахмет
Байтұрсыновтың,
Шәкәрiм
Құдайбердиевтің,
Міржақып Дулатовтың бай мұрасының ұлттық
мәдениетімізге қайта оралуына ризашылық
білдірмей, бейтарап қалу мүмкін емес.
Енді ақынның өмір жолына қысқаша шолу
жасап көрейік. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25
маусымда Ақмола губерниясының Ақмола
уезіндегі Полуденовский болысында (Қазіргі
Солтүстік Қазакстан облысы, Булаев ауданы,
М.Жұмабаев атындағы совхоз) Сасықкөл деген
көлдің жағасында әулетті семьяда туған. Мағжан
төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат
ашады. Мағжанның оқуға зеректігін көрген әкесі
оны 1905 жылы Қызылжар қаласындағы медресеге
оқуға
береді.
Бұл
медресені
Стамбул
университетінде оқып дәріс алған, араб, парсы,
21
түрік тілдерін еркін меңгерген жергілікті
интеллигент Мұқаметжан Бегішев ашқан екен. Ол
өзі шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ
берген. Мағжан бұл медресені 1910 жылы 17
жасында жақсы үлгіріммен бітiредi. Ол арабша,
парсыша, түрікше тіл біліп, сол тілдердегі
әдебиетпен таныса бастайды. Оның ақындық
талантының ояна бастағаны да осы жылдар болса
керек.
Сол 1910 жылдың күзінде өзінiң ауылдасы әрі
мектептес досы, талапкер жазушы Бекмұқамбет
Серкебаевпен (СССР халық артисі, белгілі әнші
Ермек Серкебаевтың әкесі) бірге Уфа қаласындағы
атақты «Медресе – Ғалияға» оқуға барып түскен.
Бұл сол кездегі мұсылмандық бағыттағы жоғары
оқу орны болатын Мағжан сол медреседе сабақ
беретiн ұстаз, белгілі татар жазушысы Ғалымжан
Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі Сәлiмгерей
Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнектi жазушы
Бейімбет Майлинмен болашақ башқұрт жазушысы
Сайфи Құдашпен танысады.
Мағжан бұл медреседе көп оқымайды. Мағжанның
білім деңгейін байқаған және оның ақындық
талантын таныған Ғалымжан Ибрагимов; «Мұнда
сен оқитындай оқу жоқ, сен білімнің жолын басқа
жерден ізде», - деп ақыл береді. Кейіннен осы
Ғалымжан Ибрагимов өзінің көпшілікке таныс
«Қазақ қызы» атты романында Мағжанның мына
бір шумағын эпиграф қып алады:
22
«Кең дала, көресің ғой ана жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқап.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне сол анам еді мені тапқан».
Бұдан соң Мағжанға ұстаз болған – оның аға
замандасы сол кездің өзінде «Оян қазақ!» атты
жинағы шыққан қазақтың белгілі ақыны, әрі
публицисі, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов бір
қыс бойы Мағжанға орыс тілін үйретеді, орыс және
шет ел ақындарының өлеңдерін аударттырып, орыс
тілінің нәрімен сусындатады. Бұл Міржақыптың
«Оян қазақ!» кітабы үшін қуғынға түсіп, 1910
жылдан Қызылжарға келіп паналаған кезі болатын.
Өзінiң ағасы Асқарға жазған бір хатында
Міржақып былай дейді:
«...Осы қалаға келгелі орысша оқытып жүрген
шәкіртім, Мағжан Жұмабаев сынды ақыным бар.
Оның менен жасы кiшi, жазған өлеңдері тамаша,
ақындығы күшті, өте дарынды жігіт. Екеуміздің
өмірге деген көзқарасымызда айырмашылық жоқ
десе де болады, сырласып, достасып кеттік».
Осы кезде Мағжанға Орынборда Ахмет
Байтұрсынов шығарып тұрған «Қазақ» газетінің де
ықпалы зор болған. Ол өзі де осы газет жұмысына
белсене ат салысқан.
1909 жылы Уфа мен Петербург баспаханаларынан
Қазақ даласын дүр сілкіндірген 3 кітап шықты.
Олар: Абайдың өлеңдерінің алғашқы жинағы,
Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы»,
23
Мiржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» еді. Мағжан,
әрине, бұлардың бәрін де оқыған.
1912 жылы Қазан қаласында Мағжанның
«Шолпан» атты тұнғыш өлеңдер жинағы басылып
шығады. Оны шығаруға Ғалымжан Ибрагимов көп
көмек көрсеткен. Бұл өлеңдер жиңағы өзінің соңы
сөзімен, қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге
түседі. Мағжанның бұл кітабы қазақ поэзиясында
1
909 жылы шыққан Абай жинағының жалғасындай
әсер етті. Мағжан сол өзінің тұңғыш жинағында
ұлы ақынға арналған «Алтын хакім Абайға» атты
өлеңiн бастырған. Бұл өлеңде жас ақынның бәрінен
бұрын ойға көбірек көңіл бөлгені көрінеді:
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтiріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар – дейді.
1913 жылы Мағжан Ахмет, Міржақып сынды
жаңа достарының ықпалымен Европа біліміне
жақындаспақ ниетпен Омбыға келіп оқытушылар
семинариясына
оқуға
түседі.
Семинария
қабырғасында ол Сәкен Сейфуллинмен танысады.
Осы 1913 жыл Мағжанды жаңа сапалық биікке
көтереді. Ол халқының осындай мүсәпір себебін
табады, көп нәрсеге көзі ашылады. Қазақтың жан-
жағынан қысып, еркін бермей, тұншықтырып
отырған патша үкіметі екенін түсінеді. Ол кезде
қазақ баласы ең шығандап шыққанда болыс болуы
мүмкін, орысша оқығаннан шығар биігі оязға
24
тілмаш болу ғана. Өз алдына ел болмай, халықтың
бордай тозып, быт-шыты шығатынын сезе
бастайды. Сонда да болса ол болашақтан үміт
күтеді. Сонымен бірге халқының өткен күндеріне
де көз тігеді. Сонау қантөгіс жорықтарға толы
хандар мен бектер дәуірі оған нағыз еркіндік
заманындай көрінеді. Ол кезде қазақтар өзімен-өзі
болып, бұлғақтап өмір кешкендей болады. Ақын
қиялы өткен күндерді шарлайды, жаралы жүрегіне
тағат iздейді. Кешегі күннің кейбір суреттерін
жанына жалау етіп, сонан жарасына ем тапқандай
болады. 1913 жылы жазған «Орал тауы» атты
өлеңінде ақын былай дейді:
Бір күнде сенің иең түрік едi,
Орын ғып көшіп-қонып жүріп еді.
Қорықпайтын таудан, тастан батыр түрік
Қойныңа жайыменен кіріп еді...
Ер түрік ен далаңа көрік еді,
Отырса, көшсе, қонса – ерік еді,
Тұрғанда бақыт құсы бастарында,
Іргесі жел-күн тимей берік еді.
Осылайша ол түрік елiнiң сонау біртұтас
болып тұрған кезін еске түсіреді. Бірақ артқа қанша
бұрылғанмен өткен қайтып келмейтінін білген
ақын енді өз заманын ойлап, елдің қамын жейді.
Сондықтан ол бұдан былайғы жерде өлеңдерінде
көбінесе өз заманының сан қилы кескін-келбетін
суреттеуге бет бұрады. Ол азаттық жолын өткеннен
де, кеткеннен де, Батыстан да, Шығыстан да
25
іздемейді, өз халқының ұмтылатын, арпалысатын,
аяусыз күреске түсетін шаруасы деп біледі.
Мезгілше, мейлi келсін, тісі батсын,
Сұр жылан, өзі оятар, қатты шақсын.
Жаңадан жолбарыстай ұмтылармыз,
Көрелiк төңіректi, тек таң атсын!
«Есімде… тек таң атсын!» деген өлеңіндегі
осы бір сөздер Мағжанның нағыз әлеумет ақыны
бола бастағанының белгісі еді. Патша өкіметін сұр
жыланға теңей отырып, сол жылан қазақты
қаттырақ шаға түссе, қазақ та қарсы қимылдар еді,
бостандыққа ұмтылар еді дегенді айтқысы келген.
Бірнеше ғасыр бойы елін-ерін тонап, еркінен,
елдігінен айырған патша өкіметін бостандық
сүйгіш ақын қалай жақсы көрсін! Құрықты алыстан
салып, әуелі елдігінен, сонан соң дінінен, ақыр
аяғы тілінен айырмақ болып отырған өкіметті ақын
жүрегі қабылдай алар ма? Сондықтан да ол аяқ-
қолы шырмалған туған елін бейғам отырмауға
шақырады.
Қарманбай, қарап жатып бақ күтуге,
Ізденбей, аласұрып, тақ күтуге.
Тағдырда бір тақтайға жазулы деп,
Әр іске, кім үйретті, шақ күтуге? – деп өзіне де
жұртқа да сұрақ қояды «Дін үйреткенге» деген
өлеңiнде. Ол болмыстың осындай қасіретті
құбылысын айтып қана қоймайды, күреске
шақырады:
26
Жоқ енді, жату болмас бос еңбексіз,
Жалбарып: «Жасаған!» - деп жас төкпеспіз.
Өзіңде, сөзің де кет бізден аулақ,
Жаны өлген, жүрегі өлген, мұндар кексіз. –
деп, дiн үйреткен молдалардың патша үкіметінің
езгісіне шыдау керек деген үмітін сынай отырып,
одан әрi
Біз жаңа көрдік таңның желі ескенін,
Салқынмен сескендірмек боп өскенін.
Сылдырлап су, сыбдырлап жапырақтар:
«
Есіңді жи енді, алаш, тұр!» - дескенін! – деп
халқын оянуға, есін жиып, күреске шығуға үндейді.
1913-
1916 жылдар Мағжанның ақын және
азамат ретінде әбден қалыптасқан кезеңі, атаның
баласынан адамзаттың баласы болуға біржола
ойысқан кезі. Ол осы жылдарда Омбы мүғалімдік
семинариясында оқып жүріп, орыс және батыс
европа ақын-жазушыларын қүныға оқиды, өзіне
жаңа да тосын ой, идеалдарды көңіліне тоқи береді.
Оның алдында жаңа бір әлем ашылады. Гете мен
Толстой, Гейне мен Горький, Верлен мен
Мережковский, Бальмонт пен Брюсов, Блок пен
Сологуб сынды сан қилы, сан қырлы таланттар енді
Мағжанмен бірге, соның жүрегінде өмір сүре
бастайды. Немiстің Шпенглерi мен орыстың
Соловьеві секілді философтарды да Мағжан
түсінуге тырысады, солардың әлдебір ойлары,
тұңғиық тылсым толғаныстары бұның жанына әсер
етеді.
27
1916 жылғы маусым айындағы патша
жарлығы бұрын әскерге алынуды білмеген
қазақтарға аспан айналып жерге түскендей, дүние
төңкерілгендей әсер етті. Жұрт нағыз қыспаққа
түскенін енді ғана білгендей болды. Бар
ауыртпалық байғұс кедейге түсті. Мыңдаған жас
эшелонға тиеліп, көз көріп, құлақ естімеген алыс
қиырларға аттанды, соғыстың қанды ауызына
жөнелді. Осы оқиғалардың әсерінен Мағжан
“
Орамал” атты өлеңін жазды:
Солдатша сымдай киініп,
Шекпенi оның сұр ма екен?
Күрегіне сүйеніп,
Суықта жаурап тұр ма екен?
Жатқан шығар ор қазып,
Жауға ма әлде өзіне?
Бұрыла алмай бой жазып,
Қайғы шығып жүзіне, - деп соғысқа сүйген
жарын аттандырып, артынан күтіп қалған жас
келіншек болып сөйлейді.
1917
жылғы ақпан революциясы қазақ
оқығандары үшін аса қуанышты оқиға болды.
Мәңгі мызғымастай көрінген патша өкіметінің
құлауы қазақтарды тағы бір дүр сілкіндірді.
Мағжан да басқа ақындар сияқты бұл оқиғаны
қуанышпен қарсы алды. Нағыз таң атты деп
есептеген Мағжан 1917 жылдың көктем – жаз
айларында
құрылған
«Алаш»
партиясы
28
басшыларының Қазақстан Россия федерациясы
құрамында автономия алуы тиіс, құрылтай
жиналысынан жер мәселесінің қайта, әділетті
шешілуін сұрануымыз керек деген ұранына елікті.
«Алаштың» құрылтай съезінде Мағжан оқу
комиссиясына мүше болып сайланды,
Ақпан өзгерісінен кейін Мағжан өлеңінің
көбін елге арнап жазатын болды... Әлеумет мұңын
қолға алғаннан бері, Мағжанның алатын
қаһармандары: Абылай, Кенесары, Сыздық, Ақсақ
Темір, Қорқыт, Қойлыбай, Баян сықылды хандар,
батырлар, ақындар болса да, ақынның iзгі мақсаты
көрінбесе де, енді ол елдің уәкілі, елдің аузымен
сөйлейді. Енді ол азамат міндетін көрсетеді…
Азаматқа ұран салады. Халыққа қызметке
шақырады, - дейді Жүсіпбек Аймауытов 1923
жылы
Ташкент
студенттеріне
Мағжанның
ақындығы туралы оқыған лекциясында.
Азамат, анау қазақ қаным десең,
Ұжмақтың суын апар жаным десең.
Болмаса iбiліс бол да у алып бар,
Тоқтатам, тұншықтырам зарын десең.
Азамат болсаң қазағына пайда тигіз, өйтпесең
“
iбiлiссiң” деп, ауыр міндет артады. Азаматқа сын
тағады. Қазақ азаматы саясат жүзінде пікiрі
шынықпаған бала екенін көреді, белгілі пікір, жол
тұтына алмай, бас қамын ойлап, боялып жүрген
кейбір азаматтарды сөгедi:
29
«Біреуiне» сен тәңiрiм деп табынад,
«Біреуіне» мен құлың деп бағынад,
«Біреуіне» садақа бер деп жалынад,
«Біреуіне» құйрық болып тағылад.
Ылғи сорлы сағым қуып сабылад
Ылғи түссіз бір сұр нәрсе жамылад.
Қазағы - қой, артынан оның ағылад
Азаматқа қонактық қой табылад.
Қазақ қой сықылды, кім бастаса соған ере
береді, қазақта білім, сана, әлеуметшілік,
жұртшылық сезім жоқ. Сол қазаққа «ұлық»
болғанына мастанбай, шын жүрегіңмен тура
бастап, адал қызмет ет дегені.
1917 жылы 24 жасында Мағжан Омбының
мұғалімдер семинариясын алтын медальмен
бітіреді...
Мағжан 1917 жылы «Алаш» басшыларының
өзіне тапсырған істерінен ешнәрсе өндіре алмады.
Аз ғана қазақ оқығандарының басы бірікпеді. Бірi
мен бірі билiкке таласты. Ақыры «Үш жүз»
партиясы 1917 жылдың 19 қазаны, күні Мағжанды
абақтыға жапты. Осы түрмеде отырып, Мағжан
әйелі Зейнепке, ұлы Гражданға, шешесі Гүлсімге
арналған жаңа баска да бірнеше өлеңдер жазған.
«
Үш жүздің» түрмесінде Мағжан 1918 жылдың май
айына дейін отырған. Ұлы Қазан революциясы
күндері ол – жазушы Шерияздан Елеукеновтың
тілімен айтқанда – сахнада не болып не койып
30
жатқанын түсінбеген көрермен халін кешеді.
Түрмеден ол Чехословак лаңы кезінде босайды.
Абақтыдан шығысымен ол ауылын сағалайды.
Сол 1918 жылдың аяқ шенінде қылышынан қан
тамған Колчак үкіметі дүрілдеді. Адмирал «Алаш
Орда» үкіметін әу дегенде мойындамады. Қазақ
автономиясы деген сөздi естігісі де келмеді. Елдің
бостандық деген үмiтi күл-талқан болды. Қазақ
басына түскен жаңа қасіретті Мағжан жаны
күйзеле отырып мойындады. Міне осы кезден
бастап М.Жұмабаев бұрынғы біраз теріс
көзқарасынан айниды. Оның бір үлкен дәлелі
Мағжанның өзі Ташкентте шыққан өлеңдер
жинағында арнайы сілтеме жасап, 1918 жылы
«Сібірде реакция дәуірінде жазылды» деген
«Бостандық» атты өлеңi. Бұл кезде Мағжан
Омбыда екі жылдық педагогтiк курсқа жетекшілік
етеді.
Колчак қуылып, үкімет тізгінін большевиктер
партиясы
алғаннан
соң
«Алаш»
үкіметі
таратылады.
1919
жылғы
4-ші
сәуірде
Бүкілодақтық атқару комитеті (ВЦИК) «Алаш
орда»
партиясының
басшыларына
кешірім
жариялайды. «Алаш» партиясының басшыларының
бірі Ахмет Байтұрсынов РКП(Б) қатарына кіріп,
Орынборда сайланған алғашқы қазақ үкметінiң
мүшесі, оқу-ағарту халық комиссары болады.
Әлихан
Бөкейханов
Москваға
қызметке
шақырылады.
Мағжан
Жұмабаев
Ақмола
31
губерниялық «Бостандық туы» газетіне қызметке
тағайындалады.
Мағжан жаңа өмірге белсене араласады. Өлең-
жырмен шектеліп қалмай, өмірдің әр саласын
қамтитын мақалалар жазады. «Бостандық туы»
газетінде оның “Бірінші май мейрамы”, «Сайлау»,
“Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз” т.б.
мақалалары жарық көреді.
Сонымен қатар сол кезде Қызылжарда қазақ-
татар жастарына арналған «Қазақ-татар клубы»
жұмыс істейді. Оны ұйымдастырушылардың бірі
Мағжан болады. Мағжан осы клубта жиналған
жастарға өзінің өлеңдерін оқиды. Клуб жұмысына
жазушы Мәжит Дәулетбаев, Оспан Қашағанов,
Таупық Бердіқожин, Жәмшит Нұрмұхамбетов және
қыздардан
Хадиша
Жаналдикова,
Зылиха
Серкебаева (Ермек Серкебаевтың шешесі), Әмина
Қуанышева, Жамал Бақшилова (Сырғабековтың
әйелі), Гүлшара Жалтырова, Әмина Нұрымова,
Жамал Тастемірова, Мағжанның болашақ жұбайы
Зылиқа т.б. белсене қатысады.
1921 жылы Мағжан Көкшетауға келіп Бурабай
төңірегін аралайды. Осы жолы ол Ақан серінің өмір
тарихына материалдар жинап, «Оқ жетпестің
қиясында» деген поэмасын жазады.
1922 жылы Мағжанның «Шолпаннан»
(1912ж.) кейінгі екінші өлеңдер жинағы Қазан
қаласында басылып шығады. Сол жылы
32
Орынборда «Педагогика» деген еңбегі жарық
кередi.
Сол 1922 жылы Мағжан белгілі қазақ совет
қайраткері Нәзір Төреқұловтың шақыруымен
Ташкентке қоныс аударады. Ташкентке ол өзінің
жаңа қосылған жұбайы Зылихамен бірге келеді.
Ташкентте ол оқу-ағарту наркомы Сұлтанбек
Қожановтың
көмегімен
қазақ
оқу-ағарту
институтына оқытушы болып орналасады әрі
қазақ-қырғыз ғылыми білім комиссиясына мүше
болып сайланады. Сонымен қатар ол Түркістан
Компартиясы Орталық Комитетінің органы «Ақ
жол» газетінде істейді және Ташкентте сол кезде
шығып тұрған «Шолпан», «Сана» журналдарының
жұмысына да белсене араласады.
Бұл фактілер М.Жұмабаевқа сол кездегі совет
үкіметі орындарының үлкен сенім көрсеткенін де
аңғартады. Осының бәріне ақынның көңілі
көтеріліп, шабыты тасыды. Ташкентте Мағжан
бірінші рет жүзбе-жүз Мұхтар Әуезовпен
танысады.
1920-
1927 жылдары Мағжан Жұмабаев
творчествосы ең шырқау биігіне көтеріледі. Атақты
«Батыр Баян» поэмасы осы Ташкент қаласында
дүниеге келді. Осында Түркістан мен Сыр
циклдары жазылды. Ақан сері, Базар жырау
Әубәкір Диваев туралы мақалалары жарыққа
шықты. Осы кезде оның Кольцовтан, Горькийден,
Лермонтовтан,
Гетеден,
Феттен,
Мамин-
33
Сибиряктан т.б. жасаған аудармалары, әртүрлі
педагогикалық еңбектері жарық көрді. 1923 жылы
Ташкентте оның үшінші өлеңдер жинағы басылып
шықты. Мағжан жаңа өмір көшіне 1924 жылы «Ақ
жол» газетінде басылып шыққан «Қызыл жалау»
өлеңін тудай желбіретіп қосылды.
-
“Жалынды жалау кімдікі?”
-
“Тұрағы тарғыл тас қия
Арбандаған Азия
Жалынды жалау сонікі –
Ендеше, қазақ, сенікі!”...
-
“Қанды жас жалау кімдікі?”
-
“Қімнің ұлы құл болса,
Түлымдысы тұл болса,
Қанды жас жалау соныкі, -
Ендеше, қазақ, сенікі!”
-
«Азаттық жалау кімдікі?»
-
«Қөре алмаса кім теңдік,
Тепкі көрсе кім кемдік,
Азаттық жалау соныкі, -
Ендеше, қазақ, сенікі!»
Мағжан жаңа өмір өркендеріне шын жүректен
қуанды.
«Жердің
жұмырлығы»,
«Алатау»,
«Оқудағы қарындас» т.б. өлеңдерінде ол ауылдағы
жақсылық, жаңалықтарды жырлады.
Осы жылдардың шуағында Мағжан балалар
үшін әдемі олеңдерді өндіре жазды. Революция
34
тақырыбына «Өтiрік ертек», «Шын ертек» («Жүсіп
хан») поэмаларын туғызды. Мағжан етектен
тартқан ескілікті шенеді. Жаңаны тек жаңалығы
үшін төпеп мақтай берген жоқ, оған да сын көзбен
қарады. Ол сонау 20-шы жылдары экологиялық
мәселені көтерді. Қаланың, демалысы, от-түтін
жайын сынады. Кең сахараның жұпар исін сақтап
қалуға шақырды. Экологиялық мәселені биік
моральдық, адамгершілік категория өресіне
көтерген жазушы ол кезде кемде-кем екенін
ескерсек,
Мағжанның
ақындық
жүрегінің
алғырлығына бас иесің.
20-
шы жылдары Мағжан сол кездегi өмірді
жырлап қойған жоқ. Ол сонымен бірге, өткен күн
өрнектерін естен кетпес ертек етіп тамылжытып,
тарихтың тар жол, тайғақ кешулерінде тайсалмай
алаштың ала туын көтерген хан Абылай, батыр
Баян, күрделі Қенесарыларды аялап, асқақтата
жырлады. Ол бұған неге барды? Мұның басты
себебi ақын 20-шы жылдары бастан кешкен
аласапыран заман сипатында жатқаны күмәнсіз.
Сол себепті де ол «Батыр Баян» дастанында:
«Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға», - деп жазып
еді.
35
Ақын Мағжан отаршылдық езгi мен
надандықтың
темір-кұрсауында,
азаматтық
соғыстың алапатында қырылып, құрып бара жатқан
алашы үшін арыстан Абылай мен батыр Баяндарды
үлгі етедi. Халқы тап болған тығырықтан шығар
жол ерлік күресте, тәуелсіздікте, туысқан
халықтардың бірігуінде деп біледі. Ол кұлданушы
Ресейге, қанқұйлы патшаға қарсы шыққан
Кенесарыны, оның баласы Сыздықты сондықтан да
ағыл-тегіл жалын жыр құдыретімен ел үшін
еңіреген ерге айналдырып жібереді. Бірақ ол
бәрібір әділдіктің, адалдықтың ақ жібін аттамайды,
халықтар достығы тұрғысынан танбайды. Яғни ол:
Достарыңызбен бөлісу: |