Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата22.12.2016
өлшемі447,53 Kb.
#98
1   2   3   4   5

7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

143. Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

130-150 лексикалық минимумды; 



2)

 

сөз құрамын және түбірлес сөздерді ажыратуды; 



3)

 

сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін; 



4)

 

лексикалық  минимум  көлеміндегі  сөздердің  көптелу,  тәуелдену, 



септелу, жіктелу ерекшеліктерін;  

5)

 



етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін пайдалануды; 

6)

 



жай сөйлем құру тәсілдерін; 

7)

 



мәтіндегі  сөздердің  өзара  байланысын,  сөйлемдегі  сөздердің  орын 

тәртібін; 

8)

 

сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен өзгешелігін білуі тиіс. 



144. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

1)

 



тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі 

қолданылған  сөздерді; өзі  және  өз  отбасы  туралы,  мектеп  өмірі  туралы,  мекен 

жайы  туралы,  оқуы  жайлы  айтылған  сөздерді;  жай  сөйлем  түрінде  қысқаша 

айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын; 

2)

 

оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мәтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 



тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқу; 

тақырып  көлеміндегі  мәтіндерден  өзіне  қажетті  сөзді  оқып  түсіну;  мәтіннен 

тірек  сөздерді  табу,  ұқсас  заттарды  салыстыра  сипаттау;  қазақ  тіліндегі 

өлеңдерді жаттау дағдыларын; 



3)

 

айтылым:  қарапайым  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып,  өз 



отбасы және басқа адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта 

алу; өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы білдіру дағдыларын; 

4)

 

жазылым: 



тақырыптар 

көлемінде 

қысқаша 

сөйлемдер 

мен 

хабарландырулар  жазу;  мәтіні  оңай  хат  жазу;  біреуге  жазбаша  алғыс  білдіру; 



тақырып аясында түрлі мәліметтер жазу дағдыларын; 

5)

 



тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 

қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша 

сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  еркін  сөйлесу  үшін  қарапайым  сөздер  мен 

тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс. 

 

8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

145.  Пәндік нәтиже бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар: 



1)

 

130-150 лексикалық бірлікті; 



2)

 

ұсынылған лексикалық бірліктердің мағыналарын; 



3)

 

сөздің бір және көп мағыналы болатындығын; 



4)

 

лексикалық  минимумға  кіретін  қос  сөздер,  біріккен  сөздердің  жасалу 



жолдарын; 

5)

 



тілдік қатынаста сөз құрамын ажыратуды, сөз таптарының (лексикалық 

бірліктер аясында) сөзжасамдық ерекшеліктерін; 

6)

 

лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;  



7)

 

септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын; 



8)

 

етістіктің  болымсыз  түрін  және  «жоқ»,  «емес»  сөздерін  қолданатын 



жағдайларды; 

9)

 



жай сөйлем құру тәсілдерін; 

10)


 

сөйлемде үшін, туралы, сияқты атау септігін меңгеретін септеуліктерді; 

11)

 

мәтіндегі жай сөйлемдердің байланысын; 



12)

 

жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің қарапайым үлгілерін қатысымдық 



тұрғыда қолдану жолдарын білуі тиіс. 

146. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

1)

 

тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі 



қолданылған  сөздерді,  жеке  басына  байланысты  айтылған  мәліметтерді, 

сұрақтарды  түсіну  (жасы,  туған  жері,  тұратын  жері,  қызығушылығы,  оқуы, 

сүйікті  нәрселері);  үнтаспадан  тыңдаған  қысқа  хабарлардың  дұрыс, 

бұрыстығын  түсіну;  өзінің  достары,  тұрған  жерінің  табиғаты  және  өз  отбасы 

туралы,  мектеп  өмірі,  сүйікті  кейіпкерлері  жайлы  айтылған  сөздерді  түсіну; 

қысқаша айтылған хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын; 

2)

 

оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мәтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 



тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқи  алу; 

түрлі  жанрдағы  мәтіндерді  дауыс  ырғағын,  фонетикалық  және  орфоэпиялық 

ережелерді  сақтай  отырып,  мәнерлеп  және  жүргізіп  оқу;  тақырып  көлеміндегі 

мәтіндерден  өзіне  қажетті  сөзді  оқып  түсіну;  мәтіннің  тақырыбы,  берілген 

қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай 

алу дағдыларын; 



3)

 

айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы 



және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; жеке 

басы,  отбасы,  досы,  жақсы  көретін  ісі,  кейіпкері  және  мектептегі  үйірмелері, 

Астана, өзі тұратын  жердің табиғаты т.б. туралы әңгімелей білу; оқыған мәтін 

бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын; 

4)

 

жазылым:  қысқаша  сөйлемдер  мен  хабарландырулар  жаза  алу;  мәтіні 



оңай  хат  жазу;  біреуге  жазбаша  алғыс  білдіру;  түрлі  мәлімет  жеткізе  алу; 

оқыған мәліметтерді жазу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін спортшысы, 

әншісі  т.б.  туралы  мәліметтерді  қосып  хат  жазу;  тірек  сұрақтарға  сүйене 

отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын; 

5)

 

тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 



қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша 

сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  еркін  сөйлесу  үшін  қарапайым  сөздер  мен 

тіркестерін  түсіну;  әңгімені  бастау,  жалғастыру  және  аяқтау;  амандасу, 

қоштасу,  танысу  сияқты  жағдаяттарда  диалог  құрау,  полилогке  қатысу 

дағдыларын меңгеруі тиіс. 

 

9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

147. Пәндік нәтиже бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар: 



1)

 

130-150 лексикалық минимумды;  



2)

 

сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеу жолдарын; 



3)

 

туынды және күрделі сөздердің жасалуын; 



4)

 

сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін; 



5)

 

лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;  



6)

 

етістіктің болымды, болымсыз түрлерін ажырата; 



7)

 

жай және құрмалас сөйлем құрудың қарапайым тәсілдерін; 



8)

 

мәтіндегі,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін; 



9)

 

тұрақты сөз тіркестерінің қарапайым түрлерін білуі тиіс. 



148. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

1)

 



тыңдалым:  сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты  жиі  қолданылған  сөздерді, 

жеке  басына  байланысты  айтылған  мәліметтерді,  сұрақтарды  түсіну;  отбасы 

мүшелерінің  сөйлеу  тілі,  киім,  өзінің  сүйікті  ісі,  мектептегі  үйірмелер, 

Интернет,  т.б.  туралы  үнтаспадан  тыңдаған  қысқа  хабарлардың  дұрыс, 

бұрыстығын  түсіну;  қазақ  тілін  үйренуге,  денсаулықты  сақтауға  қатысты 

айтылған 

сөздерді 

түсіну; 


қысқаша 

айтылған 

жарнамалар 

мен 


хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын; 

2)

 



оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мәтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 

тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқи  алу; 

мәтінді оқу түрлерін (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу); 

мәтіннен  өзіне  қажет  мәліметтерді  іріктей  алу;  тақырып  көлеміндегі 

мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мәтіннің тақырыбы мен 

берілген  қосымша  суреттер  бойынша  мәтіннің  негізгі  мазмұнын  анықтай  алу 

дағдыларын; 

3)

 



айтылым:  қажетті  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып,  өз 

отбасы  және  басқа  адамдар  туралы,  олардың  өмірі,  оқуы,  мектебі  жайлы  айта 

алу;  өзінің  қазақ  тілін  үйренуі,  денсаулығына  қатысты  ой  айту;  белсенді 

лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін 

құрастыру;  балаларға  арналған  компьютерлік  ойындар,  Интернет  туралы 

хабарлама  жасау;  мектептегі  үйірмелердің  жұмысы,  Астананың  сипаты,  т.б. 

туралы әңгімелеу; оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын; 

4)

 

жазылым: сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып 



жаза  алу;  жеке  басы,  отбасы  туралы  мәліметті  қажет  ететін  іс  қағаздарын 

толтыра  білу;  жоспарланған  іс-шара  туралы  хабарландыру  жазу,  оларды 

сипаттап  жаза  алу;  біреуге  жазбаша  түрлі  мәліметтерді  жеткізе  алу;  оқыған 

мәліметтерді  жазу;  өзіне  ұнайтын  мәселелер  туралы  мәліметтерді  қосып,  хат 

жазу;  тірек  сұрақтарға  сүйене  отырып,  берілген  тақырыпта  шағын  шығарма 

жаза алу дағдыларын; 

5)

 

тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 



қысқаша  сөйлесе  білу;  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  сұхбаттарды 

қысқаша  сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  әңгімені  бастау,  жалғастыру  және 

аяқтау  жолдарын  ажырата  алу;  диалог  түрлерінің  құрылу  жолдарын  тауып 

(мысалы,  сұрақ-жауаптан  тұратын  диалог,  іс-әрекетке  итермелейтін  диалог, 

жаңа  хабарды  білуге  бағытталған  диалог  т.б.),  өз  мақсатына  қарай  орынды 

пайдалану;  жағдаятқа  сай  келісім  білдіру,  алғыс  айту,  кешірім  сұрау,  өтініш 

жасау дағдыларын меңгеруі тиіс.  

 

10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

149.  Пәндік нәтиже бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар: 



1)

 

130-150 лексикалық минимумды; 



2)

 

сөздерге жұрнақ, жалғауларды дұрыс тіркеуді;  



3)

 

туынды  және  қос  сөз,  қысқарған  сөз,  біріккен  сөздердің 



ерекшеліктерін; 

4)

 



сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалардың мүмкіндіктерін; 

5)

 



лексикалық 

минимум 


көлеміндегі 

етістіктердің 

түрлену 

ерекшеліктерін;  

6)

 

етістіктің болымды, болымсыз түрлерін; 



7)

 

жай және құрмалас сөйлем құраудың тәсілдерін; 



8)

 

тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді ажырата білуі тиіс. 



150. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

1)

 



тыңдалым:  нақты  айтылған  ойды,  әдеби  нормаға  сай  сөйлемдерді 

түсіну;  мектепке,  жазғы  демалысқа,  тамақтануға,  Қазақстанның  қалалары  мен 

табиғатына,  т.б.  қатысты  тақырыптар  бойынша  берілген  ақпараттарды  түсіну 

және  қолдана  алу;  сөйлеушілердің  анық  және  асықпай  айтқан  ойларын, 

пікірлерін толық түсіне алу дағдыларын; 

2)

 



оқылым: күнделікті және  өзінің  жеке  өмірі мен  мектеп,  қоғам  өміріне 

байланысты  мәтіндерді  дұрыс  оқып  түсіну;  отбасындағы  сыйластыққа, 

жазушылардың  шығармашылығына,  Қазақстанның  тарихы  мен  бүгініне 

қатысты,  электрондық  байланыстар  жүйесін  пайдалануға  байланысты 



мәтіндерді оқып түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- 

мәтелдерді  таба  алу,  оларды  қарапайым  жағдаяттарда  өз  сөздерінде  орынды 

қолдану;  болған  жағдайға  байланысты,  сезімге  әсер  ететін  сөздер  мен 

сөйлемдердің мағынасын ұғына алу; 

3)

 

айтылым:  өз  ойын  жеткізу  барысында  түрлі  оқиғалар,  өз  арман-үміті, 



жоспарлары  жайлы  айта  алу;  денсаулыққа,  тамақтануға,  отбасындағы 

сыйластыққа,  е-пошта  қызметін  пайдалануға  қатысты  өз  көзқарасы  мен 

ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын; 

4)

 



жазылым: өзара байланысты әрі өзіне қызықты, қажетті мағлұматтарды 

қамтитын  қысқа  мәтіндерді  жаза  алу;  берілген  мәтінді  түріне  қарай  ажырата 

алу; тілдік қатынаста өз ойын басқаға жеткізе білу; өзінің жеке басына қатысты 

хат  жаза  алу;  ұсынылған  тақырып  көлеміндегі  мәселелер  бойынша  өз  ойын 

қысқаша жазбаша білдіру дағдыларын; 

5)

 



тілдесім:  әртүрлі  жағдаяттарға  байланысты  сөйлесе  алу;  күнделікті 

қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырып аясында өз бетінше құра 

алу; тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатыса алу; сөйлесім 

әрекетінде  сөйлеу  мәдениетінің  нормаларын  сақтап  қолдану,  диалог  пен 

полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс. 

 

11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

151. Пәндік нәтиже бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар: 



1)

 

130-150 лексикалық минимумды, 5-9 сыныптардың соңында 1140- 1180 



лексикалық минимумды; 

2)

 



сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолдануды;  

3)

 



туынды және күрделі сөздерді орынды пайдалануды; 

4)

 



сөзжасамның  негізгі  (сөз  тудырушы,  сөз  түрлендіруші)  қасиетін 

меңгеріп, тілдік қатынаста қолдануды; 

5)

 

лексикалық 



минимум 

көлеміндегі 

сөз 

таптарының 



түрлену 

ерекшеліктерін;  

6)

 

етістіктің рай, шақ түрлерін; 



7)

 

құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдерін; 



8)

 

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін; 



9)

 

мәтіннің құрылымын білуі тиіс. 



152. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 

1)

 



тыңдалым:  нақты  айтылған  ойды,  әдеби  нормаға  сай  сөйлемдерді 

түсіне алу; отбасы тәрбиесіне, Қазақстан суретшілеріне, мұражайлар мен сурет 

галареяларына  қатысты  айтылған  ақпараттарды  түсінеу  және  қолдана  алу; 

сөйлеушілердің ойын толық түсіне алу дағдыларын; 

2)

 

оқылым:  күнделікті  және  өзінің  жеке  өмірі  мен  отбасы  тәрбиесіне, 



Қазақстандағы  мәдени  орындарға,  радио,  теледидар  хабарларына  байланысты 

мәтіндерді  оқып,  түсіну;  мәтіндерден  тура,  ауыспалы  мағыналы  сөздерді, 

мақал-мәтелдерді таба алу, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды 

қолдану;  адамның  көңіл-күйіне  қатысты  және  сезімге  әсер  ететін  сөздер  мен 

сөйлемдердің мағынасын ұғына алу дағдыларын; 


3)

 

айтылым:  өз  ойын  жеткізу  барысында  түрлі  оқиғалар,  өз  арман-үміті, 



жоспарлары  жайлы  айта  алу;  денсаулыққа,  тамақтануға,  отбасындағы 

сыйластыққа,  е-пошта  қызметін  пайдалануға  қатысты  өз  көзқарасы  мен 

ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын; 

4)

 



жазылым: өзара байланысты өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды 

қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажыратып, 

негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу; өзінің жеке басына қатысты хат 

жаза  білу;  ұсынылған  тақырып  көлеміндегі  мәселелер  бойынша  өз  ойын 

қысқаша жазбаша білдіре алу; мәтіндегі тілдік көркем-бейнелеуіш құралдарды 

таба  алу,  оларды  өзара  салыстыру,  өзінің  жазған  мәтінінде  қолдана  алу 

дағдыларын;  

5)

 



тілдесім:  әртүрлі  жағдаяттарға  байланысты  сұхбаттаса  алу;  күнделікті 

қарым-қатынаста  диалог,  монологті  берілген  тақырыпқа  сай  етіп  құрау;  тосын 

сұхбаттарға  (отбасы,  хобби,  жұмыс,  саяхат,  т.б.)  қатыса  алу;  сөйлесім 

әрекетінде  сөз  мәдениетінің  нормаларын  сақтап  қолдану;  тілдік  жағдаяттарға 

тән  этикеттік  орамдарды  орынды  пайдалана  алу;  таныс  жағдайларға 

байланысты  нақты  берілген  конструкцияларды  пайдаланып,  ой  бөлісе  алу; 

пікірталастарда өз ойын түсінікті жеткізе алу дағдыларын меңгеруі тиіс.  

153. Тұлғалық нәтиже 5-9-сынып оқушыларының: 

1)

 

мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында 



өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне 

және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан; 

2)

 

туған жеріне, ауылына/қаласына деген шынайы сүйіспеншілігінен;  



3)

 

Қазақстан 



Республикасының 

Конституциясының, 

мемлекеттік 

рәміздерінің құндылықтық мәнін тани алуынан; 

4)

 

адамдармен  қарым-қатынаста  жоғары  мәдениеттілік  танытуынан, 



этикалық нормаларды сақтай білуінен;  

5)

 



салауатты өмір салтын сақтауынан; 

6)

 



қоршаған  ортадағы  табиғатқа:  жан-жануарларға,  өсімдіктерге  ізгілікті 

қарым-қатынас жасауынан; 

7)

 

рухани-мәдени мұраларға деген саналы көзқарастарынан көрініс табуы 



тиіс. 

154. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары: 

1)

 

нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай құрылған сөйлемдерді түсіне 



алуынан;  

2)

 



тақырыпқа  қатысты  айтылған  ақпараттарды  талдай,  өңдей,  жинақтай 

және қолдана білуінен; 

3)

 

мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;  



4)

 

мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба 



алуынан  және  оларды  қажетіне  қарай  өзінің  сөйлеу  тілінде  орынды 

қолдануынан;  

5)

 

өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;  



6)

 

мәселеге  қатысты  өз  көзқарастары  мен  ұсыныстары  туралы  пікір 



білдіре алуынан; 

7)

 



ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша 

жаза  алуынан,  онда  бейнелеуіш  құралдарды  орынды  қолдана  алу 

дағдыларынан;  

8)

 

заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен; 



9)

 

коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;  



10)

 

күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұхбаттаса алуынан;  



11)

 

белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан; 



12)

 

тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатысып, өз ой-



пікірлерін білдіруінен;  

13)


 

тілдесім  әрекетінде  қазақ  тілінің  сөз  мәдениеті  нормаларын  сақтап 

қолдануынан;  

14)


 

тілдік  жағдаяттардың  ерекшелігіне  сай  қазақ  тіліндегі  этикеттік 



орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрініс табуы тиіс. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет