7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
143. Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:
1)
130-150 лексикалық минимумды;
2)
сөз құрамын және түбірлес сөздерді ажыратуды;
3)
сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;
4)
лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену,
септелу, жіктелу ерекшеліктерін;
5)
етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін пайдалануды;
6)
жай сөйлем құру тәсілдерін;
7)
мәтіндегі сөздердің өзара байланысын, сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібін;
8)
сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен өзгешелігін білуі тиіс.
144. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1)
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі
қолданылған сөздерді; өзі және өз отбасы туралы, мектеп өмірі туралы, мекен
жайы туралы, оқуы жайлы айтылған сөздерді; жай сөйлем түрінде қысқаша
айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын;
2)
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс
тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;
тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннен
тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды салыстыра сипаттау; қазақ тіліндегі
өлеңдерді жаттау дағдыларын;
3)
айтылым: қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз
отбасы және басқа адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта
алу; өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы білдіру дағдыларын;
4)
жазылым:
тақырыптар
көлемінде
қысқаша
сөйлемдер
мен
хабарландырулар жазу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру;
тақырып аясында түрлі мәліметтер жазу дағдыларын;
5)
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша
қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша
сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен
тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
145. Пәндік нәтиже бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:
1)
130-150 лексикалық бірлікті;
2)
ұсынылған лексикалық бірліктердің мағыналарын;
3)
сөздің бір және көп мағыналы болатындығын;
4)
лексикалық минимумға кіретін қос сөздер, біріккен сөздердің жасалу
жолдарын;
5)
тілдік қатынаста сөз құрамын ажыратуды, сөз таптарының (лексикалық
бірліктер аясында) сөзжасамдық ерекшеліктерін;
6)
лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;
7)
септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын;
8)
етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін қолданатын
жағдайларды;
9)
жай сөйлем құру тәсілдерін;
10)
сөйлемде үшін, туралы, сияқты атау септігін меңгеретін септеуліктерді;
11)
мәтіндегі жай сөйлемдердің байланысын;
12)
жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің қарапайым үлгілерін қатысымдық
тұрғыда қолдану жолдарын білуі тиіс.
146. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1)
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі
қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді,
сұрақтарды түсіну (жасы, туған жері, тұратын жері, қызығушылығы, оқуы,
сүйікті нәрселері); үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс,
бұрыстығын түсіну; өзінің достары, тұрған жерінің табиғаты және өз отбасы
туралы, мектеп өмірі, сүйікті кейіпкерлері жайлы айтылған сөздерді түсіну;
қысқаша айтылған хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;
2)
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс
тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу;
түрлі жанрдағы мәтіндерді дауыс ырғағын, фонетикалық және орфоэпиялық
ережелерді сақтай отырып, мәнерлеп және жүргізіп оқу; тақырып көлеміндегі
мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннің тақырыбы, берілген
қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай
алу дағдыларын;
3)
айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы
және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; жеке
басы, отбасы, досы, жақсы көретін ісі, кейіпкері және мектептегі үйірмелері,
Астана, өзі тұратын жердің табиғаты т.б. туралы әңгімелей білу; оқыған мәтін
бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын;
4)
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жаза алу; мәтіні
оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; түрлі мәлімет жеткізе алу;
оқыған мәліметтерді жазу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін спортшысы,
әншісі т.б. туралы мәліметтерді қосып хат жазу; тірек сұрақтарға сүйене
отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын;
5)
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша
қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша
сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен
тіркестерін түсіну; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау; амандасу,
қоштасу, танысу сияқты жағдаяттарда диалог құрау, полилогке қатысу
дағдыларын меңгеруі тиіс.
9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
147. Пәндік нәтиже бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар:
1)
130-150 лексикалық минимумды;
2)
сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеу жолдарын;
3)
туынды және күрделі сөздердің жасалуын;
4)
сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;
5)
лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;
6)
етістіктің болымды, болымсыз түрлерін ажырата;
7)
жай және құрмалас сөйлем құрудың қарапайым тәсілдерін;
8)
мәтіндегі,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;
9)
тұрақты сөз тіркестерінің қарапайым түрлерін білуі тиіс.
148. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1)
тыңдалым: сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді,
жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну; отбасы
мүшелерінің сөйлеу тілі, киім, өзінің сүйікті ісі, мектептегі үйірмелер,
Интернет, т.б. туралы үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс,
бұрыстығын түсіну; қазақ тілін үйренуге, денсаулықты сақтауға қатысты
айтылған
сөздерді
түсіну;
қысқаша
айтылған
жарнамалар
мен
хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;
2)
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс
тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу;
мәтінді оқу түрлерін (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу);
мәтіннен өзіне қажет мәліметтерді іріктей алу; тақырып көлеміндегі
мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мәтіннің тақырыбы мен
берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алу
дағдыларын;
3)
айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз
отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта
алу; өзінің қазақ тілін үйренуі, денсаулығына қатысты ой айту; белсенді
лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін
құрастыру; балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы
хабарлама жасау; мектептегі үйірмелердің жұмысы, Астананың сипаты, т.б.
туралы әңгімелеу; оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын;
4)
жазылым: сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып
жаза алу; жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін іс қағаздарын
толтыра білу; жоспарланған іс-шара туралы хабарландыру жазу, оларды
сипаттап жаза алу; біреуге жазбаша түрлі мәліметтерді жеткізе алу; оқыған
мәліметтерді жазу; өзіне ұнайтын мәселелер туралы мәліметтерді қосып, хат
жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма
жаза алу дағдыларын;
5)
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша
қысқаша сөйлесе білу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды
қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; әңгімені бастау, жалғастыру және
аяқтау жолдарын ажырата алу; диалог түрлерінің құрылу жолдарын тауып
(мысалы, сұрақ-жауаптан тұратын диалог, іс-әрекетке итермелейтін диалог,
жаңа хабарды білуге бағытталған диалог т.б.), өз мақсатына қарай орынды
пайдалану; жағдаятқа сай келісім білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш
жасау дағдыларын меңгеруі тиіс.
10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
149. Пәндік нәтиже бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:
1)
130-150 лексикалық минимумды;
2)
сөздерге жұрнақ, жалғауларды дұрыс тіркеуді;
3)
туынды және қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөздердің
ерекшеліктерін;
4)
сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалардың мүмкіндіктерін;
5)
лексикалық
минимум
көлеміндегі
етістіктердің
түрлену
ерекшеліктерін;
6)
етістіктің болымды, болымсыз түрлерін;
7)
жай және құрмалас сөйлем құраудың тәсілдерін;
8)
тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді ажырата білуі тиіс.
150. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1)
тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді
түсіну; мектепке, жазғы демалысқа, тамақтануға, Қазақстанның қалалары мен
табиғатына, т.б. қатысты тақырыптар бойынша берілген ақпараттарды түсіну
және қолдана алу; сөйлеушілердің анық және асықпай айтқан ойларын,
пікірлерін толық түсіне алу дағдыларын;
2)
оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен мектеп, қоғам өміріне
байланысты мәтіндерді дұрыс оқып түсіну; отбасындағы сыйластыққа,
жазушылардың шығармашылығына, Қазақстанның тарихы мен бүгініне
қатысты, электрондық байланыстар жүйесін пайдалануға байланысты
мәтіндерді оқып түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал-
мәтелдерді таба алу, оларды қарапайым жағдаяттарда өз сөздерінде орынды
қолдану; болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен
сөйлемдердің мағынасын ұғына алу;
3)
айтылым: өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арман-үміті,
жоспарлары жайлы айта алу; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы
сыйластыққа, е-пошта қызметін пайдалануға қатысты өз көзқарасы мен
ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын;
4)
жазылым: өзара байланысты әрі өзіне қызықты, қажетті мағлұматтарды
қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажырата
алу; тілдік қатынаста өз ойын басқаға жеткізе білу; өзінің жеке басына қатысты
хат жаза алу; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын
қысқаша жазбаша білдіру дағдыларын;
5)
тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сөйлесе алу; күнделікті
қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырып аясында өз бетінше құра
алу; тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатыса алу; сөйлесім
әрекетінде сөйлеу мәдениетінің нормаларын сақтап қолдану, диалог пен
полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
151. Пәндік нәтиже бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:
1)
130-150 лексикалық минимумды, 5-9 сыныптардың соңында 1140- 1180
лексикалық минимумды;
2)
сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолдануды;
3)
туынды және күрделі сөздерді орынды пайдалануды;
4)
сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) қасиетін
меңгеріп, тілдік қатынаста қолдануды;
5)
лексикалық
минимум
көлеміндегі
сөз
таптарының
түрлену
ерекшеліктерін;
6)
етістіктің рай, шақ түрлерін;
7)
құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдерін;
8)
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;
9)
мәтіннің құрылымын білуі тиіс.
152. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
1)
тыңдалым: нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді
түсіне алу; отбасы тәрбиесіне, Қазақстан суретшілеріне, мұражайлар мен сурет
галареяларына қатысты айтылған ақпараттарды түсінеу және қолдана алу;
сөйлеушілердің ойын толық түсіне алу дағдыларын;
2)
оқылым: күнделікті және өзінің жеке өмірі мен отбасы тәрбиесіне,
Қазақстандағы мәдени орындарға, радио, теледидар хабарларына байланысты
мәтіндерді оқып, түсіну; мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді,
мақал-мәтелдерді таба алу, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды
қолдану; адамның көңіл-күйіне қатысты және сезімге әсер ететін сөздер мен
сөйлемдердің мағынасын ұғына алу дағдыларын;
3)
айтылым: өз ойын жеткізу барысында түрлі оқиғалар, өз арман-үміті,
жоспарлары жайлы айта алу; денсаулыққа, тамақтануға, отбасындағы
сыйластыққа, е-пошта қызметін пайдалануға қатысты өз көзқарасы мен
ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын;
4)
жазылым: өзара байланысты өзіне қызықты әрі қажетті мағлұматтарды
қамтитын қысқа мәтіндерді жаза алу; берілген мәтінді түріне қарай ажыратып,
негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу; өзінің жеке басына қатысты хат
жаза білу; ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын
қысқаша жазбаша білдіре алу; мәтіндегі тілдік көркем-бейнелеуіш құралдарды
таба алу, оларды өзара салыстыру, өзінің жазған мәтінінде қолдана алу
дағдыларын;
5)
тілдесім: әртүрлі жағдаяттарға байланысты сұхбаттаса алу; күнделікті
қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырыпқа сай етіп құрау; тосын
сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатыса алу; сөйлесім
әрекетінде сөз мәдениетінің нормаларын сақтап қолдану; тілдік жағдаяттарға
тән этикеттік орамдарды орынды пайдалана алу; таныс жағдайларға
байланысты нақты берілген конструкцияларды пайдаланып, ой бөлісе алу;
пікірталастарда өз ойын түсінікті жеткізе алу дағдыларын меңгеруі тиіс.
153. Тұлғалық нәтиже 5-9-сынып оқушыларының:
1)
мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында
өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне
және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;
2)
туған жеріне, ауылына/қаласына деген шынайы сүйіспеншілігінен;
3)
Қазақстан
Республикасының
Конституциясының,
мемлекеттік
рәміздерінің құндылықтық мәнін тани алуынан;
4)
адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан,
этикалық нормаларды сақтай білуінен;
5)
салауатты өмір салтын сақтауынан;
6)
қоршаған ортадағы табиғатқа: жан-жануарларға, өсімдіктерге ізгілікті
қарым-қатынас жасауынан;
7)
рухани-мәдени мұраларға деген саналы көзқарастарынан көрініс табуы
тиіс.
154. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:
1)
нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай құрылған сөйлемдерді түсіне
алуынан;
2)
тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай
және қолдана білуінен;
3)
мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;
4)
мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- мәтелдерді таба
алуынан және оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды
қолдануынан;
5)
өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;
6)
мәселеге қатысты өз көзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір
білдіре алуынан;
7)
ұсынылған тақырып көлеміндегі мәселелер бойынша өз ойын қысқаша
жаза алуынан, онда бейнелеуіш құралдарды орынды қолдана алу
дағдыларынан;
8)
заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;
9)
коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен;
10)
күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұхбаттаса алуынан;
11)
белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан;
12)
тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат, т.б.) қатысып, өз ой-
пікірлерін білдіруінен;
13)
тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сөз мәдениеті нормаларын сақтап
қолдануынан;
14)
тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік
орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрініс табуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |