1-наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! АлғЫСҚа толы күН


Макарова Раушан Темрешқызы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.03.2017
өлшемі4,05 Mb.
#9026
1   2   3   4

Макарова Раушан Темрешқызы 

Сабақтың тақырыбы:Ең кіші ортақ еселікке есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

       1. Оқушылардың ЕКОЕ тақырыбына есептер шығарту барысында білімдерін тиянақтау, 

тереңдету және бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.

      2.Оқушыларға өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып

жұмыс істеуі, өзін-өзі басқаруына ықпал ету.

      3.Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдыллыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Тест тапсырмасы, жаттығулар, слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: ұжымдыққа оқыту, өзара оқыту, топпен жұмыс, оқыта үйрету.

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, жаратылыстану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. (Оқушылармен амандасу, түгелдеу, тақтаны борды дайындау, сыныптағы

оқушыларды А, В,С топтарына бөліп)

II. Үй тапсырмасын сұрау. №337, 338

№337 Ең кіші ортақ еселігін табыңдар: 

Сан 


ЕҮОБ 

6;16 


48 

8;20 


40 

8;12 


24 

15;18 


90 

20;24 


120 

26;39 


78 

№338 Ең кіші ортақ еселігін табыңдар: 

Сан 

ЕҮОБ 


10;70 

70 


22;88 

88 


25;75 

75 


4;20 

20 


18;30 

90 


16;40 

80 


Жауап берген оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады.

1. Натурал сан дегеніміз не?

2. Санды өрнек дегеніміз не?

3. Әріпті өрнек дегеніміз не?

4. Теңдеу

5. Құрама сан

6. Жай сан

7. ЕҮОБ


8. ЕКОЕ

9. Формулалар

10. 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін санда

III. Өткен сабақты пысықтау.

ЕКОЕ тақырыбын оқушыларға ережесімен қайталап естеріне түсіртіп, есептер шығарту.

Оқулықпен жұмыс. (Әр топ тақтаға есептер шығарады)

№340 ,344,346 есептерін тақтаға шығарады.

Әр топ бірлесе отырып деңгейлік тапсырмаларды орындайды



Деңгейлік тапсырмалар

А.   Сандардың ең кіші ортақ еселігін   табыңдар:

16 мен 20;             3) 5 пен 11;



60 пен 15;             4) 6 мен 13. 



 В. Сандардың ең кіші ортақ еселігін   табыңдар:

3.

45 пен 54;             3) 30 бен 24;



4.

32 мен 48;            4) 72 мен 54. 



Сандардың ең кіші ортақ еселігін   табыңдар:

2



3

·3 және2


3

·3

2



·5                                          3) 2·3·2

2

·3·7 және 3·5



    2·3·11 және 3

2

·11                                    4) 3·7·2·5 және 3



2

·7

“Ребусты   шешіп   көр”   ойыны  (Ребустан   мақал



құрастыру қажет)

Сергіту сәті 

“Адасқан сандардың үйін тап” ойыны 

            Жай сан                                             Құрама сан

               



                    18        5       3      7      10

                      6     23         11      35    54

Тест тапсырмалары

Өрнекті ықшамдаңдар:



      а)                           ә) 

7.

Жай   көбейткіштермен   жазылған   натурал   сандардың   ең   кіші   ортақ   еселігін



табыңдар:

                  және 

      а) 450              ә) 540

1.

Сандарды жай көбейткішке жіктеп, ең кіші ортақ еселігін табыңдар: 45 пен 54.



      а) 180            ә) 270

Әлияның қадамының ұзындығы 40 см, ал Мәншүктің қадамының ұзындығы 60 см.



Әлия неше қадам жасағанда олардың толық қадамдарының ең алғаш рет келіп теңеседі? 

       а) 120           ә) 160



“Дұрысын тап” ойыны 

7

Жай сан



20

Құрама сан

54

Жай сан


66

Құрама сан



Оқушыларды бағалау:  Әрбір топ өз өздерің бағалайды.Сабаққа белсене қатысқан ьопты

бағалау


Үйге тапсырма: № 354,  № 66, 69, 71 (қосымша оқулықтан) 

   


   

   


 ---8 --

 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 02 наурыз 2016 ж | № 06 (156)

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, 

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің

 математика пәнінің мұғалімі Кереева Зарина Жарасовна

Тақырыбы: «Зерделілер мен зейінділер» (7-сыныптарға арналған сыныптан тыс шара)

Сайыстың мақсаты: 

а)   білімділік-оқушылардың   алгебра   және   геометрия   пәндері   бойынша   білімдерін

толықтырып, кеңейту.



ә)   тәрбиелік-оқушылардың     математика   пәніне   қызығушылықтарын   арттыру,   білімді

азаматтар тәрбиелеу.



б) дамытушылық-оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін дамыту, жан-

жақты ойлау қабілеттерін дамыту.



Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұосымша материалдар, тірек-сызбалар.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, ватман, үлестірмелі картотекалар. 

Әдісі: Сұрақ-жауап, жинақтау, ой туғызу.    Түрі: Сайыс-жарыс

Типі: Білімді тексеру, қайталау, білімді бағалау.

Байланысы: қоршаған ортамен байланыстыру, пәнмен, өмірмен.

Сайыстың барысы: 

І тур.  «Сәлемдесу» .  ІІ тур. «Қалауың білсін!»

ІІІ тур. «Қателеспе!»  І  V

    тур. «Ойлы болсаң-озып көр!»

-Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш өнер білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанекей, кім шығады сайысуға-дей отырып, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

-Бүгінгі   сайысымызға   әділ   баға   беретін   әділ   қазылар   алқасын   ортаға   шақырамыз.   Әр

сайыстан кейін әділ қазы топтардың бағасын беріп отырады. 

І тур. «Сәлемдесу». (Ең жоғары ұпай-5.)

Топтар қарсыластарына және әділ қазы алқаларына  өз топтарының аттарын, эмблемаларын,

ұрандарын, газеттерін қорғап таныстырады.

-Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,   Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін.

Көрсетіп   есептердің   жолын   қалай       Келдім   мен   оларды   айтып   бермек   үшін-деп,

ойынымыздың  келесі турына өтейік. ІІ тур. «Қалауың білсін!». (Ең жоғары ұпай-3.)

3 ұяшық көрсетіледі. І турдан жоғары ұпай жинаған топ бірінші таңдау кезегін алады. 

1-ұяшық сұрақтары:

Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)



1 метрде неше сантиметр бар? (100 см)

Бұрыш өлшейтін құрал? (Транспортир)



Ең кіші жай  сан? (2)

Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура? (Бұрыш)



Ұшақ  Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшты, ал кері қарай 80 минут

ұшты. Айырмашылығы қанша минут? (екеуі бірдей)

Қандай 3 бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)



2-ұяшық сқрақтары:

Екі ғасырда неше жыл?  (200 жыл)



Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)

Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле)



Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? (квадрат)

Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4 ширек)



50-ді 0,2 ге бөл? (250)

1 кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр ма? (тең)



3-ұяшық сұрақтары:

1.

Миллионда неше ноль бар? (6)



2.

Тік бұрыш неше градусқа тең? (90º)

3.

Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір)



4.

Квадрат қабырғасы 3 см-ге тең. Периметрі нешеге тең? (12 см)

5.

Шаршының неше қабырғасы бар? (4 қабырғасы)



6.

11 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)

7.

Күн көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)



-Келесі  ІІІ турымыз «Қателеспе!»  деп аталады. Бұл турға 7 минут уақыт беріледі.  (Ең

жоғары ұпай-5.)

Сұрақтары: 

Жауаптары:

 -Топтар, міне біздер соңғы шешуші «Ойлы болса-озыр көр!» ІV турына да жеттік. 

Шарты: Берілген логикалық және викториналық сқрақтарға тез әрі дұрыс жауап берулері

сұралады.

5.

Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, баласы, немересі)



6.

Қосарланып жегілген атымен арбашы Жантілеу  25 шақырым жол жүрді. Оның әр

аты неше шақырым жүрді? (25 шақырым)

7.

Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш)



8.

Қалай 10 метр сатыдан секіріп, жараланбауға болады?  (Ең төменгісінен секіреді



немесе жерде жатқан басқалдақ)

9.

Қай жағдайда 19+15=10 теңдігі дұрыс? (19 сағат-7 сағат, 15 сағат-3 сағат)



10.

Боранда тау ық болады ма? (Боранда тау   ық болады.)

11.

Бір адамда 10 саусақ, 10 қолда неше саусақ? (50)



12.

Қай кезде қысқартатын бөлшекті қысқартуға болмайды?  (Үйдің нөмірі мен пәтер



нөмірі)

13.


Үстел   беті   төрт   бұрышты,   әр   бұрышын   арамен   кесіп   тастасақ,   неше   бұрыш

қалады?  (8)

14.

Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)



15.

1000 санының 1 пайызы? (10)

16.

1 пұт неге тең? (16 кг)



17.

Ең кіші натурал сан? (1)

18.

Қай сан үлкен: 



20

 және 2


5

 ? (тең)

19.

Санның жүзінші бөлігі? (пайыз)



20.

Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым? (теорема)

21.

Геометрияның атасы кім? (Евклид)



22.

Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, 

қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеген ? (6)

23.


Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Бүкіл өмірінде туған күнін тек жиырма бес 

рет қана атап өтіпті. Бұлай бола ма? (29 ақпан, 4 жылда 1 рет келеді.)

24.

Неше рет арттырса да, өзгермейтін қандай сан? (0)



-Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Әділ қазы сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаздар кім болып сарапталды?-дей отырып, әділ қазы алқаларынан бүгінгі 

сайысымыздың жалпы қорытындысын жариялауыңызды сұраймыз.

Алдыңызда жайнаған жұздер әні,

Сіздермен кездесерміз біздер әлі.

Әділ қазы, көрермен, сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жақсы күндер әлі-деп, кешті аяқтап, сайысқа белсене қатысқан оқушылар 

марапатталады.

* * * * * *

ЖАС ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ  ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕДЕ 

                   

Қудайбергенов Арман Боранбаевич

алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

Шет жалпы орта білім беру мектебі

Шет ауданы Үңірек ауылы

      Қазіргі   уақытта   қоғамның   дамуына   байланысты   оқушыларға   білім   беру,   жастарды

тәрбиелеу   және   дамыту   міндеттері   барған   сайын   күрделеніп,   заман   талабына   қарай

өзгеруде. Мемлекеттің білім беру саласында мектептің басты міндеттерінің бірі – білім мен

тәрбиенің қатар берілуінде. Сол тәрбиенің бастауы, қоғамның қызметі- патриоттық тәрбие.

Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге,

жерге   деген   сүйіспеншілікке   тәрбиелеп,   мұны   олардың   бойына   сіңіріп,   қалыптастыру

жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын

мәнінде   адамның   бүкіл   болмысының   қатысы   бар.Патриоттық   тәрбие   тәрбиенің   барлық

бағыттарымен  бірге  жүзеге  асырылады.  Қазіргі  жалпы  білім  беретін  мектептер  өмірінде

болып   жатқан   бетбұрыстардың   ішінде   оқыту  мақсатының   біршама   өзгеруіне   сай  тәрбие

технологиясына  да жаңа  ұстанымдар енуге  тиіс. Толыққанды педагогикалық  үрдісті  іске

қосып, шәкірттануды жолға қою үшін оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей жүріп білім беру

ұстанымдарын жүзеге асыруды басшылыққа алғанымыз орынды. Патриотизм – ғасырлар

бойы  жинақталған  ең  терең   сезімдердің  бірі.   Отанға   деген  сезім   болмаса,   патриот   болу

мүмкін емес. Біздің ата-бабаларымыз Отанын сүйіп, оны барлық жаулардан қорғап, бүгінгі

ұрпаққа  сый ретінде ұсынды. Отанның гүлденуіне  және  оны қорғауға  деген патриоттық

сезім адам жүрегінде өмір сүрген, әлі де өмір сүре бермек. Бірақ, патриоттық сезім адамда

өзінен   өзі,   не   болмаса   туа   пайда   болмайды.   Ол   ерте   жастан   адамға   әсер   ететін,   ұзақ

мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы

тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой-пікірлердің әсер

етуімен   қалыптасады.   Әскери-патриоттық-тәрбиелік   іс   шаралар   алдын   ала   жоспарлануы

тиіс. Жоспарда тек қана оқытушы-ұйымдастырушының ой-пікірі емес, сол оқу мекемесінің

әрбір мұғалімінің ой үлесі болуы тиісті. Қандай да болмасын әскери-патриоттық іс шараны

өткізу салтанатында мемлекеттік Туды алып келу және алып кету, мемлекеттік Әнұранмен

ашу және жабу мәселелерін жоғары ұстау міндетті. Мектепішілік           жоспарланған     іс-

шаралар патриоттық  бағыттағы  тақырыптар  тарих, әдебиет тағы да  басқа  пәндер арқылы

өткізіледі.   Сабақтан     тыс     іс-шаралар     әскери     патриоттық       тәрбиемен     байланысты.

Мектептегі     «Жас     ұлан»,   «Жас     қыран»   ұйымымен   бірлесе       отырып     патриоттық

тақырыптарға     арналған     шаралар     өткізіледі. Жоғарыда аталған ұйымның 1-желтоқсан

Президент  күніне  арналған  Ант қабылдау рәсімі өткізілді. Тәуелсіздік  күніне арналған   іс

—шаралар,   сәуір     айында     өткізілетін   патриоттық     айлық   аясындағы     жұмыстар   осы

ұйыммен     бірлесіп   атқарылады.   Ерлік   сабақтары   соғыс,тыл   ардагерлерімен

кездесу,жиындар,бейне   фильмдер   көрсетіледі   «Жас   мерген»   әскери   үйірмесі   жұмыс

атқарады.Үйірме   мүшелері   аудандық   облыстық   әскери-спорттық     жарыстарға   қатысады.

Мектебімізде   әскери-патриоттық   тәрбиенің   осындай   түрлері   оқушылардың   Отанға   деген

сүйіспеншілігін   арттырып,   оны   қорғауға   дайындайды.   Патриоттық   тәрбиенің   бүкіл

күрделілігін   түсіне   отырып   жас   ұрпақ   өзінің   алдындағы   борышын   сеніммен   артқарары

сөзсіз.   Отанды   қорғау  -  мемлекеттің   маңызды   қызметі.   24  жыл   уақыт   ішінде   Қазақстан

Республикасы   өзінің   Тәуелсіз   мемлекет   екендігін   дәлелдеді.   Қазақстанды   Отаным   деп

таныған әрбір азамат оның гүлденуі мен өсіп-өркендеуіне  өз үлесін қосуы тиіс.

«Жас Ұлан»

ұйымы

президентінің ант

қабылдау сәтінен

кейінгі көрініс

 ---9 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 02 наурыз 2016 ж | № 06 (156)

БІЛІМ АРТЫҚ ПА, ӘЛДЕ МАЛ-ДҮНИЕ АРТЫҚ ПА?

Алматы қаласы №133 жалпы білім беретін мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерубаева Қалбибі Пірімқұлқызы

Хазреті Әлиді (р.л.ғ) сынау үшін бірнеше адам келіп, оған: «Сен шынында да білімді 

болсаң бір сауалыма он жауап тауып берші. Білім артық па, әлде мал-дүние артық па?” – деп

сұрақ беріпті.

Сонда Хазреті Әли (р.л.ғ):

— Біріншіден, білім артық. Өйткені білім әулие-әнибелерден қалған. Ал мал-дүние Перғаун 

және әр түрлі байлардан қалған.

— Екіншіден, білім артық. Өйткені білім сені сақтайды, ал мал-дүниені сен сақтайсың.

— Үшіншіден, білім артық. Себебі білімдінің досы көп, Ал байдың, малдының дұшпаны 

көп.


— Төртіншіден, білім артық, өйткені білімді жұмсасаң арта береді. Дүниені жұмсағанда 

азайады.


— Бесіншіден, білім артық, өйткені білім саған құрметті атақ алып береді. Мал-дүние «бай 

– қатты, сараң» деген атқа қалдырды.

— Алтыншыдан, білім артық. Себебі білім өзін – өзі сақтайды. Ал мал-дүниені күту керек, 

бағу керек. Оны сен сақтайсың.

— Жетіншіден, әлбетте білім артық. Білім иесіне қяметте шапағат етеді, мал-дүние қяметте 

көп сұрақ бергізеді.

— Сегізіншіден, білім артық. Білім тозбайды. Мал-дүние қолдың кірі, ескіреді, тозады, 

өледі, жоғалады.

— Тоғызыншыдан, білім артық. Білім нұрландырады. Адамға ақыл-ой қосады. Сабырлыққа 

жетелейді. Малдүние адамды масаттандырып, дүниеқоңыз етеді.

— Оныншыдан, білім артық. Себебі, білім амал еттіреді. Ғибадатқа жығады. Ал, арам мал-

дүние адамды аздырып, өлерінде кәпірлікпен, имансыз кетуге себепші болады – деп жауап 

беріпті.

Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие. Лев Николаевич Толстой

Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы. Джон Тейлор

Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе. Френсис Бэкон

Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады. Жан Жак Руссо

Көп білем десең, аздан бастап үйрен. Джон Локк

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең! Мағжан Жұмабаев

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік. А. Қорамсаұлы

Бақыт жолы біліммен табылады. Ахмед Югнаки

Білім — адам баласының ортақ қазынасы. Жүсіп Баласағұн

Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей. Шал ақын

Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр. Махмұд Қашқари

* * * * * *



ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ

Несипкул Мейманханқызы Утебаева,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

№9 мектеп – гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Бүгінгі күні ертегі тыңдаушы

көп-ақ,   бірақ   ертегінің   майын

тамызып,   көңілді   тұщындыра

әңгімелейтін  ертегі   айтушылар  аз.

Ертегіні   баланың   құлағына   алғаш

жеткізіп,   дәмін   татқызатын   ең

алдымен   ата-ана,ата-әже   және

ұстаздары болуы тиіс.

Айналасындағының   бәрін

ертегідей   қабылдаған   баланың

бойында


 

өшпес


 

ізгілік


қалыптасады.   Мағжан   Жұмабаев:

«Жан   тұрмысы   өркендеу   үшін,

яғни,   ойы,   ақылы   кеңейіп,   құлқы

түзеліп, тілі баю үшін, жас балаға

ертегі тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды.» — десе, атақты педагог

Сухомлинский   «Бала   кезде   үш  жастан   он  екі   жасқа   дейінгі   аралықта   —  әр  адам   өзінің

рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.», — дейді.

Жер бетіндегі барлық  халық ертегілерінің мазмұны мен мақсаты бір деуге  болады.

Оның   себебі   —   Ұлы   Табиғат   балалармен   ертегі   арқылы   сөйлеседі,   ертегі   арқылы

сырласады, ертегі арқылы өнеге, білім, тәрбие береді. Ертегілердің барлығы да бір-ақ тілде

сөйлейді. Ертегі – баланы рухани- парасатқа тәриелеудің бірден-бір құралы.

Некрасов   атындағы   №9мектеп-гимназияның   директорының   орынбасары   Гүлжахан

Божбанбаваның ұйытқы болуымен бастауыш сынып аралығында «Ертегілер әлемінде» атты

ауқымды  іс-шара   өткізілді.  Гүлжахан Оразбекқызы бастауыш  сыныптардың майын  ішіп,

жілігін   шаққан   десек   те   болады.   Ол   бастауыш   сыныптарда   сабақ   беріп   жүрген   кезінде

«паноромалық сабақ беру» сайысынан облыс бойынша бас жүлдені еншілеп, Республикадан

«Жаңашыл   мұғалім»   номинациясын   алған   болатын.   Бүгінде   Гүлжахан   Оразбекқызы

Божбанбаева осы аталған мектепте бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары

қызметінде.

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері: Л.К.Ильина, Г.М.Филатова, Ж.Е.Баймен,

Г.К.Ашимова, А.Д.Неметова, М.С.Атаметовалардың оқушылары ертегі желісіне құрылған

көркем   туындыларды   айшықты   етіп   сахналай   білді.   Халық   ауыз   әдебиетінің

құрылымындағы «Қызыл телпек», «Теремок», «Алдаркөсе», «Дәрігер –Айболит», «Алтын

балық»,   «Бауырсақ»   деген   терең   сырлы   ертегілердің   мазмұнын   Сұлтан   Әсел,   Сартбай

Қасиет,   Рустемова   Данагуль(4«Б»),   Садиков   Шахрух,   Нагимова   Диера,   Газханов   Сардар

(4«в»), Бисенбек Әлімхан, Әбдіохап Абдулла, Ережепов Мырзабек,(4«А»), Эркинова Диана,

Заитова   Жасмина   ,Темурханов   Давлат,(4«Е»),Анварова   Дана,   Атажанов   Рамазан,   Кеңес

Ақбота   (4«Ж»),   Амангельдиева   Юлдуз,   Григорьева   Наталья,   Насыров   Санжар   (4   «Д»)

сынды   оқушылар   ертегілер   кейіпкерлерін   нақышына   келтіре   сомдай   білді.Тамашалаған

кішкентай көрермендер ертегілер әлеміне енгендей болды.

Кез   келген   халықта   ең   алдымен   балаға   тәрбие,   білімді   ертегі   арқылы   беруі   –атам

заманнан келе жатқан үрдіс. Ертегінің алғашқы мақсаты – рухани адамгершілік тәрбие беру,

одан   соң,   ол   арқылы   білім   беру.   Осы   тұрғыда   шәкірттердің   кемшілігін   көргіш   болсақ,

ықыласын   өлтіреміз,   баланың   кемшілігін   емес,   жеңісін   іздейік.   Әр   бала   –   табиғаттың

ғажайып құбылысы. Әр бала – Ханзада және Ханша!

«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ — ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ОҚУШЫНЫ Ң

ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ»

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылы

№83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің

денешынықтыру пәнінің мұғалімі Алиев Сұлтанбек Оразалиевич

Қай   заманда   болмасын   адамзат   алдында   тұратын   ұлы   міндет   —   өзінің   өмірін

жалғастырушы   сапалы   ұрпақ   тәрбиелеу.   Еліміз   егемендікке   қол   жеткізгеннен   соң   жас

ұрпаққа  ұлттық  тәрбие  беру міндеті  уақыт талабымен бірге  келген игілікті  мақсат екені

даусыз. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну,

сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес», —

деп көрсеткен. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім

беру   жүйесінің   міндеттері:   «…азаматтықпен   елжандылыққа,   өз   Отаны   —   Қазақстан

Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін

қастерлеуге,   әлемдік   және   отандық   мәдениеттің   жетістіктеріне   баурау,   қазақ   халқы   мен

республикасының   басқа   халықтарының   тарихын,   әдет-ғұрпы   мен   дәстүрлерін   зерделеу,

мемлекеттік   тілді,   орыс,   шетел   тілдерін   меңгеру»   —деп   көрсетілуіне   орай,   халықтық

педагогикасының   элементтерін   мектепте   оқытудың,   баланың   бойына   ұлттық   сананы

сіңірудің маңызына ерекше көңіл аударылғанын байқауға болады.

Бұл талаптарды жүзеге асыру бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің ең алғашқы

сатысы   –   бастауышмектепте   оқушылардың   білімге   деген   құштарлығын   қалыптастыра

бастағанның маңызы өте зор. Әсіресе, болашақ қоғам мүшелерінің нарықтық экономика

жағдайында   өмір   сүріп,   нәтижелі   қызмет   етуіне   математикалық   білімнің   жасайтын

ықпалының молдығына кейінгі кезде аса көңіл бөлініп жатқаны көпшілікке мәлім.

Білім беру жүйесінің негізгі бағыттарның бірі — оқушылардың бойында білімге деген

қызығушылықты,   құштарлықты   дамыту,   соның   ішінде   жеткіншек   жасындағы   мектеп

оқушыларының   белгілі   бір   пәнге   қызығушылығын   қалыптастыру  болып   табылады.   Бұл

бағдарлама   өзінің   көкей   тестілігімен   ерекшелініп,   қазақтың   халық   психологиясы   мен

педагогикасындағы идеялармен үндестік тауып жататындығымен де құнды .

Қазақ халқының ойындары арқылы оқу мотивациясын қалыптастыру сабағы оқушының

алған білімін күнделікті өмірменен берік ұштастыруға қолайлы мүмкіндік жасайды. Пән

сабақтарында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың

барысында   не   ортасында,   не   соңында   қолданылуы   мүмкін.   Ойынды   сабақтың   басында

қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру

мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса онда мұғалімнің

мақсаты – оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру, ерік жігерін дамыту.

Ойын   сабақтың   соңында   тақырыпты   беру   не   сол   сабақтан   алған   білімді   жинақтау

мақсатында да пайдаланылады.

Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады ол жағдайда

ойын   элементтері   сабақты   түрлендіріп   мазмұнын   байыта   түседі,   балалардың   қиалдарын

қозғап, зейіндерін кеңейте түседі өмір тәжірбиелерін толықтырады.

Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі – білім берудегі

ойындар технологиясы болып отыр.

Оқу  үрдісінде   ойын   әрекетінің   негізгі   үш   түрлі   даму  деңгейлерінен   тұрады:   кәсіптік

ойындар, әуестену ойындары, оқу жаттығу ойындары. Жеке тұлғаның мәнді әрекеті ретінде

қарастырылады.   Адам   өзінің   және   басқалардың   ойынының   нәтижесін   бақылай,   талдай,

қорытындылай   отырып,   оны   өзінің   жақсы   да   жаман   да   істерінде   ұтымды   қолдануға

машықтандырады.   Адам   ойынының   жалпы   құрылымдары   түрінде   ұйымдастырылғар

оқушының  белсенді   бірлескен   оқу  және   оқыту  әрекеті   —  оқытудың   ойын   формасы  деп

аталады. Қазіргі кезде оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін:

имитациялық,   символдық   және   оқу-зерттеу   деп   бөле   отырып,   осы   оқу   ойындарының

технологиясын талдау болып отыр.

Ойын   теориясы   мен   практикасын   отандық   және   шет   елдік   педагогтар,   психологтар,

әлеуметтанушылар   зерттеуде.   Мысалы,   Иохан   Хейзингтің   «Ойыншы   адам»,   Д.Б.

Элькониннің   «Ойын   психологиясы»,   Эрик   Берннің   «Адамдар   ойнайтын   ойындар»   атты

еңбектері   жазылды.   Ойын   теориясын   зерттеуші   Қазақстандық   ғалымдар:   Н.К.   Ахметов,

Ж.С.   Хайдаров   тағы   басқалар.   «Баланың   ынтасын   тарту   үшін   оқылатын   нәрседе   бір

жаңалық болу керек», — деп жазады Ж.Аймауытов.

Жеткіншек   жасындағы   балаларды   оқытуда   ұлттық   ойындарды   қолданудағы

психологиялық   ғылыми   ой-пікірдің   қалыптасуының   бұлақ-бастауларының   бірі   –   халық

педагогикасы мен психологиялық идеялары болып табылады. Олар: Қазақ халқының ауыз

әдебиетіндегі: ертегі, аңыз әңгімелер, ойын өлеңдері (санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ), мақал-

мәтелдер,   нақыл   сөздер,   жыр-термелер,   айтыс-өлеңдер,   эпостар,   дастан-толғаулардың

мазмұнына   тереңірек   үңілсек,   ерте   заманнан-ақ   жас   баланың   ақыл-ойын   дамытуда,

қарапайым   ұғымдарды   қалыптастыруда,   оның   ерекше   орын   алатындығын   айқын   көруге

болады.   Бабаларымыздың   даналық   ойлары,   мақал-мәтелдері   мен   нақыл   сөздері   терең

пайымдаулары балаларды тәрбиелеудің, олардың психологиялық дұрыс дамуын сондай-ақ,

білімнің қажеттігін насихаттауда да кең орын алған. «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана

болмайды», — деген мәтел осының дәлелі сияқты [2].

Халық   ойындарын   –   пән   сабағында   пайдалану   оқушының   алған   білімін   күнделікті

өмірімен берік ұштастыра түсуге қолайлы мүмкіндік жасайды. Сыныпта берілген білім мен

тәрбие   сыныптан   тыс   жұмыстармен   тығыз   байланыста   бірлікте   болып,   бірін-бірі

толықтырып отыруы  тиіс.  Халық  ойындарын пайдаланудың  дұрыс  әдіс  –  тәсілін  тапқан

жерде,   ол   тәрбиенің   басқа   да   құралдары   мен   астаса   отырып,   бұл   олқылықтың   орынын

толтырады.

Пәннен   сыныптан   тыс   жұмыстарды   өткізудің   белгілі   әдіскер   маманы   Қ.   Қаңлыбаев

оқушылардың оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу

үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және  сабақ барысында білімдерін практикада қолдану

дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың да көздейтінін көрсетеді. М.Н.

Перова, Ә. Табылдиев, Ж. Қалбеков, Б. Қосболова, П.Б. Горшенко, Б. Асанов, Б. Төтенаев

т.б. пәнінен сабақ өткізу кезінде өз бетінше жұмыс ұйымдастыруды және өткізуде тұлғаның

белсенділігінің қалыптасуы қарастырылады.

Халық   ауыз   әдебиетінің   қағидасына   сүйенетін   болсақ,   онда   қазақ   балаларын   жас

ерекшелігіне қарай: «бір жасқа дейінгі нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он

төртке дейін жас өспірім, он бестен жиырма беске дейін жігіт», — деп төрт топқа бөлінеді.

Қазақ   халқының   фольклорын   ұлттық   ойындарын   жинаушы   этнограф   Я.   Диваев   өзінің

«Қырғыз (қазақ) балаларының ойыны» — деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі ролін

маңызын   айта   кетіп,   сол   кездегі   қалыптасқан   әдеп   –   ғұрып   жас   ерекшелігіне   қарай,

балаларды негізінен үш топқа бөледі:

1. 1-жастан жетіге дейін нәресте;

2. 7-жастан он беске дейін боз бала;

3. 15-жастан отызға дейінгі жігіт.

Осы дәстүрлі қағиданың негізіне сүйене отырып біздерде ұлт ойындарын бес топқа бөліп

қарастырдық:

1)  Туылған бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі;

2)  1–ден 3–жасқа дейінгі кезең – бөбектер жасы;

3)  3–тен 7–ге дейінгі сәби жасынжағы баланың ұлттық ойыны;

4)  8–ден 11–жасқа дейінгі періште жасы;

5)  12–жастан 16–жасқа дейінгі жас өспірім шақ.

 ---10 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 02 наурыз 2016 ж | № 06 (156)

Бала   өзінің   қоршаған   дүние   туралы   алғашқы   түсінікті   ойын   үстінде   алады.   Ол   дүние

сырларын түйсініп аңғарады, тәжірбие жинайды. «Адам ата – анадан туғанда есті болмады:

Естіп,   көріп,   ұстап,   тартып,   ескіре   дүниедегі   жақсы   жаманды,   таниды   дағы,   сондайдан

білгені, көргені, көп болған адам білімді болады » — деді ұлы ақын Абай Құнанбаев.

1) Осыған орай бірінші топқа туылғаннан бір жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеудегі «бесік

жыры» жырлары жатады.

«Баланы жастан» — дегендей нәресте дүниеге келгеннен бастап тәрбиеге алынады. «Бесік

жырында» ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын

қоңыржай әуен нәрестенің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан

—  жүйесін   жадыратады,   яғни   ұнамды,   ұнасымды   әсермен  баланы   жұбатады.   Екіншіден

баланың   келешегіне   үміт   артып,   тілек   айта   отырып   оны   жұбатушы   ана   болашақтың

шамшырағымен нұр сәулесінен қуат алғандай әсерленеді.

2) 1-ден 3 жасқа дейінгі кезең бөбектер жасы.Бөбектер жасындағы ойындарға келер болсақ.

Бұл кезең баланың тілі шығып, денесі нығайып ойнай бастау кезеңі. Бұл бөбектер жасында

«саусақ санау» ойынын ойнатады.

Қазақ халқында кең тараған саусақтың атаулары бар: бас бармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ

аттары  балалар тілінде  ұғымды да  жеңіл  айтылуы  үшін  басқаша  айтылады:  бас  бармақ,

балалы үйрек, ортан терек, шылбыр шүмек, кішкентай бөбек.

3) 3-тен 7 жастағы сәби жас кезеңіне арналған ұлттық ойындар көп.

Халық   өмірін   ой   арманға   меңзейтін   шытырман   оқиғалы   ғажайып   қиялы   әңгімелер   тіл

дамыту, ой өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту, тілінен туған жаңылтпаш, жұмбақ, балалар

ертегілері, балалар ойынын ойын-сауық жоралғыларын туғызды. Балалардың тілін, ақыл-

ойын дамытып, денесін шынықтыратын ойындарды топтастыруымызға болады.

Олар жаңылтпаштар, жұмбақтар, өтірік ойын өлеңдері, ертегілер, ақтерек-көктерек, айгөлек

т.б. халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп дүниетанымын дамыту мақсатында

жаңылтпаштар ойлап шығарған.

Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге шығарған. Бала

тілінде   көбінесе   «е»   дыбысы,   «и»   дыбысы,   «ш»   дыбысын   «с»   дыбысымен   шатастыру

байқалады. Әсіресе тілдің алдыңғы дірілмен айтылатын «р» дыбысын айту алғаш көптеген

сәбилерге   қиын   сияқты   болып   көрінеді.   Сондықтан   жаңылтпаштарды   көбінесе,   сол   «р»

дыбысы мен «л» дыбысымен қатар айтуға құрылған [4].

4) 12-16 жас аралығындағы балалар ойыны.

Тапшы кімнің дауысы? Ойын алдында, спорт залында өтеді. Ойынға көз байлайтын орамал

керек. Ойыншыларының санына шек қойылмайды. Ойын басқарушы бір баланы шеңбер

бойымен қатар шығып оның көзін байлайды.

Ойын ережесі: осы кезде барлық ойыншылар хормен:

Секір-секір деген кім,

Білгіш болсаң таба қой,

Тауып ал да өзің кеп,

Сол орынға тұра қой,

Деп   өлеңдетіп   шеңберді   айнала   қозғалып   тұрады.   Хор   айтылып   біткен   соң,   ойын

басқарушы   белгіленген   оқушы   «секір-секір»   дейді.   Айтылып   болған   соң,   басқарушы

ортадағы   тұрған   баланың   көзін  шешеді.   Ол   «секір»  деп  айтқан   баланы   іздеуге   кіріседі.

Тапса, айтқан бала ортаға шығып, ойын басқарушы көзін байлайды. Егер таба алмаса өзінің

көзін қайта байлайды. Осылайша ойын жалғаса береді.

Бұл ойын балада есте сақтау қабілетін және дыбыстарды ажырата білу қабілетін ашады.

Ұлттық ойындардың психалогиалық-педагогикалық мәніне тоқталатын болсақ «Кедеймін

деп қысылма, өнерің болса бойыңда», «Өнерлінің өрісі кең» деген халық даналықтары өте

дәл айтылған. Бүгінгі қазақ жастары қандай өнерді таңдап алып,соған деген мүмкіншілігі

мол.   Спортта   өнер   ретінде   қарастырылады.   Бірі-күштің   толысуына   әсер   етсе,   екіншісі

жылдамдықты, үшіншісі-тапқырлықты, төртіншісі-адами қасиеттерді қалыптастырады [5].

Қазақтың   ұлттық   қимыл   –   қозғалыс   ойындарын   баланың   жеке   басын   тәрбиелеудің,

олардың   адамгершілік   қасиеттерін,   адалдығын,   шыншылдығын,   ұстамдылығын,

тәртіптілігін, жолдастық сезімін дамытудың бағалы құралы ретінде пайдалана аламыз. Әр

түрлі   дене   тәрбиесі   жаттығулардың   ішінде   ойынның   арттықшылығы,   оның   ерекше

тартымдылығынан   балалардың   күшін   жұмылдыратын,   қуанышпен   қанағат   сезіміне

бөлейтін әсерлігінен, ірі бұлшықеттерінің (жүгіру, секіру, лақтыру) айтарлықтай бөлігінің

жұмысына   көмектесетін   қозғыштық   қызметін,   қимылдың   қарқынымен   күш-қуатын

балалардың   өздерінің   реттей   білу   мүмкіншілігінен,   жеке   бастаманың   және   батылдық,

тәртіп,   тапқырлық   т.б.   психологиалық   қасиеттерді   дамытуынан   деуге   болады.   Қимыл

қозғалыс ойындары тірек-қимыл аппараттарына дамыту және жетілдіру жолымен ағзаны

күшейтуге көмектеседі.

Сонымен,   ұлттық   ойындар   балаларды   әдептілікке,   ұқыптылыққа,   тәртіптікке,   әрекетті

жинақтауға   және   жоспарлауға   үйретеді.   Терең   ойды   талап   ететін   ойындарға   дойбы,

тоғызқұмалақты жатқызамыз. Қызығына ешбір тоймайтын халықтың даналығы қалдырған

ойындардың бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет