Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата12.03.2017
өлшемі1,64 Mb.
#9111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

5
-бөлім
 
 
 
Майлар 
 
МАЙЛАР ДЕГЕН НЕ? 
 
Тоң майлар мен сұйық майлар химиялық құрылысы мен физикалық-
химиялық қасиеттері бойынша органикалық қосындылар – липидтер 
тобына жатады. «Липидтер» термині көбінесе тірі организмде жүретін  
физиологиялық компоненттер мен процесстерді суреттеу барысында 
пайдаланылады. «Майлар» термині жануар тектес тағамдық майларды 
суреттегенде қолданылса, «сұйық майлар» термині өсімдік майлары 
туралы айтылғанда пайдаланылады.  
Жануар тектес майлар – сало, сиыр жəне қойдың майлары, сары май 
бөлме температурасында қатты жағдайда болса, өсімдік майлары – сұйық 
күйде кездеседі. Бұл күй жануар тектес майлар құрамына қаныққан қатты 
май қышқылдары кіретіндігіне болса, ал өсімдік майларының құрамы 
негізінен жылдам ерігіш көпқанықпаған май қышқылдарынан 
тұратындығына байланысты. Сұйық майлардың көпшілігі өсімдік 
тектестерден тұрады, ал қатты майлар -  негізінен жануар тектестер. Бірақ 
бұл заңдылықтарға бағынбайтындары да бар: балық майы сұйқыл болса, ал 
пальма майы бөлме температурасында қатты күйде кездеседі. 
Жануарлар майлары (сиыр,  қой, жылқы, шошқа, балық жəне т.б.) ет 
жəне балықтық тағамдардың құрамдас бөліктері түрінде кездеседі жəне де 
қоюлатылған майлар (сары май, шошқа салосы, үй жануарларының іш 
майлары, кулинариялық жануар майлары жəне т.б.) түрінде болады. 
Өсімдік майларын майлы дақылдар деп аталынатын өсімдіктердің 
дəндерінен - күнбағыс, жүгері, соя, зығыр, зəйтүн, рапс жəне т.б. 
дақылдардан алынады. Маргаринді бөлме температурасында қатты түрде 
қалатындай етіп өзгерту арқылы өсімдік майларынан жасайды. Өзінің 
тағамдық қасиеті жағынан маргарин өсімдік майларына аса жақын. Тағам 

 
51
майлары энергияның қоюлатылған көздеріне жатады – 1 грамм май 
организмге 9 килокалория береді. 
Май молекуласы глицериннің бір молекуласы мен бір 
(моноглицеридтер), екі (диглицеридтер) немесе үш (триглицеридтер) май 
қышқылдарының молекуласынан тұрады. Табиғаттағы майлар негізінен  
95%-ға жуық табиғи майлардан тұратын триглицеридтерден түзілген. Тоң 
майлар мен сұйық майларда бір немесе екі май қышқылдарының 
молекуласынан түзілген глицеридтер аздап кездесуі ықтимал.  
Майлар «көрінетін майларға» – мысалы, сары май, шошқа салосы, 
шұжықтардағы май кесектері жəне т.б.) жəне «көрінбейтін майларға» 
бөлінеді. «Көрінбейтін майлар» барлық дерлік тағам түрлерінде кездеседі – 
мысалы, арық еттерде, докторлық шұжықта, нандарда жəне т.б. 
«Көрінбейтін майлар» үлесіне тағамдық майлардың 60-65% жуығы тиеді. 
Яғни, пайдаланудан «көрінетін майларды» шығарып тастағанмен, майлар 
едəуір көлемде «көрінбейтін майлар» түрінде тағаммен қабылданады. 
«Көрінбейтін майлардың» негізгі мөлшері жануар тектес майлар үлесіне 
тиесілі. 
Липидтер күрделі жəне жай болып бөлінеді. Жай липидтер үш 
элементтен түзілген – сутегінен, оттегі мен көміртегінен. Күрделі 
липидтер, бұл үш элементтен өзге, фосфор мен азоттан құралған. Күрделі 
липидтердің аса майызды да кеңінен таралған түрлеріне  – фосфолипидтер 
жатады. Фосфолипидтер молекуласы спирт қалдықтарымен, 
жоғарымолекулярлық май қышқылдарынан, фосфор қышқылынан, азоттық 
негіздерден – холин немесе этаноламин, амин қышқылдары мен кейбір 
өзге қосындылардан түзілген. Фосфолипидтер – барлық тірі жасушалар 
мен жасушаға дейінгі структуралардың биологиялық мембраналарының 
міндетті компоненті.
 
Қанның липопротеидтері құрамында олар майларды, 
май қышқылдарын жəне холестерин тасымалдауға қатысады

 
Фосфолипидтердің майлық дақылдардың дəндеріндегі мөлшері 1,5-
2%, тауық жұмыртқасында - 2,4%, бауырда - 2,5% болады. 
Рафинадталынған (тазартылған) өсімдік майларында олар кездеспейді. 
Фосфолипидтер нан пісіру жəне кондитерлік кəсіпорын өндірістерінде 
маргарин жасау барысында эмульгатор (тағамдық қоспа) ретінде 
пайдаланылады. 
Сұйық майлар мен тоң майларда триглицеридтермен, тіптен 
фосфолипидтермен салыстырғанда өте аз мөлшерде кездесетін бірнеше 
заттар бар. Солай бола тұрса да, бұл заттардың құндылығы əсте де 
кішіреймек емес. Барлық сұйық жəне тоң майлардың минорлық 
компоненттеріне А, Е жəне D витаминдері, каротиноидтар, (А 
провитамині) жəне т.б. жатады. 

 
52
Жануар тектес майлармен бірге адам организміне липидтер тобына 
кіретін холестерин де қабылданады. Бір жағынан, холестерин жасушаның 
биологиялық мембраналарының міндетті компоненті жəне де ол біршама 
көлемінде организмнің өзінде синтезделінеді. Бұл аз болса, ол адам 
организмінде сырттан тамақпен түскендегіден көп мөлшерде 
синтезделінеді. Екінші жағынан, холестерин - қан тамырларының 
қабырғаларына жабысуының арқасында атеросклероз дамуына 
себепкердің бірі ретінде қаралады. Жануар тектес майларды артығымен 
қабылдау адамның басқа да созылмалы аурулары пайда болуына ықпал 
етеді. 
 
Май қышқылдары  
 
Майлардың көптігі олардың құрамына кіретін май қышқылдарының 
құрамының қасиетіне байланысты. Табиғи сұйық жəне тоң майларда 300 
жуық май қышқылдары анықталған. Май қышқылдары жұп санды 
көміртек атомдарынан құралады, олар 4-тен (сары май) 30-ға дейінгі 
(балықтардың кейбір майлары) аралықта кездеседі. Табиғатта 12-18 
көміртек атомдарынан түзілген май қышқылдары жиі кездеседі. Май 
қышқылдары молекуласындағы көміртек атомдарының санын 
майқышқылдық шынжырдың ұзындығы деп атайды. 
Май қышқылдары қаныққан жəне қанықпаған болып бөлінеді. Егер 
май қышқылында қосарланған байланыстар жоқ болса, онда олар 
қаныққан, бар болса – қанықпаған деп аталады. Құрамында бір 
қосарланған байланыс болса, онда  моноқанықпаған май қышқылы 
(МҚМҚ), екі немесе одан көп болса – (поли-) көпқанықпаған (КҚМҚ) май 
қышқылы деп аталады. 
Жануар тектес майлар қаныққан май қышқылдарына бай келеді, 
сондықтан оларды көбінесе қаныққан майлар деп атайды. Олар ет 
өнімдерінде, құс еттерінде, сүт жəне сүт өнімдерінде кездеседі. Қаныққан 
майлар қанда холестерин жинақталуына жəрдемдесетіндіктен, оларды 
шамадан тыс қабылдамаған жөн, өйткені бұл жағдай жүрек-кан тамыр 
ауруларына шалдықтыруға жетелейді.  
Омега-6 мен омега-3 қанықпаған май қышқылдарының алар орыны 
ерекше маңызды. Омега-6 көпқанықпаған май қышқылдарының көзі 
ретінде соя, жүгері, күнбағыс майлары сияқты өсімдік майлары 
қарастырылады.  Омега-3 май қышқылдарының өсімдіктердегі қоры 
ретінде соя, жаңғақ жəне зығыр майлары танымал. Омега-3 май 
қышқылдарына бай қорларға кейбір балық түрлері мен шаян тəріздестер 
жатады. Балық қорларынан қабылданған май қышқылдары мен жүрек-қан 

 
53
тамыр ауруларынан өлім-жітімнің азаюының арасында тікелей 
байланыстың барлығына дəлелдемелер бар. Омега-3 май қышқылдарының 
арасындағы ең маңыздыларына эйкозапентен қышқылы (ЭПҚ) мен 
докозагексан қышқылы (ДГҚ) жатады. Албырт, бақтақ жəне сельдь сияқты 
балықтар, нəлім мен шортан сияқты майсыз балықтарға қарағанда ЭПҚ 
мен ДГҚ май қышқылдарына бай.  
Май қышқылдарындағы қос байланыстар цис- немесе транс-
конфигурациялы келеді. Табиғаттағы көптеген майлар құрамында цис-май 
қышқылдары көп, ал транс-май қышқылдарының үлесі кемірек болады. 
Өсімдік майларынан маргарин жасаған кездердегі гидрогенизация 
процессінде қос байланыстың трансконфигурациясы пайда болады. 
Гидрогенизация нəтижесінде өсімдік майлары қатты күйге көшеді. 
Осындай жолмен алынған майлар қатты маргарин деп аталады. Маргарин 
өзінің консистенциясы бойынша кəдімгі майға ұқсайды. Транс-майлар 
қаныққан жануар майлары тəрізді қанда холестерин жиналуына əсер ететін 
болғандықтан, жүрек-қан тамыр жүйесіне кері əсерін тигізетіні анық. 
Жануар тектес майлар мен өсімдік тектес майлардың əрбірінің май 
қышқылдық құрамдары жекедара сипаттамалық ерекшеліктерге ие. Жалпы 
алғанда жануар тектес қатты майларда қаныққан май қышқылдары басым. 
Өсімдік майларында олеин жəне линоль қышқылдары басым. Тек зығыр 
жəне соя майларында омега-3 тобына енетін линолен қышқылының 
мөлшері көп. 
Аса жоғары көпқанықпаған майлар тобына балық майлары жатады. 
Бұл майлардың тамаша ерекшеліктеріне басқа жануар тектес жəне өсімдік 
тектес майларда кездеспейтін бүйірдегі өте ұзын шынжыры бар омега-3 
КҚМҚ тобына енетін май қышқылының барлығы жатады.
 
Балық 
майларында омега-3 май қышқылдарының аса көп мөлшерде болуы 
балықтық тағам өнімдерінің құндылығының аса маңызды 
сипаттамаларына жатады. 
Көптеген май қышқылдарының арасынде тек екеуі ғана – линоль жəне 
линолен алмастырылмайтын немесе эссенциалдық май қышқылдарына 
жатады жəне де олар адам организмінде синтезделінбейтіндіктен тамақпен 
бірге сырттан түсуі керек. Осыған байланысты адам өз тамақтануында, 
жануар тектес майларға қарағанда, аталған алмастырылмайтын май 
қышқылдарына бай келетін өсімдік майларын қабылдағаны жөн. Адам 
организмінде басқа қаныққан жəне моноқанықпаған май қышқылдары өзге 
май қышқылдарынан емес, көмірсулар мен белоктардан синтезделінеді. 
Ұзын бүйір шынжырлы КҚМҚ линоль жəне линолен қышқылдарынан 
синтезделінеді. 
Жасушалардағы мембрананың май қышқылдық құрамдары жəне түрлі 
топтардағы май қышқылдық түрлердің бір-біріне қатынасы тамақ 

 
54
Адам организмдегі 
майлардың негізгі 
функциялары: 
 
Пластикалық – майлар 
биологиялық 
мембраналардың 
структуралық компоненттері 
 
Энергетикалық – майлар 
рационның тəуліктік 
калориялылығының 20-30% 
қамтамасыз етеді. 
 
Қорлық – организмдегі май 
қорлары энергияның 
шоғырланған  депо болып 
табылады 
 
Транспорттық – майлар түрлі 
заттарды органдар мен 
тіндерге тасымалдауға 
қатысады  
рационындағы майқышқылдық құрамға тығыз байланысты. Бұдан 
тағамдық майлардың құрамы жəне олардағы май қышқылдарының  ара 
қатынасы жасушалардың биомембраналарының құрылысы мен 
функциясына əсер ететіндігіне көз жеткізуімізге болады.
 
 
 
ЛИПИДТЕР ФУНКЦИЯСЫ 
 
Сұйық жəне тоң майлар 
салауатты тамақтанудың маңызды 
компоненттері. Липидтер 
биологиялық мембраналардың 
структуралық компоненттері жəне 
энергетикалық қор материалы 
ретінде екі негізгі функция 
атқаратындықтан, барлық тірі 
жасушалардың міндетті 
компоненттері болып табылады.  
Майлар белоктар жəне 
көмірсулармен қатар энергияның 
негізгі көзі болып табылады. 
Майлар есебінен тəуліктік рацион 
калориялылығының кемінде 20% 
қамтамасыз етілуі керек, бірақ ол 
30% аспағаны жөн. Майлар 
энергияның ең қордаланған көзі 
болып табылады. 1 г май 
тотыққанда 9 ккал энергия бөлінеді, 
бұл белок немесе көмірсулар 
тотыққанда бөлінетін энергиядан 2,5 
есе көп. Тамақпен қабылданатын 
энергияның артығы майлар түрінде тері асты майлары немесе ішкі 
органдарды ораған іш май ретінде қорға жиналады. 
Тағамдық майлар алмастырылмайтын екі тағамдық заттар тобының 
көзі болып табылады: екі алмастырылмайтын май қышқылдары жəне төрт 
майда еритін витаминдердің. Линоль жəне линолен май қышқылдары адам 
организмінде синтезделінбейтін болғандықтан алмастырылмайтын май 
қышқылдары болып саналады. Адам организмінде линоль жəне линолен 
қышқылдарынан өзге май қышқылдары синтезделінеді, сонымен қатар зат 
алмасудың аса белсенді регуляторлары эйкозаноидтардың 
(простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер) үлкен тобы да 
осылардан синтезделінеді.
 
Линолен қышқылы мен омега-3 тобының өзге 

 
55
май қышқылдары, əсіресе жаңа туылған нəрестелердің жүйке жүйесінің 
жəне көздің торлы қабығының дамуында аса зор роль атқарады. 
Майлар майда еритін А, D, Е жəне К витаминдерінің тасымалдаушысы 
болып табылады. Витаминдердің бұл тобы организмге көбінесе майлар 
құрамында түседі. Сонымен қатар майлар олардың сіңірілуі үшін де қажет. 
Кейбір гормондар липидтер болып саналады жəне олар адам организмінде 
майлардан жəне тағам липидтерінен түзілген. 
 
АТЕРОСКЛЕРОЗ  ДАМУЫНДАҒЫ ТАҒАМДЫҚ МАЙЛАР МЕН 
ХОЛЕСТЕРИННІҢ РОЛІ 
 
Тағам майларының саны мен сапасы атеросклероз дамуына немесе 
керісінше оның алдын алуға себепкер болатын маңызды факторлардың 
бірі. Қаныққан майларды, холестеринді жəне транс-майлар сияқты 
майларды қабылдау қандағы липидтер мөлшерін арттырады, ал олар өз 
кезегінде жүрек-қан тамыр ауруларының туындау қауіпін арттырады. 
Организмге майлар артық қабылданғанда дене салмағының артуына жəне 
семіздікке соқтырады. Ал майларды кем қабылдағанда, деннің саулығына 
аса қажетті Е витамині мен көпқанықпаған май қышқылдарының 
организмге кем мөлшерде түсетіні байқалады. Бұл жағдай жоғары 
тығыздықты липопротеиннің, холестериннің жəне триглицеридтердің 
қандағы тепе-теңдігін ауытқытады.  
Атеросклероз – жүректің, бас миының жəне басқа органдардың қан 
тамырларының бүлінуімен сипатталынатын ауру. Сала қан тамырларының 
тесіктерін тарылтатын немесе толығымен бітейтін атеросклеротикалық 
жаппалар пайда болады. Осылайша жүрек бұлшық етінің жарақаттануы 
(миокард инфаркты), ми инсульты немесе аяқ саусақтарының 
жансызданып шіруі сияқты асқынуларға соқтыратын өмірге аса жауапты 
қан тамырлардың сырқаттылығы органдардың қан айналымын бұзады. 
Жаппалар құрамына холестерин кіреді, бұл жағдай атеросклероз 
дамуындағы холестерин ролін мұқият зерттеуге түрткі болды. 
Атеросклероз дамуының дəлелі саналатын қан плазмасында 
биохимиялық өзгерістерге соқтыратын барлық тағамдық факторлар  
атерогендік факторлар деп аталады. Атеросклероз дамуының бірегей 
қауіпті факторлары ретінде жануар тектес майларды артық қабылдау
 
жəне 
қан плазмасында холестерин мөлшерінің артықтығы белгілі жəне де ол 
гиперхолестеринемия деп аталады. 
 
Холестерин 

 
56
 
Холестерин – бұл организм жасушасында болатын жəне суда 
ерімейтін балауыз сияқты зат. Қан су ерітіндісі болғандықтан, холестерин 
қанға араласпайды. Холестерин мөлшері қанда көп болғанда, ол қан 
қабырғаларында тұнып топтасып, біртіндеп жаппалар түзеді. Бұл процесс 
қан тамырларының тесігін біртіндеп тарылтып, олардың созылғыштығын 
төмендетеді. Егер бұндай жағдай негізінен жүректің коронарлық қан 
тамырларында байқалса, жүректің стенокардия жəне ишемиялық ауруы 
дамиды. Ал егер негізінен ми қан тамырларының атеросклерозбен 
жарақаттануы инсультке – миға қан құйылуға соқтырады.  
Холестерин –  организмге жануарлардың майларымен түседі немесе 
синтезделінеді. Ол жасуша мембранасының құрамына кіреді, гормондық 
кортикостероидтардың,  Д витамині мен өт қышқылының түзілімдік 
алғышарты. Ересек адам денесінде 140 г холестерин  (1 кг дене массасына 
орташа есеппен 2 г холестерин) бар. Холестерин бауырда, бүйректе, ішек 
қабырғасында, қан плазмасында, бас миы мен омыртқа жұлынында жəне 
басқа органдарда қордаланып жинақталынады. Дəл осындай жағдай 
жануар организміне де таралғандықтан, холестерин бауыр, бүйрек жəне 
жануарлардың миы сияқты тіндерінде аса көп мөлшерде кездеседі (16-
кесте). 
Адам организмінде тəулігіне1200 мг-ға жуық холестерин мөлшері 
шығындалады: 500 мг-ға жуығы өт қышқылдарына дейін тотығады, тағы 
соған жуық көлемі нəжіспен сыртқа шығарылады, 100 мг-ға жуығы 
стероидтық гормондар түзуге жұмсалады. Бұл шығындардың орынын 
толтыруға тəулігіне 800 мг холестерин синтезделінеді, тамақпен (дəстүрлі 
тамақтану барысында) 400 мг-ға жуық қабылданады.  
Холестерин негізінен төмен тығыздықты липопротеидтермен (ТТЛП) 
– холестеринге аса бай «жаман немесе атерогендік» липопротеидтермен 
тасымалданады. Жоғары тығыздықты липопротеидтер (ЖТЛП) - «жақсы 
немесе антиатерогендік» липопротеидтер құрамына холестериннің тек 
аздаған мөлшері кіреді  
Қандағы айналымда жүрген холестерин деңгейі негізгі үш факторға 
байланысты: 
1)  бауырда синтезделінетін холестерин мөлшеріне; 
2)  тағаммен қабылданатын жəне сіңірілетін холестерин мөлшеріне; 
3)  өтпен экскрецияланатын жəне нəжіспен бөлінетін холестерин 
мөлшеріне. 
Атеросклероздың жəне одан туындайтын жүрек-қан тамыр 
ауруларының алдын алуға арналған кеңестік нұсқаулар холестерин мен қан 

 
57
плазмасындағы оны тасымалдайтын липопротеидтер деңгейін түзейтін 
факторларын қадағалауға негізделген. 
Қанда төмен тығыздықты липопротеиндер мен холестериннің 
жинақталуын азайту үшін тағаммен қаныққан майларды (жануар тектес), 
транс-майлар (маргарин) жəне холестеринді қабылдауды шектеу керек. 
Бұл шектеу холестеринді артығымен қабылдау тенденциясы жоғары 
еркектерге қойылса өте орынды болып табылады. Қабылданатын қаныққан 
майлар мөлшері қабылданатын калориялардың 10 пайызын ғана 
қамтамасыз етуі керек. Құрамында жеткілікті мөлшерде линоль қышқылы 
мен α-линолен қышқылы (өсімдік майлары жəне балықтық тағам өнімдері) 
бар рациондарға назарды баса аударуға кеңес беріледі. Мұндай 
диеталарда, əдетінде, қаныққан май қышқылдары аз мөлшерде болады.  
 
Қан липидтері атеросклероз туындату қауіпті факторлары ретінде 
 
Атеросклеротикалық жаппалардың міндетті компонентіне холестерин 
жатады. Төмен тығыздықты липопротедтерге қан плазмасындағы 
холестериннің сала қан тамыр қабырғаларына еніп топталынатын бөлігі 
енген. Адамның қан плазмасында ТТЛП деңгейінің артуы атеросклероз 
дамуының негізгі қауіп факторлары қатарына жатады. 
Басқа қауіп факторларына қан плазмасында ЖТЛП деңгейінің төмен 
болуы жатады, өйткені олар қан тамырларының қабырғаларына 
холестерин жинақталуын төмендетеді немесе болдырмайды. 
Ішкі органдар қан тамырларының бүлінуінің тағы бір  қауіптілік 
факторларына қандағы триглицеридтер концентрациясының артуы 
жатады, олар миокард инфарктысы немесе бас миының инсультының 
дамуына соқтыратын қан тамырларында тромбтардың пайда болуына 
немесе олардың бітеліп қалуына септігін тигізеді. 
Бұдан өзге, əрине басқа да қауіп факторлары аз емес - мысалы, темекі 
тарту, қан қысымының артуы, семіздік, алкогольге əуестену. 
 
Қаныққан май қышқылдарының əсері 
 
Жануар тектес майлардың құрамы аса бай болып келетін қаныққан 
май қышқылдары, қандағы жалпы холестерин мен ТТЛП холестеринінінің 
деңгейін арттырады жəне сол арқылы атеросклероз дамуына жол ашады. 
Холестеринді арттыратын май қышқылдарына үш қаныққан май 
қышқылдары кіреді (лаурин, миристин жəне пальмитин), сонымен қатар 
моноқанықпаған май қышқылдарының транс-изомерлері. 

 
58
Моноқанықпаған олеин қышқылы қан сарысуындағы холестерин 
мөлшерін іс жүзінде көбейтпейді, яғни холестерин деңгейіне бейтарап 
қасиет танытады. Осыған орай, басқа май қышқылдарының əсерін олеин 
қышқылының əсерімен салыстыруға болады, Бұл əдіс рациондағы 
майлардың холестерин алмасуына əсерін анықтауға қолданылады. 
 
Көпқанықпаған май қышқылдарының əсері 
 
Көпқанықпаған май қышқылдарына аса бай өсімдік майлары мен 
балық майы (немесе жай балық өнімдері) холестерин деңгейін 
арттырмайтындығын былай қойғанда, кейбір жағдайларда оның деңгейін 
төмендетеді, яғни антиатеросклеротиқалық қасиетке ие. Сондықтан КҚМҚ 
бай тағамдық өнімдер жеткілікті мөлшерде күнделікті қабылдануы керек. 
Қан плазмасында холестерин деңгейін төмендететін тағамдық фактор 
ретінде танылған КҚМҚ омега-6 тобындағы линоль қышқылы өсімдік 
майларында  (жүгері, мақта, соя, күнбағыс майлары) аса көп. Басқаша 
сөзбен айтсақ, линоль қышқылының гипохолестеринемиялық əсері бар. 
Рациондағы КҚМҚ мен қаныққан май қышқылдарының ара қатынасы 
бойынша қабылданатын тағамның қан плазмасындағы холестерин 
деңгейіне қалай əсер ететін болжауға мүмкіндік береді. 
Омега-3 тобындағы май қышқылдарының көш басшысына  линолен 
қышқылы жатады.  Линолен қышқылына аса байлар майларға соя, рапс 
жəне зығыр майлары жатады. Теңіз түбі балықтарының майлары омега-3 
тобының бүйір шынжырлы эйкозапентаен жəне докозагексаен май 
қышқылдарының жоғарғы концентрациялы КҚМҚ болып табылады. Бұл 
екі қышқылдың мөлшері балық майының басқа қышқылдарының жалпы 
мөлшерінің 25% артығын алып жатыр

Омега-3 тобының КҚМҚ қан липидтеріне негізгі əсері триглицеридтер 
деңгейін түсіретіндігінде. Осы майлармен рациондағы қаныққан жануар 
майларын алмастырғанда, ТТЛП холестеринінің деңгейі линоль 
қышқылының əсерінен төмендегеніндей болып түседі.
  
Қазіргі кезде омега-3 тобының КҚМҚ жүрек-қан тамыр ауруларын 
емдейтін заттар ретінде, тəуліктік қажеттіліктен артық фармакологиялық 
дозада қабылдайды. Қазіргі кезде Қазақстанның сауда орындарында омега-
3 май қышқылдарымен байытылған сиыр сүттері пайда болды. 
Жүрек жəне бас миының қан тамырларының
 
атеросклеротикалық 
жарақаттануымен байланысты аурулардың – миокард инфарктысы мен ми 
инсультының алдын алу үшін тамақтануда май компонентін таңдап  
қолдану негізгі байлам болып табылады
.
 

 
59
 
МАЙЛАР МЕН МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫНА ҚАЖЕТТІЛІК  
 
Əртүрлі жынысты жəне жастағы балалар мен жасөспірімдердің 
энергияға мұқтаждығына байланысты қабылдауға кеңес етілген майлардың 
(г/күндігіне) деңгейі 15-ші кестеде көрсетілген

Линоль қышқылы рационның жалпы тəуліктік калориялылығының 3-
5% пайызын қамтамасыз етуі керек. Массасы бойынша ол 8-10 г линоль 
қышқылы немесе 1-2 ас қасық өсімдік майына баламаланады. 
Тамақ рационында омега-6/омега-З ара қатынасы 10:1-ден артпағаны 
жөн.  Омега-6 жəне омега-3 тобы май қышқылдарының арасындағы 
балансты қамтамасыз ету аса маңызды, өйткені олардың зат алмасу 
процесстерінде өзара байланыстылық бəсекелестік байқалады. 
 
ТАҒАМДЫҚ ӨНІМДЕРДЕГІ МАЙЛАР МӨЛШЕРІ 
 
Барлық тоң жəне сұйық майлар – сары май, шошқа салосы, күнбағыс 
майы жəне өзге де өсімдік майлары 100% дерлік майлардан түзілген. 
Сиырдың, шошқаның, қойдың еттерінен майдың ағарған қабаттарын 
байқауға болады. Өзге майлар көптеген өсімдік тектес жəне жануар тектес 
тағамдардың құрамына кіреді, бірақ олар көзге көрінбейді

Оралған 
тағамдық өнімдердің қаптамасына əр уақытта майдың саны (массасы) 
немесе майлардың кіру пайызы көрсетіледі. Сүт жəне кефирге нольден 6% 
май енеді, қаймақта – 15-тен 40 %-ға шейін, кілегей - 6 дан 20%. 
Майлар ену деңгейіне байланысты тағамдар тобы  17-кестеде 
берілген.  
Астықтық тағамдарда (ұн, нан, макарондар, жармалар) майлар өте аз. 
Бірақ ұннан жəне астықтан жасалынатын тағамдарға əдетінде май 
қосылады, ал олар бұл тағамдардың калориялылығын жəне жалпы май 
қабылдау мөлшерін қатты көбейтеді. Дəл осылай деп басқа өнімдерден 
дайындалатын тағамдарды да қосуға болады, мысалы картоптен, еттен, 
балықтан, жұмыртқадан жəне басқалар. 
Өндірістік дамыған елдердегі тағам рационында майлар энергияның 
30-45% құрайды, ал Азия мен Африканың дамушы елдерінде  - 15-25%. 
Алмастырылмайтын май қышқылдарына деген мұқтаждықты 
(оқушылардың энергияға қажеттілігіне байланысты) күнделікті 1-2 ас 
қасық өсімдік майын қабылдау арқылы өтеуге болады.
 
Майлар есебінен 
кеңес етілген энергия қабылдау мөлшері 20-30% құрайды. Қазақстанда май 
қабылдаудан рацион энергиясының орта есеппен 35% қамтамасыз етіледі. 

 
60

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет