Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата12.03.2017
өлшемі0,5 Mb.
#9149
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
      11. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе 
отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
      12. Білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың
дайындық деңгейі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді 
оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер 
арқылы айқындалады.
      13. Міндетті оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер жалпы орта білім берудің 
базалық мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады.
      14. Міндетті оқу пәндері қатарына «Қазақ тілі»және «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде 
жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін 
сыныптар үшін), «Ана тілі мен әдебиеті» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар 
үшін), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Орыс тілі
мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Шет тілі», «Математика», «
Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Өзін-өзі тану», «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», «Дене 
шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері енеді.
      15. Әр бағыттағы бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер тиісінше 
оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлері бойынша көрсетілген және олар оқыту 
бейінінің ерекшелігін ескеріп оқу пәндерінің мазмұнын анықтауға негіз болады.
      16. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері 
қатарына «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді 
оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «География», «Құқық негіздері», «Графика 
және жобалау» пәндері енеді.
      17. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері 
қатарына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» (оқыту орыс
тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «География» 
пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «
Информатика», «Құқық негіздері», «Жаратылыстану» пәндері енеді.
      18. Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларында оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу
пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарымен нақтыланады.
      19. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке-дара даму траекторияларын қалыптастыруға және оларды 
орта білім беру ұйымын аяқтағандағы оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуге кезең-кезеңмен 
жетуге жағдай жасайды.
      20. Міндетті оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
      Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс тілі (оқыту орыс тілінде
жүргізілетін сыныптар үшін):
      1) тыңдалым және айтылым:
      білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай 
отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған 
және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында 
коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, 
сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған 
мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; 
стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен 
нормаларын сақтайды;
      2) оқылым: 
      білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық 

тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын 
мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі 
мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында 
қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу 
жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің 
композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды
жасай отырып және шешу жолдарын ұсына отырып, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан 
бағалайды;
      3) жазылым:
      білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді 
құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас 
мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, 
шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі 
жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген 
жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың 
әртүрлі түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды 
сақтайды.
      Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/Орыс әдебиеті (оқыту орыс
тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің 
үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды 
және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және 
олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
      2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен 
байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, 
мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және
жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа 
негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
      3) көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін 
белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, көркем бейнелеуіш 
құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде, 
талдамалық сипатта өзінің мәтінін дайындағанда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, 
пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
      4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді;
сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, 
кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда 
және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін 
талдайды;
      5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру 
үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша
дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді
пікірді жинақтайды;
      6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы 
оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан 
ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп
беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.
      Ана тілі мен әдебиеті (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
      1) тыңдалым және айтылым:
      білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай 
отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған 
және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында 
коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, 
сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған 

мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; 
стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен 
нормаларын сақтайды;
      2) оқылым: 
      білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық 
тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын 
мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі 
мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында 
қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу 
жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің 
композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды
жасай отырып және шешу жолдарын ұсына отырып, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан 
бағалайды;
      3) жазылым: 
      білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді 
құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас 
мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, 
шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі 
жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген 
жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың 
әртүрлі түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды 
сақтайды;
      4) әдебиет дамуындағы негізгі үрдістерді, оның қоғам дамуымен байланысын; әдебиет 
саласындағы көрнекті қайраткерлердің биографиялық деректерін; әлемдік әдебиеттің негізгі даму 
кезеңдерін; әдебиет теориясы туралы негізгі түсініктерді; толық және шолып оқу бағытында 
олардың нақты мазмұнын айту үшін, (басты кейіпкерлерді, негізгі сюжеттік оқиғаларды) шығарманың
мазмұнын біледі;
      5) тарихи-мәдени және әдеби процестегі шығармалардың орны мен рөлін; көркем әдебиетте 
көрсетілген ұлттық құндылықтарды, оның тарихи дамуында әдебиеттің қалыптасу процесін; 
шығармалардың идеясын және оны жеткізе білудегі автордың шеберлігін, қолданған әдістерін; 
шығармадағы құрылымдық элементтердің мағынасын (сюжет және композиция, көпқырлы көркем 
детальдар мен оның мәтінде берілген проблемамен астарласуы, көркем сөзді бейнелеуіш құрал 
ретінде тиімді пайдалануы және т.б.); автордың негізгі ойын, жазушының өз шығармасындағы 
кейіпкерлері мен оқиғаларға көзқарасын, авторлық ұстанымды; шығарма арқылы берілетін 
көңіл-күйді түсінеді;
      6) әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындау барысында, өзінің талдамалы 
сипаттағы мәтінін құруда, зерттелген мәтінді түсіндіруде; өзі үшін оқуға белгілеген 
идеялық-тақырыптық тұрғыдан алуан түрлі өнер туындыларын және көркем шығармаларды бағалауда; 
пікірталастарда, жұрт алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік 
қасиеттерін білдіруде, өз бетінше көркем әдеби шығарманы талдауда жинақтаған білімі мен 
дағдысын қолданады;
      7) әдеби шығарманы оның мазмұнын тұжырымдай отырып, әңгімелеу арқылы; әртүрлі жанрдағы 
шығармаларды талдай отырып, шығарма желісінде оқиға болған уақытты, жалпыадамзаттық құндылықтар
туралы түсінікті, нақты тарихи және өзекті мәселелерді; автордың шығарма негізіне алған идеясы 
бойынша ой қозғайды, талдайды;
      8) аннотация, пікір жазу үшін оқыған шығарманың мазмұнын; түрлі ақпарат көздерінен, оның 
ішінде Интернет желісінен алынған ақпараттарды шығармашылық жұмыстарға негізге алу үшін, өзінің
жеке көзқарасы мен алынған ақпаратты; қазақтың және өзге ұлттардың құндылықтарымен 
байланыстырудағы әдістерді; көркем шығарманың жанрлық шығу тегіне сәйкес талдаудың әдістерін 
жинақтайды;
      9) көркем шығармалардың маңызын; ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін және оның әлем 
мәдениетінің контексіндегі алатын орнын; көркем шығарманың мазмұны жағынан өзектілігін және 
оның адамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мәнін; шығарманың композициялық 
және стильдік тұрғыдан үйлесімін, тілінің байлығын, қойылған коммуникативтік міндеттерге 

жетудегі тиімділігін ауызша және жазбаша жеткізуді; басқа да көркем шығарма құралдары арқылы 
көркем мәтінді әңгімелеуді бағалайды.
      «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/«Орыс тілі 
мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)
      1) тыңдалым:
      білім алушы қарым-қатынастың әртүрлі аяларындағы мәтіндердің мазмұнын, коммуникативтік 
мақсатты, сонымен қатар, сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті сөйлесім 
ерекшеліктерін толық түсінеді; ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну деңгейінде қабылдайды; тыңдалған 
мәтінді айқындылығы мен бейнелілігі жағынан бағалайды;
      2) айтылым:
      дәлелді монологтік немесе диалогтік сөз дайындай отырып, коммуникативтік мақсатқа сәйкес 
түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады; көркем шығармалардың тақырыбы бойынша пайымдайды, 
шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің қатынасын білдіреді; әртүрлі 
айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын, сөйлеу тәртібі мен әдеп нормаларын 
сақтайды; проблеманың себептері мен салдарларын болжайды; мәселелерді шешу жолдарын ұсына 
отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-рухани, патриоттық, тарихи-мәдени 
дамуымен байланысты идеяларды жинақтайды; 
      3) оқылым:
      жасырын мағынасын таба отырып, тұтас және тұтас емес мәтіндердің мазмұнын толық түсінеді;
мәнмәтіннен бейтаныс сөздердің мәнін анықтайды; оқытылатын тақырыптар шеңберінде академиялық 
мәтіндердің ерекшеліктерін айқындайды; түрлі дерек көздерінен ақпаратты іріктейді; көркем 
шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы 
түсінігін талдай отырып, әдебиет туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады;
қойылған міндеттерге байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
      4) жазылым: 
      тақырып, мақсат, мәселелер жиынтығы және тілдесу жағдаятына сәйкес орфографиялық, 
грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, түрлі типте және стильде мәтіндер 
құрайды; алынған ақпаратты зерттеу және жинақтау негізінде түрлі тақырыпта тұтас немесе тұтас 
емес мәтіндер құрайды; мәтіндерге жоспардың әртүрлі түрлерін құрастырады; мәдениет пен тілдің 
көпқырлылығы, патриотизм және тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы мәселелерін бағалай отырып, 
көркем әдебиет шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін анағұрлым 
дәлме-дәл жеткізу үшін көркемдеу құралы – троптар мен стилистикалық тәсілдерді қолданады.
      Шет тілі
      1) тыңдалым:
      білім алушы әртүрлі жанрлардағы түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын, таныс және 
жартылай таныс тақырып бойынша диалогтарды түсінеді; формалар, кестелер, сызбаларды толтыру 
үшін анағұрлым функционалдық маңызды мағыналық, оның ішінде толық және ерекше ақпаратты 
іріктейді; әртүрлі білім беру салаларының, сонымен қатар тілдесудің өзге де салаларының 
мәтіндерінде кездесетін терминдер мен негізгі бірліктерінің мәнін түсінеді; дерек пен пікірді 
ажырата алады; оқыған және жалпы тақырыптар шеңберінде әртүрлі жанр мен стильдегі орта 
көлемдегі мәтін ішінен сәйкессіздіктерді тауып алады және өзара салыстыра алады, мәнмәтіндегі 
таныс емес сөздердің мағынасын түсінеді;
      2) айтылым:
      білім алушы ресми және бейресми күнделікті тілдесу жағдаяттарында диалог жүргізеді; 
тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын қолдана отырып, өзінің сөздерін дұрыс 
ресімдейді; алдын ала ұсынылған тілдік байланыстағы тактиканы іске асыра отырып, қоршаған 
шынайы ортаға деген эмоционалды тұрғыдан бағалаудағы көзқарасын білдіре алады; өзінің 
көзқарасын дәлелдей отырып, мәтіндерді талдайды және салыстырады; оқиғаларға, пікірлерге және 
мәселелерге баға бере отырып, пайымдайды; қорытынды жасайды және берілген мәселе бойынша өзінің
шешу жолдарын ұсынады;
      3) оқылым: 
      білім алушы белгілі бір күрделіліктегі публицистикалық, ғылыми танымал, көркем 
мәтіндердегі негізгі мазмұнды түсінеді; оқудың әртүрлі стратегияларын пайдаланады; оқиғалар мен
құбылыстардың уақытша және себеп-салдарлық өзара байланысын анықтайды; кітаптар және электронды

ресурстарды пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және салыстырады; түрлі жанр мен 
стильдегі мәтіндердің мазмұнын сын тұрғысынан бағалайды.
      4) жазылым:
      білім алушы жазбаша хабарлама тезистерін жасайды, жоспар құрады, түрлі жанрлар мен 
стильдердегі мәтіндерді редакциялайды және түзетеді; орфографиялық және грамматикалық нормаларды
сақтайды; медиа-ақпарат негізінде дәлелге сүйенген мәтін жазады; өзінің мәселеге қатысты 
көзқарасын білдіре отырып, проблемалық сипатта мәтіндерді жазады; іс туралы хаттар мен 
құжаттарды дайындайды; әртүрлі тақырыптарда эссе жазады (150-200 сөз).
      Математика
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін және 
графиктерін; күрделі функция ұғымын; кері функция ұғымын; кері тригонометриялық функциялардың 
анықтамаларын; тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу 
әдістерін; рационал және иррационал теңдеулерді шешу әдістерін; рационал теңсіздіктерді шешу 
тәсілдерін; көпжақтар мен айналу денелерінің түрлерін және олардың жазбаларын; көпжақтар және 
айналу денелерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын; стереометрия аксиомалары мен олардың
салдарларын; кеңістіктегі вектор ұғымын; сфераның теңдеуін; статистиканың негізгі ұғымдарын; 
дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын; фунцияның нүктедегі және шексіздіктегі 
функция шегінің анықтамаларын; нүктедегі және жиындағы функция үзіліссіздігінің анықтамаларын; 
функцияның туындысының анықтамасын; функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін; 
алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың алғашқы функцияларының 
анықтамаларын; анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын және дененің көлемін 
табу формулаларын біледі;
      жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктерді шешу 
әдістерін; екі айнымалысы бар теңдеулерді және олардың жүйелерін шешудің графиктік әдісін; 
ықтималдықтарды қосу және көбейту формулаларын; Бернулли формуласын; толық ықтималдық формуласын
; Байес формуласын; үлкен сандар заңы ұғымын; дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірімі 
түрлерін; комплекс сан және түйіндес комплекс сан (алгебралық формада) ұғымдарын; алгебраның 
негізгі теоремасының тұжырымдамасын; бірнеше айнымалысы бар көпмүшенің анықтамасын және оның 
стандартты түрін; кеңістіктегі түзудің және жазықтықтың теңдеулерін; функцияның дифференциалының
анықтамасын; дифференциалдық теңдеулер туралы жалпы ұғымдарды біледі;
      2) бір айнымалысы бар көпмүшенің стандарт түрде жазылуын; «бас жиынтық», «таңдама», «
дисперсия», «стандартты ауытқу» терминдерін; туындының геометриялық және физикалық мағыналарын;
интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде түсінеді;
      жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: сан ұғымын кеңейту және комплекс 
сандарды енгізу қажеттілігін; координаталар әдісінің мәнін; алмастырулар саны, теру, 
қайталанбалы орналастыру формулаларының мәнін; екінші ретті туындының геометриялық және 
физикалық мағыналарын түсінеді;
      3) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу 
алгоритмдерін; иррационал теңдеулерді шешу алгоритмін; қарапайым стереометриялық сызбаларды 
орындау техникасын; есептерді шығаруда түзулердің параллель, айқас және перпендикуляр болуының,
жазықтықтардың параллель және перпендикуляр болуының белгілері мен қасиеттерін; геометриялық 
денелердің беттерінің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын; геометриялық есептерді шешуде 
векторларға қолданылатын амалдар ережелерін; векторлардың коллинеарлық және компланарлық 
шарттарын; функцияның күдікті нүктелері мен экстремум нүктелерін, кему және өсу аралықтарын 
табу тәсілдерін; туындыны табуда дифференциалдау техникасы мен туындылар кестесін; анықталған 
интегралды табуда интегралдар кестесі мен Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады;
      жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктерді шешу 
алгоритмдерін; квадрат теңдеулерді шешуде комплекс сандар туралы білімдерін; жуықтап есептеулер
үшін Ньютон биномын; көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдістерін; көпмүшенің түбірлерін немесе 
коэффициенттерін табуға арналған Безу теоремасы мен Горнер сызбасын; функциялардың шектерін 
есептеу әдістерін; функцияның графигінің ойыстығы (дөңестігі) аралықтарын, иілу нүктелерін табу
тәсілдерін; интегралдау әдістерін (бөліктеп және ауыстыру әдісі); Бернулли формуласын; толық 
ықтималдық формуласын; Байес формуласын; айнымалылары бөлінетін дифференциалдық теңдеулер және 

ay''+by'+cy=0 (a,b,c–тұрақты шамалар) түріндегі екінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешу 
әдістерін; функция графигінің асимптоталарын табу тәсілдерін қолданады;
      4) кеңістіктегі түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың, жазықтық пен айналу 
денелерінің өзара орналасуын; айналу денелерінің жазықтықпен қимасын; графигі бойынша 
функцияның қасиеттерін талдайды; геометриялық және физикалық мазмұндағы есептерді талдайды және
ондай есептерді туындының және/немесе интегралдың көмегімен шығарады; кездейсоқ шамалардың 
типтерінің өзгешеліктерін талдайды және дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын 
есептейді;
      жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: симметриялық және біртекті 
көпмүшелердің түбірлерін табу тәсілдерін; көпжақтардың (текше, тікбұрышты параллелепипед, 
пирамида) жазықтықпен қимасын; дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдерін 
талдайды;
      5) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі
әдістерін; иррационал теңдеулерді шешудің әдістерін; көпжақтар мен айналу денелерінің 
жазбаларының модельдерін; нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін жинақтайды;
      жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: оқиға ықтималдығын табуға арналған 
комбинаторика формулаларын; иррационал теңсіздіктерді шешудің түрлі тәсілдерін; кері 
тригонометриялық функциялардың анықтамалары және өзара кері функциялардың қасиеттері негізінде 
кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайды;
      6) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімдерін; 
иррационал теңдеулердің шешімдерін; статистикалық мәліметтердің вариацияларының көрсеткіштері 
мәндерін бағалайды;
      жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктердің, теңдеу 
арқылы шығарылатын мәтін есептерге қатысты дифференциалдық теңдеудің шешімдерін бағалайды.
      Қазіргі әлемдегі Қазақстан
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) әлеуметтік зерттеулердің сандық және сапалық әдістерін, маңыздылығын, деңгейлерін, 
түрлерін; Қазақстандағы қоғамдық, әлеуметтік және саяси объектілер, процестер және құбылыстарды
; Қазақстан саясатының функцияларын, құрылымын және түрлерін; саяси, экономикалық, әлеуметтік, 
мәдени дамудың индикаторларын; қазақстандық қоғамның құрылымы мен құндылықтарын; қоғамдық 
институттардың негізгі рөлін; әлеуметтік қатынастардың түрлерін; құқықтық мемлекет пен 
азаматтық қоғамның белгілерін; мәдениеттің негізгі элементтерін және функцияларын; Қазақстан 
экономикасының ұлттық моделін; Қазақстанның дүниежүзі елдерінің саяси типологиясындағы орнын; 
Қазақстанның экономикалық стратегияларын; Қазақстанның геосаяси жағдайы мен геосаяси мүдделерін;
Қазақстанның жаһандық бастамаларын біледі;
      2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері жүйесін; Қазақстанның жаһандағы орнын; 
мемлекетті басқарудың құралдары мен механизмдерін, қажеттілігін; саяси, экономикалық және 
әлеуметтік-мәдени прогресстің стратегияларын; мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздікті күшейту 
жөніндегі шаралардың маңыздылығын; Қазақстан Республикасының дамуында жеке азаматтың 
жауапкершілігін түсінеді;
      3) әлеуметтік зерттеулердің сандық және сапалық әдістерін; социологиялық зерттеулердің 
нәтижелерін ұсыну формалары туралы білімдерін; саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
процестерді түсіндіру, салыстыру, ранжирлеу, модельдеу дағдыларын; қоғамдық, әлеуметтік және 
саяси объектілердің, процестер мен құбылыстардың даму факторлары мен проблемаларын, түрлі 
сипаттамаларын, талдау және бағалау әдістерін қолданады;
      4) Қазақстан мемлекетінің даму факторлары, функциялары, стратегиялары және проблемалары, 
белгілері мен ерекшеліктері, құрамы, құрылымын; Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының 
бағыттарын; мемлекеттік аппарат пен органдардың құрылымын, қызметін, қағидаттарын; саяси, 
экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың индикаторларын; Қазақстан қоғамының құрылымы мен 
құндылықтарын; негізгі қоғамдық әлеуметтік институттардың рөлін; әлеуметтік қатынастарды; 
Қазақстан мәдениетінің алуантүрлілігін; Қазақстан экономикасының ұлттық моделін; Қазақстанның 
әлемдегі геосаяси жағдайы мен орнын; Қазақстанның әлемдегі геосаяси белсенділігінің бағыттарын; 
Қазақстанға жаһанданудың әсерін талдайды;
      5) әлеуметтік зерттеулердің түрлі формаларын; қоғам құндылықтарын қалыптастыру және 

мемлекеттік ішкі саясат, ұлттық қауіпсіздік проблемаларының шешу жолдарын; Қазақстан қоғамының 
ұлттық құндылықтарын нығайту жөніндегі жобаларды; азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзіндік 
модельдерін; өз мекенінің әлеуметтік проблемалары туралы жобаларды; саяси, экономикалық, 
әлеуметтік-мәдени реформалардың өзіндік жобалары; халықаралық деңгейде Қазақстанның имиджін 
жақсарту жөніндегі шығармашылық жобаларды жинақтайды;
      6) Қазақстан мемлекетінің даму факторларын, функцияларын, стратегияларын және 
проблемаларын; мемлекеттілікті нығайту жолдарын; Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының 
бағыттарын; Қазақстанның мемлекеттік билік жүйесін; мемлекеттің дамуындағы жеке азаматтың рөлін
; Қазақстанның геосаяси күш-қуатын; Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуын; жаһандану 
процестерінің таралу құралдарын; Қазақстанның жаһандық бастамаларын; Қазақстанның халықаралық 
имиджін бағалайды.
      Өзін-өзі тану
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) адамның рухани өмірінің негізі ретінде жалпыадамзаттық құндылықтарды; қоғамдағы 
адамның адамгершілік мінез-құлқы нормаларын; күнделікті өмірде позитивті ойлаудың ролі туралы; 
шынайы рухани табиғат туралы; адамның өмірде алатын орны туралы; күнделікті өмірде риясыз 
сүйіспеншіліктің маңыздылығы, ар-ұжданға құлақ түру жайлы біледі;
      2) адамның қалыптасуы үшін рухани-адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын; рухани 
тұрғыдан өзін-өзі жетілдірудің қажеттілігін және өзінің отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы 
атқаратын рөлін; қоғамдағы жоғары адамгершілік қасиеттерді, дағдыларды, қызметті дамыту 
қажеттілігін, дене және рухани саулықтың өзара үйлесімінің алатын орнын; өзінің ел, қала, ауыл,
мектеп және отбасы өміріне қатысын, өзінің мақсаты, міндеттері, сөздері және іс-әрекеттеріне 
жауапкершілікті түсінеді;
      3) күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімін, моральдық тұрғыдан 
қадамына қарай іс-әрекетіне таңдау қабілетін және ой, сөз, әрекеттерінің өзара бірлікте болып 
өмір сүру барысында, салауатты өмір салтын ұстануда, ар-ождан ұстанымында және халыққа қызмет 
көрсетудегі жеке іс-тәжірибесінде, халыққа қызмет көрсету барысында қолданады;
      4) рухани-адамгершілік құндылықтар тұрғысынан өзінің іс-әрекеттерін; адамгершіліктен 
бастау алатын қарым-қатынас; әртүрлі көздерден келіп түсетін ақпаратты ар-ождан тұрғысынан 
талдайды;өмірде туындайтын жағдаяттардан қалыптасқан ар-ожданға қатысты сабақтарды; отбасында, 
ұжымда, қоғамда рухани-адамгершілік нормаларға сәйкес өз мүмкіндіктері мен өз армандарын, 
мақсаттары мен оған жету жолдарын қарастырады; өзінің рухани-адамгершілік, тұлғалық және кәсіби
өсуі; отбасында, ұжымда, қоғамда тілектестік және өзара түсіністік ахуалы; өзімен өзі және 
қоршаған әлеммен зорлық жасамау қағидалары негізінде үйлесімді қатынас орнату үшін жағдай 
жасайды;
      5) отбасылық, тұлғааралық және қоғамдық салаларда өзара қатынасты жетілдіру, 
рухани-адамгершілік жетілу жолдарын іздестіру үшін рухани-адамгершілік білімді жинақтайды;
      6) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде өз қылықтарын, өзінің эмоциялық күйін, адамның 
және табиғаттың өзара әрекеттесу тәсілдерін бағалайды.
      Экономика және кәсіпкерлік негіздері
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) нарық және оның негізгі элементтері ұғымын; бизнес-жоспардың құрылымын; кәсіпкерлік 
қызметтің түрлерін; кәсіпкерлік этика, бизнесті жүргізу мәдениеті нормаларын; маркетинг 
қағидаттарын; экономикалық қызметтің түрлі қатысушыларының рөлін; сұраныс пен ұсыныс 
икемділігінің мәнін; экономиканың басым салаларына қаржылық қолдаудың мақсаттары мен формаларын;
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын; Қазақстан 
Республикасының салық салу қағидаттарын біледі;
      2) адамның күнделікті өмірінде экономиканың рөлін; ресурстардың шектеулілігі мен шексіз 
қажеттіліктер жағдайында таңдау мәселесінің маңыздылығын; сұраныс пен ұсыныс икемділігінің 
сипатына әсер ететін факторларды; кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңының мәнін; қаржы 
құралдарының әртүрлі түрлерінің ерекшеліктерін; сыртқы оң және теріс нәтижелердің (сыртқы 
әсерлердің) пайда болуын; шағын және орта бизнестің макро- және микро ортасының негізгі 
элементтерін; бизнестегі инновациялардың маңыздылығын; қабылданатын кәсіпкерлік шешімдердің 
әлеуметтік маңыздылығын; менеджмент пен маркетингтің рөлін; мемлекеттің экономикадағы 

қызметтерін; Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қалыптасу қағидаттарын; 
қазақстандық өндірістің тиімділігін арттыруда бәсекелестіктің мәнін түсінеді;
      3) өзінің бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін бизнес-жоспар жобасын; тепе-тең баға, сауда 
көлемін, сұраныс пен ұсыныс икемділігін, табыс пен кірісті анықтау формулаларын; қаржылық есеп 
айырысу жүргізудің негізгі ережелерін қолданады;
      4) экономикалық жүйелердің айырмашылықтарын; кәсіпкерлік пен кәсіпорындардың 
ұйымдастыру-құқықтық формалары арасындағы айырмашылықтарын; қазақстандық экономикалық жүйе мен 
нарықтың ерекшеліктерін; шағын және орта бизнесті қолдауды ұсыну шарттарын; Қазақстан 
Республикасы кәсіпкерлерінің тәжірибесін; жеке және қоғамдық игіліктің айырмашылықтарын талдайды
;
      5) бизнес-тұжырымдама жасауға арналған идеяларды; өндірістік жоспарды, маркетинг жоспарын
және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы моделін; өндірістік мүмкіндіктердің қисық 
сызықты көрсеткішін жинақтайды;
      6) түрлі экономикалық жүйелердің құндылығы мен кемшіліктерін; бизнес-идеяны іске асырудың
келешегі мен тәуекелдерін бағалайды.
      Дене шынықтыру
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін; әр 
түрлі бағыттылығы бар дене жаттығулары сабақтарының кешенін; жалпы дамыту және түзету 
бағытындағы дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және 
денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін; дене жүктемелері кезінде өз 
ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру арқылы оларды дамыту мен 
жетілдіру мүмкіндіктерін біледі;
      2) өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін; дене тәрбиесімен жүйелі 
шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір 
салтын ұстануға қажеттілікті; атқарылатын қозғалыс әрекеттерінің ауырлық деңгейін; физикалық 
дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген қарқындылығына жету 
қажеттілігін түсінеді;
      3) өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын, салауатты өмір салтын және бос 
уақытын ұтымды ұйымдастыруды, ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау 
кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін 
дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың 
дербес жолдарын; функционалдық қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларымен өз бетімен 
ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін; дене жаттығуларымен
шұғылдану кезінде жарақаттанудың алдын алу және дәрігер алды көмек көрсету білімін қолданады;
      4) сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын 
орындау кезінде өз ағзасының функционалды қызмет ету жағдайын талдайды;
      5) қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі 
жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастыруда дағдыларды; 
дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде мәселелерді зерттеу және шешу үшін сын тұрғысынан ойлау 
құралдары мен білімін; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке 
және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін білуді жинақтайды;
      6) жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен 
шұғылданудың маңыздылығын; өз бетінше жетілу және қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін; дене 
жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның функционалды қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу 
қабілетін; дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын мөлшерлеуді бағалайды.
      Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасының 
Қарулы Күштеріне мамандарды даярлау жүйесін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын 
ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда және табиғи апатты хабарлау 
барысында, сондай-ақ, сол кезде әрекет ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау 
ошақтарында құтқару және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; 
қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының

атқаратын қызметін, құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялау және 
жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; медициналық көмектің міндеттері
мен түрлерін біледі;
      2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, химиялық, 
бактериологиялық (биологиялық) қарулардың және басқа да адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы 
құралдарының әсер ету ерекшеліктерін, сондай-ақ, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына,
қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және экологиялық шығынын түсінеді;
      3) жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануды; радиациялық және химиялық бақылау 
жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді; жараланғанда, қан кеткенде, күйік 
шалғанда және үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы 
медициналық көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі
бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетуді; 
интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды пайдаланады, робототехника дағдыларын 
меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады;
      4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды; 
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын талдайды;
      5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет 
ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету 
алгоритмін жинақтайды;
      6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды
      21. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері 
бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
      Биология
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдардың құрылымын, құрамын және
міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның хромосомалық 
ауруларының тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйлерін; тірі ағзалардың қоректенулері мен 
метаболизмінің түрлерінің/типтерінің өзгергіштігін; түрдің пайда болуы әдістерін; генетика 
негіздері және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен
схемаларын; антропогенезді; ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемаларды және табиғат 
ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
      2) фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, 
транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; гендік-инженерлік 
манипуляциялардың мәнін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен 
эволюция арасындағы өзара байланыс; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің 
механизмін; экологиялық пирамиданың ережесін; қоршаған ортаға антропогендік әсер етулердің 
зардаптарын түсінеді;
      3) молекулалық биология және генетика есептерін шешудің схемалары мен әдістерін; 
экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған 
статистикалық әдістерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдісін; тәжірибелерді әзірлеу, 
жүргізу, бақылау, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни 
тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектер, улы заттар, зертханалық жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік 
ережелерін қолданады;
      4) фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер 
ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ-ның репликациясы мен 
рекомбинациясын, мутация мен репарация процестерін, ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі 
арасындағы байланысты; сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты; экожүйе түрінің 
әртүрлілігін және тұрақтылығын; әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайларды талдайды;
      5) адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, 
график, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін жинақталған және өңделген 
мәліметтерді, ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер 
мен дәлелдемелерді; зерттеушілік, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық 
проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын жинақтайды;

      6) ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, 
фотосинтездің нәтижесін; моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, 
модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз аймағының экожүйесін; 
биотехнологияда зерттелетін генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға 
байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.
      Химия 
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық 
құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді; органикалық және бейорганикалық 
қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін; 
полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының 
кейбір салаларда қолданылуы және ерекше қасиеттерін; нанотехнологияның кейбір салаларда 
қолданылуын біледі;
      2) түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; химиялық реакциялардағы 
энергиялардың өзгерулерін; химиялық айналымдардың негізгі механизмдерін; кинетикалық теорияның,
гомогенді және гетерогенді катализдің, электрохимияның негіздерін; ауыспалы металдардың ерекше 
қасиеттерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық 
қасиеттерін; талдаудың инструментальды әдісі арқылы қосылыстарды зерттеу қағидаттарын; ең 
маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
      3) табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін, 
әр түрлі жағдайларда химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктерін анықтау және олардың салдарларын
бағалау үшін білімдері мен біліктерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдістерін; қоршаған 
ортада экологиялық сауатты болу ережесін; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға 
әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, 
жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды, 
зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
      4) заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланысты екенін; заттардың 
құрылымы мен қасиеттерін анықтауға арналған олардың қарапайым спектрлерін; химиялық реакцияның 
жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдік түрлі факторларға байланысты екенін; Периодтық жүйеде 
элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін; қышқылдар мен негіздердің түрлі теорияларын, 
ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктерді талдайды;
      5) органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық 
байланыстарды; заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық 
айналымдардың болып өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
      6) әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әр түрлі 
факторлардың әсер етуін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпал етуін;
қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; радиоактивті 
ыдырауының әсерлерін; түрлі дереккөздердің ақпараттарының дұрыстығын бағалайды .
      Физика
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), 
молекулалық физика мен термодинамиканың; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және 
айнымалы ток, электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық 
және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын; ғалам дамуының негізгі 
кезеңдерін; ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, негізгі радиотехникалық қондырғылар мен 
жүйелерді құру қағидаттарын; нанотехнологияның негізгі қағидаттарын және шығу тарихын; 
жаңартылған және жаңартылмайтын табиғи қорларды ұтымды пайдаланудың негіздерін біледі;
      2) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), 
молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын, қағидаттары мен постулаттарын; 
электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, 
электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың негізгі 
заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи 
ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық 
есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;

      3) физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика 
ғылымының символикалары мен терминологияларын; физикада қолданылатын ғылыми танымның бақылау, 
сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; ғаламтор желісі мен компьютерлік 
дерекқорлардағы физика бойынша ақпараттарды іздеу және өңдеу үшін жаңа ақпараттық 
технологиялардың мүмкіндігін; эксперименттер мен өлшеу нәтижелерін өңдеу, физикалық шамалар 
арасындағы тәуелділіктерді анықтау тәсілдерін қолданады;
      4) дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; ғаламдағы құбылыстарға, 
нысандар мен денелерге әр түрлі физикалық күштердің әрекетін, екі айнымалы арасындағы қатынасты
; физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; 
құрылғылар мен аспаптардың сипаттамалары мен жұмыс істеу қағидаттарын, ғылыми жаңалықтарды 
қолданылу салаларын; нанотехнологияның қолдану салаларын, адамның өндірістік қызметі мен 
қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ғалам күйін сипаттайтын 
параметрлерді және оның дамуының мүмкін жолдарын талдайды;
      5) жиналған және өңделген мәліметтердің, ақпараттың кесте, график, хабарлама баяндама, 
презентация түрінде қарастырылуы үшiн; ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді болжамдар, 
дәлелдеулер, түсiндiрмелер ұсыну үшiн; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
      6) заңдар мен олардың қолданысын білуін жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің 
нәтижелерін, экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның 
өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын, нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің 
қолданысын бағалайды.
      Информатика
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) формалды логика негіздерін; аналық тақша мен орталық процессордың негізгі функциялары 
мен құрамын, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеті мен негізгі функцияларын; деректер
қорын басқару жүйелерімен жұмыс істеу негіздерін; программалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін 
өмірлік циклдің модельдерін; веб-бағдарламалау негіздерін, сондай-ақ веб-сайттарды жасау үшін 
деректер қоры теориясын; желілік хаттамаларды және Интернет жұмысының қағидаттарын; деректер 
мен компьютерлік жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленген қауіпсіздік шараларын 
біледі;
      2) компьютердің логикалық элементтерінің міндетін; позициялық және бейпозициялық санау 
жүйелері арасындағы айырмашылықты; реляциялық деректер қорын ұйымдастыру қағидаттарын; тұрақты 
және жедел есте сақтау құрылғылары арасындағы айырмашылықты; желілік технологияның қызмет 
етуінің негізгі қағидаттарын; тұтынушы-сервер моделінің артықшылықтары мен кемшіліктерін 
түсінеді;
      3) әртүрлі есептерді шешу барысында логикалық өрнектер мен амалдарды; бір санау жүйесінен
басқа санау жүйесіне сандарды ауыстыру ережелерін; ақпараттық объектілерді жасау және өзінің 
жұмыс нәтижелерін ресімдеу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; өзінің жұмысын 
тиімді ұйымдастыру үшін мәтіндік және кестелік процессордың кеңейтілген мүмкіндіктерін; 
деректер қорында сұраныс құрастыру ережелерін; құжаттарды редакциялау мен сақтау барысында 
бұлтты технологияларды; web-сайттарды жасау барысында бағдарламалау элементтерін; желіде жеке 
қауіпсіздік және желі этикеті ережелерін қолданады;
      4) ақпаратты іздеу үшін бірнеше белгілер мен қатынас операторларын қолдану арқылы 
сұранысты; есепті модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы шешудің тиісті әдістері мен 
тәсілдемелерін анықтау үшін есепті; компьютерде өңдеу мен есептеудің қойылған міндетке 
сәйкестігінің нәтижелерін; анағұрлым тиімдісін анықтау үшін әртүрлі тәсілдермен есептерді шешу 
жолдарын талдайды;
      5) өзінің идеялары мен ойларын білдіру үшін әртүрлі түрлерде ақпаратты; басқару формалары
мен элементтері көмегімен деректер қорын; қолданушы міндеттерін шешу үшін веб-сайттарды 
жинақтайды;
      6) жобаны модельдеу мен әзірлеу барысында қойылған мақсаттарға сәйкес өз қызметінің 
нәтижелерін (нақтылық, өлшемділік, қол жетімділік, шынайылық, қатыстылық); бағдарламалау 
құралдарын қоса алғанда қолданыстағы бағдарламалық қамсыздандырудың артықшылықтары мен 
кемшіліктерін бағалайды.
      22. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері 

бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер
      География
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың, геосаясаттың, 
геоэкономиканың негізгі категорияларын; геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, 
әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты 
пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын; геосфераларға антропогендік 
әсердің көздерін, факторларын және себептерін; табиғатты қорғау шараларының жүйесін және 
негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және 
табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының 
айырмашылықтарын; жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының
географиялық ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар мен елдердің географиялық өзгешеліктерін, 
олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі 
жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын
; дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және 
мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан 
Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның 
аймақтық, халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, қатысын; 
адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін біледі;
      2) дүние жүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық көрінісін; 
географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық, әлеуметтік, 
геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін; «табиғат - халық (қоғам)
- шаруашылық (экономика)» географиялық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын; табиғи ортаға 
антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық 
прогрестің рөлін; адамның ғаламдықтан жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) 
ортасын қалыптастыратын және өзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; өмір 
сүру сапасының қоршаған табиғи орта сапасынан тәуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар 
мен елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің 
маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттесу 
сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері
мен оларды шешу жолдарын түсінеді;
      3) географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын; географиялық 
деректердің түрлі көздерін; тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістіктік
дереккөздерін; географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде 
өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; қажетті мәнмәтінде 
есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды қолданады;
      4) географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың 
арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың 
кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, 
байланыс және басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік 
шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық геокеңістіктік 
деректерді; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі елдерінің 
рейтингтері мен индекстерін талдайды;
      5) модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; 
географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; 
зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және 
саралу мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды 
түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды 
жинақтайды;
      6) географиялық дереккөздерінің шынайылық дәрежесін; геосфералардың параметрлері мен 
экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік 
өзгерістерінің дәрежесін және олардың салдарын; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; 
қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін;
қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен индекстердегі 

көрсеткіштері мен орнын; кезкелген дәрежедегі аумақтың географиялық және геосаяси жағдайын; 
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзі елдерін; мемлекеттік аумақтың 
морфологиялық ерекшеліктерін бағалайды.
      Графика және жобалау
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) көрнекі ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, әдістерін және тәсілдерін; графикалық 
бейнелердің негізгі түрлерін; графика құралдары мен жобалаудың негізгі әдістерін; геометриялық 
денелердің сырт пішінінің құрылу (қалыптасу) заңдылықтарын; машинажасау, сәулет – құрылыс 
сызбалары туралы жалпы түсініктерді; топографикалық сызбалар элементтерін; бұйымды жасау және 
жобалау кезеңдерін; көрнекі ақпаратты қол және компьютерлік графика құралдары арқылы бейнелеу 
әдістері мен тәсілдерін біледі;
      2) құбылыстар, процестер және заттық әлем туралы ақпаратты ұсыну және визуализациялау 
кезінде графикалық бейнелер рөлінің маңыздылығын; графикалық модельдеу әдістері заңдылықтарының 
құбылыстары мен процестерін; зат формасын көрсету кезіндегі графикалық бейнелердің түрлері 
арасындағы айырмашылықты, олардың кеңістік және метрикалық сипаттамасын; тәжірибелік 
іс-әрекеттегі қолмен және компьютерлік графиканың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін; макет жасау 
және модельдеу ерекшеліктерін түсінеді;
      3) графикалық жұмысқа арналған материалдар мен құралдарды; заттың геометриялық (
конструктивтік) формасын құрастыру тәсілдерін; проекциялау әдісін; геометриялық денелер бетінің
жаймасының сызбасын құрастыру әдістерін; бейненің көрінісі мен құрамын өзгерту әдістерін; 
жобалық және конструктивтік шешім қабылдау үшін анықтамалық құжаттарды; графикалық модельдеу, 
макеттеу және жобалау бойынша әр түрлі есептерді (мәселелерді) шешу барысында қол және 
компьютерлік графика құралдарын қолданады;
      4) көрнекі ақпаратты ұсынудың әр түрлі тәсілдерін және бейненің қасиеттерін; заттардың 
бейнесін жасағанда олардың геометриялық формалары мен конструкцияларын; заттың формасын анықтау
үшін бейненің түрлі көрінісін пайдалану мүмкіндігін; бейненің графикалық құрамын және заттың 
формасын анықтау үшін кешенді сызбаны талдайды;
      5) зат формасын қайта құру үшін контурлы бейнені; түрі және құрамы бойынша жүйелеу үшін 
бастапқы бейнедегі графикалық ақпаратты; қажетті графикалық ақпаратты толық және жеткілікті 
көрсету үшін түрлі бейне көріністерін; шығармашылық ойды іске асыру үшін графиканың әр түрлі 
құралдарын жинақтайды;
      6) көрнекі ақпаратты бекітудің әдістерін; әр түрлі объектілердің графикалық бейнелерін; 
бейнені қайта құрудың түрлі тәсілдерін; жобалау іс-әрекеті процесінде қолданылатын графика 
құралдары мен жобалау әдістерін; заттардың геометриялық және конструктивтік сипаттамасын; 
шығармашылық іс-әрекет барысын және нәтижесін бағалайды.
      23. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша
жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер
      Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/орыс тілі» (оқыту орыс 
тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) Қазақстанда қазақ, орыс және шет тілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін; негізгі 
лингвистикалық терминдерді; оқытылатын тілдің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық 
негізгі ерекшеліктерін, оның әртүрлі қызметін; сөз таптарының типологиясын; көп этникалық 
Қазақстанда және әлемде даусыз сөйлесім әсерінің негізін; сөйлеу этикетінің формуласын, сөйлеу 
тәртібінің стереотиптерін; тілдің әлеуметтік бағытын; оқытылатын тілдің типологиялық және 
генетикалық жағын біледі;
      2) қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерудің маңыздылығын, қазақ халқының тарихына, 
мәдениетіне, дәстүріне, құндылықтарына құрмет және толеранттық қатынас көрсету; тілдің және 
жазудың (түркі және славян) даму заңдылығы мен график қағидаттарының негізін; тілдің 
әлеуметтік-мәдени құбылыс ретіндегі рөлі; халық тілінің, тарихының және мәдениетінің өзара 
байланысын; тілдің ойлаумен байланысын, тілдердің және мәдениетаралық байланыстың өзара 
ықпалдасу ерекшеліктерін түсінеді;
      3) нақты міндеттерді орындауда және тілдің деңгей түрлерінің бірін талдау барысында 
теориялық білімін; оқытылатын тілдегі тіл бірліктерін қолдану ерекшеліктерін аша отырып, 

мәтінге филологиялық талдау жасау амалдарын; өмірдегі қызметтің түрлі салаларында тілді 
қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты қолданады ;
      4) тілдік бірліктерге дыбыстық, морфемалық, грамматикалық семантикалық талдау жасай 
отырып, мәтіндерді; оқытылатын тіл графикасын,; тілдік бірлік білімдерінің механизмі; тіл 
құбылыстарын танудағы түрлі ғылыми көзқарастарды; танылатын тақырып бойынша түрлі ғылыми 
еңбектердегі ақпараттарды талдайды;
      5) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің тілдік бірліктеріне салыстырмалы талдау жасау үшін
алған теориялық ақпараттарды; жобалық жұмыстарда қолдану үшін тілдік бірліктердің қызмет етуі 
туралы ақпаратты; өзіндік ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда меңгерген деректері мен 
пікірлерді жинақтайды;
      6) әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндерде түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің қолданылуы 
орнын; танылып отырған тіл құбылысы туралы түрлі көзқарастарды; мәтінді танып-талдауда оның 
орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, 
стилистикалық нормаларға сәйкестігін; қазақ/орыс тіл білімінің басты тұжырымдамаларын бағалайды
.
      Қазақстан тарихы
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарды және олардың орналасқан жерлерін; 
көшпенділіктің тарихи түрлерін; еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін; 
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын; 
әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін; 
қазақ халқының этникалық тарихын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын; Қазақстан 
полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихын; Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерін; 
Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; түрлі тарихи 
кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін; Қазақстан тарихы бойынша 
негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді біледі;
      2) Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарының, негізгі оқиғалардың мәнін; 
ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің әр түрлерінің, Қазақстан 
территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін; әлемдік мәдени-тарихи 
прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын; түрлі тарихи кезеңдердегі 
Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын; 
түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі
және сыртқы факторлардың ықпалын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының 
ерекшеліктерін; Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; Қазақстанның саяси, 
әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін; ұлттық біртектілікті 
сақтау үшін қазақтардың мәдени мұрасының маңызын; қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін
Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін түсінеді;
      3) Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет 
ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде; Орталық Азия көшпенділер мәдениетінің қалыптасу
мен даму ерекшеліктерін анықтауда; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, 
әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде; Қазақстанның дамуындағы 
тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда; Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен 
құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
      4) Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде, ортақ белгілері мен 
ерекшеліктерін анықтай отырып; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер
мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, 
миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын; себеп-салдар 
байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғалар, процестері мен 
құбылыстарды; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; Қазақстан тарихы бойынша 
ғалымдардың еңбектері мен деректерді; Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени 
процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен 
перспективаларын талдайды;
      5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық 
сипаттағы жұмыстарды; Қазақстан мен әлемнің басқа аймақтарындағы тарихи дамудың жалпы 

заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларды; Қазақстан
тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен 
гипотезаларды жинақтайды;
      6) түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон,
саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; отан 
тарихына ықпалы контекстінде тарихи тұлғалардың қызметін; Орталық Азия халықтары мәдениетінің 
әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін; тарихи мәліметтердің шынайылығын; Қазақстан тарихының 
этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың 
дәлелдік дәрежесін бағалайды.
      Дүниежүзі тарихы
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи түрлері мен 
мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына 
ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік 
жаңалықтар және жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, 
қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми 
теорияларын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі
тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
      2) мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің тарихи формалары
мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын;
әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих 
барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың 
жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, 
әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік 
қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық 
әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын 
түсінеді;
      3) уақыт пен кеңістікте әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттері құрылуын 
анықтау кезінде; мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік 
ерекшеліктерін анықтау барысында; түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси
әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін анықтауда; әлем тарихындағы 
тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде; өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға 
қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
      4) әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын; 
түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, 
демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын; 
себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, 
процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; этногенез
, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; жаһандану жағдайында 
бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
      5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық 
сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін 
анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын; әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы 
тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды;
      6) түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, 
саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем 
тарихының ықпалы контекстінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен 
дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын; әлем 
тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми
теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
      География
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың, 
геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты пайдалану саласындағы, экономикалық, 

әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін 
антропогендік әсердің факторларын, көздерін және салдарын; экологиялық тәуекелдерді; 
экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін; табиғатты қорғау 
шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін; 
табиғатты пайдаланудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық механизмдерін; заманауи 
экологиялық саясаттың бағыттарын; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін; өмір сүру сапасының 
көрсеткіштерін; экономикалық жүйелер модельдерін; дүниежүзілік шаруашылық және дүниежүзі елдері
дамуының басты көрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық қатынастардың 
жиынтығын; ғаламдану процесін; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысуын; 
адамзаттың заманауи ғаламдық проблемалары және олардың жергілікті, аймақтық деңгейлердегі 
көрінісін; ұлттық мүдделер тұрғысынан Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігінің 
бағыттарын; дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтарын біледі;
      2) заманауи әлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін
; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара 
әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің 
ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық және жергілікті 
табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің серпінін; қоғам мен табиғаттың 
өзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; 
қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің ролін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық 
және саяси дамуының географиялық факторлардан тәуелділік дәрежесін; өмір сүру сапасының 
қоршаған орта сапасынан тәуелділігін; заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық 
проблемалардың және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету 
аймақтарын, өзара әрекеттестігінің сипатын түсінеді;
      3) геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық 
және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістіктік дереккөздерін; 
геокеңістіктік деректерді іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті контексте деректерді 
өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін қолданады;
      4) сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық нысандарды, процестерді және 
құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын 
процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық нысандардың, 
процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да кеңістіктік қатынастарының 
ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық 
өндірістің табиғи және әлеуметтік-экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық әрекеттің 
қоршаған ортаның жағдайы мен адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін; экологиялық дағдарыстың 
белгілерін; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың 
ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи 
факторларын;
      геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, 
әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси 
жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен 
серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; 
дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының 
ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін талдайды;
      5) модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; 
географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерттеп
жатқан географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу және саралау 
мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру,
болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
      6) геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін антропогендік 
жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси 
жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тәуекелдерді; 
экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи 
ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған 
ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы 

көрсеткіштері мен орнын; дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен 
кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерін
мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің геосаяси 
белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін бағалайды.
      24. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша 
жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер
      Информатика
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) файлдардың негізгі форматтары мен оларды конвертациялау тәсілдерін; веб-бағдарламалау 
негіздерін, сонымен қатар веб-сайттарды жасау үшін деректер қоры теориясын; «электрондық сандық
қолтаңба» түсінігін; деректер мен компьютерлік жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 
әзірленген қауіпсіздік шараларын біледі;
      2) деректердің резервтік көшірмесінің қажеттілігін; тұрақты және жедел жадыландыру 
құрылғылары арасындағы айырмашылықты; желілік технологияның қызмет көрсетуінің негізгі 
қағидаттарын; электрондық үкімет сайтының тағайындалуы мен мүмкіндіктерін түсінеді;
      3) оқу қызметінде және өзін-өзі дамыту үшін сандық білім беру ресурстарын; ақпараттық 
объектілерді жасау және өзінің жұмыс нәтижелерін ресімдеу үшін ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды; өзінің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін мәтіндік және кестелік процессордың 
кеңейтілген мүмкіндіктерін; Web-парақшаларды жасау үшін арнайы редакторларды; Web-парақшаларды 
әзірлеуде ресімдеу стильдерін, иллюстрацияларды, анимацияны, видеоны; құжаттарды редакциялау 
мен сақтау барысында бұлтты технологияларды; желіде жеке қауіпсіздігі және желі этикеті 
ережелерін қолданады;
      4) оқуда және күнделікті өмірде сандық техниканы қолдану мүмкіндіктерін; модельдер мен 
жобаларды әзірлеу үшін бағдарламалық құралдарды; ақпаратты іздеу үшін бірнеше белгілер мен 
қатынас операторларын қолдану арқылы сұрау салуды; есепті модельдеу, алгоритмдеу және 
бағдарламалау арқылы шешудің тиісті әдістері мен тәсілдерін анықтау үшін есепті; компьютерде 
өңдеу мен есептеудің қойылған міндетке сәйкестігінің нәтижелерін; анағұрлым тиімдісін анықтау 
үшін әртүрлі тәсілдермен есептерді шешу жолдарын талдайды;
      5) өзінің идеялары мен ойларын білдіру үшін әртүрлі түрлерде ақпаратты; қолданушы 
міндеттерін шешу үшін веб-сайттарды жинақтайды;
      6) жобаны модельдеу мен әзірлеу барысында қойылған мақсаттарға сәйкес өз қызметінің 
нәтижелерін (нақтылық, өлшемділік, қол жетімділік, шынайылық, қатыстылық); қолданылатын 
бағдарламалық қамтамасыз етудің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды.
      Жаратылыстану
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) қоғам мен табиғаттың байланыс деңгейлерін; жүйелердің элементтерін және түрлерін; 
қоршаған ортада ғылыми жаратылыстану заңдарының көрініс табуын; тепе-теңдік табиғатын; тапсыру 
және өзгерту процестерін; энергияны өзгертуді; іріктеп алу және түрлендіру механизмдерін; 
биокөптүрліліктің азаюына әсер ететін факторларды; табиғат зоналарының өнімділік түрлерін, 
құрылымын және салыстырмалы өнімділігін; экожүйелер компоненттерінің қоғамдастығын, процестерін 
және құлдырау салдарын; азық-түлік және табиғат ресурстарының таралуының біркелкі еместігін; 
ластанудың негізгі көздерін және түрлерін біледі;
      2) әлемнің ғылыми жаратылыстану сипатын; жергілікті деңгейден ғаламдық деңгейге дейінгі 
экологиялық процестерді; популяциялардың өсуін реттеуші және шектеуші факторларды; 
организмдердің өмір сүру амалдарын; табиғат ресурстарының азаюының адамзаттың дамуына әсерін 
түсінеді;
      3) қоршаған ортаның жағдайын анықтау үшін жаратылыстану ғылымдарын зерттеу әдістерін; 
қоршаған ортаның проблемаларын шешу үшін ақпараттарды, технологияларды, терминдерді, 
тұжырымдамаларды, ұғымдарды және дағдыларды; қоршаған ортаны зерттеуде зерттеу, болжау, 
әдістері және түсіндіру сұрақтарын қолданады;
      4) экожүйелердің биотикалық және абиотикалық компоненттерін; популяциялардың өсу серпінін
; тұрақты даму тұжырымдамасын; энергия көздерінің артықшылығын және кемшіліктерін; топырақ 
түрлерінің құрылымын және қасиеттерін; ғылыми жаратылыстану мазмұнының мәтіндік және графикалық
материалдарын; әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің пайда болуын және дамуын талдайды;

      5) ғаламдық және жергілікті экологиялық, азық-түлік проблемаларын шешу, биокөптүрлілікті 
сақтау, экожүйелерді қалпына келтіру жолдарын; қоршаған ортаны басқару бойынша тиімді шешімдер 
жинақтайды;
      6) экологиялық проблемаларды шешудегі технологиялардың рөлін; қоғамның энергия және 
ресурс көздерін таңдауын анықтайтын факторларды; жердің, аймақтардың және елдердің ресурспен 
қамтамасыз етілуін; ұлттық және халықаралық саясаттың қоршаған орта жағдайына ықпалын; халық 
саны көрсеткіштерінің, экологиялық факторлардың өнеркәсіпті орналастыруға ықпалын; әлемнің 
қазіргі кездегі физикалық және химиялық бейнесін бағалайды.
      25. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы стандарттық 
деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер
      Құқық негіздері
      Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
      1) Конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін; конституциялық саяси құқықтарын;
әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін; еңбек құқығы, оның мәнін, әкімшілік еңбек 
тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық; азаматтық құқық 
көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын; отбасылық
қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін; қылмыстық құқық ұғымы, 
белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен 
қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін біледі;
      2) қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен 
рөлін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды, құқық жүйесі мен құрылымын, 
құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы 
құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті түсінеді;
      3) нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының 
дәлелдемелерін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін 
бағалау үшін құқықтық білімін; күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер 
бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өз бетімен 
іздену дағдыларын қолданады;
      4) құқықтық нормаларды, заңнаманың барлық салаларында құқықтық қатынас процесінде пайда 
болған даулы мәселелер тууы аясында берілген ақпараттарды, түрлі деректерден алынған, құқық 
салаларына қатысты ақпараттарды талдайды;
      5) адамгершілік және құқықтық нормаларымен қабылданған өз мінез-құлықтары мен басқалардың
әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты; жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға 
қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген
контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды жинақтайды;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында қолдану 
ерекшеліктерін өздігінше бағалайды.
      26. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау 
өлшемшарттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау өлшемшарттары білім алушылардың оқу 
жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін қолданылады.
      27. Бағалау өлшемшарттары әрбір оқу бағдарламасындағы оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді
.
      28. Оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау формасында жүзеге асырылады
.
      29. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын білім беру саласындағы уәкілетті 
орган әзірлейді және бекітеді.
      30. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін білім алуы, даму бұзушылықтарын түзету 
және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет