Хабаршы вестник bulletin «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы»



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата12.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#9205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Резюме 
Халманова.К.К.  магистранка 2 курса 
 по специальности 6М011900 Иностранный язык: два иностранных языка Каз НПУ, 
karlygash_75@bk.ru
 
 
Значимость  проектной технологии в обучении иностранному языку 
 
Суверенитет  страны,  политические,  экономические  и  культурные  отношения  с  другими  странами,  падение  в 
важности изучения иностранного языка, чтобы определить свою цель. В ходе изучения иностранного языка, чтобы 
научить  студентов  понимать  мир  им  чужд.  Они  мир  их  родном  языке,  зная  культуру,  невозможно  добиться 
межкультурных навыков общения. Другой язык, чтобы быть в состоянии найти свое место в обществе, в культуре, 
чтобы выучить язык той страны, в изучении культуры людей, говорящих на одном языке. Студенты изучают новые 
творческие  мероприятия  и  новые  информационные  технологии,  личных  и  межкультурных  отношений,  чтобы 
предотвратить  конфликт,  возникающий  из-за  необходимости  быть  гибким  и  решить  их.  Литературные  тексты, 
связанные с этими вещами, о важности использования новых технологий. 
Ключевые  слова:  культуры,  коммуникации,  межкультурная  коммуникация,  компетентность,  культурной 
компетентности, познавательные услуги связи, лингвистика.  
                                                       
Summary 
Khalmanova K.K. – 2
nd
 course master 
 of the specialty Foreign Language: two foreign languages , 
karlygash_75@bk.ru
 
 
Significance of project technology in Teaching a Foreign Language 
 
 The sovereignty of the country, political, economic and cultural relations with other countries, the fall in the importance 
of  learning  a  foreign  language,  to  define  its  purpose.  In  the  course  of  learning  a  foreign  language  to  teach  students  to 
understand the world alien to them. They are a world of their own language, knowing the culture, it is impossible to achieve 
intercultural  communication  skills.  Other  language  in  order  to  be  able  to  find  their  place  in  society,  in  culture  to  learn  the 
language of the country to the study of the culture of the people who speak the same language. Students learn new creative 
activities and new information technologies, personal and intercultural relations to prevent conflict arising from the need to be 
flexible and to solve them. Literary texts dealing with these things, the importance of the use of new technologies. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
30 
 
Key  words:  culture,  communication,  intercultural  communication,  competence,  cultural  competence,  cognitive 
communication services, linguadidactics, linguistics. 
 
 
 
 
 
УДК 37.9 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ-КОММУНИКАТИВТІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АУДИО-ЛИНГВАЛДЫ ӘДІС 
 
Тыналина А.К. 

 Абай атындағы ҚазҰПУ  
6М011900 – Шет тілі: Екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранты, 
zamo4ek1917@mail.ru
 
Ғылыми жетекші: Убниязова Ш.А. – PhD,Абай атындағы ҚазҰПУ 
 Кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының аға оқытушысы 
 
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім 
экономикасына»  деген  тақырыпта  оқыған  лекциясында:  «Осы  заманғы  әлем  жаһандану  кезеңін  –  адамзаттың 
біртұтас  ақпарат  және  коммуникациялар  кеңістігінде  жан-жақты  бірігу,  бүкіл  планетаның  біртұтас  экономикалық 
рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» дей отырып, білім беру сапасын ұдайы жетілдіру маңыздылығына мән 
беруде [1. 28]. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім  беру реформасы бойынша білімді, ойлы және ӛнерлі 
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім беру жүйесі негізінде студенттердің танымдық белсенділігін 
дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, жаңа белсенді және инновациялық әдістерді енгізу шетел тілін оқытудың негізгі 
мәселелерінің бірі болып табылады. 
Тҥйін  сӛздер.  Шет  тілін  оқыту,  кәсіби-коммуникативтік  құзыреттілік,  аудио-лингвалды  әдіс,  оқыту 
технологиясы. 
 
Білім  берудің  дәстүрлі  әдісінен  оқу  процесінде  студенттердің  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне кӛшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үдерісінде тек жаңа 
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Білім беру ісі, соның ішінде жоғары мектепте 
білім беру, маман дайындау ісіне бағытталғандықтан білім беруді күрделі деңгейде жүргізуді қажет етеді. 
Білім  беру  жоғары  оқу  орындарында  оқу  үдерісіндегі  оқытушы  мен  студенттің  ӛзара  коммуникативтік 
қызметінің  деңгейлігіне  тікелей  бағынады.  Ӛйткені,  жоғары  мектеп  пен  орта  мектепте  білім  берудің 
ерекшеліктері кӛптеп саналады.  
Қазіргі  кезде  жаңа  шетел  тілін  оқытудың  жаңа  технологияларымен  қатар,  бұрыннан  келе  жатқан 
әдістер  мен  технологиялар  қолданылып  келеді.  Біз  бұл  зерттеу  жұмысымызда  1950-60  жылдары 
Америкада  Мичегеган  университетінің  Леонард  Блоомфильд  бастаған  лингвистер  арқылы  бірінші  рет 
таныстырылып, әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан шетел тілін оқытудың аудио-лингвалды әдісін 
талдауды жӛн кӛрдік. Аудио-лингвалды әдіс басқаша да атаулары бар: audio-lingual methodArmy Method 
немесе New Key деп аталады, Америкада соғыс кезінде қолданыс тапқаны туралы В. Литтлуд мынадай 
анықтама  берген:  «The audio-lingual  method, Army  Method,  or New  Key, is  a  style  of  teaching  used  in 
teaching foreign  languages.  It  is  based  on behaviorist theory,which  professes  that  certain  traits  of  living  things, 
and in this case humans, could be trained through a system of reinforcement – correct use of a trait would receive 
positive feedback while incorrect use of that trait would receive negative feedback» [2]. 
Қазіргі  кезде  жаңа  шетел  тілін  оқытудың  жаңа  технологияларымен  қатар,  бұрыннан  келе  жатқан 
әдістер  мен  технологиялар  қолданылып  келеді.  Біз  бұл  зерттеу  жұмысымызда  1950-60  жылдары 
Америкада  Мичиган  университетінің  Леонард  Блоомфильд  бастаған  лингвистер  арқылы  бірінші  рет 
таныстырылып,  әлі  күнге  дейін  қолданылып  келе  жатқан  шетел  тілі  оқытудың  аудио-лингвалды  әдісін 
талдауды жӛн кӛрдік. Аудио-лингвалды әдіс басқаша да атаулары бар: audio-lingual methodArmy Method 
немесе New Key деп аталады.  
Бұл әдістің анықтамасы бихевиоризм теориясымен бірге пайда болды. Бұл әдісті ерекшелігі шетел тілі 
аудиториясында  тек  қана  шетел  тілі  ғана  қолданылады.  Студенттердің  білім  деңгейі,  жасы,  басқа  да 
психологиялық, педагогикалық факторларға қарамастан шетел тілінде сабақ жүргізіледі.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
31 
 
Бұл әдістің анықтамасы бихебиоризм теориясымен бірге пайда болды. Бұл әдісті ерекшелігі шетел тілі 
аудиториясында  тек  қана  шетел  тілі  ғана  қолданылады.  Студенттердің  білім  деңгейі,  жасы,  басқа  да 
психологиялық, педагогикалық факторларға қарамастан шет тілінде сабақ жүргізіледі. Бұл әдіс бойынша 
студенттерге  шет  тілі  тыңдалым  арқылы  таныстырлады,  кейін  студенттер  шет  тілін  түсініп  игере 
бастағаннан  кейін  жазылым,  оқылым  әрекеті  де  қолданыла  бастайды.  Студенттер  тек  қана  шет  тілін 
қолданады, және ана тілін қолдануға болмайды. Аудио-лингвалды әдістің тағы бір ерекшелігі ол шет тілін 
оқытудағы Direct Method-ке де ұқсайды ӛйткені бұл әдісте де студенттер тек шетел тілінде сӛйлейді, бірақ 
екеуінің  айырмашылығы  аудио-лингвалды  әдіс  кезінде  кӛбінесе  грамматикаға  ғана  назар  аударылады, 
және  грамматикалық  ережелер  шетел  тілінде  түсіндіріледі.  Кӛбінесе  грамматикалық  ерекшеліктер 
мұғалімнен кейін қайталау арқылы жүзеге асады [2].  
Бұған дәлел  Стевиктің келесі анықтамасынан кӛре аламыз: «This way of language teaching is similar to 
the Direct Method. Like the Direct Method, the Audiolingual Method does not use the students‘ native language. 
For example, if you are in an English class in Kazakh, the teacher only speaks English, and no Kazakh. However, 
unlike the Direct Method, the Audiolingual Method does not teach vocabulary. Rather, the teacher drills grammar. 
In  the  Audiolingual  method,  grammar  is  most  important  for  the  student.  In  other  words,  the  student  must 
repeat grammar patterns  after  the  teacher.  The  students  do  not  learn  lots  of  vocabulary.  This  method  also 
uses psychology. The students get a reward for speaking correctly. They get punishment if they speak incorrectly; 
because  it  is  based  on  habit  formation,  which  is  established  by  stimulus,  response  and  reinforcement.  It  gives 
priority to speaking the target language, and using the native language is not allowed» [3]. 
Осы  аталған  ерекшелігі  мен  қолданысы  бойынша  аудио-лингвалды  әдісті  ғалымдар  кӛп  сынады. 
Мысалы  кӛптеген  әдіскерлер,  грамматиканы  бұлай  оқытудың  психологиялық,  педагогикалық  қиыншы-
лықтары кӛп екенін, білімгерге грамматиканы түсіндірместен, қайталау арқылы машықтандыру қиыншы-
лық келтіретіні туралы кӛп айтылған. Алайда, бұл әдіс әлі күнге дейін шетел тілін оқытуда қолданылып 
келе жатқан әдістердің бірі.  
Аудио-лингвалды  әдіс,  сонымен  қатар    Grammar-Translation  Method-ке  қарама-қарсы  қолданыстағы 
әдіс.  Grammar-Translation Method әдісі бойынша грамматика аударылу арқылы түсіндіріледі, грамматика 
теориясы мен мысалдар  аударма арқылы беріледі. Белгілі бір грамматиканы машықтандыру үшін алды-
мен сӛйлемнің аудармасы ана тілінде беріледі, сосын ол шет тіліне аударылады. Әрине бұл әдіс те кӛп 
сыналған әдістердің бірі. Дегенмен, бұл әдіс те қолданыстағы танымал әдістердің бірі, шетел тілін оқыту 
әдістемемсінде қолдануға болады.  
Бұл  екі  әдістің  ұқсастықтары  грамматикаға  бағытталған,  тілді  меңгеруге,  бихевиоризм  заңдылық-
тарына  байланысты  қолданыс  тапқан  әдістер.  Тағы  бір  ұқсастығы  бұл  әдістер  тілдің  фонологиялық, 
лексикалық, синтактикалық қабаттарын да қамтиды.  
Аудио-лингвалды  әдісті  қолдану  барысында  студенттің  кәсіби-коммуникативтік  құзыреттілігінің 
қалыптасуы    практикалық тәжірибенің жинақталуы  нәтижесінде және  оның салаларын, сӛз  тіркесі мен 
сӛйлемнің  жасалу  жолдары  мен  тәсілдерін,  түрлерін,    ӛзіне  тән  ерекшеліктерін  барлап-бақылаудың, 
сараптап-пайымдаудың  негізінде  жүзеге  асады.  Мәселен,  мынандай  тапсырмалар  мысалы  берілген 
суреттер  мен  мәтіндерді  оқи  отырып  студентті  санасында  сақталған  білімді  ой  елегінен  ӛткізіп,  пайда-
лануға және лингво-коммуникативтік құзыреттілігін дағдыландырады:   
Look  at  the  picture  of  Tornado  coming.  Tornado  is  a  violent  storm  with  very  strong  circular  winds  over  a 
small  area.  A  tornado  is  about  to  strike  this  family‘s  farm.  It  is  moving  quickly  towards  them,  but  they  have 
already noticed that it is coming. The mother has taken the baby, the father has called the children. The boys are 
carrying some of the animals: a cat and 3 puppies. The family is rushing to the storm cellar, where they will be 
safe under the ground. When the tornado hits, they‘ll be sitting in the storm cellar. They won‘t be moving around; 
they‘ll be hiding in the safest part of the cellar. The mother will still be holding the baby, but the animals will 
probably be running around., making noise. Each person will be listening to the sounds of the storm. They‘ll hear 
chickens squaking and they‘ll hear the wind blowing. They‘ll all be thinking about the farm and asking themselves 
questions about it: 
‗What will the farm look like when we come out of the storm cellar?‘ 
‗Will the house still be standing?‘  
‗Will the barn still be standing?‘ 
‗Will the animals be alive?‘ 
‗Will it be raining very hard? 
Can you answer these question? 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
32 
 
Мәтін соңында берліген сұрақтар арқылы студент тек мәтін туралы және ӛз ойынан мағлұмат беріп 
қана қоймай, сұрақтарға жауап беруде жаңа мәліметтерді ой елегінен ӛткізе отырып, бойына сіңіреді. 
Бұл  мәтіннің  негізгі  мақсаты  келер  шақ  формаларын  қолдана  отырып,  лексикалық  материалдар 
бекітуге  арналған.  Сонымен  қатар  бұл  мәтіндегі    біздің  елімізде  кездеспейтін,  тек  кӛбінесе  Америкада 
кездесетін  күшті  құйынды  жел  -  «торнадо»  туралы  мағлұмат  берілген.  Яғни,  бұл  тапсырма  арқылы 
студенттерге  далалық  жерлерде  тұратын  Америка  тұрғындарының  «торнадо»  желі  кезіндегі  алдын  алу 
шаралары,  олардың  жер  асты  үйлері  дайын  болатынын  және  торнадо  кезінде  сол  үйлерге  тездетіп 
жасырыну арқылы аман қала алатындары туралы ақпараттар ала алады.  
Осы  орайда,  ағылшын  тілінде  берілген  материалды  тіл  білімінің  салаларымен,  яғни,  бұл  ретте 
грамматикамен  тоғыстыра  оқытуда  аталған  ұстанымның  рӛлі  айрықша  болды.  Бұл  ұстаным  оқыту 
үрдісінде студенттің білімдер жүйесін тұтас қабылдауына, білімді шоғырландыру арқылы кәсіби ойлауды 
қалыптастыруға, интеллектуалды дамуына  кӛмектеседі, әрі сӛйлеу қабілетін дамытады.  
Әдетте, әңгімелесушілер бірін-бірі кӛріп тұрады немесе  дауыс жететіндеу алшақтығы  болуы мүмкін.  
Сӛйлеуге  үйрету,  әдетте,   монолог және диалог түрінде  іске  асырылады.  Монолог  және  диалог 
түрінде  сӛйлеу  іскерлігі,  біліктілігі  қарым-қатынас  әрекетінің,  ақпараттық,  регулятивтік,  әдептік  және 
сезімдік – бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады. 
Монолог –  студенттер  мәтіндердің  мазмұны  туралы  ӛз  ойын,  кӛз  қарасын  білдіру  үшін  жеке  
тәжірибелеріне  және  суреттер  тізбектерімен  тағы  басқа  кӛрнекіліктеріне  сүйене  отырып,  суреттеу, 
хабарлауды қолданып, мәлімдемелер жасайды. 
Диалог –  студенттер  қысқа  және  толық  жауап  беру  түрлерін  қолдана  отырып,  құттықтау,  шақыру, 
кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, 
оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сӛйлеу әңгімелесушілерді ӛз ара қысқа сӛз алмасуы, түзілетін 
сӛйлемнің  құрылымы  толық  болмауы  мен  ерекшеленеді.  Сӛйлесу  арқылы  тек  қана  ақпарат  жүрісі 
орындалып  қалмастан,  әңгімелесушілер  арасындағы  бір-біріне  деген  ықпалда  жасалынады,  яғни  ӛзара 
бағыт бағдар кӛрсете отырып, олар бір-бірінің іс-әрекет қылықтарын үйлестіруге не ӛзгертуге тырысады. 
Лингвистикалық  жоспар  бойынша  ауызша  әңгімелеп  жеткізудің 3  түрлі  формасын  ұсынуға 
болады: монологті, диологті және полилогтіАуыз екі тілде сӛйлеу психологиялық жобада да белгілі  бір 
қызығушылықты  ұсынады.  Ауызекі  тілде  сӛйлеу  психологиясында  кибернетика  саласындағы  ойдың 
әсерінен бір жүйеге келтірілген екі коммуникативтік үрдіс табанды түрде танылуда, олар түсіне отырып 
тыңдау  және  сӛйлеу.  Студент  ӛзіне  тиісті  пәндерді  жан-жақты  меңгеріп  алғысы  келеді  және  де  шетел 
тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес кӛмегін  кӛрсетеді. Ауызша сӛйлеуге 
үйрету барысында студенттерді сӛйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жӛн. Олар түсіне отырып тыңдау 
және сӛйлеу. Бұлардың әрқайсысы ӛзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді. 
Біз зерттеу жұмысымызда студенттердің кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда осы 
әдістің  тиімді  тұстарын  пайдалана  отырып,  тиімді  әдістер  мен  тәсілдер  түрін  қолдануды  басты  назарға 
алдық.  Әдеттее,  сӛйлеу  әрекетін  дамытатын  диалог  пен  монологтің  әр  түрлі  қырлары  мен  тиімділігіне 
ерекше назар аудардық.  
 
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. -2002. 
2. Littlewood, W. (1992).Teaching Oral Communication: A Methodological Framework. Oxford: Blackwell. 
3. Stevick, E. (1998). Working with Teaching Methods: What's at Stake?Boston: Heinle&Heinle.  
 
Резюме 
Тыналина А.К. – магистрантка 2 курса по специальности 6М011900 
Иностранный язык: два иностранных языка КазНПУ им. Абая, 
zamo4ek1917@mail.ru 
Научный руководитель: Убниязова Ш.А. – PhD, старший преподаватель кафедрыпрофессионально-
ориентированных языков КазНПУ им. Абая 
 
Аудио-лингвальный метод в формировании профессионально-коммуникативной  
компетентности у студентов 
 
В  данной  статье  рассматривается  аудио-лингвальный  метод  в  образовательном  процессе  РК.  Формирование 
коммуникативной  компетенции    студентов    приобретается  во  время  обучения  в  высшем  учебном  заведении 
соответствующей  направленности  с  использованием  таких  методов  как,  аудио-лингвальный  метод.  В  лекции 
Президента  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаева  под  названием  «К  экономике  знаний  через  инновации  и 
образование»:  «Современный  мир  переживает  период  глобализации  -  эпоху  всестороннего  объединения 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
33 
 
человечества  в  едином  пространстве  информации  и  коммуникаций,  превращения  всей  планеты  в  единый 
экономический рынок» постоянно придает важное значение качеству обучения.  На сегодняшний день по реформе 
обучения  Республики  Казахстан  направлено  на  формирование  образованной,  умной  и  творческой  личности    и  на 
основе  современного  метода  обучения  студенты  развивают  познательную  активность  не  только  в  традиционном 
обучении,  но  и  основными  проблемами  считаются  внести  в  обучении  иностранному  языку  новые  активные  и 
инновационные методы. 
Ключевые слова:  Обучение иностранному языку, профессионально-коммуникативная компетентность, аудио-
лингвальный метод, технология обучения 
 
 
Summary 
Aida Tynalina – 2
nd
 course master specialty of 
Foreign language: two foreign languages, 
zamo4ek1917@mail.ru
 
Scientific supervisor: Ubniyazova Sh–senior teacher 
of professionally-oriented languagesKazNPU named after Abai 
 
Audio-lingual method in formation  students’ professional- communicative 
Competence 
 
This article touches  upon  audio-lingual  method   in  the  educational process of  RK. Formation  students‘  communicative 
competences  are based on during the preparation of  students in higher institution in the field with the use of definite methods 
as:  audio-lingual method.In his lecture titled "To the knowledge economy through innovation and education": "The modern 
world  is  going  through  a  period  of  globalization  -  the  era  of  unification  of  mankind  in  the  global  information  and 
communications  sphere,  the  transformation  of  the  planet  into  a  single  economic  market"  President  of  the  Republic  of 
Kazakhstan Nursultan Nazarbayev consistently emphasizes the importance of the quality of education. Today, the education 
reform of the Republic of Kazakhstan is aimed at the formation of educated, intelligent and creative person. Based on modern 
teaching methods, students develop research skills not only using the traditional training. The main issue of integrating new 
active and innovative methods in foreign language learning still remains.  
Key  words:  Learning  a  foreign  language,  professionalcommunicative  competence,  audio-lingual  method,  learning 
technology 
 
 
УДК 378.016:811.111 
 
ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕ КОММУНИКАТИВТІК ҚҦЗІРЕТТІЛІКТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Жҧмағҧлова Р.Қ

 2 курс магистранты Абай  атындағы ҚазҰПУ 
Шетел тілі: екі шетел тілі 
 
Еліміздің күннен-күнге дүние жүзі елдерімен қарым-қатынасы дамып жатқаны айқын байкалады. Халықаралық 
қатынастар  біршама  дамып,  шетел  тілін  оқыту  адам  ӛмірінің  маңызды  бір  құралы  болуда.  Ол  ӛз  кезегінде 
әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени үрдісінің белсенді факторына айналды. Осының 
бәрі де оқыту пәні ретінде шетел тілінің мәртебесін жоғарлатқаны белгілі.   Шетел тілінде қарым-қатынас орнатуда 
әрдайым  ол  тілді  тұтынушының  қолданысына,  мәдениетіне  сай  қабылдауы    қажет.  Ал,  бұл  ӛз  кезегінде  тілде 
құзырлы сӛйлесіп әрі соған сай әрекетте  болуды талап етеді. Студенттерге тілдік, лингво-елтану және әлеуметтік 
мәдени білімі мен қабілеттерін және де психологиялық даярлығын меңгертуде  коммуникативті құзіреттіліктің ӛзара 
байланысты және қалыптасқан құрылымдары негізінде оқыту коммуникативтік біліктіліктерді дамытатыны сӛзсіз. 
Құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің  әмбебап тәсілдерін меңгеруінен кӛрінетін білім нәтижесі деп Қазақстан 
Республикасы Жалпыға міндетті  мемлекеттік стандарттың жобасында да анықтама берілген. 
Тҥйін сӛздер: құзіреттіліктер, коммуникативтік құзіреттілік, әлеуметтік-психологиялық қабілеттілік, жеке тұлға, 
оқыту технологиялары. 
 
Педагогикалық  білім  берудің  алдында  баланың  жан  дүниесін  түсініп,  қабылдауға  қабілетті,  диалог 
негізінде ӛзара қатынас құра алатын, ашық қарым-қатынас жасау икемділігі бар, оқушылармен біріккен 
іс-әрекет  барысында  позитивті  педагогикалық  қарым-қатынас  жасай  білетін,  мектептің  оқу-тәрбие 
үдерісінде эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз ете білетін мамандарды даярлау міндеті тұр. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
34 
 
Бұл  тұрғыдан  педагогикалық  ӛзара  әрекеттесуге  кӛп  кӛңіл  бӛліне  бастауда.  Гуманистік  педагогика 
ӛзара  түсінісуге  қол  жеткізетін  педагогикалық  ықпал  жасауды  тиімді  тәсіл  деп  таниды.  Гуманистік 
педагогика  субъектілері  позицияларын  коммуникацияның  базалық  формасы  болып  табылатын  диалог 
арқылы үйлестіреді. 
Оқушылармен  ізгіліктік  тұрғыдан  қарым-қатынас  жасай  алатын  және  ӛздерінің  кәсіби  қызметін 
жоғары  деңгейде  ұйымдастыра  алатын  педагогтарға  деген  қажеттілік  болашақ  мұғалімдердің 
коммуникативтік  құзіреттілігін  мақсатты  бағытта  дамытудың  бірқатар  ӛзекті  мәселелерін  туындатады 
(А.А. Бодалев, В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев, Н.В. Кузьмина, Н.Е. Щуркова және т.б.) Коммуникативтік 
құзіреттілікті кӛпқұрылымды компонент ретінде зерттей келе, айта кеткенде: сӛйлеу әрекеті, тілдік және 
әлеуметтік-мәдени,  Е.М.  Кузьмина  және  В.М.  Соколов  осы  құрылымдардың  негізгі  екі  тұрғыда 
қарастырады-негізгі  тілдік  және  коммуникативтік  әрекеттік  [1].  Ғалымдар  аталмыш  құрылымдарды  әрі 
қарай  зерттей  келе  коммуникативтік  құзіреттілікті  үш  блоктан  құралатынын  айтады:  теориялық 
(тұлғааралық  қатысымнан  хабардар  болуы),  практикалық  (коммуникативтік  біліктілік),  және  де  жеке 
тұлғалық (жеке тұлғаның қатысым орнатудағы қасиеттері мен ерекшеліктері). Және де осы блоктардың 
әрқайсысына тән ұйымдастыру құрылымы бар. Айта кетсек, коммуникативтік құзіреттіліктің теориялық 
блогында  негізгі  коммуникативтік  тапсырмалар,  әдістер,  деңгейлер,  стильдер,  әрекеттер  жайлы  білімі 
болуы.  Практикалық  блокқа  әлеуметтік-психологиялық,  логикалық-шығармашылық  және  сӛйлеу 
коммуникативтік  қабілеттіліктер  кіреді.  Жеке  тұлғалық  блогына  толыққанды  қатысым  жасау,  кӛпшіл 
болу,  ойлау  жүйріктігі  мен  жеке  эмпатиясы  болуы  керек.  Ал  жеке  тұлғаның  қатысымның  белсенді 
субъекті ретінде қалған қасиеттері мен ерекшеліктері, басқа авторлар еңбектеріне сүйенсек, тұлғаның ӛз 
бойында  болып  тек  қатысым  барысында  дамиды  немесе  осы  аталмыш  үш  блоктан  туындайды  [2]. 
Коммуникативтік  құзіреттілікті  қалыптастырудың  психологиялық  ерекшеліктері  жайлы  Л.Ф.Федунова 
еңбектерінен біле аламыз, Коммуникативтік құзіреттілік тұлғаның қарым-қатынасқа түскенде белгілі бір 
аймақта нәтижелі, мазмұнды қытысым құрауға қажетті  ішкі біліктіліктер жүйесі ретінде қарастырылады 
[3]. Қарым-қатынас орнатуда тұлғаның құзырлылығын оның адами инвариантты қасиеттері әрі тарихи, 
мәдени қалыптасқан қасиеттерін кӛрсетеді.  
Қазіргі уақытта коммуникативтік құзіреттіліктің дамуы бірнеше бағыттардың бірлесе, біріктеле келе 
жүзеге  асатынын  кӛрсетеді.  Мұның  ішінде  коммуникативтік  құзіреттілікті  тәжірибе  негізінде 
қалыптастыру  үшін  қатысым  түрлерін  жұмыс,  рӛлдік  және  тұлғааралық  деп  бӛліп  қарастырған  жӛн. 
Бұлай  қатысым  түрлеріне  бӛлу  себебіміз  серіктестердің  психологиялық  қашықтықты  сақтауы  болып 
табылады,  яғни  «мен-сен  қарым  қатынаста».  Мұнда  серіктес  ӛзін  жақын  адам  ретінде  сезінеді,  соның 
нәтижесінде  қатысым  сенімді,  шын  жүрекпен  айтылады,  себебі  серіктестер  бір-біріне  сенім  арта 
алатынын, ішкі сезімдерімен бӛлісе алатынын кӛрсетеді.  
Қатысымға  түсуде  құзырлылық  дегеніміз  әртүрлі  психологиялық  қашықтықта  (жақын  және  бӛгде 
адаммен)  қарым-қатынас  жасай  білу  деп  білеміз.  Негізгі  қиындықтар  сӛйлеу  әрекетінің  екпінділігімен 
байланысты  болуында  –  яғни  жағдайдың    ӛзіндік  ерекшелігі  мен  серіктестің  мінезіне  қарамастан  [4]. 
Жалпақ тілмен айтқанда, қатысымдағы құзырлылық жақты бір ғана жағдайды жетік біліп қолдану емес, 
оны орнына сай мазмұнды қатысым құрау. Психологиялық жағдайларда мазмұнды, мағыналды ӛзгеріп, 
таңдау қатысым орнатуға құзырлы адамның құзіреттілігінің негізгі кӛрсеткіші болып табылады. 
Коммуникативтік құзіреттілік серіктестердің үш дәрежелі мазмұндылығының негізінде жүзеге асады: 
қатысымдық,  интерактивтік  және  перцевтивтік.  Осыған  орай,  қатысымдағы  құзырлылықтар  жайлы 
айтуға болады. Жеке тұлға мағыналы, әрі толыққанды қатысым орнату үшін кең әрі бай психологиялық 
жағдайлардың түрлерін меңгеруі қажет [5]. Олар ӛз кезегінде серіктестердің  қатысымдарында ойларын 
түбегейлі жеткізуіне негіз болады. 
Жеке тұлғаның қарым-қатынас субъекті ретінде  қалыптастыруы оның коммуникативтік құзіреттілігі 
дәрежесімен байланысты. Ал коммуникативтік құзіреттілік келесі біліктіліктерден қалыптасады: 

 
Қатысымға  түскелі  тұрған  коммуникативтік  жағдайға  әлеуметтік-психологиялық  болжау  жасай 
білу. 

 
Қарым-қатынас үрдісін әлеуметтік-психологиялық тұрғыда жағдайдың ӛзіндік ерекшеліктеріне сай 
жобалау. 

 
Қарым-қатынас үрдісін әлеуметтік-психологиялық тұрғыда басқара алу. 
Осы  аталмыш  біліктіліктерге  тоқтала  кетсек,  болжау  жасау  коммуникативтік  жағдайларды  негізгі 
коммуникативтік нұсқауларды анализдеу негізінде қалыптасады. 
Серіктестің коммуникативтік нұсқаулары дегеніміз қатысым орнату үрдісінде жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі 
ұстау ерекшелігі. Ал нұсқаулар дәрежесі келесі жағдайлардың кӛмегімен анықталады:  

 
Серіктестің пән-тақырыптық қызығушылықтары. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
35 
 

 
Серіктестің түрлі жағдаяттарға эмоциялық бағалауы. 

 
Қарым-қатынас формасына қатынасы. 

 
Коммуникативтік қатысым жүйесіне серіктестердің қатысу деңгейі. 
Соңғысы  серіктестің  темпераменті,  оның  қызығушылықтары  мен  қатысым  формасын  эмоционалды 
бағалау сияқты  коммуникативтік қатынасуды жиілігін зерттеу барысында білінеді. 
Коммуникативтік  құзіреттіліктің  осындай  ерекшеліктеріне  орай  зерттегенде  оны  біртұтас  жүйелі-
интегративті үрдіс ретінде қарау саналы болар еді, ол келесі құрылымдардан қалыптасады: 
Коммуникативті  диагностикалық-орындалмақшы  болған  коммуникативтік  әрекеттің  әлеуметтік-
психологиялық  жағдайын  диагностикалау;  тұлғаның  қатысым  барысында  әлеуметтік,  әлеуметтік-
психологиялық және де басқа болуы мүмкін кедергілерді анықтау; 
Коммуникативтік-бағдарламалық  –  қатысым  орнатуға  бағдарлама,  сӛз,  стиль,  дистанцияларын 
ұйымдастыру. 
Коммуникативтік-ұйымдастырушы  –  серіктестердің  зейінін,  коммуникативтік  белсенділігін 
ұйымдастыру. 
Коммуникативтік-орындаушылық – коммуникативтік жағдайды зерттеп бағалау, жағдайдың әрі қарай 
дамуын болжау). 
Аталған  әрбір  құрылым  арнайы  әлеуметтік  техникалық  анализдеуді  қажет  етеді.  Алайда,  зерттеу 
шектері коммуникативтік-орындаушылық бӛлігін ғана қамти алады. Ол жеке тұлғаның коммуникативтік-
орындаушылық шеберлігі деп қарастырылады.  
Жеке  тұлғаның  коммуникативтік-орындаушылық  шеберлігі  екі  тұтас  бола  тұра  айтарлықтай  жеке 
тақырыпқа  сай,  мазмұнды,  қатысым  мақсатына  бағытталған,  коммуникативтік  ойды  жүзеге  асырушы 
коммуникативтік  құрылымды  құрастыру.  Коммуникативтік-орындаушылық  шеберлігі  негізінде  жеке 
тұлғаның ӛзіндік біліктіліктері кӛрініс табады, айтар болсақ: ӛзін-ӛзі эмоционалды-психологиялық басқа-
ру,  яғни  ӛзіндік  психофизикалық  органикалық  басқару  нәтижесінде  жеке  тұлға  әлеуметтік-психология-
лық жағдайда толыққанды коммуникативтік-орындаушылық әрекетін жүзеге асырады [6]. Эмоционалды 
психологиялық ӛзін-ӛзі басқару қандай да бір жағдайға сәйкес ӛз қатысымын ұйымдастыруды қамтама-
сыз етеді. Мұндағы қатысым жағдайына эмоционалдық дайындалу дегеніміз қарым қатынас жағдайында 
әдеттегі  эмоциясын  түрлендіре  түсуін  білдіреді.  Эмоционалды-психологиялық  ӛзін-ӛзі  басқару  әрекетті 
перцептивтік және экспрессивтік біліктіліктер кӛмегімен біртұтас, толыққанды ете түседі. Олар оған қоса 
коммуникативтік шеберліктің негізгі құрылымдық бӛлігі болып табылады. Ол қарым-қатынас орнатудағы 
қатысым  барысының  бірден  және  белсенді  ӛзгертуінде,  серіктестердің  эмоциалық  бағыттауы  мен  оны 
ӛзгерту қабілетінде кӛрініс табады.  
Жеке  тұлғаның  перцевтивтік  біліктіліктері  ӛзінің  қабылдауы  мен  оны  ұйымдастыру  қабілетінен 
кӛрінеді:  қатысым  серіктесінің  әлеуметтік-психологиялық  ойын  дұрыс  бағалап  анықтау;  қажетті 
байланыс  құрау;  қатысым  орнату  жолын,  жағдайын  бірден  болжау.  Осылар  жеке  тұлғаның  қатысым 
барысында эмоционалды-психологиялық кӛңіл-күйін дұрыс анықтауға негіз болады, кей жағдайда тіпті 
қатысым мақсатына жетудегі кедергілерді болдырмауын болжап, алдын алады [7].  
Коммуникативтік  құзіреттілік  қарым-қатынас  жасаудың  ережелері  мен  заңдылықтарын  білу,  оның 
технологиясын жетік меңгеру кең мағыналы түсінік болып табылатын «жеке тұлғаның коммуникативті 
әлеуетінің» құрылымдық бӛлігі болады. 
Бірқатар  педагогтар  мен  психологтардың  (И.А.Зязюн,  А.Н.Леонтьев,  К.М.Левитан)  еңбектеріне 
сүйенсек, жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениеті келесі қасиеттер жүйесінен тұрады: 
-
 
шығармашылық ойлау; 
-
 
сӛйлеу әрекеті мәдениеті; 
-
 
қатым барысында ӛзін ӛзі психоэмоцианалды тұрғыда басқару; 
-
 
ишара мәдениеті; 
-
 
қатысым серіктесінің коммуникативтік әрекеттерін түсіну мәдениеті; 
-
 
эмоция мәдениеті. 
Жеке  тұлғаның  коммуникативтік  мәдениеті  коммуникативтік  құзіреттілік  сияқты  бостан  бос 
болмайды,  ол  ақырындап  қалыптасады.  Оның  қалыптасу  негізі  болып  тұлғаным  қарым-қатынас  жасау 
тәжірибесі  болады.  Коммуникативтік  құзіреттілікті  қалыптастыру  негізгі  кӛздері  ретінде  халық 
мәдениетінің  әлеуметтік  қалыптасқан  нормаларынан  хабардар  болу,  халық  мәдениетінің  қолданыстағы 
қатысым тілін білу, ӛнерді ұғыну тәжірибесі болуы саналады. Әлеуметтік нормативті тәжірибе дегеніміз 
жеке тұлғаның коммуникативтік құзіреттілігінің когнитивтік компонентінің негізі болып табылады [8].  
Тәжірибе жеке тұлғаның коммуникативтік құзіреттілігі құрылымындағы ерекше жайттардың бірі. Бір 
жағынан  әлеуметтендірілген  болып,  кірістірілген  немесе  сіңіп  кеткен  нормалар  мен  құндылықтардан 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
36 
 
тұрса, келесі жағынан ол жекелендірілген болады, яғни тұлғаның ӛміріндегі қатысымдарға байланысты 
психологиялық жағдайлар мен жеке коммуникативтік қабілеттіліктерге негізделеді.  Қатысым барысында 
жүзеге  асатын  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  дамуын  және  қатысым  жағдайына  сәйкес  кертатпалық  пен 
олардың  ерекшелігін  қамтамасыз  етуші  әлеуметтену  мен  индивидуализация  үрдістері  осы  тәжірибенің 
динамикалық  аспектін  құрайды.  Қатысым  барысында  ең  маңызды  жайттардың  бірі  болып  әлеуметтік 
рӛлдерді  білу,  яғни  ұйымдастырушы  мен  қатысушы.  Осылайша  коммуникативтік  құзіреттілік  алдымен 
жеке тұлғаның ӛзіндік дамуын қажет етеді.  
Қазіргі  уақыттта  коммуникативтік  құзіреттілікті  қалыптастыру  мен  дамыту  үшін  оқу  үрдісі  ӛз 
әрекеттері  негізінде  даму  мен  ӛзін-ӛзі  дамыту,  және  құзырлықты  бағалау  ӛзін-ӛзі  бағалау,  ӛзін-ӛзі 
анализдеу жолымен жүзеге асуы қажет. Коммуникативтік біліктіліктерді меңгерудің маңызды бір жолы 
ол  түрлі  жағдайларда  ӛз  әрекетін  ойында  елестетіп,  алдымен  болжап  жоспарлау  арқылы  оңайырақ  әрі 
ұтымды болады [9]. Ӛз әрекетін ойында жоспарлау кәдімгі ағыстағы коммуникативтік әрекеттің негізгі 
құрылымды  бӛлігі  болып  табылады.  Адамның  миы  немесе  ойында  әрекет  жасай  білу  құзырлы 
коммуникативті  әрекеттің  негізгі  ерекшелігі  болатын  «кенеттен  басқаруды»  меңгертуге  қолдануға 
болады.  
Адам ойы арқылы болуы мүмкін коммуникативтік жағдайларды елестете отырып басқа адамдардың 
әрекеттерін  мұқият  бақылап,  мәдени  мұрасын  меңгеру  негізінде  коммуникативтік  әрекетін  ӛзінің  ішкі 
басқару  құралдарын  реттей  алуы  керек.  Жеке  тұлғаның  коммуникативтік  біліктілігін  жоғарылату 
мәселесін шешу барысында оның бойындағы бар құралдардың барлығына да кӛңіл бӛлу керек. 
Студенттердің  коммуникативтік  қабілеттіліктерін  дамыту  мен  оның  психологиялық  жағдайы  жеке 
тұлғаның  ӛзіндік  коммуникативті  қасиеттерін  шебер  қолдануды  үйрену  және  кәсіби  аясында 
коммуникативтік  мүмкіндіктерін  кеңейту.  Адамның  жеке  коммуникативтік  қабілеттіліктерін  дамыту 
негізінен студенттік жаста дамытуына тиімді болады. Себебі, коммуникативтік ерекшеліктері белгілі бір 
дәрежеде қалыптасқан болады және әрі қарай дамытуға негізгі базасы бар болады. Сонда да студенттің 
ӛзінің де әрі қарай мүмкіндіктерін кеңейтуге қызығушылығы мен ынтасы болуы керек. 
ЖОО  қазіргі  таңда  студенттердің  кәсіби  шеберлігін  арттыруда  психологиялық  технологияларды 
қолдану мен олардың қолданысын дамыту карқынды жүруде. Студенттердің коммуникативтік құзіретті-
лігін  қалыптастыруда  олардың  әрқайсысы  қарым-қатынас  орнатудың  коммуникативті  біліктіліктерін 
үйренуге,  коммуникативті  құзырлы  маман  болуға,  коммуникативтік-сӛйлеу  белсендігін  меңгеруге 
құштарлығын оятарлықтай ұйымдастыру керек. Осылайша студент ӛзі жайлы тереңірек біліп, басқаларды 
да оңай түсініп, осы білім негізінде жаңалық ойлап тауып, мамандығында дұрыс қолдана алатын болады.  
Жоғары оқу орындарында студенттердің коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыру оқыту жағдаят-
тары  негізінде  құрастырылған.  Онымен  қоса  стуенттердің  коммуникативті  құзіреттілігін  қалыптастыру 
келесі жағдайларға байланысты жүзеге асады: 
-
 
Сыртқы: 
А)  Студенттермен  орындалатын  кәсіби  оқыту  формаларының  кез  келген  түрінде  жоғары  оқу  орны 
мұғалімдері бір қабілеттілікті мақсатқа бағдарлап оқытуды белгілеу. 
Б)  Сабақтарда  студенттердің  ӛз  болашақ  кәсіптеріне  байланысты  ғылыми-теориялық  негіздерімен 
таныстыру. 
В) Сабақтарда оқытудың белсенді әлеуметтік психологиялық формаларын қолдану. 
Г) Студенттерді психологиялық тұрғыдағы арнайы курстарға қатыстыру. 
Д) Студенттерді ортасы кең әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне кірістіру. 
- Ішкі: 
А)  Студенттердің  ашық,  ӛзіне  сенімді,  табанды,  ӛз  ойын  толыққанды  жеткізе  алатын  жеке 
қасиеттерінің болуы. 
Б) ӛзінің беделіне сенуі, ӛзіне оңтайлы қарауы. 
В) қатысымға түсуге қажеттілік болуы. 
Осылайша,  коммуникативтік  құзіреттілікті  нәтижеге  бағытталған,  толыққанды  коммуникативті 
әрекеттерді  басқарушы  ішкі    жүйе  ретінде  қарастырған  жӛн.  Ал  бағалай  үрдісі  болса  алдымен  ӛзін-ӛзі 
бағалау негізінде жүргізіледі, және де даму барысы коммуникативтік қарым-қатынастарды ұйымдастыру 
құралдарымен ӛзін-ӛзі дамыту үрдісімен жүзеге асады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет