Хабаршы вестник bulletin «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы»



Pdf көрінісі
бет1/25
Дата12.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#9205
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 
 
 
ISSN 2307-7891 
 
 
 
 
 
 
 
 
       
 
 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
BULLETIN 
 
 
«Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ 
 
 
ISSN 2307-7891 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 

 
                                                      
Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университеті 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
Abai Kazakh national pedagogical university 
 
 
Кӛптілді білім беру институты 
Институт полиязычного образования 
Institute of multilingual education 
 
                                
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
BULLETIN 
 
 
«Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы 
 
Серия «Полиязычное образование и иностранная филология» 
 
Series «Multilingual education and philology of foreign languages» 
 
 
№ 1 (13)                   2016 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЛМАТЫ 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 

 
БАС РЕДАКТОР 
 
Т.Т.АЯПОВА - ф.ғ.д., профессор 
 
БАС РЕДАКТОР ОРЫНБАСАРЛАРЫ: 
Асқарова С.А. – ф.ғ.к., доцент 
     Баданбекқызы З. – ф.ғ.к., доцент 
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: 
Абуов Ж.А. - ф.ғ.д., профессор 
    Мирзоев К.И. - ф.ғ.д., профессор 
Мусаева К.С. - п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУның профессоры 
Букабаева Б..Е. - ф.ғ.к. 
Кемелбекова З.А. - ф.ғ.к. 
Али Али Шабан – PhD Каир (Египет) 
Дэвис Брент – PhD (АҚШ) 
Дэвид Ландис – PhD (АҚШ) 
Фатима Шнан-Давен - PhD Экс-Марсель университеті (Франция) 
Наср М.Ариф – PhD, Араб Эмириаты 
Әлімсейіт Әбілғазы – ф.ғ.д., профессор Шыңжаң университеті филология     институты 
(ҚХР) 
Иноятова У.И. – п.ғ.д., Низами атындағы ТГПУ (Ташкент, Ӛзбекстан Республикасы) 
Кенан Коч – PhD (Турция) 
М. Яуманн – магистр (ФРГ) ДААД орталығы 
 
                                                                   
НӚМІРГЕ ЖАУАПТЫ ТҦЛҒА: 
 
Асқарова С.А. – ф.ғ.к., доцент 
 
                                      ЖАУАПТЫ ХАТШЫ: 
Султанбекова С.С. - аға оқытушы  
                                                                                           
 
Журнал  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігіне  12.02.2013 
жылы тіркеліп, №13343-Ж куәлігі берілді. 
 
 
Шығарылу мерзімі жылына 4 рет. Периодичность 4 раза в год. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 

 
ГЛАВНЫЙ  РЕДАКТОР 
 
Т.Т. АЯПОВА - д.ф.н., профессор 
 
ЗАМЕСТИТЕЛИ ГЛАВНОГО РЕДАКТОРА: 
Баданбекқызы З. – к.ф.н., доцент 
Асқарова С.А. – ф.ғ.к., доцент 
 
COCТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА: 
    Абуов Ж. А. -д.ф.н., профессор 
Мирзоев К.И. - д.ф.н., профессор  
Мусаева К.С. - к.п.н., профессор КазНПУ имени Абая  
БукабаеваБ.Е. - к.ф.н. 
Кемелбекова З.А. - к.ф.н.  
Али Али Шабан - PhD Каир (Египет) 
Дэвис Брент – PhD (США) 
Дэвид Ландис – PhD (США) 
Фатима Шнан–Давен - PhD Университета Экс-Марсель (Франция) 
Наср М.Ариф – PhD, Арабские эмираты 
Әлімсейіт Әбілғазы – д.ф.н., профессор Шинжанский институт филологии (КНР) 
Иноятова У.И. – д.п.н., ТГПУ им Низами (Ташкент, Республика Узбекистан) 
Кенан Коч – PhD (Турция) 
М.Яуманн – магистр (ФРГ) Центр ДААД 
 
ОТВЕТСТВЕННЫЙ ЗА ВЫПУСК ЖУРНАЛА: 
 
Асқарова С.А. – ф.ғ.к., доцент 
ОТВЕТСТВЕННЫЙ СЕКРЕТАРЬ: 
Султанбекова С.С. - старший преподаватель  
 
 
 
Журнал  зарегистртрован  в  Министерстве  культуры  и  информации  Республики 
Казахстан 12 февраля 2013 г. № 13343-Ж 
 
 
                                                                                  Периодичность 4 раза в год. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 

 
 
 
EDITOR-IN-CHIEF 
Tanat T. Ayapova - Doctor of Philological Sciences, Professor 
 
EDITOR-IN-CHIEF’S ASSISTANTS: 
Zaure.Badanbekkyzy -Candidate of Philological Sciences, Associate Professor 
Saule A. Askarova- Candidate of Philological Sciences, Associate Professor 
 
 
EDITORIAL STAFF: 
Zhumagaly A.Abuov -Doctor of  Philological Sciences, Professor 
Knyaz I. Mirzoyev- Doctor of  Philological Sciences, Professor 
Kultay S. Musayeva- Candidate of Pedagogical Sciences, Professor  
Bakhytkul E. Bukabayeva- Candidate of Philological Sciences  
Zada A. Kemelbekova- Candidate of Philological Sciences  
Ali Ali Shaban- PhD Kair (Egypt) 
Davis Brent - PhD (USA) 
David Landis- PhD (USA) 
Fatima Shnah- Daven- PhD of Ex-Marseille University (France) 
Nasr M. Arif- PhD, Executive Director of Dar al-Islam Institute (Arab Emirates) 
Alimseyit Abilkazy- PhD, Professor of Jingjiang Institute of Pholology (China) 
Inoyatova U.I. – Doctor of Philological, Nizami TSPU (Tashkent, Uzbekistan Republic) 
Kenan Koch- PhD (Turkey) 
M. Yauman- Master Degree, DAAD center (Germany) 
 
Saule A. Askarova is responsible for  this issue. 
 
                                                     
EXECUTIVE SECRETARY: 
 Saulegul S. Sultanbekova- senior teacher  
 
 
 
 
 
Journal  is  registered  at  the  Ministry  of  Culture  and  Information  of  the  Republic  of 
Kazakhstan 
(Certificate № 13343-J) 2013, February 12 
 
 
 
 
 
                                                                                                                     4 issues per year 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 

 
 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУ 
ИНОЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ 
FOREIGN LANGUAGE EDUCATION 
 
 
УДК: 378.016:811.111 
 
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА МЕДИАФИЛЬМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ  
ӘДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Бекбосынов А.М. – Абай атындағы ҚазҰПУ  
6М011900  «Шет тілі: «екі шет тілі» мамандығының 2 курс магистранты, angmassalik@gmail.com 
Ғылыми жетекшісі: Абуов Ж.А. – Абай атындағы ҚазҰПУ,  
Кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор, Zh.abuov@mail.ru 
 
Қазіргі  заманда  гуманитарлық  пәндерді  оқытудың  сапасын  арттырудың  басты  бағыты  ретінде,  дәріс  беру 
үрдісінде электрондық және мультимедиалық оқыту құралдарын пайдалану алға қойылған. Сонымен қатар интернет 
арқылы  бейне  материалдарды  дәріс  ӛткізу  мақсатында  қолдану  қашықтықтан  оқыту  технологиясының  ажырамас 
бӛлігі болып табылады. Қазір кӛптеген Жоғары оқу орындарында аудиториялық оқыту және дәріс беру барысында 
ақпараттық  технологияларды  пайдалану  жүзеге  асырылуда.  Ақпараттық  технологияларға  бейне  материалдар, 
электрондық кітаптар және басқа да техникалық құралдардың кӛмегімен жүргізілетін істерді айтуға болады. 
Тҥйін  сӛздер:  сандық  технологиялар,  компьютерлер,  DVD-ойнатқыштар,  презентациялар,  лингво,  видеомәтін, 
аутентикалық, мультимедиялық жоба, анимация, фильмдер. 
Бұл  мақалада  жазылған  басты  ой,  техникалық  құралдар  мен  кӛрнекі  мультимедиалық  материалдарды  қолдану 
арқылы,  ақпаратты  оқушыларға  кӛру  және  есту  қабілеттерін  толығымен  пайдалану  арқылы,  дәріс  ӛткізу  сапасын 
дәстүрлі  әдістермен  салыстырғанда  анағұрлым  жоғары  екенін,  қазіргі  қызметтегі  ұстаздарға  және  де  болашақта 
кәсібін білім беру саласымен байланыстыруға бел буған мамандарға арналады.   
 
Кіріспе 
Жаңа  заман  бізден  терең  білімді  талап  етеді.  Жалпы  адамзаттың  сауаттылық  деңгейі  арта  түсуде. 
Адамзат тарихында жазудың пайда болуы сияқты, қазіргі таңда ақпаратты жеткізу мен сақтаудың жаңа 
формасы  пайда  болды.  Кез  келген  мектепте,  ЖОО-да  тіпті  үйде  сандық  технологиялардың  қарқынды 
даму дәуірінде копьютерлер немесе DVD-ойнатқыштар сынды маңызды кӛмекші құралдарсыз күнделікті 
ӛмірді елестету оңай емес. Алайда, барлық қазіргі заманғы техникалық құралдарды тек қана ойын-сауық 
мақсатында ғана емес, сонымен қатар оқыту процесінде де тиімді пайдалануға мүмкіндік бар екенін атап 
ӛткен  жӛн.  Осы  ретте  сауаттылықтың  жаңа  түрі  пайда  болуда.  Ол  –  сандық  сауаттылық.  Осыған  орай 
инновациялық  технологияларды  ӛз  қажеттілігіне  пайдалану  үшін  адам  бойында  белгілі-бір  машықтар 
болуы  керек.  Осылайша,  сандық  сауаттылық  21  ғасырда  ӛмір  сүретін  адамның  ажырамас  бӛлшегіне 
айналуда.  
 
Талдау бӛлімі 
Жоғары  оқу  орындарында  қызмет  ететін  ұстаздар  жаңа  технологияларға  жататын  аудио-видео 
кӛріністерді  (презентациялар,  кино  үзінділер,  видео  жаттығулар)  аудиториялық  дәрістерде  қолдануы, 
университет оқушылары студенттер үшін кӛп ақпаратты айқын түсінуіне, кӛрнекі лингво географиялық 
ақпаратты  алуға,  видеомәтін  жаттығуларында  тілдік  және  мәтіндік  жорамалдау  машықтарын 
қалыптастыруға  және  де  бейне  кӛріністен  соң  тілдік  дағдыларын  дамытуға  септігін  тигізеді.  Сонымен 
қатар,дәріс ӛткізу процесінде видео мәтіндерді қолдану мен кӛрнекі презентацияларды ұсыну оқу құралы 
ретінде  қиялды,  абстрактілік  ойлауды,  оқытылатын  оқу  материалына  және  пәнге  қызықтырушылықты 
арттырады. [1, 49 бет] 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 

 
Кӛп арналар арқылы ақпаратты алу (есту, кӛру, қабылдау) ӛңірлік географиялық және лингвистикалық 
материалдарды  қабылдауға  оң  әсер  етеді.  Осы  арқылы  студенттердің  коммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастыруда қолайлы жағдай пайда болады.  
Дәріске алдын ала дайындалу кезеңінде фильмдерді таңдау және соған байланысты сабақ жоспарын 
жобалау ұстаз тарапынан  аса мұқияттылықты талап ететін, ӛте қиын әрі ұзақ уақытты процес.  Алайда, 
дәріске қажетті материалдар толығымен жинақталып, қорытынды қалпына келтірілсе, әзірленген  видео 
материалдарды  оқытушы  ұзақ  мерзім  бойы  ӛз  қажеттілігінше  пайдалануына  болады.  Бұл  ретте  ең 
бастысы жинақталған видео материалдар сабақ тақырыбы ауқымында болуы шарт.  
Тағы бір маңызды мәселе, аутентикалық видео мәтіндерді дидактикалық тұрғыда дайындау дәрежесі. 
Оқу  үрдісінде  пайдаланылатын  материалдар  оқушылардың  дайындық  деңгейіне  сәйкес  келуі  басты 
шарттардың бірі болып табылады. Олай болмаған жағдайда, дәрістің жемісті болуы белгісіз.  
Осыған  орай  шет  тілін  оқыту  процесінде  аутентикалық  (шынайы  ӛмірлік  деректер  нәтижесінде 
қалыптасқан материалдар) материалдарды іріктеу ең маңызды критерий болып отыр. Қазіргі таңда осы 
ӛлшемдер  ӛте  анық  айқындалуда.  Мәселен,  А.Е.Чикунованың  пайымдауынша  практикалық  жұмыста 
келесі  маңызды  мәселелерді  дұрыс  тапқан  дұрыс.  Олар  видео  мәтіннің  кӛрерменге  ұсынар  жаңалығы, 
танымдық құндылығы, салалас пәндерге қатысты жаңалығы, жүйелілігі және дәйектілігі, репрезентатив-
тілігі және тағы басқа.[2, 138-144 беттер] 
Видео  мәтіндерді  қолданудың  ұтымды  қыры,ақпаратты  жоғары  кӛрнекілікте  кӛрсету,  яғни,  ашық 
кӛркемдеулер  және  анимацияланған  процестер  оқушылар  тарапынан  кӛбірек  назар  аудартып,  қарасты-
рылатын  тақырыпқа  байланысты  қызығушылық  тудырады.  Сондай-ақ,  бұл  әдіс  жаңа  материалды 
түсіндіруге  кететін  уақытты  үнемдейді.  Қарапайым  мысал  келтіретін  болсақ,      дәрістік  материалдың 
мазмұны  бүкіл  бір  сабақ  уақытын  алса,  ал  оқу  видеофильмдері  -  20  минут  қана  уақыт  алады  және  де 
тәжірибелік жұмысқа нұсқауды кӛркем визуалды бейнемен жеткізуге мүмкіндік береді.  
Видео  мәтіндерді  дайындау  барысында  «multimedia  scrapbook»  бағдарламасын  пайдалану  ұстазға 
керекті  ақпаратты  жинауға  кӛмегін  тигізеді.  [3,  138-144  беттер]  Бұл  бағдарлама  ағылшын  тілінен 
аударғанда  «мультимедиялық  жоба»  деген  мағынаны  білдіреді.  Пайдалану  үрдісінде  мультимедиялық 
ресурстардың жиынтығын ұсынады. Скрэпбукта мәтіндік материалдармен қатар, фото, аудио және видео 
кӛріністерге  байланысты  пайдалы  нұсқаулар  бар.  Скрэпбуктың  барлық  қажетті  файлдарын  әр  ұстаз 
немесе оқушы ӛз керегінше алып, шет тілін оқып меңгеруіне мүмкіншілігі бар.  
Шет тілін оқытуда аутентикалық видео материалдар арқылы осы күндердің актуальды жаңалықтарын 
ұсынған жӛн. Техникалық тұрғыдан алғанда оқытушы тарапынан аудиторияға ұсынылып отырған видео 
кӛрініс  үзінді  ретінде  тоқтатылып  (бейне  ойнатқыштағы  PLAY/PAUSE  түймешесі),  қайтадан  жалғас-
тыруға  қолайлы  болғаны  дұрыс.  Оған  мысал,  екі  немесе  үш  қысқаша  бӛлімдерден  тұратын  бейне 
кӛріністер. Мұндай материалдар сабақ ӛткізу үрдісін жеңілдетері сӛзсіз. Ӛйткені бейне кӛріністі паузаға 
қойып,  келген  жерге  дейінгі  оқушылардың  түсінгенін  анықтап  алуға  мүмкіншілік  пайда  болады  және 
орын  алған  жаңа  сӛздерге  анықтама  беруге  болады.  Педагогикалық  әдістеме  тұрғысынан  алғанда  бұл 
тәсіл ӛте ӛзекті болып табылады және бұл әдістің болашағы зор. 
Шетел  тілін  оқыту  процесін  жеңілдету  және  жетілдіру  үшін  сабақта  техникалық  құралдарды,  соның 
ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор: 
Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, 
оны интенсивті түрде бекітуге кӛмектеседі. 
Бейнефильмдер  оқытушыға  оқу-тәрбие  жұмысын  ӛмір  шындығына  жанастыруға  мүмкіндік  береді. 
Сабақта  бейнефильмдерді  қолдану  нәтижесінде  оқушылар  ӛздері  меңгерген  оқушының  фонетикалық, 
лексикалық, грамматикалық материалдарды ӛз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады.  
Бейнефильмдер  тыңдап-түсінуде  кездесетін  қиындықтарды  жеңуге,  оқушының  бойында  тыңдап-
түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі. 
Сабақта  бейнефильмдерді  қолдану  оқу  сапасын  жоғарылатады,  оқушының  шетел  тілін  үйренуге 
қызығушылығын арттырады. Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: деректі бейне фильмдер, 
кӛркем фильм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық және коммерциялық фильмдер. 
Сабақта  бейнефильмдерді  қолданғанда  ескерілетін  жағдайлар:  бейнефильмдерді  жоспарға  сай  іріктеу, 
тақырыпқа  сәйкес  таңдау,  фильмнің  кӛлемін  ескеру,  қысқа  болуын  қадағалау,  сюжеттің  оқушы  үшін 
қызықты әрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің жатықтығына кӛңіл бӛлу. 
Фильмді кӛрсету әдістері де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын шығармай  дыбыссыз не болмаса 
кинодан  қажетті  үзіндіні  кӛру  арқылы  мұғалімнің  берген  тапсырмасын  орындайды.  Оқушының  ӛздік-
терінен  жұмыс  белсенділігін  арттыру  үшін  бейнефильмдерді  кӛрсету  арқылы  әңгіме,  мазмұндама 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 

 
ұйымдастыруға  болады.  Сонда  ғана  оқушы  тіл  ұстартып,  шығармашылық  қабілетін  кӛрсете  алады, 
коммуникацияға бейімделеді. 
Жоғары оқу орнында дәріс беру барысында бейнефильмдерді пайдаланудың басты мақсаты оқушы-
лардың  коммуникативтік  құзыретінің  дамуына  жол  ашу  болып  табылады.  Себебі,  коммуникативтік 
құзыретті  дамыта  отырып  ұстаздар  оқушылардың  мәдени  және  кәсіби  қарым-қатынастарының  пайда 
болуына  зор  ықпалын  тигізеді.  Ал,  осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  оқыту  әдісінің  мазмұнына,  оқу 
пәніне  байланысты  құрал-жабдықтардың  болуына  және  оны  пайдалану  әдістемесіне  зор  кӛңіл  бӛлген 
жӛн.  
В.И.  Писаренконың  пікірінше,  оқыту  үрдісінде  бейнефильмдерді  пайдаланудың  басты  себептері 
мыналар: 
1. Бейнефильмдердің кең таралымдылығы немесе басқаша айтсақ қол жетімділігі; 
2. Оқытушының видео мәтіндерді пайдалануға септігін тигізетін белгілі-бір тәжірибесінің болуы; 
3.  Оқытушының  шығармашылық  дамуына  да  сабақ  беру  үрдісінде  видео  мәтіндерді  пайдалану  ӛз 
ықпалын тигізеді. 
Шет тілін оқыту барысында бейнефильмдерді пайдалану кең таралымға ие болса да, оның әдістемелік 
тұрғысы әлі айтарлықтай деңгейге жете қойған жоқ.  
 
Тәжірибе бӛлімі 
Шет тілін оқыту процесіне жарамды бейне фильмдерді тӛртке бӛліп қарастыруға болады. 
Біріншіден,  ол  арнайы  дайындалған  шет  тілі  пәніне  байланысты  құрастырылған  оқыту  әдістемелік 
бейне  фильмдер.  Ең  бастысы,  бұндай  бейне  фильмдер  оқушылардың  білім  деңгейлерін  ескере  отырып 
құрастырылған.  Бір  кемшілігі,  арнайы  бейне  материалдарды  аутентикалық  материалдарға  жатқызуға 
болмайды. Тағы бір кемшілігі, арнайы лицензияланған оқу видео материалдары айтарлықтай қымбат оқу 
құралдары қатарында.  
Екіншісі,  қолданыста  бар  видео  материалдар.  Яғни,  қол  жетімді  және  жалға  алуға  болатын  бейне 
фильмдер.  Бұған:  бейне  фильмдер,  комедиялық  телешоулар,  табиғатқа  байланысты  түсірілген  кӛркем 
фильмдер, оқыту программалары және тағы басқалары жатады. Бұл жағдайда фильм таңдау барысында 
оқушылардың деңгейімен сабақ тақырыбы ауқымына сәйкес келетін бейне таспаны алған дұрыс. Және де 
авторлық құқықты бұзбаған жӛн. 
Үшіншісі,  теледидар  экранынан  бейне  таспаға  түсірілген  фильмдерді  айтамыз.  Халықаралық  тілде 
бұны off-air programs деп атайды. Яғни эфирден жазылған бағдарлама деген түсініктеме береді. Мысалы: 
жаңалықтар  бағдарламасы,  бейне  фильмдер  және  ғылыми-танымдық  бейне  фильмдер.  Бұл  жағдайда 
ұстаздар  оқушылардың  білім  деңгейлерін  ескеріп  және  фильм  хронометражын  дәріске  бӛлінген  уақыт 
ауқымына дәлдегені жӛн. Басты артықшылығы кез-келген ұстаз ӛзіне ұнаған бағдарламаны бейне таспаға 
жазып алып сабақ беру үрдісінде оқушыларға ұсыну мүмкіншілігіне ие болуы. Сондай-ақ бұл дәріс беру 
әдісін  аутентикалық  видео  материалдар  қатарына  қосуға  болады.  Ал,  аутентикалық  видео  мәтіндердің 
басты  артықшылығы  сабақ  беру  үрдісінде  аудиторияда  «тепе-теңдекті»  сақтайды.  Белгілі  ғалымдар,               
М.К.  Филлипс  пен  С.С.  Шеттлесверзтің  пікірлерінше  «ұстаз  бұдан-былай  аудиторияда  дискуссия 
барысында жалғыз даусыз беделді тұлға емес, оқушылардың кәсіби тұрғыдан құзыретін есепке алады» 
деп айтқан. 
Дж.Лонерган оқыту бейне материалдарының тӛртінші түрін белгілеген. Ол – оқушылар мен оқытушы-
лардың ӛздігінен бейне таспаға түсірген материалдары. Оқыту процесінде видео камераны пайдаланудың 
бірнеше жолдары бар. Біріншіден, видео камера арқылы, оқушылардың немесе оқытушының сабақ беру 
үрдісінде  шет  тілінде  сӛйлеу  және  жаңа  материалдарды  түсіндіру  процесін  таспаға  жазу.  Екіншіден, 
видео камераны қажетті бір материалды таспаға түсіріп артынша оқу процесінде қажетінше пайдалануға 
болатындығы. Және де үшіншісі, бұл ең кереметі видео камера арқылы оқушылар ӛздері басты рӛлдерге 
қатысып  бейне  фильм  түсіруі.  Оператор  қызметін  орындап  немесе  фильмде  рӛл  ойнау  оқушылардан 
белгілі-бір жауапкершілікті талап етеді және де соның арқысанда оқушылар шет тілін меңгеруде жоғары 
нәтижеге жетеді.  
Бұл  жобанның  стратегияларын  пайдалану  жаңа  оқу  материалдарындағы  оқиға  мен  құбылыстарды 
оқушылар  ӛздері  байқап,  талдап,  зерттеп,  ойларын  еркін  жеткізе  алады.  Демек,  білім  оқушыларға  даяр 
күйінде  берілмей,  әр  оқушының  ӛзінің  ой  еңбегін  қажет  ететін  тапсырмаларды  орындауы  арқылы  қол 
жеткізуге болатын нысан ретінде ұсынылады. Әр оқушы ӛз ойын еркін түрде ортаға салуына мүмкінші-
лігі ашылады.Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің, шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол 
ашылады.Білім беру формалары жаңа заман талабына сай  ӛзгеріп, жаңарып отырса,  болашақ  ұрпаққа  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 

 
әсері мен  ықпалы ерекше  болады. Жаңа инновациялық әдіс- тәсілдер теориялық  тұрғыдан  дәлелденіп,  
іс жүзінде жақсы нәтижелер кӛрсетіп келеді. 
Сонымен қатар, сабақты видео кӛріністерді пайдалану арқылыӛткізу ұстаздар тарапынан синхронды 
және диахронды аударма дағдыларының болуын талап етеді. Дәрісті осылай ұйымдастыру оқушыларды 
актуальды  ақпаратты  түсінуге  ӛздігенен  ынталандырады,  ал  ӛз  кезегінде  мұғалім  шет  тілін  пайдалана 
отырып нұсқаушы рӛлін атқара алады. [4] 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет