Алмат БАБАТОВ,
Қызылорда қалалық сотының төрағасы
Ғасырлар қойнауына көз
жіберсек, тәуелсіздіктің қан-
дай қиындық, азаппен келгенін
түсінеміз. Алғашқы жылдарда
басым мақсаттардың қатарында
егемендікті нығайту, ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
экономикадағы қиыншылықтар-
ды жеңу болды. Ол мақсаттар
біртебірте еңсеріліп, атаба-
бамыз аңсаған арман орындал-
ды. Жеріміз кең, Ата Заңымыз,
елорда – қасиетті мекеніміз
бар. Қоғамымыз да еңбек ет-
кен адамға барлық жағдай
жасалған. Елбасы жыл сай-
ынғы халыққа жолдауы мен
стратегия лық жоспарларында
келешектің даңғыл жолын ай-
қындап беруде.
Біз үшін осындай мемле-
кетте тұрып, бейбіт күнде өмір
сүру ең үлкен бақыт. Сол бақыт-
ты бағалап, әрі қарай мемле-
кетіміздің өркендеуіне, гүл-
денуіне үлес қосу перзенттік
парыз. Мемлекет басшысы «бү-
гінгі заманда өзінің асқақ ар-
манына тек жаңаша ойлайтын,
ерікжігері мол, өзіне сенімді
адамдар ғана қол жеткізе ала-
ды» дей отырып, талап қылған
әр азаматтың қазақ жеріндегі
іргелі білім ордаларында және
«Болашақ» бағдарламасының
аясында шет мемлекеттерге
барып білім алуына мүмкін-
дік тудырды. Соншалықты
көп уақыт болмаса да, 25 жыл-
да атқарылған істер орасан.
Бұрын Қазақстанның барын
білмейтін әлем халқы бүгін-
де Президентіміз арқылы қа-
зақты таниды. Спортшылар
мен өнер адамдары, ғалымдар
т.б. ұлқыздарымыз түрлі
байқаулар арқылы әлемнің
түкпіртүкпірінде өтіп жатқан
шараларға, олимпиадаларға
қатысып, Қазақстанның атын
шығарып жүр.
Тәуелсіздік алған жылдары
еліміздің сот жүйесі де қайта
құруды бастан өткерді. Көпте-
ген заң актілері, Қылмыстық,
Қылмыстықпроцестік, Аза-
маттық, Азаматтықпроцестік,
Еңбек кодекстері және басқа да
қоғамдық қатынастарды рет-
тейтін заңдар қабылданды. Сот
құрылымы мен сот өндірісі
жүйе сінің өзі айтарлықтай
өзгерді, жекелеген санаттағы
істерді қарайтын мамандан-
дырылған соттар құрылды.
Мамандандырылған халықа-
ралықэкономикалық және
мамандандырылған әкімшілік
соттар, аса ауыр қылмыстар
бойынша алқабилердің қаты-
суымен қаралатын қылмыс тық
істер жөніндегі маманданды-
рылған халықаралық соттар
жұмыс істейді. Жалпы алғанда,
тәуелсіздік жылдарында Қа-
зақстан сот жүйесін дамытудың
биік белестерін бағындырды.
Тәуелсіз дік – біз үшін құнды
қа зына. Сол себепті елдігіміздің
баяндылығы жолында әрбір
қазақстандық аянбай еңбек етуі
керек. Қазақта «Ақылшысы жоқ
ел азады, иесі жоқ жер азады,
қолдамаса ер азады» деген асыл
сөз бар. Жұдырықтай жұмылып
Елбасыны, бірбірімізді қолдау
арқылы ғана діттеген межеге
жетеміз.
Дінмұхамед СЕЙІТОВ,
Талғар аудандық сотының
судьясы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
Мінбер
Бақтыгүл ДҮЙСЕБАЛИЕВА,
Атырау қалалық №2 сотының
судьясы
Қазақстан Республикасы
ның «Медиация туралы»
заңы ның қабылданып, жүзеге
асырыла бастағанына бес жыл-
дан астам уақыт өтті. Бабалар
дәстүрінен бастау алған бұл заң
еліміздегі жеке, заңды тұлғалар
арасындағы туындайтын түрлі
дауларға байланысты медиа
цияны ұйымдастырып, оны
жүргізудің қағидаттары мен
рәсімдерін реттейді.
Медиатор – тәуелсіз, ісәре-
кетінде бейтарап, түпкі нәти-
жеге мүдделі емес тұлға. Ол
тараптардың өзара келісімі
бойынша таңдалады. Медиа
торлар құзыретіне қарай екіге бөлінеді. Біріншісі – медиацияға
қатысты арнайы дайындықтан өтіп, заңгерлік тәжірибе жинақтаған
кәсіби медиаторлар болса, екіншісі – кәсіби емес медиаторлар.
Заңда нақтыланғандай, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін
кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асыруға құқығы бар. Ме-
диаторлыққа үміткерлер сол өңірдегі тұрғындар жиынының ресми
хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиіс және
де заңгер мамандығы болуы міндетті емес. Олар өз қызметтерін тек
қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Мемлекеттік
функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген, заңда
белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті
шектеулі деп танылған, оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге
асырылатын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алын-
баған соттылығы бар адамдар медиатор бола алмайды.
Медиация – бітімгершілікке мүдделі тараптардың ерікті келісімі
бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге
қол жеткізу мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар
арасындағы дауды реттеу рәсімі. Сондықтан да, оның қызметін
тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп
түсіндіргеніміз дұрысырақ. Ол әділдік, мәміле іздеген екі жақтың
еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың
өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Дауласып келіп, татуласып
шығуына мүмкіндік береді.
Медиацияның бастапқы да, түпкі де мақсаты – екі тарапты да
қанағаттандыратын бітімгершілікке қол жеткізу және тараптардың
дауласушылық деңгейін барынша төмендету.
Медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеу
шілік принциптерімен ерекшеленеді. Бірбіріне талап қоюшы та-
раптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы
өзара тиімді мәмілеге келе алады. Қылмыстық істерді қарау аясында
тараптар келісімге келгеннен кейін іс сотта бейбіт келісім ретінде
мақұлданады.
Бабалар дәстүрінен бастау алатын мәмілегерлік бүгінгі таңда
билік айтудың ең озық өнегесі екендігіне дау жоқ. Бұған біздің Аты-
рау қалалық №2 сотында өткен 11 ай ішінде 49 істің бітімгершілік
жолымен шешілуі айқын дәлел бола алады.
Дерек пен дәйек
«АҚЫЛШЫСЫ ЖОҚ ЕЛ АЗАДЫ»
Меже
М.Нәрікбаев, Қ.Мәми, М.Әлімбеков, Б.Бек-
назаров және Р.Юрченкомен бірге қызмет
атқарғанын мақтан тұтып, ол кісілерге өз
алғысын шексіз білдіруде.
Жоғарыда аталған тұлғалардан алған
үлгілі өнегесі болар, Әсия Зейнелқызы
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөнін-
дегі сот алқасы хатшылығынан кеңсе
меңгеру шісі лауазымын атқару барысында
алқаның әр қызметкеріне өзінің ақылын,
кеңесін беріп, жас мамандардың білімді де
білікті болуына өз үлесін қоса білді. Оның
ұлағатты тәрбиесі мен жұмысқа деген
іскерлік тәрбиесін алған Жоғарғы Соттың
кеңесшілері Жанна Салықбаева, Людмила
Алпысова, Нұржамал Жүсіпбекова, Қуа-
ныш Әріпов, Гүлшарат Кәмпитова, Қайрат
Иманқұлов, Назгүл Бапахова және тағы
басқалары бүгінгі таңда республикамыздың
әр өңірінде судья лауазымын абыроймен
атқаруда.
Әсия Асылбекова сот жүйесіне қосқан
елеулі еңбегі мен мінсіз атқарған қызметі
үшін бірнеше мәрте Жоғарғы Сот төрағала-
рының, аппарат басшыларының алғысхат-
тарын және құрмет грамоталарын, төсбел-
гілері мен медальдарын алған. Сондайақ,
Елбасының жарлықтарымен «Қазақстан
Конституциясына – 10 жыл», «Астананың 10
жылдығы» мерейлі медальдарын иемденген.
Өзінің сүйікті жұмысына, яғни, сот
жүйесіне 33 жыл бойы үзіліссіз еңбек
еткен Ә.Асылбекова бүгінгі таңда сүйікті
ана, мейірімді бауыр, сыйлы да құрметті
әріптес.
Қазақта «Ұлық болсаң, кішік бол» деген
нақыл сөз бар. Әсия Зейнелқызының бо
йындағы осы ізгі қасиеттері жолын қуып
келе жатқан жастарға үлгі бола бермек.
Қарлығаш ЕРҒАЛИЕВА,
ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық
істер жөніндегі сот алқасы
хатшылығының бас консультанты
гізіліп, құқықтық нормалар қа-
былданып, заңдарға өзгерістер
мен толықтырулар енгізілгенін
жақсы білеміз. 1995 жыл Ата
Заңымыздың қабылдануымен
есте қалды. Конституциямыз
қиынқыстау шақта елімізді
артта қалдырмай, тұтастық пен
тұрақтылықтың символына ай-
налды. Қазіргі тәуелсіз мемле-
кеттің аса құнды байлығы адам
құқықтары мен бостандықтары.
Шын мәнінде сот – қылмыс
пен күресетін орган емес, адам
құқықтары мен бостандықта-
Келбет
ЕРЕН ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БАҚЫТ БАСЫН ИЕДІ
Көзқарас
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ
ЕУРОПАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА САЙ
рын заң арқылы қорғап, әділ-
діктің салтанат құратын орны.
Мемлекетіміз Президент басқа-
руындағы үш билік тармағынан
құралып, оның бір тармағы тәу-
елсіз сот билігі болып бекітілді.
Соттың қызметі мен мәртебесі
осылайша заңды түрде дәйек
телгеннен кейін сот қызметкер-
лері өздеріне артылған орасан
жауапкершілікті сезініп, ха-
лыққа қалтқысыз қызмет етіп,
ел дамуына өз үлесін қосуда.
Сондайақ, Президент әрбір
ұсынған бағдарламасында су-
дьялардың халықтың ары мен
ожданы екендігін айтып, олар-
дың жұмысына қарай мемлекет
беделі қалыптасатынын тілге
тиек етіп келеді. Сондықтан,
әрбір шығарылған сот актісінің
соңында адам тағдыры тұра-
тындықтан, қазыларға деген
талаптың жоғары болуы заңды
деп білемін.
Еліміз Еуропа қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымына
төрағалық етуге өтініш білдір-
ген кезде аталған ұйымның ар-
наулы өкілдері Қазақстандағы
демократиялық принциптердің
жайкүйін тексеру мақсатында
үш жылдай бақылау орнатып,
азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары турасында са-
уалнамалар жүргізгені есіміз-
де. Қазақстандық сот жүйесі
мен оның жұмысы адам құқын
қорғауда еуропалық стандарт-
тарға сай келгендіктен, елімізге
2010 жылы Еуропа қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымына
төрағалық ету құқығы беріліп,
абыройымыз асқақтап, бе-
деліміз артты. Мұның өзі еліміз-
дегі сот жүйесінің халықаралық
стандарттарға сәйкес екенді-
гінің дәлелі деп ойлаймын.
Бүгінде заңдарды ізгілен-
діру, жаңғырту, дауларды мей-
лінше сотқа дейін өркениетті
шешу тетіктерін көбейту сот
саласының сабағына нәр бе-
руде. Үш сатылы сот жүйесі
де санаулы уақыт ішінде өз
өміршеңдігін көрсетіп, ха-
лықтың сотқа деген оң сенімін
қалыптас тыруда. Жоғарыда
айтылғандардың барлығы ел
тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде
жеткен телегейтеңіз жетістік-
терінің бір парасы ғана. Қорыта
айтқанда, өткеннiң өнегесi бо-
лашаққа батыл қадам жасаудың
негiзін қалап берді.
А.АТАШЕВА,
Ақтау қаласы
мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік
сотының судьясы
Сот жүйесінде өз қалауымен еңбек етіп, оның жемісін көріп жүрген
қызметкерлеріміз жеткілікті. Сондай үлгі тұтар жанның бірі – Қа-
зақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қыз-
метін ұйымдастыру департаментінің қылмыстық істер жөніндегі сот
алқасы хатшылығының бас консультанты Әсия АСЫЛБЕКОВА.
5
zangazet@maiI.ru
№139 (2917)
9 желтоқсан 2016
ТҰҒЫР
(Соңы. Басы 1-бетте)
Қарапайым тазалық шарттары сақ
талмай, жанжағың шашылып жатса,
басқа жағынан қандай керемет болып
тұрсаң да жасаған еңбегің көзге ілін
бейді. Тазалық жоқ жерде халықтың
тұрмыс жағдайын көтере алмайсың,
– деп сөзін бастады Ақтөбе қаласының
әкімі Ілияс Испанов.
– Жазғы кезеңде қала көшелерін
тазалаумен 10 мердігерлік кәсіпорын
айналысады. Қала бойынша 630 көше
бар болса, аумағы 3,4 млн шаршы метр
болатын осы жерді тазалау үшін 15
қазаннан бастап 300ден астам адам
еңбек ететін 14 мердігерлік кәсіпорын
240 техникасымен аймақты тазалауға
шықты. Қаланың экологиялық ахуа
лын жақсарту бағытында тұрмыс қал
дықтары жиналатын полигонда бейне
бақылау жүйесі орнатылды. Қоқысты
полигонға жетпей төге салу тыйылды.
Тұрмыс қалдықтарын сұрыптап, өңдей
тін цех ашылатын болды. Қала бойын
ша 4500 контейнер тұрған 400 алаңқай
бар. Биыл 1200 жай контейнерге қоса,
европалық үлгідегі 117 евроконтейнер
жаңадан сатылып алынды. Биылғы
жылы қала аумағында гүлзарлар мен
көгалдар алаңы екі есеге ұлғайды.
Қазіргі кезде 34 мың шаршы метрден
астам гүлзар, 134 мың шаршы метрден
астам көгал егілді. Бұдан басқа біз ау
лалар аумақтарының проблемаларына
талдау жасадық. Қаламызда 1615 көп
қабатты тұрғын үй, оларда 647 үй жа
нындағы аумақ бар екен. 100ден астам
үй жанындағы аумақтарға жөндеу жүр
гізіле бастады. Сондайақ, аулаларды
тұрғындар күшімен тәртіпке келтіру
жөнінде ПИК, кондоминиум төрағала
рымен, тұрғындармен белсенді жұмыс
тар жүргізуді қолға алдық.
Қаланың тұрғын үй қорын жылу
мен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті
болып табылады. Бүгінгі күні тұрғын
үй қорын жылу кезеңіне дайындаудың
кестесі бекітілді. Əкімдікте бұл мәселе
бойынша штаб құрылды. Жылу және
газ желілерін, сумен қамтамасыз ету,
су жолдары нысандарын, сондайақ
энергетика қондырғыларын, бөлу қон
дырғыларын жөндеу жөнінде үлкен жұ
мыстар жасалуда. Жағдайларды зерттеп
болғаннан кейін қала инфрақұрылымы
ның тиімділігін арттыру мақсатында
мемлекеттікжекеменшік әріптестігі
негізінде 30 кәсіпорын құру ұсынылды
Ол кәсіпорындарға аумақтарға ке
шенді қызмет көрсету үшін Ақтөбе
қаласының және ауылдық округтердің
аумақтарында 29 учаске бекітілді.
Кәсіпорынға аумақтарды күтіп ұстау,
көп қабатты тұрғын үй қорын күтіп
ұстауды ұйымдастыру, «иесіз» үйлерді
күтіпұстау, қаланың инфрақұрылымы
ның жағдайы туралы мәліметтер жинап,
талдау жұмысында жергілікті атқарушы
органдарға көмектесу және оны жақсар
ту жөнінде ұсыныстар жасау міндеттері
жүктелді.
Жауапкершілік принципі қаланың
санитарлық жағдайын жақсартуға және
түскен сұрақтарды жедел шешуге мүм
кіндік береді. Ең бастысы басқарушы
компаниялар белгіленген аумақта ор
наласқан ғимарат иелерімен келісім
шартқа отырады, бюджетке аузын ашып
отырмайды, өз шығындарына керек
қаражатты өздері тауып, жауып оты
рады. Қала басшысының айтуынша,
болашақта олардың бюджеттен ақша
алу деген болмауы қажет. Шынында
қала аумағындағы «иесіз үйлер» саны
ның көптігіне және тұрғын үй қорының
ескіруіне байланысты мұндай басқару
компанияларын құру мәселесі өте өзек
ті болып табылады. Олар тұрғындармен
бірлесе отырып, жауапты аумақты таза
ұстап, гүлдендіруге қатысты нақты
ұсыныстарын енгізеді, сол үшін жауап
береді.
Облыс, қала басшылығы тазалық
қана емес, қаланың сыртқы архитек
туралық бетбейнесіне де қатты мән
береді. Қала көшелерінде субұрқақтар
салына бастады. Қазір қала бойын
ша 21 субұрқақ бар. Соның ішінде
демеу шілер қаржысына салынған Абай
даңғылындағы суы түрлітүсті болып,
әуенге сай атқылайтын субұрқаққа тұр
ғындар қатты риза болды.
Биыл қалада 25 автобус аялдама
сы бюджет есебінен, 11і бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігі негізінде
салынды. Қаланың сәнсалтанатын
арттыратын түрлі домбыра сияқты
мүсіндер, «Мен Ақтөбемді сүйемін»
деген сияқты жазулар орнатылды.
Қаланың әр жерінде 10 алаңда көше
тренажерлері қойылды. Əсіресе Прези
дент саябағындағы скейтпарк жастар
жиналатын тамаша орындардың біріне
айналды. Қала бойынша 1615 көп
қабатты үй 647 аулаға шоғырланған.
Биыл 90 аулаға асфальт төселді. Бюд
жет қаржысы есебінен балалар ойнай
тын 61 алаңқай жасалды.
дулі, Оқушылар сарайы, Спорт сарайы,
Мұз айдыны, тәулігіне 500 ауысымдық
екі қалалық емхана, жедел жәрдем
станция сы, 300 ауысымдық балалар
стоматологиясын салу сияқты 11 ірі
жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл
жобаларға салынатын инвестициялар
көлемі 18 млрд. теңгені құрайды. Қала
бойынша қарқынды құрылыс жұмыста
ры жүріп жатыр. Он айдың қорытынды
сына сүйенсек,қалада 348 мың шаршы
метр тұрғын үй салынған, ол өткен
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
45,5 пайызға көп.
Қаланың инженерлік
желілері жаңартылуда
Тұрғын үй құрылысы саласында
әсіресе инженерліккоммуникациялық
инфрақұрылымды жобалауға, дамы
туға, көркейтуге үлкен көңіл бөлінеді.
«Нұр Ақтөбе» тұрғын массивіндегі №3,
№4 шағын ауданындағы инженерлік
желілер құрылысы «Батыс» тұрғын
массивіндегі және басқа да жаңадан
бой көтерген аудандардағы кәріз ма
гистральдық желілері, сумен қамтама
сыз ету желілері жаңадан тартылатын
болды. Қарғалы селосының кәріздер
жүйесі қайта жарақталады.
Заречный3 ауылындағы 600 орын
дық, Кірпішті ауылындағы 320 орын
дық орта, «Нұр Ақтөбе» ауданындағы
1200 орындық мектеп, Қарғалы се
лосындағы 320 орындық, «Батыс»
шағын ауданындағы 320 орындық
балабақша құрылысына 2 млрд 662,4
млн теңге бөлінді. Биыл 22 жоба осы
инженерлік желілерді жаңғыртып,
тартуға арналған. Қазақстан Республи
касы ұлттық қорынан бұл мақсатқа 6,6
млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде қала
бойынша 156,5 км су жүйесі, 222,8 км
желісі, 142,7 км газ құбыры тартылады.
Суағарлар мәселесі
қолға алынды
Көктем мен күзде небір қолайсыз
дықтар тудырып, қала тұрғындарының
өкперенішін тудыратын, Ақтөбе қаласы
салынғалы бері көтеріліп келе жатқан
суағар мәселесі қазір оң шешімін таба
бастады. Қала ішінде 7 көшеде ұзын
дығы 2,2 км суағар жасалады.
Оған қоса биыл қала бойынша негізі
нен көктем кезінде ағынды су астында
қамтамасыз ету мақсатында қала
әкімдігі депутаттардың, қоғамдық
кеңес мүшелерінің, БАҚ және қала
тұрғындары өкілдерінің қатысуымен
жол жөндеу сапасына тұрақты түрде
қоғамдық бақылау жүргізетін болады.
Асфальттың бұзылуы себептерінің
бірі судың жиналып, қатуы болып
табылады.
Ақтөбе қаласында биыл көзге
түсерлік бір өзгешелік көшені жа
рықтандыруға қатысты байқалды.
Қаланың 139 көшесі жарықтанды
рылған, 15 мың жарық нүктесі бар
болғанымен, жарықтандыру қондыр
ғылары ескірген еді. Бар шамдардың
қуаты жолдарды жарықтандыруға
жетпейтін. Ең жанға бататыны сол
сығырайған шамдарды күтіпжөндеу
ге көп қаржы кететін. Осыған бай
ланысты қалада бірінші рет қуатты
үнемдейтін жарықты диод шамдары
орнатылады. Бұл электр қуатын 60
70 пайыз үнемдейді. Сонымен бірге,
бүгінгі күні 7 нысан бойынша көшені
жарықтандыру үшін күрделі жөндеу
және қайта жобалау жүргізіліп жа
тыр, жарықтандыру тіректері және
шамдарды жарықты диод шамдары
на алмастыру қарастырылды. Бұл
жұмыс тар келсі жылы да жалғаса
береді.
Өнеркәсіп өнімінің
көлемі артты
2016 жылдың қорытындысында 288
млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріл
ген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 14,9 пайызға көп. Тауар
айналымында 100 пайыздық көрсет
кішке қол жетті, бұл 380,3 млрд теңгені
құрайды.
– Əлемдік экономикалық дағда
рысқа байланысты кейбір көрсет
кіштердің төмендеп кеткенін жасыру
қиын. Көрсеткіштерді жақсарту мақса
тында жұмысшы тобы құрылды, нақты
шаралар алынуда, жыл аяғына дейін
көрсеткіштерді көтереміз деп ойлай
мын, – деген қала әкімі мемлекеттік
үдемелі индустриялық бағдарламаға
тоқтала кетті.
2016 жылы кәсіпкерлікті қолдау
мақсатында 123 жұмыс орнын ашуға
мүмкіндік беретін екі инвестициялық
жоба қолға алыныпты. Оның бірі тамыз
айында басталған «Үйқұрылысы ком
бинаты» ЖШСнің жобасы. Екіншісі
Ауыл шаруашылығына
мән беріледі
2016 жылы қаланың ауыл шаруа
шылығы құрылымдары 22,5 мың га алқа
пқа егін екті. Бұл 2015 жылмен салыс
тырғанда 21 пайызға көп. Бұдан басқа
биылғы жылдың күзінде қосымша 2,5 мың
га алқапқа көпжылдық шөп егілетін бола
ды. Суармалы егіншілікті дамытуға көп
көңіл бөлінуде. Биылғы жылы суармалы
жерге егілген ауыл шаруашылығы дақыл
дарының жалпы көлемі 3557 га құрады.
Бұдан басқа, 2327 га алқапты қайта қал
пына келтіру үшін жобалықсметалық құ
жаттар дайындау жұмысы аяқталды, бұл
жерлер 2017 жылы ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсіруге пайдаланылатын бо
лады. Алдағы жылдың бюджетіне тапсы
рысқа қосымша 3116 га суармалы учаске
лерді қалпына келтіру енгізілді, ол жерлер
2018 жылы пайдаланылады. Осылайша
2018 жылы суармалы жердің жалпы алқа
бы 9,0 мың гектарға жеткізіледі. Бұл 1991
жылғы деңгей.
Қалада жылыжайларды көбейту
үрдісі байқалады. Биылдың өзінде
жылыжайлар алаңы 15,6 гектарға жетті
немесе 2015 жылмен салыстырғанда
10,6 пайызға көп. Бұл шаралардың
бәрі отандық өндірісшілерді қолдауға
және қаланы азықтүлік қауіпсізді
гімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Азықтүлік тағамдары бойынша тұты
нушылық бағасының индексі 104,3
пайыз болды, бұл республика бойынша
көрсеткіштен 0,7 пайызға төмен (ҚР
бойынша 105 пайыз). Бірқатар тағамдар
бойынша бағаның өсімі бар, бірақ бұн
дай жағдай тек Ақтөбе өңірінде ғана
емес, тұтастай алғанда, республика бой
ынша көрініп отыр. Бағаны тұрақтан
дыру және жергілікті өндірісшілердің
қала сөрелеріне тікелей шығуын қамта
масыз ету аясында ауыл шаруашылығы
жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда. Мұн
дай жәрмеңкелер азаматтардың бірін
ші кезекте қажет тағамдарды өндіріс
шілердің бағасымен немесе көтерме
жеткізушілердің бағасымен алуына
мүмкіндік береді. Мұнда бағалар әрине
базарға қарағанда 1520 пайызға төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |