АҢдатпа 6-бет 2-бет



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,52 Mb.
#9224
1   2   3   4   5   6

Білім беру саласындағы 

оң өзгерістер

Мемлекеттік  саясаттың  басым 

бағыт тарының бірі – білім беру са­

ласы. 2016 жылы қаланың білім беру 

саласын қаржыландыру көлемі 9,7 млрд 

теңгені құрады, бұл қала бюджетінің 

барлық шығынының 30,4 пайызы болып 

табылады. Ақтөбе қаласында 135 мемле­

кеттік білім беру ұйымы жұмыс істейді. 

Қалада ұйымдасқан оқыту және тәрбие 

беру ісіне 85 мыңнан астам бала мен 

жасөспірім қамтылған. Қалада әлі күнге 

үш ауысымда оқытатын мектептер бар. 

Бұл проблеманы шешу үшін үш мектеп 

салынып бітті. Заречный­3 ауданында 600 

орындық, Кірпішті аулын да 320 орындық 

және «Нұр Ақтөбе» тұрғын массивінде 

1200 орындық мектеп 1­қыр күйекте 

оқушыларды қабылдады. Қазіргі кезде 

білім беру нысандары құрылысының үш 

жылға жоспары жасалды. Жоспарда тағы 

да 10 жаңа мектеп, бір мектеп ғимаратына 

қосымша құрылыс қаралған. Үстіміздегі 

жылы 30 білім беру ұйымына, бұл 23 

мектеп пен 7 балабақшаға күрделі жөн­

деу жүргізу үшін 675,0 млн теңге бөлінді. 

Өткізілген конкурстар нәтижесінде 135 

млн теңге үнемделді. Бұл қаржыны біз 8 

мектеп пен 1 мектепке дейінгі мекемені 

қосымша жөндеуге жібердік. 

Биылғы жылы бұрынғы балабақша­

ның екі ғимараты сенімдік басқаруға 

берілді. Олар «Үміт» балалар үйі және 

Рысқұлов көшесіндегі бұрынғы «Кү­

зет» пен жаңа ғимаратқа қоныс аударған 

физика­математикалық мектеп интерна­

ты орнында қайта жөндеуден өткен ба­

лабақша ашылады. Қазіргі кезде жөндеу 

жұмыстары жүріп жатыр. Желтоқсан 

айында аяқталады. Осы екі ғимарат 

пайдалануға берілгеннен кейін 500­дей 

бала балабақшаға бара алады. Алайда, 

мемлекеттік балабақшалар салынып 

жатқанымен, халықтың табиғи дамуына 

ілісе алатын емес. Осыған байланысты, 

жергілікті атқару органдары мемлекет­

тік тапсырысты жеке балабақшаларға 

беру тәжірибесін қолдануда. 

– Қазір жеке балабақшаларды пайда­

лануға беру қарқыны арта түсті, биылғы 

жылдың басынан бері 22 балабақша 

ашылды, оларға 1460 орынға мемлекет­

тік тапсырыс берілді. Жыл аяғына дейін 

мемлекеттік тапсырыста жұмыс істей­

тін 350 орындықтағы 5 жеке балабақша 

ашу көзделуде. Мемлекеттік тапсырыс 

беру нәтижесінде соңғы 4 жылда жеке 

балабақшалар желісі сегіз еседен астам 

артты. Осылайша біз жеке кәсіпкерлер­

ге, жеке балабақшалар иелеріне қолдау 

жасаймыз, – деп сендіреді жас әкім.

Тұрғындарды 

жұмыспен қамту 

басты назарда

Жаңа өндірістер ашу және істеп 

тұрған өндірістерді кеңейту, шағын 

және орта бизнесті дамыту 3238 жұмыс­

сызды жұмыс орынымен қамтамасыз 

етуге мүмкіндік берді. Жыл басынан 

бері 5 бос жұмыс орны жәрмеңкесі 

өткізіліп, оған 136 қала ұйымы және 

1047 адам қатысты. «Жұмыспен қамту 

жол картасы­2020» бағдарламасының 

бірінші бағыты – «инфрақұрылымды 

және коммуналдық­тұрғын үй шаруа­

шылығын дамыту есебінен жұмыспен 

қамтамасыз ету» бойынша 2016 жылы 

9 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге 

асыруға 299,7 млн теңге бөлінді. Ашы­

латын жұмыс орны 151 бірлікті құрай­

ды. Екінші бағыт – «кәсіпкерлікті да­

мыту арқылы жұмыс орындарын ашу» 

бойынша 35 қатысушыға 135 млн теңге 

көлемінде шағын несие беру жоспар­

ланды. Бүгінгі күні 24 қатысушыға 

жалпы көлемі 74,2 млн теңге берілді. 

Сондай­ақ, бүгінгі күнгі өзекті мәсе­

лелердің бірі – жеке тұрғын үй құрылы­

сы үшін жер учаскелерін бөлу. Қазір 

кезекте 104 мыңдай азамат тұр. Биылғы 

жылы электронды база құру арқылы 

кезекте тұрғандар тізімі тексеріліп, 

нәтижесінде қайталап өтініш бергендер 

анықталып, тізімнен шығарылды. 2016 

жылдың соңына дейін жеке тұрғын үй 

құрылысы үшін 4224 жер учаскесін 

бөлу жоспарлануда. 

Осылайша қала әкімі Ілияс Испанов 

негізгі әлеуметтік­экономикалық даму 

мәселелеріне назар аудара отырып, 

қаланың тыныс­тіршілігі туралы баян­

дап берді. Тезірек шешуді талап ететін 

міндеттер жетерлік. Облыс әкімдігінің 

қолдауымен бұл проблемаларды бір­

те­бірте жою жұмыстарын жоспарлы 

жүргізіп келеміз деген ол:

«Мемлекет басшысы Ақтөбе қа­

ласын агломерация орталықтарының 

бірі деп атады, сондықтан бұл бізге 

қосымша жауапкершілікті жүктейді, 

ал біз қазіргі заманғы, адам өмірі үшін 

қолайлы, барлық жағдайы жасалған қа­

лаға айналдыру үшін барлық күшімізді 

саламыз», – деп сендірді әкім. 

Басқы қарқын жаман емес, халқы жас 

әкімге сенім артып, үмітпен қарайды.  

Бақыт ЖАНШАЕВА

АҚТӨБЕ


Ілияс ИСПАНОВ, Ақтөбе қаласының әкімі:

«АҚТӨБЕ АТЫНА САЙ 

ҚАЛА БОЛАДЫ»

Құрылыс қарқынды 

жүріп жатыр

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Ис­

панов кейбір көрсеткіштер бойынша 

ауытқулардың барлығын жасырмайды. 

Ең бастысы экономиканы тұрақтанды­

руға қатысты барлық шаралар қабылдап 

жатырмыз дейді ол. 

Мәселен, мемлекеттік және өңірлік 

бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру 

бойынша  нақты  жұмыстар  жүруде. 

Мемлекеттік­жекеменшік серіктестігі 

аясында Жастар сарайы мен Неке қию 

сарайы, Орталық музей, Хоккей мо­

қалу қаупі төнетін «Нұр Ақтөбе», «Батыс 

1», «Батыс 2», 11 және 12, районы «Шан­

хай», «Москва», «Авиатор», «ГМЗ» 

сияқты мөлтекаудандарда жаңбыр мен 

қардың еріген суы ағатын арықтар мен 

суағар салудың 18 жоба сы жоспарланып, 

қазір 13 жобасы жасалған.

Қазіргі уақытта қаланың автомо­

биль жолының ұзындығы 647 кило­

метр, оның жартысы жөндеуді қажет 

етеді екен. Биылғы жылы тұтастай 

алғанда, қаланың автомобиль жолда­

рын жөндеу ге бюджеттен 3 млрд теңге 

бөлінген.  Оның  433,0  млн  теңгесі 

2015 жылдан қалған жолды жөндеуге 

арналыпты. Жұмыстардың сапасын 

–2016 жылдың аяғында қолданысқа 

берілетін «Сайлан – Ақтөбе» ЖШС   

хром өндірісі қалдықтарынан жаса­

латын пигмент толтыру және хромды 

қалдықтардан магнезиалды ұнтақтар 

өндірісі. 

2016 жылдың аяғына дейін жалпы 

сомасы 9 млрд теңгенің 6 инвестиция­

лық жобасы жүзеге асады. Бұл 490 

адамға жұмыс орны деген сөз. Оның 

ішінде «Айбек» ƏКК ет­консервілік 

цехын ерекше айтуға болады. «Биз­

нестің жол картасы ­ 2020» бағдарла­

масының арқасында 79 жеке кәсіпкер 

мемлекет тарапынан  9,7 млрд. теңгеге 

қолдау алды. 


6

№139 (2917) 

9 желтоқсан 2016

zangazet@mail.ru

АймАқ

Жаңа кодекстің талаптарына 



сай, апелляциялық сот сатысы 

үш  сатыдан  тұратын  сот  са-

ласының халыққа қолжетімді 

және бірқатар істер бойынша 

түпкілікті сот актісі қабылда-

натын, ерекше жауапкершілікті 

талап ететін сот сатысы болып 

табылады. Апелляциялық сот 

сатысы кез келген облыста заң-

сыз және негізсіз қабылданған 

сот актілерінің заңды күшіне 

енуіне және орындауға жолда-

нуына тосқауыл қоюы керек. 

Бұл сатының негізгі мақсаты бір 

жағынан бірінші сатыдағы сот-

тың жіберген заңбұзушылықта-

ры мен қателіктерін түзету бол-

са,  екінші  жағынан  біркелкі 

сот тәжірибесін қалыптастыру 

болып табылады.

Ежелгі  римдік  құқықтан 

бастау алатын апелляциялық 

тәртіпте іс қарау қағидаты осы 

күнге дейін көп өзгеріске түскен 

жоқ, яғни, бұл іске қатысушы 

тұлғаның, сонымен қоса, проку-

рордың, екінші сатыдағы сотқа 

бірінші сатыдағы соттың қабыл-

даған актісінің негізділігін және 

заңдылығын тексеруді сұраған 

өтініші немесе наразылығы бо-

лып табылады.

Сот актісіне шағым беру сот 

актісінің заңсыздығына байла-

нысты емес, кез келген тарап 

сот актісіне шағым беріп, жоға-

ры  тұрған  сот  сатысына  сот 

актісінің заңдылығын тексеру-

ді өтіне алады. Апелляциялық 

тәртіпте шағым берудің басқа 

тәртіпте  сот  актісіне  шағым 

беруден ерекшелігі шағымның 

заңды күшіне енбеген сот актісі-

не берілетіндігінде.

Апелляциялық сатыдағы сот 

істi  апелляциялық  тәртiппен 

қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы 

сот шешiмiнiң заңдылығы мен 

негiздiлiгiн толық көлемде тек-

середi. Апелляциялық шағымда, 

наразылықта бірінші сатыдағы 

сотқа мәлімделмеген талаптар 

болмауға тиіс, яғни, апелляция­

лық сатыдағы сот істі бірінші 

сатыдағы сотта мәлімделген та­

лаптар шегінде қарауға тиіс.

Егер шағымда, наразылықта 

жаңа дәлелдемелерді бірінші са-

тыдағы сотқа ұсынудың мүмкін 

еместігінің негіздемесі қамтыл-

са, оның ішінде, егер адам бірін-

ші сатыдағы сотта іске қатысуға 

тартылмаса,  сондай­ақ,  егер 

бірінші сатыдағы сотта дәлелде-

мелерді зерттеу және талап етіп 

Сарап


ІстІ талқылауға дайындау 

Апелляциялық  сот АлқАсының міндеті

Азаматтық  процестік  ко-

декстің қағидаларына сай, апел-

ляциялық тәртіпте істер алқалы 

құрамда  қаралады.  Олардың 

саны үштен төмен болмауға тиіс. 

Кейбір санаттағы істер апелля-

циялық тәртіпте судьяның жеке 

өзімен  қаралады.  Ол  заңмен 

белгіленген.  Атап  айтқанда, 

жеңілдетілген тәртіпте қаралған 

істер бойынша қабылданған сот 

шешімдеріне, жеке шағым және 

жеке наразылық берілген істер 

судьяның жеке өзімен қаралуға 

жатады. Қалған істердің бар-

лығы сот құрамымен қаралуға 

тиіс.

Қазіргі кездегі ғылым мен 



техниканың мүмкіндіктерін сот 

ісін жүргізу барысында кеңінен 

пайдалануға тиіспіз. Іс қарау 

барысында да осы жетістіктерді 

молынан қолдануымыз керек. 

Барлық сот процестері міндетті 

түрде үн­бейнежазба құрылғы-

ларын пайдаланумен қаралуы 

шарт. Осы заманымызға лай-

ықты техника жетістіктері сот 

процесінің өту барысын түгел 

жазып  отырады.  Бұл  жағдай 

сот процесіне қатысушыларды 

тәртіпке шақырады, солардың 

ішінде судьяларды да. Сонымен 

қоса, орынсыз арыздардың бо-

луын  тежейді,  тараптардың, 

олардың өкілдерінің, прокурор-

дың істегі дәлелдемелерді тексе-

руге қатысуына жауапкершілікті 

арттырады, сот талқылауының 

ашық, жариялы болуын қамта-

масыз етеді.

Н.ПРИМАШЕВ, 

Ақтөбе облыстық соты 

Азаматтық істер жөніндегі 

сот алқасының төрағасы

Қоғамымыздың барлық 

саласына дендеп еніп бара 

жатқан  жемқорлықтың 

жолына батыл тоқсауыл 

қойып, олардың зардап-

тарын  жою  және  мүд-

делілерді жауапқа тарту 

бүгінгі күннің ең басты 

міндеттерінің бірі. 

Осындай келеңсіз құбылыстармен 

бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық 

қорғау немесе мемлекеттік органдар-

дың міндеті емес, барлық ұлтжанды 

азаматтардың парызы. Мемлекеттік 

органдарда жұмыс жасайтындардың 

өзгенің тағдырына, жұмысына деген 

немқұрайдылығы, тоңмойын шенеу­

ніктердің тойымсыздығы, қарапайым 

анықтама алу үшін шеті мен шегі жоқ 

кезек көптеген азаматтарды пара беру-

ге итермелейді.  Өйткені, халық ара-

сында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

сауат жетіспейді. Сол себепті де мұн-

дай ауыр кеселді тек мемлекеттік және 

құқық қорғау органдарының күшімен 

тының бостандығы үшін өз еріктерімен келген. Бұрқасын төпеп тұрса да жастар бір 

дауыспен «Менің Қазақстаным» әнін шырқаған. Алаңға шығып, өз ойларын айтуға 

тырысқан қазақтың қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкерлері 

қарсы қойылған. Салдарынан Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамет-

жанова сынды талшыбықтай жастарымыздың өмірі қиылды. Желтоқсан көтерілісі 

құрбандарының қатарында К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов сынды, 

т.б. мыңдаған ержүрек қазақ жастары бар. 

Желтоқсан көтерілісінің бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков еліміз егемендік 

алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы 

шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Жоғарыда 

аты аталған аға­апаларымыздың қай­қайсысының да ерлігі ұрпақтан­ұрпаққа үлгі. 

Тағдыр талайымыздың ызғарлы тарауына айналған бұл тарихи оқиғаның салда-

рынан халқымыз қайғы шекті, санымыз азайды.  Дегенмен, біз Тәуелсіздік деп 

аталатын теңдессіз байлыққа қол жеткіздік. Өз еліміздің көреген, қайсар азаматын 

Мемлекет басшысы  етіп сайлап жаңа өмірге қадам бастық. 1986 жылы желтоқ-

санда алаңда жасындай жарқ еткен қазақ жастары күллі КСРО­ның құрамында 

болған 15 мемлекетке азаттықтың ақ таңын атырды. Әрине, олар егемендік үшін 

жанын қиды. 

Елбасы елімізді дамудың сара жолына баста ды. Сондықтан, жас ұрпақ бойына 

өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті дарытуға ерекше көңіл бөлуге 

тиіспіз. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған, ең қуатты елдердің қатарына еніп, 

гүлденуіне үлес қосу еңбектеген бала мен еңкейген қарттың да міндеті. Ойымызды 

Елбасының мына сөзімен аяқтағымыз келеді: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның 

ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, 

көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің 

екеніңді ұмытпа!» 

 Айгүл САРСЕНҒАЛИЕВА,



Ырғыз аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

АҚТӨБЕ ОБЛыСы



Е

лбасының жариялаған бес институционал-

ды реформасының бір бағыты – заңдардың 

үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғаны бар-

шаға белгілі. Сот төрелігін сапалы әрі дер кезінде 

жүзеге асыру заңдылық пен әділдіктің салтанат 

құруының кепілі болып табылады. Азаматтардың 

құқықтарын қорғау барысын реттеуде Қазақстан 

Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 

алар орны ерекше. 2016 жылдың 1 қаңтарынан 

бастап соттар жаңа кодекспен жұмыс істеуде. 

Осы кодексті қолданысқа енгізу жөніндегі жар-

лыққа Елбасымыз бірінші рет, ерекше жағдайда, 

бүкіл халықтың алдында қолын қойып, бұл заңның 

өте маңызды екенін білдірді. 

алу туралы өтінішхат мәлімдел-

се, бірақ, ол қанағаттандырусыз 

қалдырылса, бірінші сатыдағы 

сотқа ұсынылмаған жаңа дәлел-

демелерге сілтеме жасауға жол 

беріледі.

Апелляциялық тәртіпте қа-

ралуға түскен әрбір азаматтық 

іс бойынша судья істі сот талқы-

лауына дайындау жұмыстарын 

жүргізеді. Қазақстан Республи-

касы АПК­нің 163­бабына сәй-

кес, арыз соттың іс жүргізуіне 

қабылданғаннан және азаматтық 

іс қозғалғаннан кейін судья оны 

уақтылы және дұрыс шешуді 

қамтамасыз ету мақсатында істі 

сотта талқылауға дайындауды 

жүргізеді.

Азаматтық  процестік  ко-

декс талаптарына сәйкес, істі 

талқылауға дайындық жүргізу 

апелляциялық сот алқасының  

да  міндеті  болып  табылады. 

Дайындықты судьяның жеке өзі 

жүргізеді және он күн ішінде 

бірінші сатыдағы соттар іспет-

тес облыстық соттың судьясы да 

заңда көрсетілген барлық әзірлік 

жүргізу шараларын қолға алу ға 

тиіс. Атап айтқанда, әрбір істі 

талқылауға дайындау үшін судья  

істі дұрыс шешуде маңызы бар 

мән­жайларды  нақтылайды, 

та раптардың құқықтық қаты­

нас тарын және сот басшылыққа 

алуға тиіс заңды айқындайды, 

іске  қатысатын  адамдардың 

құрамы туралы мәселені шешу 

және оларға сот отырысының 

уақыты мен орны туралы тиісті 

түрде  хабарлайды,  әрбір  та-

раптың өз талаптарын немесе 

қарсылықтарын негіздеуі үшін 

ұсынылуға  тиіс  дәлелдеме-

лерді айқындайды, тараптарды 

татулас тыруға жәрдемдесу ша-

раларын қолға алады.

Апелляциялық тәртіпте аза-

маттық істер негізінен екі ай 

мерзімде қаралады. Тек қана 

уәкілетті органның мемлекет-

тік сатып алуды өткізуді тексе-

ру қорытындылары бойынша 

шешімдерін, қорытындыларын, 

нұсқамаларын даулау туралы 

іс сотқа келіп түскен күннен 

бастап он жұмыс күні ішінде 

қаралуға тиіс.

Апелляциялық сот алқасы 

бірінші сатыдағы сот үшін көз-

делген қағидалар бойынша істі 

дұрыс шешу үшін маңызы бар, 

тараптар ұсынған немесе олар-

дың өтінішхаттары бойынша 

талап етіліп алынған қосымша 

материалдарды, алынған сарап-

тамалық қорытындыларды зерт-

тейді, отырысқа шақырылған 

тұлғалардан жауап алады.

Апелляциялық сатыдағы сот 

азаматтық істі қарап шешімді 

– өзгеріссіз, ал, шағымды, на-

разылықты  қанағаттандыру-

сыз қалдыруға, бірінші саты-

дағы соттың шешімін өзгертуге, 

бірінші сатыдағы сот шешімінің 

күшін жоюға және жаңа шешім 

шығаруға  құқылы.  Сонымен 

қоса, шешімнің күшін толық 

немесе бір бөлігін жоюға және іс 

бойынша іс жүргізуді тоқтатуға 

не арызды қараусыз қалдыруға 

құқылы. 

Бұдан  басқа,  ҚР  АПК­нің 

427­бабы  төртінші  бөлігінде 

көрсетілген жағдайларда, яғни,  

іс қарау барысында істі жүргізу 

тілі жөніндегі талаптар және 

басқа да құқық нормаларының 

бұзылғандығы  белгіленген 

жағдайда, шешімнің күшін жо-

юға және істі бірінші сатыдағы 

соттың жаңадан қарауына жібе-

руге жол беріледі. Ал, іс іске қа-

тысушыларға істің қашан және 

қайда қаралатыны жөнінде ха-

барланбастан қаралған жағдайда 

апелляциялық сот сатысы істі 

өзінің өндірісіне қабылдап, қа-

рауға тиіс.

Жергілікті сот болып есепте-

летін облыстық соттардың мәр-

тебесі қазіргі кезде күшейтілген, 

оларға қойылатын міндеттер 

мен жауапкершіліктер де ауқым-

ды.  Атап  айтқанда,  бірқатар 

санаттағы азаматтық істер облы-

стық сотта қаралып, аяқталады, 

оларға кассациялық тәртіпте 

шағым беруге жатпайды, сон-

дықтан істер облыстық сотта 

толық көлемде, заң талаптарына 

сай қаралып шешілуі қажет.

Қазақстан  Республикасы 

Азаматтық процестік кодексінің 

талаптарына  сәйкес,  жеңіл-

детілген тәртіпте қаралған аза-

маттық істер, бітімгершілікпен 

аяқталған, медиация және пар-

тисипативтік тәртіпте қаралған 

істер, талап қою тәртібімен қа-

ралған талап құны жеке тұлға-

лар үшін екі мың айлық есептік 

көрсеткіштен  төмен,  заңды 

тұлғалар үшін отыз мың айлық 

есептік  көрсеткіштен  төмен 

болған жағдайда істер касса-

циялық тәртіпте қаралуға жат-

пайды. Сонымен қоса, талап 

арыздан бас тартылған жағдай-

да,  банкроттық  және  оңалту 

барысында туындайтын істер 

облыстық сотта нақты шешімін 

табады.


Пайым

Көп болып күрескенде ғАнА 

кеселге  тоқтАм болАды



Нұргүл БИХАНОВА,

Алға аудандық сотының 

судьясы 

Пікір


1986 жылы 16-19 желтоқсан аралығында Алматыда қазақ 

жастары наразылық шеруіне шықты. Мәскеудегі орталықтың 

республика халқымен санаспауы ел жастарының намысын оят-

ты. Тарих беттеріне көз салсақ, қазіргі Республика алаңына 

саяси тәуелсіздікті  талап еткен ұрандарымен 300-ге тарта 

адам жиналып, кешкісін олардың саны 20 мыңға жеткен. Алай-

да, бейбіт шеруге шыққандардың талап-тілектері ескерілмей, 

керісінше, билік оларды бұзақылар қатарына қосып, күшпен ба-

суға тырысты. 

«Жердің де,  елдің де иесі 

өзің екеніңді ұмытпа!»

жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күре-

суді бүкіл халық болып қолға алсақ 

қана тоқтатуға болады. 

Көптеген  заңбұзушылықтарға 

жергілікті атқарушы орган басшы-

лары тарапынан жол берілетіні бай-

қалады. Олардың өз қарамағындағы 

қызметкерлерді  болмашы  жайтқа 

бола ауыр алым­салымға жүктей-

тіні жиі кездесіп жатады. Алайда, 

осындай заңбұзушылықтар орын ала 

тұра құқығы бұзылған азаматтар дер 

кезінде құқық қорғау органдарына 

хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар 

жауапкершіліктен құтылып кетеді. 

Осындай олқылықтарға жол беруден 

аулақ болған жөн.

Бүгінде «Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс­қимыл туралы» заң тала-

бының аясында жемқорлыққа қарсы 

іс­әрекеттер әр салада жүзеге асы-

рылуда. Әсіресе, халық парақорлық 

дертімен жиі бетпе­бет келеді. Сон-

дықтан кез келген ортада пара беру 

мен пара алудың жолын кесуде қоғам 

болып белсенділік танытуымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік 

органдардың тиісті қызмет атқаруына 

кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан 

келтіреді, заңды қағидаларды теріске 

шығарып, азаматтардың конститу-

циялық құқықтары мен заңды мүд-

делерінің бұзылуына түрткі болады. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қи-

мыл туралы» заңына сәйкес, жемқор-

лықпен күресті барлық мемлекеттік 

органдар мен онда қызмет атқаратын 

лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. 

Мемлекеттік органдардың, ұжымдар-

дың, жергілікті өзін­өзі басқару ор-

гандарының басшылары өз өкілеттігі 

шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және 

өзге де қызметтерін тарта отырып, заң 

талаптарының орындалуын қамтама-

сыз етуге міндетті. 

Мемлекеттік қызметшілердің сы-

байлас жемқорлық қылмыстар және 

осы тұрғыда құқық бұзушылықтарға 

бой алдыруының себебі көп. Оған 

ең алдымен қызметшілердің білім 

деңгейінің, әдептілік ұстанымының 

төмен болуы әсер ететін болса керек. 

Кей  мемлекеттік  қызметшілердің 

құқық бұзушылыққа  немқұрайлылық 

танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспе-

уі де, жеке басының қамын ойлауы 

да жемқорлықтың дендеуіне септігін 

тигізуде. Сондай­ақ, кейбір мемлекет-

тік орган басшыларының сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы заң талаптарын 

атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүр-

гізбеуі де жемқорлықтың тамырын 

тереңдете түсуде. 

Біз, яғни мемлекетіміздің әрбір 

азаматы,  сыбайлас  жемқорлыққа 

белсене  қарсы  тұру  арқылы  ұлт-

тық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 

бағытталған шаралар жүйесін одан 

әрі жетілдіру мәселесін шешуге өз 

үлесімізді қоса аламыз. Елімізде сы-

байлас жемқорлыққа қарсы күресте 

мемлекеттік органдардың жауапкер-

шілігін ұлғайтуға да, биліктің барлық 

тармақтары мен азаматтық қоғам инс­

титуттарының бұл мәселені шешудегі 

әлеуметтік әріптестігіне де баса мән 

беріліп отыр. 

Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұй-

ымдасқан қылмыс және сыбайлас 

жемқорлықпен күрес саласындағы 

ең басты назары экономикалық даму 

процестерінің басқарылуына, ұйым-

дық­құрылымдық буындардың тиімді 

жолдарына, ішкі өзін­өзі бақылау 

жүйесін құруға және қылмыстылықты 

тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен 

бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрес­

тің басты бағыты, оның алдын алу, 

яғни, оның себептері мен шарттарына 

ықпал жасау болуы керектігін ескер-

ген жөн деп есептеймін.

Ақтөбе облысы Алға аудандық 

сотында Елбасы алға қойып отырған 

осынау асқаралы міндеттерді жүзеге 

асыруға, сот қызметкерлері арасын-

да қатерлі дертке жол бермеуге баса 

назар аударылып отыр. Халқымызда 

«Бір қарын майды бір құмалақ шірі-

теді» деген қанатты сөз бар. Сон-

дықтан да құлқынның қамын ойлаған 

кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл 

ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе 

ымырасыз күрескеніміз дұрыс.

АҚТӨБЕ ОБЛыСы 

Желтоқсан қоз­

ғалысын әлем дік 

деңгейге  Аме ри­

калық  Хельсин-

ский тобы көтеріп, 

оған әлем елде рі­

нің назарын аудар-

ды. Сол ызғарлы 

күндері  алаңға 

жиналғандардың  

дені қазақтың жас 

жігіттері мен қыз­

дары еді. Оларды 

бұл  араға  ешкім 

үгіттеп әкелмеген. 

Бәрі Қазақстан ұл-



7

zangazet@maiI.ru



№139 (2917) 

9 желтоқсан 2016

Редакторлар кеңесiнiң 

төрағасы – президент



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет