2. Жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
білім беру ұйымдарында балаға достастық
ортаны қалыптастыру Жөніндегі социологиялық
зерттеулер
2.1. социологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін авторлар
сауалнамалар дайындады. Бұл үшін жетім балаларға арналған білім
беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерттеу жөніндегі ғылыми
әдебиетке теориялық талдау жүргізілді: жекелеген балалар үйлерінің
тәжірибесіне кешенді талдау жасауға, психикалық депривация,
психологиялық бейімделу мен тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне
жетім балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу про-
цесін ұйымдастырудағы басқа да зерттеушілер (И.В. Ежов, Ю.А. Ев-
докимов, И.В. Дубровина, А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых және
басқалар) [7, 8, 9, 10, 11] көрсеткен кемшіліктер есепке алынды,
зерттелетін проблеманың дайындамалық дәрежесінің заманауи жай-
күйіне баға берілді.
Жетім балалар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға достастық
орта құруға арналған бөліп көрсетілген параметрлер негізінде сау-
алнамалар құрастырылды. Сауалнамаларда жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер-
дегі әлеуметтік-психологиялық ортаны зерттеудің негізгі категория-
лары көрініс тапқан.
Тәрбиеленушілерге арналған сауалнамаларда 4 негізгі сұрақ пен
тәрбиеленушілердің өзін-өзі көкейтестілендіруі мен олардың ортаны
қалыптастыруда дербестікке ұмтылуының ерекшеліктерін анықтау
үшін психологиялық тесттер берілген.
Тәрбиешілер үшін 5 негізгі сұрақ және күйзелу және өмірлік
қиын жағдаяттарды жеңудегі копинг-стратегиялардың ерекшеліктері
бойынша тест ұсынылды.
Тәрбиешілерге арналған сауалнамаларда мыналар көрініс
тапқан:
31
•
тәрбиеленушілердің қажеттіліктер мен сұраныстарындағы
үрдістер;
•
жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін
ұйымдастырудағы кемшіліктер;
•
тәрбиеленушілердің
мұндай
мекемелерде
болудан
қашқақтауының себептері;
•
бұл мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін
ұйымдастыруға енгізілуі қажет өзгерістер туралы ұсыныстар;
•
бұл мекемелерде тәрбиеленушілердің психикалық дамуын-
дағы ерекшеліктер;
•
тәрбиелешілердің күйзелістік және өмірлік қиын жағдаяттар-
ды жеңудегі стратегиялары (копинг-стратегиялар);
•
жеке жұмыс тәжірибесі және тәрбиешілердің тәрбиеленуші-
лермен өзара әрекеттестігінің сәтті тәсілдері.
Тәрбиеленушілерге арналған сауалнамаларда мыналар көрініс
тапқан:
•
тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен сұраныстарындағы
үрдістер;
•
жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін
ұйымдастырудағы кемшіліктер;
•
балалардың балалар үйлерінен қашуының ықтимал себеп-
тері;
•
бұл мекемелердегі білім беру – тәрбиелеу процесін
ұйымдастыруға енгізілуі қажет өзгерістер ткралы ұсыныстар;
•
тәрбиеленушілердің өзін-өзі көкейтестілендіруі мен олардың
қолайлы орта жасау бойынша белсенді позицияға ұмтылу ерекшелік-
тері.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға достастық
орта қалыптастыру технологияларын экпрерименттік зерттеу Ал-
матыда (№2 балалар үйі және жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 3 «Жанұя» мектеп-ин-
тернаты), Таразда («Ұлан» балалық шақ үйі, Сарымолдаев атындағы
балалар үйі), Қостанайда (Қостанай облыстық балалар үйі, Қостанай
қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана), Се-
мейде (№8 балалар үйі, «Подросток» балалар баспанасы), Атырауда
32
(облыстық №1 мектеп-интернат, «Ақбота» балалар үйі) 2009 жылғы
сәуір айынан маусым айына дейінгі аралықта өткізілді. Зерттеуге
7–17 жас аралындағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған 507 бала мен бұл ұйымдардағы 86 тәрбиеші мен педагог
қатысты.
2.2. әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері
Тәрбиеленушілердің мұқтаждықтарындағы үрдістерді анықтай-
тын сұрақтар
1-кесте
Тәрбиешілерге арналған сұрақтар
I.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша балалар мекемелерінің
тәрбиеленушілері бәрінен бұрын неге мұқтаж болады?
%
1.
Сүйіспеншілікке,
көңіл
бөлуге,
қамқорлыққа,
түсінісушілікке, қолдауға, құрметтеуге
100
2.
Қиын өмірлік жағдаяттар проблемаларын өздігінше
шешуге және соған сәйкес дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған психологиялық көмекке
100
3.
Ішкі және жеке тұлғалар арасындағы қақтығыстарды
шешуге бағытталған психологиялық көмекке
100
4.
Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас дағдылары
мен жанжалдық жағдаяттарды шешудегі сындарлы
бағытқа үйретуге бағытталған психологиялық көмекке
100
5.
Болашақтағы отбасылық өмірге дайындауға
97,9
6.
Топтағы жағымды психологиялық ахуал мен ыңғайлы
эмоциялық жағдайға
97,9
7.
Кәсіптік жолды таңдауға бағытталған көмекке
97,9
8.
Әлеуметтік жағымсыз мінез-құлық пен оның сал-
дарлары туралы ғылыми-құқықтық түсініктерді
қалыптастыруға бағытталған психологиялық көмекке
97,9
9.
Әлеуметтік-тұрмыстық: санитарлық-гигиеналық, мінез-
құлық мәдениеті, тұрмыстық бейімделу дағдыларын
дамыту бойынша мақсатты жұмысқа
93,6
10. Жеке кеңістікке
66,0
33
2 кесте
Тәрбиеленушілерге арналған сұрақтар
I.
Саған бәрінен де не қажет?
%
1.
Сүйіспеншілік, көңіл аудару, қамқорлық, түсіністік,
қолдау, сыйлау
93
2.
Өмірдегі қиын жағдаяттарда не істеу керек екендігін
және өздігінен шешім қабылдауды білу
90
3.
Өз күйзелістерін бөлісетін, әңгімелесетін адамның бо-
луы
54
4.
Егер дау-дамай туындаса, онда келісе білуге, өз пікірінің
есепке алынуына үйрену
77
5.
Бақытты отбасын қалай құруды білу
70
6.
Достық, ізгі ниетті қатынастар
88
7.
Кәсіп таңдауға, қайда жұмыс істеуді шешуге көмек
көрсету
73
8.
Заң бойынша өз құқықтарын қорғай білу, оларды бұзбас
үшін заңдарды білу
68
9.
Ақшаны дұрыс ұстай, заттарды сатып ала, ас әзірлей
білу ... – бір сөзбен айтқанда дербес болу
70
10. Өзімді ешкім мазаламайтын жерде жалғыз болу
85
34
1 сурет. Тәрбиешілер мен педагогтардың көзқарастары бойынша
тәрбиеленушілердің қажеттіліктеріндегі үрдістер
1. Сүйіспеншілік, көңіл аудару, қамқорлық, түсіністік, қолдау, сыйлау.
2. Өмірлік қиын жағдаяттарды бағындыруға дағдылар мен пробле-
маларды өздігінен шешу қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған
психологиялық көмек.
3. Ішкі және жеке тұлғалар арасындағы жанжалдарды шешуге
бағытталған психологиялық көмек.
4. Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру
мен қақтығыстық жағдаяттарды шешудің сындарлы бағытына оқытуға
бағытталған психологиялық көмек.
5. Болашақ отбасылық өмірге дайындау.
6. Топтағы оңды психологиялық ахуал мен қолайлы эмоциялық жағдай.
7. Кәсіптік жолды таңдауға бағытталған көмек.
8. Әлеуметтік жағымсыз мінез-құлық пен оның салдарлары туралы
ғылыми-құқықтық түсініктердің қалыптасуына бағытталған психологиялық
көмек.
9. Әлеуметтік-тұрмыстық: санитарлық-гигиеналық, мінез-құлық мәде-
ниеті, тұрмыстық бейімделу дағдыларын дамытудағы мақсатты жұмыс.
10. Жеке кеңістік.
35
2 сурет. Тәрбиеленушілерге жүргізілген сауалнаманың нәтижелері
бойынша олардың қажеттіліктеріндегі үрдістер
1. Сүйіспеншілік, көңіл аудару, қамқорлық, түсіністік, қолдау, сыйлау.
2. Өмірдегі қиын жағдаяттарда не істеу керек екендігін және өздігінен
шешімдер қабылдай білу.
3. Өз күйзелістерін бөлісетін, сөйлесетін адамның болуы.
4. Егер дау-дамайлар шықса, келісе білуге үйрену, менің пікірімнің есеп-
ке алынуы.
5. Бақытты отбасын қалай құруды білу.
6. Достастық, тілектестік қатынастар.
7. Кәсіп таңдауды, қай жерде жұмыс істеуді шешуге көмек беру.
8. Маған заң бойынша өз құқықтарымды қорғай білу және оларды бұзбау
үшін заңдарды білу қажет.
9. Ақшаны дұрыс пайдалана, сатып ала, ас әзірлей білу ... – бір сөзбен
айтқанда дербес болу.
10. Менің көңілімді ешкім бөлмейтін, өзім жалғыз болатын жер.
36
Балаларға достастық ортаны қалыптастыруға бөгет жасайтын
жағдайдарды анықтайтын сұрақтар
3 кесте
Тәрбиешілерге арналған сұрақтар
II.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша жетім балаларға
арналған мекемелердегі білім-тәрбие беру процесін
ұйымдастыруда қандай кемшіліктер орын алған?
%
1.
Тұрақсыздық, балаларды тәрбиелеумен айналысатын
ересектердің жиі ауысуы
90,9
2.
Отбасының жоқтығына байланысты балалардың даму
проблемаларын есепке алмайтын және дамудағы кемші-
ліктерін өтейтін тәрбие бағдарламаларының кемшіліктері
81,8
3.
Тәрбиелеу мен оқыту процесінде балаларды жіктеуге сай
емес тәсіл
65,9
4.
Баланың оңаша қалу мүмкіндіктерінің жоқтығы
65,9
5.
Мекеменің «жабық» ортасы, дамушылық ортаның өте та-
рылуы, әлеуметпен тұрақты және терең қарым-қатынастың
жоқтығы
61,4
6.
Басты назарды тәрбиеленушілердің психологиялық
жайлылығына емес, дұрыс тамақтануға, күн тәртібіне
және т.б. бөлу
59,1
7.
Тәрбиелеудің бұқаралық ұжымдық сипаты, балаға жеке-
бағдарламалық көзқарастың жоқтығы
50,0
8.
Тәрбиеленушілерге түсетін дене, зияткерлік және
эмоциялық жүктеменің барабар еместігі
43,2
9.
Тәрбиеленушілер өмірін реттеудің жоғары дәрежесі,
өмірдің бірсарындылығы, баланың таңдау еркіндігінің
жоқтығы
36,4
10.
Тәрбиешілердің
психологиялық-педагогикалық
дайындығының жеткіліксіздігі
34,1
11.
Ересектердің балалармен қарым-қатынас жасауындағы
қате стиль (тұрақты бақылау, қатаң ережелер, жылулық
пен қолдаудың жоқтығы)
29,5
Басқа да кемшіліктердің ішінде топтағы балалар санының көптігі
көрсетілген
37
4 кесте
Тәрбиеленушілерге арналған сұрақтар
II.
Саған балалар үйінде не ұнамайды, не нәрсе бөгет жа-
сайды?
%
1.
Тәрбиешілердің жиі ауысқанына үйрену қиын
45
2.
Жалғыз болуға, ешкім мазаламайтын жерде демалуға
мүмкіндік жоқ
50
3.
Өз күйзелістеріңді бөлісетін, сенуге болатын адамның
жоқтығы
55
4.
Қашан және не істеуді таңдауға мүмкіндік бермейді, ер-
кіндік аз
23
5.
Оқу қиын, қосымша сабақтар тым көп, шаршаушылық
пайда болады
41
6.
Ересектердің адамға дәл қазір не қажет екендігін
сұрамастан бәрін күн режимі және кесте бойынша істеу-
ге мәжбүрлеу
42
7.
Күнде болатын нәрселер бірдей, көңілсіз
15
8.
Ересектердің өте қатаң бақылау жасауы
30
38
3 сурет. Достастық ортаның дамуына бөгет жасайтын жағдаяттар
1. Тұрақсыздық, балаларды тәрбиелейтін ересек адамдардың жиі ауы-
суы.
2. Тәрбие бағдарламаларындағы балалардың даму проблемала-
рын есепке алмайтын және отбасының жоқтығына байланысты дамудағы
олқылықтардың орнын толтырмайтын кемшіліктер.
3. Тәрбиелеу мен оқыту процесінде балаларды саралау тәсілінің
жоқтығы.
4. Баланың өзімен өзі оңалашану мүмкіндігінің жоқтығы.
5. Мекеменің «жабық» ортасы, дамытушы орта өрісінің өте тарлығы,
әлеуметтік ортамен тұрақты және терең қатынастардың жоқтығы.
6. Басты назардың тәрбиеленушілердің психологиялық жайлылығына
емес, дұрыс тамақтануға, күн режиміне және т.б. аударылуы.
7. Тәрбиеленушілердің көпшілік, ұжымдық сипаты, балаға деген жеке-
бағдарлық көзқарастың жоқтығы.
8. Тәрбиеленушілердегі дене, зияткерлік және эмоциялық жүктемелердің
барабар еместігі.
9. Тәрбиешілер өмірін реттеудің жоғары дәрежесі, өмірдің
бірсарындылығы, балада таңдау еркінің жоқтығы.
10. Тәрбиешілердің психологиялық-педагогикалық дайындығының жет-
кіліксіздігі.
11. Ересек адамдардың балалармен араласуының қате стилі (тұрақты
бақылау, қатаң ережелер, жылылық пен қолдаудың жоқтығы).
39
4 сурет. Балаға достастық ортаның қалыптасуын қиындататын
мүмкін болатын кедергілер
1. Тәрбиешілер жиі ауысқан кезде оларға үйрену қиын.
2. Жападан жалғыз болу, ешкім көңіліңді бөлмейтін жерде демалу
мүмкіндігінің жоқтығы.
3. Өзің сенуге, өз күйзелістеріңді бөлісуге болатын адамның жоқтығы.
4. Қашан және не істеуді таңдауға мүмкіндік берілмейді, еркіндік аз.
5. Қосымша сабақтар өте көп, оқу қиын, шаршаушылық пайда болады.
6. Адамнан одан дәл қазіргі кезде не қажет екенін сұрамастан,
ересектердің барлығын режим және кесте бойынша орындауға мәжбүрлеуі
7. Көңілсіз, күнде үйреншікті нәрселер қайталана береді
8. Ересек адамдардың өте қатаң бақылау жасауы
40
Тәрбиеленушілердің балалар үйінен кету сбебептерін анықтау
үшін қойылған сұрақтар
5 кесте
Тәрбиешілерге арналған сұрақтар
III.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша балалар үйінен қашудың
себептері қандай?
%
1.
Құрдастарымен қақтығусылар мен күрделі қарым-
қатынастар
86,4
2.
Баланың оңаша қалу мүмкіндігінің жоқтығы
72,7
3.
Тәрбиеленушілермен қақтығыстар және күрделі қарым-
қатынастар
70,5
4.
Өмірдің бір сарындылығы
56,8
5.
Ересектердің балалармен қарым-қатынас жасауының қате
стилі (тұрақты бақылау, қатаң ережелер, жылулық пен
қолдаудың жоқтығы)
52,3
6.
Сүйіспешіліктің,
қамқорлықтың,
көңіл
бөлудің,
түсінушіліктің, қолдаудың, балаға деген құрметтің
жоқтығы
50,0
7.
Балада таңдау еркіндігінің жоқтығы
43,2
Балалар үйінен қашудың басқа да себептерінің ішінде: кезбелік-
ке бейімділік, баланың бақылауда болуы, көше балаларымен араласу,
ата-аналары жөніндегі жағымсыз ақпарат, туыстарына жақындық,
өз отбасында болуды қалау, бейімделудің қиындығы, балалардың
үйреншікті ортаны сағынуы, олардың іс-қимылдар еркіндігін аңсауы
атап көрсетілді.
41
6 кесте
Тәрбиеленушілерге арналған сұрақтар
III.
Сен қалай ойлайсың, балалар үйінен кейбір
тәрбиеленушілер неліктен қашады?
%
1.
Құрдастарымен жанжалдасу
45
2.
Өйткені, ешкім мазаламайтын жерде демалуға, жалғыз
болуға мүмкіндік жоқ
20
3.
Тәрбиешілер жиі ұрысады
39
4.
Әр күн бір-біріне ұқсас болғандықтан көңілсіз
27
5.
Ересектер қолдау көрсетпейді және тындамайды, тек қана
бағынуға мәжбүрлейді
18
6.
Оларға басқа адамдардың тарапынан сүйіспеншілік, көңіл
бөлу, қамқорлық, түсіністік, қолдау, сыйласу жетіспейді
20
7.
Қашан және не істеуді таңдауға мүмкіндік бермейді, еркін-
дік аз
32
42
5 сурет. Тәрбиеленушілердің осыған ұқсас мекемелерден қашуға
тырысатын себептері
1. Құрдастарымен жанжалдасулар мен күрделі қатынастар.
2. Баланың оңашалану мүмкіндігінің жоқтығы.
3. Тәрбиешімен қақтығыстар және күрделі қатынастар.
4. Өмірдің бірсарындылығы, көңілсіздігі.
5. Ересек адамдардың балалармен араласуының қате стилі (тұрақты
бақылау, қатаң ережелер, жылылық пен қолдаудың жоқтығы).
6. Балаға деген сүйіспеншіліктің, көңіл аударудың, түсіністіктің,
сыйлаудың жоқтығы
7. Балада таңдау еркінің жоқтығы.
43
6 сурет. Тәрбиеленушілердің мұндай мекемелерде болудан қашқақтау
себептері
1. Құрдастарымен ұрыс-керістер.
2. Өйткені жеке болу, көңіліңді ешкім бөлмейтін жерде демалу мүмкіндігі
жоқ.
3. Көңілсіз, күнде үйреншікті нәрселер қайталана береді.
4. Ересектер қолдау көрсетпейді және тыңдамайды, тек бағынуға
мәжбүрлейді.
5. Оларға басқа адамдардың тарапынан сүйіспеншілік, көңіл бөлу,
қамқорлық, түсіністік, қолдау, сыйлау жетіспейді.
6. Тәрбиешілер жиі ұрысады.
7. Қашан және не істеуді таңдауға мүмкіндік берілмейді, еркіндік аз.
44
Достастық ортаны қалыптастыру бойынша ұсыныстар.
7 кесте
Тәрбиешілерге арналған сұрақтар
IV.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша жетім балаларға
арналған мекемелерде білім беру – тәрбиелеу процесін
ұйымдастыруға қандай өзгерістер енгізу қажет?
%
1.
Педиатр, психиатр мен психолог бірігіп жүзеге асыратын,
девиантты мінез-құлқы бар балалармен жасөспірімдерге
жеке психотерапия мен психотүзетім және тәрбиешілер
үшін девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдер мен
балаларға жалпы педагогикалық әдісті дербестендіру
жөнінде ұсынымдар жасалуы керек.
100
2.
Балалар үйіндегі педагогтардың орасан жүйкелік-
психикалық ширығуын, эмоциялық жүктемесін есеп-
ке ала отырып, оны бейтараптандырудың әдістерін
– еңбекті ұтымды ұйымдастыруды, психологиялық
босаңсу әдістемесін пайдалануды, өзін-өзі ретке келті-
руді, психотехникалық жаттығулар негіздеріне үйретуді
ойластыру қажет.
100
3.
Күн тәртібінде жұмыстың, сабақтардың, демалыс пен
серуеннің, қимыл ойындарының, сүйікті істермен
айналасудың айқын белгіленген кезектілігін, ұйқының
қалыпты ұзақтығын, толыққанды теңгермеленген
тамақтануды, сауықтыру дене шынықтыруын, балалардың
денсаулығын шынықтыру мен нығайту шараларын
қарастыру қажет.
97,7
4.
Топтағы балалар санын азайту және балалар үйінде бала-
лармен өзара қарым-қатынас жасайтын ересектердің са-
нын көбейту қажет, бұл әрбір балаға көбірек көңіл бөлуге
мүмкіндік береді.
93,2
5.
Баланың салыстырмалы түрде ересектердің тар шеңбері-
мен байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, ба-
лалар мекемесіндегі қызметкерлердің тұрақтамаушылығы
мен балаларды топтан топқа ауыстыруды тоқтату.
93,2
6.
Педагогтарды жеке тұлға дамуының психологиялық не-
гіздеріне, жетім балалардың жеке тұлғалық дамуындағы
проблемалар мен ерекшеліктерін түзету психология-
сы, психологиялық диагностика негіздеріне, заманауи
технологияларға және арнаулы психотүзету әдістемелері-
не оқытуды ұйымдастыру қажет.
93,2
45
8 кесте
Тәрбиеленушілерге арналған сұрақтар
IV.
Саған қолайлы, жайлы болу үшін балалар үшінде нені
өзгерту қажет?
%
1.
Тәрбиешілердің көбірек көңіл бөлуі мен қамқорлығы
қажет
33
2.
Үйрену және олармен араласу оңай болу үшін
тәрбиешілердің жұмыстан кетуі сирек болуы керек
45
3.
Күн режімінің ыңғайлы болуы, қашан және не істеу керек
екендігін таңдаудың көп болуы
50
4.
Бос уақытта қызықты ойындар, істер қажет
66
5.
Өз өмірін өздігінше жоспарлауға оқыту
61
6.
Өз күйзелістерін бөлісетін, сенуге, әңгімелесуге болатын
адамның болуы
55
7.
Әркімде ешкім бөгет жасамайтын жердің болуы
55
46
7 сурет. Достастық ортаны қалыптастыру жөніндегі тәрбиешілердің
ұсыныстары
1. Девиантты мінез-құлқы бар балалар мен жасөспірімдерге жеке психо-
терапия мен психологиялық түзетім қажет, оны педиатр, психиатр және пси-
холог бірлесіп жүзеге асырады. Тәрбиешілерге жалпы педагогикалық тәсілді
дербестендіру жөнінде ұсынымдар жасалуы тиіс.
2. Балалар үйіндегі педагогтарға түсетін жүйкелік-психикалық, эмоциялық
жүктемені есепке алып, оны бейтараптандыру тәсілдерін – еңбекті ұтымды
ұйымдастыруды, психологиялық жеңілдену әдістемесін пайдалануды, өзін өзі
ұстай білуді үйретуді ойластыру қажет.
3. Күн режимінде жұмыстың, оқу сабақтары мен демалыстың,
серуендердің, ойындардың, қызығатын істермен айналысудың айқын кезек-
тесіп отыруы; ұйқының қалыпты ұзақтығы, толыққанды теңгермеленген тамақ,
емдік дене шынықтыру қарастырылуы қажет.
4. Топтағы балалардың санын азайту және балалар үйінде балалармен
өзара әрекетестік жасайтын ересек адамдардың санын көбейту қажет, бұл
әрбір балаға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
5. Баланың ересектердің салыстырмалы түрде тар шеңберімен
байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет – балалар меке-
мелеріндегі персоналдың тұрақтамаушылық процесін және балаларды бір
топтан басқасына ауыстыруды тоқтату.
6. Педагогтарды жеке тұлға дамуының психологиялық негіздерін, же-
тім балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктері мен проблемаларын,
түзетімдік психология, психологиялық диагностика, заманауи технологиялар
негіздерін білуге оқытуды ұйымдастыру қажет.
47
8 сурет. Достастық ортаны қалыптастыру жөнінде тәрбиеленушілер
тарапынан айтылған ұсыныстар
1. Тәрбиешілер тарапынан көбірек көңіл бөлу мен қамқорлық қажет.
2. Бауыр басып, жеңіл қатынас жасау үшін тәрбиешілер жұмыстан сирек
шығатын болса.
3. Қашан және не істейтініңді таңдау үшін күн тәртібі ыңғайлы болуы ке-
рек.
4. Бос уақытыңды қызықты өткізетін істер мен ойындар қажет.
5. Өміріңді өз бетінше жоспарлай білуге үйрету.
6. Өзіңді мазалап жүрген мәселелермен бөлісетін және сенетін адамның
болуы.
7. Ешкім мазаламайтын, әркімнің өз кеңістігінің болуы керек.
48
Мұндай мекемелердегі тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері
жайлы сұрақ.
9 кесте
Тәрбиешілерге арналған сұрақтар
V.
Балалар мекемелері тәрбиенушілерінің көпшілігіне мына-
дай қасиеттер тән бе?
%
1.
Өз кінәсін мойындағысы келмеу және мойындай алмау
97,5
2.
Адамдарға тұтынушылық көзқарас
95,0
3.
Ойлау қабілетінің нашар дамуы
95,0
4.
Әр түрлі тосқауылдарға деген жоғары сезімталдық,
қиыншылықтарды жеңуге дайын еместік
95,0
5.
Мақұлдау мен ескертуге эмоциялық жауап қайтарудың
әдеттен тыс формалары (бейжайлық пен немқұрайдылық-
тан озбырлық пен дұшпандыққа дейін)
95,0
6.
Төменгі танымдық ынталану
95,0
7.
Шамадан тыс агрессиялық, шыдамсыздық, қызбалық
95,0
8.
Көңіл бөлудің тұрақсыздығы, қызығушылықтың ұзаққа
созылмауынан басталған істі аяқтауға қабілетсіздік
95,0
9.
Ықпалға оңай түсу
92,5
10.
Ең мәнді қажеттіліктерді ғана қанағаттандыруға
мұқтаждық,
өмірлік
жоспарлардың,
өмірлік
құндылықтардың қалыптаспағандығы
92,5
11.
Өкпешілдік
92,5
12.
Айналадағы адамдармен өзара қатынастардағы, қарым-
қатынастар орнатудағы қиындықтар, қақтығысты сындар-
лы шешуге қабілетсіздік
90,0
13.
Жауапкершілікті сезінудің нашар дамуы
90,0
14.
Моральдық арамтамақтық (нұсқау бойынша өмір сүру
әдеті)
90,0
15.
Өздігінше таңдау жасауға немесе мәнді шешім қабылдауға
қабілетсіздік
90,0
16.
Дербестіктің қалыптаспағандығы
90,0
17.
Оқуға ынталылықтың қалыптаспағандығы
90,0
18.
Өзін өзі бағалаудың әдеттен тыстығы және өзін-өзі төмен
бағалауы
87,5
19.
Барлығы үшін айналасындағыларды кінәлауға бейімділік 85,0
20.
Көңіл-күйдің ауыспалылығы (мәнерлілік, көңілсіздік,
ызалылық)
85,0
49
21.
Айналасындағылардың пікіріне тәуелділік
82,5
22.
Қорқып-үркуге, алаңдаушылыққа, мазасыздануға аса бей-
імділік
75,0
23.
Отбасылық рөлдер, ер азамат пен әйелдіктің үлгілеріне
қойылатын талаптар жүйесінің қайшылығы туралы
түсініктердің қалыптаспағандығы
72,5
24.
Басқа адамдардың көңіл-күйіне ортақтасу қабілетінің
жоқтығы
72,5
25.
Қаталдық
72,5
26.
Болашақ туралы оңды түсініктердің жоқтығы
67,5
27.
Мақсатқа ұмтылушылықтың жоқтығы
67,5
28
Бос уақыт саласына жеке қызығушылықтың дамымауы,
бос уақытты ұйымдастыра алмау
65,0
29.
Адамдарға деген сенімсіздік
57,5
Сондай-ақ басқа да қасиеттер мен саналардың ішінде өзімшілдік,
қызғаныш, жалқаулық көрсетілді.
9 кестенің жалғасы
|