ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата12.03.2017
өлшемі1,52 Mb.
#9264
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚазаҚстан  Республикасы  
білім  және ғылым  министРлігі
балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті
ҚазаҚстан  педагогикалыҚ  ғылымдаР 
академиясы
Жетім   балалар   мен 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  
қалған   балаларға   арналған  
білім  беру  мекемелерінде   балаға 
достастық   ортаны   қалыптастыру 
технологиялары
алматы – 2009


УДК  373
ББК  74.200.5
         Ж 56
Рецензенттер:
Қ.с. мусин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай 
атындағы ҚазҰПУ-нің «Оқытудың ақпараттық жүйесі»  кафедрасының 
меңгерушісі
Х.т. Шерьязданова – психология ғылымдарының докторы, профессор, 
ҚазМемҚызПУ-нің «Теориялық және практикалық психология»  
кафедрасының меңгерушісі
Жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық орта-
ны қалыптастыру технологиялары: Оқу құралы / а.Қ. Құсайынов, 
ж.и.  намазбаева,    а.т.  Құнанбаева,  ә.б.  садықова.  –  Алматы: 
ROND&A баспасы, 2009 ж. – 112 бет.
ISBN 978-601-80019-5-6
Бұл оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлі-
гі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша өткізілген 
жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 
арналған  білім  беру  мекемелерінде  балаға  достастық  орта  қалыптастыру 
технологияларын әзірлеудегі әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері негізінде 
дайындалды.
Бұл оқу құралы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған  балаларға  арналған  білім  беру  мекемелерінің  басшыларына, 
тәрбиешілеріне, психологтарына, әлеуметтік педагогтарына ұсынылады.
ж 56
© «Қазақстан Педагогикалық 
    
Ғылымдар Академиясы» ҚБ, 2009.
удк 373
ббк 74.200.5
ISBN 978-601-80019-5-6

3
Кіріспе
2009  жылдың  1  қаңтарындағы  ресми  статистика  мәліметтері 
бойынша  Қазақстан  Республикасында  46 126  жетім  балалар  мен 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  бар,  олардың 
16 008-і жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға арналған мекемелерде, 28 113-і отбасылардағы қамқорлық 
пен қорғаушылықта, 2005-і патронатта тәрбиеленуде.
Әлеуметтік жетімдік елеулі проблема болып отырғандықтан оны 
шешу мемлекеттік деңгейде қарастырылады. 2007 жылы желтоқсан 
айында қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасы балалар-
ды  мемлекеттік  қолдаудың  тиімді  кешенді  жүйесін  қалыптастыру 
мен  жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға өмір-тіршіліктің оңтайлы ортасын жасау бойынша шара-
лар өткізуді көздейді.
Жетім  балалалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларда  аса  маңызды  әлеуметтік  құрылым  –  отбасының  ықпалы 
жетіспейді.  Тәрбиеленушілер  үшін  балалар  үйі  –  уақытша  бола-
тын  жер,  оқу  аяқталғаннан  соң  балалар  өздігінен  өмір  сүру  үшін 
ашық  әлеуметтік  ортаға  шығарылады.  Тәрбиеленушілердің  өмір 
жолдарының  ойдағыдай  болуы  оларды  балалар  үйінің  дербес 
өмірге қаншалықты дайындағанына байланысты. Жеткілікті өмірлік 
тәжірибесі жоқ, әдеттегі қамқорлық пен өмір салтынан айырылған 
бұрынғы тәрбиеленушілер дербес өмірге кірісуге дайын емес болып 
шығады.
Балалардың  есеюі  олардың  ересектермен  белсенді  өзара 
әрекеттестігі  жағдайында  мүмкін  болады.  Сондықтан  жетімдік 
өмір салтының ата-аналарының қамқолығынсыз қалған балалардың 
әлеметтенуі мен дербестену процесіне жағымсыз ықпал етуі, сондай-
ақ ересектердің балаларға қатысты позицияларының қалыптасуына 
ықпал еткен қоғамдағы елеулі өзгерістер, міне бұлардың бәрі әр түрлі 
әлеуметтік құрылымдардың тәрбиелік ықпалдарын оңтайландырудың 
мүмкіндіктері мен жеке тұлға қалыптасуының жаңа резервтерін із-
дестіру қажеттілігіне әкеледі. 

4
Сонымен, зерттеудің көкейкестілігі бір жағынан, жетім балалар 
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бі-
лім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастырудың 
тиімді  технологияларын  енгізудің  объективтік  қажеттілігімен, 
екінші  жағынан  мамандырылған  мекемелердегі  мұндай  ортаның 
мазмұндық-технологиялық  құрамдастарының  жеткіліксіздігімен 
және әзірленбегендігімен анықталады.  Осыны есепке ала отырып, 
зерттеу  проблемасы  мына  түрде  тұжырымдалады:  жетім  балалар 
мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған 
білім  беру  мекемелерінде  балаға  достастық  ортаны  қалыптастыру 
технологияларының тиімділігін анықтайтын жағдайлар қандай?
«жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқолығынсыз 
қалған  балаларға  арналған  білім  беру  мекемелерінде  балаға 
достастық  ортаны  қалыптастыру  технологиялары»  жобасы  ба-
лалар  үйлері  тәрбиеленушілерінің  өмір-тіршілігінің  жағдайларын 
жақсартуға арналған.
мақсаты: жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз 
қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық 
орта  құру,  қоршаған  әлеуметтік  ортаның  жағымсыз  ықпалына 
тұрақты, әлеуметтік табысты жеке тұлғаны дамытуда көмек көрсету.
міндеттері:
1.  Республиканың жетім балалар мен ата-аналарының қамқор-
лығынсыз  қалған  балаларға  арналған  білім  беру  мекемелерінің 
балаға достастық орта құру жөніндегі қолда бар тәжірибелерін зер-
делеу.
2.  Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға  арналған  білім  беру  мекемелеріндегі  балаға  достастық 
ортаны құру жөніндегі қолда бар алдыңғы қатарлы тәжірибе туралы 
ақпарат жинастыру мен талдау.
Бұл  оқу  құралында  балаға  достастық  орта  қалыптастыратын 
факторлар  көрініс  тапқан.  Әлеуметтік-педагогикалық  қолдауды 
ұйымдастыру,  жеке  тұлғаның  дамуы  мен  әлеуметтенуінде 
қиындықтардың туындау мәселелері зерттелді. Балаларды оқыту мен 
тәрбиелеудің  неғұрлым  барабар  тәсілдерін  іздестіруде  балалардың 
өмір  сүруінің  қазіргі  жағдайларына,  олардың  өздеріне  және 
ағымдағы  жағдаятқа,  көзқарастарына  көңіл  бөлінді.  Аталған  меке-
мелер  қызметкерлерінің  тәжірибесі  зерделенді.  Жетім  балалар  мен 
ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  білім  беруге 
арналған мекемелердегі балаға достастық ортаны қалыптастыру бой-
ынша зерттеу әдістері мен іс-тәжірибелік ұсынымдары берілді.

5
1. Жетім балалар мен ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
білім беру меКемелерінде балаға достастық орта 
құру Жұмысының тәЖірибесі
1.1. қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру 
ұйымдарының қызметі
Жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балалардың  проблемалары  ғылым  мен  іс-тәжірибенің  ең  әр 
түрлі  салаларындағы  көптеген  зерттеушілердің:  дәрігерлердің, 
психологтардың,  педагогтардың,  философтардың,  социологтардың 
назарын аударып келді және аударуда.
Жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балалардың проблемаларын зерттеуді төрт топқа бөлуге болады.
Біріншіден, жеке алғандағы балалар үйінің нақты тәжірибесіне 
кешенді  талдау  жасауға  арналған  бірқатар  жұмыстар  пайда  болды  
(Г. Ананьева, А. Андреева, Н. Анохина) [1, 2, 3].
Екіншіден, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің психологиялық 
бейімделу  проблемалары  белсенді  түрде  зерделенуде.  Шетелдік 
психологтардың арасында жабық үлгідегі мекеме жағдайларындағы 
баланың жеке тұлғасы дамуының проблемаларын, аналық жылу мен 
аялаушылықтың жоқтығы салдарларын жою мүмкіндіктерін А. Ад-
лер, А. Фрейд, Й. Лангмейер, З. Матейчик зерттеді [4, 5, 6].
Үшіншіден,  балалар  үйі  тәрбиеленушілерінің  депривация  про-
блемаларына отандық зерттеушілер И.В. Ежовтың, Ю.А. Евдокимов-
тың,  И.В. Дубровинаның,  А.М. Прихожанның,  Н.Н. Толстыхтың,  
Т. Войтенконың [7, 8, 9, 10, 11, 12] еңбектері арналды.
Төртіншіден, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығын-
сыз қалған балалардың әлеуметтену проблемаларын өз еңбектерінде  
И.С. Кон, Л.М. Шипицына зерттеді [13, 14].
Олар жетім баланың әсіресе, интернаттық мекемелердің көмегі 
арқылы  өмірге  бейімделетін  әлеуметтік-эмоциялық  саладағы 
дамуының өзіндік тетіктерінің қалыптасуын атап көрсетеді.
Мұнымен бірге балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің ересектік 
өмірге, балалар үйі қабырғаларынан тыс өмірге бейімделуіне байла-

6
нысты көптеген зерттеулер жүргізілуде. Балаларды дербес өмір мен 
қызметке  дайындаудың  әлеуметтік-психологиялық  қырлары  И.С. 
Конның,  А.В.  Петровскийдің  [13,  15]  зерттеулерінде  келтірілген. 
Жетім балаларды дербес өмірге дайындаудың бұл проблемасы-ның  
педагогикалық қыры П.П. Блонскийдің, А.С. Макаренконың, В.А. Су-
хомлинскийдің еңбектерінен [16, 17, 18] көрініс тапты.
И.Ф.  Дементьеваның,  Ю.А.  Евдокимовтың  еңбектерінде 
жетімдіктің  алдағы  ересектік  өмір  үшін  әлеуметтік  салдарлары 
қарастырылады [19, 8].
Жоғарыда санамаланған авторлардың еңбектеріне талдау жасау 
балаға достастық ортаны қалыптастыру проблемасының көп қырлы 
екенін  және  кешенді  зерттеуді  талап  ететінін  дәлелдейді.  Алайда, 
аталған проблемаға арналған жарияланымдардың жеткілікті екеніне 
қарамастан  балаға  достастық  ортаны  қалыптастыру  технологияла-
ры  балалар  үйлері  жұмысының  тәжірибесіне  жеткіліксіз  енгізілген 
және зерттелген, бұл қосымша теориялық арнаулы еңбектер мен іс-
тәжірибелік зерттеулерді талап етеді.
Жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға  арналған  білім  беру  мекемелерінде  балаларды  күтудің, 
қадағалаудың,  бағудың,  тәрбиелеудің,  оқыту  мен  дамытудың  ортақ 
міндеттері бар. Балалар үйі балаға отбасын қандай да бір мөлшерде 
алмастыруды көздейтін мемлекеттік әлеуметтік құрылым болып та-
былады. Отбасын алмастыратын әлеуметтік құрылым ретіндегі бала-
лар үйі орындауы тиіс қызметтерді анықтау үшін отбасы орындайтын 
қызметтерді қарастырайық. 
Социолог  А.Г.  Харчев  [21]  отбасының  мынадай  әлеуметтік 
қызметтерін бөліп көрсетеді:

қалпына келтірушілік – жеке тұлғалық тұрғыда балалардың 
қажеттіліктерін қанағаттандыру, биологиялық қалпына келтіру;

тәрбиелік – жас ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтендіру;

шаруашылық-тұрмыстық – қоғам мүшелерінің тән саулығын 
қолдау, отбасындағы балалар мен қартаң мүшелерді күту;

экономикалық-кәмелет жасына толмағандар мен отбасының 
еңбекке қабілетсіз мүшелеріне қаржылық қолдау жасау;

бастапқы әлеуметтік бақылау – өмірлік қызметтің әр түрлі 
салаларында  отбасы  мүшелерінің  мінез-құлықтарын  моральдық 
жағынан реттеу, сондай-ақ жұбайлардың, ата-аналар мен балалардың 
арасындағы қатынастағы жауапкершіліктер мен міндеттемелерді рет-
теу;

7

рухани қарым-қатынас – отбасы мүшелері жеке тұлғалары-
ның дамуы, рухани жағынан өзара байытылу;

әлеуметтік-мәртебелік  –  отбасы  мүшелеріне  белгілі 
бір  әлеуметтік  мәртебе  беру;  қоғамның  әлеуметтік  құрылымын 
қабылдау;

бос  уақыттық  –  бос  уақытты  ұтымды  ұйымдастыру, 
қызығушылықтардың өзара байытылуы;

эмоциялық-психологиялық қорғанысқа, эмоциялық қолдауға 
ие болу.
Егер  отбасының  бұл  функцияларын  балалар  үйіне  түсіретін 
болсақ, онда балалар үйі баланың әлеуметтік өмірге араласуының аса 
маңызды функциясын орындауы тиіс. Бұл функцияның басымдығына 
балалар үйінде тәрбиеленетін жетім балаларда аса маңызды әлеумет-
тік құрылым – отбасының ықпалы жоқтығы жағдай жасайды.
Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі уақытша болатын жер, оқу 
аяқталған  соң  балалар  өздігінен  өмір  сүру  үшін  ашық  әлеуметтік 
ортаға  шығарылады.  Балалар  үйінің  тәрбиеленушілерді  бұл  дер-
бес  өмірге  қаншалықты  дайындағаны  олардың  одан  кейінгі  өмір 
жолдарының ойдағыдай болуына жағдай жасайды.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ба-
лаларды орналастырудың қолданыстағы формаларын төрт санатқа 
бөлуге болады:

отбасылық (қорғаншылдық, қамқорлық, асырап алу);

мемлекеттік  (сәбилер  үйлері,  балалар  үйлері,  әр  түрлі 
үлгідегі мектеп-интернаттар);

мемлекетте  қорғаншылық  міндеттердің  бір  бөлігін  сақтай 
отырып, отбасылық тәрбиенің элементтерін үйлестіретін мемлекет-
тік-қоғамдық санат (балалар қабылдайтын отбасылар – отбасылық 
балалар үйі, патронаттық отбасылар, балалар баспанасы);

мемлекеттік емес (жекеменшіктегі балалар үйлер, баспана-
лар және басқалар).
Мекемелерге:  жетім  балалар,  бағудан  бас  тартылған  балалар, 
соттың  шешімі  бойынша  ата-аналарынан  ажыратылған  балалар, 
ата-аналық  құқықтарынан  айырылған,  сотталған,  іс-әрекеттілікке 
қабілетсіз  деп  танылған,  ұзақ  уақыт  емделіп  жатқан  (оның  ішін-
де психикалық аурулар да бар) ата-аналардың балалары, сондай-ақ 
ата-аналарының тұратын жері анықталмаған балалар мен күн көрісі 
төмен отбасылардың балалары қабылданады.

8
Жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға  арналған  ұйымдардың  бәріндегі  мақсаттық  бағыт  – 
бұл  балаларды  әлеуметтік  қорғау,  оларға  қоғамдағы  мінез-құлық 
дағдыларын  беру,  олар  үшін  оңтайлы  өмірлік  жолды  анықтау, 
психикалық және тәндік денсаулықты қалпына келтіру.
Мекеменің негізгі міндеттері:
1.  Жеке  тұлғаның  ақыл-ой,  эмоциялық  және  денелік  дамуына 
себеп болатын үй жағдайларына жақындатылған қолайлы жағдайлар 
жасау.
2.  Тәрбиеленушілерді  әлеуметтік  қорғауды,  медициналық-
психологиялық-педагогикалық  жағынан  оңалдыруды  қамтамасыз 
ету.
3.  Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін 
білім беру бағдарламаларын игерту, оқыту мен тәрбиелеу.
4.  Тәрбиеленушілердің  денсаулығын  сақтау  мен  нығайтуды 
қамтамасыз ету.
5.  Тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. 
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ба-
лаларды оқытудың әр түрлі нұсқалары бар [20]:
1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балалар мектеп –интернатта тұрып, оқиды. Бұл жағдайда мынадай 
түр өзгерістер кездеседі:

топтары  жасы  бірдей  балалар  мен  қыздардан  жас  және 
жыныстық белгілері бойынша  толымдалған  мектеп-интернат.  Сы-
ныпты  бұлайша  толымдауда  балалардың  қарым-қатынас  шеңбері 
шектеулі болады, бұл балалардың қатынастық-байланыстық дағды-
ларының айтарлықтай дамымай қалуына әкеп соғатыны күмәнсіз.

топтары «отбасының орнын басу» қағидаты бойынша – жы-
нысы  мен  жастары  әр  түрлі  балалармен  толымдалған  мектеп-ин-
тернат.  Сыныпты  құру  қағидаты    да  осындай,  бірақ  бір  сыныпта 
«отбасының орнын басатын» бірнеше топтың балалары оқиды.

жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балалардан сынып толымдау мен оларды оқытудың бірінші, екінші 
нұсқасы  да  мектеп-интернат  жағдайларында  олардың  әлеуметтік-
эмоциялық дамуына қолайлы жағдай жасамайды, өйткені «мекен ету 
ортасы»,  әсіресе  отбасыларда  тәрбиеленетін  балалармен  «шектел-
ген».

9
Бұл проблеманы шешудің бірнеше жолы бар:

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларды мектеп-интернаттан тыс орналасқан қосымша білім беру 
мекемелерінің  жұмысына  белсенді  қосу.  Бұл  олардың  эмоциялық 
және қатынас-байланыстық тәжірибесін молайтады. Әр түрлі шағын 
әлеуметтік  орталарда  өз  «Мені»  позициясын  анықтауға  мүмкіндік 
береді. Сонымен бірге егер бала бір емес, балалардың әр түрлі топта-
рымен өзара әрекеттестік болатын бірнеше үйірмеге (студияға, өнер 
мектептеріне) қатысса, онда өте жақсы.

Мектеп-интернат көбінесе ықшамауданның, шағын ауылдың, 
кенттің  балалары  үшін  мәдениет  құрушы  балалар  орталығына 
айналды.  Мектеп-интернатқа  отбасылардағы  балалар  да  келеді. 
Мұндай жағдаят жетім балалар үшін қарым-қатынас – байланыстар 
тұрғысынан емес, сондай-ақ олардың эмоциялық даму тұрғысынан 
да неғұрлым қолайлы. Оларда «қонақтың» емес, «қожайынның» се-
зімі;  өз  абыройын  сезіну  мен  өзін  және  өзінің  мектеп-интернатын 
жақсы жағынан көрсету ниеті қалыптасады.

Балалардың жексенбі, мереке күндерінде, каникул күндерінде 
қамқоршы және қорғаншы отбасыларда; өз туысқандарында болуы. 
Баланың әлеуметтенуі мен оның әлеуметтік-эмоциялық даму пробле-
маларын шешудің бұл жолы бәрінен бұрын, баланың отбасындағы 
өмірлік жағдайларға тап болып, отбасылық қатынастардың әлеумет-
тік-тұрмыстық  дағдылардың  тәжірибесіне  ие  болатындығымен 
маңызды.
2. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балалар  балалар  үйінде  тұрады,  өздерінің  білім  деңгейіне  сәйкес 
келетін  шағынаудандағы  мектепке  барады.  Қазіргі  уақытта  бала-
лар  үйлерінің  тәрбиеленушілері  баратын  мектептерде  сыныптарды 
толымдаудың мынадай формалары орын алуда:

мектепте  тек  балалар  үйінің  балаларымен  толымдалған 
«жетімдер сыныптары» құрылады. Оларды жеке сыныпқа жасанды 
жолмен бөлу көбінесе бұл балаларда «отбасылық балалардың» ғана 
емес, сондай-ақ педагогтардың да көзқарасына байланысты ашу-ыза 
туындатады.

жетім  бала  үшін  сыныпта  отбасында  тәрбиеленетін 
құрдастарымен  бірге  оқитын  жағдаят  неғұрлым  қолайлы  болып 
шығады.  Бұл  кезде  бала  сыныптағы құрдастарының ұжымы мен 
балалар  үйінде  әр  түрлі  жағдаятта  болады.  Бұл  жағдаяттардың 

10
әрқайсысы  әр  түрлі  эмоциялық  көріністерге:  ашу-ызалы,  жалған, 
бейімделгіш мінез-құлықтан «отбасылық» балалармен жақсы достық 
қатынастарға дейін әкеледі.
Қазақстандағы  жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқор-
лығынсыз  қалған  балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдарының 
қызметіне толығырақ тоқталайық. 2009 жылдың сәуір айынан маусым 
айына  дейін  жетім  балалар  мен  ата-аналарының  қамқорлығынсыз 
қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға достастық 
ортаны  қалыптастырудың  құрамдас  негіздеріне  мониторинг 
жүргізілді. Зерттеулер Алматыда (№2 балалар үйі және жетім бала-
лар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
мамандандырылған  «Жанұя»  кешені),  Таразда  («Ұлан»  балалық 
шақ  үйі,  Сарымолдаев  атындағы  №1  балалар  үйі),  Қостанайда 
(Қостанай  облыстық  балалар  үйі,  Қостанай  қаласындағы  балалар 
мен жасөспірімдерге арналған баспана), Семейде (№8 балалар үйі, 
«Подросток» балалар баспанасы), Атырауда (облыстық №1 мектеп-
интернат, «Ақбота» балалар үйі) жүргізілді.
Аталған  мекемелер  жұмыстың  әр  түрлі  бағыттары  бойынша 
бағдармалар мен үлгілер көрсетті. 
Үлгілердің,  бағдарламалар  мен  жобалардың  мазмұндары 
мекеменің  тұрпатына  қарай  ерекшеленеді.  Бірақ  тұтастай  алғанда 
ұйым  әрбір  кезең  үшін  нақты  шарттарға  жауап  беретін  жұмыстың 
перспективалық  жоспарын  таңдай  алады.  Көкейкесті  міндеттер 
шеңбері  айқындалады.  Оларды  іске  асыру  жолында  бағдарламалар 
әзірленеді,  инновациялық  үлгілер  енгізіледі.  Бағдарламалардың 
ішінде  жобалар  да  ұсынылады.  Бағдарламалардың,  үлгілер  мен 
жобалардың тиімділігі мониторингтің көмегімен айқындалады. 
Мұның  жарқын  мысалы  ретінде  тараз  қаласындағы  «Қ.  са-
рымолдаев  атындағы  №1  балалар  үйі»  мемлекеттік  мекемесінің 
қызметін ұсынуға болады.
2007-2008 оқу жылында балалар үйі дамуының перспективалық 
жоспарымен мекеме жұмысының «Дербес өмірде өзін-өзі тану мен 
өзін  өзі  жетілдіруге  қабілетті  әлеуметтік  бейімделген  бала  жеке 
тұлғасының  дамуы,  балаларды  оңалту»  тақырыбы  анықталған,  екі 
эксперименттік  бағдарлама:  «Табысқа  апарар  жол»  және  «Рухани-
өнегелілік  тәрбие:  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  бейімделу» 
әзірленіп, сынақтан өткізілуде.
«Рухани-өнегелік  тәрбие:  жалпыадамзаттық  құндылықтарға 


бейімделу»  бағдарламасы  тиімді  енгізілуде.  Ол  бойынша  бала-
лар  үйі  жағдайларында  балалар  және  жасөспірімдермен  руха-
ни-өнегелік  жұмыс  жүйесінің  негізгі  позицияларын  жаңартудың, 
тәрбиеленушілерді  жалпыадамзаттық  құндылықтар  туралы  білім-
мен  қаруландырудың,  өнегелік  категориялары  аясында  адамзаттың 
рухани мәдениетіне қатыстырудың, балаларда өзін-өзі жүйелі түрде 
тәрбиелеу қызметі мақсатымен зерттеу қажеттілігін қалыптастыру-
дың сәті түсуде.
«Табысқа  апарар  жол»  бағдарламасы  тәрбиеленушілерді 
әлеуметтік қорғауға, олардың әлеуметтену процесіне көмек беру мен 
қолдау  жасауға  бағытталған.  Бұл  бағдарлама  тәрбиеленушілерде 
оңды бағытталған өмірлік жоспарларды, кәсіптік ниет-пиғылдарды, 
әлеуметтік-тұрмыстық  дағдылар  мен  икемділіктерді  қалыптастыру; 
жасөспірімдерде өмірдегі табыстарға ұмтылушылықты дамыту мін-
деттерін көздейді. Бағдарлама маңызды жеке тұлғалық қасиеттерді 
дамытуға  жағдай  жасайды,  балалар  үйінен  шыққаннан  кейін 
проблемалық жағдаяттарға қарсы тұра білу икемділігін дамытады. 
Бағдарлама  «Сенің  өмірлік  таңдауың»  және  «Іскер  адамның 
іс-тәжірибесі»  жобаларымен  толықтырылған.  Бұл  жобалар 
жасөспірімдердің  кәсіптік  таңдауын  нақтылауға,  олардың  болашақ 
кәсібіне қызығушылығын белсендіруге және балалар үйін бітіруші-
лер өмірдің қаржы-ақшалық нормативтерімен танысуға тура келетін 
экономика мен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған. Мыса-
лы, тәрбиеленушілер күнкөрістің ең төменгі деңгейінің қандай екен-
дігі, ақшаны қалай жұмсау керектігі, олардың балалар үйін бітірген-
нен кейінгі ақша табудың перспективалары қандай екендігі туралы 
интерактивтік  ақпарат  алады.  Перспективалармен  неғұрлым  нақты 
және көрнекті танысу үшін қаланың барлық оқу орындарына экскур-
сиялар жасалды. 
Педагогикалық  ұжымға  мониторинг  жасаудың  нәтижелері 
бағдарламаның  тәрбиелеу  процесіне  табысты  енгізіліп  жатқанын 
көрсетті. Жоғары сынып оқушылары кәсіп таңдау жөнінде байсалды 
ойлана бастады, оқуға ынталану артты. Көптеген түлектер оқуларын 
тек  кәсіптік  мектептер  мен  лицейлерде  ғана  емес,  ЖОО-нда,  
колледждерде  жалғастыруға  ұмтылады.  Бітірушілерде  өзінің  жеке 
басының табыстылығына көзқарастары өзгерді, өзін-өзі бағалау арт-
ты, өз болашағын жобалау шеберлігі қалыптасты, балалар әлеумет-
тік-тұрмыстық дағдылар мен икемділіктерге ие болды.


Бұл  жерде  сондай-ақ  белгілі  бір  дағдыларға  жаттығу  үшін 
рөлдік ойындар өткізіледі. Іскерлік сапаларды дамыту үшін ойында 
жағдаяттардың үлгілеріне бірнеше күн бойы жаттығулар өткізіледі. 
Отбасылық  өмір  үшін  және  балалар  үйінің  тәрбиеленушілері 
өздерінің айналасында әлі кездесе қоймаған басқа жағдаяттар үшін 
қажетті дағдыларды қалыптастыратын тренингтер өткізіледі.
Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде әрбір топ отбасы деп 
аталады және әрбір отбасының өз аты бар. Өмірдің мұндай салты ере-
сектер мен балалардың арасындағы қазыналық таптаурынды өшіреді 
және жаңа педагогикалық шешімдерді іске асыруға жол ашады. 
Жаңа  технологияларды  сапалы  енгізудің  үлгісін  алматы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет