247-бап. Көмбе
1. Көмбе, яғни жерге көмiлген немесе басқа әдiспен жасырылған, меншiк иесiн
анықтау мүмкiн болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе
өзге де бағалы заттар көмбе жасырылған жер учаскесi иесiнiң немесе қозғалмайтын
затты меншiктенушiнiң және көмбенi тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта
өзгеше белгiленбесе, меншiгiне тең мөлшерде түседi.
Көмбе жасырылған жер учаскесiн пайдаланушының немесе қозғалмайтын мүлiктi
меншiктенушiнiң келiсiмiнсiз қазған немесе бағалы заттар iздестiрген адам көмбенi
тауып алған жағдайда көмбе сол меншiк иесiне берiлуге тиiс.
2. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне жататын заттардан тұратын көмбе
табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлуге тиiс. Бұл орайда
ондай көмбе табылған жер учаскесiн пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлiктi
меншiктенушi және көмбенi тапқан адам осы көмбе құнының елу процентi мөлшерiнде
сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында осы баптың 1-тармағында көзделген
ережелер қолданыла отырып бөлiнедi.
248-бап. Меншiк иесiнен алынған мүлiктi иелену
Егер адам заң құжаттарында белгiленген тәртiп пен жағдайлар бойынша меншiк
иесiнен заңды негiздерде алынған мүлiктi иеленсе, бұл адам мүлiкке меншiк құқығына
ие болады.
14-тарау. Меншік құқығы мен өзге де
заттық құқықтардың тоқтатылуы
249-бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi
1. Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi
меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында
көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.
2. Мүлiктi меншiк иесiнен ықтиярсыз алып қоюға жол берiлмейдi, бұған мына
реттер:
1) меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы
айналымға түскен;
2) заң құжаттарына сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi
ықтиярсыз иелiктен айырған;
3) реквизицияланған;
4) тәркiлеген;
5) жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi иелiктен
айырған;
6) күтiмсiз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер;
7) осы Кодексте көзделген өзге де реттер кiрмейдi.
3. Мемлекеттік меншіктегі мүлік:
1) азаматтар мен заңды тұлғаларға жекешелендіру туралы заңнамалық актілерде
көзделген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен;
2) мемлекеттік меншік объектілерін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын
төлеуге (қалыптастыруға немесе ұлғайтуға) беру арқылы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де
жағдайларда иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі.
3-1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекеттік меншікте
ғана болатын мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік иеліктен шығару
объектісі бола алмайды.
4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк
меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт
меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға
шығындары өтеледi.
Ескерту. 249-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.11
N 102-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
250-бап. Меншiк құқығынан бас тарту
Азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тарта
алады, бұл жөнiнде ол жариялайды, не бұл мүлiкке қандай да болсын құқықтарын сақтау
ниетiнсiз өзiнiң мүлiктi иеленуден, пайдаланудан және оған билiк етуден шеттейтiнiн
айқын дәлелдейтiн басқа да әрекеттер жасайды. P06003S
Меншiк құқығынан бас тарту осы мүлiкке басқа тұлға меншiк құқығын алған
кезге дейiн тиiстi мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн
тоқтатуға әкелiп соқтырмайды.
251-бап. Меншiк иесi мүлкiнен ақы өндiрiп алу
1. Меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiктен ақы өндiрiп алу, егер
шартта өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
2. Ақы өндiрiлiп алынатын мүлiкке меншiк иесiнiң меншiк құқығы заңдарда
көзделген тәртiп бойынша меншiк құқығы көшетiн адамның алып қойылған мүлiкке меншiк
құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.
Ескерту. 251-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N
211
Заңымен.
252-бап. Заң құжаттарына сәйкес өзiне тиесiлi бола
алмайтын мүлiкке адамның меншiк құқығының
тоқтатылуы
1. Егер заң құжаттарымен жол берiлетiн негiздер бойынша заң құжаттарына
сәйкес адамның өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк оның меншiгiнде болып шықса, бұл
мүлiктi меншiк иесi, егер заң құжаттарында өзге мерзiмдер белгiленбесе, осы мүлiкке
меншiк құқығы пайда болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен айыруға тиiс. Егер
меншiк иесi мүлiктi көрсетiлген мерзiмде иелiктен айырмаса, ол сот шешiмiмен
иелiктен ықтиярсыз айырылуға тиiс, бұл орайда меншiк иесiне мүлiктi иелiктен айыру
жөнiндегi шығындары шегерiлiп, оның құны өтеледi.
2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiнде заң құжаттарымен жол
берiлген негiздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет етiлетiн зат азаматтың
немесе заңды тұлғаның меншiгiнде болып шықса, ал меншiк иесiне оны беруден бас
тартылса, бұл зат осы меншiк иесiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк үшiн белгiленген
тәртiп бойынша иелiктен айырылуға тиiс.
253-бап. Реквизициялау
1. Дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, iндеттер және төтенше сипаттағы
өзге де жағдайлар болған ретте мүлiк қоғам мүддесi үшiн мемлекеттiк органдар шешiмi
бойынша заң құжаттарында белгiленген тәртiп пен жағдайларда меншiк иесiнен оған
мүлiктiң құны төлене отырып алып қойылуы мүмкiн (реквизиция).
2. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаны оның сот
тәртiбiмен даулауына болады.
3. Мүлкi реквизицияланған адам реквизиция жүргiзуге байланысты жағдайлар
тоқтатылған кезде сақталған мүлiктi өзiне қайтарып берудi сот арқылы талап етуге
құқылы.
Ескерту. 253-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N 211
Заңымен
.
254-бап. Тәркiлеу
Заң құжаттарында көзделген реттерде мүлiк меншiк иесiнен жасаған қылмысы
немесе өзге де құқық бұзушылығы үшiн санкция түрiнде сот тәртiбiмен тегiн алынуы
мүмкiн (тәркiлеу).
255-бап. Жердi және басқа табиғи ресурстарды
алып қоюға байланысты қозғалмайтын
мүлiкке меншiк құқығының тоқтатылуы
1. Мемлекеттiк органның меншiк иесiнен мүлiктi алып қоюға тiкелей
бағытталмаған шешiмiне, соның iшiнде меншiк иесiне тиесiлi үй, өзге де қора-қопсы,
құрылыстар немесе өсiмдiктер бар жер учаскесiн алып қою туралы шешiмiне байланысты
қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығының заң құжаттарымен белгiленген реттер мен
тәртiп бойынша ғана меншiк иесiне құны тең мүлiк берiп және өзге де келтiрiлген
залалдарын өтей отырып немесе меншiк құқығының тоқтатылуынан келтiрiлген залалдарын
толық көлемiнде өтей отырып тоқтатылуына жол берiледi.
2. Меншiк иесi меншiк құқығын тоқтатуға әкелiп соқтыратын шешiммен
келiспеген жағдайда оны дау сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн жүзеге асыруға
болмайды. Дауды қарау кезiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды өтеудiң барлық
мәселелерi де шешiледi.
3. Осы баптың ережелерi мемлекеттiк органның мүлiк орналасқан тау
баурайларын, су айдыны учаскелерiн және басқа учаскелердi алып қою туралы шешiмiне
байланысты тиiсiнше қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы тоқтатылған кезде
қолданылады.
256-бап. Күтiмсiз ұсталған мәдени және
тарихи қазыналарды сатып алу
Заңдарға сәйкес ерекше бағалы әрi мемлекет қорғайтын мәдени және тарихи
қазыналарға жатқызылған заттардың меншiк иесi бұл қазыналарды күтiп ұстамай, бұл
олардың өз мәнiн жоғалту қатерiн төндiрген реттерде мұндай қазыналарды мемлекет
меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы
алуы мүмкiн.
Мәдени қазыналар сатып алынған кезде меншiк иесiне - тараптардың келiсуiмен,
ал дау туған ретте сот белгiлеген мөлшерде олардың құны өтеледi. Жария саудаға
салып сатқан кезде меншiк иесiне сатудан түскен сома сауданы өткiзу шығындары
шегерiлiп берiледi.
257-бап. Меншiк құқығы тоқтатылған
кезде мүлiктi бағалау
Меншiк құқығы тоқтатылған кезде мүлiк оның нарықтық құны негiзге алына отырып
бағаланады.
258-бап. Меншiк иесi емес адамның заттық
құқығының тоқтатылуы
Меншiк иесi емес адамның заттық құқықтары осы Кодекстiң 249-257-баптарында
белгiленген ережелер бойынша, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында
немесе меншiк иесiнiң мүлiк иесiмен жасасқан шартында белгiленген тәртiп бойынша
меншiк иесiнiң шешiмiмен тоқтатылады.
15-тарау. Меншік құқығы мен өзге де
заттық құқықтарды қорғау
259-бап. Меншiк құқығын тану
Меншiк иесi меншiк құқығын тануды талап етуге құқылы.
260-бап. Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз
иеленуiнен талап етуi
Меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы.
261-бап. Адал алушыдан мүлiктi талап етiп алдыру
1. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып,
алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi
немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де
ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте
ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.
2. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк
иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы.
3. Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған
болса, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп
алдыруға жол берiлмейдi.
Ескерту. 261-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N
211
Заңымен.
262-бап. Ақша мен бағалы қағаздарды талап етiп
алдыруды шектеу
Ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден
талап етiп алдыруға болмайды.
263-бап. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып
алу кезiнде есеп айырысу
1. Меншiк иесi осы Кодекстiң 260, 261-баптары негiзiнде мүлiктi талап ете
отырып, арам ниеттi иеленушiден бүкiл иеленген кезiнде өзi алған немесе алуға тиiс
болған табыстардың бәрiн қайтаруды немесе өтеудi; адал иеленушiден иеленуiнiң
заңсыздығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған немесе меншiк иесiнiң мүлiктi
қайтару туралы талап қою жөнiндегi хабарламасын алған кезден бастап өзi алған
немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн талап етуге де құқылы. Адал иеленушi өз
кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке
жұмсаған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi
иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiң талабын сот негiздi деп тапқан реттерде толық
немесе iшiнара алуға құқылы.
2. Заңсыз иеленушi өзi жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым
келтiрмей бөлуге келсе, өзiнде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды бұлайша бөлу
мүмкiн болмаса, адал иеленушiнiң жақсартуға жұмсаған шығындарын өтетудi талап етуге
құқығы бар, бiрақ ол зат құнының ұлғайтылған мөлшерiнен аспауы керек. Арам ниеттi
иеленушiнiң мұндай құқығы жоқ.
264-бап. Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға
байланысы жоқ бұзылудан қорғау
Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты
болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.
265-бап. Меншiк иесi емес адамның заттық
құқықтарын қорғау
Меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер
пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен
мүлiктi иеленушiнiң де осы Кодекстiң 259-264-баптарында көзделген құқықтары болады.
Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар.
266-бап. Заңда көзделген негiздер бойынша меншiк
иесiнiң құқықтары тоқтатылған кезде оның
мүдделерiн қорғау
Қазақстан Республикасы меншiк құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған
ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды
меншiк иесiне Қазақстан Республикасы толық көлемiнде өтейдi.
267-бап. Меншiк иесiнiң құқықтарын және басқа заттық
құқықтарды бұзатын өкiмет, басқару органдары
мен лауазымды адамдар құжаттарының
жарамсыздығы
1. Егер мемлекеттiк басқару органының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы
органның, не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке құжат
шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi
иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай құжат
меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен
жарамсыз деп танылады.
2. Нақты iс бойынша сот шешiм шығарған жағдайда мемлекеттiк басқару
органдарының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның заң құжаттарына қайшы
келетiн құжаттары қолданылмайды.
Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген залал тиiстi
өкiмет немесе басқару органының тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелуге
тиiс.
3 бөлiм. Міндеттемелік құқық
1-бөлiмше. Міндеттеме туралы жалпы ережелер
16-тарау. Міндеттемелер ұғымы және
олардың пайда болу негіздері
268-бап. Мiндеттеме ұғымы
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң)
пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр
әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие
берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi
борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.
269-бап. Мiндеттеме тараптары
1.
(алынып тасталды)
2. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр
мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген
ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады
(осы Кодекстiң 286-288-баптары).
Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған
талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап
қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын
талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.
3. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына
мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және
сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi.
Ескерту. 269-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N
211
Заңымен.
270-бап. Мiндеттемеге қатысушылар
1. Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге
қатысушылар болып табылады.
2. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе
өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.
3. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе
тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн
мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн.
271-бап. Мiндеттеменiң пайда болу негiздерi
Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-бабында көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден
немесе өзге де негiздерден пайда болады.
17-тарау. Міндеттемені орындау
272-бап. Мiндеттеменi тиiсiнше орындау
Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше
орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет
өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес
орындалуға тиiс.
273-бап. Мiндеттеменi орындаудан бiржақты
бас тартуға жол берiлмеуi
Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан
бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi.
274-бап. Мiндеттеменi бөлшектеп орындау
Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк
қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса,
несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.
275-бап. Мiндеттеменi тиiстi адамның орындауы
Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе және iскерлiк қызмет
өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса,
борышқор мiндеттеменi орындау кезiнде несие берушiнiң өзi немесе бұған ол уәкiлдiк
берген адам орындауға қабылдайтын нәрсенi талап етуге құқылы және мұндай талап
жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етедi.
276-бап. Мiндеттеменi үшiншi жақтың орындауы
1. Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшiншi жақ тиiстi шарт
арқылы тараптардың бiрiмен байланысты болса, мiндеттеменi орындау түгелдей немесе
бөлшектеп үшiншi жаққа жүктелуi мүмкiн.
2. Егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен борышқордың
мiндеттеменi жеке өзi орындау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi
жақ ұсынған орындау iсiн қабылдауға мiндеттi.
3. Несие берушiнiң борышқор мүлкiнен ақы өндiрiп алуы салдарынан өзiнiң бұл
мүлiкке құқығынан (иелену, пайдалану, кепiлге салу құқығы және басқа құқықтары)
айрылу қаупi төнген үшiншi жақ несие берушiнiң талабын борышқордың келiсiмiнсiз өз
есебiнен қанағаттандыра алады. Бұл ретте мiндеттеме бойынша несие берушiнiң құқығы
үшiншi жаққа көшедi және осы Кодекстiң талапқа көну туралы ережелерi (осы Кодекстiң
339-347-баптары) қолданылады.
277-бап. Мiндеттеменi орындау мерзiмi
1. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт
кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе
тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.
2. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға
мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға
қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.
Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап
етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан,
iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа
мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап
еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.
278-бап. Мiндеттеменi бiрқалыпты орындау жөнiндегi
талаптар
Ұзақ мерзiмде орындалатын болып есептелген мiндеттемелер, егер заңдарда
немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, не мiндеттеме мәнiнен немесе
iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан туындамаса, бiрқалыпты,
мiндеттеменiң осы түрi үшiн ақылға қонымды кезеңдерде (күн, онкүндiк, ай, тоқсан
және т.б.) орындалуға тиiс.
279-бап. Мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындау
1. Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның
мәнiнен туындамаса, борышқор мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға құқылы.
2. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын
орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе
мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi
құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.
280-бап. Мiндеттеменiң орындалу барысы туралы ақпарат
Заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында борышқордың несие берушiге
мiндеттеменiң орындалу барысы туралы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн.
281-бап. Мiндеттеме орындалатын жер
Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе
немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан
көрiнбесе, ол:
1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру - мүлiк орналасқан жерде;
2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана
отырып беру - мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн оны бiрiншi тасымалдаушыға
тапсыратын жерде;
3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса,
кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру - мүлiк
дайындалған немесе сақталатын жерде;
4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған
кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса - мiндеттеме
пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу
кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға
хабарласа - орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның
есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;
5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерiнде,
ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.
Ескерту. 281-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02.
N 211
Заңымен
.
Достарыңызбен бөлісу: |