Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет


– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің осындай киелі де



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.03.2017
өлшемі4,97 Mb.
#9294
1   2   3   4

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің осындай киелі де

ең  сұлу  жерлерінің  бірі  –  қасиетті  Ұлытау  баурайында

ерекше сұхбат бергеніңіз үшін ризашылығымызды білді-

реміз. 

– Жаңа өзің айтып кеткендей, мына жердің аурасы жақсы. Қазір

далада күннің ыстығы қырық градусқа жуық болып тұрса да, осы

Әулиебұлақтың жағасы қандай көркем. Мына тұрған қайыңдар,

мынау  жер  сонау  Жошы  ханның  да,  Алаша  ханның  да,

Тоқтамыстың  да,  Едіге  батырдың  да  –  бәрінің  көзін  көрген

шығар. Мінекей, дүние деген осылай ылғи тұра береді. Заман

өтеді,  уақыт  алға  жылжиды.  Ұрпақтар  бірінің  жолын  бірі

жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай керемет болып

қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-

бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол,

Мәңгілік Елдің жолы!

Өткен  аптада  аудан  әкімі  Х.Мақсұтов

жұмыссапармен  Қарағайлы  кентінде  болып

қайтты. 

Бұл  сапарында  тақауда  ғана  ауданда  өткен

облыстық  жастар  форумында  облыс  әкімі

Н.Әбдібековтың қолынан облыс әкімінің ақшалай

грантын  алған  жас  кәсіпкер  Жандос

Қонысбайдың кәсіптік тыныс-тір-

шілігімен танысты.  Еңбек етіп,

маңдай  термен  табыс  табу

Ислам  қағидаттарының  бірі.

Еңбек 


етуге 

байланысты

құранда:  “Алла  сендер  үшін

жерді көнбіс қылып жаратты. Ен-

деше,  соның  айналасында

жүріңдер, ризығын жеңдер” -деп

әмір етілген.

Біз  өткен  жылы  “Несиесіз

кәсіптің иесі Жандос жайлы газе-

тімізде жариялаған болатынбыз.

Мемлекеттің көмегінсіз жеткен

қысқа 


мерзімдегі 

еңбек


бастамасының  нәтижесі  кімді

болмасын таң қалдырғаны анық

еді. Талабы таудай жас жігіттің

бұл тірлігіне ерінбейтін, бәрінде

адал жолмен тауып, қоғам мүддесіне зиян тигі-

зетін,  шариғатқа  қайшы  келетін  жолмен  табыс

табуға құлшынысы жоқ болатын.

Жандостың  ауылынан  жырақта  15-20  күндік

ауысыммен 

еңбек 


етіп 

жүріп, 


үйінің

айналасындағы 

жерді 

жылыжайға



айналдырғанын,  оның  жемісін  қалай  көріп

отырғаны жайлы да жазғанбыз.

Ж.Қонысбайдың осы тірлігінен хабардар болған

аудан әкімшілігі өз қамқорлықтарына алып, жан-

жақты  бағыт-бағдар  беріп  шағын  кәсіпкерлігін

дамытуға қолдау көрсете бастаған. Жандос мем-

лекеттік “Жұмыспен қамту 2020” бағдарламасы

бойынша  2  млн  теңге  қаржылай

көмек  алып,  қысқы  жылыжайын

қамдап алған-ды. Кент әкімшілігі үйге

жылыжай  үшін  су  құбырын  тартуға

демеушілік  жасады.  Биыл  көктемге

қарсы  Шортандыда  бір  апталық

оқыту-тәжірибе алмасу семинарына

қатысып  қайтты.  Қысқы  маусымда

жылыжайынан  1,5  тонна  өнімін

тұтынушыларға ұсынып үлгерді. 

Қазірде  қызанақтың  700  кг,  жазғы

қияр өнімінің  400 кг-н өткізді.

Аудан әкімінің қабылдауында болған

Ж.Бағдатұлы  өз  кәсібін    кеңейтіп,

Қарқаралының 190 жылдығына орай

нақты жолға қойып, табысты жобала-

рымды  жүзеге  асырамын  деп  уәде

берген-ді.

Міне,  бүгінде  сол  уәдесінде  тұрған  Жандос

аудан әкіміне бір жыл көлемінде жеткен жетістігін

көрсетті. Қарағайлы кентінің шығысындағы жол

бойында орналасқан бұрынғы “дачалардың” бос

жатқан  6 сотықтай жеріне картоп еккен екен.

Былай  қарасаңыз  айдалада,  айналасын

тереңдете қаздырып жайылған малдың кіруіне

бөгет  жасаған.  Түптеліп  күтім  көрген  картоп

алқабы жайқалып тұр. Пісіп жинауға тақау тұрған

өнімнің қалпын көрген аудан әкімі Х.Мұқатайұлы

жерді  өңдеп  отырғызған  сәттен  бастап,

болашақта алған өнімін қайда сақтап қалай пай-

даланатынына дейін сұрады. Ақыл-кеңес берді.

Жандос та өз тарапынан осы бос жатқан жер-

лерді  игеруге  алсам,  соның  құжаттарын

заңдастыруға  көмек  болса  деген  сияқты  өз

өтінішін  білдірді.  Аудан  әкімі  жер  бөлімінің

бастығы  А.Наушабаевқа  және  аудандық

ауылшаруашылығы 

бөлімінің 

бастығы


А.Қасымовтарға тиісті тапсырмалар берді.

Бұдан  соң  аудан  әкімі  бастаған  жұмыс  тобы

Ж.Қонысбайдың 

үйінің 


жанындағы

шаруашылығын көріп танысты. Еңселі, атшапты-

рым жылыжайдың бірі өнімін беріп үлгеріп, енді

қысқы  мерзімге  дайындалуда  көрінеді.  Келесі-

сінде  жылыжай  төбесіне  тартылған  қияр

өскіндері жайқала көз тартады. Күнделікті өнім

алынатыны көрініп тұр. Қатарлас орналасқан дәл

осындай жылыжайда мойнын төмен иіп қызара

піскен жемісін көтере алмай тұрған қызанақтар

адамның  тәбетін  ашарлықтай.  Бір  шағын

бөлімінде  тәтті  бұрыштың  үш  түрі  өсіп  тұр.

Осылардың бәрін көзбен көрген аудан әкімі мен

бөлім басшыларын Жандостың тағы бір тосын

жаңалықтары күтіп тұр екен.

Олардың  қатарында  осы  бір

аз уақыттың ішінде халықтың

тұтынуына  арналған  шағын

моншасы, үй алдынан салы-

нып  жатқан  дүкені,  өсіріп

жайқалтып  қойған  алқызыл

гүлдері  алақандағыдай  көз

алдымызда көрініс беріп тұр.

Қол  еңбегімен,  ерінбеген

тірліктің нәтижесі екені белгілі.

Жас жігіттің мынадай тірлігіне

риза болған аудан әкімі Халел

Мұқатайұлы 

Жандостың

болашақ жоспарымен бөлісті.

Жандос  жоспарын  нақтылау

мақсатында  аула  ішіне  өзі

алдын-ала  даярлап  қойған

бұрыштама үстелге бастады.

Бәрімізді  таңқалдырған  сәт

осы жерде болды. Жайылған

шағын 


үстел 

жәрмеңке


базарындағыдай. 

Қияр,


қызанақ, қызылша, тәтті бұрыш, екі-үш түрлі кәді,

орамжапырақ,  осы  өнімдерден  қысқа  деп

әзірленген шыны банкалардағы тұздалған дайын

өнімдерді  көре  келіп  дәл  ортадағы  қарбызды

көргенде  таңқалысымызды  жасыра  алмадық.

Қолма-қол дәмін де көріп үлгердік. Сібірдің суық

ауасындай, қысы ызғарлы, жазы қоңыр салқын

орталықтың  Қарқаралыдай

өңірінде, 

оның 


ішінде

тастақты  кенттегі  үй  аула-

сында  қауын-қарбыз  өсіру

дегеніңіз  тіпті  адам  сенгісіз

жағдай.  “Бұның  бәрін  базар-

дан  алып  келдің  бе?”  деп

сынай сұраған аудан әкіміне

Жандос 


орамжапырақ,

қарбыз 


тағы 

басқа


көкөністерін отырғызған аула

ішілік шағын бақша жылыжай-

ларын  көрсетті.  Отбасында

анасымен, жұбайымен тұрып

жатқан 

Жандостың 



бір

жанұяның бас көтерер ер-аза-

маты  өзі  ғана  екенін,

Шұбаркөлдегі 

жұмысын

Қарағайлы байыту фабрикасына ауыстырғанын,



дәл біз барған күні ұлы Рамазанның інісі Ислам

дүниеге келіп жатқан қуанышты жаңалықтарына

қанық болдық. Жандостың тынымсыз еңбегінің

жетістігіне  жанұясындағы  қуанышына  деген

сүйсініс пен ризашылықтан аудан әкімі жылы ле-

бізін білдірді. Өзімен бірге жүрген бөлім басшы-

ларына  тапсырма  беріп,  Жандостың  алдағы

жұмыстарын  дамытуға  қолдау  көрсетуге

бағыттады.  Жандос  та  өз  тарапынан  аудан

әкіміне бөлім басшыларына өзіне келіп қолқабыс

жасап, жүрген жақындарына алғыс көңілін біл-

дірді. Аудан әкімі еңбекқор, жауапкершілігі мен

міндетін түсіне білген жігіттің анасына да рахме-

тін айтты. Көпшілік адамдар теріс көзқарас таны-

тып  жүретін  Қарағайлы  кентінде  Жандостай

жастардың көптеп өндіріс саласында, енді бірі өз

кәсіптерін дөңгелентіп  жүргенін естіп-көріп аудан

әкімі риза көңілмен аттанды. Жақсы жанға пана

көп,  аяулы  жанға  ана  көп”  демекші,  талапты

жастың тірлігіне риза бола жүріп өз қамқорлығын,

қолдан келген көмегін аямай жүрген өңірге таны-

мал  “Асылан”  шаруа  қожалығы  басшысы,

аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Дауытов

екенін және ағасына деген шексіз алғысын жеткі-

зуді сұрап еді Жандос. Ия, “өзен жағалағанның

өзегі талмас” деп адал кәсіпке бет бұрған жас

жігіттің  қолтығынан  демеген  Талғаттай  аға

буынның өнегесі тәлімі қашанда керек-ақ.

Өзін  жұмыспен  қамтып,  бала-шағасын

асыраудың  орнына  жалқаулықпен  әрнені  сыл-

тауратып жатып ішерлікке салынған талайларға

үлгі  етіп  насихаттауға  тұрарлық  игілікті  ісімен,

ризық-несібесін  “тоқтышақтың  терісіндей”

тоқымдай-жерден  алып  бастаған  Жандос

Қонысбайдай жастарымыз еңбекпен шынығып,

қиындығына  төзе  білсе  пайда  болатын  табыс

жолдары да, кәсіп пен мамандықта бәрі адал, әрі

берекелі болмақ.

Аудан әкімінің жұмыс сапарында аппарат бас-

шысы  А.Сатыбалдин,  бөлім  басшылары

А.Қасымов, Ә.Наушабаев, Б.Жұманбаев, Қ.Ба-

байбеков және кент әкімінің міндетін атқарушы

Б.Әбжановтар бірге болды.

Бану Даутанқызы.

Қарағайлы кенті.

Шағын кәсіпкерлікке - жасыл көше

Адал кәсіп - ауқымды мақсат

Адал кәсіп - ауқымды мақсат

Жандос Қонысбай

Каркаралы 4_Макет 1  29.08.2014  17:11  Страница 1



5

30 тамыз  2014 жыл

Найзағайдың

Найзағайдың

жарқылы

жарқылы

( Мәди Бәпиұлының шығармашылығы жайында)

Атыңан айналайын, Қарқаралы,

Сенен бұлт менен қайғы тарқамады...

Осынау текті де кекті ән-өлең ХХ ғасырдың басында алаш

аспанында  қалықтады.  Ежелден  қасиет  қонған,  киелі

Қарқаралыны әлдилеген трагедиялық туындының иесі –

Мәди Бәпиұлы. Ол –өз дәуірінің өзгеше тұлғасы. 

Мәди шығармашылығы дегенде, ең алдымен оның сегіз

қырлы  бір  сырлы  сері  екендігі  есімізге  түседі.  Ал

ақындығы, сазгерлігі, әншілігі бір биік таудан бұлқынып,

жарыса  аққан  үш  өзенді  таланттың  тамаша  теңізіне

айналған. 

Сақтардың  соңғы  тұяғы,  көшпенділердің  кесек  көрінісі,

ұлтымыздың ұлы сазгері, текті тұлға Мәди Бәпиұлының

шырғалаңды  өмірін,  ғажайып  өнер  өрімін  айғақтайтын

қазақ  әдебиетінде  біраз  шығармалар  бар.  Солардың

алдыңғы  легінде  халық  жазушысы  Әлжаппар  Әбішев  ағамыздың  «

Найзағай » деп аталатын романы тұр. Басқа да көркем туындылар, де-

ректі дүниелер Мәди образын жарқыратып көрсетуге сүбелі үлестерін

қосты десек те, айта кетер бір жайт, Мәди өлең-әндерімен өз бейнесін өзі

жасаған өнерпаз. 

Мысалы мына өлеңінде:

Арғы атам-әулие өткен ер Қазыбек,

Бекболат-оның ұлы болыпты бек.

Тіленші –одан туған абзал шері,

Қарадан хан боп өткен бәрі асыл тек.

Атамыз одан кейін Алшынбай-ды,

Кемеңгер ақыл-ойлы, терең сай-ды.

Атағың Алатаудай бабаларым,

Көрдің бе осы күнде біздің жайды.

Сұрасаң Мәди еді менің атым,

Кем емес еш адамнан салтанатым.  

Кешегі бауыр Бошан ортасында,

Біреуден кем тумаған менің затым.

Бұл- өлеңмен жазылған көркем шежіре. Ата текті түгендеу- тектіліктің бел-

гісі.  Түп  тамыры  ежелгі  сақ,  ғұндардан  басталған  алтын  арқанды

айтпағанның өзінде, бергі бабасы Қаз дауысты Қазыбек биден таралған

жібек  желінің  өзі  осал  емес.  Жалпы,  тектілікті  айту,  насихаттау  –ол

мақтанғандық болмаса керек. Керісінше , адамның рухын көтеру, жас

ұрпаққа табандылық, ерлік дарыту. Батыр бабалардың ерлік істерін айта

отырып, жауқазын жастың жүрегіне, санасына асыл қасиеттерді сіңіру.

Күнделікті өмірімізге аса қажетті патриоттық тәрбие дегеніміздің өзі осы

емес пе?!

Арыз,  айдау,  абақты,  жалған  жала,  өсек  –  аяң  сияқты  түрлі  жан

түршігерлік теріс әрекеттерді өз жақындарынан көрген Мәдидің қысқа

ғұмыры қасіретке толы еді.

Мұның дәлелі мына өлеңінен көрінеді:

Сұрасаң руымды Қаракесек,

Досымнан дұшпаным көп қылған өсек.

Дұшпанның қуғындаған жаласынан,

Жатқаным қу қара жер болып төсек.

Сол аласапыран тұсты өкінішпен өрген Мәдидің өлер алдындағы соңғы

сөзіне ден қойсақ:

Қып –қызыл нарттай қара шың,

Қази –ау, зарлап қаласың.

Қызылдар, ақ боп бөлініп,

Елімнен кетті- ау жарасым,- 

деп тектен -текке айтпаған болар. Өте аянышты , ауыр ой. Қайғылы,

қасіретті сөз. 

Өмірінің біраз жылдарын Қарқаралы түрмесінде өткізген тұстарда Ахмет

Байтұрсынұлы, Жақып Ақбайұлы секілді алаштың озық ойлы азаматтары

мен бірге отыруы мүмкін дейтін пікірлер де қисынға келеді. 

Ол  кезде  Мәдидің  өнері  де  исі  қазаққа  танылған  болатын.  Атақты

Қоянды  жәрмеңкесі  Мәдидің  ауылымен  шектесіп  жатыр  және  сол

замандағы белгілі адамдардың біразымен бірге жүріп, аралас-құралас,

дәмдес болғандығы, оның үстіне, ұлы Абайдың ұнаған балдызы екендігі

де мұндай ой-пікірлерге жан бітіретіндей.

ХІХ  ғасырдың орта шенінен Қазан төңкерісіне дейінгі орыс әдебиетінің

поэзия  саласынан  орын  алған  асау  да  тентек  ағымдар,  тіпті  кейбір

ақындардың әділетсіз қоғамға бөгелекше тиіскен «бүлікшіл» элементтері

сияқты  қазақ  өнерінде  де  осы  тұста  асау,  өршіл  рухтағы  әндер  мен

күйлердің тұтастай галереясы қалыптасқаны айдай анық. Оның қайнар

көзі, бастау бұлағы сонау көне замандардан басталып, жолай жыраулар

поэзиясымен  жанданып,  жылжып  кетті.  Біржан,  Ақан,  Құрманғазы,

Тәттімбет, Мәди, Иманжүсіп секілді өнерпаздар аталмыш ағымның басты

өкілдері.  Мәдидің мұрасы дегенде, бізге белгілі толықсып туған айдай

төрт  ән-өлеңі  ойымызға  оралады.  Олар:  «Қарқаралы»,  «Қаракесек»,

«Үшқара», «Шіркін-ай». Көпшілікке жетпеген, бізге белгісіз ән-өлеңдері

болуы да мүмкін. Дегенмен де осы төрт әннің өзі-ақ Мәдидің музасын

мәңгілік етті.

Сүйендім абақтының шарбағына,

Сыйындым атам Қазыбек аруағына

Бір күнде қаршығадай қалықтадым,

Бұл күнде мен аңшының қармағында.

Түз  тағысы  қаршығаның  торға  түскен  қиын  халін,  қармаққа  ілінген

шортанның шерлі күйін аз сөзбен алдымызға жаяды.

Бір ерекшелігі-Мәди өлеңдерінде символикалық, сентименалистік са-

рындар байқалмайды. Ол жаны қанша қиналып, азап шеккенімен өмірден

түңілмейді. Тәуекелге бел байлап, келешегін көргісі келеді. 

Айталық:


Немене , көрген қызық көрмегендей,

Жас дәурен жауар бұлттай өрлегендей,

Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе,

Қайрап ап, қалың жауға сермегендей.

Өмірдің қысқалығы, қызығы, жастық шақтың жайлауы, сол жайлауда еркін

көсілген  тұлпардың  дүбірі,  сол  аспанда  қалықтаған  хас  қыранның

саңқылы, сол бөктерде жортқан жас бөрінің жауға ұмтылған адуынды

бейнесін елестету шағын ғана шумаққа сыйып кеткен. 

Сыйындым атам Қазыбек аруағына,-деуінде де үлкен мән жатыр. Аруаққа

сыйыну- рухты көтеру. Олай болса, ақын туындыларында оптимисттік

көзқарас, болашаққа деген үміт – арман тұнып тұр.

Қорыта келгенде, Мәди Бәпиұлы – кеудесін кек кернеген керемет тұлға.

Өз ән – өлеңдерімен өзіне елестей қылып мұнара соққан зор талант иесі.

Жанар Көшенова,

Қарағайлы кенті.

Қ а р қ а р а л ы   қ а л а с ы н а   -   1 9 0   ж ы л

Біз  қасиетті Қарқаралының 190 жылдығын

№25 негізгі мектепте зор мереке, үлкен салта-

нат ретінде ұлықтап отырамыз. Сыныптар ара-

сында  альбом,  буклет,  жасалып  қызу  тартыс

жүріп  жатты.  Сыныптар  арасында  әсіресе  7

сынып  қыздары, атап айтсақ: Шәріп Ақбілек,

Меирханова  Ақтоты,  Советхан  Айданалар

Қарқаралы қаласының фото – суреттерін жина-

стырып,  буклеттерін  жасап  көрсетті.  Ал,  8

сынып  оқушылары  Ахметова  Ақнұр,  Жабай

Дәрия өздері қаламыз туралы деректер жинап

жазған  рефераттарын таныстырды.

Осындай  керемет,  тарихи  апталықты

өткізген  кітапханашы  Нарманбет  Елмира

Қарқаралы  туралы,  жәдігерлер  жөнінде,

табиғаты жайлы мағлұмат беріп, ауыл кітапха-

нашысы Ахметова Зәуре екеуі таныстырып өтті.

Біз де, өз халқымыздың тағдыр – талайында тарих көшінде үлкен

роль  атқаратын  дана  ойшылдарымыз  да  осы  Қарқаралы  өңірінде

дүниеге келген.

Егер оның тарихына терең үңілсек Қарқаралы бекінісі 1824 жылы са-

лынды, 1827 жылы Қарқаралы станция болып құрылды. Негізі 1824

жылы қаланған Қарқаралы қаласының тарихтың терең қойнауына кет-

кен мол шежіресі бар. Арқа өңіріндегі санаулы ғана көне  қалалардың

бірі Қарқаралы тек әсем табиғатымен ерекшеленбейді, ол – Орталық

Қазақстан өңіріндегі саяси оқиғалардың  ордасы, ұлтымыздың бетке

ұстар, ізі қалған қасиетті мекен. 

Қарқаралы тарихынан мол дерек беретін құжаттар Мәскеу, Алматы,

Семей, Қарағанды қалаларында сақталған. Қарқаралының алғашқы

құрылу кезінен бастап өсіп-өркендеп келе жатқаны анық, тіпті осындай

қызықтырарлық тарихының 2 ғасыр жалғасуында да өзіндік бір құпиясы

бар екені анық.

Қасиетті  қаламыз өркендеп, әсемдігін сақтап әрі қарай өсіп -

өркендеп, дами берсін дегіміз келеді.

Ақңұр Ахметова,

№25 негізгі мектеп  оқушысы. 

Қарқаралы

Киелі  Қарқаралы  қаласына  биыл  190  жыл  толып  отыр.  Иісі  қазақ

тарихының алтын қазығы, самалды шалқар жазықты, Сарыарқаның тал

бесігі, інжу-маржаны Қарқаралының әсем табиғатына таңданыс білдір-

меген жан болмаған шығар. Қарқаралы Қазақстанның тарихи жолы

ұзақ, басынан өткергені мол ежелгі қалалардың бірі.

Алашты аузына қаратқан ұлы би Қаздауысты Қазыбек би, ел намы-

сын қорғаған Матақ батыр, арыстан жүрек Сеңкібай батыр тәрізді та-

рихи  тұлғалардың  өнегелі  ісінен  қуат  алған  күрескер  ұландар  да

Қарқаралыдан  шыққан.  Қарқаралы  қазақтың  мақтанышы    болатын

ұлылардың мәңгі өшпейтін жұлдызы.

Жақан Әнел,

№10 орта мектеп оқушысы.

Уа, армысың,

ҚАрҚАрАлы!

Атыңнан айналайын

Қарқаралы

Көп таудың арасында Арқадағы,

Атақты бір сұлуы-Қарқаралы,

Көркем кескін, кербез тау адам түгілі,

Бұлтты аспандағы тарта алады

Атамекенім-Қарқаралының іргетасы қаланғанының 190 жылдық мерей-

тойына орай осы мақаламды арнаймын. Алдымен Қарқаралының та-

рихы жайында тоқталсам:

Қарқаралы  қаласы  Қарағанды  облысының  шығыс  бөлігінде,

Қарағандыдан 220 шақырым, теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте жатыр.

Қала 1824 жылы Сібір қазақтары дала губернаторлығының әкімшілік-

территориялық  орталығы  станица  негізінде  құрылды.  Қарқаралы

тарихының  бірінші  кезеңінің  1824  жылдан  1868  жылға  дейін  аға

сұлтандар басқарды.

Қарқаралы өңірі ерте заманнан бері түркі тектес тайпалардың, оның

ішінде қарлық, қыпшақ, оғыз тайпалық бірлестігі үшін темір рудасын

өндіретін  бірден-бір  стратегиялық  тұрғыдан  маңызды  аудан  болып

қалыптасты.  Көрнекті  ғалым  А.Х.Марғұлан  археологиялық  қазба

жұмыстарын жүргізу арқылы бұны дәлелдеп берді.

Алғашқы саяхатшылар Қарқаралы өңіріне 1785 жылдардан бастап аяқ

басты. Патшалық Ресейден әскери адамдары атаман Телятников, ка-

питан Андреев 1786 жылы, кен-өндіріс инженері М.Поспелов пен Т.Бур-

нашев 1890 жылы, Сібір корпусының тілмашы Ф.Назаров 1913 жылы,

Алтай  кен  округінің  маркшейдері  М.Шангин  1816  жылы  Қарқаралы

өлкесінде болып, табиғат байлығын, пайдалы қазбаларын, ескі керуен

жолдарын, археологиялық ескерткіштерін, қазақ халқының тұрмыс-тір-

шілігін, салт-дәстүрін зертттеген.

Қарқаралының шығыс жағындағы Кентөбе, Кенқазған, Қарашоқы кен

орындарын атап өтуге болады.

Қарқаралы қаласы тарихи ғимараттарға тұнып тұр. Әр ғимараттың

өзіне тән тарихы бар. Әсіресе аудандық орталық кітапхана орналасқан

ғимарат өте әсем, бұл үйдің иесі Петербордан Қарқаралыға, аяғына

шәркей киіп, келген В.П.Рязанцев, сауда-саттықтың нәтижесінде әбден

байып,  қаланың  бір  көшесінің  бойында  үйлер  салдырып  туған-

туысқандарын қоныстандырған.

Сөзімнің соңында Қарқаралы қаласының тұрғындарын, еңбеккерлерін

және  ардагерлерін  қаланың  190  жылдығымен  шын  жүректен

құттықтаймын. Және де әрбір қаланың тұрғынына зор денсаулық, ашық

аспан, қажымас қайрат тілеймін! Менің елді мекенім жарқырап гүлдене

берші! Әрқашан биіктерден көріне берші!



Ақбота Алдоңғар,

№2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Каркаралы 5_Макет 1  29.08.2014  17:12  Страница 1



6

30 тамыз 2014 жыл

Тамсанып отырып

т ы ң д а й т ы н

өлеңдер,  тебі-

рендірер 

жыр-


толғаулар шабытты

шалқар  көңіл,  ру-

хани 

әсер


қ а л д ы р ғ а н

а қ ы н д а р

мүшайрасы  өлең

сөздің құдіретін та-

ныта дүбірлеп өтті.

Қарқаралы

қаласының 

190


жылдығына 

орай


«Қарқаралы 

Арқадағы


гүлстан» атты аудандық ақындар мүшайрасы қала ме-

рейтойы  аясында  өткізілген  мәдени-көпшілік    іс-

шаралардың  ең  маңызды  да  ауқымдысы  болды.

Өйткені,  «жыр  құдіреті  арқылы  мемлекеттік  тілдің

мәртебесін  көтеру,  ұлттық  мәдениетімізге  қолдау

к ө р с е т у ,

х а л қ ы м ы з д ы ң

ақындық  өнерін,

салт-дәстүрін  да-

мыту  жастарды

туған 

жердің


қадірімен қасиетін

ұ л ы қ т а п ,

м ә р т е б е с і н

көтеруге және сол

арқылы  оларды

о т а н с ү й г і ш т і к

патриоттық 

се-


зімге  тәрбиелеу

болса,  мүшайра

сол 

мақсат


үдесінен  шықты

деген ойдамыз.

Қуансаң  да,

қамығып 


-

қайғырсаң  да,  те-

біреніп  шабыттанып  -шаттансаң  да  сол  әсершіл

көңілдің  күйін  жеткізер  ғажайып  өлең  қашанда

ақындардың  жан-дүниесінің  ажырамас  серігі  мен

жүрек сырлары емеспе?!

Міне,  бұл  күні  ақындар  мүшәйрасына  қатысқан

әуесқой  ақындарымыз  бен  жас  дарын  таланттар

Қарқаралыдай киелі мекенді, туған өлкелерін жырға

қосты.  «Уа  ,  дариға  алтын  бесік-туған  жер»  деп

жырлаған дауылпаз ақынның күйін кешкен ақындар

сахна төрінен асқақ үндерімен саңқылдай өлең селін

ағызды.

«Базарға барып бағыңды сына» демекші, ақындық



дарындарын  ашуға  мүмкіндік  туғызған

жыр мүшайрасының көрігін қыздырды.

Халқымызбен  ғасырдан-ғасырға  бірге

жасасып,  күні  бүгінге  дейін  мән-

мағынасын жоймай келе жатқан ақындық

өнердің  негізін  салған    дүйім  қазақ

ұлтының ақындары қаншама. Солардың

ішінен  190 жастың тарихи белесін аттап

отырған киелі ата мекен Қарқаралының

өз  топырағынан  шыққан  сонау  атақты

Мәдиден бастап бүгінгі күнге дейінгі  жай

оғындай жарқылдаған ақындар аз болған

жоқ.  Міне,  сол  дауылпаз  ақындар  мен

қара сөздің қас шеберлері атанған  ақын-

жазушылар 

атындағы 

жүлделер

тағайындалып номинациялар белгіленген

болатын.

Шалқыған әнмен әрленген мүшайраның

маңызын арттырып көркіне көрік  қосқан

сахна төріндегі үлкен экран арқылы бе-

рілген  бейнекөріністер  болды.  Туған

жердің  әсем  табиғатымен  қоса,  туған

топырақтың  танымал    тарландарының

бейнелері көпшілікке көрсетіліп отырды.

Ақындар  мүшайрасында  ақынжанды

үміткерлеріміздің өлеңдеріндегі көркемдік тіл,

жалпы поэтикалық сұлулық, ақындық ерік ер-

кіндігі шығармашылық шеберліктерінің үйлесімділігін,

ақын  поэзиясының  ерекшелігін  бағалаған    әділ

қазылар  алқасы  ортақ  шешімдерін  шығарды.

Құттықтау сөз сөйлеп, алғашқы «Қасым Аманжолов»

атындағы жүлдені облыстық  мәслихаттың депутаты,

қазылар алқасының төрағасы Шахмерденов Бағдат

Түшкенұлы Нұрдәулет Бақытұлына табыстап, Темір-

шіден келген жас таланттың тәнті еткен ақындығын

ерекше дәріптеді.

Мүшайра  қатысушыларының  ең  жас  дарыны

Нұрдәулет  «Туған  жерге  арнау»  өлеңін  отша

бұрқақтатып,  жалынымен  жыр  сүйер  қауымның

жүрегін 


шарпыды. 

Қарағайлы 

кентінің

кітапханасындағы «Тағзым» қызығушылар клубының,

«Мұрагер» ансамблінің мүшесі Қаламқас Нұрпейісова

«Қарқаралы  арқадағы-Гүлстан»  атты  өлеңін

нақышына  келтіре  тарту  етті.  Қаламқасқа    “Айташ

Омаров” атындағы жүлдені ол кісінің ұлы Әбеу Ома-

ров ағамыз табыстады.

Осылайша  қатысушы  ақындар    жүлдегер

жеңімпаздар болып танылып, арнайы жүлделерді жыр

мүшайрасына  арнайы  шақырылған  танымал  ақын-

жазушыларымыздың жанұя туыстары да куә болып, өз

қолдарымен ақындар жүлдесін табыстады.

Жүрек-жарды құттықтауын тебірене айтып, естелігі-

мен бөліскен Кәрім Сауғабаевтың жұбайы Майра апа-

мыз  Қанат  Қабылұлына  К.Сауғабаев  атындағы

жүлдені ұсынды. «Жол-

кен 

Тайтөлеу»



атындағы 

жүлдені


ақынның  жары  өмірлік

серігі  Бақыт  жас  ақын

Теміртау қаласында ІІБ-

ң тіл маманы көктастық

Медеубаев  Қуанышқа

тапсырды.  Қуаныштың

анасы 

Бақыткүл


толғана 

сөйлеп


ақынның 

жарына,


барша жиылған жұртқа

алғысын 


жолдады.

«Жаппар  Өмірбеков

атындағы  жүлдені  інісі

Думан Дулат Омаровқа

(Аппаз), 

«Тұрсын


Жұмашев»     жүлдесін

інісі  Жомарт,  ақын

Дидар 

Әлімбековқа



(Жаңатоған),  «Рамазан  Сағымбеков»  атындағы

жүлдені туған жеңгесі  Рамазан ағамыз жайлы кітабы-

мен,  Дәулет  Мұстафинге  (Нүркен)  «Әлжаппар

Әбішев» атындағы жүлдені Ақнұр Ахметоваға (Аққора)

мәдениет  үйінің  директоры  Мақсат  Омарбеков,

«Әбікен  Бақтыбаев»  атындағы  жүлдені  Нұрбол

Жүнісовке  қызы  Дана  Әбікенқызы,  «Сапарғали

Ләмбекұлы» атындағы жүлдені Ақбөпе Тәңірбергенге

(Нүркен) Сапарғали ағамыздың кітабымен бірге қызы

Дана  Сапарғалиқызы,  «Ғабдиман  Игенсартов»

атындағы  жүлдені  Зайраш  Зәрубекке  (Нүркен)

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

бастығы  Раушан  Рашидқызы,  «Әбжан  Омарбаев»

атындағы жүлдені  көктастық ақын Төкен Сланбековке

ардагерлер  кеңесінің  мүшесі  Дәулет  Дүйсембаев,

«Шаймаран  Мезгілбаев»  атындағы  жүлдені  өлеңі

оқылған Серхан Мәлікке Шаймаран ағамыздың   інісі

Мұхит Мезгілбаев лебізін білдіріп жүлдесін   тапсырды.

Бағалы  сыйлық  пен  дипломға  ие  болған  жүлдегер

ақындар  қонақтармен  естелік  суретке  түсті.

Мүшайраға  қатысуға  өтінім  білдіріп,  келу  мүмкіндігі

болмаған Серхан Мәлік, 80 жастағы ақынымыз Төкен

Сламбековтің  өлеңдері  де    қазылар  алқасына

ұсынылып, сахна төрінен оқылды.

Қарт    ақынның

Қарқаралының  190

жылдығына арнауын,

Көктас ауылының  кі-

тапханашысы  Рым-

бала 


Күмісбаева

оқып,  қошеметке  ие

болды.

Бірде  нәзік  қыз



жүрегіндей  нәзік  те

мұңшыл,  бірде  өр

кеуделі  жігіттің  отты

жанарындай,  тіпті

кейде 

дархан


даланың  жұмбақ  мі-

незіндей  өлең  атты

ұлы өнердің көшінде

үлесім  болса  деп

жүрген  ақындардың

шашбауын көтере ән

мен 

жырларын


арнаған Ардақ Мұсатаев Еркебұлан Уалханов, Мейір-

бек  Қарағанды  Аида  мен  Камшаттың  дуэті,

«Шайтанкөл» әнімен вокальды топтың өнерлері өлең

өрнегімен үйлесім тауып жатты.

Тірліктің барлық көңілді сәтін, жастықтың жалынын,

бақытты сәттерді, махаббат пен қасіретті жеңіс пен ер-

лікті жырлайтын поэзия жанры ұлттық құндылығымыз.

Ендеше, аға буынның жырын жаттап өсіп, олардың

ізіне ерген жастарды іздейтін шақ туса олар осы күнгі

мүшайрада  танымал  болды.  Бабаңдай  баулып

ұлағатын берер анаңдай әлдилеп шуағын себер қазақ

өлеңінің туы бүгінгідей жас  ұрпақ тұрғанда ешқашан

төмендеуі тиіс емес. Ол-мәңгілік бола бермек.

Ақындар мүшәйрасының сол күнгі тағлымды

кешін «Туған еліме» атты өлеңімен 5 сынып

оқушысы, балауса ақын  «Қасым Аманжолов»

жүлдесінің  жеңімпазы  Нұрдәулет  Марат

шырқау биігіне жеткізді.

Ұлттық  рухымызға  лайық  шежірелі

Қарқаралының 190 жылдығына арналған өлең

туындысы  тыңдаушы  жүрегіне  жетерлік

дәрежеде 

ұсынылып, 

ақындар


мүшайрасының  мақсаты  өз  үміт  үддесінен

шыққандығы деп білеміз. “Туғанда дүние есі-

гін ашады өлең,Өлеңмен жер қойнына  кірер

денең  “  деп  Абай  айтқандай  өңірімізде

аудандық  деңгейде  мерейтой  құрметіне

ұйымдастырылған  мүшайрада  тыңдарман

көрермендердің 

болмағаны 

өкінішті.

Бейжайлық құлықсыздық селқостық  рухани

дүниемізді  жұтатып  жадау  тарқызбаса  не

қылсын. Өлең құрау, қисынын келтіріп сөз сап-

тау, кез келгеннің қолынан келе бермесі анық.

Сондықтан бағалай білген не жетсін.



Бану Мұқашева.

Т.Хамитов (ФОТО).

Өткен сенбі күні Қарағайлы  кентінде кеншілер

күні  тойланып  өтті.  Қарқаралының  190

жылдығымен тұспа - тұс келген кәсіби мерекеде

кеншілер еңбегі еленіп, жұртшылыққа серпіліс

берген  мереке  болды.    Әсем  безендірілген

мәдениет  үйінің  алдында  киіз  үйлер  орнала-

сып,әр  түрлі  жалаушалар  желбіреп,  шарлар

шоғы да көз қуантады. Музыка әуені төгіліп, ме-

рекеге елеңдеп, еліктірер көңіл - күй сыйлап тұр.

Мереке  салтанатты  жиынмен  ашылды.

Алғашқы  құттықтау  сөз  Қарағайлы  өндірістік

кешенінің  директоры  Жамангаринов  Асқар

Сұлтанұлының атынан өндірістік кешеннің бөлім

бастығы Алдаберген Искаковқа берілді.Өндіріс

басшысы Қарағайлы өндірістік кешенінің жеткен

жетістіктеріне тоқталып, соңғы екі жылда еңбек

қауіпсіздігін сақтай отырып алдыңғы қатардан

көрініп  келе  жатқан  фабриканың  табысты

еңбегін атап өтті. Құсмұрын, Мезек , Ақбастау

кеніштерінің  қосымша  жұмыс  орыны  болып

ашылып жатқанын, Абыз кенішінде шахталық

әдіске  көшу  бағытында  жұмыстар  жасалып

жатқанын  айта  кетті.  Құттықтау  марапаттау

рәсімімен  жалғасты.  Фабрикадағы  ұнтақтау

цехының жұмысшысы Жанат Жолтаев үшінші

дәрежелі "Еңбек даңқы" атағымен марапатта-

лып,  төс  белгісін  тақты.  "Қазақмыс"корпора-

циясы басқармасының төрағасы Э.Огайдың мақтау

грамотасы мен 40 мың теңге ақшалай сыйлығымен

кешеннің техникалық директоры М.Садуақасов, бас

корпустың  бастығы  Б.Құрманаев,  ПВС  және  ТВС

бастығы Қ. Кездікбаев,  насосты құрылғы машинисі

О.Мусин, САТ көтергіш машинасының жүргізушісі Е.

Дәуренбеков,  ТиИП бөлім бастығы М. Жолдыбалин-

дерге табысталды. Ал, Қарағайлы өндірістік кешенінің

директоры А.Жаманғариновтың арнайы сыйына бас

корпус 


бастығының 

 

міндетін 



атқарушы

Қ.Садықов,кешен механигі Қуандық Серік, ұнтақтау

цехының  бастығы  Е.Мылтықбаевтар  мақтау  грамо-

тасы  мен  30  мың  теңгеге  ие  болды."Үздік

жұмысшы"атағына ие болған кеңсе қызметкері Г.Се-

рикова,  өндірістік  бухгалтер  Г.Захарова,АБК

меңгерушісі  Т.Нығметова,ПЭО  экономисі    Э.  Саты-

балды,медбике  С.  Елшібековалар  5  мың  теңге

ақшалай  және  мақтау  грамотасымен  марапат-

талды.Құттықтау  тілектер  жалғасып,  өндіріс

саласының  барлық  қызметші,  жұмысшыларын

құттықтаған аудан әкімінің арнайы жолдаған Алғыс

хатын кент әкімі Б.Әбжанов табыстады, осы құттықтау

кент  әкімшілігінің  Алғыс  хатын  ұсынумен

түйінделді. Бұдан соң құттықтау кент ардагерлер

кеңесі төрағасы Б.Сәттібаевқа,  ОТиИП бастығы

М.Жолдыбалинге, қызмет көрсету бөлім бастығы

А.Жансерікке,  байыту  фабрикасының  бастығы

Б.Тусбаевқа, еңбек және жалақы бөлімінің бастығы

Б. Төлеубекқызы, кешеннің кәсіподақ төрайымы Қ.

Ахметова  мен  жастар  одағының  атынан

А.Жылмасоваларға беріліп, әрқайсысы өз са-

ласы  бойынша    көптеген  жұмысшылармен

жұмысшы жастарға "Өндіріс үздіктері", "Үздік

ИТР",  "Өз  кәсібінің  үздігі"деген  атақтарға

лайықты жүз шақты адамға құрмет грамотасы

мен ақшалай, кейбіріне бағалы сыйлықтар та-

бысталды.  Өндірістік  кешен  тарапынан

бұрындары істеп кеткен және кейіннен зейнет-

керлікке  шыққан  40-тан  аса  ардагер  зейнет-

керлерге  сый  барын  хабарлады.  Сонымен

қоса, 10 баласы бар ұнтақтау цехының бунке-

ровщигі  Аманбек  Балықбаевқа  ноутбук  сый-

ласа, жұмыскердің мүгедек баласы үшін кешен

жұмысшылары  бір  жолғы  қаржылай  көмек

жинап  инвалидтік  коляска  алу  үшін  ұсынып

отырғанын жеткізді. Салтанатты жиын мәдени-

сауық орталығының әнмен күйімен әрленіп, во-

кальды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен,

Б.  Маманов,  клуб  меңгерушісі  Райхан  апай-

лары бастап келген Қасым ауылының " Шаттық" би

тобы тамаша өнер көрсетті. Түскі үзілісте киіз үйлерде

дәм беріліп, арнайы тігілген 2-3 үй қызмет көрсетті.

Спорттық  сайыстар  күрестен  өткізіліп  28  балуан

қатысса,  шағын  футболдан  да  бірнеше  команда

қатысып  сый  -  сыяпаттарға  ие  болды.  Түс  ауа

мәдениет үйімен бірлесіп ұйымдастырылған " Айгөлек

" балалардың ән- би байқауы өтті. Кеншілер мерекесі

шоу ойындармен би кешіне ұласты. 

Бану Даутанқызы.

Туғанда дүние есігін ашады өлең...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет