Issn 2226 1176 индекс 75756


Предмет: геометрия     Класс 7,    Тема: Окружность



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата15.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#9322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Предмет: геометрия     Класс 7,    Тема: Окружность
Окруж-
ность и 
ее эле-
менты
1. Знают 
определение 
окружности, 
радиуса, диа-
метра, хорды
Индивидуальная 
работа
 «Аналогия» на 
основе включения 
в активное раз-
мышление.
ГР  «Что мы зна-
ем о окружности» 
через актуали-
зацию ранее из-
ученных понятий
Все: знают 
определение 
окружности и 
ее элементов, 
умеют изобра-
жать и распоз-
навать элемен-
ты окружности
формативное 
оценивание:
«звездочки» за 
рисунок «Анало-
гия».
формативное 
оценивание:
3б «звездочки за 
постер, не имею-
щий замечаний
2б «звездочки» за 
постер, содержа-
щий наименьшее 
количество заме-
чаний,
1б «звездочка» 
за содержащий 
несколько заме-
чаний.
Выполняют рисунок, 
развивая странствен-
ное воображение.
Рассуждая, работают 
над выполнением об-
разовательного про-
дукта -
 постер, где отражают 
ранее изученные зна-
ния о окружности, 
представляют классу
2.Умеют 
изображать 
окружность и 
ее элементы, 
распознавать 
элементы 
окружности 
на готовых 
чертежах
Индивидуальная 
практическая 
работа на само-
стоятельное ос-
мысление нового 
материала 
Большинство: 
самостоятельно 
решают задачи 
на нахождение 
длины радиуса 
и диаметра
формативное 
оценивание:
взаимооценива-
ние 
практической 
работы согласно 
оценочному  ли-
сту
Выписывают опре-
деление каждого эле-
мента из учебника
В тетради работа по 
карточкам:
1.Изображают окруж-
ность и указанные  
элементы
2.Изучают готовый 
чертеж и выписывают 
указанные элементы
3.Умеют ана-
лизировать  
взаимосвязь 
радиуса и 
диаметра
ГР
Дифференциро-
ванное решение 
задач на нахож-
дение длины ра-
диуса и диаметра 
через применение 
новых знаний к 
практике.
Рефлексия «итог»
Некоторые: 
умеют аргумен-
тировано ре-
шать задачи на 
доказательство
формативное 
оценивание:
Задачи на доказа-
тельство проверя-
ет учитель.
Вычислительные 
задачи-взаимо-
проверка по оце-
ночному листу.
Самооценивание 
согласно индиви-
дуальному листу 
оценивания. 
Суммативная 
оценка за урок
Решают задачи, пере-
кладывают выводы 
по изученной теме к 
решению задач.
Подсчитывают ко-
личество набранных 
«звездочек» и перево-
дят в оценки по шкале 
оценивания

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
28
содержания.  Прежде  всего,  серию  последова-
тельных  уроков  необходимо  было  связать  об-
щей стратегической целью. Для этого я пред-
ложила  размещать  её  перед  серией  уроков, 
сформулировав в 3 лице множественного числа 
настоящего времени. Как это помогло в более 
глубоком понимании того, что планирует учи-
тель на протяжении серии последовательных 
уроков? Когда цель сформулирована в Инфини-
тиве,  чаще  всего  она  направлена  на  деятель-
ность  самого  учителя:  «сформировать  навы-
ки,  проверить  знания,  объяснить  материал». 
Когда меняем цель, ориентируя на результат, 
то меняется видение учителя в аспекте реаль-
ности и достижимости целей самими детьми: 
«учащиеся знают теоретический материал по 
теме…,  умеют  использовать  в  практической 
деятельности, решают проблемные ситуации 
в  рамках  заданной  темы»
  [«Среднесрочное  и 
краткосрочное  планирование  на  уровневых 
курсах», 2013].
В  помощь  учителям  была  преобразова-
на таблица ССП в виде опорных вопросов, т.к. 
здесь  выстраивался  определенный  алгоритм 
планирования  уроков  с  учетом  всех  модулей 
Программы.  Планирование  серии  уроков  по-
зволяет  учителю,  образно  говоря,  вычерчи-
вать маршрут урока по спирали вверх. Каждый 
последующий  урок  не  является  отдельным 
уроком, как обычно  практиковали учителя, он 
естественное продолжение предыдущего. 
Проследим  наглядно  данный  процесс  на 
примере планирования серии уроков по твор-
честву  Н.В.Гоголя,  в  частности  при  изучении 
комедии «Ревизор» (таблица 1).
Следующий формат ССП дает возможность 
проследить, как учитель умело развивает на-
выки прогнозирования, оценки, и аргументи-
рования  через  приемы  критического  мышле-
ния  при  изучении  определенного  раздела  на 
уроках истории (таблица 2). 
Как  видно  красной  нитью  через  серии 
уроков проходит мысль о необходимости вне-
дрения  и  использования  в  учебном  процессе  
коллаборативной  среды.  Именно  в  коллабо-
ративной  среде  ученик  не  боится  быть  непо-
нятым, не боится ошибаться, смело защищает 
свои идеи и стремится к лидерству. Так же учи-
теля делают акцент на самостоятельную рабо-
ту, подбирают материал согласно возрастным 
особенностям  своих  подопечных.  Например, 
при теме исследования (AR) «Как способство-
вать формированию прочных математических 
знаний  через  саморегулируемое  обучение  на 
уроках геометрии», где общей целью была обо-
значена «у учащихся расширятся математиче-
ские знания путем саморегулируемого обучения  
при  изучении  темы  «Окружность»
,  прослежи-
вается система поэтапного освоения учебного 
материала  согласно  содержанию  изучаемого 
предмета (таблица 3).
В  предложенных  планах  показано,  как 
учителя  апробировали  на  практике  технику 
формативного  оценивания  с  последующим 
анализом полученных данных для влияния на 
мотивацию  учащихся.  Следует  отметить,  что 
учителя-исследователи  понимают  важность 
овладения  большим  набором  стратегий,  уме-
ния комбинировать их согласно целям урока. 
Многообразие  этих  стратегий  оптимально  и 
результативно  использовали  учителя  на  раз-
ных этапах урока. 
Помня  постулат,  что  «именно  люди,  а  не 
программа, определяет качество школы», учи-
теля-исследователи  на  примере  своих  уроков 
показывают, что только движение «разработ-
ка–осмысление–практика–рефлексия–переза-
пуск»  ведут  к  успеху.  Учителя  убедились,  что 
малейший шаг  навстречу ученику, малейшее 
усилие  взрослого  что-то  изменить  в  жизни 
ребенка, возвращается ему сторицей. Средне-
срочное планирование – главный опыт и про-
дукт, полученный учителями на курсах нового 
формата, где именно на потребности ученика 
направлены цели среднесрочных планов, при-
меры которых мы предложили. 
Список литературы
1 Корнилова Т.Б. Среднесрочное и краткосрочное планирование на уровневых курсах» // 
Материалы  мастер-класса  по  обмену  опытом  тренеров  на  основе  программы  кембриджского 
университета тренеров центра уровневых программ. – Алматы, 2013. – С. 38.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
29
ӘОЖ  373.1.02:37.036.5
а.Ш. Оракова, Т.Б. корнилова, Ж.а. Жартынова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖҚБАРИ, Алматы, Қазақстан
БІРлеСкеН ОқУ – ӨЗаРа ІС-ӘРекеТ ЖаСаУ ФилОСОФияСы
Түйіндеме.
 Бұл мақалада оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде 
жаңа  жағдайларда  қолдану  біліктілігін,  ізденімпаз,  шығармашыл  тұлға  қалыптастырудың 
бірден-бір  жолы  –  оқытудағы  Кембридждік  тәсілдің  Қазақстандық  модификацияланған 
нұсқасын отандық білім беру жүйесіне енгізудің тиімділігі туралы айтылған.
Түйінді сөздер: 
топтық жұмыс, ынтымақтастық орта, әдіс-тәсіл.
А.Ш. Оракова, Т.Б. Корнилова, Ж.А. Жартынова
Взаимное обучение – философия совместной деятельности
Аннотация.
  В  статье  рассматривается  эффективность  Кембриджского  подхода  обучения 
модифицированного  в  контексте  Казахстанского  образования  для  формирования  личности  с 
творчески исследовательскими навыками  и способного применять полученные знания в новых 
жизненных ситуациях. 
Ключевые слова:
 групповая работа, коллаборативная среда, методы-приемы.
 
А. Orakova,   Т. Kornilova, Zh. Zhartynova
Collaborative teaching – philosophy of joint activities  
Abstract.
 This article discusses the effectiveness of the Cambridge learning approach modified in the 
context of the Kazakhstan education for the formation of a creative personality with research skills and 
the ability to apply their knowledge to new situations.
Key words:
 group work, collaborative environment, methods- techniques.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің 
өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үдеріс 
білім  парадигмасының  өзгеруімен  қатар 
жүреді. 
Функционалдық 
сауаттылықты 
дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан  Ре-
спубликасында  білім  беруді  дамытудың 
2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы ба-
сты мақсат – жалпы білім беретін мектептерде 
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене 
және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын 
қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы 
әлемде  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз 
ететін 
білім 
алудағы 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру болып табылады [1]. 
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі 
мақсат.  Оны  шешу  үшін  ең  алдымен  оқыту 
мазмұны  жаңартылып,  ол  әрбір  оқушының 
жеке  басының  қасиеттері  мен  қабілеттерін 
дамытып,  шығармашылығын  ұштайтындай 
болып  ұйымдастырылуы  қажет.  Сонда  ғана 
мектептен  өз  өмірін  өзі  реттей  және  басқара 
алатын,  әлеуметтенген  шығармашыл  тұлға 
тәрбиеленіп  шығады.  Яғни,  осы  уақытқа 
дейін  жалпы  білім  беретін  мектептерде  білім 
беру  үдерісі  жаңаша  педагогикалық  ойлауға 
орай  толыққанды  ұйымдастырылмады,  оқу 
үдерісінде субъект-субъектілік қатынас жүзеге 
аспады. Өйткені, оқу үдерісі дәстүрлі оқытуға 
негізделді. Яғни, оқу үдерісі объект-субъектілік 
қатынасқа  негізделді.  Ал,  қазіргі  талап  –  оқу 
үдерісі  білімді  беруге  емес,  оқушының  жеке 
тұлғасын дамытуға, өз бетінше өмірлік маңызы 
бар  білім  алуға  қолайлы  жағдай  туғызуды 
қажет етеді.
Қоғам  сұранысынан  туындап  отырған 
талапқа  сәйкес  оқушының  ой-өрісін  дамы-
тып,  алған  білімдерін  өз  тәжірибесінде  жаңа 
жағдайларда  қолдану  біліктілігін,  ізденімпаз, 
шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-
бір  жолы  –  оқытудағы  Кембридждік  тәсілдің 
Қазақстандық  модификацияланған  нұсқасын 
отандық білім беру жүйесіне енгізу. Назарбаев 
зияткерлік  мектептері  мен  ПШО  қолдауымен 
бұл  бағдарлама  да  жүйелі  және  бірізділікпен 
дайындалып,  Қазақстандық  педагог  кадрлар-
ды  қайта  даярлауда  және  біліктілік  арттыру 
саласында  қолжетімді тың идея болып отыр. 
Ғалым 
Е.Ө.Жұматаеваның 
пікірінше 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
30
дәстүрлі оқыту жүйесінің негізгі кемшіліктері: 
- пікірдің қажеті жоқ, оған уақыт кетеді;
- күрделі  оқу  материалын  мұғалімнің 
жеңілдетіп түсіндіруі;
- фактілерге  жүгініп,  білімді  жинақтап 
қабылдауға мән берілмейді [2].
Ендеше  мұндай  олқылықтың  орнын  тол-
тырып,  білім  сапасын  арттыруға  қолайлы 
жағдай  туғызуда  деңгейлік  курстардың 
бағдарламасының  мақсаттары  толықтай 
қажеттілікті  қанағаттандырып  отыр  деп 
айтуға болады. Атап айтсақ:
1) оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, 
белсенді  жұмыс  істейтін  және  оқушыларға 
қамқорлық  көрсете  отырып,  ықпал  ететін 
және бағдар беретін мұғалімдерді;
2)  әрбір  оқушының  пәнді  түсінуді  қалай 
құрылымдау  қажеттігін  ойластыра  білетінін 
сезінетін,  осы  көзқарастар  тұрғысынан  білімі 
мен тәжірибесін қалыптастыратын; сондай-ақ 
оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері 
бойынша ілгері жылжуын дамыту мақсатында 
мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын 
кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерді;
3)  оқытудың  мақсаты  мен  сабақтың 
нәтижелі  де  табысты  өту  өлшемдерін, 
өзі  мен  оқушыларының  бұл  өлшемдерге 
қандай  дәрежеде  сәйкес  келетіндігін  білетін, 
оқушылардың  игерген  білімі  мен  оқушылар 
мойындаған  «Біз  қайда  бара  жатырмыз?», 
«Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не 
істеу керек?» деген сияқты табыс критерийлері 
арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу ке-
рек екенін білетін мұғалімдерді;
4)  бастапқы  идеядан  туынды  идея-
ларды  өрістете  байланыстыратын  және 
сол  идеяларды  тыңдаушылардың  өздері 
құрастырып,  жандандыра  алатындай  етіп 
жинақтап,  толықтырып,  тереңдетіп  бере  ала-
тын  мұғалімдерді  даярлауға  бағытталған. 
Бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, 
оқушылардың  өздерінің  білім  мен  идеялар 
құруы болып табылады [3,10]. 
Міне,  осы  бағытта  қазіргі  білім  беру 
жүйесінде 
жеке 
тұлғаға 
бағытталған 
оқытудағы  Кембридждік  тәсілді  енгізуден 
күтілетін  нәтиже:  мұғалімдерді  оқушыларға 
қалай  оқу  керектігін  үйреніп,
  соның 
нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін на-
нымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни 
пікір-көзқарастары  жүйелі  дамыған,  сандық 
технологияларда  құзырлылық  танытатын 
оқушы қалыптастыруға даярлау болып табы-
лады [4, 8].
Бағдарламаның  ерекшелігі  –  білімді 
меңгеруге  емес,  жеке  тұлғаның  таным 
қабілеттері  мен  таным  процестерін  арнайы 
жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы 
дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі 
көрсетуін,  маңыздылығын  анықтауға,  өзара 
қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық 
қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын (ау-
ызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы.
Осыдан  келіп  мұғалімнің  жұмысында 
және 
оқу 
үдерісінің 
құрылымында 
өзгерістер  болды.  Атап  айтсақ,  білімді  толық 
меңгерту  әдістемесінде  мұғалімнің  жұмысы 
бағдарламаның 7 модуль идеясына сәйкес мы-
надай жүйеде құрылады: 
1. 
Жекелеген  оқушылардың  тақырып 
бойынша 
оқу 
материалын 
қабылдау 
ерекшеліктерін  түсінуге  ұмтылуы  (жас 
ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту,  ЖАДА, 
оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдер, т.б. арқылы);
2. 
Оқушылардың 
білім-түсініктерін 
жетілдіру  немесе  жақсарту  мақсатында 
олармен  жұмыс  жүргізу  қажеттігін  ұғынуы 
(мақсат пен тапсырманың Блум бойынша беру 
арқылы);
3. 
Кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне 
оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін 
жете түсінуі (Сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау 
арқылы);
4. 
Мұғалімнің  материалды  қысқаша 
түсіндіруі (АКТ пайдаланып сызба, график, ке-
сте және т.б.);
5. 
Оқушыларға  оқу  материалын  зерт-
теу  жұмысы  негізінде  беруі  (дарынды  және 
талантты  балалармен  жұмысты  жүйелі 
ұйымдастыру);
6. 
Оқушылардың  әрбір  сабақта  іс-
әрекетін  бағалау  үшін  диалогтық  қарым-
қатынас  негізінде  оқушының  танымдық  іс-
әрекетін ұйымдастыру және кері байланысты 
ұйымдастыру.
Теория – проблеманы шығармашылықпен 
шешудің  катализаторы  болса,  сөйлесу  – 
әр  түрлі  көзқарастардың  тоғысқан  жері. 
Баланың  пікірімен  санасу,  оны  сыйлау  – 
шығармашылыққа  бастаудың  негізгі  кілті. 
Ал,  ұжымдық  іс-әрекет  –  шығармашылықты 
дамытудың  негізі.  Ынтымақтастық  оқу  сы-
ныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке фи-
лософия  болып  табылады.  Адамдар  топтарға 
бірлескен  барлық  жағдайларда  топтың  жеке-
леген  мүшелерінің  қабілеті  мен  іске  қосқан 
үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдар-
мен  жұмыс  істеудің  басқа  тәсілі  орын  алады. 
Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен 
жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
31
Ынтымақтастық  оқудың  негізгі  аспектісі  топ 
мүшелерінің ынтымақтастық арқылы бітімге, 
келісімге  қол  жеткізуіне  негізделген  [4,83]. 
Бағдарламада жоспарланған тапсырмалардың 
өн бойы осы теорияны басшылыққа ала оты-
рып  тәжірибеге  енгізуге  негізделген.  Кез-
келген  тренинг,  жаттығу,  стратегия  тек  топ-
та  талқыланып  орындалады,  топтың  ортақ 
түйінді пікірі жалпы топ алдында қорғалады. 
Еркін  топтарда  бала  өзін  еркін  сезінеді, 
яғни  мұғалімге  тәуелдімін  деген  сезім  бол-
майды.  Мұғалім  мен  оқушының  арасында 
бiрлескен  іскерлік  қарым-қатынас  орнай-
ды  және  оқушылардың  өзінің  тұлғалық 
маңыздылығын сезінуі, өзін көрсете білуі мен 
өзіне деген сенімділігі артады. 
Соңғы  кездері  тапсырмаларды  ұжыммен 
орындау  мақсатындағы  еркін  қатынасқа 
жағдай  жасайтын  алуан  түрлі  топтық  жұмыс 
формаларына  ерекше  назар  аударылып  жүр. 
Қандай да бір шартты талаптардың, мұғалімнің 
алдында  қорқыныш  сезімінің  болмауы, 
табиғи  еркіндік  –  мұның  бәрі  жеке  тұлғаның 
шығармашылық  қабілеттерін  айқындап,  да-
мытуда жағымды ахуал қалыптастырады.
Дәстүрлі  ұйымдастырылған  оқу  үдерісіне 
қарағанда,  топтық  жұмыс  (ойын)  арқылы 
оқыту үдерісінде оқушылар аз шаршайды және 
көп мағлұмат алады, ойын үдерісінде жағымды 
эмоциялар  алып,  белсенділiгi  артады,  сөздік 
қоры  дамиды,  жеке  тұлғаның  қажеттіліктері 
қанағаттандырылады.
Осы  идеяны  тренерлік  тәжірибемде 
дәлелдеу  мақсатында  іс-әрекеттегі  зерттеу 
тақырыбымызды  бағдарлама  мазмұнына 
сәйкес «Топтық жұмыс әдіс-тәсіл ме, әлде өзара 
әрекет жасау философиясы ма?» деген сұраққа 
жауап  беру  арқылы  жүйелеуді  жөн  көрдік. 
Бұл  тақырыптың  педагогика  ғылымында 
зертелуі  туралы  нақты  жинақталған  дерек-
тер  жоқ,  тек  жалпылама  айтылып  кетеді  де, 
басымдық  топтық  жұмыс  дегенде  жоғарыда 
атап  өткендей  тренингтерге,  стратегиялар 
мен  дамыта  оқыту  ойындарына  негізделген 
технологиялық  негіздегі  ғылыми-зерттеу 
жұмыстары,  тәжірибелік  ой-бөлісулер  және 
т.б.  материалдар  жеткілікті.  Ал  осы  топтық 
жұмысты  ұйымдастырудың  алғашқы  қадамы 
–  топқа  бөлудің  әдіс-тәсілдері  туралы  дерек 
табу  қиын  деп  те  айтуға  болады.  Сондықтан 
да, іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын осы бағытта 
жинақтауды жөн деп шештім.  
Екінші  деңгей  бағдарламасы  өзінің 
мазмұнын  сұрақтарды  төмендегі  ретпен 
қою  арқылы  құрылымдай  отырып,  өзгеше 
тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту 
тәсілдерімізді  өзгертуге  тиіспіз
,  содан  кейін 
мәселені  шешуге  бағытталып:  Біз  бұны  қалай 
істейміз
,  тек  содан  кейін  ғана  –  Біз  сыныпта 
не істеуіміз керек? 
деген сұрақты алға тартады 
[4,15]. 
Зертеу жұмысының мақсаты: 
1. 
Топта 
жағымды 
әлеуметтік-
психологиялық орта қалыптастыру.
2. 
Әрекет  арқылы  үйрету,  өзектілігін, 
тақырыппен байланыстылығын түсіндіру.
«Яғни,  дұрыс  ұйымдастырылған  топтық 
жұмыс  –  командада  шығармашылықпен 
ынтымақтастықта  жұмыс  істеуге  мүмкіндік 
береді.  Қауымдастық  –  командада  белгілі 
бір  мақсатта  және  алға  қойған  міндеттерді 
жұмыла  орындауда  жұмыс  жасау  мүмкіндігі. 
Көздеген  мақсатқа  жету  үшін  неғұрлым 
ұжымдық қарым-қатынаста болуы қажет. Сізге 
бірден-бір қолдау көрсетуші – Сіздің тобыңыз! 
Тек қана ұйымшыл топ жетістікке жетеді» – де-
ген ойды деңгейлік бағдарламалар курсының 
алғашқы сабағынан бастап тыңдаушылардың 
саналарына енгізуіміз қажет.
Міндеттері:

топ ішінде ұқсастықтарды табу;

топта  ынтымақтастық  атмосферасын 
құру, топтың ұйымшылдығы;

топтың  психологиялық  ахуалын  ерте-
рек зерттеу;

топ жұмысының мүмкіншіліктерін тал-
дау;

топта араласуды реттеу;

әр  тыңдаушының  топтағы  орнын  та-
буы;

командада  жұмыс  істеу  дағдысының 
болуы;

кері байланыс орнату;

бірлескен жұмысқа қанағаттану; 

командада шешім қабылдау дағдысы.
Зерттеу  тақырыбына  сәйкес  мақсат-
міндеттерді  тәжірибеде  дәлелдеу  үшін  курс 
мазмұнына  өзгерістер  енгізе  алатындындай 
етіп, негізінен «Нені енгізу қажет» мәселесіне 
басымдық бердік.
Бағдарлама  идеясы  бойынша  сабақты 
ұйымдастырудың  міндетті  шарты  –  оқытуды 
ынтымақтастық  және  топтағы  бірлесккен 
жұмыс  формалары  арқылы  ұйымдастыру.  
Бүгінгі таңда топтық жұмыс оқыту үдерісінің 
тиімді  тәсілдерінің  бірі  деп  есептеледі.  Ол 
сабақта  табиғи  тілдік  қатынас  жағдайын 
құруға  әсер  етеді,  тыңдаушыларды  оқу 
үдерісіне  белсенді  қатысуға  еріксіз  тарта-
ды,  ынталандырады,  оқып-үйренуге  деген 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
32
қызығушылығын тудырады.
Топтық жұмыстың мәні – онда нәтиже емес, 
топтағы  ортақ  іс-әрекеттерімен  байланысты 
бәрін  бастан  кешіру  үдерісі  маңызды  болу-
ында. Образға ену арқылы бала ойынындағы 
жағдаяттарды елестетуге болады, ал олардың 
сезімдері шынайы.
Топтық үдерісті ұйымдастырудың жетекші 
қағидалары:
–  ойлау қызметін ұйымдастыру;
–  мазмұн 
шығарушылық 
қызметті 
ұйымдастыру;
–  таңдау еркі;
–  рефлекцияны ұйымдастыру [5,30].
Алғашқы үшінші және екінші деңгей бой-
ынша  өткізген  курстарымызда  (1–3  курста) 
топқа  бөлудің  әдіс-тәсілдерін  тек  топтық 
жұмысты  ұйымдастырудың  формасы  ретінде 
қолдандық. Тыңдаушылар міндетті түрде үнемі 
ауыспалы топтарда жұмыс жасау керек, ол үшін 
міндетті түрде топқа бөлу керек деген пікірде 
болдық да, тек топқа бөлудің мазмұнына мән 
берместен  формаларына  мән  бердік.  Кейінгі 
курстарымызда осы жіберілген қателіктерімді 
түзеп  басқаша  бағытта  яғни,  топқа  бөлу  тек 
әдіс-тәсіл емес, тақырып бойынша мұғалімнің 
біліктілігін  арттырудың  ажырамас  бір  бөлігі 
екендігіне көз жеткіздік  және оны жинақтап 
бір жүйеге келтіруді жөн көрдік. 
1. Топтарды ұйымдастыру
Топқа  бөлудің  негізгі  түрлері  тренердің 
қандай 
мақсатты 
алдына 
қойғанына 
байланысты.  Жұмыстың  нәтижесі  топқа 
бөлудің  қаншалықты  ұтымды  болғанына 
байланысты.
Топ  бір  қалыпты  болмайды,  жұмыс 
мақсатына,  міндетіне  байланысты  оның 
құрамын өзгертіп отыру қажет. 
2. Топ ішіндегі қауымдастық
Оның негізі:

топта жұмыс істеу ережесі, оны топ өзі 
қалыптастырады;

топта жұмыс істеудің тиімділігі;

рөлдерді бөлу;

тапсырмаларды  талдау  және  оның 
шешімін болжау;

ол «миға шабуыл» немесе кіші топтарда 
немесе жеке жұмыс жасау болып табылады.
3. 
Тапсырманы 
орындауда 
топты 
ұйымдастыру
Топтық жұмыстың мәні – онда нәтиже емес, 
топтағы  ортақ  іс-әрекеттерімен  байланысты 
бәрін  бастан  кешіру  процесі  маңызды 
болуында.  Тренингке  қатысушы  тапсырманы 
орындау барысында жағдаяттарды елестетуге 
болады,  ал  оның  сезімдері  шынайы  болады. 
Мысалы:  рольдік  ойындар,  сайыс,  диспут, 
дискуссия, т.б.
4. Топ жұмысын тренердің қадағалауы
Егер топ өзін-өзі басқара алатындай болса, 
тренер жұмыс қорытындысын бағалауда ғана 
араласуына болады. 
Тренер  топтардың  сұрақтарына  жауап 
беріп,  олардың  жұмысын  қадағалайды, 
топтардың келісе жұмыс жасауына ықпал етеді 
және жеке топ мүшелеріне кеңес бере алады.
 5. Топты құру ережесі
Топ мүшелері өздері кіммен жұмыс істегісі 
келетінін өздері таңдайды. «Кездейсоқ» топтар 
жай кезде бір-бірімен араласпаса да, белгілі бір 
жұмысты орындағанда ұйымдасуы мүмкін.
Тренердің  топқа  бөлуді  түрлендіріп 
отыруы қажет, себебі бір тәсіл тез жалықтырып 
жібереді, сондықтан деңгейлік бағдарламалар 
курсы кезеңінде тренер ретінде өз тәжірибемде 
қолданған  топқа  бөлудің  бірнеше  түрлерін 
жинақтап жүйеленді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет