Қалкөз ЖҮСІП,
«Заң газеті»
АҚМОлА ОБлыСы
лан Сағадиевтің келуімен біткен
жоқ. Бұрын Жамбыл, Павлодар
облыстарына жетекшілік еткен
Қанат Бозымбаев Энергетика
министрі болды.
Ұлттық экономика, Ауыл
шаруашылығы министрлері де
бірі көктемнің соңын ала, бірі
жазда ат ауыстырды. Алғашқы-
сын басқарып келген Ерболат
Досаев «Бәйтерек» холдингіне,
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
директорлар кеңесіне жетек-
шілік ететін болып, министрлік
орынтағын Қуандық Бишімбаев-
қа босатқан-ды. Алайда, бір қы-
зығы, Қуандық Уәлиханұлының
министрлік қызметінің ғұмыры
тым қысқа болды. Мешін жылы
түгесілер тұста оның орнына
Мемлекет басшысының жарлы-
ғымен Тимур Сүлейменов та-
ғайындалды. Сыртқы істер ми-
нистрлігін төрт жыл бойы табан
аудармай басқарып келген Ерлан
ыдырысов та басқа қыз метке
тағайындалуына байланысты
Қайрат Әбдірахмановқа орын
бергенін қаперге сала кеткен
жөн. Қайта кері шегінсек, шет-
елден қыруар қаржыға ірі қара
сатып алып, оны Қазақстанға
«жерсіндіре» алмаған Асыл-
жан Мамытбековке жазда Ауыл
шаруашылығы министрі қыз-
метін әрі Премьер-минис тр-
дің орынбасары болған Асқар
Мырзахметов ке табыстауға тура
келгені есте. Индустриалды-ин-
новациялық бағдарламаларды
іске асыруға міндеттелген Инвес-
тициялар және даму министрі
Әсет Исекешев орынбасары бо-
лып келген Жеңіс Қасымбекке
тізгін беріп, өзі Астана қаласы-
ның әкімдігіне барды. Тізе бер-
сек, осылай кете береді. Айт саң
бітпейтін бұл өз герістің бәрі
бұрыннан бар орын тақтар. Сон-
дай-ақ, жаңадан министрліктер
де құрылғанына тоқталмай ке-
туге болмас. Мәселен, комитет
болып әр ведомствоның есі-
гінен «сығалап» келген ақпа-
рат саласы Дәурен Абаевтың
(оған дейін Президенттің бас-
пасөз хатшысы) басқаруындағы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі болып өз алдына
отау тікті. Қазан айында Елбасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнер кәсібі министрлігін құруға
пәрмен берді. Қазағы қалың
Оңтүстіктің бүкіл тіршілігін
Жан сейіт Түймебаевқа «аманат-
таған» Бейбіт Атамқұлов жаңа
құрылымның алғашқы басшы-
сы атанды. Мемлекет басшысы
қай министрлікті болсын жай-
дан-жай құрмайтыны белгілі.
Әрқайсысының қоғамға бірі,
өзі не мыңы белгілі себебі бары
сөзсіз. Сондай құрылымдардың
біріне Дін істері және азаматтық
қоғам министрлігінің құрылуын
жатқызуға болады.
Қыркүйекте Үкімет басшы-
сының ауысуынан соң пайда
болған Дін істері және азамат-
тық қоғам министрлігін басқару
Нұрлан Ермекбаевқа жүктелді.
Шынтуайтына келгенде, Нұр-
лан Байұзақұлына жүктелгені
жай ғана жаңа ведомствоның
жұмысын жүргізу емес, соңғы
жылдары елдің есін ала бастаған
діни мәселелерді реттеу болса
керек. Басқа-басқа, ислам діні-
нің ішінен жік шығарып, түрлі
ағымды таратып, дәстүрлі діни
құндылықтарымызды жоққа
шығарып жүргендер қоғамның
тыныштығын алып қана қоймай,
мемлекеттің тұрақтылығына да
қауіп төндіре бастағаны іштей
болсын мойындайтын жайт.
Билік тарапынан «радикалды
діни топ» деп айдар тағылған-
дардың іс-әрекетінің шырқау
шегіндей көрінген Ақтөбе мен
Алматыдағы оқиғалар қайткенде
де мешін жылының еншісінде
қалмақ. Маусымда Ақтөбеде
қарулы топ тапа-тал түсте қоғам-
дық көлікті басып алып, әскери
бөлімге шабуылдады. Поли-
циямен атысты. Жаға ұстатқан
жағдайдан ажал құшқандардың
алмақ болған деді. Жалғыз өзі по-
лиция атаулыны дәрменсіз күйге
түсірген «алматылық атқышты»
сот өлім жазасына кесті.
Дін атын жамылғандардың
дүрбелеңі 2011-2012 жылдары
да болған. Биылғы Ақтөбе мен
Алматыдағыдан кейін де қайта-
ланбайтынына кепілдік жоқ, егер
көбіне жастар құралына айна-
латын дін мәселесін ақ-қарасын
айырып, дұрыстап қолға алма-
са. Дін істері және азаматтық
қоғам министрлігінің құрылуы-
на тікелей болсын, жанама түрде
болсын осы жайттар себеп деп
түйдік өзімізше.
Ал, биыл сот ісі қоғамдық
резонанс тудырғандар бір Руслан
Күлекбаевпен шектелмеді. Беті
аулақ, бәрі ол құсап кісі өміріне
қол салғандар емес. Есе сіне мем-
лекет қаржысына қол жүгірткен-
дер. «Астана. ЕХРО-2017» ҰК»
АҚ басқарма төрағасы Талғат Ер-
мегияев солардың сапында. Көр-
ме құрылысына бө лінген мил-
лиардтаған қаржыны қымқыр ды
деп айыпталып, 14 жылға жаза
арқалағанын білеміз. Мешін
жылы жемқорлықпен күресу
журналистикаға да ойысқаны
байқалды. Сөзіміздің дәлелі –
Журналистер одағының төраға-
сы, Ұлттық баспасөз клубының
президенті Сейітқазы Матаев тың
ісі. Баласы, ҚазТАГ агенттігінің
бас директоры Әсет Матаев екеуі
мемлекеттің ақпа раттық саяса-
тын жүргізуге бөлінген қаржыны
қолды қылғаны үшін айыпталды.
Матаевтар мойындамағанымен,
сот әкесін – 6, баласын 5 жылға
соттап тынды.
2016 жылғы атышулы сот
істерін сөз еткенде шымкенттік
кәсіпкер, «сыра королі» атан ған
Тоқтар Төлешовке тоқталмай
кете алмаймыз. Тұтқындауға
бүкіл арнайы жасақ жұмыл-
дырылып, ҰҚК құпия тергеп,
соты жабық жағдайда өткен
оған тағылған айып көп. Ең ауы-
ры – мемлекеттік билікті басып
алмақ болған. Ал, Тоқтар Төле-
шов ісінің ар жағынан елдің
наразылығын тудырған жаздағы
жер дауы қылаң береді. Биліктің
жерді жекеге сату бастамасы да
мешін жылының «меншігінде».
Жер қазақтың жанды жері екені
хақ. Сондықтан болар, бұған
бүкіл ел қарсылық білдірді де-
сек қателеспейміз. Ақырын-
да Үкімет мүшелері мен түрлі
қоғамдық ұйымдардың өкілдері,
зиялы қауым және басқасы құра-
мына кірген қоғамдық комиссия
құрылып, жер-жерде елмен кез-
десті. Пікірін тыңдады. Нәти-
жесінде Елбасы заңның жерді
жекеге сатуға рұқсат беретін нор-
маларына мораторий жариялады.
Бұл – бергісі. Оның ар жағында
Алматы мен Атырауда, Қызыл-
ордада наразылық шаралары
өткенін ұмыта қойғанымыз жоқ.
Тоқтар Төлешовтің атын жер
дауымен байланыстырып отыр-
ғанымыз, ол Атыраудағы жер
сатуға қарсы митингіні ұйымдас-
тыруды қаржыландырған. Бұл
ойын жүзеге асыруға азаматтық
белсенділер Макс Боқаев пен
Талғат Аянды пайдаланған. Бұл
екеуі де «ұлтаралық араздықты
қоздырғаны, митингіні өткізу
мен ұйымдастыру тәртіптерін
бұзғаны үшін» сотты болғанын
айта кету керек.
Ең бастысы, бірі күмәнді,
бірі тұманды ойға жетелейтін
оқиғаларға толы мешін жылы-
ның «нүктесі» жақсы қойылды.
Меңзеп отырғанымыз – Тәуел-
сіздіктің 25 жылдығы. Мерейлі,
мәртебелі мереке мемлекеттік,
елдік деңгейде тойланды. Кей-
кі батырдың бас сүйегінің Ре-
сейден тірісінде азаттығы үшін
күресіп мерт болған туған еліне
әкелінуі де 2016 жылдың ен-
шісіндегі ұлт рухын серпілткен
әрі тәуелсіздікке тарту болған ай-
тулы дүниенің бірі. Кейкі секілді
қаншама батыр, нешеме қазақ
бодандық бұғауына көнбей, бас
көтеріп, азаттық үшін арпалы-
сып өмірін қиса, ол түсінікті. Ен-
деше, жер дауы мен терактіден
соң, Тәуелсіздік туының астында
кім не үшін көтерілуі керек, аза-
маттарымыздың неліктен қаны
төгілуі тиіс деген сауал туын-
дайтыны рас. Түсінбейтініміз
осы. Мешін жылы ауыс-түйіске
толы болып, келбеті біршама өз-
герген Үкіметке аманат сол – ел
іргесінің сөгілуіне, ердің қаны
төгілуіне жол бермесе екен. Та-
уық жылына тілек – осы.
Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ,
«Заң газеті»
– Біріншіден, дағдарыс әлі жалғасуда. Біз әлі оны
еңсерген жоқпыз. Екінші ерекше атарлық дүние – ел
Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтілгендігі. Бұл
шын мәніндегі үлкен оқиға. Өйткені, мемлекет ата-
ну, ұлттың өз алдына дербес болуы үлкен дәреже.
Иә, экономикалық дамуымызда проблемалар
бар. Мысалы, мұнайдың арзандауына байланысты
біздің сауда-саттық көрсеткішіміз бұрынғыдан
азайып кетті. Өйткені, Қазақстанның сауда көлемі
мұнай бағасына тәуелді, өкінішке қарай. Яғни, бұл
біздің экономиканы мұнайдан тыс салаларға ауыс-
тырмағанымызды көрсетеді. Есесіне, ауыл шаруа-
шылығында бидайдан мол өнім алдық. Ең бастысы,
соны шаруалар, ірі агрокорпорациялар сырттан
көмек шақырмай өздері жинап алды және қардың
астында қалып кеткен жоқ. Бұл да қуантарлық
жағдай.
Үкіметке келсек, әрине, қазақ тілінен хабарсыз
жетекшінің кеткені орынды іс. Мен бірде қазақ тілін
жақсы білмейтін экономикалық блоктағы министр-
лер, сонымен бірге өздерінің экономикалық компе-
тенциясының да шағын екенін көрсетті деп айт-
қан болатынмын.
Яғни, қазақ тілін
қан шалықты аз
білсе, экономиканы
да соншалықты
та р ш е ң б е р д е
біледі. Турасына
келсек, Елбасының
тапсырмаларын
жүзеге асыра ал-
майды. Мысалы,
Мемлекет басшы-
сының «мұнайдан тыс салаларды дамытыңдар»
деген тапсырмасының әлі күнге орындалмағаны
сөзіме дәлел. Қаржы орталығын құру туралы жүк-
темесі де әлі соңына жеткен жоқ. Мұндай мысал-
дарды көптеп келтіруге болады.
Жалпы, мешін жылы мемлекет, ел үшін айтар-
лықтай жаман болған жоқ. Мұнай бағасы қайта
көтеріле бастаған секілді. Тек соған сеніп экономи-
каны әртараптандыру тапсырмасы аяқсыз қалып
кетпесе болғаны.
ішінде бейбіт тұрғын да, по-
лиция да, әскери де бар. Бас
көтергендердің біразы операция
барысында оққа ұшты, бірша-
масы қолға түсті. Билік ресми
түрде теракт деп баға берген
Ақтөбе оқиғасының «кейіпкер-
лері» отызға жуық адам болған-
дықтан, мақұл, тойтарыс беру
күштік құрылымдарға қиынға
түскен шығар дедік. Сөйтіп жүр-
генде бір айдан кейін-ақ Алма-
тыда да ішкі істер органдары
үшін дүрбелең туды. Ақтөбедегі
отыздың «рөлін» Алматыда бір
ғана Руслан Күлекбаев «атқа-
рып шықты». Қаладағы ішкі
істер бөлімдері мен Ұлттық қа-
уіпсіздік комитетіне жалғыз өзі
шабуыл жасап, небәрі 24 минут-
та түрлі мекенжайда полициясы
бар, басқасы бар – 10 адамның
тағдырын оққа байлаған оның
әрекетіне діни сипат беріліп,
бастапқыда террористік акт деп
танылды. Кейіннен құзырлы
органдардан жеке басының өшін
Сіз не дейсіз?
Дос КӨШІМ, саясаттанушы:
«2016 – ЖеР мәСеЛеСІНІң ЖЫЛЫ
БОЛдЫ»
– Мемлекеттік биліктегі
ауыс-түйіске мен еш уақыт-
та көңіл бөлмейтін адаммын.
Себебі, одан саяси-экономика-
лық бағыт өзгермейді. Өйткені,
адамдар ауысқанымен, Консти-
туцияда көрсетілген президент-
тік бағыт сақталып қала береді.
Екінші мәселе – Қазақстанда
осы жылы үлкен өзгеріс болды.
Ол – ешқандай оппозиция не-
месе ұлтшыл ұйымдар емес,
халықтың өзі жер реформасына
байланысты наразылығын ашық
білдіргені. Бұл қоғамда саяси
институттар, құрылымдар рөл
атқармайтынын, қоғамды өз-
гертуге, ондағы реформаларға
халықтың өзі ойын айта алаты-
нын көрсетті.
Әрине, Үкімет басына Бақыт-
жан Сағынтаевтың, орынбасар-
лығына Иманғали Тасмағамбе-
товтің келуімен халықта қазақ
тіліне, оның мемлекеттік мәр-
тебесіне көзқарас өзгере ме
деген үміт пайда болды. Өйткені,
27 жыл бойы біздің тіл туралы
заңымыз өзгерген жоқ. Басқа
елдер заңдарын үш рет өзгертіп
үлгерді. Оқу-білім жүйесіндегі
көптілділік мәселесі де қазақтілді
қауымның қарсылығына тап кел-
ді. Осы мәселелер бойынша келер
жылы не халық пен билік келісімге
келеді, не болмаса үлкен дауға
айналуы ғажап емес. Яғни, қазақ
тілі мәселесі – алдағы тауық
жылы болатын ең үлкен оқиғаның
біреуі. Себебі, қазір Қазақстан-
да қазақтардың үлес салмағы
70 пайыздан асты. Қостілділік
жағдайда не болмаса орыс тілінің
үстемдігі жағдайында өмір сүргісі
келмейтінін қазақтілді қауым
аңғарта бастады.
Сондай-ақ, дағдарыс 2017
жылы аяқталады деп жүргендер
бар. Менің ойымша, ол кем деген-
де 2019 жылға дейін созылады.
Сондықтан, тауық жылы бізді
тағы да көптеген қысқартулар,
инфляция күтіп тұр. Халық оған
дайын болуы үшін билік, мемле-
кет мұны ашық айтуы керек. Бір
сөзбен түйгенде, 2016 жылды
жер мәселесінің жылы дер едім.
Ал, 2017 жыл қазақ тілі мәселе-
сінің жылы болуы әбден мүмкін.
Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
«БиЫЛ мемЛекет,
еЛ ҮшІН ЖАмАН БОЛғАН ЖОҚ»
кӨкшетауда өнертапқыш жастар кӨп
4
№147 (2925)
30 желтоқсан 2016
zangazet@mail.ru
T
T
Таразы
Пайым
ДепутаттарДың
белсенділігі артқан жыл
С
а
у
а
л
н
а
м
а
(Соңы. Басы 1-бетте)
Сарап
Шын мәнінде бұл Қазақстан эко-
номикасының мұнайға тәуелділіктен
біртіндеп арылып, әртараптанып, қо-
сымша құны жоғары өнім өндіретін
салалар қатарының артуын көрсететін
фактор. Осы деңгейге жетуде, әрине,
аталмыш шаралардың дер кезінде тиісті
дәрежеде заңнамалық-құқықтық негізін
жасап берген жоғары заң шығарушы
орган маңызды рөл атқарып отырғанын
жоққа шығару мүмкін емес.
Мәжілістің өткен жылдағы ең үлкен
жаңалықтарының бірі палата төраға-
лығына Нұрлан Нығматулиннің қайта
келуі десек қателеспейміз. Бұрынғы ла-
уызымына оралған Нұрлан Зайроллаұлы
палата жұмысын ашық етіп, ширатуға
барынша күш салып жатқаны байқала-
ды. Соның бір айғағы – биылғы сессия
басталғаннан бері тәуелсіз сарапшылар,
үкіметтік емес ұйымдар, депутаттық
корпус құрамына кіре алмай қалған
саяси партия өкілдері заң шығару ісіне
кеңінен тартылуда. Жалпы отырыстар
онлайн режимінде көрсетіліп, соның
арқасында палатаның бас жиынындағы
заңды талқылап, қабылдау үрдісі барша
қазақстандықтардың көз алдында жүзе-
ге асып жатыр.
Палатаның ішкі құрылымында да
біраз өзгерістер жасалды. Мәселен,
депутат Нұртай Сабильянов Эконо-
микалық реформа және өңірлік даму
комитетінің төрағасы болды. Бірқатар
депутаттар басқа комитеттерге ауыс-
ты. Соның ішінде Конституциялық
Кеңестің бұрынғы мүшесі, тәжірибелі
заңгер Анар Жайылғанованың Қаржы
және бюджет комитетінен Заңнама
және сот-құқықтық реформа комитеті-
не келуі дұрыс шешім болды деген
ойдамыз. Өйткені, қазіргі таңда палата
қоржынына түскен, қаралып жатқан,
мақұлданған заң жобаларының дені
осы салалық комитетке қатысты бо-
лып отыр. Мәселен, геномдық тіркеу,
жол жүрісі, пробация қызметі туралы
бүгінгі таңда қоғам үшін маңызды әрі
ерекше алаңдаушылық тудырып тұрған
заң жобаларын қарап, өмірлік қажет-
тіліктеріне сай ширату біліктілік және
тәжірибемен астасқан нық азаматтық
ұстанымды қажет ететіні даусыз. Сон-
дықтан, аталмыш комитет құрамының
Анар Жайылғанқызы сынды заңгермен
толығуы, әрине, қуантады.
Жалпы, палата жиындарына, он-
дағы жұмыс топтарының отырыстары-
на қатысу барысында байқағанымыз,
депутаттардың бұған дейінгі шақы-
рылымдардағы әріптестеріне қарағанда
белсенділігі басым. Соның арқасында
бұрын мүлде сұрақ қойылмай, құпталып
кете баратын халықаралық келісімдерді
ратификациялауға арналған заң жобала-
рының өзі өз деңгейінде талқыланатын
болды.
Сол секілді қоғамның өзекті мәселе-
лерін құзырлы орындарға аманаттаған
депутаттық сауалдар да жиі жасалуда.
Мәселен, тек соңғы желтоқсан айында
Үкімет басшысына бағытталған сондай
талап-тілектердің мазмұны әртүрлі са-
ланы қамтыды. Олар: отандық ауылша-
руашылығын дамыту, кәмелеттік жасқа
толмағандарды зорлық әрекеттерден
қорғаудың қатаң шараларын қабылдау,
жұмыссыздықты жою, қазақ дәстүр-
лі әндерінің сапасы, жол қауіпсіздігі
сынды халықтың көкейкесті мәселе-
лері. Әрине, өкінішке қарай, көбіне
орыс тілінде. Амал не, Парламенттің
толыққанды мемлекеттік тілде сөйлеуі
әзірге арман болып тұр. Орыстілдісін
былай қойғанда, қазақшасы төгіліп
тұрған депутаттардың кейбірі де пікір-
таласқа түскен сәтте ресми тілді қолай
көріп тұрады. Осындайда қазақша сөй-
леуге шақырып, ара-тұра болса да, төл
тілімізге жанашырлық танытып отыра-
тын Розақұл Халмұрадов сынды өз-аға-
мыздың жоқтығы білініп қалады-ақ...
Әрине, өтіп бара жатқан жылдың
Парламент тарихындағы ең ерекше
оқиғасы 13 жыл қатарынан депутат
мінберінде отырған Мұхтар Тінікеевтің
тәртібі және оның өз өтінішімен бұл
өкілеттіктен бас тартуы екені даусыз.
Мұхтар Бәкірұлының бейәдеп қылығы,
әрине, ақтауға келмейтін жағдай. Әйтсе
де оның қолымен істегенді мойнымен
көтеріп, сайлаушылардан, әріптестер-
ден, тіпті, журналистерден кешірім
сұрап, Мәжілістен кетуге ерік танытуы
екінің бірінің ой-өресіне сай әрекет емес
екенін айту қажет. Көзге түсіп қалған
теріс қылықтарын мойындамай қойған
шенділер бұған дейін болмады емес,
болған. Қашанда өз пікірін жалтақта-
май тура айтып, Үкімет мүшелерінің
екі аяғын бір етікке тығып жіберетін
Тінікеев мырза бұл жолы да өз жолынан
жығылмады.
Қоғам қандай болса, біздің Пар-
ламентіміз де сондай. Оның қателігі
қоғамның да қателігі. Қалай дегенмен
де, бүгінгі даму ағысы, аз да болса
қол жеткен жетістіктеріміз біздің өз
кемшіліктерімізді түзей жүріп алға ба-
сып бара жатқанымызды көрсетеді. Пар-
ламент те бұл тұрғыда заман ағысынан,
қоғам дамуынан кенже қалған жоқ. Өсу,
кемелдену үстінде.
Айша ҚұрмАнғАли,
«Заң газеті»
Заң бір күнде қабылдана салатын
қарапайым құжат емес, оның әлеумет-
тік, қоғамдық, мемлекеттік, қала берді,
халықаралық маңызы зор-ақ. Жалпы,
заңдарымыздың жаңаруына ең әуелі
еліміздің әлеуметтік-экономикалық
жағдайының өзгеруі, халықаралық
кеңістіктегі орнының нығаюы және
Қазақстанның алдағы даму бағытын-
дағы тың бастамалар түрткі болды.
Нақтырақ айтқанда, 2015 жылдың көк-
темінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың «Бес институционалдық
реформасын» жария етіп, оны жүзеге
асыру жолында «100 нақты қадам» Ұлт
жоспарын қабылдауы, көптеген заңда-
рымызды қайта қарауға, жаңа заңдар-
дың шығуына алып келді. Сөйтіп, 2015
жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-
рына пәрмен беру мақсатында барлығы
59 заң мен 400-ге тарта заңнамалық акті
қолға алынса, 2016 жылы олар түгелге
дерлік қолданысқа еніп, заңдық күшіне
енді. Демек, 2016 жыл тарих бетінде
заңдарымыз жаңарған жыл ретінде
өзіне лайықты орнын алды деуге толық
негіз бар.
«Осы жылы қолданысқа енген
кодекс тер мен заңдар қандай?» де-
ген сұраққа келер болсақ, 2016 жылы
жаңарған заңнамалардың көш басын-
да ҚР Еңбек, Салық кодекстері мен
Азаматтық процестік кодексі, Мемле-
кеттік қызметкерлердің әдеп кодексі
мен «Мемлекеттік қызмет туралы»
заңы, сақтандыру қызметі, медици-
налық сақтандыру, кәсіпкерлік, ауыл
шаруашылығы кооперативтері туралы
заңдар, тұрғын үй құрылысына үлестік
қатысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл, зейнетақымен қамтамасыз
ету, қоғамдық кеңес, ақпаратқа қол-
жетімділік және т.б көптеген заңдар
тұрса, жыл соңында бұл қатарға Су-
дьялық әдеп кодексі қосылды.
Уақыт талабына сай қабылданған
бұл заңдардың қай-қайсысы да ел игі-
лігі мен мемлекетіміздің құқықтық
мәртебесін арттыруға және жаңа заңда-
рымыз халықаралық талаптарға да жа-
уап беруі тиіc-тін. Мәселен, қарапайым
еңбек адамдарының басты заңы – Еңбек
кодексін жаңарту идеясы Ұлт жоспары-
ның 84-қадамында айтылса, бүгінде заң
күшіне еніп үлгерді. Қоғамдық ортада
қызу сөз болған бұл заңның басты жаңа-
лығы – жұмыс берушілердің басым-
дығы мен жауапкершілігінің артуын
заңдастыруында. Сондай-ақ, жаңа заңда
түрлі еңбек дауларын сотқа жеткізбей
шешу тетіктері қарастырылған. Еңбек
кодексіне сай, еңбек келісімшартын үзу
құзыреті жұмыс берушіге берілсе, ал,
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңда
азаматтарды мемлекеттік қызметке
қабылдау тәртібі күшейген. Заңнама
мемлекеттік қызметке төменгі сатыдан
бастап қабылдау, оларды іріктеудегі
талаптардың күшеюі, мемлекеттік қыз-
меткерлер жалақысының қызмет нәти-
жесіне қарай есептелетіндігі сынды тың
бастамаларға толы.
Сонымен қатар, Ұлт жоспарының
12-қадамында айтылған Мемлекеттік
қызметкерлердің этикалық кодексі де
осы жылы қолданысқа жол тартты.
Жаңа заң мемлекеттік қызметкерлерді
жалған ақпарат таратпауға, мемле-
кет меншігін көзінің қарашығындай
сақтауға, оны қызметтен тыс мақсатқа
пайдаланбауға, қоғамдық орталарда
жат қылықтардан аулақ болуға мін-
деттейді. Сондай-ақ, аталған заңдар
аясында бүгінгі таңда мемлекеттік қыз-
меткерлердің жұмыс орнында смарт-
фон ұстауына қатаң тыйым салынса,
ақпараттық қолжетімділік туралы заң,
керісінше, «Ашық үкімет» порталының
жұмысына жан бітірді. Осылайша жаңа
заң мемлекеттік құпия болып санал-
майтын ақпараттардың қолжетімділігін
қамтамасыз етіп отыр.
Ұлт жоспарының бесінші бағыты
есеп беретін мемлекетті қалыптасты-
руды көздейді. Ал, мұны жүзеге асыру
халықтың ақпаратқа қолжетімдігімен
тікелей байланысты.
Халық назарына ерекше ілінген
жаңа заңның бірі – сақтандыру саяса-
тындағы реформалар. Әсіресе, міндетті
медициналық сақтандыру мәселесінің
әлі қызуы басыла қойған жоқ. Өйт-
кені, ондағы негізгі өзгерістер 2017
жылдан бастап орын алуы тиіс. Сол
сияқты зейнетақы саласындағы басты
жаңалық та алдағы жылдың еншісінде.
Яғни, 2017 жылы әйелдердің зейнет-
керлік жасы алты айға ұзартылады.
Ал, зейнетақымен қамсыздандыру
туралы бүгінгі заңдағы өзгерістің бірі
Еуразия экономикалық одағына мүше
елдердің азаматтарына қатысты болып
отыр. Яғни, қазақстандықтар одақтас
елдердің бірінде жұмыс істеп жүріп-ақ
Қазақстанға зейнетақы жарнасын ауда-
рып, зейнетке шыға алады деген сөз.
Бұл – бір жыл ішінде қабылданған
заңдарға қатысты жаңалықтардың бір
парасы ғана. Алайда, сөзімізді жыл
басында күшіне енген ҚР Азаматтық
процестік кодексімен түйіндегеніміз
жөн болар. Өйткені, бұл заң алғаш
қабылданғандығымен және жаңашыл-
дығымен ерекше. Аталған кодекске Ел-
басының халық алдында жариялы түрде
қол қоюы да оның маңыздылығын
арттырып отыр. Бүгінде азаматтық дау-
ларды сотқа дейін шешу, бітімге келу,
татуласу, медиация сынды ізгілікті заң
тетіктері жақсы жұмыс істеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |