Бүгінгінің бас тақырыбы (Соңы 3-бетте)


– Ұрлықпен қатар, алаяқтық қыл-



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата15.03.2017
өлшемі5,23 Mb.
#9509
1   2   3   4   5   6

– Ұрлықпен қатар, алаяқтық қыл-

мысқа қатысты ойыңызды өрбітсеңіз. 

«Кезек сіз пәтер, жер телімін әперетін та-

нысым бар» дейтін алаяқтардың арасында 

нәзік жандылар көбейіп отырғаны жасы-

рын емес. Бұл қылмыстардағы әйелдердің 

үлесі қан дай?

– Қазірдің өзінде алаяқтыққа қатысты 

үлкен топтың 50 фактіге  байланысты ісі тер-

геліп жатыр. Топ ішінде екі әйел бар, қазір қа-

мауда отыр. Осы істерден байқағанымыз, кей-

бір адамдар алаяқтарды өздері іздеп барған. 

«Сен көмектесе алады екенсің, маған пәтер, 

не болмаса жеделдетіп жер телімін әпер» 

деп ақшаларын алаяқтың алақанына салып 

берген. Осының өзі азаматтардың құқықтық 

сауатының кемдігін көрсетеді. Әйтпесе, өзі 

секілді азамат қалай мемлекеттің мүлкін же-

делдетіп алып бере алады. Соңғы кездері «оқу 

орындарындағы мәселеңді шешіп беремін, 

банктегі қарызыңды жауып беремін, жиһаз 

жасап беремін, автокөліктердің бөлшектерін 

әкеп беремін, тек көрсетілген шотқа ақша 

аударып жібер» деген алаяқтардың арбауына 

түскендер өте көп. Бұлар алаяқтықты кәнігі 

кәсіп етіп алғандар.

байланыста болған соң, көпқабатты тұрғын 

үйлердің кіреберістеріне бейнебақылау орна-

туды өтіндік. Он-он бес пәтер бірігіп қойса, 

есік алдында шамдар самаладай жарқырап 

тұрса,  қылмыстың  алдын  алуға  септігін 

тигізеді. Тағы бір көтерілген мәселе, қала-

ның көркеюіне байланысты, есепте тұрған 

халықтың санынан келіп-кететін адамдар-

дың саны артуда. Мысалы, күніге қалаға 

шамамен бес мың машина келетін болса, 

шаһардың қанша қонақты қабылдайтынын 

пайымдай беріңіз. Ал, олардың қандай оймен 

келгенін білу қиын.  

– Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 

рақымшылық жасалғаны белгілі. Жалпы, 

абақтыдан шыққандардың қайталап қыл-

мыс жасауы бек мүмкін ғой. Осы жайлы 

пікіріңізді білсек?

– Қайталап қылмыс жасайтындар өте көп. 

Ал, рақымшылық алғандардың қоғамға пай-

да келтіруі үшін барлық құзырлы мекемелер 

қолдан келгенше көмектесуі міндет. Абақты-

дан босатқан кезде еркіндікке шыққандарға 

жан-жақты түсіндірме жұмысы жүргізіледі. 

Қоғамдық ортада өздерін қалай ұстау керекті-

гі айтылады. Оларға да үреймен қарай беруге 

болмайды. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін 

тұяқ жоқ», жазды-жаңылды, сүрінді-тұрды. 

Ары қарай отбасын құрып, не болмаса ба-

ла-шағасымен қайта қауышып, тіршілік отын 

түтетіп кететіндері баршылық. Ескі әдетіне 

басып, қайталай қылмыс жасайтындары да 

бар. Ол адамның өз сана-сезіміне байланыс-

ты. Тіркеуге алынған соң бізде профилак-

тикалық жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен, 

рақымшылыққа ілінгендердің мәселесін тек 

қана полицияға міндеттеп қоюға болмайды. 

Босап келген азаматтардың дұрыс жолға 

түсуіне туған-туысы, жора-жолдастары да 

ынталы болып, көмек көрсетуі керек. Бәріміз 

теріс айналып сыртқа тепсек, ол адам қайта-

дан қылмысқа барады.

– Қалада қанша учаскелік инспектор 

бар?

– Бізде 55 учаскелік инспектор бар. Со-

нымен қатар, 8 учаскелік пункт жұмыс істей-

ді. Әр учаскелік инспекторға аймақ бекітіліп 

берілген. Жылдан-жылға өсіп жатқан ха-

лықтың санын есепке алсақ, инспекторлар әлі 

де жетіспейді. Дегенмен, халықтың қауіпсізді-

гін қорғаудан аянып қалған жоқпыз. 



– Сұхбаттасуға уақыт бөлгеніңізге көп 

рақмет!

 Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

«Заң газеті»

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ  



– Ерлан Қанатайұлы, жылдан-жылға 

қала халқының саны артуда. Оның үстіне, 

Талдықорғанға аймақтардан күнбе-күн 

келіп-кететіндер легі де толастаған емес. 

Бұл қылмыстық ахуалға қаншалықты 

әсер етуде?

– Елбасымыз жаңа мемлекетті қалыптас-

тырғанда әуелі экономика, сонан соң сая-

сатқа мән беру керектігін айтты. Міне, сол 

экономика бүгінде айтарлықтай қарқын алды. 

Жасалған қамқорлықтың арқасында кешегі 

шағын ғана Талдықорған қаласы бүгінде адам 

танымастай өзгергенін көзіміз көріп отыр. 

Аспанмен таласқан көпқабатты үйлер мен 

жеке сектордағы қала тұрғындарының салған 

баспаналарынан, одан бөлек, түрлі стиль-

дермен салынған  ғимараттардан халықтың 

әл-ауқатының қаншалықты өскенін көреміз. 

алуға болар ма еді. Бұл мәселе әлі шешімін 

тапқан жоқ па?

– Мен қаладағы барлық саудагерлерге 

өз атымнан арнайы хат жазып, қолдарына 

ұстаттым. Мұндағы басты мақсат – сауда 

үйлеріне барған халыққа дұрыс қызмет көр-

сету. Ұрлық-қарлыққа жол бермеу. Бірақ, осы 

уақытқа дейін бейнебақылау қоюды жүзеге 

асырған кәсіпкерлердің саны некен-саяқ. Бізді 

Европамен салыстыра алмайсыз. Ол жақта бір 

затыңызды сауда орындарында қалдырып кет-

сеңіз, ол сол орында тұрады. Ал бізде жағдай 

басқаша. Сондықтан, бейнекамера бізге ауа-

дай қажет, осы құралдың көмегімен қаншама 

қылмыстардың бетін аштық. Ұрлық болған 

сауда үйіндегі залалдың ақшасын есептесеңіз, 

сол кәсіпкердің ғимаратты салған кездегі 

ақшасымен салыстырғанда жер мен көктей. 

– Қылмыстың алдын алуда облыс әкімі 

Амандық Баталов жергілікті бюджеттен 

қыруар қаржы бөліп, ішкі істер органын 

заманауи техникалармен қамтамасыз ету-

де. Осы құрылғылармен облыс орталығы 

қаншалықты қамтамасыз етілді?

– Былтырғы жылы қалаға 800 бейнебақы-

лау камерасын қоюды жоспарлағанбыз. Со-

ның 200-і орнатылды. Оған қаражат бөлінді. 

Енді осы 200 камера іске қосылса, қылмыстың 

алдын алуға өз септігін тигізетін болады. Ке-

лесі жылы қаланың шет аймақтарын қамту 

ойда бар. Осы бейнебақылау құрылғысына 

байланысты жақында мен қаладағы Пәтер 

иелері коперативінің басшыларымен кездесіп, 

баяндама жасадым. Онда қаладағы криминал-

дық ахуал жайлы айтылып, сол кісілердің 

көмегіне жүгіндік. Олар халықпен тығыз 

қатысушылар әр елдің жұмысын 7 балдық жүйе бойынша бағалайты-

нын да еске сала кеткеніміз жөн болар. Өз позициясын жылдан-жылға 

көтеріп келе жатқан Қазақстан алдағы жылы да межеден табыларына 



сенеміз.

Ғалым БОЛАТҰЛЫ,

Алматы қаласы Әділет департаменті мүлікті мемлекет 

кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімінің басшысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет