Әсет мұҚашбеков



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
Жауап:  –  Молшылық  пен  байлық  –  біз  өндіріп,  өсіріп  жатқан  заттар 
емес және осылай екен деп ойлауымыз да емес. Егер біздің ақыл-есіміз бен 
ойымыз, аз-маз баршылықтың өзіне де разы болып – жоқшылыққа сенсе, еті 
үйренсе,  онда  қалған  өміріңіз  де  түк  өзгермей-ақ  осылай  өтеді.  Қайталап 
айтайын,  біз  санамыз  бен  ойымыз  қабылдай  алатын  нәрсені  –  өзіміздің 
қалауымыз бойынша ғана іске асыра аламыз. Ең жаманы, ғарыштан келетін 
молшылық  пен  байлықтың  келер  жолын  –  санамыз  бен  ойлау  жүйеміздің 
жүдеулігінен жауып тастаймыз. Біз молшылық пен байлық туралы санамыз 
бен ойлау жүйемізді біртіндеп өзгерте алсақ керемет болар еді. Онда алдыға 

 
266 
жылжығанымызды  байқау  қиынға  соқпас  еді.  Өйткені,  алдымен  ойлау 
жүйеміз  өзгереді,  сонан  соң  мінезіміз  әдетке  айналмақ.  Уақыт  өте  келе 
өзімізге  қажетті  нәрселердің  бәрі  жанымызда  жүргенінен  сеніп  осы  сенім 
арқылы ойымызды іс жүзіне асыра бастаймыз. Тағы қайталаймын: не ойласақ 
сол болады! 
 
Ғарыштағы  шексіз  молшылықтың  жүйесіне  қалай  кіруге  болады?  Ол 
үшін  өзіңізге  қажетті  нәрселерді  көз  алдыңызға  елестетіп,  қолыңызда  бар, 
уақытша  қолданып  жүрген  дүниенің  де,  молшылықтың  да  белгілі  шеңбер 
бойымен  айналатынын  түйсіну  шарт.  Осы  молшылықтың  саған  да  қатысы 
бар екенін түсіну үшін төменгі үш сұрақты үйренуден бастаңыз: 
Сұрақ: – Өз пікіріңізше өзіңізді-өзіңіз қалай бағалайсыз? 
 
Жауап:  –  Сіз  осы  шексіз  ғарыштағы  Жаратушы  жаратқан  пендесінің 
біреуі ғанасыз. Бар болғаны осы. Сіз – жеке адамсыз және адамзатсыз. Сіз, 
басқа  адамдар  сияқты  ақиқатсыз  және  қайталанбайтын  адамзат  қоғамының 
құндылығысыз.  Осы  толық  жетілгеннің  баға  жетпес  байлығы  мен 
молшылығысыз.  Адам  баласындай  басқа  жетілген  тіршілік  иелері  бар  ма? 
Сізден артық құндылық бар ма? 
Сұрақ: – Өз пікіріңізше қандай құрметке ие болуға лайықсыз? 
Жауап:  –  Егер  сіз  аздаған  ғана  бақыт  жеткілікті  деп  есептесеңіз,  онда 
сіздің  мүмкіншілігіңіздің  де  осы-ақ  болғаны.  Керісінше  өзіңіздің  бұдан  да 
жоғары мәртебеге лайықты екеніңізге сенімді болсаңыз және молшылықтың 
айналымын біреулерге қызмет істеу арқылы қолдап отырсаңыз, онда өзіңізге 
жоғары тұрмыс деңгейі мен шексіз бақытты өмір бойы тартып үйіре бересіз. 
Егер де біреулердің есебінен байып молшылыққа қол жеткізем десеңіз, онда 
өзіңе-өзің  ор  қазғаның  –  бұл  өзіңді-өзің  өлтірудің  төте  жолы.  Осының  түбі 
қайыршылық  пен  жоқшылыққа  әкеп  тірейді.  Есіңізде  болсын,  сіз  басқа 
адамдар сияқты молшылыққа малына аласыз. Оның жолы – басқа біреулерге 
көмектесу. Сол арқылы өзіңізді де, басқаларды да бақытты етесіз. 
Сұрақ: – Өз пікіріңізше қандай жетістікке жете аласыз? 
     
Жауап:  –  Егерде  сіз  қандай  заттар  жоқ  немесе  ешуақытта  болмайды  деп 
ойлай  алсаңыз,  керісінше  осы  заттар  өміріңізде  пайда  болып  көбейе 
бастайды.  Сіздің  табыс  пен  бақытқа  жету  деңгейіңіз  сіздің  оған  шамаңыз 
жету  немесе  жетпейтінімен  анықталмайды,  өзіңізді-өзіңіз  нақ  шын 
жүрегіңізбен,  көңіліңізбен  бағалай  білуіңізбен  анықталады.  Есте  ұстаңыз: 
жоқшылыққа  сену  жоқшылықты  туындатады,  молшылыққа  сену 
молшылықты туындатады. Істеген еңбегіңіздің қарымтасын адам баласынан 
сұрамаңыз  және  де  кісіге  жасаған  жақсылығыңызды  дабырлап,  бөсіп  айта 
бермеңіз.  Сіңірген  еңбегіңіз  бен  істеген  қайырымдылық  пен 
жақсылығыңыздың  қарымтасын  ғарыштың  шексіз  байлығынан  Жаратушы 
сұрамасаңыз да Сізге қайтарады. Осының барлық адам баласына да қатысы 
бар. Бұны әлемдік қарымта қайтару заңы дейді. 
Аллаға сенген құстай ұшады, 
 
 
Адамға сенген мұрттай ұшады. Қазақ мақал-мәтелдері 
 

 
267 
Алматы  облысы,  Қарасай  ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық 
әкімшілігінің  төрағасы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиевтің  алтыншы 
толғауы. 
Тақырыбы:  Еркіндік  пен  молшылықтың  байланысы  бар  ма?  Сіздің 
өміріңізге молшылық әкелуге көмектесетін кейбір құпия ойларыңыз бен өмір 
тәжірибесінен қортқандарыңыз? Молшылықты қалай түсінеміз
 
 
 
 
Сұрақ: – Еркіндік пен молшылықтың байланысы бар ма? 
 
Жауап:  –  Ғарыштық  әлем  мәңгілік  ұлғаятын,  тек  біз  ойымыз  арқылы 
ғана  бөгет  жасайтын,  кедергісі  жоқ  құйылып  жатқан  өлең-жыр  сияқты 
көрніс.  Адам  өзінің  ақыл-есі  арқылы  ғана  еркіндікке  шек  қойып  алған.  Су 
кемеріне  жеткенде,  жер  одан  қалқып  шығады.  Ауа  мен  су  межемен 
бөлінбеген, олар бір-бірімен қатар ағып керемет үйлесімділік жасайды.  
 
Еркіндік  дегеніміз  де  –  молшылық.  Құс  қай  жерді  ұнатса  сол  жерге 
ұясын салады. Сол сияқты адамдар өз санасы мен ақыл-ойындағы бөгеттерді 
алып  тастағанда  молшылық  пен  байлық  құйыла  бастайды.  Еркіндікті 
санасына  сіңіріп,  ойлау  жүйесін  өзгертуге  үйренген  мезетте  ғана  олар 
өздеріне молшылықты жасай бастайды. Адам бала күнінен өзінің санасын –
өзінде жоқ нәрсе мен елде бар нәрсеге емес, керісінше не істегелі, не істегісі 
келетініне бағындыра алса, онда ол өз тағдырына өзі қожа бола алады. Ойына 
алғанының бәрі де орындалады. Қазақша айтсақ адамды «тән мен нәпсі билеу 
емес, адамды жан билеуі керек».  
 
Тиянақ көрме жалғанды,   
 
 
Қуа берме арманды. 
 
 
Пайғамбар мен сахаба,  
 
 
Сен түгіл содан қалған-ды. 
 
 
Неменені қимайсың, 
 
 
Нәпсіні неге тыймайсың? 
 
 
Өзіңді кімге силатып, 
 
 
Өзің кімді сыйлайсың? 
 
 
Құры білген не керек, 
 
 
Білгенді қылған, со керек. 
 
 
Баянсыздың бәрін қой,  
 
 
Боласың сонда шын зерек.  Шәкәрім 
 
Сұрақ:  –  Сіздің  өміріңізге  молшылық  әкелуге  көмектесетін  кейбір 
құпия ойларыңыз бен өмір тәжірибесінен қортқандарыңыз? 
Жауап:  –  Есіңізде  болсын,  байлық  пен  молшылық  –  «шық  бермес» 
Шығайбай  сияқты  керекті-керексіз  дүниелерді  жинай  беру  емес.  Бұл 
дегеніміз  өмірдің  әрбір  сәтіне  қуана  білу.  Бізде  шексіз  бақытты  болуға 
барлық  мүмкіншілік  бар,  тек  осыған  басқаша  көзқараспен  қарау  керек. 
Сондай-ақ,  жоқшылық  –  сеніміміздің  жиынтығы  мен  осыған  сәйкес  іс-

 
268 
әрекетіміз  екенін  түсіну.  Төменде  маған  және  қазіргі  табысқа  жетіп  жүрген 
көпшілік азаматтар басшылыққа алып жүрген, қазақ баласына құпия болып 
келген қағидаларды баяндамақпын: 
*  Еш  нәрсеге  қарсы  болмаңыз!  Өзіңіз  жақтырмайтын  нәрсені  жаман 
жақтан  емес,  керісінше  жақсы  жақтан  бағалауға  тырысыңыз.  Мысалы: 
салмағыңызды  азайтқыңыз  келсе,  арықтаған  қалпыңызды  көз  алдыңызға 
елестетіп,  осыны  үнемі  ойыңыздан  шығармай  жүріңіз.  Немесе  темекіні 
бірден  тастауға  тырыспаңыз,  керісінше  өзіңізді  темекі  тартпайтын  адам 
екеніңізді көз алдыңызға елестетіп, осы қалыпта жүруге үйреніңіз. Қысқасы, 
өзіңізге ұнайтын, өзіңізге жетіспейтін нәрсеге ұмтылмаңыз, керісінше өзіңіз 
қалай болғыңыз келеді, солай болуға тырысып осыған ұмтылыңыз.  
 
*  Өзіңіздің  кім  екеніңізді,  өзіңізде  бар  дүниелерге  күнделікті 
ризашылық  білдіруге  тырысыңыз,  шүкіршілік  етіңіз.  Өзіңіздің  кім  болып 
жүргеніңіз  өзіңізге  ұнамаса  да,  тіпті  бұдан  көпті  армандасаңыз  да  разы 
болуды  үйреніңіз,  барға  қанағат  тұтыңыз.  Ризашылық  сезімі 
дүниеқоңыздығыңыз  бен  көрсеқызарлығыңызды  ығыстырып,  сіздің  ойлау 
жүйеңізді  молшылыққа  бағыттайды.  Ғарышқа  күнделікті  ризашылық 
сезіміңізді  білдіріп  жүрсеңіз,  сізге  де  молшылығын  еселеп  төге  береді. 
Неғұрлым қанағатшыл болсаңыз, соғұрлым көбірек алатын боласыз! 
 
*  Күнделікті өзіңіздің санаңызды, ойлау жүйеңізді қалай пайдаланып 
жүргеніңізге  талдау  жасап.  тексеріп  отыруға  уақыт  бөліңіз.  Өзіңізге 
жетіспейтін  нәрселерді  ойлауға  қаншалықты  ақыл-есіңіз  бен  санаңыздың 
қуатын  шоғырлайтыныңызды  анықтаңыз.  Көбірек  қамту  мен  ісіңіздің 
жүрмей жатқанын айтып шағымданып ыңырсып жылауға қанша уақытыңыз 
кететінін  анықтаңыз.  Өз  арыңыздың  алдында  адал  болыңыз.  Осылай 
істегенде – уақытыңыздың басым бөлігі осындай ойларға бөлінетініне көзіңіз 
жететін болады. Олай болса, осы ойлау жүйеңізді өзгертуге күш салыңыз. Өз 
ойыңыздың ағымын қалай болғыңыз келетініне алмастырыңыз, біртіндеп бұл 
әдетке  айналып  кетеді.  Сіздің  қазіргі  ойлау  жүйеңіз,  ойларыңыздың  басым 
бөлігі  өзіңізге  керексіз-келеңсіз  нәрселерді  қоректендіріп  жатқанын  түсініп 
алыңыз.  Осыны  нақтылы  түсінгенде  ғана,  ойыңыздың  ағымын  өзіңізге 
керекті арнаға бұра аласыз. 
 
*  Осы  жоғарыда  айтылып  өткенді  өзара  қарым-қатынасыңызда  да 
қолданыңыз.  Көптеген  жағдайларда  арақатынастың  шиеленісу  себебі,  әркім 
өзінің  ойын  келесі  адамның  кемшілігіне,  жетіспей  жатқан  нәрсесіне 
шоғырлайды.  Егер  өзіңіз  сүйікті  немесе  силайтын  адамыңызға  ренжісеңіз, 
онда ойлау жүйеңізді осы адамның бойындағы бар жақсы қасиеттерге қарай 
бұрыңыз. Осылай істегенде осы адамның жақсы жақтары ұлғая бастайды да, 
көз алдыңызда өзіңіз ұнататын, силайтын адамыңыздың бейнесі мен беделі, 
мәртебесі  өсе  түседі.  Сіз  осы  адамды  қалай  көргіңіз  келді,  солай  көретін 
боласыз.  Осының  балаларға  да  қатысы  бар.  Олар  өзін  дұрыс  ұстап,  дұрыс 
жүргенін уақытында елеп, мақтап дем беріп отырыңыз! 
 
*  Бүгіннен  бастап  өзіңіздің  істеп  жүрген  ісіңізге  сүйіспеншілікпен 
қарауға,  осыны  сүюге  өзіңізге-өзіңіз  уәде  беріңіз.  Бүгіннен  бастаңыз! 
Молшылыққа  жетудің  басты  шарты,  негізгі  бағыты  осында  жатыр.  Егер 

 
269 
іштей мамандығыңызды өзгертем деген қалауыңыз болса, түбі ерте ме кеш пе 
– 
өзгертпей  тынбайсыз.  Бұл  сіздің  қалауыңыздың  жалғыз  ғана  жолы.  Адам 
өзі  сүйіп,  бар  көңілімен  беріліп,  шабыттанып    ұнатып  істейтін  істерді  ғана 
істеуге тиіс.   
 
*  Өмірде  қандай  болмасын  жетістікке,  табысқа  қол  жеткізгіңіз  келсе: 
«мен осыған лайықпын», – деп өзіңізді иландырып алыңыз. Бұл дұрыс сезім. 
Молшылықтың келуі, өзіңізге-өзіңіз қалай қарауыңызға байланысты. Егер де 
табысқа  қол  жеткізгіңіз  келсе  –  өзіңізді  осыған  лайықпын  деп  есептеп, 
Жаратушыға  сеніп,  адамдардың  кемшіліктерін  кешіре  білсең  –  молшылық 
пен  табыс  сіздің  сиыңыз  болады.  Бақыт  пен  молшылық  та  құс  сияқты, 
балапандарын  басып  шығару  үшін  ұясын  өзіне  жайлы  жерге  салады.  
Қазекеңнің  бақытты  құсқа  теңейтінінің  мәні  мен  мағынасы  осында  жатыр. 
Дәулетті,  абыройлы  адамдарды:  «Басына  бақ  құсы  қонған»,  –  деп 
асқақтататыны да содан. Ал бақ құсының басына қону қонбауы өзінің санасы 
мен  ойлау  жүйесінде  бұғып  жатқанын  көпшілік  білмейді,  сезбейді.  Өзінде 
бар  бақ  құсын  өзі  түсінбейтін  айдаладан  іздейді.  Сондықтан  да  басқаға 
еліктемей, өзіңмен-өзің болуың керек. 
 
* Өзіңізге қайырымдылықпен, жұмсақ түрде айтыңыз: «Мен еш нәрсеге 
ие  бола  алмаймын».  Осы  бағалы  ойды,  өзіңіз  ақша  қалай  көп  табам  деп 
жанталасып  жоспарлап  жүргенде  –  жатсаңыз  да  тұрсаңыз  да  ойыңыздан 
шығарушы болмаңыз. Бұл бәріне ортақ шарт – сіз де осының бір бөлшегісіз. 
Анық  оянған  кезде,  осының  бәрімен  қоштасуға  тура  келеді.  Егер  де  сіздің 
өміріңіз – менде анау жетіспейді, мынау жоқ деген ойлар белең алса, осы бар 
дүниеңнің  өзі  өткінші,  уақытша  екенін  ойлаңыз,  сабаңызға  түсіңіз.  Осыны 
түсінгеннен  кейін,  өзіңіздің  соншалықты  ақымақ  болып  –  уақытша  дүниеге 
шырмалып – маталып қалғаныңызды сезесіз. 
 
* Жақсы әдет пен қалыпты өміріңіздің бөлінбес бөлшегі етіп алыңыз. 
Молшылық  тартатын  әрбір әдісті  қолданыңыз.  Қабырға,  айна,  тоңазытқыш, 
көлігіңізге  өзіңізге  ұнайтын  ойларды,  пікірлерді,  кім  болғыңыз  келетінін 
жазып  қойғаныңыз  да  жөн.  Жақсы  ойлар  қалауыңызды  білдіріп,  осылайша 
көз  алдыңызға  кім  болатыныңызды  күнделікті  елестетіп,  бірте-бірте  сол 
тұлғаға айналуыңызға септігі тиеді. Ойлау жүйеңіз қалыптасады.   
 
* Аз беруге көңіліңіз тартып тұрса да, осы ойлаған ойыңыздан сәл де 
болса артықтау беруге тырысыңыз. Өзіңіздің ескі қалыптағы дүниеқоңыздық 
әдетіңіздің  қайта  бастала  бастағанын  сезген  сәтте-ақ,  осы  ойды  «ақыл-
есіңіздің» көмегімен дүниеқоңыздық пен сараңдықты түп-тамырымен жұлып 
алып тастаңыз.   
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, молшылықты қалай түсінеміз?   
Жауап:  –  Молшылық  –  адамзаттың  бәріне  ортақ  шарт,  біздің  ойлау 
жүйеміз  дұрыс  болмағандықтан  осыны  қабылдай  алмаймыз.  Біздің 
ойымызша, дүниең  мен жиған қоқыстарың неғұрлым көп болса,  байлығың 
да  сонша  мол  болады  деп.  Молшылық  пен  байлық    дегеніміз  ғарыш  әлемі 
және өзіміз сияқты шексіздік екенін түсіну, осыны санамыз арқылы қабылдай 
білу. Өмірге басқаша көзқараспен қарау деген міне осы.  

 
270 
 
Бізге молшылық пен байлықты іздеп қажеті жоқ. Біз онсыз да осының 
ішінде  шомылып  жүрміз.  Балық  мұхиттың  ішінде  қанша  жүзсе  де,  бәрібір 
мұхиттан шыға алмайды. Біз де солаймыз.  
 
Өзіңіздің  әрбір  күніңізді  қалай  өткізетініңізді  шешіңіз.  Молшылық  – 
сіздікі,  тек  қана  аламын  деген  қалауың  болса  болғаны.  Молшылық  –  сіздің 
адамгершілігіңіздің бөлінбес бір бөлшегі. Бұл тек таңдаулы пенделерге ғана 
берілген  нәрсе  емес.  Осы  тұрған  қалпыңызда-ақ  молшылық  әлеміне  сүңгіп 
кетуіңізге  болады.  Тәп  қазір  не  ойлап  тұрсыз,  осы  ойыңыз  ұлғая  береді. 
Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні:  Өз  ойыңыз,  ақыл-есіңіз,  қалау-
ниетіңізбен  молшылыққа,  бақытты  өмірге  апаратын  іс-әрекетке  қолма-қол 
кірісе беріңіз. 
 
Алматы  облысы,  Қарасай  ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық 
әкімшілігінің  төрағасы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиевтің  жетінші 
толғауы. 
Тақырыбы:Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиевтің өмірбаянына қысқаша шолу. 
 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  өзіңіздің  өміріңізге  қысқаша  шолу 
жасай өтсеңіз, себебі оқырмандарымыз Абай ілімін терең меңгерген ел билеп 
отырған  азаматтың  өмір  жолын  білгісі  келетіні  табиғи  қалып  қой,  осыған 
келісесіз бе? 
Жауап: – Әсет бауырым, өзім туралы онша көп айтпай-ақ қояйын деп 
едім,  енді  амал  жоқ  қысқаша  болса  да  айтып  берейін.  Мен  Ерболат 
Дүйсебайұлы  Оразалиев  1949  жылдың  маусым  айының  27  жұлдызы  күні 
Алматы  облысы  Қаскелең  ауданының  бұрынғы  Шамалған  ауылының 
жанындағы  1-ші  май  аулында  дүниеге  келіппін.  Менен  кейін  1951  жылы 
туған  қарындасым  бар,  сол  қарындасым  екеумізді  әкем  мен  шешем  өсіріп 
жетілдірді. Әкем де анам да жұмысшы болды. 7-ші сыныпта оқып жүргенде 
әкем  қатты  науқастанып:  «Балам  менің  көз  тірімде  ең  болмаса  техникумды  
бітіріп  ал»  –  деп  Шамалғандағы  ауыл  шаруашылық  техникумына  шешем 
алып  келді.  Олай  дейтінім  Шамалған  ауылдан  5  шақырым  болса  да  өмірі 
ауылдан шығып көрген жоқпын және де 13 жасқа енді толған кезім болатын. 
Осы  техникумның  ауыл  шаруашылық  есеп  бөлімін  бухгалтерлік  мамандық 
бойынша  16  жасымда  бітіріп  шықтым.  Содан  мені  18  жасқа  толғанша 
жұмысқа алмаймыз деген соң өзім құралпас балалармен асық ойнап жүрдім. 
Сол  кезді  ойлап  қарасам,  әкемнің  қуанышы  ма  білмеймін,  мені  6  жасқа 
толмай мектепке беріпті. Асық ойнағаныма әкем ұрсатын, бір күні байқасам 
шешем әкеме айтып отыр екен: «Ерболаттың жолдастарының бәрі мектепте 
оқу  оқып  жүр,  асық  ойнамағанда  енді  не  істейді,  үлкен  балаларға  қосылса 
арақ ішеді, көше таптайды. Өзімен құрдас балалармен асық ойнаса оның не 
сөкеттігі бар» – деп араша түсіп жүргенін естігенім бар. 
Менің  әкемнің  аты  Дүйсебай,  анамның  аты  Әсілтай,  айта  кететін 
жағдай  екеуі  де  жетім  өсіпті.  Руға  бөлінген  емес,  бірақ  та  кім  де  кім 
болмасын өзінің қайдан шыққанын, ата тегін білгені абзал ғой.  
 
 
 

 
271 
Төле бабам түп Майқының сынығы, 
 
 
Ұлы Үйсіннің жұрағаты, жұрыны. 
 
 
Қапал батыр Жанысымнан шығатын, 
 
 
Бабалардың, даналардың құлыны. 
 
 
Бабамды айтып сапарыма аттанам, 
 
 
Жас кезімнен сол бабалар баптаған. 
 
 
Дәл осындай ата-тегі демеген 
 
 
Қазақ болып туғаныма мақтанам. 
Амангелді Тілегенов: «Қапал батыр өрені», тарихи шежіре кітабынан. 
 
Шежіре  тек  белгілі  бір  ру  үшін  ғана  қызмет  етпейді,  ол  бүкіл  халық  үшін 
қызмет ететін тарихи деректер, ата-бабаларымыз туралы құжат. Сол себепті 
де, шежіре ғасырлар бойы халыққа қалтқысыз қызмет жасап келеді. 
 
Тәуекел хан 1598 жылы дүние салады. Орнына Есім хан сайланып, ел 
билейді  (1598-1645  жыл)  Есім  таққа  отырғаннан  кейін  өзіне  өкшелес, 
жастайынан  жауынгерлік  қабілетін  білетін,  қайтпас  қайсарлығына,  жауына 
қатал  тәнті,  адал  да  бір  сөзді  мінезді  Қапал  батырды  өзінің  батыры, 
қолбасшысы етіп тағайындайды. 
 
Міне,  осы  кездерде  жоғарыда  айтылғандай  Қапал  батыр  Есімханның 
басшылығымен  Жетісу  аймағын  басқыншы  қарақытайлардан  азат  етіп, 
халқына бейбітшілік әпереді. 
 
Есімхан Қапал сынды батырларымен басқыншылардан бір ғана Жетісу 
аймағын  босатып  қоймаған.  Ол  Тәуекел  ханның  тұсында  оның 
басшылығымен  Сыр  бойын  шапқыншылардан  азат  етуге  қатысып,  ондағы 
халықтарға тыныштық орнатуға өз үлесін қосқан. 
 
Олай  болса,  бұл  айқастарға  да,  онымен  бірге  қарым-қатынаста  бірге 
болған  Қапал  батыр  да  Есімсұлтанмен  бірге  Сыр  бойын  басқыншылардан 
азат  етіп,  халқына  бейбітшілік  алып  беру  күресіне  атсалысқан,  өз  үлесін 
қосқан деп айтуымызға болады. 
 
Қазақтың  тұңғыш  ағартушыларының  бірі  Шоқан  Уәлиханов  Қапал 
ауылының,  Қапал  қаласының  тарихын  зерттеген.  Қапал  батырдың  17-18 
ғасырлар  аралығында  өмір  сүргенін  Қарамола  деген  жерге  денесі 
қойылғанын, ол жер Қапал ауылынан, қазіргі Қапал қаласыныан 40 шақырым 
қашықтықта екенін жазып қалдырған. 
 
Қапал жері шипалы суларға бай. «Желді сайдың жеті ем суы», «Тамшы 
бұлақ»,  ел  арасында  «Дикий  курорт»  деп  аталатын  табиғи  жылы  су  т.б. 
осының  айғағы.  Бұл  суларды  көне  заманнан  қытайдың,  тибеттің  емшілері 
пайдаланған деген деректер бар. 1843-1846 жылдары бұлақтар басында бал-
бал  тастар  болған,  оларда  «Орхон-Енисей»  жазулары  тәрізді  жазулар 
болғанын саяхатшылар жазып өтіпті. 
 
1854  жылы  Қапалда  626  үй,  60  орындық  орыс  мектебі,  50  орындық 
қазақ  медресесі  болған.  1894  жылы  мұндағы  халықтың  саны  12  мыңға 
жеткен.  Архивтік  деректер  бойынша  Қапал  уезінің  шекарасы  1857  жылдан 
1894 жылға дейін Балқаш көлінің орта шенінен Іле өзеніне дейін созылған. 

 
272 
Жер көлемі 75432 шаршы шақырымға жеткен, оның ішінде 22 мың шаршы 
шақырымы таулы алқаптар. 
 
Мен Ұлы жүздің ішінде Жаныс, одан Қапал батыр, одан Мөтей, одан 
Өтей,  одан  Құлшық,  одан  Байбол,  одан  Абыл,  одан  Арыстанбай,  одан 
Түлкібай, одан Тасболат, одан Оразалы, одан менің әкем Дүйсебай, одан мен 
Ерболат,  менен  ұлдарым  Алмас,  Талғат,  Алмастан  немерем  Нұрдәулет 
тараймыз. Менің әкем, оның ұлы әкесі бәрі де жаңғыздан дара туған. Менің 
әкем  13  жасында  жетім  қалып,  соғыс  басталғанда  соғысқа  қатысып  1943 
жылы  жараланып  елге  қайтып  келіп  шешеме  қосылыпты.  Талай  жылдар 
баласы  болмай  жүріп,  ел-жұрт  болып  Жаратушыдан  тілеп  жүргенде  мен 
туыппын.  
 
Менің  әкем  мен  анам  жәй  шаруа  адамдары  болса  да  қарындасым 
екеумізді  «қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқтырмай»  өсірді,  олай 
дейтінім мен ес білгелі ауылда 5-6 велосипед болса соның бірі менде болды, 
кішісінен  үлкеніне  дейін.  Кейіннен  екі  дөңгелекті  мотоцикл  «ковровец», 
сонан кейін 3 доңғалақты «Юпитер», соңынан «Урал» мотоцикілдерін алып 
берді. Әке-шешем көктемнен қара күзге дейін далада бақша, егін алқаптарын 
суғарады,  жиын-терім  біткенше  алқапта  болатын.  Сол  кезде  мен  де  шама-
шарқым жеткенше оларға көмектесемін, сол жылдың күзінде қолдағы малды, 
бау-бақша  өнімдерін  сатып  маған  ауылда  ең  бірінші  болып  «Москвич-412» 
жеңіл автокөлігін сатып алып берді. 20 жасқа толар толмаста серілік жасап 
жүрген  кезімде  түнде  3-те  не  таңғы  4-те  келсем  де  мені  ұйықтамай  күтіп 
отыратын. Бір күні әкем ұрысты, саған үйлену керек деп, оған мен де қарсы 
бола қойған жоқпын. Сол кезде, қазіргі жарым Айша Мұқатқызына үйлендім. 
Әкемнің өзі қыздың әке-шешесінің алдына барып, болашақ келінін көргеннен 
кейін:  «Балам  осы  қызға  үйленесің»  –  деп  батасын  берді.  Құдайға  шүкір, 
қазір  2  ұл,  1  қызым  және  немерелерім  бар.  Үлкен  ұлымыз  Алмасты  әке-
шешем  қазақтың  дәстүрі  бойынша  өзіміздің  кенжеміз  деп  бауырларына 
басты,  аралары  1  жас  Балмекен  деген  қызымыз,  кенжеміз  Талғат.  Мен  әке-
шешеммен 40 жыл бірге тұрдым. 
 
Менің  әкем  Дүйсебай  60-қа  жеткенде  қатты  шаршады,  сонан  соң 
зейнеткерлікке шықаннан кейін үйдің де шаруасын істеген жоқ, 63-ке толған 
шағында қайта-қайта айтатын: «Мен Аллаға ризамын, менің ата-бабамда 63 
жас жасаған адам аз, бәрі 63 пайғамбар жасында фәни өмірден бақи әлемге 
кетіп  отырған»  –  деп.  Өмірден  қажығандық  па,  әлде  белгілі  заңдылық  па 
білмеймін  әкем  64  жасқа  қарағанда  1979  жылы  көз  жұмды.  Менің  анам 
Әсілтай  Ысты  деген  елдің  қызы.  Шешемнің  шешесінің  айтуы  бойынша 
нағашы  аталарым  өте  бай,  дәулетті  адамдар  болыпты.  Кәнпескеден  қашып 
жүріп алтын-күмістерін құмға көміп, кейіннен құм басып қалып таба алмай, 
Қызылқұмда  ашаршылық  болғанда  500  түйелерінің  бәрінен  айырылып, 
өздері  Кеңес  үкіметінің  зорлық-зобалаңынан  өліп,  шешемнің  шешесі  де 
жалғыз  қалыпты.  Басында  айтып  өттім,  менің  әкем  Дүйсебей,  оның  әкесі 
Оразалының  әкесі  Тасболат,  оның  әкесі  Түлкібай.  Арғы  бабаларымыз 
Тасболат  пен  Түлкібайлар  өте  ауқатты  бай  болған  адамдар  екен.  Мына 
Үшқоңыр жайлауында Түлкілісай деген қыстауы Қарғалы мен 1-ші майдың 

 
273 
арасында жотада болған. Үшқоңыр жайлауының Шамалған өзенінің бойында 
«Жасыл  көл»  деген  жерде  менің  Тасболат  бабамның  қорасы  болыпты,  әлі 
күнге  дейін  орнында  үлкен  тас  бар.  Осы  жерде  бабаларымыз  12-13  отарға 
дейін қыстатып шығып, қойлары қозыны егізден не 3-тен табады екен. Әкем 
айтып  отыратын:  «Көне  көз  қариялардың  айтуы  бойынша  Түлкібай  мен 
Тасболат  бабаларымда  күмістеген  бір  ер  тоқым  бүкіл  ер  тұрманымен  және 
күмістеген  бір  ер  тоқым  болыпты.  Менің  әкем  Дүйсебай  өзі  бай 
болмағанмен,  көкірегі  ашық  өте  саналы  адам  болды.  Еркелеткеннен  бала 
бұзылады  дегенге  өз  басым  сенбеймін.  Әкем  айтатын:  «Балам  әкенің  малы 
балаға  мал  болмайды,  менің  көзім  тірісінде  оқып  ал,  екеуіңді  оқыту  менің 
өмірлік мақсатым,  қор болмайсыңдар» – деп. Кейіннен  институтқа да түсіп 
оқуыма  әкем  себепкер  болды,  әкемнің  осылай  өмірге  бағыт  бағдарлама 
бергеніне  әлі  күнге  дейін  разымын.  Мен  13  жасқа  толғанда  әкем  қатты 
ауырды,  сол  кезде  шақырып  алып  айтты:  «Ерболат,  биыл  7-ші  класты 
бітірдің, сенің жасыңда мен темекі тарту мен арақ ішуді бастағанмын. Қазір 
соның  салдарынан  ауырып  жүрмін,  арқты  ішсең  өзің  білесің,  мүмкін  болса 
темекіні  тартпа»  –  деді.  Мен  сол  кезде  әкеме  айттым:  «Мен  темекі  де 
тартпаймын, арақ та ішпеймін» – деп, сол сөзді әлі күнге дейін ұстап келемін,  
салауатты  өмір  салтын  ұстанамын.  Жас  күнімде  театарларға,  киноға,  биге 
барып  спорттың  бокс  түрімен  шұғылдандым.  Ат  міндім,  аңшылықпен 
шұғылдандым.  Қазір  де  ерекше  бір  демалғым  келсе  анда-санда  мылтықты 
алып  аңға  шығып  тұрамын,  көңілім  көтеріңкі  сәттерде  домбырамды  қолға 
алып, немерелеріме халық өлеңдерін де айтып қоямын. 
Жұмысты  жай  бухгалтерліктен  бастап  бас  бухгалтердің  орынбасары, 
бас экономист болдым. Сонан соң Шамалғандағы жеміс шаруашылығына 200 
коммунисі бар партия ұйымының хатшысы болып сайландым. Сол кезде 26 
жастамын.  1967  жылы  Қазақтың  ауыл  шаруашылық  институтының  жеміс-
жидек  агрономдарын  даярлайтын  бөліміне  сырттай  оқуға  түсіп  1973  жылы 
бітіріп  шықтым.  Мектепте  де,  техникум  мен  институтта  да  жақсы  оқыдым. 
Агроном мамандығын алғаннан соң 3 совхозға директор болдым. Жеке-жеке 
айтсам  осы  ауданның  Қарағайлы  ауылындағы  «Чапаев»  атындағы  жеміс-
жидек  өсіретін  шаруашылықтың  алдыға  басуына  өзімдік  үлесімді  қостым, 
үнемі зиян шегетін шаруашылық тек таза пайдамен ғана жыл қортындысын 
аяқтап  талай  жүлделі  орындарды  иелендік.  Сонан  кейін  қазіргі  Алматы 
қаласының  Әуезов  ауданына  қарайтын  «Пригородный»  көкөніс  өсіретін 
шаруашылыққа жіберді, онда да жақсы көреткіштерге қол жеткіздім, еңбекті 
ұйымдастыра білетінімді бағалады ма білмеймін, содан  кейін осы Қаскелең 
ауданына 1987-88 жылдары аудандық партия комитетіне 2-ші хатшы қылып 
сайлады.  Осы  жұмыста  партия  тарағанша  қызмет  атқардым.  Жалпы  менің 
үкіметке қызмет еткеніме биыл 41 жылдан асыпты. Ең бірінші жұмысқа 1965 
жылы кіргенмін. Менің бүкіл саналы өмірім осы қазіргі Қарасай ауданымен 
байланысты,  пәлендей  орден  т.б.  марапатталмасам  да  аудан  азаматтарының 
құрметті кітабының ішіндемін. Ақырғы жылдары Шамалған ауылында әкім, 
сонан  соң  аудандық  маслихатта  тексеру  комиссиясының  төрағасы  болдым. 
2001 жылдан бастап осы Ұмтыл ауылдық аумағының әкімімін. 

 
274 
 
Алматы  облысы,  Қарасай  ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық 
әкімшілігінің  төрағасы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиевтің  сегізінші 
толғауы. 
Тақырыбы: Ел бірлігі дегенді қалай түсінесіз? Сүйінбай мен қырғыз ақыны 
Қатағанның айтысы. 
 
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы ел бірлігі дегенді қалай түсінесіз? 
Жауап:  –  Әсет  бауырым,  сенің  қойған  сұрақтарың  бірінен  кейін  бірі 
терең  мағыналы  болып  келе  жатыр.  Онда  бұл  сұрағыңның  қарымтасын 
Сүйінбай бабамыздың Қырғыз ақыны Қатаған мен айтысы арқылы жауабын 
берейін.  Мен  өзім  осы  айтысты  1990  жылы  қазіргі  Бекболат,  бұрынғы  1-ші 
май  ауылының  тұрғыны,  белгілі  жырау  Хамза  Екейбаев  ағамыздан  естіп 
жазып  алып  едім.  Бұл  өте  ұзақ  айтыс,  мен  алғаш  тыңдаған  сәтте  марқұм 
Хамза  қажы  ағамыз  қолына  домбырасын  алды  да,  алысқа  шабатын  бәйге 
аттар  сияқты,  батыр  тұлғасына  ерекше  көрік  беріп  тұрған  екі  көзі  шоқтай 
жанып, жүзінен бір ерекше шабыт лебі есіп, томағасын сыпырған қырандай 
саңқ  етіп,    Қатаған  мен  бабасы  Сүйінбай  ақындардың  айтысын 
домбырасының сүйемелдеуімен: бастапқысын ерекше қырғызға тән әуенмен, 
мақаммен  –  соңғысын  қазақтың  жігерлі  де,  асқақта,  төкпелетіп-төгілдіріп 
ұзақ-сонар қиссаларды айтатын ырғақ әуеніне салып бастай жөнелгені әлі көз 
алдымда.  
 
Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар.  Пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с) 
1847  жылы  Қырғыздың  бай  шонжар  манабы  Орманхан  шешесіне  ас 
береді.  Бұл  ас  жиынға  Қазақ  пен  Қырғыздың  игі  жақсылары  бас  қосады. 
Қазақ  ақыны  Сүйінбай  Қырғыз  ақыны  Қатаған  да  осы  жиында  кездеседі. 
Екеуінің  айтысы  болып,  Қазақтың  бар  баласы  айтылатын  бұл  айтыстың 
мақсаты  елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру. 
Қырғыз елінің шоң манабы Бәйтік қазақтан келген қалың топқа: «Тезек 
төре! Мына бадана көз, сұлу жігіт Сүйінбай ақын емес пе?!» – деді. Өзінің 
аты бірінші аталғанда Сүйінбайдың айтқаны
 
Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға, 
Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік, 
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік. 
Атақты ас-жиынды құттықтауға, 
Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік. 
 
қыран бүркіт қашқан аңға. 
Хане Жатай, Қара Бәйтік, Әтекеңе, 
Келіп ем амандаса Орман ханға. 
 
Арғы атаң ер Әтіке, батыр Жантай, 
Басыңа кидің бөрік қызыл алтай. 

 
275 
Қанаттас қырғыз елін көрмек үшін, 
Боларын осы астың күттік алты ай. 
Бас қосқан екі халық ұлы жиын, 
Келген соң сөйлеу керек сөзден қайтпай. 
Қол жайып, құран оқып өткендерге, 
Аруағым атам қырғыз келдім жоқтай. 
Алдына қалың қырғыз келгеннен соң, 
Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?! 
Қырағы аспандағы ақиықпын, 
Құмарым басылмайды борандатпай! 
 
Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің тасасында отырған қағылез, 
қайыстай қара жігіт қарғып тұрып, қолына домбырасын ала айғайды салып, 
Сүйінбайға тиіседі. 
 
Қатаған ақын: 
Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді,   
 
 
  
Ояйын ба көзіңді! 
Ақын мен деп ойлайсың,  
 
 
 
 
 
 
 
 
Мен тұрғанда өзіңді! 
Қисық ағаш кездесті,    
 
 
 
Басыңнан өлең жаудырып, 
Бір құрайын тезімді!   
 
 
 
Барың болса қарышта,   
 
 
 
 
 
 
 
 
Барар жерің сезілді!   
 
 
 
 
 
Келіп қапсың байқамай,  
 
 
 
 
 
Өлетұғын жеріңді, 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көрсетейін деп өзіңе, 
Қазулы тұрған көріңді! 
Ажал айдап келген соң, 
 
 
 
 
 
Саған өлім тегін-ді! 
Тентіреп жүріп қаңғырып,    
Былғама шалқар көлімді! 
 
 
 
 
 
 
Қара жалым  хан Орманхан, 
Жантай, Бәйтік бегімді! 
 
 
 
 
 
Сыртыңнан іздеп, жүруші ем, 
Келтірді Құдай кезіңді!  
Түстің бе бәлем қолыма, 
 
Үрлейін мес қып теріңді! 
Қатырлатып та шайнайын,   
 
 
Қыбырлаған жеріңді! 
Ай Сүйінбай, Сүйінбай, 
 
Сүйінбай маған бұйым ба-ай! 
 
Сүйінбай сені жеңермін, 
Ешкімге де сиынбай!   
 
Айтысатын ақынсың,   
 
 
 
 

 
276 
Бір қалаштық тиынға-ай! 
Керегің жоқ Қырғызға,  
 
Керегің Қазақ жиынға-ай!   
 
 
 
 
Келіп қапсың ордама, 
Қатағанды тұйынбай!   
 
 
 
 
 
 
Боз жапалақ сен едің,   
 
 
 
 
Қияқты сұңқар мен едім, 
 
 
 
 
  
Тырнағыма ілінсең, 
 
 
 
 
 
 
Қалмайды желкең қиылмай!   
 
 
 
Осы жерде жеңілсең   
 
 
 
 
 
Кірмессің қайта жиынға-ай!   
 
 
 
Еліңе сонсоң қайтарсың,  
Көзіңнен жасың тиылмай! 
 
Арманда қалма Сүйінбай, 
Ақында болсаң байқайын, 
Басыңнан өлең жаудырып, 
Миыңды біраз шайқайын! 
Айтыспаймын да сенімен, 
 
Сес көрсетіп қайтайын! 
Көптігімді-ау айтайын, 
Байлығымды-ау айтайын, 
Менің атым Қатаған, 
Қоңыр Бөрік асында, 
Бес жүз жылқы матағам! 
Сүйінбай тәуір ақын деп, 
Мұның несін атаған! 
Құс мойынды, қоян жон, 
Тұлпардан туған жатаған! 
Бай мырзаңды қоса ғып, 
Айтысыам деп менімен, 
Өлтіріп алма қападан! 
Сүйінбай сенен жеңілсем, 
Қатаған болмай қатайын, 
Көк шешектен жатайын! 
Қырғызға әкеп мақтанып, 
Беш тиынға-ау сатайын! 
Әскер тартып барғанмын, 
Сөзімнің тапшы жалғанын, 
Әскер тартып барғанда, 
Өзімдікі болмап па ед, 
Қойныңдағы жарларың! 
Атқа да мінген арларың! 
Кенесары төреңнің, 
Басын кесіп алғанмын, 
Науырызбайдай бегіңді, 

 
277 
Итіме сүйреп салғанмын! 
Заты жаман Сүйінбай, 
Кәне кегіңді алғаның! 
Алам деп кегің жүргенде, 
Ішіңде кетер арманың! 
Ау, көптігімді де айтайын. 
Орауыз, қара бурадай,   
 
 
 
 
Шала сөйлеп жатпайын! 
 
 
 
 
 
  
Күніне шауып жараған,  
 
 
 
 
 
Жүйрік жалын тараған,  
 
 
 
 
 
Қара Бәйтік бегім бар,   
 
 
 
 
 
Падишадан шен алған, 
Орманханға балаған!   
 
 
 
 
 
 
Аузына Қырғыз қараған! 
Батыр Жантай бегім бар, 
 
 
 
 
 
 
 
 
Егізек пен Тоғызақ, 
 
 
 
 
 
 
Бұғы деген қырғызым,  
Маңдайға біткен жұлдызым! 
 
Қырғыз болып аттансам, 
 
 
 
 
 
 
Өзімдікі емес пе!  
 
Қазақтағы бар қызың!   
 
 
 
 
 
Қызың тұрмақ құл болар, 
 
 
 
 
 
Босағаңдағы жалғызың! 
 
 
 
 
 
Қаңғырып жүрген қазағым, 
Қимылдашы кәнеки. 
Сүйінбай ақын сені ме,  
Меніменен айтыссаң,   
 
 
 
 
 
Кіргізермін әкеңнің,   
 
 
 
 
 
 
Өзенді жерге бас ұрған,  
 
 
 
 
 
 
Қазулы тұрған көріне!   
 
 
 
 
Кезеңді жерді-ау асырған,   
 
 
 
 
Қазақтың шауып жылқысын, 
Алдына салып айдаған! 
 
 
 
 
 
Байлық десең, бізде бар,  
Батырлық десең, бізде бар! 
 
Ел шетінен айтайын, 
 
Сарыбақ үш мың дұлым, 
 
Жағамдағы құндызым! 
 
Маңдайдағы жұлдызым, 
 
Бұғы деген жұртым бар, 
 
Байлық десең, мұнда бар, 
 
Көптік десең, мұнда бар! 
 
Беттік десең, мұнда бар, 
 
Көкше қоян құмда бар, 
 
Біздей ерчі қайда бар! 

 
278 
 
Қасар ұры деген қырғызым, 
 
Сары рудан қозғасам, 
 
Тең келмес оған қаруың! 
 
Ауадан былай көп Солта, 
 
Найзасын тасқа жаныған, 
 
Тұлпар мініп жаратқан, 
 
Жанды аузына қаратқан! 
 
Сол Солтының ішінде, 
 
Қалың қара Қанайым, 
 
Қанайымды қаптатып, 
 
Қазағым саған салайын! 
 
Қазақ қандай, мен қандай, 
 
Оған несін қарайын! 
Айтысам деген ақынның, 
 
 
 
Сүйінбай! 
 
Зар жылатқанмын талайын!   
 
 
Онан бері танайын, 
Қақ шекеңнен ұрайын! 
Қимылдашы кәнеки, 
Қай жақсың бар ей Қазақ, 
 
 
 
 
 
Сыртыңнан бағып тұрайын! 
Алатаудан төтелеп, 
Тау ешкідей, тік басып, 
Саяғыма шығайын! 
Тынай менен Саяқтың, 
Артық қылып нәсілін, 
Жаратқан жоқ па Құдайым! 
Онан да бері Саяғым, 
Саяғым аман тұрғанда, 
Сүйінбайдың да үстінен, 
Алар ма еді таяғым! 
Бұрынғы мен соңғыда, 
Оңалып еді баяғым, 
Орманхандай бегімнің, 
Құшақтап сүйген аяғын! 
Сүйінбай ақын байқадым, 
Қақ шекеңнен шабайын, 
Сыртыңнан бағып қарайын! 
Деп,  демін  алғанда,  Қатағанның  екпінінен  жасқанған  Тезек  төре 
Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді. 
А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік батыр Тезек 
Төреге:  «Ей,  төрем,  көтер  басыңды,  қаныңды  қашырма.  Сүйінбай  өлең 
таппай  отыр  дейсің  бе?!  Булығып  отыр.  Сүйінжан,  шығар  даусыңды»  – 
дегенде, Тезек төреден бастап сөйлеп кетеді. 
 

 
279 
Сондағы Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны: 
 
 
 
 
 
Қашырма төре, қаныңды, 
 
 
 
 
 
Кіргізейін жаныңды, 
 
 
 
 
 
Қатағаннан жеңілсем, 
 
 
Талап алғын малымды! 
 
 
Іздегенім осы еді, 
 
 
Іздегенім табылды. 
 
 
Қатаған сөзден жаңылып, 
Өз-өзінен жаңылды. 
Қызып тұрған темірге, 
Өзі келіп қарылды! 
Нарескенге жолықтың, 
Шашамын судай қаныңды. 
Болаттан құрыш қылышпын, 
Алтыннан соққан сабымды! 
Қабағын шытса Сүйінбай, 
Тарту қылып тартарсың, 
Қойныңдағы жарыңды, 
Айдап келіп берерсің, 
Алдыңдағы малыңды, 
Малың түгіл барыңды! 
Жүйрік аттай көсілсем, 
Көре алмассың шаңымды, 
Алжыған тазы секілді, 
Аңыламай шаптың аңыңды. 
Заты жаман Қатаған, 
Иттігің қашан арылды! 
 
Жаңадан сөзім жаңада, 
Мақтанып жүрсің Қатаған! 
Бес алты біткен танаға, 
Кенесары, Наурызбай! 
Қырғызды барып бес шауып, 
Келтірген аузын тобаға! 
Төрелерін кергілеп, 
Апарып тыққан молаға, 
Бұл Құдайдың қазасы, 
Қазаға қарсы бола ма? 
Заты жаман Қатаған, 
Маңайыма жолама! 
Әрнәрсені бір сөйлеп, 
Әркімді бір даттайсың, 
Алжып аңға шыққанша, 
Үйде неге жатпайсың? 
Байлығың сенің белгілі, 
Бұтыңды отқа қақтайсың, 

 
280 
Жаздай егін айдайсың, 
Жалғыз бұзау байлайсың! 
Түр-түрлікті қоймайсың, 
Сүйінбай сынды ақынды, 
Жеңемін деп ойлайсың, 
Қарсы шапқан қырғиға, 
Ажалы жеткен торғайсың! 
Көн шоқайың бұлтылдап, 
Көмекейің жылтылдап, 
Аз қонаққа ақ сұрап, 
Көп қонаққа қап сұрап, 
Қазақ жақын келгенде,  
Келмеуші ме едің мал сұрап! 
Көппін деп айттың Қатаған, 
Көптігің сенің қайда бар, 
Үш атаның ұлысың, 
Қазағымды қаптатсам, 
Жұртта қалған күшіктей, 
Айдалада ұлырсың! 
Шапырашты елім бар, 
Асқар таудай белім бар! 
Байтақ жатқан елімнен, 
Шапыраштыға сенім бар. 
Тұлпар мініп жаратқан, 
Жауын жеңіп қаратқан! 
Маған қандай теңің бар? 
Сұраншы, Саурық аттанса, 
Сыртқы жауға өлім бар! 
Қарасайлап аттанса, 
Дұшпанға қазған көрім бар! 
Шапырашты қалың ел, 
Жауды көрсе қаптаған, 
Сабыр қылып саспаған. 
Қарасай үлкен ер еді, 
Есімі елге белгілі. 
Асыл заттың бірі еді, 
Аруағы дүркіреп,  
Басылмай әлі келеді! 
Тұлпар шапса талмаған, 
Бар қазақтың ұлында, 
Онан асқан болмаған! 
Даңқты батыр болмаған! 
Даңқты батыр ер еді, 
Бүкіл қазақ жиналса, 
Қарасай білсін дер еді! 

 
281 
Мен Қарасай ұлымын, 
Нар келдемнің түрімін. 
Айтулы ердің бірімін, 
Шапырашты батыр ел, 
Батыр туған мен едім! 
Менменсіген мықтының, 
Талайын жеңген ер едім. 
Сұраншы, Саурық кезінде, 
Қайссың бетке кеп едің? 
Құдияр хан мен Орманды,  
Алдыма салып қуғанда, 
Білінбей кетті дерегің! 
Қаршыға тиген шілдей қып, 
Сондағы туған мен едім! 
Қырғыз, Қазақ елдесіп, 
Тыныштықта тұрғанда, 
Анау мынау демегін! 
Шапырашты ішінде, 
Қалың жатқан асылым. 
Артық менің нәсілім, 
Шыбыл менен Айқыным, 
Маңдайдағы айқыным! 
Екей деген ақын ел, 
Өлең таппай қиналсаң, 
Айтысқанда бізге кел. 
Есқожа деген батыр ел, 
Көсе көсе көктеген. 
Бүкіл қазақ халқында, 
Оған ерлік жетпеген! 
Онан бері айтайын, 
Қалың жатқан Ошақты,  
Атамыз қойған осы атты. 
Талай елді олжалап, 
Талай жерді босатты! 
Жасаған жауға осы атты, 
Батырлары көп шығып,  
Алтыннан сауыт жасатты! 
Ошақты деген батыр ел, 
Ішіндегі атақты! 
Қатаған ақын оңбайды, 
Тіл тигізіп халыққа, 
Аруаққа тас атты! 
Онан бері Ыстым бар, 
Алатаудай күштім бар. 
Қазағым атқа қонғанда, 

 
282 
Қатаған артың мұштыңдар! 
Сол Ыстының ішінде, 
Ойық пенен Тілігім бар. 
Барлығы түгел қозғалса, 
Сырқырар сенің жілігің! 
Елдесіп отырған екі елдің, 
Қалаймысың бүлігін? 
Шағыстырған жұртымды, 
Жақпады маған қылығың! 
Атағы жоқ Қатаған, 
Құрысын сенің ырымың! 
Онан бері Сары Үйсін, 
Ұлы жүздің бәрі Үйсін! 
Екенімді Сүйінбай, 
Осыларды қаптатсам, 
Енді «батыр» танисың. 
Есеңгіреп еліңнен, 
Ұмыт болар тарихың! 
Онан бері Қаңлым бар, 
Қаңылыны қаптатсам, 
Аузы басыңды қан қылар! 
Қолыңдағы барыңды, 
Қойныңдағы жарыңды, 
Тартып алып зар қылар! 
Шанышқылыны қаптатсам, 
Кең дүниеңді тар қылар. 
Қожа менен Тоғышақ, 
Сәлделері бір құшақ. 
Қали пірім өз жұртым, 
Сахарадан жөнейтін, 
Көлден ұшқан қу құсап! 
Онан бері Сіргелі, 
О, да бір жұрт іргелі. 
Жігіттердің бәрі де, 
Теке жәуміт мінгені. 
Дүниенің қызығы, 
Тамаша дәурен сүргені! 
Іледен ары өтейін, 
Жалайырға жетейін. 
Он екі атаның ұлы еді, 
Абақ, Тарақ жұртым бар. 
Ақ Көбікті өлтірген, 
Орақ батыр сонда бар, 
Арғы атасын айтайын, 
Қоғалы көлді шалқытқан, 

 
283 
Туған айды балқытқан, 
Сөзге шешен Балпықтан, 
Он екі ата Жалайыр, 
Аршынға қолын сермеген, 
Маңына дұшпан келмеген! 
Батыр деген сол елде, 
Найзамен шаншып ет жеген. 
Ажалдан бұрын өледі, 
Ыңғайына көнбеген! 
Тұлпар деген сол елде, 
Алтын Ордада бағылып,  
Дорбада тұрып жем жеген! 
Сұлу деген сол елде, 
Ашпаған бетін пендеге, 
Еркектерін ардақтап, 
Өмірі адам көрмеген! 
Батырлары жасанып, 
Аттары кетпес кермеден, 
Қазақ деген батыр ел, 
Ешкімге намыс бермеген! 
Онан әрі Дулатты, 
Батырлары көп шығып. 
Талай жерді шулатты, 
Спатай аңдас Бәйсейіт, 
Қарсы келген дұшпанын, 
Садақ тартып найзамен, 
Қылышпен кесіп турапты! 
Төрт Дулаттың баласы, 
Жердің жүзін жасырған. 
Ерегескен дұшпаны, 
Алдына келіп бас ұрған! 
Былай барсам Сиқымым, 
Сиқымымды қозғасам, 
Басыңа салар қиқуын! 
Онан бері Жанысым, 
Жанысымды қозғасам, 
Жанып кетер намысым! 
Батырлары көп шыққан, 
Ешкімге бермес намысын, 
Қалай екен шабысым? 
Сөзімді енді байқап  көр, 
Қатаған қайта барысып! 
Онан бері Ботпайым, 
Ботпайымды қозғасам. 
Кетерсің жанып оттайын. 

 
284 
Етім қызып кеткенде, 
Сабыр қып қалай тоқтайын? 
Меніменен егеспе, 
Жерге ұрамын доптайын! 
Тұра тұрғын Қатаған, 
Шымырымды жоқтайын! 
Онан бері Шымырым, 
Шымырымды қозғасам, 
Кеудеңнен шығар шыбының! 
Артыңнан шығар дыбының! 
Одан әрі асайын, 
Алатаудан тосайын. 
Алты аталы Албаным, 
Албанымды қозғасам, 
Саған түсер салмағым! 
Көбікті сөзді көп сөйлеп, 
Заты жаман Қатаған! 
Әр кімге тиді салдарың, 
Албаным атқа қонғанда, 
Тосырқаған торы аттай, 
Бойыңда қалмас иманың! 
Онан әрі Суаным, 
Аз да болса жуаным. 
Бүкіл дүние жүзінде, 
Шөгіп жатқан мұнарым! 
Ешкісіндей кедейдің, 
Азғантай ғана Қырғызсың! 
Алдыма салып қуамын, 
Алдымнан жұтып Қатаған, 
Артымнан қайта туамын! 
Одан әрі келейін, 
Қазақты тере берейін. 
Айта берсем таусылмас, 
Жалпақ жатқан Ұлы Жүз! 
Орта Жүзге келейін, 
Орта жүздің ішінде, 
Жалпақ жатқан Найманым! 
Құлашын кең жайғаным, 
Құдайындай силайтын, 
Үйіне келген мейманын! 
Түр-түрлікті қоймадың, 
Сүйінбай сынды ақынды, 
Жеңемін деп ойладың! 
Ажалы жеткен қарғасың, 
Бүркітпенен ойнадың! 

 
285 
Сүйінбайға жетем деп, 
Қазанымнан ас ішкен, 
Қан құсып жүрме тойғаным! 
Сол Найманның ішінде, 
Бегімбетпен, Қызайым, 
Қос уыстап өлеңді, 
Төбеңнен әкеп құяйын! 
Төбеңнен өлең сауласа, 
Сонда болар уайым! 
Одан бері келейін, 
Керейімнен терейін. 
Байлық пенен көптік те, 
Мырзалық пен бектік те, 
Оған ешкім жетпеген, 
Тәуекел қып көрейін! 
Сарыарқаны жайлаған, 
Мамаға атын байлаған. 
Даладағы аттары, 
Құлын тайдай ойнаған! 
Қарсы келген дұшпанын, 
Қоралы қойдай айдаған. 
Сол Арқаның жерінде, 
Арғын деген жұртым бар. 
Былай барсаң Арғыным, 
Арғыным атқа қонғанда, 
Басыңнан сенің қарғыдым! 
Ешкім басып көрген жоқ, 
Олардың екпін арынын! 
Арғын деген сансыз ел, 
Қоныс қылған мекен ғып, 
Дүниенің жарымын! 
Жерге кіріп кетерсің, 
Олардың бассаң тамырын! 
Сүйінбай пірің мен болам, 
Енді «батыр» таныдың! 
Қатаған деген адам ба, 
Айтқанда сөздің анығын! 
Сол Арғынның ішінде, 
Қаракесек елім бар. 
Айта берсем Қазақта, 
Талай, талай көрім бар, 
Қатаған ақын қозғадың, 
Менің де айтар жөнім бар! 
Атығай мен Қарауыл, 
Әр қайсысы әр ауыл, 

 
286 
Одан да ары барайын, 
Жауған қардай борайын, 
Алды артыңды орайын! 
Тобықты менен Уағым! 
Оған дағы барайын. 
Байлық пенен бектікте, 
Мырзалық пен көптікте, 
Барлығыңды жисаң да, 
Көре алмассың маңайын! 
Жеті ата деген көп жұртым, 
О да, менің бек жұртым. 
Жанқұтты деген беге бар, 
Керегеге алтын сырды жақтырған, 
Керней сырнай қақтырған. 
Сен сияқты Қатаған, 
Ақылы жоқ ақынды, 
Құл қылып малын бақтырған! 
Орал тауға бір қонып, 
Қиғаштап төмен кетейін. 
Бақ орнап Қызыр жайлаған, 
Мыңдап бие айдаған, 
Мыңдап бие байлаған! 
Қарсы келген дұшпанын, 
Қоралы қойдай жайпаған, 
Кіші Жүзге жетейін! 
Елімнің қандай екенін, 
Түсінді шығар көкейің! 
Көктен төнген көк тұман, 
Кіші жүздің баласы, 
Айналасы көк теңіз, 
Сол теңізге құятын, 
Еділ Жайық екі су, 
Сырдарияның саласы, 
Арасында сол жердің, 
Кіші Жүздің баласы! 
Сұлтан Сиық, Байсиық, 
Хан қызы екен анасы, 
Он екі ата Байұлы, 
Жеті аталы жеті ру, 
Әлімменен, Шөмекей, 
Халқымның еді жағасы! 
Кәнеки бетке қарашы, 
Қазағым түгел атқа қонғанда, 
Ешкімнің келмес шамасы! 
Одан әрі шу дейін, 

 
287 
Ескен желдей гулейін! 
Кіші жүздің ішінде, 
Алшын менен Жаппасым, 
Жаңадан бұрдым ат басын! 
Сүйінбай сөйлеп болғанша, 
Тұра тұрғын саппасым! 
Одан әрі барғанда, 
Қазақты жиып алғанда, 
Тоқсан баулы Қоңыраттан, 
Әңгімені қозғасам,  
Жүре алмассың жалғанда, 
Тоқсан екі ұлы бар, 
Қыпшағымнан айтайын, 
Күнің қандай болады, 
Ноғайлыға барғанда. 
Ноғайлыға қосымша, 
Тағы да бар Тамасы, 
Кәнеки бетке қарашы! 
Көппін деген Қазақтан, 
Қатағанның жоқ қой санасы! 
Толып жатқан көп қазақ, 
Көк пенен жердің арасы! 
Манаптары Қырғыздың, 
Қатағанды ақын деп, 
Алып келдің ұялмай. 
Қатаған ақын сөйлесе, 
Күлесің езу жия алмай, 
Енді міне отырсың, 
Орныныңнан тұра алмай! 
Мына отырған Қатаған, 
Қайта қайта мақтанып, 
Жантайдың шенін қоймайды. 
Аңға шыққан тазыға, 
Оған да қарғы байлайды! 
Еменнен күшті ағашпын, 
Еселесең сынбаймын! 
Алдаспанға жолықтың, 
Түбіңе жетпей тынбаймын! 
Топ бастаған бұлбұлмын, 
Сөз бастаған жүйрікпін, 
Судан шыққан сүйрікпін, 
Бәйгеден озған дүлділмін, 
Шығарма Қатаған үніңді! 
Есіңе сақта бүгінгі, 
Қанатың сынған күніңді! 

 
288 
Жардағы өскен жапалақ, 
Келтіріп менің жынымды! 
Қырғыз, Қазақ қосылып, 
Қырғыз, Қазақ қосылып, 
Жалтылдатпа  мұныңды!  –  деп  тоқтайды 
Сүйінбай. 
 
– 
Ботам  Сүйінбай!  Сен  жеңдің,  Қатаған  жеңілді.  Қатаған  көппін  деп 
мақтанды,  аттың  түгіндей  қазақтан  қырғыз  қашан  көп  болып  еді?!  Бірақ, 
қазақ  ала  ауыз  ел,  әттең  сен  осыны  айтпадың,  Қатаған!  –  деп  ашуланады 
батыр Жантай. 

 
Өзіңдей  қазақтың  жүйрік,  алғыр  ақынынан  қалың  қырғыз  ешбір 
сыйын  аямайды.  Бір  еркелігіңді  көтереміз.  Жеңген  жүлдеңе  не 
таңдайсың?  Соны  өлеңмен  айтшы,  Сүйінжан!  –  дейді  екі  елдің 
айтысын басқарып отырған, төрағасы Қара Бәйтік. 
 
Сүйінбай: 
Ер-тоқымы алтыннан 
Бір ат бергін астыма, 
Әсемдетіп мінерге. 
Керегесі күмістен, 
Босағасы асыл тас, 
Бір ақ отау үй бергін, 
Еңкейіп оған кірерге! 
Алтын қынап, қылыш бер, 
Білегіме ілерге. 
Он жеті жасар бір қыз бер, 
Онымен ойнап-күлерге. 
Он бес атан түйе бер, 
Жүгімді артып жүрерге. 
Тоғыз жүз жылқы берерсің, 
Еліме айдап барарға! 
Тоғыз жүз жамбы берерсің, 
Сандығыма саларға! 
Іздеп келген Сүйінбай – 
Кем берсең мұнан алар ма?! 
Келістіріп сөйлесе, 
Жақсыдан сөз қалар ма?! 
Өз ойына сенбесе, 
Суырылған жүйрік болмаса, 
Жақыслар алдына келер ме?! – 
дейді ақын әзіл-шыны аралас, базыналық білдіріп. 
 
– 
Сүйінбай  ботам!  Екі  елдің  бас  қосқан  үлкен  айтысында  Қатағанды 
жеңгенің үшін: Ыстықкөлдің ақ көбігінен жаратылған асқан сұлу Мейіз атты 
қыз, алты қанат ақ орда, алтын бесік, бір бүркіт, мойнында күміс қарғысы бар 

 
289 
екі  тазы  силаймыз.  Риза  бол  қарағым!  –  дейді  Қара  Бәйтік  асқа  жиналған 
күллі қазақ пен қырғыздың ортасында. 
Осының барлығы да бүгінгі рухани құлдырау заманында халқымыздың 
салауатты  өмір  жолына  түсіп,  өркендеуі  үшін  зор  маңызы  бар  дүниелер. 
Абай,  Шәкәрім  мұрасын  елдегі  саяси-әлеуметтік,  экономикалық  және  басқа 
да  шиеленісіп  жатқан  көптеген  мәселелердің  себеп-салдарын  табуға, 
қоғамдағы  болып  жатқан  шым-шытырық,  бір  қарағанда  түсіну  қиын 
құбылыстардың  заңдылықтарын  анықтау  үшін  қолдансақ  құба  құп... 
Осылайша бүгінгі өміріміздегі қиындықтар мен шырғалаңдардың себептерін, 
оларды шешу жолдары мен бағытын анықтауға мүмкіндік туады.  . Сөйтіп, 
ұлы  ойшылдың  және  өткен  ғасырларда  өмір  сүрген  жыр  алыптары  Асан 
қайғы,  Бұхар  жырау,  Сүйінбай,  Жамбыл  т.б.  бабаларымыздың  рухани 
дүниелерін толығырақ ашу арқылы күнделікті өмірдегі тірегіміз ғана емес, 
сонымен  бірге  еліміздің  алдағы  басты  бағыттағы  болашағын  анықтау 
құралына айналдыру бүгінгі заман талабы екені бұлтартпайтын шындық. 
       
Қазіргі таңда, әділет заңдылығын дұрыс түсініп, бүкіл халық болып оны 
күнделікті  өмір  көрінісіне  айналдырғанда,  мүлде  басқа  нәтиже  алынады. 
Оған  мысал  ретінде  бүгінгі  күндердегі  Сингапур  елінің  тарихын  алуға 
болады.  Сингапур  осыдан  40-50  жылдай  бұрын  ғана  артта  қалған  елдердің 
қатарында  болған.  Бүгінгі  күндері  оның  даму  қарқыны  мен  деңгейінің 
жоғарылығы сонша, тіпті, оны Америка, Жапон елдерімен ғана салыстыруға 
болады.  Сингапур  бұндай  дәрежеге,  әрине,  ең  бірінші  алдыңғы  қатарлы 
елдердің  ғылыми-техникалық  жетістіктерін  кезінде  дұрыс  қабылдап,  өз 
қажеттеріне  пайдалана  білуімен  жетті.  Бірақ  бұдан  да  маңыздысы  –  ол 
қоғамдағы  әділеттіктің  көрінісі  болып  табылатын  табиғаттың  себеп-салдар 
заңдылығын  дұрыс  түсініп,  оны  қоғам  өмірінде  мүлтіксіз  орындауға 
ұмтылып  отыруында  болды.  Қоғамдық  ақпарат  құралдарының  хабарына 
қарағанда  Сингапур  елінде  зорлық-зомбылық,  парақорлық,  өз  ісіне  салқын 
қарау  тәрізді  арты  қылмысқа  ұрындыратын  әрекеттер  кездеспейді  екен. 
Себебі, ондай әрекеттер қатты жазаланады. Сондықтан, ондай әрекеттерден 
әркім  аулақ  болуға  ұмтылады.  Бұл  Сингапур  еліне  тыныштықта,  үлкен 
қарқынмен, бірқалыпты өркендеу жолына түсуге зор мүмкіндік әкелді. 
«Кім  болса  да  өмірде  бақыт  іздеп,  тек  қана  соған  ұмтылады.  Бақыт 
жолында  адам  ұшқан  құс  тәрізді.  Екі  қанаты  бірдей  болып,  сәйкестікпен 
ұшпаса, құс ұшқан бағытынан ауытқып кетеді. Сол сияқты, адам баласы да 
өзінің екі тірегін бірдей ұстамаса алған бағытынан ауытқып өмір жолы оны 
бақытқа  емес,  зардапқа  ұрындыруы  мұмкін.  Сол  үшін  бақыт  құсының  қос 
қанаты  тәрізді  екі  тірегі  болып  табылатын  рухани  және  материалдық 
тілектерін тең ұстауға ұмтылады. Бұл табиғи заңдылық. Абай мұрасына зер 
сала  қарайтын  болсақ,  ойшылдың  рухани  мұрасынан  әлем  заңдылықтарын 
көріп, өзіміздің күнделікті өмірде де, мемлекетіміздің өркениетінің қарқынды 
даму жолында да пайдаланатын өте көп құндылықтарды таба аламыз» – деп, 
өзінің  өмірге  деген  терең  философиялық  тұжырымдарын  еліне  елеулі, 
халқына  қалаулы,  қадірменді  ел  ағасы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиев 
осылай түйіндеді. 

 
290 
Пайдаланылған кітаптар: 
 
1. Коранъ. Переводъ съ арабскага языка. Г. С. Саблукова. Третье изданіе. 
  
Казанъ. Центральная Типографія. 1907 . 
2. Коран. Перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой. 
    
Москва. Рипол классик. 2005 
3.  Құран Кәрим, қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай. 
4.  
Поль  Брэгг.  «Здоровье  и  долголетие.  Чудо  голодания».  –  Москва: 
Издательство «Грэгори». – 1996. 
5.    Досым  Омаров.  «Абайтану»  немесе  ұлы  ойшылдың  рухани  кемелдену 
туралы ілімі. – Алматы: «Мектеп». – 2002. 
6. Омраам Микаэль Айванхов «Свет мира». Юбилейное издания 1900 – 2000 
год.  – Москва: Издательство «Техническая книга». – 2000. 
7.    Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы.  Шығармалардың  екі  томдық  толық 
жинағы. – Алматы: Жазушы, Өлеңдер мен аудармалар.  – 2004. 
8.  Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Иманым». – Алматы: «Арыс» баспасы. –  2000. 
9.  «Қазақтың  халық  медицинасының  ғылыми  көкжиектері».    – 
Алматы:«Атамұра» – 2003. 
10.  «Наука о жизни с позиции Аюрведы». – Москва. – 1998. 
11. Пайғамбарымыздың бір мың бір хадистері. – Шымкент қаласы – 1992 ж. 
12.  «Қазақтың  мақал-мәтелдері».  Құрастырған  А.Т.Смайлова  –  Алматы: 
«Көшпенділер» баспасы.– 2005. 
13. Аманжан Жақыпов. «Қаракерей Тума тарихы». – Алматы: «Үш Қиян». –– 
2004. 
14. Сүлеймен Нұрания. «Ұрпақ үндестігі» Шежірелер. – Алматы: «Дәуір». – 
2003. 
15
. Рахым Алмабекұлы Оразалиев (библиографический указатель). – 
Алматы: «Алейрон». – 2005. 
16
.   «Сөз тапқанға қолқа жоқ». – Алматы: «Жазушы». – 1988. 
17
. Р. Оразалиев, Д. Омаров, Ә. Мұқашбеков. «Жасару құпиясы». –  Алматы: 
«Алейрон». – 2006. 
18.  Шалқар  Әбішұлы.  «Жақсы  болу  –  өзіңнен».  Тәрбие-тағлымдық  өлеңдер 
мен жыр-толғаулар. – Алматы: 1999. 
19. Шалқар Әбішұлы. «Ойланып көрші өзің де!». Тәрбие-тағлымдық өлеңдер 
мен жыр-толғаулар. – Алматы: 2003. 
20.  Шалқар  Әбішұлы.  «Мән  бергін,  жастар,  сөзіме!».  Тәрбие-тағлымдық 
өлеңдер мен жыр-толғаулар. – Алматы: 2003. 
21. Көпен ӘМІР-БЕК. «Хамза қажы». – Алматы. «МерСал» Баспа үйі, 2005 
22. 
Жырау  –  Ақан  Әбдуәлиевтің  айтуымен  үнтаспадан  жазылып  алынған: 
«Сүйінбай мен Қатағанның айтысы». – Алматы: 2002. 
Құрметті  оқырман  қауым!  Осы  кітап  туралы  пікіріңізді,  ұсынысыңызды 
білдіремін  десеңіздер  автордың  тікелей  өзімен  мына  телефондар  арқылы 
байланыса аласыздар: 8 701 733 55 71 ұялы телефон. 
Үйдікі:  коды 8 (32 771) 35 – 9 – 94  Басқа облыстардан, тыс жерден. 
8 (271) 35 – 9 – 
94  Алматыдан, облыс көлемінен.
 

 
291 
 
 
 
          
Фото  
           
автора 
 
Жақсы, пайдалы ой ойла, 
Осы ойыңды іске асыр! 
 
Осы қарекетіңді әдетке айландыр, 
Осы  әдетің мінезіңді қалыптастырсын.  
Осы қалыптасқан мінезің – тағдырыңды шешеді! 
 
Әсет Ризаұлы Мұқашбеков 
Әсет  Ризаұлы  Мұқашбеков  –  1951  жылы  тамыз  айының  21  жұлдызында 
Бұрынғы Семей облысы Ұржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келген. 
 
1970  жылы  Алматы  қаласындағы  Қазақ  ауыл  шаруашылық 
институтының  агрономия  бөлімшесіне  түсіп,  1975  жылы    ғалым  –  агроном 
мамандығын алып шығады. 1975...2004 жылдар аралығында бұрынғы Семей 
облысының Ұржар, Мақаншы аудандарында өз мамандығы бойынша әр түрлі 
дәрежедегі қызметтер атқарады. 
 
Рухани қараңғылықтан болған ауыр сырқатының салдарын, ашығудың 
көмегімен    қайта  қалыпқа  келтіріп  алғаннан  кейін,  осы  ашығу  ілімнің 
керемет  пайдасы  бар  екенін  2000  жылдан  бастап  өзіне-өзі  тәжірибе  жасап, 
ғылми  түрде  дәлелдеп  шығып:  ел-жұртқа  радио,  теледидар,  журналдар, 
лекциялар  және  өзі  жазған  кітаптары  арқылы,  ұлтымыздың  салауатты  өмір 
сүруі мен денсаулығын шыңдау мақсатымен кеңінен насихаттайды.  
 
Биология  ғылымдарының  докторы,  академик  Р.  Оразалиев,  философ-
ғалым, техника ғылымдарының кандидаты  Д. Омаровтармен бірлесіп жазған 
«Жасару құпиясы» атты – табиғаттың денсаулықты түзетудің ұңғыл-шұңғыл 
сырын  қарапайым  түсінікті  тілмен  баяндап,  қалың  оқырман  қауым  «күндіз 
шаммен»  іздеп  жүріп  оқитын  өте  қызғылықты,  тартымды  жазылған  кітабы 
«Алэйрон» баспасынан екі қайтара 4000 данамен басылып шықты. Сондай-ақ 
осы кітапта қазақ баласына жетпей жатқан нәрсе – имандылық пен байлыққа 
жетудің  де  құпиясы  мен  әдістері  жан-жақты  кеңінен,  осы  салада  шыңға 
шыққан  азаматтардың  айтуымен  нақтылы  деректерге  сүйене  отырып 
баяндалады. 
2007 жылдың басында «Аштықты ұстау – денсаулықтың кепілі!» атты 
екінші кітабы да екі қайтара 4000 данамен баспадан шығып, оқырмандардың 
«пышақ үстінен бөлісіп алып кететін» сүйікті кітабына айналды. 
Автордың қолдарыңызға ұстап отырған «Рух пен тәннің саулығы» атты 
кітабы  да  алдыңғы  екі  кітаптың  жалғасы  болып  табылады.

 
292 
 

Document Outline

  • Сұрақ: – Ораз аға, өмір деген не?
  • «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
  • Қазақ мақал-мәтелдері
  • Мен өзім осы ашығуды өткізгеннен біліп жүрмін, тазарған сайын рухани кітаптар тіпті түсінікті бола береді екен, осыларды қайта-қайта  оқып рухани ілімімнің деңгейін көтере түсудемін. Осының нәтижесінде Абай мен Шәкәрімнің адамзат алыптарының алдыңғы ...
  • II. Денсаулық тылсымы
  • Денсаулықтың он қағидасы
  • Жауап: – Адамның дене бітіміндегі Ауа ерекшелігінің сезім жанама түрі мида, баста, кеудеде орналасқан. Олар бес сезім мүшесінің жұмыстарын қамтамасыз еткендіктен біз: естиміз, көреміз, тамақтың дәмін, топырақтың исін сеземіз, өзіміздің терімізге жанас...
  • Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің сөз жанама түрі түрі дегеніміз не? Қай мүшеде орналасқан?
  • Жауап: – Ауа ерекшелігінің сөз жанама түрі өңеш пен өкпеде орналасқан. Бұл құлақпен байланысқан мидағы сөйлеу орталығы арқылы сөйлеу ағымының жұмысын қадағалайды. Мысалы, сәбилердің сөзінің бұзылуы – өткен өміріндегі есту мүшесінің бұзылуының салдары....
  • Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің ас қорту жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшелерде орналасқан?
  • Жауап: – Ауа ерекшелігінің ас қорту жанама түрі асқазанда, ішекте, төсіміздің айрық сүйегінде орналасқан. Ол жүректің, асқазанның, тік ішектің, тоқ ішектің, асқазан астындағы бездердің, сондай-ақ ас қорту мен ішектердің де жұмыстарын қамтамасыз етеді...
  • Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің жыныс жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшелерде орналасқан?
  • Жауап: – Ауа ерекшелігінің жыныс жанама түрі тік ішек пен қарынның төмен жағында орналасқан. Ол жыныс мүшелерінің, етек кір ағымының жұмыстарын ретке келтіріп отырады. Осы жыныс жанама түрінің тепе-теңдігінің бұзылуы кіші дәрет шығаратын мүшенің, ішт...
  • Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің жүйке жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшелерде орналасқан?
  • Жауап: – Ауа ерекшелігінің жүйке жанама түрі өзінің әсерін бүкіл жүйке жүйесі мен қан айналу жүйесі арқылы береді. Біздің бес сезім мүшелеріміз берген ақпаратты жүйке жүйесі арқылы қабылдайды, қан тамырларының біресе кеңіп, біресе тарылуының да себеб...
  • Сұрақ: – Тепе-теңдік бұзылғанда қалай реттеуге болады?
  • Жауап: – Тепе-теңдіктің бұзылу салдары, Ауа ерекшелігінің тоқ ішектің төменгі жағы мен тік ішектің ішіне шоғырлануына себепкер болады. Осыдан құтылу және ауа алмасуын реттеу үшін, таңертең және кешке денедегі қуат көздерін уқалап, ауаның денедегі теп...
  • Қуат көзінің бірінші нүктесі қабақтың екі арасына орналасқан, осыны екі саусағыңызға май жағып алып, сағат жүрісі бойынша қатты батырмай күніне екі қабат жылу пайда болғанша баяу 1-2 минут уқалаңыз, егер де қатты батырып, жұлқып уқаласаңыз бас қуысың...
  • Қуат көзінің екінші нүктесі төс сүйектің айрығының арасындағы ойыққа орналасқан (солнечное сплетения). Осы нүктені екі не үш саусағыңызбен сағат жүрісі бойынша 2-3 минут уқалаңыз. Уқалауды тек жатқан қалыпта ғана жасаңыз.
  • Қуат көзінің үшінші нүктесі қарныңыздың ортасында болады, осы аумақты уқалағанда, ауаның тепе-теңдік қалпының бұзылуының салдарынан болған көптеген келеңсіздіктерден арыласыз.
  • От ерекшелігі
  • Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, От ерекшелігі дегеніміз не?
  • Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, От ерекшелігі – денеміздегі от немесе жалын, запыран. Бұл тәніміздің зат алмасу ағымының барысында пайда болған жылу қуаты. От – ас қорту, сору, еріту, теріміздің жылуын бірқалыпта ұстау, өңімізді, көз жанарымызды, терім...
  • Сұрақ: – От ерекшелігі қалай жіктеледі?
  • Жауап: – От та бес жанама ерекшеліктерге жіктеліп денеміздің әр жеріне орналасады. Ол асқазанда, тері бездерінде, қанда, майда, көзде, терімізде, бірақта негізгі мекені ішек (тонкой и 12-перстной). Оттың тепе-теңдігінің бұзылуы – терінің қабынуына, га...
  • Басында жоқты бар қылған,
  • Жоқтықты жойып көр қылған.
  • Есепсіз дене жаратып,
  • Еріксіз жиып нәр қылған
  • Сұрақ: – Көрінетін әлем қуатты қайдан алады?
  • Реттегіш тәртіптерге имандылық қана емес, басқа да жүйелер жатады. Халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, тіпті бір кездегі "Коммунизм құрылысшысының моральдық кодексі" де реттегіш тәртіп бола алды. Мысалы, Кеңес дәуiрiнде үкiмет орнатқан те...
  • Манада айтқан халықтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлері де адамның адамгершілігін жоғалтпауына үлкен ықпал болып табылады. Халықтың ұлттық дәстүрін бұзу қоғамға қарсы әрекет деген сөз. Сондықтан олар қатты жазалануы керек. Бұрын бейберекет, қалай ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет