Ауруды жаратқан – Құдай, ауыртқан – Құдай емес. Абай (28-ші сөз)
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, адамның ойлау жүйесі мен қоршаған ортаның
арасында байланыс бар ма?
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, мына сұрағыңыз өте бір ауқымды сұрақ
болды, осыған жан-жақты, толығырақ жауап беруге тырысайын.
–
Әрбір жан иесіне күн астынан орын берілген. Бірақта тіршілік кешетін орта
бірдей емес, бұлай болу себебі жан иесінің ойлау жүйесіне – тіршілік кешетін
ортаның сәйкес болуынан. Қозғалмайтын жан иелерінің санасы жетілмеген,
бірақ осылардың өздері де әр түрлі ортаға қалыптасқан. Кейбір ағаштар ауа мен
күн шуағы мол ашық алаңқайда өссе, кейбіреулері қыспақта өседі. Адам
тәріздес тіршілік иелері өздерінің қалауларымен, іс-әрекеттерімен, ойлау
жүйесімен өздерінің болашақтағы тіршілік ететін ортасын жасайды. Сәби сурет
салғанда, бірдеме құрағанда оның қиялы – ойы мен пайымдау жүйесіне сәйкес
болады. Адамдар есейе келе болашақта өздеріне кең сарай немесе жұпыны
лашық тұрғызады, бұны басқа біреу жасамайды, тек қана ойлау жүйесіне сәйкес
өзі ғана тұрғызады. Өмір – бүкіл әлемдік әділеттік заңына сәйкес
Жаратушының басқаруымен іске асады. Өзіміздің қалауымыз бен ойлау
жүйемізге сәйкес лайық ортаға орналастырады. Пәндік әлемде әрбір тірі жан
иесіне барлық жағдай жасалған, ешкімде суықтан, аштан, шөлден өлуге тиіс
емес.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, адам білместіктен табиғат заңдылықтарын бұза
берсе не болады?
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, өзіңіз де білесіз – пенде өзінің
тойымсыздығымен табиғат заңдылықтарын бұза берсе, ол біртіндеп күнәлі
істерді жасай бастап – құлдырап, азып-тоза бастайды.
Мал мен адам өмірінің айырмашылығын Абай былай деп анықтай түседі:
14
...
Малда да бар жан мен тән,
Ақыл, сезiм болмаса
Тiршiлiктiң несi сән,
Тереңге бет қоймаса?
"
Малда да бар жан мен тән, ақыл, сезiм болмаса" деген жолдағы ақыл мен сезiм
адамға берiлетiн ерекше ақыл, сезiм (интеллект) деп түсiнемiз. Әйтпесе
хайуанаттарда да өздерiне тән ақыл мен сезiм бары белгiлi. Бұл өлең
жолдарымен Абай адам мен хайуанаттардың ақыл-сезiм айырмашылықтарын
көрсетедi.
Хайуандар күнәлі істер қылмайды, олар табиғат заңдылықтарымен өмір
сүреді, себебі оларда еркіндік не таза ақыл жоқ. Адам мен басқа тіршілік
иелерінің айырмасы: адамның жаны туғанда рухпен қапталса, хайуандар мен
басқа тіршілік иелерінің жаны рухпен қапталмаған. Олардың білімі табиғи
болмыспен (шартты рефлекспен) шектелген. Олар Құдай, дін туралы білмейді,
сондықтан да пәндік әлемнің шырмауынан шыға алмайды. Олар эволюцияның
даму жолымен дами береді. Оларға қарымта қайтару не бүкіләлемдік әділеттілік
заңы әсер етпейді. Себебі, олар адам сияқты саналы түрде күнәға батпайды. Тірі
жан иесі тек адам денесінде ғана пәндік әлемнің шырмауынан құтылып Түп
Иесіне, яғни Құдайға қайтып бара алады. Осы туралы данышпан Абай:
Мекен берген, халық қылған Ол лә мәкан,
Түп Иесін көксемей бола ма екен?
Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?
Сұрақ: – Жан иелері өзара қалай байланысқан?
Жауап: – Жан иесі адам денесімен туғаннан кейін, өзара шырма-шату
байланысқан: ата-аналық, сүйіспеншілік, достық, жаулық, бейтарап т.б.
қалыптарымен. Әрбір адам ғұмырында талай адамдармен серіктес, замандас
болады. Біреулерге қуаныш әкелсек, енді біреулерге өзіміздің іс-әрекетімізбен
запа шектіреміз. Кейбіреуін жақсы көріп, енді біреуін жақтырмаймыз. Қарымта
заңының бұл түйіншегін тарқату ешкімнің де қолынан келмейді. Қарымта
жалпылық, жеке тұлғанікі, қоғамдық, ұлттық, елдік, партиялық тіпті ғарыштық
та болады. Әр өмірімізде өткен күнәларымызбен есеп айырысамыз, біреулерге
қарызымызды қайтарсақ, енді біреулерге қайтадан борышқа батамыз.
Сондықтан да осы өмірімізде алған қарыздарымызды қайтаруға тиіспіз, әйтпесе
осыларды келесі өмірімізде төлеуге мәжбүр боламыз. Біз нашар жанұяда өмірге
келуіміз, немесе жанұяңда өміріңді өксікке айналдыратын балалар тууы мүмкін.
Өткен өміріңізде сізге қарыз болған адамдар кездойсоқ көмек көрсетіп,
қиыншылықтан құтқарып, қолдап-қолпаштап отырады. Есіңізде болсын: әлемде
15
кездойсоқтық деген болмайды! Қазақ атамыз бұл жағдайды «Құдайсыз қурай
басы да сынбайды», – деп дөп басып айтқан. Егер сізді алдап не тонап, немесе
соққыға жығып кетсе, онда ол өткен өміріңіздің қарымтасы қайтып жатыр деген
түсінік. Сондықтан да тағдырыңызға налуға болмайды. Бұл жерде бүкіләлемдік
әділет немесе қарымта заңы іске асып жатыр. Кейбіреулер бірқалыпты
мамыражай өмір сүреді, ал енді біреулер жанталасып, үрейленіп тіршілік
кешеді. Бірақта біреуді де көре алмаушы болмаңыз – бұл дегеніңіз білместік.
Жақсы тұрмыстағы адамдар осылай тұруға құқұлы, себебі ол өткен өмірде
істеген жақсылықтарының арқасында осындай өмірге қолы жетіп отыр. Бірақта
адамдар осы өмірлерінде де жақсылық пен қайырымдылық қылмаса олар
қайтадан төмен қарай құлдырайды. Тұрмысы т.б. нашарлай береді.
Сұрақ: – Білім, ілім деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Осыны қалай
жетілдіруге болады?
Жауап: – Білім дегеніміз – өмірге дайындық емес, өмірдің нақ өзі.
Ақылың мен рухыңды жетілдіру, адамдар ғана алдына қоя алатын – аса ұлы
мақсат.
Сұрақ: – Ашығу адамға қалай әсер етеді? Нәтижесінде не болады?
Жауап: – Ашығу бізге үш бағытта әсер етеді. Сіз тәніңізді, ақылыңызды,
жаныңызды, яки рухыңызды тазалайсыз. Нәтижесінде, аса зор денсаулық пен
буырқанған өмір сүргіштіктен ләззат аласыз. Сіздің миыңыз жаңа білім мен
ілімді сіңіріп алатын сорғышқа айланады. Ең маңыздысы – ішкі келісімшілік
пен жаныңның жай табуы сізді өмір рахатына бөлейді. Ашығудың мен дұрыс
тамақты жеудің көмегімен, қазіргі заманда табылмайтын, ұлы да, өте сирек
ұшырасатын даналыққа ие боласыз.
Сұрақ: – Қазіргі тамақ өндірісі жөнінде тоқтала кетсең. Осы улардан жас
балалар қалай уланады?
Жауап: – Қазіргі тамақ өндірісі ауру балалардың санын көбейтуде.
Осылардың миының әлсіз болуының себебі, қазіргі қалыпты дейтін тамақ
мәзіріндегі улардың әсерінен болып жатыр. Өзінің балаларына тамақтарды
сатып алып пісіретін аналар – теледидар, радио, газет, журнал насихаттарымен
уланған. Осы насихат көздері сіздің балаларыңызға құрамы өлі крахмал
консервідегі көже, қант, майлар жеуге кеңес береді.
Сұрақ: – Осы өлі тамақтар балаларға қалай әсер етеді?
Жауап: – Осы тағамдар керексіз – минералы, витамині жоқ, баланың
тәбетін тез ашатын калориямен қанықтырылған. Аналарға әртүрлі еттерден,
майсыздандырылған ұннан пісірілген нанды, шұжықтарды жегізуге кеңес
береді, ал бұлардың құрамында химиялық қоспалар бар. Қазіргі балалар кока –
кола ішіп, кептірілген пайдасыз калориясы бар жүгері жейді. Қазіргі балалар
ағзаға керекті витамин, минералдары жоқ балмұздақ, құрамында неше түрлі
қоспалар бар тоқаш, торт, самса, басқа да тәттілерді жейді. Осы тамақтар
балаларды семіртіп жібереді, бірақта оның ағзасы үнемі аш болғандықтан,
өскен сайын мешкей бола береді.
16
Осындай тамақтармен баланы қалай ғана ақылды қылып өсіріп жеткізуге
болады?
Енді 2005 жылғы «Денсаулық» журалының № 5 санында жарияланған,
қазіргі Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы ауру-сырқаудың бір дәйегін
айта кетейін.
Сұрақ: – Қазақстанда қазір жастардың басым көпшілігі ауыратыны құпия
емес. Неліктен?
Жауап: – «Ғылыми – зерттеу инстуттарының зерттеулері көрсетіп
отырғандай, елімізде жасөспірімдер арасында ауру – сырқау жыл санап көбейіп
барады. Соңғы деректерге жүгінсек жасөспірімдер аурушаңдығының
көрсеткіштері тексерілген әр 1000 балаға шаққанда мынадай екен:
Ақмола облысы
177,6
Ақтөбе облысы
424,8
Алматы облысы
90,4
Атырау облысы
183,2
Батыс Қазақстан
облысы
465,3
Жамбыл облысы
305,1
Қарағанды облысы
565,0
Қостанай облысы 469,9
Қызылорда облысы
933,6
Маңғыстау облысы
327,5
Оңтүстік Қазақстан
облысы
212,6
Павлодар облысы
542,4
Солтүстік Қазақстан 423,7
Шығыс Қазақстан
Облысы
650,2
Астана қаласы
311,5
Алматы қаласы
664,2
Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының ғылыми жұмыстар
жөніндегі кеңесшісі, профессор З. Мажитованың мәліметі бойынша соңғы
кездерде елімізде мүгедек балалар мен тіпті бір емес бірнеше созылмалы ауруы
бар сәбилер саны арта түсуде.
Сұрақ: – Болашақ сарбаздардың жағдайлары қалай?
Жауап: – Кезекті әскери шақырылу кезіндегі тексеру қортындысы әскери
комссариаттағыларды да үрейлендіріп отырғаны жасырын емес. Әскерге
шақырылған жастардың 65...70 пайызы әскерге жарамайды! Ұл балалардың
денсаулықтары нашарлап барады, ал болашақ ана – қыз балалардікі одан да
қауіпті.
17
Сұрақ: – Бұлай болуына кім кінәлы?
Жауап: – Көптеген тамақтану мамандары, дәрігерлер, ұстаздар мынандай
қортындыға келді, негізінен екі мәселе кінәлы – тамақ туралы надандық және
ата ананың қамқорлығының жетіспеуі. Осының бір салдары – жұқпалы аурулаға
жөнді қарсы тұра алмауы. Босанғаннан кейінгі келеңсіздік – дұрыс
тамақтанбаудың тағы бір көрінісі. Өз ағзасының дұрыс дамуына мүмкіншілік
бермеген әйелдің дені сау бала табуы неғайбыл.
Сұрақ: – Жастардың жағдайы әлгіндей болды, ал үлкен адамдардікі ше?
Жауап: – Енді үлкен адамдардың жағдайларын байқайық. Егер
жастарымыздың жартысы әлсіз, ауру екеніне көзіңіз жетсе, үлкен адамдардың
жағдайлары бұдан да сорақы. Мен айтып кеттім, біздің 18 бен 20 жас
аралығындағы жастарымыздың 65...70 пайызы әскерде қызмет етуге жарамайды
деп. Егер біз 25 пен 75 жас аралығындағы адамдарымызға қарасақ, жағдайлары
тіптен мүшкіл.
Егер 25 адамнан топ жиып, оларды тексерсек не денсаулығы мен ауруы жайы
сөйлессек, онда олардың 99 пайызының бір немесе бірнеше өмірлік маңызы бар
мүшесінің созылмалы аурумен ауыратынына сенімді бола беріңіз. Қайтсе де,
әрбір адамның бір жері ауырады. Олар сізге өзіне жасаған операцияларын,
ішкен дәрілерін, шеккен зардаптарын айтады.
Сұрақ: – Адамдар қазіргі заманда қандай бағдарлама ұстанады?
Жауап: – Адамдардың көпшілігі, өздерін рухани және тәндік
дамытпайтын, өмір сүру бағдарламасын ұстанады. Осының дәлелі, көбейіп келе
жатқан қарттар үйлері және мүгедек балаларға арналған мектеп интернаттар,
тастанды балаларға арналған жетімдер үйі, қала қалаларда өріп жүрген
қаңғыбас бомждар. Осы үйлер қарттарға, ауруларға, қаңғыбастарға және
мүгедек пен тастанды балаларға лықа толы.
Менің сізден сұрайын дегенім, табиғат шынында да біздің өміріміздің соңын
осылай қайғылы қылып қойды ма?
Сұрақ: – Адамның миы қалай тамақтанады?
Жауап: – Ми тәндік ағым арқылы қоректенетіндіктен, тамақтану мен
ойланудың байланысын байқау қиын емес. Тәндік ағымдар ішкен тамақ түріне
тікелей байланысты болғандықтан, тамақтану мен ойланудың байланысын
жоққа шығару ақылға қонбас еді.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, адам ораза ұстап ашыққанда не болады?
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, ашығу барысында дене тазаланғандықтан,
адамның іс қимылы өте ширай түседі. Адамзаттың кейбір ұлы ұстаздарына
ашыққан уақытта Нұр жауып, әлемнің тылсым жұмбақтары ашылған. Адамның
ақыл-ой қабілетінің еселеп арта беруі, ашықаннан кейін де ұзақ мерзімге созыла
береді. Ашығу мен дұрыс тамақтану ағзаны улардан тазартқандықтан, ми да
таза қанмен қоректенеді және ойлау қабілеті де жоғары деңгейге көтеріле
береді.
18
Біз ғылым мен техника саласында ғажайыптарға қол жеткіздік, егер де
қарапайым табиғи тамақтану әдісін үйренсек, бұдан да жоғары нәтижелерге
жеткен болар едік.
Сұрақ: – Ертедегі адамзат даналарының (филосософтар) тамақ мәзірі
қалай болған?
Жауап: – Ертедегі грек философтары өздерінің шәкірттеріне тамақты
тарта ішетін мәзірді бірінші орынға қоюды үйретті. Эпикур, Сократ, Платон т.б.
философтар өздерінің шәкірттерінің тамақ мәзірін бірінші орынға қойды, осы
тамаққа деген қатаң талап, бұлардың тағам құрамына қандай маңыз бөлгенін
көрсетеді. Осы алыптардың даналық сүю ілімі (философиясы), нешеме ғасырлар
өтсе де, әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Лас денеден – лас ойлар және
керісінше таза, аурусыз денеден мөлдір ойлар туындайды. Дене қалай улардан
тазаланады, адамға ләззат әкелетін ой өрістің деңгейі де жоғарлай береді.
Сұрақ: – Адамзат ұстаздары, ертедегі пайғамбарлар оразаны қалай
ұстаған?
Жауап: – Өмірдің ұлы шындығын уағыздау алдында Мұса, Дәуіт, Иса,
Мұхаммед пайғамбарлар, сондай-ақ Будда мен Гандилер де 40 тәуліктен
ашыққан. Мысырда ұлы Александрияда, әлемнің мәдениет орталығы болған
кезде, шәкірттер шеберлікке үйрену үшін 40 тәулік ашығуға тиіс болған. Ұлы
Пифагор өзінің даналық (философиялық) ілімін үйренетін шәкіртттерінен 40
күндік аштық ұстануын талап еткен. Оның пайымдауынша 40 күн аштықтан
кейін ғана адамның ой өрісі мөлдірленіп, санасы нұрланып, өмірдің терең
құпиялы ілімін меңгеруге қабілеттері сонда ғана жетеді деп есептеген.
Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдансаң, дәріге пысқырып та
қарамайсың.
Ибн Сина
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, ауру мен ерте қартаюдың себебі не?
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, ауру мен мезгілсіз қартаюда ешқандай
құпия жоқ. Сізді жаман әдеттеріңіз үшін жазалайды, анығырық айтсақ
осылардың көмегімен. Егер сіз толып тұрған ас қорту жолына тамақ
шоғырландыруға әдеттенсеңіз, ол қортып үлгермейді, тек қана миллиардтаған
жасаушаларыңызды улайды.
Ағзаңызды тазалықта ұстауға үйренбегендіктен, сіз аурусыз және мезгілсіз
қартайып шөгіп кеткен әлсізсіз. Денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің құпиясын
мына үш сөзбен айтуға болады. «Өз ағзаңызды тазалаңыз!». Осы даналық
сөздерді ми қыртысына қашап жазып алыңыз. Тағы, тағы қайталаңыз. Біржола
есте қалдыру үшін: «Өз ағзаңызды тазалаңыз!». Ашығу ағзаны тазалаудың,
жасартудың табиғат тағайындаған бірден бір жолы. Сіз үшін мұны ешкім де
істемейді. Бұл сіздің, тек қана ерік жігеріңізді талап ететін жеке ісіңіз. Есіңізде
болсын, өмір дегеніміз бейімделгендердің аман қалуы, ал ашығу мен дұрыс
тамақтану – аман қалудың, өзіңді өзің сақтаудың құралы.
19
Қарасай ауданының «Қазақ ССР-не 50 жыл» атты ауыл емханасының бас
дәрігер Имяров Әбдікәрім Абдуманапұлының толғауы
Тақырыбы: Аурулардың неше түрі болады? Ауырған кезде дәрігерлер тілді,
үлкен, кіші дәретті не үшін тексереді? Адам деген тірі кітап, тек қана
күнделікті оқый білу қажет дегенді қалай түсінеміз? Аурулардың кейбір
түрлері және себептері.
Жаның сау болса, сорлымын деме,
Тәнің сау болса, жарлымын деме. Қазақ мақал-мәтелдері
Өзім тұратын Қарасай ауданының «Қазақ ССР-не 50 жыл» атты
ауылымыздың емханасының бас дәрігер Имяров Әбдікәрім Абдуманапұлы,
жұбайы Харниса Аруп қызы ерлі-зайыпты екеуі де өте мәдениетті, өз
жұмыстарына
асқан
жауапкершілікпен
қарайтын
терең
білімді,
адамгершіліктері мол, жұптары жарасқан жайсаң жанды жандар.
2006 жылғы ұзақ 50 күндік ашығуымды бастағанда тексерілуге барсам,
мені танымаса да бір ауыз сөзге келмей, жүректің кардиограммасын, қан
қысымымды, тамыр соғысымды, қан анализдерімді алып, тез арада кезек
күттірмей өлшеп берді. Менің 40 күн ашығу бағдарламасын ұстауға кірісемін
дегенде, бірден қолдау көрсетіп, аптасына екі қабат тексеріліп тұруымды өтінді.
Осы жөнінде медбикенің екеуін де шақырып алып: «Біз болмай қалсақ, мына
кісі қай уақытта келмесін бөгемей толық тексеруден өткізіп тұрыңдар» – деп
тапсырма берді. Әбдікәрім Абдуманапұлы:«Сізді өзім тікелей бақылауға
аламын, ашығуыңызға 40 тәулік толғанда жүрегіңіздің кардиограммасын қайта
түсірейік, сонан кейін бастапқы түскенмен соңғы түскенді салыстырып
көремін» – деді. Осындай парасатты, ізетті дәрігерлерге шын жүректен
алғысыңды қалай ғана айтпайсың, осындай санасы жоғары азамматтар саны
көбейе берсін деп іштей алғысымды ерлі зайыпты дәрігерлер Әбдікәрім мен
Харнисаға айттым.
Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, аурулардың негізгі неше түрі болады?
Жауап: – Негізінде аурулардың екі түрі болады. Ақыл-ойдың аурулары –
қояншық (эпилепсия), жындану (шизофрения), жақтырмау (аллергия), өкпе
қабынуы (астма), сусамыр (диабет). Бұл ауруларды дәрігерлер үлкен
қиыншылықпен емдейді немесе жаза алмайды, себебі адамның нәзік денелері
ауырады. Осы жағдайларда адамның тәнін өзгертуге ұмтылады да дәрімен
«тамақтандырады», бірақта осының негізгі себебі, зардабы – ақыл-ой ауру
қалпында қалады.
Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, адам науқасқа шалдыққанда ағза
мүшелері қандай белгілер береді?
20
Жауап: – Әсет Ризаұлы, ішкі қуаттың қандай болмасын бұзылуы, алдымен
біздің бес сезім мүшелерімізге әрекет етеді. Олар біздің ішкі қалпымыздың
бұзылғанын көрсетеді. Сезім мүшелері арқылы қоршаған ортамен араласамыз,
егер олар сезімталдықтарын жоғалтса, онда тәніміз қоқысқа толып кеткені. Осы
кезде құлағыңыз жөнді естімей, көзіңіз өлеусіреп жөнді көрмей, мұрныңыз иіс,
тіліңіз дәм сезбей әрі-сәрі күйге түсесіз. Бұған назар аудармасаңыз ауруыңыз
асқына түседі.
Біз пәндік әлемде тездетіп жоятын үш нәрсе бар – өрт, ауруың және
қарызың. Ауруды емдеуді неғұрлым ерте бастаңыз, сонда ғана ағзаны тез арада
қалпына келтіресіз. Аурудың бастапқы үш деңгейінде сезімталдығыңыз
жоғалады, ал төртінші деңгейінде сыртқы және ішкі өзгерістер басталады. Ол –
бет әлпетіңіз, шашыңыз, тырнағыңыз, теріңіз өзгер бастайды. Мысалы, теріңіз
болбырап, түрі өзгеріп неше түрлі дақтар мен жаралар, қотырлар пайда болады.
Аяқтағы башпайларыңыз қисайып, бас бармағыңыздың сыртынан сүйек өсіп,
тырнақтың түрі өзгеріп, шашыңыз жансызданып түсіп, тісіңіз бұзылып, мүжіле
бастайды. Сондай-ақ көз алды қалталанып, бетіңіз ісіп, жағыңыз суалып,
танауыңыз қызарады. Қысқаша айтсақ – бет әлпетіңіздің әлем-жәлемі шығып,
уайым мен ішкі мазасыздықтың табы, тайға таңба басқандай білініп тұрады.
Ерніңіз кеберсіп, бетіңіздің табиғи шырайы жоғалады. Аяқ қолыңыз ісіп кеуіп,
буын-буыңыздан әл кетеді. Осылар ауруыңыздың сыртқы белгілері.
Сұрақ: – Ауырған кезде дәрігерлер тілді не үшін тексереді?
Жауап: – Ішкі мүшелердің жағдайын тіліңіз айтады. Тіліңіздің бет қабаты
жарылып, шеттерінде тіс табы қалады. Сау қалыпта тіліңіз ылғалды, қызыл
шырайлы, таза болады.
Бозарып кеткен тіл – қанның дұрыс айналмайтынын, жүректің нашар
жұмыс істеуін және қан тамырларыңыздың шырышқа толып кеткенінің
көрсеткіші. Тілдің бозаруы сондай-ақ, қанның қызыл түйіршіктерінің
азайғанының тікелей көрсеткіші.
Егер тіліңіздің үсті сарғыш немесе сарғыш жасыл болса бауырыңыз дұрыс
емес, запыранның ішекке жиналуын, өтке запыранның келетін жолының
бітелуін, қан тамырларыңызда қанмен қоса запыранның айналып жүргенінің
айғағы. Таңертең тұрғанда аузыңызда кермек дәм болса, өтіңіздің бұзылып тас
байланып жатқаны.
Егер тіліңіз жасыл көкшіл болса, онда жүрегіңіз әлсіз, ішкі қуатыңыздың
азайғанынң белгісі.
Тіліңіздің шетіндегі тістің табы – ішегіңіздің сіңіру қабілетінің
нашарлығын және асқазаныңыздың тамақты қортпайтынының көрінісі.
Егер тіліңізді қоймалжың ақ уыз басып алса, ағзаңызда улар бар. Мысалы:
тіліңіздің ұшындағы ақ уыз удың ішекке, ал ортасына жиналса асқазаныңызға,
егер астына жиналса онда жүрегіңізге шоғырланғанының дәлелі.
Тіліңіздің ортасындағы жолақ омыртқаңыздағы кеселді, беліңіздің
ауратынының, ал жолақ қисық болса хандроздың көрсеткіші.
21
Сұрақ: – Үлкен дәреттен қандай ауруларды байқауға болады?
Жауап: – Үлкен дәрет те біздің ішегіміз бен асқазанымыздың қалай
жұмыс істейтінін айтып береді. Егер үлкен дәретіңізде қортылмаған тамақ
болса, онда асқазаныңыз қортпайды, ішегіңіз де дұрыс емес. Таспа немесе
жіңішке арқан түрінде болса онда ішегіңіздің тарылғаны, қысылғаны. Шырыш
пен қан аралас шықса инфекция, ал исі ащы қышқыл, көбік аралас шықса
ішегіңіздегі ағымдардың ашып божуы. Өттен запыран дұрыс бөлінбегенде,
дәретіңіз ақшыл түсті балшық не құм тәріздес болады. Асқазанның астындағы
без (поджелудочная железа) бұзылғанда ақшыл-сары және майлы. Егер
асқазаныңызда қан болса қап-қара, ал ішегіңіздегі қан араласса қызылдау
болады. Ішегіңізде асқыну басталса – дәретіңіз шырыш пен ірің аралас шығады.
Сұрақ: – Сонда адамдардың ішінен шыққан қоқыстардан да ауруларды
тап басып айтуға болады екен ғой?
Жауап: – Адам деген тірі кітап, тек қана күнделікті оқый білу қажет.
Күнделікті өзіңнің тіліңді, бет-әлпетіңді, көзіңді, тырнағыңды, ерніңді мұқият
бақылап жүрсеңіз, қай жеріңіз ауыра бастағанын және қай мүшелеріңізге улар
шоғырланын алдын ала біліп отыратын боласыз.
Сұрақ: – Енді кіші дәретке шолу жасай кетсеңіз?
Жауап: – Қалыпты жағдайда кіші дәретіңіздің түрі ақшыл-сары, онша
жағымсыз исі болмайды. Күнделікті ет жей берсеңіз дәретіңіз ащы жағымсыз
иіс шығарады, терлей бергеннен соң түрі сап-сары болады. Бауырыңыз бен
өтіңіз ауырғанда дәретіңіз күңгірт сары немесе жасыл түстес болады,
қызғылтым болса несіп жолдарының, ал ақ түстес белоктық жіптер шықса –
бауырыңыз бен қуығыңыздың, қан аралас болса әйелдердің жыныс мүшелері
мен бауырының ауырғанын белгісі. Дәрет алған кезде дәретіңіз жіп-жіңішке
немесе жан-жаққа шашыраса онда – қуығыңыз бен бүйрегіңізде тас болғаны.
Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, суық тию дегенді қалай түсінесіз?
Одан жазылудың жолдары қандай?
Жауап: – Қабыну кеселдері – өз жағдайыңа қанағаттанбай үнемі өкініштің,
ызаның үстінде жүруден. Тымау тигенде адамға өмір сүру қиын. Егер осы
жағдайға тап болсаңыз табиғатты кінәламаңыз. Мәселе аяғыңыздан суық
өткенде, тоңғанда, суық тигенде емес. Суық тиіудің нақ ақиқаты – жазылуға бет
бұрған жайсыздық. Себеп ішкі тазалықтың болмауында. Қалдықтар мен улы
заттар өте көбейгенде, ағза тұмаудың көмегімен өзінен аластатады, жазылуға
бет бұрады. Осыны вирустың әсері немесе ауру демеңіз. Осы кезде, өмірлік
күштер сізге жұмыс жасап жатыр. Егер сіз табиғатпен одақ болсаңыз, онда
тазалануына көмектесесіз. Тазалау ағымына бөгет жасайтын әрекет істемеңіз.
Сізден жалғыз талап етілетіні – ашығыңыз!
Табиғат не істеу керек екенін жақсы біледі. Сізге қалатын бір-ақ нәрсе,
жылы төсекте жату. Барлық тамақтан бас тартыңыз, жемістен де, шырынынан
да. Анда санда аз ғана бал қосылған не лимон шырыны қосылған ыстық таза су
ғана ішіңіз! Жататын жеріңіздің ауасы таза болуын қадағалаңыз, оқымаңыз,
22
теледидар көрмеңіз, радио тыңдамаңыз. Тек ұйықтап демалыңыз. Туыстарыңыз,
достарыңызбен әңгімелесем деп қуатыңызды жоғалтпаңыз. Өзіңізді қоршаған
ортадан бөліп тастаңыз.
Тазалану жайсыздығында қанша ашығуға тиіссіз? Мұндай жайсыздықтар
жылдың әр мезгілінде бола береді, әсіресе суық кездерде. Аяқтан тұрып кетуге
көбінесе 3 тәулік жетеді, кей кездерде апта немесе 10 тәулік керек болады.
Тәулік туралы мазасызданбаңыз, тазалану жайсыздығынан кейін тәуір
болғаныңызды өзіңіз байқайсыз.
Көпшілік адамдарға осы әдіс қарапайым сияқты көрінеді. Оларды
қорқыныш билеп, емделу үшін әйтеуір бірдеме істеулері керек. Тіпті
табиғаттың, сіздің ағзаңызды тазалауы созылып кетсе де, үрейге бой
алдырмаңыз. Әрбір адам өзінің денсаулығын түсінген сайын ыждағатты бола
беруі керек. Ол өзінің денсаулығын өте жоғарғы деңгейге жеткізуі керек,
осының басқа ілімдермен салыстырғанда маңызы зор. Әрбір адам өзінің мінез
құлқының қалыптастырушысы, сондай-ақ өз көңіл күйі мен денсаулығының
сақтаушысы.
Табиғат адамды жаратқанда, өзінің денсаулығының күшін орынды
пайдалану үшін, таңқаларлық сана, ерекше қабілет берген. Ашығу – табиғи
денсаулыққа жетелейтін жолдардың біреуі ғана. Табиғат бізге қарапайым
тазалау құралын берді. Біз табиғатпен одақтасып, өзіміздің өмірімізді
табиғаттың бұлжымайтын заңдарымен үйлестіруіміз қажет. Тек табиғатпен
бірігіп өмір сүру арқылы ғана, тәніміздің, ақылымыздың, рухымыздың жоғары
деңгейге жету мүмкіншілігін арттыра аламыз. Денсаулыққа төте жол жоқ.
Табиғат, өзімізге тиесілі жұмысты атқаруымызды есепке алады. Біз ашыққан
кезде осы жұмыстарды атқарамыз. Біз өзіміздің әдеттерімізді, өмірімізді табиғат
заңдарына үйлестірмейінше, табиғат ғажайыптарын байқатпайды.
Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, адамға жүрек ауруы қай уақытта
жабысады?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, жүрек ауруы бірден жабыспайды. Жүрек талмасы –
бүкіл қуаныш-қызықты ақша мен мансапқа айырбастаудың салдары. Уақыт
өткен сайын қан тамырлары да тозады. Бұл – темекінің, арақтың, аса майлы
тамақтың (әр түрлі еттер, жұмыртқа, сүт тағамдары) ұзақ уақыт жасаған
қасіретті әсері. Тағы бір себеп дене қимылының аздығы. Қан тамырының тозуы
жар басына жиі әкеледі. Адам өзінің қан тамырларының 50 пайызы бітеліп
қалғанын тіпті сезбей де қалады. Тіпті білгір мамандардың өздері де, қазіргі
зерттеу әдістерін қолданып қауіпті еш нәрсе таба алмауы мүмкін. Қан
тамырларын бітеп тастайтын зат – холестерин немесе арам еттер. Бітелу
біртіндеп басталады, қан тамырларының іші жіңішкере беріп, жүректің бұлшық
еттерін жұмыс істететін мөлшерде қанның құйылуын қамтамасыз ете алмайды.
Қан тамырлары тіпті жіңішкере бастағанда, жүрек пен қан қысымының ауруы
белгі бере бастайды. Қан тамырларының бұзылуы жас шағынан басталып,
біртіндеп тозып бітеле бастайды. Сонан соң, әлдекім таңертең өзінің күнделікті
23
күйбеңіне кіріскенде, кенеттен көзі қарауытып, жүрегі қысып өліп кетеді.
Өлмей қалған жағдайда, өмірлік кембағал болып қалады.
Өзіңнің қан тамырларыңның тазалығын, басқа заттармен ластанбауын
тұрақты түрде тексеріп отыруың керек, әйтпес жүрегің қысуы мүмкін. Қалыпта
тағам да тамырларға қақ тұрғызып, бейнетке ұшыратады. Адамдардың
көпшілігі, қатерге ұшырамай, өзінің қан тамырларының жағдайын білмейді.
Ауру қыспағанша, олар өздерінің жаман әдеттерінен арылмайды және өзінің
қалыпты тамағын жей береді.
Бұрыннан белгілі жайды қайталауға рұқсат етіңіз. Сіздің жасыңыз бұл сіздің
қан тамырларыңыздың жағдайы. Есіңізде болсын, көпшілік жағдайда қан
тамырларының бітелуі жас күніңнен басталып, мөлшері 55-ке келгенде жүрек-
қан тамырлары ауруына әкеп тірейді.
Мен ашығу жүрек-қан тамырларының ауруын емдейтін әдіс деп
есептемеймін. Ашығу алдын алу шарасы. Әсет аға, осының алдындағы «Жасару
құпиясы» атты кітабыңызда осы туралы академик Рақым Алмабекұлы керемет
айтыпты. Мен осыған түгелдей қосыламын, ашығу дегеніміз ішкі тазалау. Ол
біздің қан тамырларымыз қиналмай жүректі қоректендіріп тұру үшін оның
тазалығын сақтауына жәрдемдеседі. Тамырлардың жүйесі арқылы, қан қоректік
заттармен барлық ағзаны қамтамасыз етеді. Ағзадағы қан айналу тұрақты және
біркелкі болуы керек. Егер қан айналымы ағзаның бір бөлігінде бір сәтке тоқтап
қалса, онда алапат соққы аламыз. Бүкіл ағзаны бөгетсіз қоректендіру үшін,
тамырлар таза болуы керек.
Қазір таза, иілгіш, серіппелі қан тамырлары бар 70-80 тіпті 90 жасқа
келген еркек, әйелдерді сирек болса да табуға болады. Жастары
ұлғайғандықтарына қарамай, олар жас, себебі олардың қан тамырлары
қозғалғыш, серіппелі, тозбаған. Егер осы адамдардың ағзалары улардан таза,
денсаулықтары жақсы болса, неге оларға әлі талай жылдар өмір сүрмеске?
Осының нақты бір мысалы ретінде, алдыңғы «Жасару құпиясы» кітаптың
авторларының біреуі академик Рақым Алмабекұлының өмір сүру қағидасы,
осыдан артық қандай дәлел қажет?
Әсет Ризаұлы, біз аңыздардан білеміз, бүкіл әлемдік топан судың алдында
кейбір адамдардың 900 жыл өмір сүргендерін. Біз бұған күлеміз, олардың
есептеулері басқаша болған деп. Біз осылай болмады деп қалай айта аламыз?
Бәрі мүмкін, себебі осы адамдар өздерінің қан тамырларын тамаша қалыпта
ұстау үшін, қалай өмір сүру, қалай тамақтану керектігін білді ғой. Қан
тамырлары өзінің жұмысын дұрыс, жақсы атқарғанда бүкіл ағзаның жұмысы
тепе теңдік қалпын сақтайды.
Біз айтамыз, адам қартайып бара жатыр деп, бұл бір нәрсені ғана білдіреді,
ол өзінің қан тамырларын сақтау үшін қалай тамақтану, қалай өмір сүру
керектігін білмейді. Қан тамырлары, қашан өзінің міндетін дұрыс атқармай
бұзылғанда, адамның денесінің бөліктеріне қан дұрыс бармағандықтан, адамдар
24
аурушаң, ұмытшақ, әлсіз болады. Олар біртіндеп өледі, себебі оның денесі мен
миына қан дұрыс бармайды.
Біз ашыққан уақытта, бүкіл өмірлік күш ағзаның ішкі тазалығын және қан
тамырларын тазалауға жұмсалады. 10 тәулік ашықаннан кейін бүкіл дене
жеңілдеп, ақыл ұшқырланып, есте сақтау қабілеті артады және дене қимылына
деген зор құлшыныс пайда болады. Мен есептеймін, біз ашығу, дұрыс
тамақтану бағдарламасы арқылы қан тамырларын тазалап, өз жүрегіміздің
өмірін ұзартуымыз қажет. Егер денсаулық үшін айқаста жеңімпаз болғымыз
келсе, өзіміздің қан тамырларымызды өмірдің кілті деп санауымыз керек.
Күнде майлы ет жей берсеңіз, сіз өз ағзаңызда уларды шоғырландыра
бересіз. Есеп айырысуға тура келеді. Ағза майды аз ғана тілейді, біз майлы
тамақты күнделікті көп қолданамыз, соңы жүрек-қан тамырлары ауруына әкеп
соғады. Академик Оразалиев ағамыздың таңертеңгі тамақты ішпе деуінің бір
себебі осында. Сырт әлпетіне қарасаң сау сияқты көрінетін, таңертең ет,
жұмыртқа, картофель, кілегей, кофе ішетін көптеген ер, әйелдерді білемін.
Сыртынан сау сияқты көрінетін осы адамдардың жүрек ауруының құрбаны
болып, біреулері молаға, енді біреулері өмірлік кембағал болып қалғандарын да
білемін. Сіз өз ағзаңыздың физиологиясын білмегендіктен, осылай тамақтану
керек деп ойлайсыз. Тамақ ішу – ләззатанудан да тереңірек ілім.
Осы кітаптағы бағдарламаны бастамас бұрын, жүрек-қан тамырының
маманымен кеңесіңіз. Ол сіздің жүрегіңіз бен қан тамырыңыздың жағдайын
айтсын. Қан қысымы мен тамырдың соғуын тексеріңіз, сонан кейін жыл бойы
ашығу мен қатаң мәзірді ұстаныңыз. Дәрігерге қайта барыңыз. Мен сенімдімін,
ол өз ағзаңызғбен ғажайып жасадыңыз деп айтпасына. Осының бір мысалы
Әсет Ризаұлы өзіңізсіз, ашығып ораза тұту арқылы жүрегіңізді жазып т.б.
ауруларыңыздан айығып алдыңыз ғой. Қазірдің өзінде ашыққан уақытыңызда
үнемі дәрігерлердің бақылауындасыз ғой.
Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, адамның тәбеті жоғалуын қалай
түсіндірер едіңіз? Қандай себептері бар?
Жауап: – Асқазан аурулары өзгеріс атаулыны қорқып, үркіп қабылдаудан,
жаңалықты нәрсені игеруге қабілетсіздіктен. Бұның себептері әртүрлі. Соның
біреуі – түңілу (апатия). Мақсат жоқ болғанда адам бәрінен түңіліп кетеді.
Осының салдарынан көптеген аурулардың туындауы мүмкін. Мынаны
түсінуіміз керек, біздің ағзамызда басты екі бағыт бар: өмір сүруге және өлуге
деген қалау. Адам жанының үш сапасы бар: мәңгілік, білім және бақыт немес
ләззаттану. Мәңгілік – біздің жанымыздың ерекшелігі, біздің табиғатымыз,
біздің өлгіміз келмейді. Бірақ тәннің табиғаты пәндік (материалдық) болғаннан
кейін оның сапасы да басқа, сондықтан тәнде өлуге деген қалау болады.
Мысалы: адам өмірден түңіліп кетсе тәбеті жоғалып, оның ағзасы біртіндеп өше
бастайды. Бұны әсіресе қарт адамдардан байқауға болады.
Адам қатты ашуланса, өзін-өзі дұрыс ұстай алмаса да тәбеті жоғалады.
Сондай-ақ мазасыздық, жалқаулық пен қорқыныш та адамның тәбетін бұзады.
25
Осыған керісінше тойымсыздық, ашкөздік, көре алмаушылық адамның аранын
ашып жібереді, адам мешкей болып кетуі де мүмкін. Басқаша қара жұмыс
істегенде және терең ақыл-ой жұмысын істегенде де адамның тәбеті ашылуы
мүмкін.
Адам қайғырғанда белгілі қуат кеміп оның ащы жегісі келеді, ал
жәбірленгенде қышқылды аңсайды. Егер адам үнемі дем алмай шиыршық атып
жүрсе тұзды дәмді, ал ақыл-ой жұмысын істесе жұмсақ дәмді іздейді. Адам
шектен тыс аямшақ болса майлы тамақпен, үнемі ауыр жұмыс істесе тұрпайы
тамақпен тамақтанады. Егер өмірдің талқысына түсіп кетсе, іші құрғап
кеткендіктен қуырған тамақты, ал өмірде қуанышты сәттер жетіспесе тәтті
тағамдарды жақсы көреді. Сондықтан да дұрыс тамақтану үшін, тамақ
құрамында дәмнің бәрі де болу қажет.
Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, қан қысымының жоғарлауының
себептері не? Осыдан жазылу жолдары қалай?
Жауап: – Қан қысымының артуы: бастан шықпай, әбден мезі еткен ой –
сезімнен. Қан қысымының жоғарлауының ең бірінші себебі – тұйықталу.
Адаммен араласпай, адам баласын жақтырмай, өзіңмен-өзің болып тұйықталып
алсаң қуатың ішке жинала береді. Бұл тәндегі нәзік өмірлік ауаның ауруы.
Әдетте қан қысымы жоғары адамдар ауаны ауыр шығарады. Қуат кірген кезде
тыныс алулары жеңіл болады, ал тыныс шығарулары ауыр. Бұның себебі, адам
керемет бірдеме істегісі келеді, бірақ кім үшін екенін білмейді. Ол тек өзі үшін
ғана жасайды. Егер адам сүйіспеншілікпен біреу үшін еңбек етсе, онда оның
нәзік денесінің күші мен ақылы қоршаған ортамен араласып үйлесімділік
табады. Егер адам бәрін өз басының пайдасы үшін істей берсе, мұндай жағдайда
қуат далаға шыға алмай, іште шоғырланып жинала бере қан қысымы ауруына
ұшыратады. Адам қоршағандарға ашылған уақытта, оның қан қысымы бірден
түседі. Бұны қарапайым салқын душ қабылдап, суда жүзіп малтумен және
барлық тіршілік иелеріне шын көңіліңмен бақыт, сәттілік тілеп те жазып алуға
болады.
Сұрақ: – Әбдікәрім Абдуманапұлы, қан қысымымыз неге түседі?
Жауап: – Қан қысымының кемуі – сәби шақтағы аялап, еміренудің
кемістігінен. Бар үмітің кесілгендей күйзеліп торығудан. Қан қысымының түсу
себептері – өмірден түңілу, уайым, салың суға кету, сенімсіздік, жалқаулық,
мақсат жоқтық, әлсіреу, тазалықтың болмауы, настық. Настық дегеніміз ішіңнің
де, сыртыңның да кірлеуі. Бұл адамды сенімінен айырады. Егер өзіңіз туралы
жаман пікір естісеңіз жүрегің кірленеді. «Жүрегің» деп айтатыным – біздің нәзік
денелеріміздің орталығы жүректе орналасқан. Жан жүректе орналасқандықтан,
жүректің адам өміріндегі орнын жоғары бағалап, оған көптеген анықтамалар
береді. Мысалы: ыстық жүрек, сорлы жүрек, мұз жүрек, ауру жүрек, жылы
жүрек, ынталы жүрек, ызалы жүрек, асау жүрек, ет жүрек, жас жүрек, шошыған
жүрек, шын жүрек, сұм жүрек, ақ жүрек, қапаланған жүрек, айнымас жүрек,
26
жаралы жүрек, сөнген жүрек. Қарасаңыз қандай болмасын өлең жүрек туралы
ғана айтады, ал басқа мүшелер туралы ақындар да жырламайды.
Сұрақ: – Ұйқысыздықты қалай түсіндіресіз?
Жауап: – Ұйқысыздық: қорқыныштың, қатты ширығудың, қатты
аямшақтықтың, көре алмаушылықтың, кінәмшылдықтың, кек сақтаудың,
ызақорлықтың салдары. Ұйықтау қабілеті – ақылдың жұмысы, осының себебін
ұйқысыздық ауруына шалдыққан адам білмейді. Егер адам қатты ширығып
тұрса, онда ұйқысы бұзылады. Ұйықтауға үйрену үшін, алдымен қанағаттануға
үйрену қажет. Адам өзінің аяқталмай жатқан ісін бітірсе, біреуге берген уәдесін
орындаса, не істесе де шын көңілімен сүйіспеншілікпен істеп, көңілі жәй тауып,
ешкімге қарыз болмағанда ғана қанағаттанады. Біреуге қарыз сияқты сезіну,
екінші адаммен арадағы қарым-қатынастың нашарлығын көрсетеді, ал бұл өз
кезегінде ақылын мазасыздандырады. Егер біреу біздің ақылымыздан ұстап
тұрса ширығамыз, ал босатқан уақытта ақылымыз мамыражай қалыпқа түседі.
Адам сүйіспеншілікпен еңбек етсе, онда оның ақылы сабырлы, мамыражай
қалыпқа автоматты түрде енеді.
Сұрақ: – Аяқтағы қан тамырлары неге кеңиді?
Жауап: – Көк тамырдың кеңеюі (варикзное расширение вен) – өз
мүмкіндігіңнен төмен, шарасыз күйде жүргендей сезінуден. Себебі жалқаулық.
Жас келіншектер сәбилі болғаннан кейін толық қанды өмір сүре бастайды.
Бірақ, өзін-өзі босаңсытып жібергеннен кейін қан тамыр жүйесі бұзылады.
Сондай-ақ жас келіншек босанғанда аяқ қан тамырлары бұндай қысымды көтере
алмай кеңіп кетеді. Сонан кейін адам жөнді дем алуды білмейді. Осыдан жазылу
үшін дем алуды үйренуі керек. Сонымен қатар жас келіншектер жалқаулыққа
жеңдірмей, қарқынды өмір сүріп, тынымсыз болулары қажет.
Сұрақ: – Аллергия қалай пайда болады?
Жауап: – Аллергия – маңайдағы нәрселерді, заттарды жақтырмаудан.
Қатты мазасызданудан, келіспеушіліктен пайда болады. Осы кезде
сезімталдығыңыз өршіп, қуанышыңыз азайып, сіркеңіз су көтермейді. Аллергия
–
бөтен тұлғамен, өзіңіздің тұрпайы денеңіз бен нәзік денелердіңіздің
соқтығысуы. Соқтығысатын себебіміз, оларды жақтырмаймыз. Жақтырмайтын
себебіміз, қуаныштың жоқтығы мен өзімшілдігімізден. Аллергия аса қатты
ширықаннан да болады. Адам мол табыс табуға ұмтылып, шектен тыс жұмыс
істесе ширығып, қиналып кетеді. Адамның көп молшылық пен бақытқа жетуі –
айналамызға қандай пайда әкелуімізге байланысты. Табыс – біз
сүйіспеншілікпен, бақытты, қуанышты жағдайда ғана еңбектенгенде келеді.
Шектен тыс қаталдық та аллергияны туындатады. Біреуге қаталдық,
қанпезерлікпен қарасаңыз, ол да сізге солай қарайды. Қанпезерлік пен қаталдық
қорғаныс (имунитет) қабілетін төмендетіп неше түрлі инфекциялық аурулардың
себебі болады.
Сұрақ: – Есте сақтау қабілетінен, зердесінен (амнезия) айырылудың
себептері?
27
Жауап: – Амнезия (еске сақтау қабілетінен айырылу) – үнемі қателесіп,
өкініп, опынудан. Адамның зердесінің төмендеуі қаталдық пен ызақорлықтан
туындайды. Өте өзімшіл жан, қандай жолмен болмасын біреулер арқылы
ләззаттанса өткен оқиғаларды ұмытып, өзінде бар пайдалы ақпараттардан
айырылады. Дөрекілік те адамның есте сақтау қабілетін төмендетеді. Адам
өмірдің шындығынан қорқып қашқанда да зерде азаяды. Осы кезде адам артық
ақпараттан саналы түрде жасқанады. Рухани жалқаулық та зердені
нашарлатады. Осы кезде адамға ішкі даусы не істеу керектігін айтып тұрса да
пенде оны тыңдамайды. Егер осы кезде адам ішкі даусын тыңдап жақсылыққа
бет бұрмаса, болашақта осы қорқыныштың қарама-қайшылықтарынан адам
жаманшылыққа ұшырайды. Өзінің намысын қорғай алмау да зердеден
айырылудың себебі. Адам өзінен түңіліп, бәріне бей-жай болғанда өзінің
намысын аяққа таптатады. Өзінің намысын аяққа таптатпау өзімшілдік емес.
Әділдік үшін күресу, жағаласу қажет. Осы кезде ешкімге де ол жамандық
ойламайды, тек әр нәрсені рет-ретімен орнына қояды. Егер адам өзінің намысы
үшін күресе алмаса «бұға берсең, сұға береді»-нің кері болады. Жалқаулық та
зерденің жоғалуына жетелейді. Адам еріншектігінен есіне сақтағысы келмейді.
Артық ширығу да зердеге кері әсер етеді. Адам бақытты шақтарында ғана
бірдеңені есіне жақсы сақтап қала алады. Егер адам істегісі келмейтін нәрсені
істесе, бұл табиғатына жат, сондықтан осыны істемеу керек. Әйтпесе есіне
сақтау қабілетінен айрылады. Аямшақтық, ашкөздік, тойымсыздық та есті
жоғалтады, себебі ес-зерде басқа мақсат үшін берілген. Бірдеме жасау үшін
есімізге сақтап аламыз. Өзімізге ұнаса да зердемізге түйіп қоямыз. Арсыздық та
есті жоғалтады. Арсыз адам өзінің бас пайдасы үшін неге болмасын барады.
Адам өзінің өткенде істеген жауыздықтары мен қатігездіктерін есіне
сақтамайды, ұмытады және есін жоғалтады. Қорғау ағымы осылай жұмыс
істейді.
Сұрақ: – Жаман ісік (онкология) ауруларының себептері?
Жауап: – Қатерлі ісік – ішкі мазасыздықтан, біреуге өкпелесең ешқашан
ұмыта алмаудан, кешіре білмеуден. Қатігездік пен қанпезерліктен, жаман
әдеттерден, өткен өмірлеріңдегі жаман қылықтарыңнан: кісі өлтіру, зорлық-
зомбылық жасау т.б. Көбінесе өткен өміріңізбен байланысты болады. Бұндай
жағдай жиі болып тұрады, өзіңіздің жұлдызнамаңыздан (гороскоп) да көруге
болады, себебі осы аурумен ауырасыз ба, ауырмайсыз ба сіздің тағдырыңызға
жазылып қойған.
Сұрақ: – Соқыр ішек (аппендицит) дегеніміз не?
Жауап: – Адамға еркіндік бармеген уақытта соқыр ішегі ауырады. Ауру
қорқыныштан, психикасы ширығудан, зорығудан, шешімсіздіктен туындайды.
Бұл ауру көбінесе жас балаларда болады, себебі баланың еркіндігін шектен тыс
шектеп тастаймыз. Осындай жағдайларда ішек запа шегеді, себебі, ол іс-
әрекеттің мүшесі. Егер адам бос белбеу ынжық болса, осыған сәйкес оның ішегі
де бос, былбыр болады. Егер адам өзінің іс-әрекетінде ширығып жүрсе, осыған
28
сәйкес оның ішегі де ширығып тұрады. Егер адамның іс-әрекетін үнемі
тұншықтырып ауыздықтай берсе соқыр ішегі қабынып ауырады. Бұл әсіресе
жас балаларда жиі кездеседі, сондықтан да ата-аналардың осыны білулері шарт.
Сұрақ: – Сусамыр (сахарный диабет) қалай туындайды?
Жауап: – Өкпелегіштіктен, қоршаған ортаға қанпезерлікпен қарағаннан,
жек көрушіліктен, тым сезімталдықтан және мінезінің әлсіздіктерінен
туындайды.
Сұрақ: – Тері ауруларының себептері неден?
Жауап: – Ішкі және сыртқы тазалықтың, қайырымдылық пен нәзіктіктің
болмауынан, мазасызданудан туындайды. Тазалық ішкі яғни ойлау жүйең және
сыртқы болады. Ішкі ойыңның ластануы мен сыртқы тәніңді нас басуынан тері
ауруларына шалдығады.
Сұрақ: – Маскүнемдік дегеніміз не, оның себептері?
Жауап: – Маскүнемдік – адамның дәрменсіздігі жанына тыныштық
бермеуден, өзін әлсіз, қажетсіз сезінуден. Адам қалай ләззат алу керек екенін
білмейді. Оның үш жолы бар. Біріншісі: адам сүйіспеншілікпен қуана еңбек
етіп, өзінің жетілу жолын білім арқылы жетілдіре түсу. Екінші жолы – «құмар»
ойындар, еңбексіз, алдаумен келген үстіртін бақыт. Үшіншісі – біреудің
бақытсыздығына қуану. Осылардың ішінде, бірінші бақыт – нағыз бақыт, ең
тұрақтысы. Екінші бақыт – тұрақсыз бақыт. Үшінші түрі тек қана зардап
әкеледі. Екінші және үшінші түрінен ләззат алғысы келетін адам іше бастайды.
Ішу – өзіңнің санаңды ләззатқа айырбастау. Адам ақымақтығынан да ішеді,
басқалар ішкеннен кейін ол да ішеді. Адам өзіне дұрыс мақсат қоймай, ісі
өнбегеннен кейін маскүнемдікке салына бастайды. Өзін-өзі тануға ұмтылған
адамда күдер үзу деген болмайды. Өтірік айта берген де адамның басқа жол
таба алмағандықтан ішімдік ішкісі келеді. Адам біреуді алдаған кезде, оның
айналасына да өзі сияқты алаяқтар жинала бастайды. Нәзік денесінен бәрі
көрініп тұрғандықтан бұндай адамға ешкім де сенбейтін болады. Өзінен бәрінің
теріс айналып, бақыт көзі жоғалғанын сезеді, себебі бақыттың өзі де басқалар
арқылы келеді. Ашкөздіктен туындайтын жалғыздық сезімінен кейін де адам
ішімдікке әуес бола бастайды. Біреуге беріп, өсімқорлықпен еселеп пайда табам
деген адам да соңында жалғыз қалады. Кінәлы болу сезімі де ішкілікке құмар
қылады. Осыдан құтылудың жолы Жаратушыға жалбарынып өзіңнің ой
пиғылыңды өзгертіп, ашығу арқылы тәнің мен жаныңды тазалау.
Сұрақ: – Қалай арықтауға болады?
Жауап: – Сіз әрқашан ашыққан кезде, тамақ ішетін сәтті жіберіп алмай,
жадыңызда ойша сақтап жүріңіз. Егер сіз жігерлі адам болсаңыз, ашығуды
өміріңіздің ажырамас бөлшегіне айландырасыз. Артық салмақ сізді ауру, әлсіз,
мезгілсіз қартайтуға әкелуіне жол бермеңіз. Өз денеңіздің иесі болып, семіруіне
жол бермеңіз. Өзіңізге бағдарлама жасап алыңыз, бірақта бір аптаның ішінде
арықтаймын деп ойламаңыз. Қалыпты салмаққа келу үшін уақыт керек.
Қалыпқа келіп, сымбатты да әдемі болғанда өзіңізді-өзіңіз мақтан тұтыңыз.
29
Кімнің болса да, өзін тамаша сергек, көңілді сезінгенінде, өзі үшін мақтанғысы
келеді. Осылай болу үшін еңбектену керек! Ашығу, өзіңді өзің тежеу, дұрыс
тамақтану – міне денсаулықтың өтемі.
Өзіңіздің салмағыңызға, қарныңызға, бөксеңізге, қолдарыңызға үнемі
назар аударып жүріңіз. Осы кітапты мұқият, ыждағаттылықпен оқып шығып,
арықтағыңыз келсе қолданыңыз. Ашығу мерзімін анықтағыңыз келсе
дәрігермен ақылдасыңыз. Бағдарлама жасалғаннан кейін, сіз жақсы нәтижеге
жетем деп өзіңізді иландырыңыз. Санаңыздың илануы денсаулықты түзетуде
маңызды орын алады. Ашығу оңай емес, арықтау да қиын. Тек санаңыз иланып,
дұрыс әрекет жасағанда ғана, сіз көздеген нәтижеге жетесіз. Бүгіннен бастаңыз.
Сұрақ: – Өмірлік күштің міндеті не?
Жауап: – Өмірлік күштің міндеті, ас қорту ағымында пайда болған
улардан арылтатын қуатпен ағзаны қамтамасыз ету және денеде бірқалыпты
36,6 Цельсия бойынша температураны ұстап тұру (ыстығымыз көтерілсе де,
төмендесе де ауырамыз). Біздің қазіргі өркениетті әлемімізде, адамның өзі
жасаған және басқа да улардың бәрі – өмірлік күштің жаулары, өмірлік күш
осылардың бәрін жеңуі қажет.
Сұрақ: – Салауатты өмір салтына қалай көшуге болады?
Жауап: – Ашығу мен табиғи тамақтарды, табиғи әдеттерді қолданудың
арқасында, әрбір адам өзінің өмірін сау, салауатты қыла алады. Тазалану –
ағзаның өзі ғана орындай алатын ішкі биологиялық міндет, ашығу арқылы осы
жұмыстарды жандандыра түсесіз. Табиғат үнемі сізді неғұрлым сау, өміршең
болуға итермелейді, сондықтан өзін-өзі тазалау кезінде болатын келеңсіздікте
не істеу керектігін өзі біледі. Табиғаттың жетегіне жүріңіз, ол сізді еш уақытта
орта жолға тастамайды. Ал ашығу мен дұрыс тамақ мәзірі аса керемет көмекші.
Мен темекіге, араққа т.б. тәуелді болып, жар басынан құлауға шақ қалған
талай адамдарды мысалға келтіре аламын. Осы адамдар ашығудың көмегіне
жүгінді, ал ашығу ғажайып жасады. Темекі, арақ, шәй, кофе ішу әдетінен
құтылғысы келсе, өзінің мәселелерін қарапайым ашығу жолымен шеше алады.
Тән тазаланған уақытта уды қабылдамайды. Таза, дені сау, мамыражай дене
уларды әрқашанда ысырып тастайды. Ашығу – улы заттардың қандайына
болмасын тойтарыс беретін, ағзаны тазалаудың ұлы әдісі.
Сұрақ: – Табиғат заңдылықтарын қалай түсінуге болады? Сақтамаса не
болады?
Жауап: – Сөз жоқ, көпшілік адамдар ата-бабасынан жалғасқан тамаша
денсаулықпен тұқым қуалайды. Олар табиғат заңдылықтарына көбінесе күле
қарайды, осы заңдылықтың оларға қатысы жоқ деп ойлайды. Бірақ есеп
айырысу қайтсе де болады. Табиғат өзінің тазалау жұмысын, яғни ағзадан
зиянды қалдықтарды шығара бастағанда, осы есеп айырысу күні басталады.
Олар бір-ақ күнде бұралып ауруханадан шығып жатты. Маған сеніңіз, осы
тумысынан, табиғатынан дені сау, алдында тұрғанын талғамай ішіп жейтін,
темекі шегіп, тәулігіне 18 сағат жұмыс істегенде былқ етпейтін адамдардың
30
талайын көрдім және олардың ауруханада азап шегіп қиналғандарын көріп те
жүрмін. Ащы ақиқатты айту қиын, бірақта осы денсаулығы зор болған
адамдарды мезгілсіз ажал күтіп тұр. Осы күнделік кітапты оқып отырған өзіңіз,
табиғат өзінің улану ағымымен ұрып жыққанын күтуге тиіс емессіз. Ең дұрысы,
ағзаңызға саналы түрде физиологиялық демалыс бере отырып, өзін-өзі тазалауға
мүмкіншілік беру. Жиналып шоғырланған улардан ағзаңыздың арылуына
мүмкіндік беріңіз. Қазіргі күрделі өркенниетті даму, бізге улы заттарды үзбей
лақылдатып төгуде.
Академик Рақым Алмабекұлының бірінші толғауы
Тақырыбы: Ауадан тұратын нәзік денелердің құрлысы. Өмірлік күші бар ауа
дегеніміз не? Өмірлік ауа арнасын қалай түсінеміз? Ауа тепе-теңдігі бұзылса
не болады?
Достарыңызбен бөлісу: |