167
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
БАСАЛҚАЛЫҚ
зат. Ақыл-кеңес берушілік. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 2-т. 123-бет.
ШАРЫҚ
зат. Теріден, тал қабығынан жəне т.б. арзан заттан лекерлеп
жасалған аяқкиім, шəркей. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 159-бет.
ҰЛТАРМА:
ұлтарма бас етік. Басы мен қонышын тұтас пішіп алып,
бітеу бастап ұлтарған етік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 476-бет.
ОМБЫЛА
ет. Қарға белуардан батып, малтығу. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 7-т. 422-бет.
МӨНТЕҢ:
мөнтең қақты. Безек қақты, безілдеді. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 7-т. 238-бет.
ПЫСҚЫР
ет. Малдың танау, мұрын арқылы кенет қатты дем шығаруы.
ПЫСҚЫРМАПТЫ *
Пысқырып та қарамайды. Көзге ілмейді, керек
те қылмайды. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 25-бет.
МЕРТІК
ет. Сыну, үзілу, шығу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т.
200-бет.
ТАБАЛА
ет. Біреудің сəтсіздігіне қуану; өзіне сол керек деу. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 520-бет.
ҚҰЙЫРШЫҚ
зат. 1. Құйымшақтың сүйірленіп келген ұш жағы. 2.
Ауыс. Біреудің қолшоқпары, сойылын соғушысы; жағымпаз. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 6-т. 448-бет.
ҚИҚАЛАҚТАП
ет. Қиқаң-қиқаң ету, қиқаңдау, қиқалаңдау. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 191-бет.
ҚАПЕЛІМ
үст. сөйл. Қапелімде.
ҚАПЕЛІМДЕ
үст. Кенет, тосыннан. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
6-т. 25-бет.
Қамшы
зат. 1. Көлікті айдап жүргізу үшін қолданылатын, таспадан
əртүрлі нұсқада түйіп өріп, тобылғы немесе басқа затқа саптап жасаған
құрал: ер-тұрманың бір құрамы.
2. Қамшы болды.
Ауыс. Себеп болды, уəж болды. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 5-т. 618-бет.
КҮДЕР:
күдер үзді. Орындауға болмасына көзі жетті, үмітін үзді,
түңілді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 259-бет.
КЕСІР
зат. Зиян, залал, зардап. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 5-т.
4-бет.
ТӨЛЕҢГІТ
зат. көне. Төренің күтушісі, малшы-жалшы қызметшісі.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 232-бет.
ҚЫПЫЛДА
ет. Тынышы кету, тықыршу. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 6-т. 613-бет.
Май тоңғысыз.
Жайма-шуақ жылы күн. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 7-т. 90-бет.
168
ТҮРТПЕКТЕ
ет. 1. Бірдемені қайта-қайта түрткілеу, үсті-үстіне
шұқылау.
2. Ауыс. Оны-пұны жұмыс істеу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т.
341-бет.
ТӨҢІРЕКТЕ
ет. Бір нəрсенің айналасынан ұзап кете алмау, айнал-
шықтау, айналсоқтау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 238-бет.
ОТ АУЫЗДЫ
(От ауызды, орақ тісті). Өткір тілді, ділмар, шешен.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т. 482-бет.
ДОЙЫР:
дойыр қамшы. Ұрыс-қағыста ұстайтын, қысқа сапты жуан
өрмелі қамшы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 147-бет.
ЖАРТЫКЕШ
сын. Ауыс. Толымсыз, шала-шарпы. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 3-т. 699-бет.
ЖАБАҒЫ
зат. Қой мен түйе малының жазғытұрымғы ұйысқан қысқы
жүні. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 477-бет.
КҮРЕСІН
зат. Күрелген қардың үйіндісі. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 5-т. 362-бет.
ЖЕЛЕМІК
зат. Сəл-пəл соққан жел. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
4-т. 63-бет.
СҰҚҚЫЛА
ет. Үшкір затты піскілеу, түйреу. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 8-т. 387-бет.
БАУЫЗДА
ет. Тамақтың, алқымның астынан пышақпен ору, шалу,
қиып түсу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 164-бет.
ШЕҢГЕЛ
зат. Саусақтардың тарбиып кең ашылған аясы. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 10-т. 201-т.
ДАЛ
сын. Дал болды. Басы қатты, мəңгірді. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 3-т. 35-бет.
ДОҢАЙБАТ
зат. Біреуге көрсетілетін ызбар, сес. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 3-т. 155-бет.
ЖЫЛТ ЕТКЕН.
Көрінген, жаңадан пайда болған; кез келген. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 294-бет.
ЖҮГЕРМЕК
зат. Қатты наразы болған жағдайда ер балаға айтылатын
қарғыс. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 242-бет.
ДЕЛДИ
ет. Киімнің не басқа бір нəрсенің көтеріңкілеу, шығыңқылау
болып тұруы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 101-бет.
ОҢҚА-ШОҢҚА:
оңқа-шоңқа құлады. Аяғы аспаннан келді, омақаса
құлады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-т. 435-бет.
ЖАРҒАҚ
зат. Бір түсті құлын терісінен түгін сыртына қаратып тіккен
сырт киім; доха. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 685-бет.
ПАНА
зат. Біреуге істелген қорғаныш, сая. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 7-т. 613-бет.
МЫСЫ ҚҰРЫДЫ
Лажы таусылды, лажсызданды. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 7-т. 291-бет.
169
ҰЙЛЫҚ
ет. Топтану, бір жерге шоғырлану. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 9-т. 465-бет.
ҚҰЙҒЫТ
ет. Құйындатып қатты шаба жөнелу. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 6-т. 440-бет.
КІЛТ
үст. Кенет, шұғыл, тез, шапшаң. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
5-т. 402-бет.
ҰЗЫНА:
ұзына бойы. Өн бойы, бастан-аяқ. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 9-т. 460-бет.
ЖЕНТЕК
зат. Бір-біріне кірігіп түйдектелген құм, топырақ, тас. т.б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т. 81-бет.
ШӨРЕ-ШӨРЕ
сын. Тиянақсыз, тұрақсыз, əрі-сəрі, не онда емес, не
мұнда емес. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 271-бет.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
ҚЫЗЫЛ КӨЗ ПƏЛЕ
Барып тұрған пəлеқор, жалақор.
АЯҒЫНАН ТІК ҚОЙДЫ (ТҰРҒЫЗДЫ)
Мазасын алды, өре
түрегелдірді.
ТЕПСЕ ТЕМІР ҮЗЕДІ (СЫНДЫРАДЫ)
Мықты, мығым, берік.
ДЕГЕНІНЕ ЖЕТТІ
Мақсаты орындалды.
КӨЗ САЛДЫ (ТАСТАДЫ)
қарады, көзін тікті, көңілі бөлінді.
ДЕЛЕБЕСІ ҚОЗДЫ
Арқасы қозды, кеу-кеуге еріп қызды, көтерілді,
желікті.
ЕКІ ОТТЫҢ АРАСЫНДА (ОРТАСЫНДА) ҚАЛДЫ
Айнала қиын-
дыққа ұшырады.
ШЫБЫН ЖАН
көне Өмір, тірлік мағынасында (Діни ұғым бойынша
кісі өлгенде «жаны» шыбын тəрізді ұшып кетеді-міс).
КӨЗІНІҢ (КӨЗ) АСТЫМЕН ҚАРАДЫ
Бетіне тіктеп қарамай,
қабағының астымен қарады.
МЫСЫ (МЫСЫМ) ҚҰРЫДЫ
Амалы таусылды.
АУЗЫНАН ТҮСКЕНДЕЙ // АУЗЫНАН ТҮСЕ (ТҮСІП) ҚАЛҒАН-
ДАЙ
Айнымай ұқсаған, сойып терісін қаптап қойғандай.
КӨЗІНЕ КӨК ШЫБЫН // КӨК АЛА ҮЙМЕЛЕТТІ
Қорлады, азапқа
түсірді.
ЗƏРЕ-ҚҰТЫ ҚАЛМАДЫ // ЗƏРЕСІ ҰШТЫ // ЗƏРЕ ҚАЛМАДЫ //
ЗƏРЕСІ ЗƏР ТҮБІНЕ КЕТТІ // ЗƏРЕСІ ҚАЛПАҚТАЙ БОЛДЫ
Қатты
қорықты, жүрегі ұшты, үрейі қашты, көзі тас төбесіне шықты.
ƏБІГЕРГЕ ТҮСТІ // ƏБІГЕР БОЛДЫ // ƏБІГЕРІ ШЫҚТЫ
Асып-
састы, берекесі кетті, қуаты қашты.
БƏЙЕК БОЛДЫ
Асты-үстіне түсті, асқан ілтипат көрсетті,
кішіпейілдік жасады.
ЫМ ҚАҚТЫ
Ишара етті, белгі білдірді.
170
КӨЗІ ІЛІНДІ (ІЛІКТІ)
Ұйқыға кетті, ұйықтап кетті.
ЕТ БАУЫРЫ ЕЛЖІРЕДІ (ЕЗІЛДІ)
Аяды, есіркеді, жаны ашыды;
туысқандық, жақындық етті.
ҚҰСТАЙ ҰШТЫ
Жүрісіне көз ілеспеді, зымырады.
СҮЙЕУ БОЛДЫ // ҚЫЛДЫ
Медет тұтты, арқа сүйеді.
ҚОЛ БҰЛҒАДЫ
Шақырды, Қоштасып қалды.
ЖЫМ (ЖЫМДАЙ) БОЛДЫ
Үні өшті, сөйлеп отырған сөзін қоя
қойды.
АУЫЗ ТИДІ (ТИГІЗГЕН ЖОҚ)
Дəм татты, аздап тамақ ішті; дым
татырмады.
КҮДЕР (ҮМІТ) ҮЗДІ
Көңілі суыды, сенімін жоғалтты, тілегі кесілді.
ДАЛ БОЛДЫ // ҚЫЛДЫ //
Не істерін білмей састы, əуреге салды.
КӨЗІН БАҚЫРАЙТЫП ҚОЙЫП
Көз алдында, көзінше, көзбе-көз.
МҰРТТАЙ ТҮСТІ (ҰШТЫ)
Жалп етіп, баудай құлады, кенет сылқ
жығылды.
МАЙ ТОҢҒЫСЫЗ
Аса суық емес, қоңыр салқын деген мағынада.
ҚҰДЫҚҚА ҚҰЛАН ҚҰЛАСА; ҚҰРБАҚА ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙ-
ДЫ
Бағы тайғанды кім көрінген басынады деген мағынада.
БАС КӨТЕРЕР // БАС КӨТЕРГЕН АДАМЫ, АЗАМАТЫ, КІСІСІ
Қолынан іс келер, басшылық ете алар.
СҮЙЕКТЕН ӨТТІ
Жанына қатты батты, жанды ауыртты.
ТӨБЕСІ КӨККЕ ЖЕТТІ // ТИДІ
Қатты қуанды, шаттанды, қуа-
нышын тасытты.
САДАҒАСЫ (САДАҒАҢ) БОЛАЙЫН (КЕТЕЙІН)
Құрбаның бо-
лайын, шыбындай жаным сенің жолыңда болсын деген мағынада.
ЖАНЫНА БАТТЫ (ТИДІ)
Қабырғасын қайыстырды, қатты
күйзелтті.
ЕТ ЖҮРЕГІ ЕЗІЛДІ
Уайымдады, қайғырды.
ОРАҚ АУЫЗ (АУЫЗДЫ)
Өткір, өктем тілді, адуын мінезді, тілді кісі.
АУЗЫНА ҚАРАТТЫ
Бағындырды, билігін жүргізді, өз ырқына,
дегеніне көндірді.
АЯҚ (ТАБАН) АСТЫНАН
Кенеттен, бірден, күтпеген жерден.
КӨКЕСІН ТАНЫТТЫ
Көресіні көрсетті.
КӨК ЖЕЛКЕ
Қарақұс, шүйде жалғасқан сырт мойын.
ТАБАНЫН ЖАЛАДЫ
көне. Жалынып-жалпайды, құлдық ұрды.
ҚАМШЫ БОЛДЫ
Түрткі болды, итермеледі.
КҮДЕР (ҮМІТ) ҮЗДІ
Көңілі суыды, сенімін жоғалтты, тілегі кесілді.
ПЫШАҚ КЕСКЕНДЕЙ ҮЗІЛДІ (ТОҚТАДЫ, ТЫЙЫЛДЫ) ПЫ-
ШАҚ КЕСТІ ТЫНДЫ
Бірден, кілт кенеттен шорт тоқтады.
ТӨСЕК ТАРТТЫ (ТАРТЫП ЖАТЫР)
Сырқат меңдеп жатып қалды,
қатты ауырды, науқастанып жатыр.
ЖЫЛТ ЕТКЕН
Азғана, болмашы.
171
ШЫБЫН ЖАН (ШАҚҚАН) ҒҰРЛЫ (ҒҰРЫМ) КӨРМЕДІ
Түкте
сескенбеді, түкте елемеді, менсінбеді.
ЖЕМЕ-ЖЕМГЕ КЕЛГЕНДЕ
Бірме-бір келгенде, мезгілі жеткенде.
ЕКІ ДҮНИЕ
Діни ұғымда екі дүние бар деп есептейді: бірі тіріліктегі
кез, бұл – жалған дүние, екіншісі, адам өлгеннен кейінгі кез, бұл – шын
дүние.
ҚАНЫ ҚАЙНАДЫ
Ызаланды, қатты күйінді.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Кеңесбаев І.К.
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ырысбек кім?
2. Ырысбекті ауыл адамдары неге жақсы көрмеді?
3. Ырысбек қалаға бидай сатуға кіммен барады?
4. Ауылға келе жатып жолда Ырысбек Байдалы шалға не істейді?
5. Ырысбек кімнің əпкесіне хат жазады?
6. Нəзираға Ырысбектің хатын кім тасиды?
7. Нəзира Ырысбектің хатын оқи ма?
8. Қанаттан көкесі мен апасының суретін Ырысбек неге сұрайды?
9. Қыс ортасында мектеп неге жабылды?
10. Ата-аналар Байдалы шалға не үшін барды?
11. Ата-аналар Байдалы шалдан нені өтінді?
12. Байдалы шал ата-аналардың өтінішіне қалай қарады?
13. Байдалыға Нұғыман не үшін ренжіді?
14. Байдалы кім?
15. Нұғыман қандай адам болған?
16. Əжібек Байдалы шалға не үшін ызалы?
17. Əжібек балаларға қандай тапсырма берді?
18. Балалар Ешкіөлмеске не үшін барды?
19. Тауға отын шабуға балаларды кім бастап барады?
20. Олар таудан ненің ізін көрді?
21. Алма ағаштың түбінен не атып шықты?
22. Қарақаншықты кім киелі ит деді?
23. Балалар ненің күшігін алғысы келді?
24. Олар қандай ағашты шабуға кірісті?
25. Оларға төмендегі ауылдың кемпір-шалы, бала-шағасы қолдарын
бұлғап, неге айқайлайды?
26. Олар қос көк тастың астынан нені байқады?
27. Қасқырлар нені жұлқа тартып, кергілеп барады?
28. Келесі күні балалар отынға тауға барды ма?
172
29. Отынды кімнің үйіне əкелді?
30. Ырысбек кімдерге төлеңгіттерім боласыңдар деді?
31. Ырысбек балаларға нені үйрететінін айтты?
32. Ырысбек пен Əжібек беймезгіл уақытта Қанаттың үйіне неге келді?
33. Суретті кім үлкейтті?
34. Суреттегі бейнелер кімнің көкесі мен апасы?
35. Қанаттың əжесі оларды (Ырысбек пен Əжібек) қалай қарсы алды?
36. Əжесі дастарханға қандай тағам қойды?
37. Оларға шайды кім құйды?
38. Қанаттың əпкесінің аты кім?
39. Ырысбек кімнің үйінде домбырамен əн айтты?
40. Ол қанша əн айтты?
41. Əжібек қандай адам?
42. Ырысбек қандай адам?
43. Олар Қанатқа не үшін күш көрсетті?
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді та-
быңыз.
1. Ырысбек балаларды жазалаудың қандай жолын тапты?
2. Ырысбек Нəзираға хатты тасуға Қанатты қалай көндірді?
3. Байдалы шал ауылдағыларға қаладан базарлық деп не əкеле жатады?
4. Ырысбек қаладан қайтар жолда Байдалы шалды қалай қорқытып,
қор қылады?
5. Қайрат пен Бəтеннің үстіне киген киімдері қандай?
6. Əжібек қалай киінген, ол неге ұқсайды?
7. Кімдер шарықтарын шылқыта майлап үйден шықты?
8. Ырысбек Қанаттың үйінде əн айтқан кезде өңі қандай болады?
4. Əңгімеден омонимдерді тауып жазыңыз.
Үлгі: Жас, бір, ақ, бас, ара, қыс, қор, арық, жаз, біз, қос, ор, құрт,
қарақшы, ет, дойыр, жел, жабағы ......
ЖАС І – ІІІ
ЖАС І
зат. адамның, жан-жануардың, т.б. өмір сүру мезгілін белгілейтін
уақыт, жыл саны.
173
ЖАС ІІ
сын. жас өспірім, жеткіншек, қыз-бозбала.
ЖАС ІІІ
зат. жылағанда көзден шығатын сұйық зат.
5. Əңгімеден синонимдерді тауып жазыңыз.
ҮЛГІ :
• Ыза, ашу, қыжыл, зығыр, зығырдан. Наразылықтан, зығырданы
қайнағандықтан пайда болатын сезім, бұлқан-талқан күй.
• Ауру, сырқат, науқас, дімкəс. Дертке шалдыққан адам.
6. Əңгіме бойынша Ырысбектің мінез-құлқын, ісін суреттеп беріңіз.
САЙЫН МҰРАТБЕКОВ
(1936-2007)
Сайын Мұратбеков Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қоңыр ауылында
дүниеге келген. Ол қазақтың көрнекті жазушысы. Оның 1961 жылы жарық
көрген «Менің қарындасым» атты əңгімелер жинағынан бастап «Ауыл
оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972),
«Дос іздеп жүрмін» (1973), «Көкорай» (1979), т.б. кітаптарында ауыл
тіршілігі көркем бейнеленген. «Тел өскен ұл» (реж. Ш. Бейсенбаев, 1976)
кинофильмі сценарийінің авторы. Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын
қазақ тіліне аударған. «Құрмет белгісі» орденімен жəне бірнеше медальмен
марапатталған.
174
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ............................................................................................................ 3
Ағаларым ........................................................................................................... 5
Сөздік ......................................................................................................... 6
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС .................................................... 7
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ................................................................ 8
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ......................................................................... 8
ТАПСЫРМА .............................................................................................. 8
МЕНІҢ ƏКЕМ ..................................................................................................11
Сөздік ........................................................................................................16
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ...................................................18
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ............................................................19
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ........................................................................20
ТАПСЫРМА .............................................................................................20
МЕНІҢ ҒАЖАП ПИМАЛАРЫМ ...................................................................23
Сөздік ........................................................................................................28
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ..................................................31
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ...............................................................32
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ .......................................................................32
ТАПСЫРМАЛАР .....................................................................................33
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ (1924-1992) .......................................................35
ИҒАҢ... ..............................................................................................................36
Сөздік ........................................................................................................40
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ...................................................43
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ..............................................................44
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ........................................................................45
ТАПСЫРМА .............................................................................................45
БИҒАҢ .............................................................................................................47
Сөздік ........................................................................................................51
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК ............................................................................54
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ...............................................................55
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ........................................................................56
ТАПСЫРМА .............................................................................................56
КҮЛПƏШТІҢ ҰРШЫҒЫ ..............................................................................58
Сөздік ........................................................................................................64
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ...................................................66
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ..............................................................67
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ........................................................................68
ТАПСЫРМА .............................................................................................68
КӨК ТАЙЫНША ............................................................................................70
Сөздік ........................................................................................................77
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ...................................................80
175
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ..............................................................81
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ........................................................................82
ТАПСЫРМА .............................................................................................83
ОРАЛХАН БӨКЕЕВ (1943-1993) .................................................................83
ӨГЕЙ ШЕШЕ ...................................................................................................85
Сөздік ........................................................................................................89
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ..................................................92
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ..............................................................93
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ........................................................................94
ТАПСЫРМА .............................................................................................94
ТАҒЫ ДА ЖАҢА АЗАП. ҚАШУ ...................................................................97
Сөздік ..................................................................................................... 101
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ................................................ 102
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ............................................................ 103
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ..................................................................... 103
ТАПСЫРМА .......................................................................................... 104
СМИТФИЛД БАЗАРЫНДАҒЫ КЕШ. МАҒАН ТӨНГЕН ЗОР ҚАУІП .. 105
Сөздік ..................................................................................................... 110
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС .................................................111
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ........................................................... 112
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ..................................................................... 112
ТАПСЫРМА .......................................................................................... 113
МЕН ҮРІП ҮЙРЕНДІМ. ЖАҢА ТАНЫСТАР ........................................... 115
Сөздік ..................................................................................................... 119
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ................................................ 121
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ............................................................ 121
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ .................................................................... 121
ТАПСЫРМА .......................................................................................... 122
ДАРБАЗА ....................................................................................................... 123
Сөздік ..................................................................................................... 130
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ................................................ 132
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ........................................................... 132
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ..................................................................... 133
ТАПСЫРМА .......................................................................................... 133
ДЖЕЙМС ГРИНВУД (1833–1929) ............................................................. 135
ЗОРЛЫҚ ПЕН ҚОРЛЫҚ .............................................................................. 136
Сөздік ..................................................................................................... 161
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС ................................................ 167
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК ............................................................ 169
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ .................................................................... 170
ТАПСЫРМА .......................................................................................... 172
САЙЫН МҰРАТБЕКОВ (1936-2007) ......................................................... 173
Əлімбек Гауһар Рысбекқызы
Көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Басуға 20.11.2014 қол қойылды. Қағазы офсеттік.
Қаріп түрі «Times New Roman». Пішімі 6084
1
/
16
.
Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 10,0. Баспа табағы 11,0.
Таралымы 4000 дана. Тапсырыс № 1151.
ЖШС РПБК «Дəуiр», 050009,
Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а.
E-mail: rpik-dauir81@mail.ru, zakaz@dauir.kz
Редакторы
Техникалық редакторы
Компьютерде беттеген
Алпысбаев Т.Ж.
Винокурова Р.И.
Дүйсебаева С.
Достарыңызбен бөлісу: |