Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4.19 Kb.

бет1/14
Дата15.03.2017
өлшемі4.19 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Гауһар  ƏЛІМБЕК
Көркем шығармалар арқылы 
тіл үйретуге арналған
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Алматы 2014

ƏОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.2 Каз я73
     Ə 55
ISBN  978-601-217-495-3 
Əлімбек Г.
Көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған «Қазақ 
тілі» оқу құралы 
 / Г. Əлімбек . – Алматы: 2014.  – 176 бет.
П і к і р   ж а з ғ а н д а р :
филология ғылымдарының докторы, профессор  Ə.Қ. Ахметов
филология ғылымдарының кандидаты, профессор  Г.Қ. Қазыбек
педагогика ғылымдарының докторы  Ш.Қ. Құрманбаева
Ə 55 
Көркем мəтіндер арқылы тіл үйретуге арналған «Қазақ тілі» – 
бұл бағыттағы алғаш ұсынылып отырған оқу құралы. Оқу құралы-
на енгізілген үзінді мəтіндер қазақтың классик жазушылары 
 
Б. Соқпақбаев, О. Бөкей, С. Мұратбеков пен ағылшын жазушысы 
Д. Грин вуд шығармаларынан таңдалып алынған.
Оқу құралында көркем мəтіндегі синоним, омоним, антоним сөз-
дермен, фразеологизмдермен жұмыс істеуге арналған  тапсырмалар 
мен тіл үйренушінің мəтінді, оқиға желісін, ондағы суреттеулер мен 
детальдарды  баяндауына, мəтін мазмұнын қалай түсінгендігін тексе-
руге арналған бақылау сұрақтары берілген. Құрал тіл үйренушілердің 
пайдалануына жеңіл, мəтіндер күрделілік деңгейіне қарай берілген.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының жалғастырушы топ сту-
дент тері мен тілді өз бетімен оқып үйренушілерге, жалпы тіл үй-
ренудің бастауыш, орта  деңгейлерін еңсергендерге арналған.
© Əлімбек Г., 2014
© РПБК «Дəуір», 2014
ƏОЖ 811.512.122 (075.8)
КБЖ 81.2 Каз я73
ISBN  978-601-217-495-3 
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі 
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында 
тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды 

3
Алғы  сөз
Бізде соңғы жылдары тілді біршама білетін жалғастырушы 
топ тарда оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне де, ере-
сектерге де негізінен олардың мамандықтарына қатысты кəсіби 
мəтіндерді оқытуға арналған оқу құралдары көбірек жарық көре 
бастады. Тіл үйренушілердің мамандықтарына қатысты арнаулы 
 
мəтін дер арқылы кəсіби лексиканы, өз саласының терминдері 
мен мамандар тілінде жиі қолданылатын оралымдарды да білгені 
дұрыс. Бұл маманның өз қызметінде кəсіби қарым-қатынас жа-
сап, тілді пайдалануы үшін маңызды. Алайда шынайы өмірде адам 
кəсіби қарым-қатынаспен ғана шектеліп қала алмайды. Оның түрлі 
мамандық иелерімен тілдесуіне, пікірлесуіне, ой бөлісуіне тура 
келе ді. Ұлт мəдениетімен, əдебиетімен тереңірек танысып, көркем 
шығармаларды оқу арқылы оның тіл байлығына үңіліп, ұлттық 
дүниетанымдық ерекшеліктерін ұғынуға ұмтылуы да табиғи нəрсе. 
Жалпы кез келген тілде көпмағыналылық, синоним, омоним, ан-
тоним, сөздердің ауыс мағынасы, фразеологиялық мағынасы де-
ген құбылыстар бар. Оларды білмейінше тілді жетік меңгеру, оны 
қарым-қатынас, таным құралы ретінде пайдалану деңгейіне жету еш 
мүмкін емес. Арнаулы сала тілі дəлдікті, нақтылықты талап етеді. 
Онда мақал-мəтелдер, нақыл сөздер, фразеологиялық тіркестер 
көрініс таба бермейді. Сол себептен кəсіби мəтінде сөз негізінен 
өзінің тура мағынасында, терминдік мағынасында қолданылады. 
Ал көркем шығарма тілінде сөз бар мүмкіндігін пайдаланып, алу-
ан түрлі бояуға ие болады. Оның түрлі мағыналарын, мағыналық 
реңктерін, тіркесу қабілетін көркем мəтіннен толық көруге болады. 
Сондықтан да тіл үйрету кезінде көркем мəтінмен жұмыс істеудің де 
мəні өте зор. Əзірге тіл үйретуде бізде бұл мəселеге өз дəрежесінде 
көңіл аударылмай келеді. Көркем мəтінмен жұмыс істеуге арналған  
оқу құралдары жоқтың қасы. Осыны ескере отырып, аталған оқу 
құралын дайындауды міндетімізге алдық. 

4
Ұсынылып отырған оқу құралына енгізілген үзінді мəтіндер 
қазақтың классик жазушылары Б. Соқпақбаевтың, О. Бөкейдің, 
С. Мұрат бековтің жəне ағылшын жазушысы Д. Гринвудтың  шығарма-
ла рынан алынды. Оқу үрдісі кезінде тұрмыстық лексиканы, жиі 
қолданылатын сөздердің мағынасын түсінетін тіл үйренушілердің 
елеулі бөлігі көбінесе сол сөздердің өзге мағыналарын біле бермейтіні 
жиі байқалып жатады. Тілді жаңа үйреніп жүргендер өздері білетін 
сөздерді ғана қолданатындықтан сөздік қорының жұтаңдығы бола-
тыны белгілі. Көркем мəтін оларға өздері мағынасын білетін сөз-
дердің басқа мағынада қолданылғанын контекст арқылы түсінуіне 
мүм кін дік туғызады. Сонымен қатар көркем мəтінмен жұмыс 
істеу – тіл үйренушілерге синонимдердің мағыналық реңктерін 
түсініп, омоним сөздердің мағыналарын ажыратып, тілдің аса бір 
шұрайлы қабаты болып саналатын фразеологизмдердің мағыналарын 
біліп, тіл байлықтарын арттыруға да көп көмектеседі. 
Оқу құралында іріктеліп алынған мəтіндермен жұмыс істеуге 
арналған тапсырмалар мен қазақша-орысша сөздік, фразеологизмдер 
мен көнерген сөздердің мағыналарының түсініктемелері берілген. 
Мəтіннің мазмұнын, оқиға желісін баяндауға, тексеруіне арналған 
да тапсырмалар мен бақылау сұрақтары бар. Бақылау сұрақтарына 
жауап беру арқылы оқытушы студенттің немесе тілді осы оқу 
құра лының көмегімен өз бетінше үйренуші көркем мəтінді қалай 
түсінгендігін анықтауға болады. Оқу құралына енгізілген мəтіндерді 
жалғастырушы топтағы студенттердің тілді білу деңгейіне қарай 
пайдалануға болады. Оқу құралында көлемі шағын, тілі жеңіл 
шығармалармен қатар көлемді біршама үлкен, тілі де күрделірек 
мəтіндер ретіне қарай беріліп отыр. 
Көркем мəтін арқылы тіл үйренуге арналған бұл оқу құралы 
негізінен жоғары оқу орындарының жалғастырушы топтарында 
оқитын студенттеріне арналғанымен, оны өзгелер де қажетіне жа-
рата алады.
Автор 

5
Бердібек Соқпақбаев     
Бастан кешкен 
повесть
                                  
Алматы, 1970. -344 бет.
АҒАЛАРЫМ
Ағаларыммен танысудың реті енді келді.
Смағұл – əкемнің  інісі.  Мұрт шыға бастағанына аз ғана жыл. 
Мен бұл кісіні тəте деймін. Шешем қазақ əйелдерінің салты бойын-
ша атын атамайды, тергеп «шырақ» дейді.
Шырақ үйленбеген, бойдақ.
Смағұл əкемдей сылбыр емес, əрі пысық, əрі өнерлі адам. 
Қолынан өрімшілік, ұсталық бəрі келеді. Тегі ол не жұмысқа болса 
да бейім. Істеген ісін жапырып өндіріп істейді.
Қаршадайынан байларға малай жүріп ысылған. Колхоз қайда 
жұмсаса, барады, ерінгенді білмейді.
Аурушаң шешеме үйде бірден бір қолғабыс болатын осы кісі.
Ол əйел жұмысын да, еркек жұмысын да талғамай бəрін істейді. 
Су əкеледі, отын жарады, арпа кеузеп, қол диірменмен талқан тартады.
Смағұл шешеме əрі қайын, əрі келіні  есепті. Қажет болса, кір де 
жуады. Шешем Смағұлды жақсы көреді.
Тəтемнің мінезінің шайпаулығы бар. Ашуланса, су тамған ыстық 
майша шатыр ете қалады. Мен үйде тəтемнен ғана жасқанып, шын 
қорқамын. Ашуланса ол ұрып та жібереді. Қолы балғадай қатты.
Бірге туған ағайым Сатылғанның жасы жиырмаға жаңа ілінген. 
Азды-көпті оқуы бар, жаңалыққа бейім интеллигентіміз. Мінезі жұм-
сақ, майда жүріп, майда тұрады. Ешкіммен қақ-соғы болмайды. Аз 
уақыттан бері қарай Сатылған ауыл советте секретарь болып істейді.
Сатылған жиырма тоғызыншы жылдан бері комсомол мүшесі, 
қолынан газет-журнал түспейді. Күнде кешқұрым сығырайған 
бөтел ке шамның түбінде тесіліп кітап оқып отырады.
Жиырмасыншы жылдардың ортасында осы өлкенің Қолтық 
дей тін жерінен төте оқу бойынша бастауыш мектеп ашылғанда, 
Сатылған сонда үш класс оқып бітірген. Кейін латын əрпіне көш-
кенде оны өздігінен меңгеріп, біліп алған.

6
Сатылған мінезінің сынықтығымен жұрттың бəріне жағады. 
Біреу ден озсам деп, жағаласуды білмейді. Шамасы келсе, бой түзеп, 
киініп жүруге тырысады.
Ағайым мені ұрмақ түгіл, дауыс көтеріп, ұрсып көрген жан емес.
Мен болсам ағайыма тартпағанмын, тез ысып, тез суимын. Ыза 
болсам, күйіп-жанып дызақтап кетем. Ойланбай істеп, ойланбай 
сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады. Соңынан сол үшін өзімді өзім 
жек көріп жүрем.
Сатылғанды мен өте сүйетін едім. Ол мен үшін алдымдағы өнеге 
болатын. Ылғи да жақсы мінез-қылыққа тəрбиелейтін: өтірік айтпау, 
біреудің бірдеңесін ұрламау, жақсы оқу, темекі тартпау, т.т.
Менің білімге, адамгершілікке тəрбиелейтін түздегі ұстазым 
Сағатбай болғанда, үйдегі ұстазым Сатылған еді.
Сатылған Отан соғысынан оралмады.
52-53-Б.
Сөздік
бойдақ
холостяк
жуу
стирать, мыть
май шам
керосиновая    лампа 
шырақ
светило
мұрт
усы 
қолғабыс
помощь
пысық
шустрый, расторопный, дело-
витый 
өнерлі
искусный,  умелый
өрімшілік
мастер (изготавливающий пле-
теную сбрую)
ұсталық
мастерство, кузнец дела
аурушаң
больной 
талғамай
не выбирая 
арпа кеузеп
ковыряя, отдирая  кору, шелуху 
и т.п.
қол диірмен
ручная мельница

7
талқан
толокно
қайын
деверь ( этн. родня мужа по от-
ношению к жене, а также родня 
жены по отношению к мужу)
келін
невестка
шайпаулығы
несдержанный, дерзкий  харак-
тер
балғадай
как молот
мінезі жұмсақ
мягкий характер
сығырайған  шам
тусклый свет
мінезінің сынығымен
перен. о человеке, кот-й может 
найти вежливый подход ко 
всем; с гибким характером
дызақтап кетем
беспокойюсь (о характере), 
переживаю
өнеге
пример
отын
дрова 
кешқұрым
вечером
арпа
ячмень
сылбыр
медлительный, вялый,  
спокойный
ТҮСІНДІРМЕ  СӨЗДІКПЕН  ЖҰМЫС
СЫНЫҚТЫҚ
 зат. Адам мінез-құлқына тəн сыпайылық, ізеттілік, 
əдептілік, ибалылық. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 484-бет.  
КЕУЗЕ
 ет. Дəнді дақылды сыртқы қауызынан, қабығынан ажырату, та-
зарту, қауыздау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 16-бет.
ЖАПЫР
 ет. Бір істі, жұмысты өндіре істеу, айпап-жайпау. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 665-бет.  
ЖАҒАЛАС
 ет. Қосамжарланып араласу, қоса қабаттасу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 3-т. 490-бет.
ДЫЗАҚТА
 ет. Жаны қалмай қимылдау, күйіп-пісу, шырылдау. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т . 224-бет.   

8
ШАЙПАУ
 сын. Оғаш мінезді, ашуланшақ. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 10-т. 94-бет.
ТҮЗ
 зат. Үйден сырт жер, дала. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 
310-бет.  
ЫСЫЛ
 ет. Жұмысқа, іске төселіп қалыптасу, ширау. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 10-т.  418-бет.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
БОЙ ТҮЗЕДІ
  Сəнденді, буыны бекіді, есейді, ер жетті, өсті.
МІНЕЗІ МАЙДАЙ
 Əдепті, ізетті, көргенді, биязы деген мағынада.
МІНЕЗІ ШАЙПАУ
 (ШƏЛКЕС) Ұрысқақ, сыйымсыз деген мағынада 
айтылады.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  
Кеңесбаев І.К. Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Смағұл кім?
2. Смағұлды шешем қалай атайды?
3. Смағұл қандай адам болған?
5. Смағұл үйде қандай жұмыстар істейді?
6. Оның аурушаң шешесіне кім қолғабыс жасайды?
7. Тəтесінің мінезі қандай?
8. Ол  үйде кімнен жасқанып, шын қорқады?
9. Сатылған кім?
10. Сатылғанның жасы нешеде?
11. Сатылғанның мінезі қандай?
12. Сатылған қайда оқыған?
13. Кім жұрттың бəріне ұнайды?
14. Сатылған кім үшін өнеге болатын?
15. Сатылған  оған қандай тəрбие беретін?
16. Сатылған қайдан оралмады?
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз. 
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша Сатылғанның мінезін, іс-қимылын суреттеп 
беріңіз. 
4. Əңгіме бойынша Смағұлдың мінезін, іс-қимылын суреттеп 
беріңіз. 

9
5. Əңгімеден негізгі  сын есімдерді тауып жазыңыз.
  
Үлгі: жақсы,--
6. Сын есімдердің морфологиялық тəсіл арқылы жасалуын көр-
сетіп жазыңыз. 
Үлгі:
Балғадай, ---
7. Əңгімеден омоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.
Үлгі: Қолтық, кір, бар, ...
                        
ҚОЛТЫҚ  І–ІІ  
ҚОЛТЫҚ І
  зат. анат. адамның, жануарлардың иық иінінің ішкі жағы, 
яғни қолдың төспен ұштасқан тұсы.
ҚОЛТЫҚ  ІІ
  зат. геогр. мұхит, теңіз, көлдің құрлыққа ішкерілей 
жіңішкере кірген бөлігі, қойнау. 
8. Əңгімеден мына сөздерге қарама-қарсы сөздерді тауып жазыңыз.
ЖҰМСАҚ –
ЖАҚСЫ  –
АЗ  – 
ЫСТЫҚ – 
9. Əңгімеден синоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.
ҮЛГІ:
• Тəрбиелеу, баулу, баурау. 
 Ашулану, ызалану, ызақорлану, долдану, долыру, алабұрту, зығырлану, 
шатынау, долығу, қыжырлану, шамырқану, шытынау, шіміркену, шамда-
ну, бұрқану, атқуылдау жерг., қыжылдап қарау.
  Шеше, ана, апа, ене жерг., мама кітаб. 
  Салт, рəсім, дəстүр, ғұрып, əдет, жөн, жоралғы, жол-жора, жөн-
жоба, жөн-жапсар, жол-жоба, жосық.  
  Пысық, ширақ, бəлекет, жылпың, пəле, қағылез, самдағай.  
 Жағу, ұнау. 
10. Оқылымға қатысты тапсырманы орындаңыз.
 
1. Сатылғанның қолынан не түспейді?
1. қалам 
2. газет-журнал
3. қағаз
2. Смағұл кімнің інісі?
1. шешемнің
2. менің

10
3. əкемнің
3. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз.
...... əкеледі, ........ жарады, ....... кеузеп, қол диірменмен талқан тарта-
ды. 
1. отын,  су, нан 
2. су, отын, арпа
3. бидай, отын, су
4. Кім ауыл советте секретарь болып жұмыс істейді?
1. Смағұл
2. Сатылған
3. əкем
5. Кім Смағұлды жақсы көреді?
1. Сатылған
2. əкем
3. шешем
6. Сатылғанның мінезі қандай?
1. қатты
2. жұмсақ
3. ашушаң
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Қолынан өрімшілік, ұсталық бəрі ......... 
1. тұр
2. келеді 
3. бар
8. Кімнің қолы балғадай қатты?
1.  тəтемнің
2. Смағұлдың 
3.  əкемнің
9. Смағұл нені білмейді?
1. ерінгенді
2. есепті
3. жұмысты
10. Кім үйленбеген, бойдақ?
1. Сатылған
2. əкем
3. Смағұл

11
Бердібек Соқпақбаев     
Бастан кешкен 
повесть
Алматы, 1970. -344 бет.
МЕНІҢ ƏКЕМ
Мен бір жағдайда əкеме өте риза болатын едім – ол өмірбаян 
жазып, анкета толтырған кезде. Кез келген қарапайым анкетада əке, 
шешең кім болған деген сұрақ тұрады. О, бұл сұрақ барлық сұрақтың 
ішіндегі ең маңыздысы. Болашақ өмір маршрутыңның сызылуы-
на оның жасайтын ықпалы өте зор. Мінекей, əлгі сұрақ алдымнан 
шыға келген кезде менің көзім жайнап кеткендей болады. Жауапты 
құлшына жазамын, –  əкем де, шешем де кедей болған! Жай  кедей 
емес, қутақыр кедей.
Мен бұны шынайы мақтаныш етіп жазамын. Ата-тегімнің кедей 
болуы ол совет өкіметі үшін менен сенімді, менен бағалы адам жоқ 
екенін білдіретін бас бұрғызбас дəлел секілді. Ана Жылқыбай ба-
лалары өйдеп – ата-тегіміз кедей болған деп жаза алмайды. Анке-
та толтырғанда қолдары дірілдеп, жүректері толқып тұрады. Кедей 
болмай, бұрын бай адамдар болғаны үшін олар əкелерін тап сол кез-
де бір-бір боқтайды.
Ал менің жалқау əкем дүниеге кім болып келуді, тарих үшін қай 
таптың өкілі болу артық екенін ерте білген. Міне осы үшін де мен 
əкеме риза едім. Ыдыке, жарайсың!
Ыдыкеңнің жасы бұл кезде отызды орталап қалған. Соған 
қарамастан, жүріс-тұрысы қарт адамдар тəрізді. Ырғалып-жырғалып, 
ол қозғалып болғанша, өмір керуені біраз жерге барып та үлгереді.
Жақсылық, жамандықтың бəрін де əкем тəңірден күтеді. Дұрыс-
тау өмір сүруге талпыну, ертеңгі күннің қамын ойлап мазасыздану 
ол үшін жат нəрсе.
Шешем – Əсбет тілді де отты адам еді. Тек ауру иектеп алған 
да қор қылған. Əкемнің ынжықтығын бетіне басып, қайрап айтып 
отыратын. Бірақ əкем ағаш пышақ тəрізді, қанша қайраса да өтпейді.
Кедей іздеген, кедейшілік өмірдің қандай болатынын көргісі кел-
ген адам біздің үйге келсін.

12
Ауыз үй, төр үй деп аталынатын, соқырдың көзіндей сығырайған 
бір-бір ойық терезелері бар аласа екі бөлмеде тұрамыз. Жер еден. 
Шиқылдақ тапал есік. Үйдің төргі бұрыштарында кəдімгі бірнеше 
тал көк шөп өсіп тұрады. Не шөп екен деп, жұлып алып қарасаң, 
арпаның не бидайдың дəні болып шығады.
Біздің үйде бір қара жағал ағаш кебеже болушы еді. Мүлік атау-
лыдан менің есімде сақталғаны сол.
Жалпиған ескі ағаш төсек. Онда əкем, шешем, мен үшеуміз 
ұйықтаймыз.
Ауылдағы кез келген үйде самауыр, темір кереует, жүк етіп 
жинап қоятын азын-аулақ көрпе-жастықтары болады. Көпшілігі 
кереуеттеріне шымылдық ұстайды. Кестелеген киім жапқыштары 
болады.
Екі киім жапқышы бар үй əлді үй. Мəселен, Батырқанның үйі. 
Бір киім жапқышы бар үй орта шаруа.
Түгі жоқ үй кедей үй. Мəселен, біздікі. Əлгі аталған нəрселерден 
біздің үй тап-таза.
Жұртта бар тəуір мүліктер біздің үйде неге жоқ деп, қорланып, 
ыза болатын едім. Самауыр неге жоқ? Киім жапқыш неге жоқ?..
Көп үйде сауын сиыр бар, аздаған да болса, уақ жандары бар. 
Бізде ол да жоқ. Ең барып тұрған қара жаяу кедей қазақтың аты бол-
маса да, ер-тұрманы болады. Ат сұрау ұят емес, ал ер-тұрман сұрап 
жүру ыңғайсыз-ақ. Бір жаққа баруға ат табылса, əкем мен ағаларым 
енді ер таба алмай жүргені. Мен бұған да ыза болушы едім. Жұртта 
бар зат бізде неге жоқ?
Жұрт қайдан табады? Біз неге таппаймыз?
Жұрт қайдан алады? Біз неге алмаймыз? Жұрт бізден неге артық 
болады? Біз неге кем боламыз?
«Бəрі құдайдан, құдай өзі жеткізеді» дейді əкем. Қашан жеткізеді? 
Сарғайып қанша тосуға болады оның жеткізуін? Ол жеткізгенше, 
желкеміз үзілетін болды ғой.
Əкемнің бойы ортадан төмен, иықты. Өзі құсап сөлбіретіп қияқ 
мұрт қояды. Уайымсыз адам, күйіп-піскенді білмейді, жайбарақат. 
Мезгілсіз тозып, шаршамайды. Аш болса да, тоқ болса да екі беті 
қып-қызыл. Тамақ таңдамайды, өңешінен өткеннің бəрін ішіп-жейді. 
Ауырмайды.
Таңертең əкем шайнамасыз жайдақ шайды сораптап, еркіне 
салсаң, түске дейін қамсыз отыра береді. Ол тоғайдан колхоздың 

13
ұста дүкеніне көмір жағып əкелуші еді. Көлігі мүйізі абажадай үлкен 
арық қызыл өгіз. Əкем шай сораптап отырғанда қызыл өгіз сыртта 
есік алдында оны күтіп, аш қаңтарылып байлаулы тұрады.
Бригадирді бес келтірмей əкем жұмысқа шығып көрген емес. 
Бағана байланған қызыл өгіздің мызғымай əлі тұрғанын көріп, бри-
гадир терезе тұсына шауып келіп, айқай салады:
– Оу, Ыдырыс! Əлі отырмысың? Ойбай-ау, күн түс боп кетті ғой! 
Болсаңшы!
– Қазір, міне шыққалы жатырмын, – дейді əкем. Өзі тапжылмас-
тан отыра береді.
– Болды, барсаңшы жұмысыңа. Құр суды сіміре бергеннен 
бірдеңе шыға ма? – дейді шешем.
– Тағы бір шыны құйып жібер. Содан соң болды.
Сосын тағы бір шыны.
Шəугім сарқылғанда əкем орнынан бір-ақ түрегеледі.
Ыдыкең қысы-жазы бірдей қалың киінеді. Үстінен етегі делдиген 
ақ тоны, басынан жарбиған жаман малақайы түспейді. Күн ыссы-
да малақайының құлағын қайырып, байлап қоюға бір бауы қалайда 
шұнтиған үзік болады, байлауға келмейді. Сондықтан малақайдың 
құлақтарын əкем жай жымқырып, бүктеп қояды. Əменде бір 
құлақтың бүктеуі жазылып кетіп, есектің құлағынша қалқиып, 
былғаң-былғаң етіп жүргені.
Неге екенін қайдам, əкемнің тонында түйме дейтін нəрсе бол-
майтын. Киеді де, тонның екі өңірін айқастырып, беліне май жағудан 
қап-қара болған жіңішке қайыс белбеу буынады. Қатты тартып 
буынған белбеудің əсерінен тонның етегі делдиіп, таңқия қалады. 
Əкемнің аласалау жалпақ денесі сол кезде одан бетер аласарып кет-
кендей болады.
Шыжыған ыстық күнде де əкем əлгіндей қалың киіммен жүреді. 
Бұның қалай десе:
– Қалың киімнен ыстық өтпейді, – дейді.
Дəл арқасына белбеуден өткізіп, балта қыстырады.
Үйде ер болмағандықтан əкем қызыл өгізге ыңыршақ ерттейді. 
Тартпа орнында құр жіп. Үзеңгінің біреуі ағаш, біреуі темір.
Əрі қалың киініп, сіресе қалған, əрі шайнамасыз құр шайды 
қарнын сыздатып тоя ішкен Ыдыкең қызыл өгізге бірден қарғып 
міне алмайды. Күшеніп, үзеңгіге аяғын əрең жеткізіп, артылып міне 
бергенде, ыңыршақ ауып кетеді. Немесе сарғайып тұра беруден 

14
жалыққан қызыл өгіз тыпыршып жүріп кетіп, міне алмай əуре бола-
ды. «Өй, əкеңнің»... деп, Ыдыкең қызыл өгізді келістіре бір боқ тайды 
да, үйден мені шақырады. Ар жақтағы үзеңгіні басып ұстап тұр дейді.
Мен жоқ болсам, тамға, дуалға тартып мінеді.
Күн бұл кезде сəске болып қалған. Өзге жұрт жұмысқа бағана 
кеткен. Жолшыбай кезіккен белсенділерден түгел сөз естіп, əкем 
жұмысқа енді ғана кетіп бара жатады.
Кетіп барады деймін-ау. Əне, ауылдан ұзай берді де, ол қайта 
қайтты. Не болды екен? Бірдеңесін ұмыт қалдырғаннан сау ма?
– Өй, Ыдырыс, неге қайттың?
– От жағатын сіріңке алмаппын, – дейді əкем жайлап қана.
Мен үйден сіріңке алып шығып беремін. Сіріңке жоғалып қалмас 
үшін оны ішкі қалтасына салып алмаққа əкем белбеуін шешеді. 
Белбеуін шешу үшін беліндегі балтаны маған бере тұрады. Осының 
бəрі ешқандай асығыссыз кері қайталанып жəне істеледі.
Уақыт зымырап өтіп жатады. Күн түске тақалады.
– Мына ит бүгін аяғын баспай қалыпты, – деп, кінəнің бəрін енді 
қызыл өгізге аударып, əкем тоғайға қарай маңып кетіп бара жатады.
Əкемнің іш пыстыратын қимылдарына менің төзімім зорға 
жетуші еді. Ішімнен ыза болып, тістеніп, қаным қайнап тұрам.
Ұста дүкені біздің үймен қанаттас, жақын. Өкембай ұстаның 
шың-шың соғылған балғасының дауысы ұзақ күнге бір сембейді. 
Күн сайын там-тұмдап əкелінген көмір кейде бітіп қалады да, ол 
əкемнің көмір жағып əкелуін күтіп, жұмыс істей алмай, сарғайып 
күтіп отырады.Ұста дүкеннің бүкіл жұмысы маған қарап тұр-ау деп, 
Ыдыкең абыржи қоймайды.
Əкем тоғайдан кеш қайтады. Қас қарайған кезде егіннің арасы-
мен келе жатып, тік тұрған астықтың масағынан қойын-қоншын тол-
тырып, үзіп алады.
Жатар кезде терезенің сырт жағынан жарық көрінбестей етіп ішінен 
бітейді де, əлгі алып келген масақты тонның тақыр жағына салып, 
уқалауға кіріседі. Бұл ертеңгі ішіп, жейтін талқанның, көженің қамы.
Масақ ұрлауды əкем егін еталып, сарала тартқан кезден бас-
тайды. Пісіп жетілмеген дəн қуырғанда тырысып, шөжіп кетеді. 
Талқаны көкшіл, дəмі қант қосқандай тəттілеу.
Көктемгі көкөзек кезде əкем көк талқанға іліксек өлмейміз деп, 
бізді жұбатып, армандап отырады. Оның арман еткен көк талқаны 
əлгі.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал