АМАНАТ
Тал, терек, алма, өрік, алмұрт, алхорысы самалға тербетіле
сыбдырлап сыр ақтарып тұрғандай тау етегіндегі ауылға,
аяқ жағындағы шөгіңкіреген, сылақтары көпшіп түссе де,
сыны кетіңкірей қоймаған үлкен үйдің ауласындағы бұл
маңайға таңсық қарағай, үйеңкі, арша, жаңғақ, қызылағаш
ерекше көрік беріп тұрған тəрізді. Биік лай дуалмен қор-
шалып, ауласының оң жағында шеберхана, сарай, бастыр-
ма қаз-қатар орналасқан, күнгей тарапында қорасы бар
бұл үйде домбыра жасайтын шебер Құдірет ата жалғыз өзі
тұрады. Он шақты жыл бұрын кемпірі қайтыс боп кеткен.
Алыстағы үлкен қалада жыл аралата төбе көрсететін келіні
мен жиырма жастағы немересі бар. Жалғыз ұлы атақты əнші
болатын. Ертеректе елге келген сапарында көлік апатынан
85
қаза тапты. Атаның шеберлікті қойғанына да бес-алты жыл
боп қалды. Домбыра жасату үшін ойдан-қырдан ағылып
кеп жататын адамдардың қарасы үзілген. Жасы сексенге
таяп қалғандықтан қалт-құлт етіп əрең қозғалса да, қолын
қусырып тыныш отыра алмайды. Митыңдап жүріп бастыр-
ма астындағы арша, өрік, жаңғақ, қызылағаш кесінділерін
жібіту үшін ұзақ уақыт суға салып қояды, содан соң күн-
ге шығарып кептіреді, кейбіреулерін қаңырап қалған қора-
сының жанындағы малдың ескі қиына көміп қояды. Құм
астынан алтын тауып алғандай кесінділердің əрбіріне тесіле
қарап, олай-былай тасудан жалықпайды.
– Ата, сізге тамақ əкелдім, – деп үнемі ашық тұратын қақ-
падан көршінің он бір-он екі жастағы қағылез қара баласы
емін-еркін кіріп келген кезде ғана арбиған саусақтарымен
маңдайының терін сүртіп, жұмыстан тоқтайды.
– Ой, қажет емес, əуре боп қайтесің? Өзім істеп ішем ғой, –
дейді қысылып.
Қара баланың үйіндегілер шалды аяйтын болу керек, кү-
ніне бір рет көрші ақысын жіберіп тұрады.
Бала шалға жаны ашып, кейде кесінділерді тасуға көмек-
теседі.
– Ата, бұлардың не қажеті бар? – дейді бала таңданып.
– Балам, қажет емес нəрсенің өзі бар ма? – деп қысқа қайы-
рады.
Бала мұның сырлы жауабынан ештеңе ұқпай сұрақты
үдете түседі:
– Ана өсіп тұрған ағаштарды да кесесіз бе?
– Жоқ. Оларды менен кейінгі иесіне сақтап қойғам.
– Ол кім?
– Жалғасым келеді. Ана жайқалып тұрған ағаштар да,
мына қырық жылдық кесінділер де соған тиесілі.
– Өткен жылы келген жігіт пе?
– Иə.
– Ол бұларды неғылады?
– Бір кəдеге жаратар.
Бала біраз үнсіз қалады. Сосын тағы қызықсынады:
– Ата, сіз оның келгенін күтіп жүре бермей өзіңіз үлкен
қалаға барсаңыз болмай ма?
– Мен үйді, жайқалған ағаштарды, ғұмыр бойы жинаған
мына кесінділерімді тастап қайда кетем? Ауыл артындағы
86
қорымда кемпірім, жалғыз ұлым, ата-бабаларым, əжелерім
жатыр. Кіндік қаным тамған ауыл, баяу ағып жатқан ана
өзен бар.
– Оларды ешкім алып кетпейді ғой!
– Мұның бəрін өскенде түсінесің, балам...
Бала кеп кеткен сайын мұңға беріледі. Қайбір жылы ке-
ліні мен немересі қоймаған соң үлкен қалаға барған. Тоғы-
зыншы қабаттағы үш бөлмелі пəтерде торға қамалған
торғайдың күйін кешіп бір жетіден соң ауылға қарай тар-
тып берген. Немересі мен келіні ақша сап тұрады. Бұған
ақшаның қажеті қанша, зейнетақысы қарақан қара басына
жетіп артылады. Артық ақшасын немересінің болашағын
ойлап банкке салып қойған. Немересі Жалғастан үміті зор.
Əншілікке оқып жатыр. Домбыра жасаумен де əуестеніп,
қолы бос кезде əлдебір шеберханаға қатынайды. Өткен са-
пар келгенінде домбыра жасап көрсетті. Бірақ, соққан дом-
бырасына өзінің көңілі толмады. Домбырасы саусақ тисе,
сөйлеп кетейін деп-ақ тұр. «Əлдебір əуен жетіспей тұр» деп
шыр-пыры шыққан сонда Жалғастың. Ізденсін деген ой-
мен тымсырайып үндемеген. Тек автобусқа мінген кезінде:
«Əжеңнің сандығында төрт дəптер қолжазбам бар. Ғұмыр
бойғы соққан домбыраларымның жəй-жапсарын түртіп
қойғам. Бір келгеніңде көрерсің», – деген. Жалғастың көзі
жарқ ете қап түсуге ұмтыла бергенде автобус жүріп кеткен
еді.
Бір жылдан бері немересінің көзіндегі сол жарқыл қия-
лынан кетпей қойды. Жалғастың бойында құлшыныс бар.
Жастардың көбі бөгде аспаптардың шуылына елтіп жүрген-
де қара домбыраға қызығуы қаннан өткен қасиет шығар?
Таппай жүргені қандай əуен екен? Бошалап кеткен ботаның
өз өрісін іздеп келе жатқандағы зары ма? Бүркіттің шаңқ ете
қалған үніндегі ашу-ыза ма, əлде аққудың сұңқылындағы
ерке наз ба? Жаралы қасқырдың айға қарап ұлығаны ма,
тізбектеле қайтқан тырналардың былайғы жұртқа естіле
бермейтін қанаттарының сусылы ма? Тұлпар тұяғының
дүбірі, желге тербелген жапырақтың сыбдыры, құзар шың-
дардан бастау алып жартастарға соғыла-соғыла төменге
қарай ағып жатқан мөлдір бұлақтың сыңғыры... сияқты
дыбыс біткеннің бəрі бұл соққан домбыралардан мінсіз
шығатын. Жалғас бұл жасаған домбыра түгілі өзі жасаған
87
домбыраны ұнатпай жүр. Сонда домбыраға қандай əуен
жетіспей тұр? Мыңдаған жылдардан бері ұрпақтан-ұрпаққа
өтіп келе жатқан қай үнді қағыс қалдырды екен?...
Санасына салмақ түсірген ауыр ой Құдірет атаның жа-
нын жегідей жеп бітіруде. Ағаш кесінділері неше жылдан
бері кеуіп, əбден бабына келіп тұр. Егер сол жұмбақ əуенді
тапса болды, сарқылуға жақындаған соңғы қуатын жиып бір
домбыра жасамақ. Бұл ұрпағына соңғы аманаты болмақ.
Құдірет ата бүгін де ағаш кесінділерімен əуре боп жүрген.
Көрші бала үнсіз кеп бір тостақ тамақты қолына ұстата
салды. Басын төмен салбыратып тұр. Бұрын оның көңілсіз
күйін байқамағандықтан, бажайлай қарап көзінің төменгі
жағы көгеріп, беті ісіп кеткенін көрді.
– Не болды, балам?
– Дəрменқұл дүкеншінің бізден екі сынып жоғары оқи-
тын баласы үйірмеден қайтып келе жатқанымда алдымнан
тосып, домбырамды сындырып қойды.
Баланың халінен беріспей алыса кеткендігін сезген шал
тықақтап мазасын алғысы келмеді.
– Солай де... Сен онда бері жүрші, – деп баланы үйге бас-
тады.
Ұзын коридорға кірген соң Құдірет ата аяқ киімін шешіп,
сол жақтағы бөлмеге қолындағы тостақты қойып шықты да,
сүйретпесін шешіп үлгерген баланы төрдегі үлкен залға алып
кірді. Қабырғаға ілулі тұрған домбыраларды көріп баланың
көзі жайнап кетті. Құдірет ата бір домбыраны қолына алып
тыңқылдатып көрді де, балаға берді.
– Қəне, өнеріңді көрейік. Жайланып отырып ап тарта
бер, – деді де шетте тұрған құс жастықты қолтығына қысып,
төсеулі тұрған құрақ көрпешенің үстіне жантая кетті.
Бала отырған соң домбыраның құлағын əрі-бері бұрап,
бір-екі рет қағып көрді де, бебеулете жөнелді.
...Ақырған, өкірген дыбыстар шығып жатыр ма-ау... Бо-
лат сауытқа тиіп шорт сынған семсердің жаңғырығы ма-
ау?... Өндіршегіне найза қадалған адамдардың ышқынғаны
ма-ау?... Кескілескен қан майдан... Кенет бəрі тына қалды да,
жалғыз ат алаңға желіп шыға тоқтай қап көкке шапши кісі-
неді. Ат үстіндегі батырдың бір қолымен тізгінді тартып,
екінші қолымен найзаны көтере ұстаған сəттегі қимылы
анық-тынық естіліп тұр. Домбырадан қанды қыздыратын
88
асқақ, өршіл əуен тарала бастады. Мына əуенді естігенде
ұйықтап жатсаң, ояна сап көк сүңгіге ұмтыласың, өліп жатқан
болсаң, тіріліп атқа қонасың... Құдірет ата қолтығындағы
жастықты лақтыра сап тұрып отырғанын байқамай қалды.
Баланың қабағы қатулана түскен. Бетінің іскен, көгерген
жерлері қан майдандағы батырды еске түсіріп тұрғандай.
Мынадай құдіретті əуенді шығарып тұрғанына қарағанда
ұзын саусақтары олжасын ілуге оқталған бүркіттің шеңге-
ліндей қатқылданып кеткен сияқты.
«Апырмай, мына күйді қаршадай бала қайдан үйренген? –
деп ойлады Құдірет ата. – Бұл атақты Қазанғаптың «Кел сана,
батыр, кел сана» деген күйі ғой! Сыр бойы мен Ақтөбе өңірін
түгел шарлаған Қазанғап жаугершілік жылдары Бесқала, Хо-
резм асып, Дашоғыз жеріне барғанда түркімендермен шай-
қасып, елу адам бес жүз қолдың қоршауында қалған соң, ат
үстінде осы күйді тартып, түркіменнің бас батырын жекпе-
жекке шақырған десетін жұрт. Жасанған жаудан ықпаған өр
рух, қарсыластың да беделін түсірмей намысқа тырысуға
шарлаған адалдық бар бұл күйде. Сол жекпе-жекте Қазанғап
бір соққысына шыдай алмай, атынан аударылып жерде жат-
қан қарсыласының тамағына найзасын тіреп тұрып, ша-
нышпапты. Бас батырының жеңілгеніне намыстанды ма,
əлде Қазанғаптың мəрттігіне тəнті болды ма, түркімендер
қоршаудан босатыпты. Елу атты қазақ арқаны бетке алып
шаба жөнелгенде бір түркімен шал «Əлгі күйіңнің атын ай-
тып кет» деп айқайлаған көрінеді. Түркімендердің соғыс
салтын бұзбағанына риза болған Қазанғап оларға ұғынықты
болуы үшін шалалау білетін түркіменшесімен «Бұл күйдің
аты – «Кел сана, батыр, кел сана» деген» деп кеткен екен.
Содан бұл күй түркімен арасына кең тараған...»
Əуелей барып күй үзілді. «Енді не тартар екен?» деп
Құдірет ата баланың əр қимылын аңдып отыр. Ара-тұра маг-
нитофоннан қайтыс боп кеткен баласының орындаған əн,
күйлерін тыңдап тұратыны болмаса, тірі күйшіні көрмегелі
қай заман? Өзі де қолынан қуат кеткеннен бері домбыра
тартқан емес. Жалғас келген кезде оңаша бөлмеге қамалып
алады.
Бала домбыраның құлақ күйін қайта келтірді. Шалдың
үнсіздігін басқашалау күй күтіп отыр-ау деп түсініп, мүлде
басқа сарынға ауысты.
89
Қапастағы шарасыз бұлбұлдың торыға шыққан үніндей
мұңды əуен сиқырлы иірімдеріне тартып, сананы ұйыта
бастады. Мөлдір бұлақтың сыңсуы бірте-бірте ұлғайып,
зар-налаға ұласты. Жəй басталған жел дауылға айналды.
Жүргіншілердің аяқ астындағы сусылдаған құм да жылап
жатқандай. Өзекті өртеген өкініш аруанадай аңырайды. Кө-
ңілдің күңірене тебіренісінде қимастық бар...
Құдірет ата Шал Мырзаның «Ел айырылғанын» жазбай
таныды. Бұл өңірде «Ел айырылғанды» білмейтін жан некен-
саяқ. Ел басына зобалаң туып, игі жақсылар итжеккенге ай-
далып жатқанда Шал Мырза Сыр бойының біраз халқын
жиып, өзіне қараған жақын-жуығымен басқа жаққа қоныс
аударатынын айтып, айырылар көже береді. Оны қимаған
жұрт кетпеуін сұрап жалбарынады. Сонда алқалы топтың
ортасында осы күйді тарта бастаған Шал Мырза ақырын
жылыстап шығып, көшкелі тұрған ағайынды көзімен ымдап
ізіне ертіп ап, домбырасын бебеулеткен күйі Қызылқұмның
ішімен Бесқала асып кетеді. Сиқырлы сазға арбалып, буын-
буыны босап отырған жұрт күйдің үні күрт үзілген кезде
ғана есін жиып, Шал Мырза мен оған қарасты елдің кетіп
қалғанын білген.
Бала күйді басталған кезіндегідей баяулата, сыңсыта ба-
рып аяқтады.
– Өркенің өссін, балам, – деді Құдірет ата. – Домбыра
сенікі, игілігіңе бұйырсын.
– Рахмет, ата.
– Осы күйлерді сол үйірмеңде үйрете ме?
– Иə.
– Онда дұрыс екен...
Бала тамақ сап келген тостағын əкетуге сабыры жетпей,
сəл тұрса Құдірет ата берген сыйын қайтарып ап қоятындай
домбыраны құшақтап тайып тұрды.
Құдірет ата баланың ізінен сыртқа ере шығып, күншуақта
тұрған мыс құмандағы жылымшы суға беті-қолын жуған
соң ас бөлмеге кіріп ол əкелген кеспе көжені алдына алды.
Тостақтың беті жабулы болғандықтан тамақ əлі суи қоймаған
екен. Жасы келген кісі қайбір тамақ жеп жарытушы еді,
сорпасын ішіп отырғаны болмаса, қамыр, картошка, май-
далап турап салынған етке тəбеті тартпай тұр. Оның үстіне
əлгі екі күйдің əсерінен əлі арылар емес. Күй деген шіркін,
90
мына жарық дүниенің дəл өзіндей тұңғиық қой! Əр сапар
тереңіне бойлай түскен сайын бұрын мүлде байқамаған бір
жаңалыққа тап боласың. Былайғы жұрт күйдің жалт етіп
бірден көзге түсетін ырғағы, екпіні, рухына арбалып, отқа
ұмтылған көбелектей ақыл-есінен айырыла аласұрады. Ал,
бір-ақ күйде мың сан əуен бар. Сол əуендердің үйлесімінен
күй жаралады. Əрбір əуенді талдап-таразылап, ұғыну үшін
адамның өмірі жетпес, сірə! Мың сан əуен жарасымын та-
уып күйшінің санасына құйыла қалуының өзінде түсініп бол-
мас тылсым жасырынған. Сол əуендерді біртіндеп іздегенде
бір күй шығару үшін мыңдаған жылдар қажет болар еді. Сол
көңілде тулап жатқан күйді қаз-қалпында сыртқа шығару
үшін түрлі аспап жасалады. Ең алғаш домбыраны ойлап
тапқан шебер жаратылысы бөлек жан болса керек. Мынадай
кереметті жасап шығару үшін неше жылын сарп етті екен?
«Домбырадан ұйытқи соққан жел, себелеген жаңбыр,
азынаған боранның дыбысын шығару қиын емес, – деп ой-
лап отырған Құдірет өзінің көрші балаға берген домбырасы-
на дəн риза. – Əлгі екі күйдегі дыбысты тап басып, оқиғаны
көз алдыңа суреттегідей елестетіп-ақ тұр. Домбырада кез
келген дыбыс əуенге айналып, иіріміне тартып кетеді. Сон-
да Жалғас нені іздеп жүр? Оқыған-тоқығаны бар бала мұны
білмеуі мүмкін емес қой!...»
Басы мең-зең болған Қүдірет ата алдындағы тостақтың
бетін жауып, дастарханның бір бұрышына ысырып қойды
да далаға шықты. Шеберханаға барып қабырғаға ілулі
тұрған серкенің ішегінен тілінген таспаға қонған шаңды
үрлеп тазартқан болды да, қос қолымен самайын қысып
ағаш орындыққа отырды. Біраздан соң жас балаша қуанып,
орнынан ырғып тұрды. «Таптым. Үнсіздік... үнсіздік... үн-
сіздік... Немерем ата жұртын сағынып жүрген болар. Əке-
сі, əжесі қабірде жатыр. Қара жер сөйлей алмайды. Ал,
Жалғас сырласқысы келеді. Үнсіздіктің тілін табуым ке-
рек. Домбыраның ішегіне саусақ тигенде мылқау қалпында
мелшиіп жатқан Жер-Ана сөйлеп қоя берсін. Бабалардың
ұрпағына жетпей уақыт тозаңына көміліп қалған аманаты
тілге кірсін...»
Құдірет ата қызылағаштың кесіндісін таңдады. Ыстыққа
да, суыққа да төзімді. Домбыраның шанағын ойып шығарса,
анау-мынау ылғалды місе тұтпайды. Əуенді анық жеткізеді.
91
Өте берік болғандықтан өз қалпын сақтап, жұмсақ ағаштар
сияқты ұрлана кірген бөгде дыбысты шығарып тұрмайды.
Қанша айтқанмен жасы келіп қалған емес пе, қашау ұс-
таған қолы икемге келер емес. Қайткенде де бойында қалған
соңғы қуатты жиып, домбыраны жасап бітіруі керек.
Құдірет ата шеберханада жиырма күнге жуық арпалысты.
– Ата, ауырып жүрсіз бе? – деді бір күні тамақ əкелген
көрші бала оның əбден жүдеп кеткенін көріп.
– Кəрілік қой, балам, біз енді құрға шығып күреске түсер
ме едік? – деді Құдірет ата. – Соңғы шаруамызды бітіруге
үлгерсек – ерлегеніміз.
Бала оның шеберханадан шықпай қойғанын көріп, əдет-
тегідей кесінділермен əуре боп жүрген шығар деп ойлаған.
Соңғы шаруасының не екенін түсінбеді. Сұрауға қысылды.
– Балам, осы сенің əлгі... анадай... телефоның бар ма? – деп
қалды күтпегенде Құдірет ата. – Жалғасыммен сөйлесейін
деп ем.
– Ұялы телефон ба? Бар ғой, – деп бала белбеуіндегі был-
ғары қорапты көрсетті. – Нөмірін беріңіз.
Құдірет ата қалтасынан тілдей қағаз шығарып балаға берді.
Бала қорабынан суырып алған телефонына қағаздағы
нөмірді теріп, құлақ тұсына апарып тыңдап тұрды да атаға
ұсынды:
– Сөйлесе беріңіз. Дауысын жоғарылатып қойдым.
– Алло, алло... – деп Құдірет ата əрменірек кетті.
Он-он бес минуттан соң балаға телефонын қайтарды.
– Рахмет, балам. Жалғасым келетін болды. Айтпақшы,
қанша теңгелік сөйлестім? – деп қалтасын қармана бастады.
– Ой, ата, күндіз тегін, – деді бала...
...Үш-төрт күннен соң бала тамағын көтеріп Құдірет
атаның ашық тұрған қақпасының алдына жақындағанда
аппақ машина кеп тоқтады да, ішінен орта жастағы əдемі
киінген əйел мен аққұбаша жігіт түсті. Өткен жылы кел-
ген Жалғасты бірден танып, амандасқан соң үшеуі аулаға
қатар енді. Құдірет ата көрінбейді. Шеберхананың есігінде
құлып тұр. Үшеуі кезек-кезек «Ата! Ата!» деп дауыстап еді,
сылт еткен дыбыс шықпады. Үйдің есігін ашып, атаның аяқ
киімін көрді. Барлық бөлменің есігі ашық тұр, тек төрдегі
үлкен залдың ғана есігі жабулы екен. Солай қарай жүрді.
Залдың есігін ашып, үшеуі жарыса кірді. Төрт қабырғасына
92
қатарластыра домбыра ілулі тұрған үлкен залдың дəл ор-
тасында Құдірет ата басын батысқа беріп, жүзін құбылаға
қарай сəл қиялата бұрған күйі үн-түнсіз жатыр екен. Бас
жағындағы сандыққа қызылқоңыр домбыра сүйеулі тұр...
ЖЕЛІК
Əдеби журналды басқарудың машақаты көп болады екен.
Бұрын мемлекеттік музей директорының орынбасары ретін-
де күніне сегіз сағат қалқиып отырғаным үшін жалақы ап
жүргендіктен, əбден енжар боп кеткен екем. «Дардай жазу-
шысың, ескі-құсқының шаңын жұтып отыра бермей əдеби
ортаға аралас» деген қатарластардың қолқасына көніп, бас-
па директорлығына ауысқан ақын курстасым Рахмет Əлидің
орнына редактор болуға келісім бергенім үшін өкініп
жүрмін. Бір жылдың ішінде қисық жиденің астында ұйықтап
қап, оянған кезінде төрт сөзді ұйқастырып тақпақ шығара
бастағандардан, əлдебір оқиғаны оңды-солды шатпақтап,
повесть, роман деп тартпаның үстіне тартып ұратындардан
титықтап біттім. Безіп кеткім келеді. Ашу қысқанда əдеп
шекарасынан шығып «Адам емес екенсің!» деп айқайласаң,
«Е-е, солай болса, солай шығар» деген ой санасында жылт
ете қап, түсіністік таныта кешіруі мүмкін, «Ақын емессің,
жазушы емессің!» десең, жағаңа жармаса кетуден тайынбай-
ды. Ақындық пен жазушылықтың адамдықтан жоғары бол-
ғаны ма деп басың қатады.
Бүгінгі жұмыс күнім де əдеттегідей жүйкеге салмақ
түсірер əңгімемен басталды. Орындыққа енді отыра берге-
німде стол үстіндегі телефон безілдеп қоя берді. Үйдікі бол-
са ғой, əлдеқашан үнін өшірер ем, жұмыс орныныкі болған
соң, амал жоқ, трубканы көтеруге міндеттісің.
– Ал-ло, – дедім самарқау ғана. Тағы қай жындысүрей
жазғыш мазамды алар екен деп, жүрегім безілдеп тұр.
– Бұл Зейін Асқар деген редактор бала ма екен? – деген
шіңкілдеген шалдың дауысы шықты.
«Қайдағы бала, жасым қырықтан асты» дегім келіп тұр-
ды да, бұрқ ете қалған ашуды ақылға жеңдірдім. Сонда да
дауысыма кекесін араластырдым:
– Иə, сол баламын!
93
– Мен Елеусіз Арқабай деген жазушы ағаңмын. Білетін
боларсың?
Тас төбемнен мұздай су құйылғандай болды. Проза бөлі-
мінде бұл жазушының жүз жиырма баспа табаққа жуық,
бірнеше кітаптан тұратын романының қолжазбасы жатқан
болатын. Бөлім меңгерушісі: «Ғайыптан тайып түрмеге түсіп
кетсем, уақыт өлтіру үшін оқымасам, мына пəлені оқи алар
емеспін. Өзіңіз бір қарап көрерсіз», – деп мұртынан күлгенде,
«Мен бұл көкеңнің шатпағымен таныспын. Көлемді сылтау-
рат, жоспар мəселесін айт, əйтеуір, алдарқатып шығарып
сал», дегем. Қайта-қайта кеп бөлім меңгерушісінің ығырын
шығарған. Қасарысқан жерінен қан алмағанша тынбайтын
неме екен өзі, енді міне, маған тікелей шығып тұр.
– Білеміз ғой... бұйымтайыңызды айтыңыз, – дедім тезі-
рек құтылғым кеп.
– Журналыңа романымды бергеніме екі жылдан асты.
Шығатын түрі жоқ қой!
– Енді... журнал жайын өзіңіз білесіз ғой, қолжазба тау
боп үйіліп жатыр. Бəрін жариялап үлгере алмаймыз.
– Əй, бала, менің жұрттың бəрімен не шаруам бар? Атақты
жазушылардың шығармаларын кезектен тыс жарияласаңдар
бір жерлерің кемейіп қала ма, осы? Мен сексен жасыма дейін
сексен кітап шығарған адаммын. Менімен иық теңестіре
алатын кім бар? Тартпаларыңда жатқан эпопеямда бүкіл бір
ғасырды бейнелеп бергем. Шығарма желісіндегі ақбас бүр-
кіттің образы үлкен символдық мəнге ие. Соны ұқпайтын
қандай кещесіңдер?
Мына байғұс өзін жүз томға жуық шығарма жазған Баль-
зак немесе алты күнде бір романды бітіре салатын Сименон-
мын деп ойлап тұр-ау! Көкезу Бальзак көкесінің ұяты оянып
кетіп, отыз екі кітабынан бас тартқанын, Сименон тəтесінің
романдарын хатшы қызға айтып жаздырып қуыңқырап
кеткендіктен құбылыс бола алмағанын біле ме екен өзі?
Ақбас бүркіт дейді-ау...
Қазақтың жерін түгел аралап ақбас бүркіт көрсем көзім
шықсын! Ондай бүркіт солтүстік Американы мекендейтін
сияқты еді. Елеусіз Арқабайдың шығармасына кейіпкер бо-
лайын деп біздің елге ұшып келмеген болар. Американың
елтаңбасынан көріп, Бүркіттің бəрі бір бүркіт емес пе?» деп
сүйкей салған шығарсың-ау?!
94
– Енді ол ғасыр құйындай өтті кетті. Көзі көрген жұртты
қызықтырып жатқаны да шамалы. Бəлкім, романыңызды ке-
лер ғасырдағылар тарихи жазба ретінде қабылдап, миллион-
даған данамен бастырар, – дедім келемеждеп.
– Əй, сен, не деп тұрсың? Жазғаның сіріңкенің қорабының
жуандығындай бес-ақ кітап, үлкен жазушылармен қалай-
қалай сөйлесесің өзің?
– Қалың кітапты бет қалыңдағанда шығармасақ, əзірге
ондай ниетіміз жоқ, – деп телефон тұтқасын қоя салдым.
Үлкен жазушы енді үстімнен кімге шағымданарын Құдай
білсін. Ондай адамдар есесін жіберіп қарап жатпайды ғой!
Тезірек əрекетке көшіп орнымнан ұшырып жіберсе, алғыс
айтар едім деген ой өтті қиялымнан.
Қызметкерлермен жаңа санының жоспарын ақылдасып
боп əлдебір қолжазбаны оқып отырғанымда хатшы қыздың
қарсылығына қарамастан есікті жұлқи ашып, түсі оңып кет-
кен джинси шалбар, кеуде тұсында бүркіттің суреті бар қара
футболка киген, шашы сабалақ иттің жүніндей боп кеткен
орта бойлы жігіт кірді. «Міне, саған тағы бір бүркіт!» деп
қойдым ішімнен.
– Ағай, баса-көктеп кіріп кетті, – деді хатшы қыз есіктен
қарап.
– Мейлі, неғыламыз енді? – дедім оны жұбатқансып.
Дудар бас жігіт ұсыныс күтпестен əкесінің үйіне келген-
дей алдымдағы орындыққа отыра кетті. Түнімен тойғанша
сілтеген-ау деймін, арақтың иісі мүңк ете қалды.
– Ал... – дедім дудар бас жігіттен жөн сұрағандай.
– Поэзия бөліміндегілер өлеңдерімді түсінбей жатыр.
Ричард Олдингтонның теориясын оқымаған. Фридрих Гёль-
дерлин, Стивен Крейн, Томас Элиоттың жырларын түсінде
де көрмеген. Еркін өлең, ақ өлеңнің иісі мұрнына да бармай-
ды, – деп қолын сермелеп, аузынан көбік шаша еліре жөнел-
ді ол.
– Қазақтың бар ақыны қара өлеңге жармасып жатқанда
сен ақ өлең жазатын ба едің? – деп сөзін бөлдім.
– Иə. Ақынның рухы қалыпқа түспеуге тиіс. Ақ өлең –
еркіндік қой! Шеңберге сыймаған ақынның азат ойын кіл
тобырдан құралған қоғам түсіне бермейді, – деп, пьесадан
монолог оқитындай орнынан өре түрегеп, ырғақ, ұйқастан
жұрдай бірдеңені жаттан шұбырта бастады.
95
Айдаладағы қараусыз қалған көл сасып жатыр... дей ме-
ау... Кішкене құрбақа шіріген қамыс қалдықтарымен қорек-
теніп алып құрбақаға айналып кетті... дей ме-ау... Құрбақа
жұта-жұта көлдің суын тауысып қойды... дей ме-ау... Жылан-
балықтар сусыз қап өліп кетті... дей ме-ау...
– Əй, бауырым, əлгі атын атаған үлкен кісілерің дəл
осындай құрбақа жайлы жаз деп өсиет қалдырмаған шығар.
Мынауыңды қалың қазақтың ортасына барып оқысаң, құр-
бақаңды өзіңе жұтқызып жібереді ғой! Басқа нəрсе туралы
жазғаның жоқ па еді?
– Бар ғой! Шегіртке, құмырсқа, шаян, жыландар жай-
лы да жазғам. Федерико Лорка екеумізден айтылмаған сөз
қалмаған. Жəндіктер – менің басты символдарым. Оқиын
ба?
– Ойбай, оқымай-ақ қой, жетеді, – дедім тағы миымды
ашытуынан қорқып. Сосын қулыққа көштім. – Біздің сана-
мыз əлі өзің бейнелейтін жəндіктердің санасынан төмен.
Сенің өлеңдеріңді түсінуге дайын емеспіз. Кезінде қоғам
Артюр Рембоны да түсінбеген. Тіпті, жан досы Поль Вер-
лен көзқарастары бір-біріне сəйкес келмей қызу тартыстың
үстінде оны атып қойып, екі жылға қамалып кеткен емес пе?
– Сөйткен, сөйткен, – деп бас шұлғыды ол. – Рембоның
символизмін түсінбеген ғой!
– Демек, сен де қоғамның санасы өскенше күте тұруға
тиіссің. Бастысы, рухың азат болса, болды емес пе, асыл сө-
зіңді түсінбейтіндерге қор қылып қайтесің? Жарияланған
күннің өзінде əжетханаға апарып артын сыпырып тастай-
ды.
– Ол айтқаның да жөн-ау, ə? – деді аңтарыла қарап.
Аңғалдығы басымдау екен пақырдың. Қақпанға түсірге-
німді аңғардым.
– Ақ өлеңіңді бұрқырата жазып сандықтың түбіне тастай
бер. Бір күні жұрт іздеп оқиды.
– Əй, қайдам, іздей қояр ма екен? Ұлылығымды ел тү-
сінбегесін арақты көп ішем, – деп суық демін алды ол. – Бірақ,
«Жауыздық гүлдерін» жазған Шарль Бодлер де елеусіз
қалған жоқ. Мен, əйтеуір, ондай нашақор емеспін ғой! Мені
де іздер.
«Боқшасында боғы жоқ, қызының атын Маржанбике қоя-
ды» демекші, дəмесінің зорын-ай! Күлейін бе, жылайын ба?»
96
– Мен болашақтың ақынымын! – деп орнынан тұрды да,
біз сияқты пақырмен қоштасуды өзіне ар санағандай нық
қадам тастап есікке беттеді.
Уһ-һ, құтылғаным рас болсын! Не оқып отырғанымды да
ұмытып қалдым ғой! Оның қарасы батқан соң хатшы қызға
шай алдырып іштім. Сосын алдымдағы қолжазбаға қайта
үңілдім...
Кешке жақын қайтайын деп қабылдауханаға шыға берге-
німде бір жас жігіт сап ете қалды.
– Сəлем, ағай, – деді асығыс. – Оқудан енді шығып келе
жатыр ем. Əңгімемді көріп бересіз бе?
Демек, бұл жігіттің басқа кезде келуге уақыты жоқ екен
ғой! Көңілін қалдырмайын деп қабылдауханадағы бос орын-
дыққа отыра кеттім. Жігіт компьютерде терілген екі беттік
жазбаны қолыма ұстата салды. Амалсыз оқуға тура келді.
Студент қыз бен жігіт оқудың алғашқы күні-ақ танысып,
бірін-бірі ұнатып қалыпты. Сол күні кешке жігіт қызды түнгі
клубқа апарып шарап ішкізіп, қайтарда саябақтың ішінде
намысына тиіп қойыпты. Ертеңіне жігіт басқа қыздың ізінен
кетіп, əлгі қыз еңіреп қала беріпті. Əңгіменің сиқы осы.
Мақала деуге де келмейді екен.
– Інім, жазушы болатын адам, бірінші, көркем тілді игеруі
тиіс. Екінші, оқиғаны сенімді етіп суреттеуі керек. Үшінші,
шығарма арқылы не демекші, идеясы анық болуы шарт.
– Ой, аға, бұл əдебиеттегі телеграф тілі деген əдіспен
жазылған ғой. Қазір шұбалған нəрсені ешкім оқымайды.
Сондықтан өмір шындығын қысқа да нұсқа етіп суретте-
гем.
– Сол суреттегеніңді көре алмай тұрмыз ғой! Оқиғаны
жəй баяндай салғансың. Сенімсіз.
Жігіт екі беттік жазбасын қолымнан жұлып алды да, жү-
гіре шығып кетті.
Орнымнан тұра бергенімде ұялы телефоным «шыр» ете
қалды. Тағы бір жазғыш болса өшіре салайын деп телефонға
үңілдім. Менен бұрынғы редактор, курстас ақын досым Рах-
мет Əли екен. Телефонның тетігін бастым.
– Əй, классик, қайдасың? – деді ол сəлемдескен соң.
– Өзің тастап кеткен орында қоқысқа көміліп отырмын.
Биыл газ жоқ боп қалса, қолжазбаларды жағып жылынатын
шығармын.
97
– Əй, саған обал болған екен ғой! – деп қарқылдап күлді
ол. – Менің жағдайым да сенікінен мəз емес. Əдебиет
қоқысханаға айналғаны қашан! Сен ғой, жаман шығарманы
баспай құтыласың, мен өйте алмаймын. Өз есебімнен шыға-
рам деп ақшасын арқалап кеп тұрған соң баспа деген не бол-
са да он күнде кітабын басып, арқалатып жібереді. Уақыттың
өтісімен жақсы шығармалар сараланып қалады ғой.
– Сол кез қашан келеді?
– Кім білсін? – деп əңгіменің ауанын басқа жаққа бұрды. –
Біздің сүгіретші көрме өткізіп кəрі құрлықты шалқасынан
түсіріп қайтқан құсайды. Шақырып жатыр. Бір сағаттан соң
жұмыс орныңнан əкетем. Ешқайда тапжылмай отыр...
Біздің суретші досымыз – Серік Айдар. Ана жолы «Еуро-
паның бірнеше мемлекетінде көрме өткізем» деп жүрген.
Арманына жеткен екен ғой. Тіршіліктің қарбаласымен ха-
барласып тұруды да ұмытып кетіппіз. Өзі Рахметке хабар-
ласпағанда жан досымыздың қуанышынан мүлде бейхабар
қалады екенбіз.
Қоңырау шалып үйдегілерге ескерткен соң отырып ап
қиял əлеміне сүңгідім. Бүгін мазамды алған жазғыштар
жайлы ойлай бастадым. Бұлар неге əлемді жаулап алатын-
дай даурығады? Санасы бұлыңғырланып, сергелдеңге түсіп
жүргені бойындағы желіктің əсерінен екенін неге аңғар-
майды?
Бір кезде Мен де осындай ма ем?
Біз ше?...
* * *
...Жазушы атым шығып кішігірім қалаға аттың қасқа-
сындай танылып үлгергем. Берісі аудандық газетке, əрісі рес-
публикалық басылымдарға əңгімелерімді үсті-үстіне жол-
дап тұрам. Оннан бірі басылып шығады. Жазғандарымның
тасқа басылғанын көргенде менен бақытты адам жоқ. Ел
бар тірлігін ысырып тастап менің шығармаларымды оқып
жатқандай көрінеді. Жазғанның жөні осы екен ғой деп,
жұрттан қалмауға тырысам. Тіпті, балалар газетінде бір
үл-кендеу жазушының көлемді шығармасы бірнеше санда
шыққанын көріп, əңгіменің төрт бетін жаза сап, «Жалғасы
98
келесі санда» деп сол газетке айдап кеп жібергенім де бар.
Редакциялардан белгілі жазушылардың қолы қойылған
хат та келіп тұрады. Хаттарды мектептегі оқушыларға,
мұғалімдерге аса бір мақтанышпен көрсетем. Мұғалімдер
тақтаға шығарарда «Зейін Асқаров» деп шақырса, кəдімгідей
марқайып қап, кеудемді кере шығам. Егерде «Асқаров
Зейін», жəй ғана «Асқаров» немесе «Зейін» дей салса, бұртия
қалам, жазушының аты-жөнін жөндеп айту керек қой!
Сабақтан үлгерімім өте жақсы. Көрші балалардың көбі
орыс болғандықтан шүлдірлеп жүріп орысшаның да түбін
түсіретін боп кеткем. Сондықтан қалалық кітапханадағы
мен оқымаған кітап аз. Мұхтар Əуезов пен Əбдіжəмил Нұр-
пейісовтің əлем таныған романдарын, Əбіш Кекілбаевтың
күрделі повестерін, Молдахмет Қаназовтың иірімдерге
толы астарында атан түйедей салмақты ой жасырынған
əңгімелерін жатқа айтып бере алам. Асқар Сүлейменов,
Оралхан Бөкеевтерді ғой, су қылып ішіп жібергем. Распу-
тин, Астафьев, Айтматов, Думбадзе, Булгаковтар түгілі Тол-
стой, Достоевский, Чехов, Бальзак, Теодор Драйзер, Уильям
Фолкнер, Эрнест Хемингуэй, Франц Кафка, Альбер Камю,
Джон Стейнбек, Мигель Астуриас, Кнут Гамсун, Герман
Гессе, Габриэль Маркес сияқты əлем əдебиеті алыптарының
шығармалары да етене таныс. Тіпті, олардың неше əйелге
үйленіп, қанша баласы болғанын, қалай өлгенін де білем. Бе-
линскийден Бахтинге дейінгі сыншылардан да хабардармын.
Əлемдік философтардың ой-бақшасына түсіп, жемісінен
дəм татқам.
Биыл жоғарғы сыныпта оқып жатқандықтан мектепті
бітіргеннен кейін қай оқуға түсерімді білмей əбден басым
қатты. Филологияға барсам ба екен?... Филология демекші...
анабір жылы көшеміздегі қоржын тамда тұратын Бисенбай
шалдың баласы Айтбай тырық университет бітіріп келген
ғой, костюм-шалбар киіп, мойнына галстук тағып ап, қо-
лына дипломат ұстаған күйі ыздиып əрі өтеді дейді, ыздиып
бері өтеді дейді. Көше басындағы шынар түбінде əңгіме-
дүкен құрып отыратын шалдарға «Есенсіздер ме?» деп ба-
сын изеп, жауап күтіп тұрмастан шырт түкіріп, жөнелетін
құсайды. Ақыры шыдамаған бір шал «Балам, қай оқуды
бітіріп келдің?» деп сұраған ғой, Айтбай тырық жүріп бара
жатқан күйі шірене «Филология» деп, көкқұтандай мойны
99
сорайып өте шыққан екен. «Бұрын естімеген екенбіз, соған
қарағанда дөкейдің оқуы шығар?», «Өмірі шыр жұқпаған
тұқым еді, мына баласының арқасында қоңданатын болған
екен» деп қауқылдасып қалған ғой, шалдар. Қырқүйектің
бірі күні Айтбай тырық шұбырған бір топ баланың алдында
велосипед мініп кетіп бара жатқан екен дейді. Аң-таң болған
шалдардың бірі: «Балам, сенің əлгі пилологың не болды?» – де-
ген ғой, Айтбай тырық: «Филолог деп тіл, əдебиеттен сабақ
беретін мұғалімді айтады. Мектепке жұмысқа тұрдым», –
депті. «Бəсе, əкеңде жоқ арғымақ, шешеңде жоқ арғымақ.
Қайдан болсын саған, жал бітіп, жар басынан қарғымақ?» –
деп шалдар көзінен жас шыққанша күлген екен.Оған барсам,
елдің мазағына қалармын. Журналистикада шопандардың
жүз бас саулықтан неше қозы алғанын жаза беретін аудандық
газеттің тілшісі, көршіміз Жұмабай Қозыбаев құсағандар
оқитыны белгілі. Жазушылықтың оқуы жоқ көрінеді.
Мəскеуде Максим Горький атындағы əдебиет институты
болғанымен, оған бару қайда? Жазушылар одағының жол-
дамасымен əр республикадан жылына бір, екі-ақ студент
қабылдайды екен. Мен жазушылар одағы дегенді түсімде де
көрген емеспін. Мықты жазушылар істейтін жер екенін ғана
білем.
Басым тұнып тұрған ақыл, философияға барсам қайтеді,
шығарма жазудан шаршағанда Аристотель сияқты сарбиған
сақалымды сипалап жұртқа ақыл беріп отырмаймын ба?
Ойға қалай жылдам келген болсам, солай айнып қалдым.
Баяғының данышпандарындай ханға кеңес беру қайда,
бүгінгінің философтары жоғарғы оқу орындарында сабақ
береді ғой! Демек, философ дегеннің филолог Айтбай ты-
рықтан артықшылығы шамалы. Мен иттің басына салып
қалғанда жалп еткізіп құлататын жастықтай роман жазам
деп жүрмін. Ойдан-қырдан жиналған ақпақұлақтарға дəріс
оқимын деп мылжыңдап жүргенде өзімнің миым шайқалып,
құлап қалармын.
Ойлана-ойлана ақыры журналистикаға баратын бол-
дым. Жұмабай Қозыбаев секілді қой-қозы, сиыр-бұзау жай-
лы мақала жазатындарда не шаруам бар? Редакциялардың
біріне жұмысқа тұрып алсам, басылымның тең жартысына
прозамды бермеймін бе?
100
Мектепті бітірер сəт те келіп жетті. Аттестатты қолға
алған кезде өз көзіме өзім сенбей қалдым. «4» деген баға
құжынап тұр. Аудандық сот төрағасының əліпті таяқ
деп білмейтін шикілсары қызы Ділназ Сабырова, мек-
теп директорының сабақта есінеп отыратын, үсті басы
қожалақ-қожалақ боп жүретін қара қызы Сəлима Төребаева,
облыстағы үлкен қызметке көтеріліп кеткен Момын Қа-
жиевтің мектеп есігін есіне түскенде ғана ашатын бала-
сы Еркін Қажиев медаль алып шыға келді. Қарапайым
қарауыл шалдың баласы болғаным үшін маған тиесілі ал-
тын медаль солардың бірінің қанжығасында кетті-ау деймін.
Мұндайда кімге шағымданарыңды білмейді екенсің. Сынып
жетекшіміз Ғабит Самаловты іздеп ем, шу шығарын біліп
əлдеқашан тайып тұрған екен. Аласұрып жүргенімде химия-
дан сабақ беретін, əділдігі үшін барша сыйлайтын Жолдас
Ниязов ағай жолыға кетті.
– Əй, жазушы бала, ашулысың ғой, не болды?
– Ағай, мынаны қараңыз, – деп жыларман боп аттестатты
қолына бердім.
Аттестатқа көз жүгірткен соң оның өңі қуарып кетті.
– Сен бестен басқа баға алмаушы ең ғой, бұл жерде бір
шикілік бар-ау! Анықтап көрейік, бері жүрші.
Ағайға еріп оқытушылар отыратын бөлмеге бардым. Ол
бұрыштағы шкафтан біздің сыныптың журналын суырып ап
парақтай бастады. Журналды түгел көріп шыққан соң жа-
уып сыртына қарады да, көзі шақшиып кетті.
– Жүр, директорға барайық.
Төрт адым жердегі директордың бөлмесіне жетіп бардық.
Бақытжан Төребаев өз бөлмесінде бітірушілер сыйлаған
гүлдерді реттестіріп жатқан екен.
– Ұятың бар ма, қандай ұстазсың өзің? Асқаров алатын
медальді кімге бердің? – деп шағын денелі Жолдас ағай
еңгезердей директордың иегінің астына барып айқай салды.
– Оқушының алдында дөрекілік жасағаныңыз не? Сабыр-
ға келіңіз, – деді директор. – Медальді үздік оқығандарға
бердік қой! Асқаровтың нашар бағалары бар шығар?
– Мен бестен басқа алып көрмегем! – дедім қалшыл-
дап. – Аттестаттағы баға табельдегі бағаға сəйкес келмейді
ғой!
Жолдас ағай қолындағы журналды столға тартып ұрды.
101
– Кімді ақымақ еткің келеді? Сотталып кеткің кеп жүр ме?
Сынып журналын қайтадан жаздырғансың ғой! Қазір мау-
сым айы, оқу өткен жылдың қыркүйегінде басталды. Мына
сынып журналы биылғы жылдың ақпанында шыққан. Сон-
да алты ай бойы сынып журналы болмаған ба? Ол өтірігіңе
кім сенеді? Менің бұл сыныпта сабағым бар. Қыркүйектен
бастап журналға баға қойғанмын. Журналдағы жазу менікі
емес. Жалпы, мына журналды бір адам қайта жазып шыққан.
Оқушының сынып журналын тексеруі əдептілік емес.
Өмірімде қарап көрмегем. Ұстаздардың арамдық жаса-
уы – үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Бəсе, оқытушылар
бөлмесінде Жолдас ағайдың түрі бұзылып кетіп еді, осы
жəйттерді анықтаған екен ғой!
Директор мүйізіне таяқ тиген бұқадай теңселіп барып,
орнына сылқ етіп отыра кетті. Анау-мынау емес, қылдай
қиянатқа төзе алмай шапшып шыға келетін бірбеткей мұ-
ғалім мен жазушы баланың алдында қылмысы ашылып
қалғанына үрейленгені көрініп тұр. Жағымпазданбаса істің
насырға шабарын біліп турасына көшті:
– Мəселе былай ғой... Момын Қажиев зіркілдеп қоймаған
соң бір ағаттық жібердік. Бұл өмір деген... Кісінің қалағаны
бола бермейді екен. Түсіністік танытуларыңызды өтінем.
Кешіріңіздер. Зейінжан медальсіз де оқуға түсе алатын бала
ғой...
– Мынауың ағаттық емес, қылмыс қой! Өз оқушыңа қия-
нат жасап мансабыңды сақтап қалғанша өлгенің артық емес
пе? Жүзің құрысын! – деп стол үстіндегі журналды қолына
алды да Жолдас ағай есікке беттеді. Мен де ізінен ердім.
Дардай директордың бейшара халін көріп, ашуым тарқап
кеткен сияқты.
Былай шыққасын Жолдас ағай ойласқандай маған қарады:
– Мынау бір ұзаққа созылатын шаруа болды ғой! Қазір
тура сотқа барып арыздансақ, жеңіп шығарымыз анық. Бірақ,
сот шешімін шығартып, қайта аттестат алам дегеніңше,
оқуға кешігіп кетпес пе екенсің?
– Ағай, медалі құрысын! Соған бола бас ауыртып қайтем?
Оқуға кете берейін.
– Көңіліңде реніш қап кететін болды-ау, – деді Жолдас
ағай тебіреніп. – Бұл өмірде əлі талай əділетсіздік кезігер.
Жүнжімегенің де дұрыс.
102
Жолдас ағай мектеп ауласынан шығарып салды.
– Айналайын, Зейінжан, алаңдамай оқуға түсуге дайын-
дала бер, – деп құшақтап арқамнан қақты. – Үлкен жазушы
болуға тырыс. Сонда осындай əділетсіздіктерді қоғамға
паш етесің. Ағайдың жанарындағы жасты байқап, елжіреп
кеттім. Көңілімнің босағанын көрсетпеу үшін тез қоштасып,
үйге қарай жүгіре жөнелдім....
Мінездеме, анықтама алу, суретке түсу деген шаруаларға
екі-үш күн кетті. Құжаттарымды тап-тұйнақтай етіп дайын-
даған соң бір сөмкеге кітаптарымды, бір сөмкеге киімдерімді
салып, жинап жүрген қаламақымды жолға жұмсармын деп,
əкейдің берген ақшасын сөмкенің астарына тіктіріп ап, бас
қалаға баратын автобусқа отырдым.
Бір тəуліктен соң өзім əлі көрмеген, бірақ, ылғи түсіме
кіретін арман қалаға келіп жеттік. Автобустардың арасы-
мен екі сөмкемді əрең көтеріп, мықшыңдап бара жатсам
«Əй, абитуриентпісің?» деген дауысты естіп тоқтадым. Өзім
сияқты екі сөмке көтерген орта бойлы қара жігіт пен иығына
сөмкесін асып, қағазға оралған қабырғаға ілінетін айнаның
үлкендігіндей бірдеңені көтеріп алған, инеліктей ілмиген,
көзəйнекті аққұбаша жігітке көзім түсті.
– Өзіміз де солай ойлаған ек, мынадай ауыр сөмкелерді
абитуриенттен басқа кім көтеруші еді? – деді алдымен жет-
кен аққұбаша жігіт. – Біз де оқуға түскелі келе жатырмыз.
Менің есімім – Серікболсын. Суретшімін.
– Танысқаныма қуаныштымын, – дедім ізет танытып.
Қара жігіт сөмкелерін жерге қойып, аяғымнан басыма
дейін тінте қарап шықты да, маңғаздана қол созды:
– Мен ақын Рахмет Əлиевпін!
Тəкаппарлығы шымбайыма батып кетті. Кіммен сөйлесіп
тұрғанын білмейді-ау, байғұс! Пушкин тіріліп бұйра ба-
сын кекшитіп жанымнан өтсе де, желпілдей қоймаспын!
Менсінбеген сыңай білдіріп көзімнің қиығын салдым да,
қолымның ұшын тигіздім:
– Мен жазушы Зейін Асқаровпын!
Ақын күлімдеп сала берді:
– Түрің таныс сияқты, газеттен суретіңді көрген екем ғой!
Бұдан əрі сөзіміз жарасып кетті. Қай жерден екеніміз,
қай оқу орнына құжат тапсыратынымыз жайлы сұрастық.
Бұл екеуі менен сəл бұрын ғана танысыпты. Серікболсын
103
осындағы көркемөнер училищесін бітіріп, ауылында біраз
тынығып институтқа түсуге келген бойы екен. Рахмет
екеуміз бір жерге барады екенбіз.
– Жігіттер, – деді Серікболсын тілдей қағазға мекен-
жайын жазып беріп. – Менің пəтерім бар. Бір жалғызбасты
кемпірдің үйінде тұрам. Шығармашылық адамдарының
бірге болғаны жақсы ғой, құжаттарыңды өткізген соң маған
келіңдер.
Менің баратын жерім жоқ. Тəуекел деп келе бергем.
Баспана мəселесінің табан астында шешілгеніне қуанға-
ным соншалық, сөзге келместен бас шұлғып көне кеттім.
Рахметтің жағдайы да менікінен мəз емес пе, əлде шығарма-
шылық адамдарымен бірге болғысы келді ме, ол да келісімін
берді.
Не дегенмен осында үш жыл оқыған емес пе, Серікболсын
бұл жерді бес саусағындай біледі екен. Бізге журналистика
факультетінің қай жерде екенін тəптіштеп түсіндіріп, сту-
денттер қалашығына баратын автобусқа отырғызып жіберді.
Университеттің бас корпусын оңай таптық. Құжатты со-
ның жанындағы корпуста қабылдап жатқан екен. Құжаттарға
қоса газет-журналда шыққан шығармаларымызды қиып ап
жапсырған альбомды да тапсырдық. Бір жетіден соң шығар-
машылық конкурс болады екен. Содан өтсек қана емтиханға
қатыса алады екенбіз. Бірақ, одан қаймығып тұрған біз жоқ,
дəл қазір университеттің студенті атанғандай жымыңдап
тұрмыз.
Университеттен шыққан соң желкемізден ауыр жүк түс-
кендей боп зымырадық. Қолымыздағы сөмкелердің ауыр-
лығы білінер емес. Жолай дүкеннен азық-түлік алып авто-
бусқа отырдық. Серікболсын берген мекен-жайға жетіп
алсақ, бүгінгі шаруаның табысты аяқталғаны.
Жарты сағаттай жүрген соң автобустан түсіп, тоғыз
қабатты үйге келдік. Лифт істемей тұр екен. Жетінші қабат-
қа баспалдақпен əрең шығып қоңырауды бастық. Есікті
Серікболсын ашты.
– Келдіңдер ме? – деп ішке бастады ол.
Кіреберіске аяқ киімімізді шешіп, залға өттік.
– Қиялилардың мекеніне қош келдіңдер! – деп қос қолын
жайды Серікболсын. – Бұрын кілең суретші тұрушы ек, енді
ақын-жазушымыз да бар.
104
– Ілтипатыңа рахмет, – деп бас иіп күлдік біз.
– Тамақ дайын болам дегенше жуынып-шайынып алың-
дар, – деді Серікболсын.
Біз сөмкеміздегі азық-түлікті алып бердік. Серікболсын
тоңазытқышқа салып қойды. Рахмет екеуміз кезектесіп
ваннаға түскен соң Серікболсынның дайындаған тамағына
отырдық.
– Қожайынымыз Нəзира апай мен оқыған училищенің
жатақханасында вахтер боп істейді. Бағана жұмысқа кеткен.
Ертең келеді. Бүгін өзіміз қожайынбыз.
– Мына көжең дəмді екен, – деді Рахмет.
– Осында келіп үйренген өнеріміз ғой! – деп күлді Серік-
болсын.
Жолсоқты боп əбден қалжыраған екенбіз. Тамақты ішіп
бола сала ұйқыға кеттік.
Ертеңіне Нəзира апаймен танысып, пəтерақы мəселесін
келісіп алдық. Жақсы əйел екен, аса көп сұраған жоқ. Тəр-
тіпсіздік жасамасақ, оқуды бітіргенше тұра беруімізге бола-
ды екен.
Серікболсын əлдеқайда кетті. Рахмет екеуміз бір-біріміз-
дің жазғандарымызды көрдік.
– Əй, Толстой болуға шамаласып қапсың ғой, – деп күлді
Рахмет. – Мынаның бəрін қалай жазып үлгердің?
– Алтыншы сыныптан бергі шатпағым ғой.
Рахметтің тəп-тəуір өлеңдері бар екен. Тілі таза, ұйқас-
тары сыңғырлап тұр. Бірақ, мұндай өлеңдері аз да, үш жол-
дық, бес жолдық жəне шұбалған ұйқассыз бірдеңелері кө-
бірек. Соңғыларына түсінбедім. Өлеңге ұқсаңқырамайды.
– Мыналар не?
– Жапонша үш жолдық өлең хокку немесе хайку, бес
жолдық өлең танка деп аталады. Ана ұйқасы жоқтары ақ
өлең деген нəрсе.
– Сонда бұларды кəдімгідей ұйқаспен жазуға болмай ма?
– Кəдімгідейіңді бар ақын жазып жүр. Біздің поэзияға
ерекшелік, жаңалық қажет. Сондықтан əлемдік өлең форма-
ларын пайдаланып жүрмін.
– Солай ма? – дедім. – Реформатор екенсің ғой!
– Неге сенің əңгімелеріңде баяндау, суреттеу көп? Сөй-
лемдерің күрделі, оқиғалар баяу өрбиді əрі табиғи емес
сияқты.
105
– Модернизм, постмодернизм, сюрреализм деген əдістер-
мен жазылған.
– Ə-ə, – деді ол. – Детектив жазғаныңда оқырманың көп
болар еді.
– Детектив – оқиғаны қызықтаудан басқаны білмейтін
ойы саяз адамдарға арналған жанр...
Шығармашылық конкурстан аман-есен өттік.
Мен жатып алып Кафка, Борхес, Камю шығармаларын
оқимын. Рахмет те өлең кітаптармен əуре. Бір күні Серікбол-
сын менің əдеби шығарма оқып жатқанымды көріп, басын
шайқады.
– Қайдағы бір романды оқып уақытыңды босқа шығын
қылғанша, мектеп оқулықтарын қарап шығып, емтиханға
дайындалмайсың ба?
– Менде оқулықтар жоқ. Класта жүргенде оқып бітіргем.
Мұнда өзіммен əлем классиктерін əкелгем.
Серікболсын ақыл-есімнің дұрыстығына күмəнданғандай
көзəйнегінің үстінен біртүрлі қарады. Сосын Рахметтен
сұрады:
– Сен не оқып жатсың?
Рахмет қолындағы құдайы күлшедей кітапшадан өлең
оқи кетті:
Молодые девушки
похожи лицом
на небо,
на ветер,
на облака.
Потом из них получаются
верные жены,
лица которых похожи
на дома,
на мебель,
на хозяйственные сумки.
Но их дочери
вновь похожи лицом
на небо, ветер
и весенние ручейки.
– Бұл Арво Метс деген ақынның верлибрі.
106
– Əй, Метс оқуға түсіре қоймайтын шығар, емтиханға
дайындалмайсың ба?
– Бұл жерге дайын болған соң келгем.
– Əйтеуір бірінші емтиханнан-ақ жалп ете қап жүрмеңдер...
Емтихандардың бəрін сəтті тапсырдық. Оқу басталғанша
үйге барып қайтуға уақытымыз жетеді. Бірақ, Рахмет екеуміз
осында қалып, газет-журналдарға жазғандарымызды береміз
деп шештік. Үйге хат жолдап күздік, қыстық киімдерімізді
пошта арқылы жіберуін өтіндік. Оқулықтан бас көтермейтін
Серікболсын да оқуға түскен соң елге кетпейтін болды.
Біраз редакцияны шарладық. Кейбір газеттерде шыға бас-
тадық. Серікболсын əлдекімдердің заказы бойынша суретін
сызып беріп ақша тауып жүр.
Оқу да басталды. Жан-жақтан жиналған өңшең жазғыш
сабақтан қолы босаса, қызылкеңірдек боп тартысады да жа-
тады. Едəуір танылып қалғаны Рахмет екеуміз болғандықтан
өзімізді салмақты ұстап, оқшаулау жүреміз. Көрінгенмен ай-
тысып аузымызды ауыртқымыз келмейді. Бізге Серікболсын
да жетеді. Бара-бара оның сырына қаныға түстік. Ылғи əдемі
қыздардың суретін сызады. Кейбіреулерін тіпті жалаңаш
қалпында бейнелейді. Оның айтуынша, əлемнің сұлулығы
қыздардың бейнесінде екен.
– Сурет дегеннің астарында терең ой жатады дейтін
сияқты еді, – дейді Рахмет. – Сонда жалаңаш қыздардың
бейнесінен қандай өнеге аламыз?
– Табиғи сұлулықтан лəззат аласың.
– Ол енді натурализм ғой, – деймін мен. – Ондай əдіс атам
заманда қолданыстан шығып кеткен жоқ па?
– Жалаңаш қыздардың бейнесін ғана жасамаймын ғой,
киім кигендері де бар.
– Тұлпарлар, қырандар дегендей... басқа образдарды бей-
нелесең де болады ғой! – деп қосыла кетеді Рахмет.
– Сендер сурет деген нəрсені мүлде түсінбейсіңдер, –
дейді Серікболсын. – Мона Лизаның суретіне қараңдаршы,
қандай кемшілігі бар? Суреттің жетістігі де сол кемшілігінде.
– Екеуміз Леонардо да Винчидің картинасына үңіліп
кемшілік іздейміз.
– Осы Мона Лиза мен Джоконда бір əйел ме? – деп сы-
бырлаймын Рахметке.
– Ит біліп пе?
107
Біздің сыбырымызды естіп қойған Серікболсын кəдімгі-
дей ашуланады.
– Соны да білмей тұрып сурет жайлы пікір айтқыларың
келеді. Суреттегі əйел – Ритратто ди Мона Лиза дель Джо-
конда.
– Е-е, Джоконда деген фамилиясы екен ғой, – деп қылжақ-
таймыз екеуміз. – Есімі шығар деп жүрсек.
Біз картинадан кемшілік таба алмағасын Серікболсын кі-
сімсиді:
– Мона Лизаның қасы жоқ. Əне, сол нəрсе жымиысының
сырын ашып тұр. Италияда қайтыс болған күйеуінің əлдебір
мерекесінен соң жесірінің қасы алып тасталатын болған. Бұл
əйелдің басы бостығының белгісі. Жүзінде лып ете қалған
қуаныш бар.
– Мона Лиза күйеуінен құтылғанына қуанып тұр ма?
– Онда жақсы əйел емес екен ғой, – деп екеуміз жарыса
оны тығырыққа тіремекші боламыз.
– Бұл еркіндікті сезінгендіктен рух қатпарынан аты-
лып шыққан бір сəттік қуаныш. Көзіне қарасаңдаршы, мұң
тұнып тұр ғой! Қуаныш пен мұңның қатарласа қалқып
шығуын бейнелеу Леонардо да Винчидің ғана қолынан кел-
ген. Екінші болжам, Мона Лиза – Леонардо да Винчидің өзі.
Міне, суретшінің өзіне жақсылап қарап алыңдар. Енді лупа
арқылы Мона Лизаны көріңдер.
– Расында да лупаны Мона Лизаның бір бетіне апарсаң,
Леонардо да Винчи көрініп тұрғандай болады екен.
– Дұрыс қой, бірақ, сенен басқа Мона Лизаға күні бо-
йы телміріп отыратын адам жоқ шығар. Оның орнына Қыз
Жібек, Баян сұлулардың портретін жасасаңшы, – деп мүсір-
кей қарайлы Рахмет.
– Ана жалаңаш қыздарың өте анайы нəрсе емес пе? Сұ-
лулықтың сырлы болғаны жақсы. Леонардо да Винчи де
Мона Лизаны киімімен бейнелеген. Қазақ қыздарының əде-
мілігі де киімнің артында тұрса ынтықтыра түседі, – деп
бағыт-бағдар берем мен Серікболсынға. – Еліміздің ғажап
табиғатының суретін салсаң да болады. Мен Орал Таң-
сықбаевтың картиналарын көргем. «Таудағы күз», «Туған
өлке», «Өрік гүлдегенде», «Тақиятас», «Ыстықкөл ақшамы»
деген пейзаждарындағы мың құбылған бояудан назарың-
ды ала алмай қаласың.
108
– Енді əркімнің өз ұстанған бағыты бар, – деп Серікболсын
Мона Лизаның суретін жасайтын сияқты өз білгенінен қал-
майды.
Бірінші курсты бітіруге шамаласып қалғанда Рахмет
екеуміз фамилиямыздағы жалғауды алып тастап, басылым-
дарда Рахмет Əли, Зейін Асқар боп шыға бастадық. «Қай
бірі есімім, қай бірі тегім екені белгісіз боп қалады» деп
шырылдағанына қарамастан Серікболсын Айдарғалиевті
«...болсын» мен «...ғалиевтен» арылуға көндірдік. Серік Ай-
дар деген əдемі естіледі ғой! Италиялық ұлы суретшілердің
салақұлаш аты-жөнін толық атап жүрген кім бар?
Жазғы демалыста үйге баратын болдық-ау деп қуанып
отырғанымызда Серік жабыса кетті:
– Қайдағы үй? Ел көріңдер, жер көріңдер. Мен сендерді
ауылға ап кетем. Бір аптадан соң қайтып, демалыста шығар-
машылықтың көкесін танытамыз.
– Мынауың да жөн екен, – деді Рахмет. – Оқу-оқу деп жа-
рытып ештеңе жаза алмап ек, басылым біткенді шығармаға
көміп тастаймыз.
Бұл ой маған да мақұл түсті.
Серік суреттерін алып, біз газет-журналдарда жариялан-
ған шығармаларымызды сөмкеге сүңгітіп жолға шықтық.
– Айтпақшы, сендерге ауылдағы өзімнің Мона Лизамды
көрсетем. Құдайберген деген қойшының қызы Айсұлумен
мектепте бірге оқығанбыз. Менің бүкіл шығармашылығым-
ның арқауы соның бейнесі, – деді Серік автобуста арқасында
отырған екеумізге бұрыла қарап.
– Əй, мынау сол қыздың да жалаңаш бейнесін салып
жүрген болмасын, – деп құлағыма сыбырлады Рахмет.
– Өйтсе суретімен тұмсығына ұрар...
Кешке таман Серіктің ауылына келіп жеттік. Ата-анасы,
іні-қарындастары хан келгендей қуана қарсы алды. Досы-
мыз сегіз ағайынды екен. Бəріміз дастархан басына жиы-
лып, қаймақ қатқан қою қара шəйді сіміріп отырмыз. Жол-
да əбден ашырқап қалғандықтан ба, əлде үнемі шалақұрсақ
боп жүргендіктен бе, жұмсақ тоқаш, таба наннан бас алар
емеспіз. Жаңа ғана сойылған бағлан қозының қуырдағы кел-
ген кезде көзіміз жайнап кетті.
– Аға, Тоқтарбай тракторшының үлкен баласы Рахымжан
Айсұлуға үйленіп жатыр. Ендігі тойы басталып та кеткен
109
шығар, – деді шетте отырған жеті-сегіз жастағы тақырбас
бала.
– Үніңді өшір! – деп шешесі шымшып алды.
– Не? – деп Серік қарғып тұрып есікке ұмтылды.
– Ойбай, қайда барасың? – деді шешесі.
– Ұстаңдар, тойды бұзып жүрмесін, – деді əкесі.
Өре тұрып қуа жөнелдік. Серік музыка шығып жатқан
жаққа қарай зымырап барады. Жеткізер емес. Інілері кейіні-
ректе қап кетті. Рахмет екеуіміз ізінен ырсылдай жүгіріп
келеміз.
– Қуыр... дақ қап кетті-ау, – деді Рахмет алқына жүгіріп
бара жатып.
– Өзі қуыр...дақ боп кет... песін. Тезі...рек жүгір.
Серік қара үзіп кетті. Той боп жатқан жерге ентіге жет-
кенімізде есінен ауысқан адамдай өкіріп бір топ жігітпен
жағаласып жүрген. Біреуі өңменіне салып кеп жібергенде
өзі бір жаққа, көзəйнегі бір жаққа ұшып түсті. Рахмет əлгіні
бір теуіп қалпақтай ұшырды. Мен біреуінің тұмсығына бас-
пен салдым. Қым-қуыт боп кетті. Екеуміз ортада қалдық.
Күшене жұдырық жұмсаймыз, тебеміз. Бізге де соққылар
қарша жауып жатыр. Денемнің сау жері қалмаған сияқты.
Рахметтің де бет-аузы қанға боялған. Өліспей берісетін
түріміз жоқ. Бір-бірімізге арқамызды тақап ап қарсы кел-
генге қол-аяқты оңды-солды сермеп жатырмыз. Бəрібір
ұзақ шыдас берер қауқарымыз қалмаған еді. Бес-алты жігіт
араға киліге кіріп, бізге болыса кетті. Қырғын төбелес бас-
талды. Кім кімді ұрып жатқанын да біліп болмай қалды.
Бір кезде музыканың үні өшіп, нөпір халық үстімізге жа-
пырылып келді. Төбелесіп жүрген жігіттерді еңселей-
еңселей сүйреп əкетіп жатыр. Екеуміз аяқтың үстінде
əрең тұрмыз. Қарулы қолдар мені қапсыра құшақтап алды
да трактордың тіркемесіне лақтыра салды. Рахмет те тір-
кемеге дүңк ете түсті. Қапталымызда Серік ыңырсып жа-
тыр.
– Балдарды үйге апарып таста, мен Мен Тоқтарбаймен
сөйлесіп барам, – деген Серіктің əкесінің дауысы шықты.
Серіктің інілері тіркемеге мініп алды.
Үйге жеткен соң тіркемеден ыңқылдап əрең түстік. Се-
рікті інілері түсіріп алды.
110
Бет-аузымыздың қанын жуып, алба-жұлбасы шыққан
киімдерімізді ауыстырған соң күп боп ісіп кеткен жерлері-
мізге одеколон сүртіп, кішілеу бөлмеде жата қалдық...
Таңертең кештеу тұрдық. Үн-түнсіз жуынып-шайын-
ған соң Серік көзəйнексіз көздері жыпылықтап залға баста-
ды.
Дастарханның үсті толып тұр. Үшеуіміз түгілі отыз адам-
ға да жетеді. Жайғасып отыра бергенімізде «Аға, достары-
ңыз келді» деп есіктен қарады кешегі елді дүрліктірген
тақырбас бала. Серік шығып кетті.
– Бағлан қозының өз майына піскен қуырдағынан жеп
отыр, – дедім Рахметке. – Тағы бұйырмай қап жүрер.
– Оған шама қайда? – деді Рахмет.
Күлейін десем, ісіп кеткен еріндерім икемге келер емес.
Жиырма шақты қыз-жігіт кірді. Түрімізден қысылып
төмен қарап амандастық. Бəрі есімдерін айтып шықты.
Серіктің сыныптастары екен. Біз де мыңқылдап өзімізді
таныстырдық.
– Қаладан келген зиялы қауыммен бірге Айсұлудың қыр-
ғынына қатысып, тарихқа енетін болыппыз ғой, – деді біреуі
күліп.
Жалт қарасам, жүзіне жарақат түскен екен. Тағы бірнеше-
уінің түрі адам қарағысыз. «Кеше бізге көмектескен осылар
екен ғой» деп ойладым.
– Жігіттің басында ондай-ондай боп тұрады, – деп оты-
рыс тізгінін қолына алды Жандос деген жігіт. – Танысқаны-
мыздың құрметіне бес грамм алып қоялық.
Қыздар «тархун» мен «лимонад» құйылған кеселерді
қолына алды.
Анда-санда ұрттап тұратынымыз болмаса, біздің ішкілік-
ке үйірсектігіміз шамалы. Амалсыз арақ толы кесені қолыма
ұстадым.
– Ал, енді Зейін бауырым, өзің бірдеңе деп жібер, – деді
Жандос. – Жазушының лебізін есіту біз үшін бақыт.
– Осында отырған баршаға бақыт тілеймін. Арманның
асқарына жету несіп етсін. Таныстығымыз достыққа ұлас-
сын! – деп қысқа қайырдым.
– Мұндай сөзге ішпеу ұят, – деді Жандос. – Қане, үй иесі,
өзің «Қош бол, Айсұлу! Қош бол, Мона Лиза!» деп бастап
бер. Аман болсаң, əлі талай Айсұлуға жолығасың.
111
Барша жеңіл күліп қойды. Мұндағылар Серіктің бар сы-
рына қанық-ау деймін.
Серік жалындырып отырмастан қағып салды. Басқамыз
да қарап қалмадық.
Мұнан соң Рахметтің сөзіне алып қойдық. Екі қыз лебізін
білдірді. Сосын магнитофон қойылып, залдың босаға жа-
ғында би басталды. Үш қыз суырыла шығып Серік, Рахмет
жəне мені биге шақырды. Расы, мұндайды күтпеп ем. Қонақ
деп бізді сыйлағандығы болса керек.
Би біткен соң қыздар біздің жазғандарымызды сұрады.
Серік сөмкемізден газет-журналдарды əкеп берді. Сұңғақ
бойлы бір қыз саңқылдап Рахметтің өлеңдерін оқыды. Бəрі
күліп жіберді:
– Мынау тіпті өлеңге ұқсамайды ғой!
– Ұйқасы қайда кеткен?
– Айтар ойы тым күңгірт екен...
Рахмет қара терге малшынып, төмен қарап отыр. Араша
түскен болдым:
– Бұл ақ өлең деген. Ұйқассыз жазылады.
– Сонда ол өлеңнің баласы ма, шаласы ма? – деді Жандос.
Сөйлей алмай қалдым.
Кезек маған келді. Жаңағы қыз «Жалғыз адам» деген бес
беттік əңгімемді судырата жөнелді. Бір беттен асқан соң бала-
лар өзара əңгімеге кірісіп кетті. Қыздар əдеп сақтағандықтан
тыңдап отыр-ау деймін. Əңгіме өзімнің де құлағыма түрпідей
тие бастады. Үлкен қаладағы биік ғимараттың жоғарғы
қабатындағы бір бөлмелі пəтерде тұратын адам ешкіммен
араласпай ойланады да отырады. Қоғамнан, адамдардан без-
ген. Дүние көзіне түрме сияқты елестейді. Əңгіме біткенде
сұрақтың астында қалдым.
– Бұл адам тамақ ішіп, жемей ме?
– Дүниеден безгенде қайда бармақшы?
– Адам деп атала салғанымен ұлты, жынысы, жас не кəрі
екені белгісіз. Орнына мысықты қойып ойларын берсең де
болмай ма?
– Жалғыздықтан құтылғысы келсе, адамдардың қасына
бармай ма?
Өмірімде біреуге əңгіме оқып берген емеспін. Əңгімеле-
рімді біреудің оқығанын тыңдап та көрмегем. Ойларымның
аяғы жерге тимей жеті қабат аспанның жоғарысында қалық-
112
тап жүргенін сезе бастағандаймын. Қаптаған сұраққа жауап
бере алар емеспін.
– Сендерді əжептəуір ақын, жазушы шығар деп ойласақ,
жазғандарың мына біздің Серік салатын жалаңаш қыздың
суретінен артық емес екен ғой, – деп Жандос баршаны қы-
ран-топан күлкіге батырды.
– Олай деме, ұят болады. Əлі екеуі де жас емес пе, ізденсе
мықты қаламгер боп кетеді, – деді шығармаларымызды
оқыған қыз. – Суреттерің əдемі шығыпты. Бара-бара шығар-
маларың да əдемі боп кетер.
Жер жарылмады, мен кіріп кетпедім. Ешқашан мұндай
сын естімегем. Айналама қарай алар емеспін. Рахметтің қан-
дай күйде отырғанын құдай білсін!
Біраз отырған соң бəрі қайтатынын айтып, қолымызды
қысып қоштасты.
– Ащылау айтылған сөздерге ренжімеңдер. Түсінігіміздің
жеткен жері осы.
– Қайтіп жазуды өздерің білесіңдер ғой!
– Біз сендерді мақтан тұтамыз. Енді іздеп оқимыз.
– Əрбіріміздің үйімізде қонақ болыңдар...
Оларды шығарып салған соң дастарханда тұрған арақтан
кесені толтыра құйып ап сімірдім.
– Біреуі шығармаң жақсы екен деп айтпады-ау! Жазушы-
мын деп кеудеге соғып босқа желігіп жүрген екенмін ғой!
Қарапайым халық қабылдай алмаған əңгіменің кімге керегі
бар?
– Мені айтсаңшы, – деді Рахмет. – Қара ормандай қара
өлеңі бар елге ақ өлеңді оқытам деп, арамтер боппын...
Сол күні өлгенше арақ ішіп, түнімен өзімізді жазғырдық.
Таңертең оны-мұны сылтауратып үшеуміз қайта жолға шық-
тық...
* * *
Сағатыма қарап қойдым. Рахмет айтқан уақытында жете-
тін болса əлі он минут бар.
Адам басқалардың ескертпелерін тыңдап қорытынды
шығарса, қор болмайды екен. Құр желікке еріп даурыға бер-
сең, алысқа бармауың анық. Неғұрлым тез бойдағы желіктен
113
арылсаң, өзіңе өзгенің көзімен қарай білесің. Айналаңа ненің
қажет екенін ұғасың. Шығармашылық адамы үшін басқа бір
елдің қаңсығын таңсық көріп жетегінде кету – қасірет.
Мен баяғыда Серіктің ауылынан қайтқан соң бүкіл жаз-
ғандарымды өртеп, бəрін қайтадан бастағам. Өз елімнің жа-
нына үңіліп қуанышын, қайғысын көрдім. Осы кезге дейін
соны ұғынықты етіп жазуға тырысып келем. Модернизм мен
үшін сол сапар модадан қалған. Қазір тіпті, қандай «...изм-
де» жазатынымды да білмеймін. Бастысы, шығармаларымды
айналамдағылар ұнатса болды.
Рахмет жанынан тастамайтын ақ өлеңшілердің «Белый
квадрат» деген жинағын сол сапардан соң қайта қолына ал-
ғанын көрмедім. Жыраулық поэзиядағы ырғақ, саз, ұйқас,
сөздің жасындай жарқылдауын қайта жаңғыртты. Қазір бет-
кеұстар ақындардың бірі.
Серік сонда пəтерімізге жеткенше жақ ашпады. Жаралы
жаны шырқырап жатқанын сезіп келеміз.
– Айсұлу қыздардан хат беріп жіберген екен, – деді пə-
терге келіп үнсіз отырған кезімізде.. – Өз еркімен күйеуге
шығыпты. Қияли суретшіні қайтсін?...
«Əшейінде ауыз жаппас, ретті жерде сөз таппас». Мұн-
дай жағдай басымыздан өтпеген. Не деп жұбатарымызды
білмедік.
Қыз біткеннің суреті қоқысқа кетті. Мона Лизаны да көр-
мейтін болдық. Бір айдан соң ғана қылқаламын қолына ал-
ды. Қиялымызға да кіріп шықпаған картиналар дүниеге келе
бастады...
– Əй, ұйықтап қалған жоқпысың? – деп Рахмет иығымнан
қақты.
Терең ойдың құрсауына еніп, оның келгенін байқамай
қалған екем. Орнымнан тұрып оны бауырыма бастым.
– Аманбысың?
– Шүкір, – деді ол. – Жолай сұраса берерміз. Кеттік.
– Баруын барармыз-ау, ол алдымызға тосап қоймас па
екен? – Бес-алты жыл бұрынғы оқиғаны есіне салдым. Ауы-
рыңқырап дəрігерге барсам, таңертең дəретіңізді əкеліңіз,
тексеріп көреміз деп қайтарып жіберген еді. Содан Рахмет-
ке «машинаңмен апаршы» деп өтініш жасадым. Ол «Ертең
Серік те анализ тапсыруға барады. Екеуіңді де апарайын»
деді. Рахметтің машинасымен Серіктің үйіне бардық. Əйелі
114
таңғы ас əзірлеп жатқан екен. Рахмет «Сендердің қамыңды
ойлап құлқын сəріден тұрып ештеңе ішпедім» деп дастар-
хан басына отыра кетті. Жұмсақ нанды жуан-жуан сынды-
рып түрлі тосапқа басып жеп өліп барады. Серік екеуміз
дəрігерге баратын болғандықтан нəр татпай сілекейіміз
шұбырып, көзіміз жылтырап қарап отырдық. Оның қарны
тойғасын қозғалдық. Серік дəреті салынған кішкене банкіні
алып шықты. Менікі машинада тұр. Шипаханаға барғасын
мен бірінші анализ тапсырып, машинаға келіп отырдым.
Серік ұзақ қалып кетті. Рахмет: «Жұмыстан кешігетін бол-
дым. Тез барып əкелейін», – деп ішке кіріп кетіп еді, көп
өтпей ытып шықты. Алақанымен аузын басып алған. Қасыма
лоқсып əрең жетті. Сұрастырып білсем, дəрігердің есігінің
алдында мөлиіп тұрған Серікке «Нағып тұрсың?» деген
екен, «Дəрігер мына есікті іліп, кетіп қалыпты. Соны күтіп
тұрмын. Əйелім тосап жабатын еді, банкімді əкетпесем бол-
майды» депті...
Рахмет редакцияның ішін жаңғыртып ұзақ күлді. Сосын
беторамалымен көзін сүртті:
– Тосап қойса өзіне жегіземіз. Кəрі құрлықтан бізге атап
əкелгені бар шығар.
Екеуміз редакциядан шықтық...
Достарыңызбен бөлісу: |