№4(40)/2005 Серия филология



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата15.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#9738
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

таминация арқылы жасалған деп жобалайды
6

Ғылыми-көпшілік əдебиет аудармаларында орыс тілінің етістік сөздері кездеспейді. Бірақ кейбір 
орыс тілінен алынған қимыл есімдеріне қазақ тілінің көмекші етістіктерін не жалғау-жұрнақтарын қо-
су арқылы етістік сөзін жасау фактісі бірен-саран ұшырайды. Мысалы: переуад қылу — переуадтау. 
…  өзі  орыс  əріпімен  жазылған,  араб  əріпімен  переуад  қылып  басына  жазбаған  екен  («ДУГ», 50, 
1897).  …қазақша  бүтін  жауаптарды  орыс  тіліне  өңкей  қыр  адамына  ұғымды  қылып  переуадтап 
қойған («ДУГ», 50, 1897). …өзі орыс əріпімен жазылған, араб əріпімен переуат қылып басына жаз-
баған екен («ДУГ», 50, 1897). Осы переуат жұмысының мейлінше қиын екені қазақ тіліне түгел бас-
қа сөздері көп тілдерді бір-біріне переуат қылғанда білінеді («ДУГ», 32, 1896). 
Зерттеуші Ш.Мəжітаева бұл құбылыс ХХ ғасырдың 20–30-жылдары күшейе түскенін, яғни орыс 
тілінің етістіктері қазақ аффикстерін жалғау арқылы қолданылғанын, айтады. Мысалы: ремонттау, 
пропагандалау,  кəнпескелеу,  конпійскатсиалау,  мобилизатсиалау,  капитулəтсиа  жасау,  унификат-
сиалау, експлоатасійалау, експропрійатсійалау т.б.
7

Ғылыми  мазмұнды  мəтіндердің  грамматикалық  құрылысында  кездесетін  кейбір  ерекшеліктер 
түркі  əдеби  тіл  дəстүрімен  байланысты.  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  үлгілерде  өткен  шақ 
есімшенің  -ған/-ген, -қан/-кен  қосымшасымен  қатар  -мыш/-міш  аффиксі  (есімшенің  атрибуттық 
қызметінде)  қолданылады.  Мысалы:  айтылмыш  хабарлар,  болмыш  халықдар,  аталмыш  аурулар, 
жазылмыш мақала, өтміш замандар. 
— … араб,  грек  жұртдарының  дəргердері  Һəр  түрлі  жөндер  ем  қылғандар  Һəм  өтміш  жүз 
жылдар ортасында болмыш халықдардың дəргердері де емге ұстағандар («ДУГ», 10, 1902). … өс-

67 
міш  күкірттің  кені … басқа  жайларда  болмыш  күкірттерден  көп  абзал  артық  екен  («ДУГ», 37, 
1892). Осы айтылмыш жерлері жаман ауырады, əсіресе ауырады іші («Афат яки холера …», 2-б.)
Жоғарыда айтылмыш аусыл деген ауру… («Малда болатын жұқпалы…», 6-б.). Онан соң сиыр дағды 
алған соң айтылмыш кісі оны нанға сеуіп беріпті тұз қосып («ДУГ», 3, 1890)
Р.Сыздықова бұл форманың Абай «Қара сөздерінде» белгілі бір стильдік мақсатта қолданылға-
нын көрсетеді
8
. Бірақ -мыш аффиксі жаңа жазба əдеби тіл үшін де, оның енді бой көтеріп келе жат-
қан  ғылыми  əдебиеттер  стилі  үшін де  норма  болған  жоқ, себебі  ол  көне  түркі  əдеби  тілінен  қалған 
форма болатын. 
Тілі талданып отырған əдебиеттер мен мақалаларда келер шақ есімшенің -ар, -ер, -р жұрнақты 
тұлғасымен  бірге  -ұр/-үр (-ыр/-ір  түрі  де  кездеседі)  формасы  (есімшенің  предикаттық  қызметінде) 
қолданылған. Мысалы: Солайча орыс əліфбиүн оқұтқан уақытда балаларға бір школдарұна түсүке 
жеңіл болұр еді жана қырда ғылым білімнің көбейуке себеб болұр еді («ДУГ», 23, 1899). Шешек эк-
тирген қалай болыр екен (Ыбырай, «Қырғ. хрест.»). Ғылым сөзін бағарға да, ғылым сөзін сөйлесер де 
адам жоқ (Абай, «Қара сөздер»). 
Б.Əбілқасымовтың  айтуынша,  көне  жазба  əдеби  тіл  нормасы  болғандықтан,  қарастырылып 
отырған кезеңдегі материалдардан -ұр/-үр тұлғалы есімшенің біртіндеп жойылып бара жатқанын кө-
руге болады
9

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  жазбаларда  есімшенің  -тын/-тін  жұрнағы  көбіне  -тұғұн 
(-тұғын),  кейде  -тұрған (-тұған)  түрінде  кездеседі.  Қазақ  тілінің  ғылыми  грамматикасында: «Бұл 
жұрнақтың арғы төркіні тұрған сөзі, ол ықшамдалып, алғаш тұғын болған, əдеби тілде ол -тын/-тін 
болып  қысқарып,  жуанды,  жіңішкелі  фонетикалық  варианттарға  бөлініп  қолданылады»  делінген
10

Ғылыми-көпшілік  əдебиеттер  мен  газет  материалдарының  алғашқыларында  тұрған  (кейде  тұған
формасы, кейінгілерінде -тұғұн мен -тын/-тін қатар қолданылған, бірақ тұғұн (тұғын) формасы жиі-
рек  кездеседі.  Мысалы:  Арақ — кісілерді  Һəлек  етүб,  келечекдегі  бола  тұрған  несібдерін  бұзыб, 
адамды түрлі ауруларға душар қыла тұрған бір зарарлы нəрсе («Арақ у…», 2-б.). … діниа жүзіндегі 
бір белгілі нəрсе болғанына қай чайды мүмкін айтарға діниадағылардың бір іше тұрған нəрсесі деп 
(«ДУГ», 6, 1891). Өткен заманда … аз-маз хат тани тұрған адамлары болса, үлкен ғалымлықдан хи-
саб қылып молла деб лақаб береді екен («ДУГ», 28, 1888). Бұл адамдар көзге көрінбейтұғұн, қолме-
нен ұстауға келмейтұғұн, сыныб жоғалмайтұғұн, гəм ауыр да жеңіл де болмайтұғұн, кісілерге қан-
ша берсе де кемімейтұғұн байлықты школға келіб іздейді («Балықшы мен балық хақында», 24-б.). Су 
əдемі, айнадай таза екен, ішіндегі ойнаған балықтары көрініп жүретұғын (Ы.Алтынсарин, «Қырғ. 
хрест.», 22-б.). Дүнияның Һəр түрлі нəрселері Һəм бола тұрған нəрселері не себептен болатұғынын 
біле алмай біздің қазақ халқы ойлайды бір үлкен кереметлі нəрсе ғой деп («ДУГ», 47, 1894). Ғылым 
өзі — бір қартайтатұғұн күйік («Ғақлия…»). Америкада бір үлкен ағатұғұн су бар («Самоучитель», 
107-б.). 
Абай шығармаларының тілін талдаған Р.Сыздықованың айтуынша, Абай кезеңінде бұл тұлғалар-
дың ауызекі сөйлеу тілі мен проза тіліндегі нормасы, негізінен, толық түрлері болған
3
. ХІХ ғасырдың 
екінші жартысындағы баспа нұсқалардың тілін сөз етуші Б.Əбілқасымов тұрған формасы — қазақ-
тың көне жазба əдеби тіліне тəн норма, тұғын (тұғұн) — жаңа жазба əдеби тілдік норма, ал -тын/-тін 
ауызекі сөйлеу тілінен жазба тілге ене бастаған форма екенін көрсетеді
11
. Бұлардан біз тұрған көмек-
ші сөзінің -тын/-тін формасына дейін қысқару үрдісін байқаймыз. 
Ғылыми стильде көп қолданылатын сөз табының бірі — шылау сөздер. Олар мағына дəлдігін 
қамтамасыз етеді, сөз бен сөзді байланыстырып, сөйлемнің логикалық байланысын күшейтеді. Атал-
ған стильде көптеген шылаулардың атқаратын қызметі күшейе түседі. Мəселен, басқа стильдерде си-
рек қолданылатын яғни жалғаулығы (деген, дейтін формаларымен қатар) ғылыми-көпшілік стильдің 
алғашқы нұсқаларында жиі қолданылып, түсіндіру қызметін атқарады. Себебі алғашқы үлгілерде ба-
яндаумен қатар түсіндіру сипаты басым келеді. Мысалы: инженер яғни тау-тастарынан мағынасын 
қарайтұғын ғалым, телеграф яғни сым темір (сым керілген бағаналар), мужской гимназия яғни ер-
кек балалар оқитұғын медресе, ешафот яғни қара арба, хрестоматия деген кітаб, телескоп деген 
құрал, динамит деген дəрілі құрал, Днепр деген су. 
— Жə  болмаса  қарындаш  менен  жазғанды  жоқ  қылатұғын  түйе  табан  дейтұғын  нəрсе… 
(«ТУГ», 4, 1877). Басы күміс, мұрты алтыннан, екі көзінің орнына екі үлкен лал деген қымбат тас 
орнатылған («ТУГ», 11, 1877). Жердің үстүнден деңізке түсіб ұзаб кетіб жүретұған болды со кезде 
бір ақылды Калумб декен ер бар екен («ТУГ», 8, 1875). Қытайлықтардың айтуынша, жібек құртын 
асырап,  оған  тамақ  қылу  үшін  тұт  деген  ағашты  əр  жерде  жер  жүзінде  өстіруге  болады  екен 
(«ТУГ», 21, 1880). Бір білімді адам Ильминский деген қазақ сөздерін орыс əріптерімен жазса керек, 

68 
орыс əріптерін бірақ өзгертсе керек дейді («ДУГ», 22, 1899). Аустралииа дикүнүміз бир динкиз ур-
тасындағы арал («Самоучитель», 81-б.). Сул Амирикани табқан кисиниң ати Калумба дикин («Са-
моучитель», 85-б.). Сибир жана бирауы Китай дикин чурчут, Иапунииа, Индииа, Пирсииа дикин қи-
зил бас жири, Арауииа дикин араб жири жана булик-булик қандукдар Бухара, Хиуа, Қуқан сикилди-
лир («Самоучитель», 81-б.). Солай жазу, суреттердің бəрін «суретті жазу» деп айтады («ДУГ», 10, 
1898)
Қазіргі туралы, жайлы, жөнінде, жайында қатыстық шылауларының орнына бұл үлгілерде тура-
да, турасында, тақырыпты, хұсысында (хұсұсда) шылау сөздері қолданылған. Мысалы: … қазақта 
қалай  сөйлеп,  қалай  нəҺу  менен  жазу  турада  («ДУГ», 7, 1890). Қытайдан  құрт  жемі  (ұрығы)  өзге 
жұрттарға жайылғаны тақырыбты былай дейді («ТУГ», 21, 1880). Шар менен аспанға ұшыб жүр-
ген тақырұбды («ТУГ», 16, 1874). Осы хұсұсда біз бұрын Һəр түрлі сөз жазыб едік («ДУГ», 22, 1899). 
… казит оқитұндар менен түрік лұғатын жақсы білетіндер бар болған соң… сөйлесуге керек болұб 
жүр еді қырдың қазақ тілі хұсысында («ДУГ», 7, 1890). Мəзікүр сөздерді қалайша жазу турада жа-
зып білдіріп едім («ДУГ», 31, 1896). Кейбір қазақтардың рулары турасынан хикая («ДУГ», 39, 1901). 
Туралы шылауының бірде турада (турасында), бірде туралы болып келуі оны қолданудың əлі 
де бір ізге түспегенін көрсетеді. 
Бұл  материалдарда  ыңғайластық  мəнде  қолданылатын  парсы  тіліндік  уа,  Һəм  жалғаулықтары 
жиі  кездеседі.  Мысалы:  Дала  уалайатының  қазақча  казиті  қырдың  арасындағы  қазақларға  ғылым 
өнердің  үлгісін  уа  тұқымын  чашбаққа  əдейі  қазақлар  үчүн  чығарылыб  тұрадұр («ДУГ», 18, 1894). 
Арақ — адамдар үчүн зарарлы нəрсе Һəм оның зарарларын санаб бітіруге мүмкін емес («Арақ у…», 
2-б.). Араб əліфбиінен қазақдар Һəм басқа мұсылман халықтары файдаланып хат жазады («ДУГ», 
22, 1899). Шамасы келгенше тырысуға керек үйді, сыртқы, ішкі киімдер де, төсекді Һəм өте-мөте 
тəндерін таза ұстарға («Обадан…», 8-б.). Ағаш — жайды өзіне тартып алатын нəрсенің бірі, сол 
себеплі  айналасына  һəм  ағашы  бар  жерге  жай  аз  түссе  керек,  һəм  бұршақ  та  аз  жауса  керек 
(«ДУГ», 4, 1898). 
Кейде екеуі де қосарланып уа Һəм болып келеді: Мансоң аурудың Һəм қандай жерлерде бола-
тұғынын уа Һəм қалай бөтен тарафқа тарайтұғынын баяндайтын («Афат яки холера…», 3-б.). Бұл 
жалғаулықтар көбіне баспасөз беттеріндегі ғылыми мақалалар мен араб əрпімен шыққан кітапшалар 
тілінде кездеседі. Олар көп мағыналы болып келеді. Мысалы, уа жалғаулығы қазіргі əдеби тілімізде 
бірнеше  жалғаулар  атқаратын  функцияны  атқарған:  я,  жəне,  не,  мен,  да  жалғаулары  мен  ал,  тағы 
сөздерінің мағынасында қолданылған. Ал һəм болса, əрі, да, жəне деген жалғаулардың орнына жұм-
салған. Екеуі бірге келгенде (уа һəм) қазіргі жəне де деген шылаудың мағынасына ұқсас. Бұл жалғау-
лардың аталған үлгілерде де қолданудан біртіндеп шығып бара жатқаны байқалады. Өйткені тілімізде 
олардың қызметін атқара алатын тума шылаулар қолданыла бастайды. 
Қазіргі тіліміздегі талғау мəнді не, немесе, я, я болмаса жалғаулық шылауларының ішінен бұл 
материалдарда  я  (иа),  яки  (иаки),  я  болмаса  шылаулары  қолданылады.  Я,  я  болмаса  формалары 
ауызша айтылуы бойынша жа, жа болмаса болып та келеді. Мысалы: Араб харіфлерінің дұрыс оқы-
луы бір сөздің басында иа ортасында, иа аяғында келеме онан да болады («ДУГ», 22, 1899). … жара 
адамның тəніне жіберуке ыхтималы бар іріңні иаки бір залалды нəрселерді («ДУГ», 5, 1902). Жүз 
науқастан бір яки екі науқас қана жазылады («ДУГ», 16, 1894). Сол себепті қазақтар өзін «алаш» 
деп яки «алаштың халқы» деп атаған («ДУГ», 13, 1897). Сөзді аңғартып, расыменен жеткізуге жа-
зудан артық іш нəрсе болмайды, неге десең бір кісі арқылы төрт ауыз сөз айтып жіберсең, ең бол-
мағанда, айтқан төрт ауыздың бір аузы я артық, я кем, я болмаса біржола өтірік болады («ТУГ», 
28, 1876). Жолдұздардың жерден алыстығын адам тілмен айтып, жа қағазға жазып түсүндүруге 
тым қыйын («Календарь», 44-б.). Əр бір көшпелі қазақ өзүнүң киіз үйү жа земленкесі, жа ағаш үйү 
болса, үй иесі (кибитковладелец) деп саналады («Календарь», 68-б.). Осундай ксилер кобенесе жа ык-
тиарсыз кайыр-садака сурап сонуменен канагат килып турады, жа болмаса иш бир шаруага жарай 
алмай тек уйдун ишине масыл болады («Трахома», 7-б.). Бұлармен қатар не шылауы да кездеседі: Че-
чек декенүміз өлтүрмекенде де не кісінің көзінен, не құлағынан айрұлдырады («Самоучитель русской 
грамоты для киргизов», 127-б.). 
Араб тілінен енген қарсылықты мағынаны білдіретін лəкін шылауы ғылыми мазмұнды мақала-
ларда сирек те болса кездесіп қалады. Мысалы: Араб əліфбиінен қазақдар файдаланыб хат жазады 
лəкин қазақ сөздерінде жұмсақ хəріф менен жазылатын Һəр түрлі əуездер көб («ДУГ», 22, 1899). 
Шаққан  жерлері  азырақ ісіңкірейді,  лəкин  көб  залалы  жоқ («ДУГ», 4, 1902). Қазақдың  тілін  түзу 
қылыб жазыб сөйлететұғын тиянағы бар лəкин мұндай тиянағы жазылыб реттелген емес бір-ақ 

69 
Алтұнсариннің  кітабын  айтбасақ  («ДУГ», 27, 1894). Лəкін  хайуандар  да  өздерінің  науқастарын 
жазбаққа дəрі іздейді ғой («ДУГ», 16, 1894). 
Қазіргі əдеби тіліміздегі сондықтан, өйткені шылауларының мағынасын алғашқы ғылыми-көп-
шілік əдебиеттерде соның үшін, оның (кейде аның) үшін (ілік септігіндегі сол жəне ол сілтеу есім-
діктерінің үшін шылауымен тіркесуі арқылы жасалған) конструкциялары мен сол тақырыпты, сол 
себепті сияқты күрделі шылаулары берген. Мысалы: … қазақ тілінше жасалған бір кітаб жоқ, бар-
шасы  ноғайша,  сартша  Һəм  ғайри  тілдер  аралас,  сол тақырұблы  хəл  қадірінше  кітабдарды  анық 
қазақ тілі менен шығарұб тұрса («ДУГ», 41, 1888). Жана бес əуез бар бұл бес əуезді жазуға орыс 
əліфбиүнде харіф жоқ деб Илимински айтады, сол себебден өзі Һəр түрлі харіф ойлаб чығарыб Һəм 
латын əліфбиүнен харіф алады («ДУГ», 22, 1899). Тоғайы бар жердің һауасы құрғақ болмайды, сол 
себеплі келген жаңбыр жаумай кетпейді («ДУГ», 41, 1898). … сул себебден журт арасында сауда 
сату булуб бир бириниң қулундағы нарсалирун алструб… («Самоучитель», 83-б.). Айның өзі жылын-
да он екі жарти манат жердің төңірегінден айналады, бұл себепті жылында он екі ай деп осы қы-
ламыз  («ТУГ», 20, 1876). Обадан  кенет  көп  адамдар  ауырады,  соның  үшін  айтамыз  жұқпалы 
«афат»  ауру  деп («Афат  яки…», 7-б.).  Тек  мал  дохтырының  афтекден  сұрауы  бойынша  алынады 
аның үшін оған бару керек («Малда болатын…», 4-б.). Планетылерден айру үшүн жолдұздарды қоз-
ғалмайтын жолдұз деп атайды, оның үшүн олар бір тұрған орындарынан қозғалып жүрмейдү («Ка-
лендарь», 42-б.). Жарақаттанудан кісі талады, оның үшүн əуелі ол кісінің есі бар мекен жоқ бекен 
қарауға  керек («Календарь», 65-б.).  Аққан  жолдұздар  көбенесе  суға  түсөдү,  оның  үшүн  дүниөнүң 
төрт бөлгенінің бірі қара жер, үш бөлгені су («Қазақ календары», 47-б.). 
Өйткені  жалғаулығының  орнына  неге  десең,  не  үшін  десеңіз  тəрізді  тіркестер  де  жұмсалады. 
Мысалы: Бірақ сиырдың шешегі кəдімгі шешектен көп жеңіл болады, неге десең ол үш я төрт жерге 
ғана егіледі («Самоучитель», 129-б.). Аралдардың халқы жуас болады, неке десең тамақ турұсында 
да жа бөтен керек нəрсесінің турұсында да көб қиындұқ көрмейді («Самоучитель», 93-б.). Жердің 
қараңғы жағы мен жарық жағы бірдей, не үшін десеңіз күннің жарығы əр уақытта əр минутта 
жердің қақ жартысына түсіп тұрады («Календарь», 32-б.). Бо ұзақ деген құстар қарлығаштардың 
кемісін толұқтайды, не үшүн десең бұлар үлкен қоңұздарды, құрттарды жейді («Календарь», 56-
б.). Ким де ким бул ауруды биледи, не себепти десеңиз алде неше рет корген шыгар өздеринин кала-
лас ксилеринин арасында («Трахома деген жаман ауру», 3-б.). 
Бұлармен қатар газет беттеріндегі ғылыми сипаттағы мақалаларда да, ғылыми-көпшілік əдебиет-
терде де, Абай мен Ыбырай шығармаларында да қазіргі əдеби тіл нормасына сай мен (менен), себебі 
(есебі), сонда да, сөйтсе де, бірақ та, сол себептен (сол себепті), жəне, туралы сияқты «қ а з а қ ы » 
шылаулар да қолданыла бастаған. Олар мағыналары мен атқаратын қызметі жағынан қазіргі тіліміз-
дегіден өзгешеленбейді. Бұл — ғылыми-көпшілік стильдің ұлттық белгілерінің бірі болып табылады. 
ХІХ  ғасырдың  екінші жартысындағы  ғылыми-көпшілік əдебиет  үлгілерінде,  алғашқы  газеттер-
дегі  материалдарда  қолданылған  септік жалғауларының ішінде ерекше  көзге  түсетіні — ілік,  табыс 
жəне көмектес септігінің қосымшалары. Бұларда ілік септігінің қосымшасы -ның/-нің түрінде, табыс 
септігі қосымшасының бір ғана варианты -ны/-ні кездеседі. Мысалы: Адамға керекді нəрселерні табу 
бек қиұн болса да, арақны атдаған сайын … табуға мүмкіндүр («Арақ у …», 3-б.). 
Көмектес септігінің мен қосымшасына келетін болсақ, көбінесе оның толық түрі менен қолда-
нылған. Көптеген зерттеулерде мен-нің көмектес септігінің қосымшасы ретінде қаралуы түркі тілде-
рінің ішінде тек қазақ тіліне тəн екендігі, өзге түркі тілдерінде ол бірыңғай шылау ретінде қаралып, 
ертерек  кезеңдерде  бұл  шылау  бірле,  кейінірек  бірлə,  бірлəн,  білə,  білəн,  илə,  илəн  тұлғаларында 
кездесетіні  айтылады.  Талданып  отырған  материалдарда  мен  (кейде  менен)  əрі  көмектес  септігінің 
жалғауы, əрі ыңғайластық мəндегі шылаудың қызметінде жұмсалған. Мысалы: Су ічінде нече ай нече 
күндер жүрүб су менен аспаннан басқа чық нəрсе көре алмады («Самоучитель…», 86-б.). Араб əліф-
биүнде əуез менен келетін жұмсақ хəріф аз… («ДУГ», 22, 1899). Шаруа жаһадынан ағаштың пай-
дасы  бек  көп:  шөп  таусылған  уақытда  қараман  ағашының  жапырағыменен  де  жан  сақтайды 
(«ДУГ», 21, 1890). … себебі өз лығаты менен сөйлеб, бөтен лұғат менен жазу қиұн болады («ДУГ», 
6, 1890). … осы буменен ғылымның күшіменен параходды жылдам ағынға қарсы… («ДУГ», 3, 1890). 
Сондай шөпді жылқы менен сиыр əбден ашыққанда көңілсіз жейді («ДУГ», 23, 1889). 
Аталған үлгілер мен газет мақалаларының алғашқыларында көмектес септігінің қосымшасы мы-
нан түрінде де ұшырайды, мысалы: … білімді адамдардың қазақ сөздерін орыс əліфбиі мынан орыс 
харіфдері мынан жазу жарайды деб айтқандары бір таңсық сөз («ДУГ», 22, 1899). Дөңгелек бұл ай-
тылған  жол  мынан  об  оңай  сырғанаб  кетеді  бұл  себебден  теміржол  мынан  көб  ауыр  жүкдерді 

70 
алыб жүруге мүмкін болады («ДУГ», 24, 1894). Кии бирауи киси қатарна круб асқа утрса пчақ, чан-
чқа, қасқ минан алуб жиди («Самоучитель…», 101-б.). 
Алғашқы ғылыми-көпшілік кітапшалар мен «Дала уəлаяты газетіндегі» жартылай ғылыми маз-
мұнды мақалаларда дұр/дүр форманты бірде етістікке, бірде басқа сөз таптарына қосылып қолданыл-
ған.  Қазақ  тілі  грамматикасында: «Жіктік  жалғауының  ІІІ-жақ  формасы  болып  танылатын  -ды/-ты 
қосымшасының арғы төркіні «тұр» етістігі. Бұл аффикстің басқа түркі тілдерінде өзінің бастапқы тұл-
ғасында, яғни дұр, дүр болып қолданылуы да осыны дəлелдейді», — деп жазылған
12
. Етістікпен кел-
генде ол бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын ІІІ-жақтың көрсеткіші (қазіргі -ды, -ты қосымша-
сы)  болып  саналады.  Мысалы:  Қазақдың  жилұс  тобдарында  ең  үлкен  силық  қонақ  асдары  жылқы 
еті, палау Һəм қымыз боладұр («ДУГ», 16, 1893). Ал бейтарап сөздермен келгенде, оларды нақтылай, 
тиянақтай, дəлдей түседі: Қазақ деген сөз ноғайдың сөз боладұр, ілкін бойдақ деген сөздүр («ДУГ», 
15, 1888). Өзге жай жолдан теміржолдың өзгече болатындұғының баяны бұдұр («ДУГ», 20, 1894). 
Арақды атдаған сайын … табуға мүмкіндүр («Арақдың зарары», 5-б.). Егер мал дохтры маңқа ауру 
екенін  білсе,  ол  малды  өлтіруге  тиісдүр  («Малда  болатын…», 3-б.).  Маңқадан  өлген  малды  аршын 
жерді қазып көму тиісдүр (Сонда, 4-б.). Арақ ішу міллəтіміздің басына зор бір фəлекет болғандық-
тан, біздің Һəр қайсымызға қолдан келген қадарлы, осының астағымалына қарсы тұрғандық лазым-
дұр  («Арақ  у  яки…», 5-б.).  Бұл  ауру  бек жұқпалы  дүр («Малда  болатын…», 3-б.).  Ғылым  ақылдың 
сəулесідүр. Мұндай дəрілерін жұмсамақ пайдалыдүр, қажетдүр («ДУГ», 16, 1894). 
Р.Сыздықованың  айтуына  қарағанда,  жоғарыда  көрсетілген  ерекшеліктер  қатаң  қолданылған 
норма емес, бұлармен қатар қазақтың өз тұлға-тəсілдері де еркін қолданылады. Бұл, бір жағынан, жа-
ңа  стиль  құралдарын  іздеу  үстіндегі  құбылыс  болса,  екінші  жағынан — түркі  халықтарының  мəде-
ниетінде ертеден келе жатқан ХV–ХVІ ғасырлардан бастап шағатайша дамыған дидактика, ғылыми 
немесе жартылай ғылыми публицистика стильдеріндегі жазу дəстүрінің əсері
1

ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған ғылыми-көпшілік əдебиеттер тіліндегі «жарыс-
палылық» («варианттылық») тек түркілік-қазақтық элементтер қатарында ғана емес, қазақ тілінің өз 
тұлға-тəсілдерінің берілуінде де кездеседі. Мəселен, менен — мен, тұғын — тын т.с.с. грамматика-
лық тұлғалар п а р а л л е л ь , жарыса қолданылады. Қазіргі ғылыми стильде бұлардың ықшам вариа-
нттары норма болып қалыптасқан. XIX ғасырдағы үлгілерде олардың сыртқы тұлғалық «дублеттері» 
стильдердің əлі де бір-бірінен ажыратыла қоймағандығын көрсетеді. 
Қорыта  айтсақ, қазақ  тілінде  тұңғыш  жарық  көрген  ғылыми  мазмұнды  əдебиеттің  тілі  бір ізді, 
қалыптасқан жүйелі нормада болмағанын көреміз. Дегенмен, ғылыми-білім негіздерін баяндау бары-
сында қолданылатын етістік, үстеу, зат есім, əсіресе шылаулар қазақ тілі қорынан алынған. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы (ХV–ХІХ ғғ.). — Алматы: Ана тілі, 1993. — 231-б. 
2.  Сулейменова Б. О русских словах в произведениях Абая // Изв. АН КазССР. Сер. обществ. наук. — 1964. — № 4. — 
С. 62. 
3.  Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. — Алматы: Ғылым, 1968. — 123-б. 
4.  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Алматы, 1966. — 284-б. 
5.  Əбілқасымов Б. Қазақ əдеби тілінің қалыптасуы // Коммунистік еңбек. — 1988.  
6.  Айтбаев Ө. Қазақ сөзі. — Алматы: Рауан, 1997. — 35-б. 
7.  Мəжітаева Ш. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ əдеби тілі. — Алматы: Ғылым, 1999. — 148-б. 
8.  Сыздыкова Р. Основные морфологические особенности языка Абая: Автореф. дис. … канд. филол. наук. — Алма-Ата, 
1959. — С. 20. 
9.  Əбілқасымов Б. Көне қазақ əдеби тілі // Қазақ Совет энцикл.— Алматы, 1988. — ІІІ-т. — 34-б. 
10.  Қазақ тілінің грамматикасы. І-б. Морфология. — Алматы, 1967. — 179-б. 
11.  Əбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі. (Баспа нұсқалар тілі негізінде). — Алматы: Ғы-
лым, 1982. 
12.  Современный казахский язык. Фонетика и морфология. — Алма-Ата, 1962. — С. 330–331. 
 
 
 
 
 

71 
ƏОЖ 801.3 
М.Қ.Ескеева 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет