Н. Ә. НАЗАРБАЕВ
Т
АҢДАМАЛЫ СӨЗДЕР
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ
Т
АҢДАМАЛЫ
СӨЗДЕР
Астана – 2014
І том
1989–1991
ISBN 978–601–277–184–8 (Т. І)
© Назарбаев Н. Ә., 2014
ISBN 978–601–277–183–1
© «Сарыарқа» баспасы, 2014
УДК 342.5
ББК 67.400.6
Н 17
УДК 342.5
ББК 67.400.6
«Н. Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылы
мының бірінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1989–1991 жыл
дар аралығында жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері
кіргізіліп отыр. Онда Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғанға
дейін қайта құрудың соңғы жылдарында болған оқиғалар
бейнеленеді, ал бұл кезеңде КСРО-ның ыдырауы жағдайында
Қазақстан халқының егемендік, демократия мен еркін нарық
пайдасына өз тағдырын өзі анықтауының тарихи үдерісі жүріп
жатқан болатын.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Н 17
Назарбаев Н. Ә.
Таңдамалы сөздер.
– Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2014.
ISBN 978–601–277–183–1
Т. І. – 1989–1991 жж. – 612 б.
ISBN 978–601–277–184–8
7
АЛҒЫСӨЗ
Бұл кітап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре
зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың таңдамалы
сөздерінің көп томдық жинағын ашатын кілт есепті.
Н. Ә. Назарбаевтың көп жылдар бойғы саяси қыз
метінің барысында жұртшылық алдында сөйлеген
сөздері кең ауқымды шешендік құндылықты құрайды.
Алайда олар бүгінде сан түрлі дерек көздерінде – мұрағат
құжаттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, жеке
кітапшаларда, ведомстволық басылымдарда және т. б.
«бытырап» жатыр. Соның салдарынан бұл мәтіндердің
алуандығынан бағдар табу мамандардың өздері үшін
де оңайға соқпайды.
Ал шындығында Н. Ә. Назарбаевтың жұртшы лық
ал дын да сөйлеген сөздері, әр жылдарда жазған мақа
лаларымен, ғылыми еңбектерімен, кітаптарымен қоса,
Қазақстанның ең жаңа саяси тарихы бойынша Елбасы,
саяси қайраткер, мемлекеттік құрылыстың ірі теоретигі
және практигі Н. Ә. Назарбаевтың саяси-философиялық
көзқарастарының даму елегінен өткен бағалы құжат көзі
болып саналады. Осы жинаққа кірген сөздерден оның
нақты тарихи оқиғаларға ғана емес, сонымен бірге,
мемлекеттік құрылыстың, әлеуметтік- экономикалық
жаңғырудың, ұлт қауіпсіздігінің, халықаралық қаты
настардың, біздің мемлекетімізді дамыту жолдары мен
8
I ТОМ. – 1989–
–
1991
болашағының проблемаларына көзқарасы, пайымдауы
мен бағасы көрінеді.
Басылымның Н. Ә. Назарбаевтың әр жылдарда
сөйлеген тұжырымдамалық және бағдарламалық
сипаттағы неғұрлым елеулі сөздерінің бәрін топтап, бір
жүйеге келтіру жөніндегі мақсаты нақ осы ойдан туған.
«Таңдамалы сөздердің» негізгі деректемесі Прези
дент Мұрағатының, Тұңғыш Президент Мұражайы
ның, Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік
органдардың қорларындағы мұрағат құжаттары, стено
граммалар мен басқа да материалдар, сондай-ақ бұрын
жарияланған кітаптар, кітапшалар, республикалық
және шетелдік баспасөздің газет-журнал басылымдары
болды.
Сонымен бірге, басылымды дайындау барысында
туындаған ең басты, сондықтан күрмеуін шешуді қажет
еткен күрделі мәселелердің бірі оны хронологиялық
аясын белгілеу мен кезең-кезеңге бөлу мәселесі болға
нын айту керек.
Бастапқыда 1990 жылғы 24 сәуірден – Н. Ә. Назарба
евтың Қазақ КСР Президенті болып сайлануынан бергі
кезеңді негізге алу көзделген болатын. Бұл ыңғайдың
артықшылығы Н. Ә. Назарбаев өзінің ең басты, айқын
даушы және ерекше сапасында – Қазақстан Республи
касының Тұңғыш Президенті ретінде көрінетін шеңбер
лердің түзулігі мен анықтығында.
Дегенмен, бұл нұсқаның көрінеу қисындылығына
қарамастан, мұндағы шеңберлер қайта құрудың соңғы
жылдарындағы тоталитарлық жүйенің жанталас
аясында егемендікке, демократия мен ерікті нарыққа
бет алған Қазақстан халқының өз тағдырын өзі шешуінің
күрделі тарихи үдерісі жүріп жатқан шиеленісті және
9
өте-мөте қайшылықты жағдайды толық көлемінде бей
нелеуге мүмкіндік бермейтін еді.
Осы себепті кезеңнің бастапқы нүктесі ретінде
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануына бай
ланысты әрігіректегі мерзімді алуға байлам жасалды,
мұның өзі шынтуайтында республиканың бірінші
басшысының қалпына да сәйкесетін еді. Бұл ыңғай
өмірбаяндық-фактографиялық қамту аясын кеңей
туді қамтамасыз етті және соған сәйкес сол кезеңнің
мән-мағынасына бойлау үшін неғұрлым кең мүмкін
діктер берді.
Сөздерді том-томға бөлуге келетін болсақ, мұнда да
әдіснамалық сипаттағы белгілі бір қиындықтар туды.
Хронологиялық немесе тақырыптық қағида бойынша
кезең-кезеңге бөлуге негізделген, сондай-ақ Қазақстан
ның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-саяси
дамуының негізгі кезеңдеріне байланысты неғұрлым кең
тараған көзқарастар елдің алдында және оның қалыпта
суы барысындағы ел басшысының алдында тұрған аса
күрделі міндеттердің бәрін толық мағынасында ашып
көрсетуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне, кезеңдендіру
мен жіктеу дейтіндердің қай-қайсысы да көрер көзге
шартты әрі дерексіз болатыны да таңдауды қиындата
түсті.
Бірақ күтпеген әрі ұтымды шешімді Қазақстан
тарихының өзі және Тұңғыш Президенттің саяси
өмірбаяны берді: түптеп келгенде, тек жекелеген,
бірақ дәлелді тұстары ғана қалғаны болмаса, кітап
Н. Ә. Назарбаевтың президенттік мерзімдері не қарай
кезең-кезеңге бөлінді. Мәселеге бұлайша келгенде, әрбір
президенттік мерзімнің ішкі қисыны, стратегиялық мәні
10
I ТОМ. – 1989–
–
1991
мен нақтылы күн тәртібі оларды Н. Ә. Назарбаевтың
өзі көріп, айқындағанындай, қандай шешу жолдарын
ұсынғанындай және, өз кезегінде, оларды қалай іске
асырғанындай болып мейлінше анық әрі түсінікті бола
түседі.
Нәтижесінде Н. Ә. Назарбаевтың осы жинаққа енген
сөздері жеті кітаптан тұратын бес томға бөлінді. Бұл
ретте басылым бұдан былай да жалғасын табады деп
күту әбден қисынды.
Бірінші том 1989–1991 жылдарды қамтиды да КСРО-
дағы қайта құрудың Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған
сәтке дейінгі соңғы жылдарының оқиғаларын бейне
лейді.
1991–1995 жылдарды қамтитын екінші том ең бір
қарбалас және мемлекеттік құрылыс көзқарасы тұрғы
сынан айқындаушы кезеңге – біздің республикамыз
дың тәуелсіздігі басталған, тоталитарлық жүйе қирап,
мемлекеттіліктің жаңа үлгісін іздеу мен нарықтық
экономикалық қалыптасу үдерісі жүріп жатқан кезеңге
арналған.
Үшінші томда 1995–1998 жылдардағы сөздер ұсы
нылып отыр, бұл кезеңде 1995 жылғы Конституцияның
негізінде саяси, экономикалық, әлеуметтік-гумани
тарлық салалардағы жүйелі қайта құрулар жалғас-
тырылып, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдар
ламасы қабылданды, астананы Алматыдан Ақмолаға
көшіру жүзеге асырылды, 1998 жылғы конституциялық
реформа жүргізілді.
Төртінші том Н. Ә. Назарбаевтың 1999–2005 жыл
дардағы қызметімен байланысты; бұл жылдар елдің
тұрақты экономикалық өсу, саяси жүйенің одан әрі
демократиялану жолына шығуымен және халықара
11
лық деңгейде АӨСШК саммитін, Еуразиялық медиа
форумды, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің
съезін шақыру сияқты ірі бастамаларды іске асырумен
сипатталды.
Бесінші томда Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылдан
басталатын, Қазақстанның Орталық Азия аймағында
және ТМД кеңістігінде нақты жетекшілік орынға
шығуымен белгілі болған кезеңдегі сөздері келтірілген.
Төртінші және бесінші томдарға енгізілген сөздердің
көлемі елеулі екені ескеріліп, олардың әрқайсысы жеке-
жеке екі бөлікке бөлінген.
Әрбір том құрылымдық жағынан алғысөзден, сөй
ленген сөздерден, қосымшалар мен кітаптың мазмұ
нынан тұрады.
Әр томға берілген алғысөзде нақты кезеңнің ерек
шеліктері мен өзекті сатылары сипатталады және том
ның негізгі мазмұны баяндалады.
Негізгі бөлімде Н. Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзінің
мә ті ні беріліп, оның қалай аталатыны, қай жерде және
қашан айтылғаны көрсетіледі.
Қосымшаларда қабылданған қысқартулардың тіз
бесі, сондай-ақ сөйлеген сөзде аталатын географиялық
атаулардың, есімдердің, мекемелер мен ұйымдардың
көрсеткіштері келтірілген. Бұл ретте топонимдер,
жалқы есімдер, мемлекеттердің, қалалар мен ұйымдар
дың атаулары сөз сөйленген кезде қабылданған орфо
графиялық нормаларға сәйкес келтірілді.
12
I ТОМ. – 1989–
–
1991
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА
«Н. Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық
басы лымының беташары есепті бірінші том 1989–1991
жылдар ды қамтиды және Н. Ә. Назарбаевтың респу
блика басшы сы қызметінің алғашқы жылдарын бей
нелейді.
Бұл – елдің тағдыры мен халқының болашағы тара-
зыға түскен алмағайып уақыт болатын.
КСРО-да 1980-ші жылдардың ортасында басталған
қайта құру оған артылған орасан зор үмітті ақтамады.
1980-ші жылдардың соңына қарай экономикадағы дағда
рыстық құбылыстар тез қарқынмен қанат жая берді.
КОКП-ның идеологиялық дағдарысымен, этносаралық
қатынастардың ширығуымен, қоғамдағы әлеуметтік
шиеленістің өсуімен тереңдей түскен одақтық орталық
пен республикалар арасындағы қайшылықтарға бай
ланысты басқа да күрмеуі қиын бірталай проблемалар
жапалақтаған қар сияқты үйіліп жинала берді.
1989 жылғы 22 маусымда Қазақстан Компарти
ясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып
сайланған Н. Ә. Назарбаев осындай күрделі әрі қай
шылықты жағдайда республиканың бірінші басшысы
ретінде сол кезде күн тәртібінде тұрған сындарлы
экономикалық реформалар бағдарламасын іске
асыру, одақтық орталық пен республика арасындағы
өкілеттікті айқын саралау, әлеуметтік тұрақтылық пен
13
этносаралық келісімді нығайту сияқты ең басты түйінді
проблемаларды шешуге жұмылды.
* * *
Экономиканың күрт құлдырауы, Одақтың аймақта ры
арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі,
өндірісті ұйымдастыру мен олардың арасында бөлудің
ересен сәйкессіздігінің сақталуы одақтық орталықтың
іс-әрекетіндегі дәйексіздік аясында халықтың әбден
қа йыршылануына, тауар және азық-түлік тап шы-
лығына соқтыру қаупімен қарқын алып бара жатқан
берекесіздікті тоқтатуға дәрменсіз болды.
Осы халде Қазақстанның жағдайы КСРО халық-
шаруашылық кешенінің құрылымында оған шикізат
рөлі берілгендіктен тіпті қиындай түсті.
1989 жылғы 27 маусымда шығармашыл және ғылыми
интеллигенция өкілдерімен болған кездесуде сөз сөйлеп
тұрып, Н. Ә. Назарбаев бұл туралы былай деді: «Респуб-
ликада қоғамдық өндірістің тиімсіз құрылымы қалып
тасты. Мәселен, өнеркәсіп үлесі Одақ бойынша орташа
көрсеткіштен төмен. Оның үстіне, индустрияның өз
ішінде ауыр өнеркәсіптің пайдасы мен халық тұтынатын
тауарлар өндірісінің зиянына шығатын қиғаштық пайда
болды, мұның соңғысын біз жыл сайын қажеттіліктің
40–60 % шамасында шеттен әкелеміз. Ал мейлінше көп
табысты нақ солар ғой. Қалыптасқан тепе-теңсіздікке
бізді саналы түрде мәжбүр етті, экономикалық саясат
сондай болатын. Бізді: «Қазақстанның шаруасы – көмір,
металл, мұнай, астық беру, ал халыққа керегін біз сіз
дерге Балтық маңынан, Белоруссиядан және т. б. жет
кізіп береміз», деп иландырды».
14
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Соның салдары ғой, республика өндірген астығының
жартысындайын, еттің ⅓-ін, шикі мұнайдың 90 %-дан
артығын, көмір мен қара металдар рудасының ¾-ін,
түсті металдар мен қорытпаның ⅔-сін сыртқа шығарып,
соның бәрін қисынсыз арзан бағамен өткізіп отырды.
Сөйте тұра, Қазақстан жеңіл өнеркәсіп пен теміржол
көлігіне арналған жабдықтың 95 %-ына дейінін, металл
жонушы станоктардың ⅔-сін, тоқыма мата мен мақта
матасының 45 %-ын, автомобильдерді, ауылшару
ашылық техникасын, тұрмыстық техниканы түгелдей,
халық тұтынатын тауарлардың басым бөлігін сырттан
әкелуге мәжбүр болды. Сөйтіп, баламасы тең емес
айыр бастың салдарынан Қазақстан демеуқаржылы
республиканың қорлық күйіне түсті.
Қалыптасқан дағдарыс жағдайында Н. Ә. Назарбаев
өндірісті тұрақтандыру, республика экономикасының
шикізат бағыттылығын еңсеру, одақішілік деңгейлес
экономикалық байланыстарды нығайту, біртұтас эко
номикалық кеңістікті сақтау жөнінде батыл шаралар
қолданды.
Сонымен бір мезгілде республикада шаруашылық
жүргізудің нарықтық тетіктерін енгізу жөнінде кең
құлашты жұмыс жүргізіліп жатты. Нарықтық қатынас-
тардың құқықтық негізін құруды көздейтін бірқатар
маңызды заңдар нақ осы кезеңде қабылданды. Олар
– «Меншік туралы», «Жұмыстылық туралы», «Сыртқы
экономикалық қызметтің негізгі қағидаттары туралы»,
«Шетелдік инвестициялар туралы», «Экономикалық
еркін аймақтар туралы» және т. б. заңдар.
Алайда орталықтың кейде тіпті ақылға сыйғысыз
қыңырлықпен одақтық республикаларға азды-көпті
болса да ырық бергісі келмейтін үстемдігі жағдайында
15
олармен екі арадағы өкілдікті айқын шектемейінше,
экономиканы реформалаудың кез келген бастамасы,
сәтсіздікке ұшырамағанның өзінде, ұзақ уақыт тығы
рыққа тірелері сөзсіз еді. Кеңес Одағында жаңа Одақтық
шарттың жобасы айналасында өрістеген дау-дамай
дың шиеленістілігі көбінесе осы жағдайға байланысты
болды.
Н. Ә. Назарбаевтың сол кезеңдегі сөйлеген сөздерінің
бәрі дерлік осынау аса маңызды тақырыпқа арналды,
соның ішінде он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің ІІ сессиясындағы «Жаңа Одақтық шарт
тың жобасы туралы», КСРО халық депутаттарының
IV съезінде, он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің кезектен тыс ІІІ сессиясында, республикалық
активтің КСРО Президенті М. С. Горбачевтің қаты
суымен өткен жиналысында, «Қазақстан Компартия-
сы Орталық Комитетінің Одақтық шарттың жобасына
көзқарасы туралы» Қазақстан Компартиясының
IV Пленумында сөйлеген және т. б. сөздер бар.
Н. Ә. Назарбаев Одақтық шартқа тездетіп қол
қою – тар өрісті мақсат емес, көптеген түйіндерді, ең
алдымен экономикалық проблемаларды шешудің
бірінші кезектегі шарты екенін талай мәрте атап айтқан
болатын. Неге десеңіз, нақ сол одақтық орталықтың
және одақтық ведомстволардың кінәсінен Қазақстан
аумағында көптеген экологиялық апат ошақтары пайда
болды, ал олардың ең ірілері – Арал мен Семей ядролық
полигонының аймағы еді. Бұған себеп – Қазақстан өнер
кәсібінің 90 %-ына дейіні тікелей бағыныс тылығында
болған орталық министрліктер мен ведомстволардың
жауапсыз, ал кейде тіпті қылмыспен барабар қарауы.
16
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Әлбетте, бұл мәселеде Н. Ә. Назарбаев орталық
парт аппараттың, әскери-өнеркәсіптік кешен басшыла
рының, одақтық министрліктер мен ведомстволардың
және т. б. бетке ұстарлары тарапынан болған пәрменді
және аса қуатты қарсылыққа тап болды. Бірақ прагма
тик ретінде ол шегінер жолдың жоқ екенін түсінді.
Мәселенің мәнін жете бағалай білген Н. Ә. Назар
баев, Одақтық шарттың жобасын әзірлеудің орталық
деңгейінде кешігуіне байланысты, 1990 жылы оның
қазақстандық нұсқасының тұжырымдамасын ұсынды.
Оған арқау болған өзекті идеялар Н. Ә. Назарбаевтың
1990 жылғы 10 қыркүйекте Қазақ теледидары арқылы
Қазақстан халқына арнаған «Бірлік пен топтасқандық
үшін» деп аталатын үндеуінде айқын таңбаланды. «Біз
өмірді мүлдем жаңа негізде – Егемен мемлекеттердің
одағында құруды бастадық. Оның мәні мейлінше айқын:
республикалар өз аумақтарындағы барлық ұлттық
байлықтарды иеленуге, пайдалануға және жұмсауға
ерекше құқық алады. Бұған жер, оның қойнаулары,
сулар, әуе кеңістігі және басқа да табиғи ресурстар,
мемлекеттік егемендіктің материалдық негізі болып
табылатын күллі экономикалық және ғылыми-техни
калық әлеует кіреді. Одақтың өзі республикалардың
еріктілігіне, өзара мүдделілігі мен терезесі тең серіктес-
тігіне негізделеді. Әрине, республикалар өз қалаулары
бойынша өкілеттіктерінің біраз бөлігін Одақтың жаңа,
өздері құрған басқару органдарына береді. Бұл сөз
болып отырған өзінің сипаты бойынша ел көлемінде
біртұтас басшылықты қажет ететін қызмет салалары:
іргелі зерттеулер, қорғаныс бағдарламалары, біртұтас
энергетикалық жүйе, атом энергетикасы, ғарыштық
жүйелер және т. б.»
17
Н. Ә. Назарбаевтың жіті назарында болған тағы бір аса
маңызды мәселе – этносаралық қатынастар жайы.
1980-ші жылдардың соңы бұрынғы КСРО-ның бар
лық халықтары арасындағы этнизмнің дүмпуімен және
ұлттық сана-сезімнің бұрын болмаған дәрежеде өсуімен
ерекшеленгені белгілі. Ондаған жылдар бойғы тыйымнан
соң адамдар ұлттық дамудың көкейкесті проблемалары:
жалпыкеңестік бояма мәдениеттің біріздендіруші сал
дары, ұлттық ерекшеліктің, әдеп-ғұрыптар мен дәстүр
лердің жойылуы, тілдердің құрып кету қаупі туралы ашық
айта бастады.
Дегенмен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары мен оған
ілесе қазақ халқына жасалған жазалау шараларынан кейін
бұл үдеріс Қазақстанда қиын-қыстау моральдық-пси
хологиялық ахуалда жүрді. 1987 жылғы шілдеде КОКП
Орталық Комитетінің Қаулысымен қазақ халқы әділетсіз
түрде «қазақ ұлтшылдығы» дейтінмен беталды айып
талды, ал басқаша ойлайтын өзекті жергілікті кадрларға
әрі енді қазақтардан басқаларға да бедел түсіру мен пәле
жабу науқаны өрістеді. Сондықтан көпұлтты республика
азаматтарының арасындағы сенімді қалпына келтірме-
йінше, ондағы істің ойдағыдай жүруі тіпті мүмкін емес еді.
Сол кезеңде тілдер туралы заң жобасы этносаралық
қатынастар саласындағы өзекті мәселеге айналды.
Барлық тараптардың құқықтарын теңестіретін және
тілдердің бірде-біреуіне артықшылық жасалуына жол
бермейтін салмақты, центристік көзқарасты жақтаушы
ретінде Н. Ә. Назарбаев заң жобасын жасау мен өткізуде
зор белсенділік танытты.
Сондықтан парламенттегі пікірталастар басталмай
тұрып-ақ, «Республика партия комитеттерінің қайта
құруды тереңдету жағдайындағы ұйымдастырушылық
18
I ТОМ. – 1989–
–
1991
және саяси жұмысы туралы» 1989 жылғы 18 тамызда
сөйлеген сөзінде Н. Ә. Назарбаев заң жобасын былайша
таныстырды: «Көп кешікпей баспасөзде ғалымдар мен
мамандардың, республика мәдениет қайраткерлерінің
үлкен тобы ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп дайын
даған тілдер туралы заңның жобасы жарияланады.
Бұл құжатқа жан-жақты баға бермей-ақ қояйын, ол
– осы құжат талқысына шығарылғалы отырған барлық
қазақстандықтардың ісі. Тек атап айтарым: жобаның
құқықтық пайымдамасы өзге республикаларда қабыл
данған осындай заңдардың пайымдамаларынан елеулі
түрде әрі нақ оның интернационалдық мәнін күшейту
мағынасында ерекшеленеді. Жаңа заңның авторлары
басшылық алған негізгі өлшем республикаға аты беріл
ген халықтың шынайы игілігіне басқа ұлт адамдарының
құқықтары мен бостандықтарын шектеу арқылы жету
мүмкін емес дейтін терең ой болды. Байырғы ұлттың
тілін шынайы қорғау сындарлы шарадан – оның мем
лекеттік мәртебесін заң жүзінде бекітуден көрінгенін
қалың жұртшылық әділ мойындады. Дегенмен, осы
қадамды жасай отырып, барлық халықтардың тіл
дерінің де еркін дамуына дәл осындай заң жолымен
кепілдік беріледі. Бұл орайда орыс тілі өзінің ұлтара
лық қатынас тілі ретіндегі қызметін, бұрынғысынша,
абыроймен атқара береді, ол әрбір ұлттың, әр адамның
қуатты зияткерлік әлеуеті рөлін сақтап қалады».
Салмақты көзқарастың арқасында Қазақ КСР-інің
1989 жылғы қыркүйекте қабылданған «Тілдер туралы»
Заңы белгілі бір дәрежеде республикадағы этносара
лық қатынастардың шиеленісін басып, тұрақтылықты
нығайтуға көмектесті.
19
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқын құрайтын барлық
этнос тардың бір мезгілдегі ұдайы ұлттық-мәдени дамуы
болғанда ғана қазақ ұлтының шынайы өркендеуі мүмкін
болатынын үнемі атап көрсетеді.
Нәтижесінде 1989 жылдан бастап республикада 1995
жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының
алғашқы үлгісі – ұлттық-мәдени орталықтар ашыла
бастады. Көптеген этностық топтар, соның ішінде бір
кезде Қазақстанға күштеп жер аударылған немістер,
корейлер, поляктар, литвалықтар, Қырым татарлары,
Месхетия түріктері, вайнахтар, қарашайлар мен
балқарлар, гректер және басқалар өздерінің тарихи
отандарымен әлдеқашан үзілген байланыстарын қал
пына келтіре бастады. Қазақ тегінің табиғи және ежелгі
ошағы болған Қазақстан дүниеге шашырап кеткен қазақ
диаспорасының басын құрауға кірісті, ал 1992 жылы
құрылған Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы
оның орталық ұйымына айналды.
Ұлт мәселесін әділ және ашық түрде шешу бағытын
дә йектілікпен жүзеге асыра отырып, Н. Ә. Назарбаев
бірінші кезектегі міндеттердің бірі етіп КОКП Орталық
Комитеті 1987 жылғы шілдеде қабылдаған атышулы
«қазақ ұлтшылдығы» туралы қаулының күшін жоюды
мақсат етіп қойды. Мәселен, 1989 жылғы 19 қыркүйекте
Мәскеуде болған КОКП Орталық Комитетінің плену
мында сөйлеген сөзінде ол былай деп мәлімдеді: «Онда
тек дәйексіз ғана емес, сонымен бірге, халықты қорлай
тын тұжырымдарға да жол берілген. Мәселен, «қазақ
ұлтшылдығы» деген ұғым айтылған. Бірақ тегінде қан
дай да болсын тұтас халықтың бойында адамгершілікке
жат осындай қасиет болуы мүмкін бе? Мүмкін емес
екеніне кәміл сенімдімін. Әрі ұлттық демократияның
20
I ТОМ. – 1989–
–
1991
болмайтыны сияқты, қазақ, орыс, өзбек, латыш және
т. б. ұлтшылдығы да болуы мүмкін емес. Республика
коммунистері мен жұртшылығының пікірін білдіре
келіп, Орталық Комитеттен қазақ халқының ары мен
намысына тиетін, оның интернационалдық мәніне
көлеңке түсіретін қаулының осы қате қағидаларын
қайта қарауды сұраймын». Ақыр соңында арға тиетін
қаулының күші жойылды.
Сонымен бірге, одақтық орталықтың түсініксіз, қай
шылықты саясаты, экономикалық реформа жүргізудегі
оның көпе-көрнеу қателіктері, Одақтық шартқа қол
қоюға барар жолдағы елеулі кедергілері Н. Ә. Назар
баевты республиканың мүддесін қорғау мен дербестігін
нығайтуға бағытталған бірсыпыра алдын алу шарала
рын қолдануға мәжбүрледі.
Орталықтан шеттеу үрдістерінің үдей түсуі жағда-
йында ең әуелі республика ауқымында билік өкілеттік
терін шоғырландыру қажеттілігі барған сайын айқын
сезілді. 1990 жылғы ақпанда Н. Ә. Назарбаевтың Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайлануы,
содан кейін Қазақ КСР Президенті қызметі құрылып,
сол жылдың 24 сәуірінде Жоғарғы Кеңестің шешімімен
оған Н. Ә. Назарбаевтың сайлануы осындай қадам
болды.
Қазақ КСР Президенті қызметінің құрылуы тәуелсіз
мемлекеттің саяси жүйесі қалыптасуына шешуші ықпал
жасаған және КСРО тарағаннан кейін мемлекеттік
биліктің сабақтастығын қамтамасыз еткен аса маңызды
оқиғаға айналды.
1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР-інің мемлекеттік
егемендігі туралы» Декларацияның қабылдануы егемен
дену үдерісінің қисынды нәтижесі ретіндегі келесі бір
21
маңызды қадам болды. Декларация жас мемлекеттің
ел Президенті мен Жоғарғы Кеңесі бастамашылық етіп
қабылданған тұңғыш негіз қалаушы заңнамалық актісі
болды, елдің мемлекеттік-құқықтық жүйесін толық
мемлекеттік тәуелсіздікті ресімдеу жолымен одан әрі
дамытудың дайындық кезеңі содан басталды.
Сондай-ақ мемлекеттік егемендікті нығайту, саяси
және экономикалық жаңғыртуларды жүзеге асыру сол
кезде жұмыс істеп тұрған мемлекеттік биліктің құрылы
мын дереу өзгертуді, мемлекеттік басқарудың оңтайлы
үлгісін қалыптастыру мақсатында өкілеттікті қайта
бөлуді қажет етті.
Осыған байланысты Қазақстан Президенті 1990
жылғы 20 қарашада «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік билік
құрылымы мен басқару ісін жетілдіру және Қазақ КСР
Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосым
шалар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес
Вице-президенттің, Премьер-министр мен мемлекеттік
кеңесшілердің лауазымдары бекітілді; Министрлер
Кеңесі таратылып, Министрлер Кабинеті құрылды;
Президенттің жанынан консультативтік-кеңесші орган
– Республика Кеңесі құрылды. Сондай-ақ халық депу
таттарының Кеңестері түріндегі мемлекеттік биліктің
жергілікті органдары қайта құрылды. Олардың өкілет
тігі елеулі түрде кеңейтілді, соның ішінде ол нарықтық
қатынастарды қалыптастыру мен коммуналдық меншікті
басқару мәселелерін солардың құзыретіне беру арқылы
жүзеге асырылды.
Елдің ең жоғарғы қызмет орнына сайлауымен бай
ланысты Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның халықаралық
байланыстарын жолға қою жөнінде де белсенді қадамдар
жасады. Бұл орайда ол сыртқы саясат қызметін одақтас
22
I ТОМ. – 1989–
–
1991
республиканың басшысы ретінде ғана емес, сонымен
бірге, одақтық деңгейдегі сыртқы саясат қызметі шең
берінде де жүргізді.
Сыртқы саясатының құрылымын белгілей отырып,
Президент Н. Ә. Назарбаев дүние жүзінің барлық мем
лекеттерімен қатынасын тепе-теңдік, идеологиясыздан
дырылған тұрғыдан құруға бейілділігін батыл мәлімдеді.
Мұнымен бір мезгілде Одақтық шарттың жобасын
әзірлеу мен келісу үдерісі аяқталуға жақындап келе
жатты. Оған қол қою 1991 жылғы тамыздың соңына
белгіленді.
Алайда 1991 жылғы 19–21 тамызда елде барлық
жоспарлардың астан-кестенін шығарып, тарихқа
«Тамыз бүлігі» дейтін атпен кірген оқиғалар бұрқ ете
қалып, Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет
(ТЖМК – ГКЧП) дейтін бүкіл билікті өз қолына алаты
нын жариялады. КОКП жетекшілері мен одақтық бас
шылықтың кертартпашыл тобы ұйымдастырған мем
лекеттік төңкерістің бұл әрекеті одақтық орталықтың
және біртұтас мемлекетті сақтап қалу болашағының
саяси дәрменсіздігін түпкілікті растап береді.
Қазақ КСР-інің Президенті Н. Ә. Назарбаев іле-шала
Қазақстан халқына сөз арнап, Одақ жұртшылығына
мәлімдеме жасады да бүлікшілердің әрекетін батыл
айыптады. Және өзінің реформалар мен демокра
тия бағытына бейілдігін растады. Сонымен бірге,
Н. Ә. Назарбаев КОКП қатарынан шығатынын мәлім
деді.
ТЖМК-нің (ГКЧП) тура Одақтық шартқа қол қояр
алдында дүрліктірген антиконституциялық бүлігі
Коммунистік партияны абыройдан біржола айырып,
23
КСРО-ның күйреуін тездетті. Осылайша КОКП мен
кеңестік астам державаның тағдыры біржолата шешілді.
1989–1991 жылдарындағы Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын сақтау,
халықаралық деңгейдегі беделін нығайту жөніндегі
табанды қызметі елдің шынайы тәуелсіздікке ие болуы
ның негізін қалап, қолайлы жағдай жасап берді.
Осы жолда өзіндік бір рәмізге айналған нышандық
оқиғалар 1991 жылғы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарыш
кері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы және 1991
жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Президентінің
тұңғыш бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның нәтижелері
бойынша сөзсіз басым дауыспен Н. Ә. Назарбаевтың
сайлануы болды.
Бірақ бұл тек бастамасы ғана еді. Қазақстан халқы
ерікті егемен ұлт ретінде әлі өзінің ең алғашқы,
сондықтан да ең қиын, бірақ соншама асыға күткен
қадамдарын жасауы тиіс болатын...
25
Достарыңызбен бөлісу: |