«Қазақ тілі» пəнін оқыту мақсаты – оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту, көркем сөздің құдіреті мен əсемдігін түсініп, тілдік құралдар арқылы қарым-қатынас жасау əрекеттерін меңгерту, жазбаша сауаттылығы жəне ауызша сөйлеу дағдыларын сабақтастыра қалыптастыру. Өйткені бастауыш сыныпта тілді жақсы меңгеру – барлық пəндер бойынша жетістікке жетудің алғышарты.
«Сауат ашу» пəнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым жəне оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
«Сауат ашу» пəні – «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің құрамдас бөлігі, тіл жəне əдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады.
“Қазақ тілі” және “Сауат ашу” пәндерінің мақсаттары
«Сауат ашу» пəнінде оқу жəне жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді: оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай «Сауат ашу» пəнінде оқу жəне жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді: оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады. «Сауат ашу» пəні арқылы оқушылар қазақ тілі мен əдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мəдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде жəне күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.
«Қазақ тілі» пәнінде көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді жəне оны дəлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша жəне жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма
кейіпкерлерінің іс-əрекетіне баға беруді, мəтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз
бетінше тұжырымдауды, мəтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, сөйлеу
мəдениетін қалыптастыруды қамтиды.
Оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тəсілдемелер
Қазақ тілі
Жалпы білім беру ұйымдары оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол,
зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.
Сауат ашу
Жалпы білім беру ұйымдары «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол жəне зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.
Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
Критериалды бағалау оқыту, оқу жəне бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген. Критериалды бағалау нəтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау жəне ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
«Қазақ тілі» мен «Сауат ашу» пəндерін меңгеру нəтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Пән мазмұны
«Сауат ашу» пəні – лексикалық тақырыптар негізінде оқушыларды оқу мен жазуғаүйрете отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған пəн. «Сауат ашу» пəні бағдарламасының мазмұны кіріктіріле құрастырылды. «Сауат ашу» пəні үш кезеңнен тұрады: əліппеге дейінгі кезең, əліппе кезеңі, əліппеден кейінгі кезең. Сауат ашудың əліппе кезеңі І тоқсанда басталып, ІІІ тоқсанда аяқталады.
Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері ары қарай жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқу мақсаттары əр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |