Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата15.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#9778
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің  

IV пленумында «Қазақстан Компартиясы 

Орталық Комитетінің Одақтық шарттың 

жобасына көзқарасы туралы» тақырыбында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы,

1991 жылғы 20 шілде

Жолдастар!

Өздеріңіз  білесіздер,  Одақтық  шарттың  жобасы 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төртінші сессиясында 

қаралған  болатын.  Республика  парламентарийлері 

көптеген салиқалы ескертпелер мен ұсыныстар айтып, 

жалпы алғанда, оның тұжырымдамалық негізін қол­

дады.  Қазақ  КСР  делегациясы  жасақталып,  оның 

алдында егемен мемлекеттердің Одағы туралы шартқа 

қол қою міндеті тұр.

Бұл  саяси  шешімді,  бері  салғанда,  маңызды  үш 

жағдай талап етті. Біріншіден, біз Қазақстан халқының 


478

I  ТОМ. – 1989–

1991 


ерік-жігеріне сүйендік, олар Бүкілодақтық референдум 

кезінде Шартқа өздерінің көзқарасын даусыз білдірді. 

Дауыс  беруге  қатысқан  республика  тұрғындарының 

94,1 %-ы жаңарған Одақты жақтады.

Екіншіден,  біздің  мемлекетіміздің  тоталитарлық 

режім  туғызған  барлық  кемшіліктеріне  қарамастан, 

миллиондаған адамдар үшін бірыңғай экономикалық, 

әлеуметтік  және  өмірлік  кеңістік  болып  табылатын 

объективті фактіні басшылыққа алдық. Бұл кеңістікті 

жою,  сөз  жоқ,  біздің  баршамыз  үшін  орны  толмас 

шығын болар еді.

Үшіншіден, жаңа Одақтық шарт – біз жариялаған 

Мемлекеттік  егемендік  туралы  декларацияны  нақты 

мазмұнмен толықтыруға, орталық пен республикалар 

арасындағы өкімет билігін жіті бөлуге жеткізетін тіке­

лей жол. Тек соның негізінде ғана бүгінгі таңда эконо­

микалық және ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы, 

дүниежүзілік нарықтық экономикаға өркениетті түрде 

кіру мүмкін болмақ.

Сонымен, Одақтық шартқа қол қоюға біздің көзқара­

сымыз Қазақстанның, оның халқының мүдделеріне сай 

келеді. Республикалардың жан-жаққа бытырап, біздің 

экономикамызды, рухани өмірімізді енді ештеңе бай­

ланыстырмайды деген сыңай таныта алмайтыны айдан 

анық. Алайда олардың арасындағы өзара іс-қимылдың 

сенімді экономикалық тетігінің жоқтығы салдарынан 

жалпы  халық  шаруашылығын  басқару  тұтқалары 

іс  жүзінде  жұмыс  істеуін  тоқтатты.  Бастан  кешіріп 

отырған кезеңнің негізгі мәні мен шиеленісті сипаты 

да осында. Бүгінгі таңда елімізде экономикалық және 

әлеуметтік жағдай бұрынғы қай кездегіден де өткір, 


479

дағдарысты құбылыстар күшейе түсуде. Шын мәнінде 

біз ақырғы шепке жақын келдік, оның ар жағында біздің 

мемлекетіміздің өмір сүруіне нақты қатер төніп тұр.

Осыған байланысты пленумның күн тәртібіне енгізіл­

ген мәселе әсте формальды сипатта емес. Ашығын айту 

керек,  Қазақстан  Компартиясының  Одақтық  шарт 

жөніндегі  жіті  ұстанымы  көп  ретте  республикадағы 

саяси  көңіл  ауанын  күні  бұрын  айқындады,  барлық 

демократиялық күштердің осынау маңызды мәселедегі 

бірлігін  қамтамасыз  етті.  Қазір  де,  белгілі  «9+1-дің» 

мәлімдемесі  арнасында  принципті  уағдаластыққа 

қол жеткізілген кезде, біз жаңарған Одақты іс жүзінде 

құруға кіріскен кезде, республикалық партия ұйымы 

Одақтық шартты барынша қолдау үшін өзіне байла­

нысты нәрсенің бәрін істейтініне сенемін.

Елімізде қалыптасқан жағдай Қазақстан коммунис-

тері таңдаған бағыттың дұрыстығын көз жеткізе қуат­

тауда. Республикалардың дағдарыстан жеке-дара шыға 

алатыны жөніндегі жалған елесті сақтаған адамдардың 

табыла  қоюы  екіталай.  Тек  республикааралық  және 

аймақаралық  экономикалық  байланыстарды  нығай­

тып, дамыту ғана халық шаруашылығындағы жағдайды 

тұрақтандыруға, қаржы айналысын қалыпқа түсіруге, 

нарыққа көшу үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік 

береді.


Қазақстан  еліміздің  барлық  аймақтарымен  көзге 

көрінбейтін  мыңдаған  арқаулармен  байланысқан. 

Біз  республикада  өндірілетін  астықтың  жартысына 

жуығын,  еттің  28 %,  өңделмеген  мұнайдың  90 %-дан 

астамын,  көмір  мен  қара  металдар  рудаларының 

шамамен  төрттен  үш  бөлігін,  түсті  металдар  мен 



480

I  ТОМ. – 1989–

1991 


балқымалардың  үштен  екі  бөлігіне  жуығын  сыртқа 

шығарамыз. Өз кезегінде басқа республикалар жеңіл 

өнеркәсіп және теміржол көлігі үшін жабдықтың 95 %, 

металл жонғыш станоктардың үштен екі бөлігін береді, 

автомобиль,  астық  жинайтын  комбайн,  тұрмыстық 

тоңазытқыш, теледидар жөніндегі қажеттілікті толық 

қанағаттандырады, тоқыма бұйымдары мен мақта-мата 

кездемелерінен жасалған бұйымдардың 45 %-ға жуы ғын 

сырттан әкелеміз.

Бұл – Қазақстан мен басқа республикалар алмасатын 

нәрселердің тек аз ғана бөлігі. Тіпті өзара жеткізілімдегі 

ең аз іркілістер де өндірістік үдерістердің елеулі түрде 

бұзылуына  дереу  апарып  соқтыратыны,  экономи­

каға салқынын тигізетіні, міне, сондықтан. Қазақстан 

халық шаруашылығының баршаға мәлім шикізаттық 

бағдарлануы қазір, еліміздің көптеген кәсіпорындары 

үшін шарттық тәртіп бос сөзге айналып отырған кезде, 

ерекше сезілуде.

Осы  себептен  бізде  жеңіл  және  құрылыс  өнер­

кәсібінің, аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің ұқсатушы 

салалары өндірістік қуаттарының едәуір бөлігі толық 

көлемінде жұмыс істей алмауда. Көп ретте бұл тұтыну 

рыногындағы  жаппай  тапшылыққа  және  күрделі 

құрылыстағы артта қалушылыққа байланысты.

Республика  қаржы  мәселелерінде  елеулі  қиын­

дықтарды бастан кешіруде. Үстіміздегі жылы Қазақстан 

одақтық көздерден 6 млрд сом субвенция алуға тиіс еді. 

Мұның өзі республика бюджеті кірісінің төрттен бір 

бөлігінен астамын құрайды. Алайда Одақ ауқымында 

салық жүйесі мәселелерінің осы кезге дейін реттелме­

уіне байланысты Қазақ КСР бюджетіне бірде-бір сом 

түскен жоқ.



481

Жаңа Одақтық шартты тезірек жасасу қажеттігінің 

пайдасына  мұндай  уәждемелерді  көптеп  келтіруге 

болады. Бірақ олардың ең негізгісі қазіргі кезде қалып­

тасып жатқан нарықтың қандай да болсын аумақтық 

шектеулерге  өзінен  өзі  төзбейтіні,  оның  ойдағыдай 

жұмыс істеуі үшін бірыңғай экономикалық кеңістіктің 

қажет екені болса керек. 

Республикалар  арасындағы  қалыптасқан  мәдени 

байланыстар  сияқты  күрделі  көзқарасты  ескермеуге 

болмайды. Экономикалық проблемаларды шешкенде, 

рухани  негіздерді  де  ұмытпау  керек.  Өзіміздің  мың 

жылдық көршілерімізбен – Орталық Азия республи­

каларымен  және  Ресеймен  көлбеу  бағыттағы  байла­

ныстарды дамытқанда, біз нақ осы мақсатты көздедік. 

Егемен Украинамен, Белоруссиямен, басқа да респуб-

ликалармен екі жақты шарттар қатынастардың бұдан 

былайғы байытылуына бағытталған. Меніңше, нақ көл­

беу бағыттағы шарттар «9+1» келісіміне және Одақтық 

шарттың  соңғы,  саны  жағынан  үшінші  жобасына 

жеткізген ұзақ та азапты жолдың алғашқы қадамдары 

болды десек асыра айтқандық болмайды. 

Ұлтаралық  қатынастар  проблемасын  да  есептен 

шығарып тастауға болмайды. Барлық өзге республи­

калар  сияқты,  Қазақ  КСР-і  өзінің  құрамы  жағынан 

көпұлтты. Әртүрлі ұлттардың миллиондаған адамдары 

Қазақстанды  өзімнің  отаным  деп  орынды  есептейді. 

Мұнда ұлтаралық некелердің мыңдаған санын қосыңыз. 

Одақтық шартты жасау қазіргі кезде еліміздің басқа 

аймақтарында тұратын отандастарымыздың пробле­

маларын неғұрлым тиімді шешу үшін де заңды негіз 

жасауға мүмкіндік береді. 



482

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Сонымен,  Егемен  мемлекеттердің  одағы  туралы 

шартты жасау экономикалық, саяси және ұлтаралық 

проблемалардың шиеленіскен түйінін шешуге, орталық 

пен республикалар арасындағы принципті жаңа қаты­

настарға шығуға белгілі бір дәрежеде мүмкіндік береді. 

Республикалардың  қалай  өмір  сүретінін  орталық 

айқындамауға тиіс, қайта республикалар орталықтың 

қандай болу керек екенін, оған қандай өкілеттіліктер 

беру керек екендігін айқындайды.

Меніңше, әңгіме Одақтық шартқа көзқарас туралы 

болғанда, нақ осы жайттарды басшылыққа алу керек. 

Оның  негізгі  мақсатын  былай  деп  тұжырымдауға 

болады: интеграция, біздің халықтарымыздың рухани 

бірлігі, саяси және әлеуметтік-экономикалық топтасуы 

жолдарында  көпұлтты  елімізді  –  Егемен  мемлекет­

тердің одағын батыл жаңарту.

Осыған байланысты Қазақстан Коммунистік парти­

ясы Орталық Комитетінің неғұрлым объективті айқын­

дамасын бірлесіп талқылау және белгілеу үшін Одақтық 

шарттың  кейбір  қағидаларына  тоқталғым  келер  еді. 

Егер соңғы жоба туралы айтатын болсақ, ең алдымен 

бұл құжаттың Егемен мемлекеттер одағын құру қағи­

даларының  нобайын  жасайтынын,  оның  құрылымы 

мен  органдарын  айқындайтынын  түсіндіре  кеткім 

келер еді. Егемендік туралы одақтас республикалардың 

декларацияларында  баяндалған  идеялар  құжаттың 

негізіне алынған. Кіріспенің нақ алғашқы жолдарында 

республикалардың егемендігі туралы декларациялар, 

ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы танылатыны раста­

лады. Сөйтіп, Одақты құрайтын және оның өкілеттігі 

мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттердің саяси 

және құқықтық басымдығы құжат жүзінде хатталады. 



483

Толғағы  жеткен  өзгерістерді  бейнелей  отырып, 

Шарт жобасы КСР Одағы мен республикалар қызметі 

аясының аражігін дәлме-дәл ажыратады. Осы құжатта 

негізі  қаланған  тетіктер  республикалардың  меншік 

сипаттарын  және  шаруашылықты  жүргізу  әдістерін 

таңдаудағы  бостандығына кепілдік береді,  қоғамдық 

нарықты дамытудың қажетті жағдайларын жасайды, 

онсыз  біз,  тегінде,  өзіміздің  ұлттық  пәтерлерімізде 

пұшайман күйге түсетін болармыз. 

Шарт жобасының ұлтаралық қатынастарды үйлесімді 

етуге  бағытталғанына  сіздердің  назарларыңызды 

ерекше аударғым келеді, өйткені ол республикалардың 

егемендігін  және  олардың  федерациялық  Одақтағы 

теңдігін  орнықтырады.  Республикалар  өз  дамуының 

барлық мәселелерінде дербес, ал мұның өзі кез кел­

ген ұлт азаматтарының саяси, құқықтық, әлеуметтік- 

экономикалық және мәдени дамуының кепілі болып 

табылады.

Шарт  субъектілері  толық  саяси  билікке  ие  бола 

отырып, өзінің ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-ау­

мақтық құрылымын дербес айқындай отырып, ұлттық 

дәстүрлердің  сақталып,  дамытылуын,  білім  берудің, 

денсаулық сақтаудың, ғылым мен мәдениеттің дамы­

тылуын қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет құруға 

ұмтылады.

Республикалардың  сыртқы  саяси  қатынастардағы 

құқықтарын елеулі түрде кеңейту де назар аударуға 

лайық.  Олар  Одақтың  және  оның  субъектілерінің 

мүдделеріне  нұқсан  келтірместен  шет  мемлекеттер­

мен  дипломатиялық,  консулдық,  сауда  және  басқа 

байланыс тарға түсе алады, олармен өкілетті өкілдіктер 

алмаса  алады,  халықаралық  шарттар  жасаса  алады, 


484

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Одақтың халықаралық міндеттемелерін бұзбай, халықа­

ралық ұйымдардың қызметіне қатыса алады. 

Қысқасы, Шарттың жобасы принципті жаңа негізге 

сүйе неді.  Біздің  көзқарасымызша,  бұл  құжат  өзінің 

мазмұны  жөнінен  демократиялық  және  мәні  жөні­

нен реалистік құжат болып шықты. Әрине, көп нәрсе 

нақтылай түсуге, толықтыруға ділгер болып отыр, орта­

лық пен республикалар құқықтарының арасалмағына 

байланысты нақты нара зылықтар көптеген сұрақтар 

туғызуда. 

Шартқа қатысушылардың шеңберін неғұрлым жіті 

айқындау қажет. Біздің көзқарасымызша, олар Одақты 

тікелей құрайтын мемлекеттер болуы тиіс. 

Федералдық  салықтың  енгізілу  идеясын  қолдай 

отырып, біз, соған қарамастан, оны алудың ұсынылған 

тетігіне қарсы шығамыз. Бұл проблемаға кәсіпорындар­

дың түрін, олардың орналасуын ескерместен қарауға 

болмайды. Меніңше, федералды салықты алуда сон­

дай-ақ кейбір одақтас республикалардың, соның ішінде 

Қазақстанның экономикалық құрылымының бұзылуын 

да  ескеру  қажет.  Әйтпесе  біз  ресурстарды  өндіретін 

салалар жағына қарай қалыптасқан қиғаштықты ешқа­

шан да түзей алмаймыз. 

Республикалардың аумағындағы «бірлескен меншік» 

ұғымына біздің өз көзқарасымыз бар, бұл көзқарасты 

біз Шарттың түпкілікті редакциясында және оған қол 

қою кезінде қорғаймыз. Әйтпесе соңғы уақытта кейбір 

одақтық министрліктер неше түрлі концерн дер мен 

қауымдастықтар  құру  есебінен  шын  мәнінде  респу­

блика  аумағында  өздерінің  иеліктерін  сақтауда.  Біз 

бұған төзбек ниетте емеспіз және одақтық бағыныс-

тағы  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  Қазақстанның 



485

құзыретіне  көшуі  туралы  шешімінің  орындалуын 

талап етеміз. Өздеріңіз білесіздер, жуырда Теміртауда 

біз КСРО металлургия, көмір өнеркәсібі және радио 

өнеркәсібі министрлерімен бірге республикалық еге­

мендікті нақты жүзеге асыру жағдайында қалай өмір 

сүру керек екені туралы тиісті құжатқа қол қойдық. 

Атом өнеркәсібі министрлігімен, ғарыштық зерттеу­

лермен  айналысатын  ведомстволармен  өзара  тиімді 

ынтымақтастықтағы сындарлы, ізгі ниетті көзқарас та 

өзінің жемісін беруде. 

Біздің  пайымдауымызша,  Одаққа  аталған  өкілет­

тіктерді үйлестіру құқығын бере отырып, республика­

лардың сыртқы экономикалық дербестігін шектейтін 

Шарттың  кейбір  ережелері  даулы  болып  табылады. 

Болашақ мемлекеттік құрылымға қатысты да белгілі бір 

проблемалар пайда болып отыр. Бүгін пікірсайыстың 

барысында Орталық Комитеттің мүшелері өз көзқа­

растарын ортаға салып, бұл мәселеге өздерінің қалай 

қарайтынын білдіреді деп ойлаймын. 

Тек Шарттың жобасын даярлау үдерісінде бірлес-

кен  күш  жұмсаудың  қорытындысы  болатын  басты 

нәрсені ұмытпау маңызды. Ал оның мәні ең алдымен 

орталықтың өзінің саяси рөліне қатынасын түпкілікті 

түрде  өзгертуде  болып  табылады.  Экономикалық 

былықты  тездетіп  жеңіп,  тәртіпті  нығайту,  нарыққа 

табанды қадам жасау үшін егеменді республикаларды 

жедел біріктіруге алғышарт жасалғанын нық сеніммен 

айтуға болады. Одақтық шарт қабылданғаннан кейін 

КСРО-ның жаңа Конституциясы мен Қазақ КСР-інің 

жаңа Конституциясын жасау қажет, ал ол өзінен кейін 

мемлекеттік құрылыстың мүлдем жаңа деңгейіне өтуді 

әкеліп тудырады.


486

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Осыған байланысты Қазақстан Конституциясының 

жобасын даярлауға ерекше назар аудару қажет. Қазіргі 

уақытта  мұндай  жұмыс  Қазақ  КСР-інің  Жоғарғы 

Кеңесінде  жүргізілуде.  Бұл  жұмысқа  коммунист-ха­

лық депутаттары, Жоғарғы Кеңестің партиялық тобы 

белсенді қатысқаны қажет. Орталық Комитет те біздің 

республикамыздың Негізгі заңын әзірлеуден шет қал­

мауы керек деп ойлаймын. 

Одақтық  шартқа  қол  қойғаннан  кейін  бізді  күтіп 

тұрған  нақты  істер  туралы  айта  отырып,  аталған 

құжаттың негізгі ережелерін заңды түрде нығайту және 

дамыту үшін байсалды заң шығару жұмысы қажет бола­

тындығын назарда ұстау қажет. Бұл сондай-ақ респу­

бликалық заңның қолданылу аясының біршама кеңе-

йетініне байланысты қажет болып көрінеді. Республика 

заңдары  Одақтың  қарауына  берілген  мәселелерден 

басқа жағдайда, өз аумағында басымдыққа ие болады.

Одақтық шартты қабылдау әкімшіл-әміршіл жүйенің 

ұзақ жылғы билеп-төстеуі кезінде қоғамдық өмірімізде 

қалыптасқан  таптаурындарды  түпкілікті  қиратуды 

талап етеді. Біз өткеннің зиянды қатпарларынан неғұр­

лым тез құтылсақ, республикада саяси да, сондай-ақ 

экономикалық саладағы да қайта құру солғұрлым тез 

жүреді. Бұл жерде коммунистер өздерінің салмақты 

сөзін айтуы тиіс. Қазірдің өзінде партия, кеңес және 

шаруашылық органдары өздерінің практикалық жұмы­

сында шарт беріп отырған мүмкіндіктерді пайдалануы 

керек. Бұл бірінші кезекте одақтық кәсіпорындардың 

республика қарамағына өтуіне, сыртқы экономикалық 

қызметті кеңейтуге, жаңа экономикалық қатынастарды 

құруға қатысты. Республикада мұнай корпорациясын 

ұйымдастырып,  Гурьев  мұнайшылары  жақсы  өнеге 

көрсетіп отыр.


487

Жергілікті жерлерде халықтың қалың тобы арасында 

Шарттың жобасы төңірегінде саяси жұмысты ұйымдас-

тыру маңызды болып саналады. Әңгіме идеологиялық 

және ұйымдастырушылық-саяси жұмысты жобаның 

әрбір тарауы мен бабын түсіндіруге, оның гуманистік 

құндылығын ашуға бағыттау туралы болып отыр. Респу­

бликаның әрбір азаматына біз Одақсыз дүниежүзілік 

нарыққа қосыла алмайтынымыз туралы ойды жеткізу 

қажет. Егер біздер, коммунистер, Қазақстан халқына 

шындығында  жақсылық  тілесек,  идеологиялық  көр­

соқырлықты табанды түрде серпіп тастап, нақты іспен 

айналысуды  бастап,  қоғамдық  өмірдің  барлық  сала­

сындағы қайта құруда өз орнымызды табуымыз керек. 

Және бірінші кезекте – экономикалық салада. Бұл ең 

басты мәселе. 

Осыны ескере отырып, біз 15 одақтас республиканың 

басшыларымен кездесу туралы бастама көтердік. Саяси 

дау-жанжалдарды қоятын және екі өткір проблеманы 

бірлесіп шешетін уақыт жетті. Біріншісі – экономика­

лық дағдарыстан шығар жолды бірлесе отырып табу. 

Екіншісі  –  еліміздің  кез  келген  бөлігіндегі  қантөгісті 

жедел тоқтату. Бізге, ақыры, бұдан кейін қалай өмір 

сүретіндігімізді келісіп алуымыз керек қой. Біз осындай 

кездесуді Алматыда өткізуге әзір екенімізді білдіреміз 

және  республикалар  басшыларының  осы  күрделі 

кезеңде сындарлы сұхбатқа дайын екендіктерін көрсе­

тетініне сенімдіміз. 

Оның үстіне барлық республикалардағы экономи­

калық жағдай іс жүзінде бірдей. Мысалы, Қазақстанды 

алайық. Соңғы жылдары халық тұтынатын тауарларды, 

әсіресе ет, қаймағы алынбаған сүт, қант, сабын, мата, аяқ 

киім шығарудағы төмендеуге бірінші рет жол берілді. 


488

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ұлттық 

табыс  көлемі  6,1 %-ға,  қоғамдық  еңбектің  өнімділігі 

2,9 %-ға төмендеді. Ал осылардың барлығының артында 

тек  алынбаған  жүздеген  миллион  сомдар  ғана  емес, 

сондай-ақ жүзеге асырылмаған әлеуметтік бағдарлама­

лар, еңбек ұжымдарының шешілмеген проблемалары, 

біздің  сөрелеріміздің  сұрықсыз  жағдайы,  қоғамның 

моральдық-психологиялық көңіл күйінің нашарлауы 

жатыр ғой. 

Республикалардан тыс орналасқан экономикалық 

субъектілермен  кооперациялық  байланыстарымыз­

дың үлкен көлемін құрайтын өнеркәсіп салаларында 

ауыр жағдай қалыптасты. Өнім шығару мұнда 3,2 %-ға 

төмендеді. Жылдар бойы орныққан байланыстар үзіліп, 

шарттық тәртіп нашарлауда, шарттық міндеттемелерді 

орындамайтын кәсіпорындар саны көбейді. Қазір бұл іс 

жүзінде әрбір оныншы кәсіпорын болып отыр. 

Табиғи-заттық  және  ақша-қаражат  үйлесімсіздігі 

күшейе түсуде, өнім шығару қысқартыла, жұмыстар 

мен қызметтердің көлемі кемітіле отырып, еңбекақы, 

пайда,  тұтыну  қоры  бұрын-соңды  болып  көрмеген 

дәрежеде  өсуде.  Мәселен,  бірінші  жарты  жылдықта 

өндіріс көлемі төмендеген кезде пайда 1,6 есе, еңбек-

ақы 1,4 есе, халықтың барлық кірісі 1,6 есе өсті. Бірінші 

жарты  жылдықта  ақша  шығару  2  млрд  сом,  яғни 

өткен  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда  3,6  есе 

көп  болды.  Ал  жылдың  аяғына  дейін  ақша  эмисси­

ясы 10 млрд сомға жетуі мүмкін. Бұл көп жағдайда 

еліміздегі келісілген біртұтас қаржы-несие саясатының 

жоқтығынан туындап отыр. 

Агроөнеркәсіп  кешенінің  кәсіпорындары  да 

қаржылық қиын жағдайды басынан кешуде. Қала мен 



489

ауылдың  арасындағы  баға  теңдігін  қолдау  қажеттігі 

туралы  шексіз  әңгімелердің  тасасын  пайдаланған 

КСРО үкіметі іс жүзінде әрекетсіз отыр, жарылқаған 

жағдайда тек жартыкеш шаралармен шектеледі. Осы­

лайша,  КСРО  Министрлер  Кабинетінің  1991  жылғы 

мамырдың 31-індегі № 2313 қаулысы ұжымшарлар мен 

кеңшарларға сатып алу бағасымен өтелмейтін қосымша 

шығындардың тек жартысын ғана өтеуді қамтамасыз 

етеді.  Қалған  5,6  млрд  сом  жабылмай  қалуда.  Осы 

мақсаттар  үшін  қаржы  көздері  республикада  жоқ. 

Егер түбегейлі шараларды қабылдамаса, онда жылдың 

аяғына  дейін  шаруашылықтардың  50 %-дан  астамы 

банкротқа ұшырайды. Бүгіннің өзінде агроөнеркәсіп 

кешені  кәсіпорындарының  жеткізушілерге  қарызы 

2 млрд сомнан асты. Айтыңыздаршы, мұндай әріпте­

стермен істес болуды кім қалайды? 

Айтылғандарды қорытындылай келе, бүгіндері сұра­

ным мен ұсыныстың үйлесімділігіне қол жеткізудің, 

өндірістің төмендеуін тоқтатудың аса маңызды екендігін 

атап көрсеткім келеді, әрі бағаны көтеруден гөрі түпкі 

өнімнің тұтыну деңгейіне тиісті назар аударғанымыз 

жөн. Біз қымбат тұратын заттарды үйіп-төгіп шығару­

дан, бұрынғы жөнсіз ширықтырудан және қайта есеп­

теуден бас тартуға тиіспіз. Ақыр аяғында, адамдарға 

біздің қанша кен өндіргеніміз, металл қорытқанымыз 

және т. б. есеп емес, алайда қандай сомада қанша өнім 

алғанымыз аса маңызды. Сондықтан кез келген кәсіп-

орын жұмысын бағалауда ең алдымен өндірістің түпкі 

нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер ескерілуге тиіс. 

Тек осылай ғана оны әрі қарай құлдыраудан тоқтатып, 

тұтыну деңгейін төмендетуге, республика тұрғындарын 

сенімді  әлеу меттік  кепілдемемен  қамтамасыз  етуге 

болады.  Біз  тиімді,  адамға  бағдарланған  экономика 



490

I  ТОМ. – 1989–

1991 


құруға, яғни соңғы кездері көп әңгіме қозғалып жүрген 

сол рынокты құруға тиіспіз.

Өздеріңіз білесіздер, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 

IV  сессиясы  республика  экономикасын  тұйықтан 

шығару  бағдарламасын  бекітті.  Ол  негізінен  басты 

нарық заңы – жекешелендіру және мемлекет иелігінен 

алу  туралы  заңды  қабылдаудың  арқасында  мүмкін 

болды. Бұл заңның республикада әртүрлі қабылданып 

отырғандығы құпия емес. Бірақ, кәне, мынадай сұраққа 

жауап берейік. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелен­

дірусіз әлеуметтік нарықтық шаруашылық құрыла ма? 

Меншікті құрмайынша, қоғамдық өндірістің тиімділігін 

арттыруға бола ма? Сындарлы экономикалық талдау 

оған теріс жауап береді.

Осыған байланысты партия органдарының назарын 

жаңа заңды жүзеге асыру жөніндегі нақты қадамдарға 

шоғырландыру қажет. Партия бұл үдерістің алдыңғы 

қатарында болуға тиіс. Халықтың арасында мемлекет 

иелігінен алу мен жекешелендіру саясатының негізгі 

бағыттарын,  оны  жүзеге  асыру  жолдарын  түсіндіру 

маңызды. 

Аталған тақырып өте көкейкесті болғандықтан, мен 

кейбір  принципті  кезеңдеріне  қысқаша  тоқталғым 

келеді. 


Біздің шындықтың ерекшелігі сондай, үлкен бөлігі 

мемлекеттік-басқару және шаруашылық құрылымда­

рында жетекші ұстанымда тұрған коммунистердің бел­

сенді қолдауынсыз, олардың тәжірибесі мен ұйымда­

стыруынсыз  бүгінде  біздің  экономиканы  табыс ты 

реформалау  туралы  айту  мүмкін  емес.  Нарықтың 

тиімділігі мен болашағының зор екендігіне коммунист 


491

басшылардың,  партия  бұқарасының  көзін  жеткізу 

қажет. Бұл оңай нәрсе емес, ең алдымен, бұл КОКП 

мүшелері арасындағы негізгі проблема – меншік про­

блемасы  жөніндегі  принципті  идеялық-теориялық 

алшақтық мәселесі. Соңғы уақытта мен партия мүше­

лерінен көптеген хаттар алудамын, олар маған: өз қыз­

метімде марксизм-ленинизмді жетекші теория ретінде 

мойындаймын ба, 1917 жылғы Қазанның мақсаттары 

мен  мұраттарына,  социализмді  құрудың  лениндік 

саясатына қайта оралуды қалаймын ба? – деген қатаң 

сұрақтар қоюда.

Ашығын айтайын: менің көзқарасымша, Қазақстан 

Компартиясы  Орталық  Комитетінің  идеологиялық 

айқындамасы шаруашылықты жүргізудің жеке мен­

шіктік  және  ұжымдық  тұрпаттары  өзінің  бай  мүм­

кіндіктерін экономиканы ұйымдастырудың қоғамдық 

сипаттарын  дәйектеудің  табиғи  қажеттілігі  туғанға 

дейін тарихи тұрғыдан толығымен жүзеге асыруға тиіс 

екенін мойындауға негізделуі тиіс. К. Маркстің өндіріс 

құрылымдарына жеке меншік адамның дербес қабілет­

терін барынша ашып көрсетеді дейтін өте дәл айтылған 

сөзі бар. Менен, олай болса, социализм жағда йында 

қоғамдық меншіктің басымдығы мен жеке меншіктің 

жойылуы қажеттігі туралы белгілі тұжырымды қай­

теміз деп сұрауы мүмкін.

Біріншіден, біздің бәріміз тәрбиеленген социализм 

туралы қате түсінікке, біз құрған қоғамға шынайы соци­

ализмнің – социалистер мен коммунистердің көптеген 

ұрпақтарының асыл арманы болған социализмнің еш 

қатысы жоқ.

Екіншіден,  адамзаттың  бүкіл  тәжірибесі  жекеше­

лендірілген  меншіктің  ұлы  маңызын  көрсетеді,  ал 


492

I  ТОМ. – 1989–

1991 


онсыз нарық та, тиімді өндіріс те мүмкін емес. Және 

де  К. Маркс  пен  В. И. Ленинге  сілтеудің  қажеті  жоқ. 

Олар жеке меншікке және оның үстіне өндірушілердің 

меншігіне  қарсы  емес,  қайта  өндірушіден  өндіріс 

құралдарын  оқшаулайтын  және  оның  еңбегінің 

нәтижелерін иемденуге мүмкіндік беретін жеке мен­

шікке  қарсы  шықты.  «...Жеке  меншік,  –  деп  жазды  

К. Маркс «1844 жылғы экономикалық-философиялық 

қолжазбаларында» – затқа айналдырылған еңбектен 

басқа ештеңе емес. Егер жеке меншікке өлтіре соққы 

бергілері келсе, онда жеке меншікке тек заттық жай-күй 

ретінде емес, сондай-ақ қызмет ретінде, еңбек ретінде 

де шабуыл жасалуы керек». Бұл сөздер бүгінгі таңда 

ерекше көкейкесті мән-мағынаға ие болды деп ойлай­

мын. Біздің реформаларымызға, қайта құруға шабуыл 

жасайтындар,  қоғамдық  дамудың  объективті  эконо­

микалық  заңдарына  байсалды  жаңа  көзқарастарды 

қабылдамайтындар – шын мәнінде ең негіз қалаушы, ең 

құнды, ең мәнді нәрсеге – адам еңбегіне қол сұғатындар. 

Сондықтан  нарықтық  қатынастарға  көшу  шегіну 

емес, қайта марксизм теориясына сай келеді. Егер біз 

бір  нәрсені  мойындамайтын  болсақ,  онда  халықты 

тамақтандыра  алмаған  шамадан  тыс  орталықтанды­

рылған,  төрешілденіп  біткен  экономиканы  мойын­

дамаймыз.  Ленин  «фактілерді  көбірек  білу  болсын, 

коммунистік принциптілігіне үміткердің көпсөзділігі 

аз болсын» дегенге үндеген еді. 

Міне, сондықтан да коммунистерге де экономика­

лық реформалаудағы қазіргі жағдай дүниетанымдық 

көнгіштік  немесе  сатқындық  болып  көрінбеуі  тиіс. 

Ал көпшілікке осылай көрінетіні – құпия емес. Оның 

үстіне,  кейбір  партия  жетекшілері  демократиялық 



493

жаңару  үдерістерін  бүлдіруге  ұмтылыс  танытып, 

реформаларға  қарсы  белсенді  жұмыстар  жүргізуде, 

ХХVІІІ съезд шешімдерін қайтадан тексертуге үміттеніп, 

КОКП-ның төтенше съезін шақыруды барынша талап 

етуде. Сөйтіп, қайта құру авторларын жауапкершілікке 

тартпақшы.  Бұған  қоса,  осының  барлығы  бұрынғы 

тәртіптерге қайта оралғылары келетін-міс, түстерінде 

осы  әкімшіл-әміршіл  жүйені  көретін-міс  қатардағы 

коммунистердің атынан жасалуда. 

Өкінішке қарай, біздің республикамызда да «пар­

тиялық фундаментализм» орын алып отыр. Жуырда 

«Казахстанская  правда»  газеті  өзінің  беттерінде  «Ал 

бұл кезде...» деген тақырыппен, менің көзқарасымша, 

қызықты  материал  жариялады,  онда  Алматыдағы 

республикалық  актив  жиналысына  және  Павлодар 

облысы  партия  комитетінің  пленумына  қатысушы 

коммунистердің ұстанымдары салыстырылған. Респу­

бликалық актив жиналысында мемлекет иелігінен алу, 

жекешелендіру, меншіктің сан алуан түрлерін дамыту 

қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды. Ал нақ осы кезде 

облыстық комитет бюросының есепті баяндамасында 

тура қарама-қарсы нәрселер туралы айтылды. Мысалы, 

партияның  экономиканы  басқару  саласына  әміршіл 

функцияларды қайтаруға мүмкіндігінше тезірек қай­

тып оралу туралы сөз болған. Конституцияның 6-шы 

бабының күші жойылмағандай-ақ, КОКП XXVIII съезі 

мен Қазақстан Компартиясының XVII съезі коммунис-

терге  нарықтық  қатынастардың  бағытын  айқындап 

бермегендей-ақ. Бұл коммунистерден: «Жолдастар, қай 

заманда өмір сүріп жатырсыздар?» – деп сұрағың-ақ 

келеді.


Павлодар облыстық комитетіне байланысты мысал, 

өкінішке қарай, некен-саяқ емес. Жергілікті жерлерде 



494

I  ТОМ. – 1989–

1991 


нарықтық қатынастарды енгізуге қарсы әрекеттердің 

тағы  да  толып  жатқан  фактілерін  келтіруге  болады. 

Сондықтан біз нақ қазір халықтың ерік-тілегіне көрінеу 

немесе жасырын қарсы тұрғандардан іргені ажыратуы­

мыз қажет. Және бұл әсірелеу емес. Социологиялық сау­

алдардың деректеріне қарағанда, қазақстандықтардың 

80 %-дан астамы нарыққа көшуді жақтайды. Мынадай 

қисынды сұрақ туады: «Нарыққа қарсы коммунистер 

кімдердің мүдделерін көздеуде?» Жауап – халықтық 

мүдделерден  басқа  кез  келген  мүдделерді  көздейді. 

Сондықтан  нарыққа  қарсы  шығушылардан  іргені 

ажырату  керек,  олардың  арасында,  өкінішке  қарай, 

басшы коммунистер де аз емес. Әйтпесе көштің соңын 

жағалаған партия бүгінгі таңда болып жатқан серпінді 

үдерістерден мәңгі артта қалады. 

Мұның аса қажет болатын тағы бір себебі – түбегейлі 

өзгерістерді шын ниетімен қолдайтын көптеген комму­

нистер бүгінгі таңда партия мен оның органдарынан 

өзінің тәуелсіздігін атап көрсетіп жүрген жаугершілік 

фундаменталистерден  аражігін  ажыратып  алуға 

мәжбүр болулы. Сөйтіп, біз ең таңдаулы, ең парасатты 

және жұмысқа қабілетті КОКП мүшелерінен айрылып 

отырмыз. Ал тегінде партия соларға сүйенетін.

Сондықтан бізді артқа тартатындардан аражігімізді 

ажырату  жікке  бөліну  емес,  қайта  ұстанымдарды 

айқындау,  тіпті  керек  десеңіз,  жоғары  адамгершілік 

таңдау. Мұның өзі коммунистердің шынайы идеялық 

бірлігінің берік негізін құрайды. 

Партия ұйымдарының күш-жігерін қоғамдық сананы 

нарықтық қатынастарға көшуге терең идеологиялық 

және адамгершілік-психологиялық жағынан әзірлеуге 

шоғырландыру қажет. Осы тұрғыдан алғанда алда өте 



495

қиын  жұмыс  күтіп  тұр.  Ұзақ  жылдар  бойына  біздің 

үгіт-насихаттық машинамыз өндірістің капиталистік 

әдісі, жеке меншік, нарықтың жыртқыштық табиғаты 

және басқалар туралы белгілі бір түсініктерді әбден 

адамның миына нысаналы түрде сіңірумен келді. Ал 

мұнда біз өте-мөте асыра сілтеп, тура таңғажайып нәти­

желерге қол жеткізгенімізді айту керек. Бүгінгі таңда 

еңбекшілердің көпшілігі үшін олар «жеке меншіктік 

мүдделерін күйттеп», өмірдің материалдық игіліктеріне 

сұғанақтануда деп күдік келтіруден асқан үрейлі ештеңе 

жоқ.  Олардың  көп  укладты  экономика  туралы  еш 

түсінігі жоқ, жалгерліктің, жеке отбасылық, ұжымдық, 

қоғамдық меншіктің не екені жөніндегі түсінігі күң­

гірт. Ал мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру және 

басқа  категориялар  туралы  айтпай-ақ  қояйық.  Күн­

делікті санада біздің нарыққа қарай жасалған алғашқы 

қадамдарымыз Батыстың алдында тізе бүгушілік, халық 

мүдделеріне сатқындық, ондаған жылдар бойына әспет­

теліп келген мұраттардың күйреуі ретінде қабылданып 

отырғаны кездейсоқ емес. Көптеген адамдар төніп келе 

жатқан түсініксіз болашақтың алдында абыржушылық 

сезімін бастан кешіруде. 

Әрине, ешкім де алдағы нарықтық реформалар оңай 

және  проблемасыз  жүзеге  асырылады  деп  отырған 

жоқ. Бізді мүліктік жағынан жікке бөліну де, жұмыс­

сыздық та, тұрмыс дәрежесінің төмендеуі де, болмай 

қоймайтын басқа келеңсіз құбылыстар да күтіп тұр. Біз 

көп ұзамай жұмақ орнайды деп уәде бермейміз, бірақ 

төзімділік көрсетіп, мұның бәрін бастан кешіру керек 

екенін кәміл білеміз. Сондықтан адамдардың бойын­

дағы нарық туралы бұрынғы сыңаржақ теріс түсінік­

терден арылу, оның әлеуеттік мүмкіндіктерін көрсету 


496

I  ТОМ. – 1989–

1991 


жөнінде  ұланғайыр  жұмыс  күтіп  тұр.  Біз  нарықтың 

жалаң мақсат емес, адамға лайықты тұрмыс жағдайына 

әкелетін тиімді экономикаға қол жеткізу құралы екенін, 

нарықтың қалыптасуы, оның белгілерінің пайда болуы 

қоғамның социалистік бағдарына қарама-қайшы кел­

мейтінін табандылықпен түсіндіруге тиіспіз. Мақсатқа 

қандай жолдармен қол жеткізу керек, қандай тәсілдер 

мен әдістерді іске қосу керек – Қазақстан Компартия­

сының нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі иде­

ологиялық жұмысының бағыттары нақ осы сұрақтар 

мен  басқа  да  сұрақтарға  жауап  қайтаруы  тиіс,  бұл 

бағыттарды біз бүгін бекітуіміз керек.

Сонымен бірге, коммунистердің өздері өнеге көр­

сетіп, жекешелендірілетін нысандарды батыл басқаруға 

тиіс. Бұл өзін өзі танытудың, партияның қазіргі кезең­

дегі негізгі міндеттерін орындауға – халықтың әл-ауқа­

тын көтеруге, елімізді аса ауыр дағдарыс жағдайынан 

шығаруға нақты іспен жәрдемдесудің нақты мүмкіндігі.

Әлемдік  тәжірибе  мұндай  дағдарыстарды  эконо­

микалық  және  саяси  реформаларды  батыл  жүргізу 

арқылы ғана жоюға болатынын көрсетеді. Қазақстан 

делегациясы  осы  таяуда  ғана  Қытай  Халық  Респу­

бликасында болып қайтты. Ол осы бағытта, сөз жоқ, 

белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізген. Бәсекелестік, 

кәсіпкерлік тәуекел, меншік түрлерінің сан алуандығы 

өмірге  белсене  еніп,  ішкі  нарықты  молықтыру  про­

блемасы шешілуде. Бірақ бүгін мен қытай тәжірибесі 

туралы басқа бір қырынан айтқым келер еді. Қытай 

Халық Республикасында экономикалық реформаларды 

ойдағыдай  жүргізу  біздің  идеологиялық  таптаурын­

дылықты  қорғаушы  кейбір  партиялық  қызметкер­

лерімізде бейне бір саяси елеу  лі өзгерістерді енгізбей-ақ 



497

экономикадағы  өзгерістерге  қол  жеткізуге  болады 

деген бұлдыр елес туғызды. Бүгінгі таңда қытай үлгісін 

біздің көшіріп алуымызға болады дегенді кәдімгідей-ақ 

айтушылар бар. ҚХР-дың басшылары мен экономика­

лық реформа бағдарламасын әзірлеуші экономистер өз 

елінің ерекшелігін, миллиардтан астам халықтың мәде­

ниеті мен білім дәрежесін ескере отырып, өз жолымен, 

қытайлық жолмен жүріп келе жатқанын атап айтады.

Мен де әлдекімдердің тәжірибесін, сырт көзге сондай 

тамаша  болып  көрінгенмен  де,  көзсіз  көшіріп  алуға 

принципті түрде қарсымын. Дүние жүзінде экономи­

калық дамудың баршаға ортақ заңдылықтары әрекет 

жасайды. Бірақ нарық туралы айтқанда, экономиканың 

құрылымын  өндіргіш  күштер  мен  өндірістік  қаты­

настардың даму деңгейін және ең бастысы – ұлттық 

ерекшеліктерді  ескермеуге  болмайды.  Осыдан  келіп 

экономика дамуының америкалық, шведтік, оңтүстік­

кореялық, қытайлық немесе қандай да болсын басқа 

үлгілері туындайды. 

Нақ  сол  Қытайда  дәстүрлі  тәртіптілікті,  оның 

тұрғындарының  ерекше  еңбекқорлығын,  олардың 

ешбір жағдай талғамайтындығын көргеніңде, бұл бір 

мүлдем басқа дүние екенін, оны жай ғана ала салып 

біздің отандық кеңістікке көшіруге болмайтынын әбден 

түсінесіз. Өндіріс көлемінің жыл сайынғы 6–8 %-дық 

өсімінің  негізі,  қытайлардың  өздері  есептейтіндей, 

аптасына алты күн еңбек етуде, ал Оңтүстік Кореяның 

гүлденуінің негізі біздегі 40 сағаттың орнына аптасына 

54 сағат еңбек етуде жатыр. Ол жақта адамның табысы 

оның қалай еңбек ететініне, қанша өнім өндіретініне 

байланысты. Бірақ қалай дегенмен өктемшілдіктің эле­

менттерін сақтайтын, алғашқы кезеңде, әрине, белгілі 


498

I  ТОМ. – 1989–

1991 


бір нәтиже әкелетін экономикалық жүйе толық еркін 

еңбекке,  еркін  рынокқа  негізделген  экономикалық 

жү  йемен бәсекеге төтеп бере алмайды. Мұны айқын 

түсініп  алуымыз  керек.  Саяси  реформаны  тоқтатып 

қойып,  экономикалық  реформаны  ойдағыдай  ілгері 

бастыруға немесе бұған керісінше істеуге болмайды. 

Қытайға  сапардан  алған  әсерлерге  талдау  жасай 

келіп, шын мәнінде олармен біз бір медальдың екі жағы 

екенбіз ғой деген ойға барған сайын көбірек келесіз. 

Бізде  ең  алдымен  саяси  салада  өзгерістер  болды, 

ал оларда өзгерістер экономикалық ахуалда алдымен 

көрініс тапты. 

Енді  іс-қимылдардың  бұл  үйлеспеушілігі  біздің 

елімізде де, менің ойымша, Қытай Халық Республика­

сында да сезілуде. Қалай болғанда да, ҚХР-інің жетекші 

саясаттанушылары мен экономистері қазір: реформа­

лардың тереңдеген жағдайында социалистік өндірістік 

қатынастарды  нарықтық  қатынастармен  іс  жүзінде 

қалай ұштастыруға болады? – деген сұрақпен бастарын 

қатыруда. Турасын айтайын, бұл оңай міндет емес. 

Дағдарысқа қарсы шараларға сыңаржақ көзқарасқа, 

бөтеннің тәжірибесін көз жұмып көшіріп алуға қарсы 

тағы бір уәждеме бар. Қайта құрудың 6 жылында біздің 

қоғамдық санамыз үлкен жолдан өтті. Біздің көбіміз 

тоталитарлық ойлау жүйесімен, орасан зор мемлекеттік 

машинаның тегершігі психологиясымен қош айтыстық 

деуге болады. Сондықтан бұл кезеңді сызып тастауға, 

бұрынғы жағдайға қайтып оралуға енді ешқандай мүм­

кін емес. Даму диалектикасының өзі де экономикалық 

шаралардың  саяси  шаралармен  үйлесімді  келісімін 

қамтамасыз ете отырып, дәйектілікпен ілгері басу қажет 

екенін дәлелдей түсуде. Дүние жүзінде әр мемлекет 



499

өздігінше дамиды. Міне, енді біздің міндетіміз – адамзат 

жинаған тәжірибені ескере отырып, республикамыздың 

көпұлтты  халқының  мүдделері  мен  ерекшеліктерін 

барынша ескеретін өз жолымызды іздеп табу. 

Коммунистер  қазір  кәсіпкерлікті  қолдауға  бағыт­

талған шараларға ерекше көңіл бөлуге тиіс. Кез келген 

бизнес өзінің дүниеге келуі кезінде белгілі бір ынта­

ландыруларды, тіркеу кезіндегі кедергілерді жоюды, 

еңбекті ұйымдастырудағы, жұмыс уақыты режіміндегі 

дербестікті және тағы басқаларды талап етеді. Мемле­

кеттік билік пен басқару органдарында жұмыс істей­

тін коммунистер еңбек ұжымдары мен азаматтардың 

нарықтық үлгідегі кәсіпорындарды құруына барынша 

көмек көрсетуі тиіс. Бұл орайда осы мәселелерді қарау 

кезінде  төрешілдік  пен  сөзбұйдалық  көрсетуге  жол 

берген қызметкерлерден батыл арылған абзал. Жалпы 

алғанда, осы сөздің жаман мағынасындағы төрешілдікке 

батыл күрес жариялау керек, әйтпесе қағаз иірімінде 

малтығамыз  және  біздің  идеяларымыздың  бәрі  тек 

ізгі ниеттер болып қалады. Оған ешқандай жол беруге 

болмайды.

Осы заманғы экономикалық кадрларды даярлауға 

ерекше назар аударғым келеді. Өздеріңіз білесіздер, 

республикада  Президенттің  «Кадрлар  және  қайта 

құру» бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Онда 

мамандарға  республикада  және  одан  тыс  жерлерде 

де  халық  шаруашылығын  басқарудың  осы  заманғы 

әдістерін  оқыту  көзделген.  Меніңше,  бұл  мәселеде 

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті, жер­

гілікті жерлердегі партиялық органдар өз сөзін айтуға 

тиіс.  Қазіргі  кезде  Алматы  саясаттану  және  басқару 

институты  құрылды,  оның  қолында  жақсы  матери­


500

I  ТОМ. – 1989–

1991 


алдық база болғандықтан, бізге соншалықты қажетті 

басқарушы-мамандарды  даярлауды  қамтамасыз  ете 

алады. Бұл оқу орнын білікті оқытушылармен, оның 

ішінде шетелден келген мамандармен жасақтау маңыз-

 ды. 

Насихаттық  түсіндіру  жұмысын  да  ұмытуға  бол­



майды. Нарықтық бағдарламаның, мемлекет иелігінен 

алу  және  жекешелендіру  туралы  заңның  мазмұнын 

республиканың әрбір азаматына жеткізу қажет. Бұған 

тікелей осы жаңа құжатты әзірлеушілердің өздерін де, 

экономист-ғалымдарды  да  тарту,  барлық  деңгейдегі 

бұқаралық ақпарат құралдарын іске қосу қажет. Оның 

үстіне,  меніңше,  істі  ғылыми  негізде  жүргізу  керек. 

Мүмкін, нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасын 

насихаттаудың  біртұтас  тұжырымдамасын  әзірлеу 

керек болар. 

Мұнда  біздің  ағымдағы  істерімізді  де  қозғамай 

тұра  алмаймын.  Азық-түлікпен  қамтамасыз  ету 

мәселелері қазіргі жағдайда бірінші кезектегі мәселе 

болып  табылады.  Оның  үстіне  республиканың  ауыл 

шаруашылығындағы  жағдай  елеулі  түрде  қиындай 

түсуде.  Шілденің  басындағы  деректерге  қарағанда, 

дәнді  дақылдар  егісінің  үштен  бір  бөлігінен  астамы 

мүшкіл халде, тек 12,5 млн гектар егіс қана қанағат­

танарлық  жағдайда.  Оңтүстік  облыстардағы  басты­

рылған  алғашқы  астықтың  түсімі  өткен  жылғыдан 

төмен  екенін  көрсетуде.  Орылған  шөп  алқабының 

едәуір көп екендігіне қарамастан, пішен өткен жыл­

дың  осы  кезеңімен  салыстырғанда  74 %,  пішендеме 

80 % деңгейінде, шөп ұнтағы – 83 % ғана да  йындалды. 

Мамандардың  болжамдарына  қарағанда,  тек  күріш, 

дәндік жүгері, қоза, темекі алу ғана өткен жылдардағы 



501

деңгей шегінде болады деп күтілуде. Қалған дақылдар 

бойынша дән кем жиналады деп болжануда. 

Бұл мал шаруашылығы өнімін өндіруге де, респу­

бликада  өндірілетін  тамақ  өнімдерінің  аса  маңызды 

түрлерін  шығаруға  да  біршама  кері  әсерін  тигізеді. 

Өндірістік  базаның,  әсіресе,  ұқсатушы  өнеркәсіп 

базасының,  сондай-ақ  ауылдың  әлеуметтік  саласы­

ның  құрылысы  артта  қалуда.  Қысқасы,  жыл  оңайға 

соқпайды.  Бізді  қиын  азық-түлік  жылы  күтіп  тұр. 

Халыққа күрделі жағдай туралы ашық айтып, танаптар 

мен  жеке  бақшалықтарда  өсірілгеннің  бәрін  жинап 

алуға адамдарды жұмылдыру керек.

Алда  егін  жинау  науқаны  тұр.  Ол  әрқашанда 

қиындықпен өткізіліп, тек республиканың ғана емес, 

сонымен  бірге,  бүкіл  Одақтың  барлық  күштері  мен 

құралдарын  барынша  шоғырландыруды  талап  етіп 

келді.  Қазіргі  жағдайда  бұған  қол  жеткізу  төтенше 

қиын. Сондықтан баршаның – ауыл тұрғындарының 

да, қала тұрғындарының да, партия комитеттері мен 

халық депутаттары Кеңестерінің де ең бірінші міндеті 

– егіннің бір түйір дәніне дейін төкпей-шашпай жинау, 

оны сақтау, ауылшаруашылық өнімін ұқсататын барлық 

кәсіп орындарды іске қосу. 

Тауармен қамтамасыз етуді жақсарту, инфляцияның 

қарқынын  бәсеңдету  үшін  өнеркәсіп  өнімін  шығару 

көлемін ұлғайтудың мүмкіндіктерін пайдалану маңыз-

 ды. Бұл, әсіресе, халық тұтынатын тауарлар, сондай-ақ 

металл, цемент, отын және онсыз экономиканы дамыту 

ешбір  мүмкін  емес  басқа  да  өнім  өндіруге  қатысты. 

Бұл үшін қажетті жағдай жасау, тауар өндірушілердің 

еркіндігін  кеңейтуге  жәрдемдесу  –  коммунистердің 

борышы.


502

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Тұрғын  үй  құрылысындағы  қиын  жағдай  алаңда­

туда. Партия комитеттері жарты жыл ішінде тынды­

рылған  істі  шұғыл  байыптауға,  жол  берілген  артта 

қалушылықтың орнын толтыруға бастама көтеруге тиіс. 

Егер біз реттілікті жолға қоюмен және атқарушылық 

тәртіпті нығайтумен, кадрларымыздың экономикалық 

жа  уапкершілігін арттырумен шындап айналыспайтын 

болсақ,  онда  осынау  барлық  қиын  міндеттерді  іске 

асыру мүмкін емес. Бұл істе партия комитеттері мен 

бастауыш  партия  ұйымдары  өз  орнын  табуға  тиіс. 

Мұнда, меніңше, біз бұрынғы тәжірибедегі көп нәрсені 

ұмыта бастадық. Қалай болған күнде де, партия коми­

теттерінің бюроларында басшы коммунистердің есеп­

терін, партиялық сұраудың басқа да тиімді тәсілдерін 

практикада едәуір сирек қолдана бастадық. 

Таяудағы жылдар күмәнсіз шиеленісті болатынын, 

қиындықтардың  көптеген  адамдарды  қамтитынын 

ескеру қажет. Сондықтан бұл кезеңде ұлтаралық келісім 

мен азаматтық татулықты сақтау бұрынғы қай кездегі­

ден де маңызды бола түседі. Бұл – тұрмысты жақсар­

тудың, барлық өзгерістерді жүргізудің сөзсіз шарты. 

Мұнда да коммунистер демократиялық күштерді бірік­

тіре  алатын,  оларды  экономикалық  проблемаларды 

шешуге бағыттай алатын топтастырушы фактор болуға 

тиіс. Әртүрлі қоғамдық қозғалысқа қатысушылар Қазақ 

КСР Жоғарғы Кеңесінің IV сессиясында сындарлы ынты­

мақтастық туралы менің жасаған ұсынысыма үн қосады 

деген  үміттемін.  Нарықтық  қатынастарды  барынша 

дамыту жолдарында күш-жігерді біріктіре түсу қажет. 

Бүгінгі  таңда  түбегейлі  реформаларға  өзіңнің  адал­

дығыңды тек нақты істермен ғана дәлелдеуге болады. 


503

Осы арада мемлекеттік билік органдары мен партия 

комитеттерінің өзара іс-қимылы сияқты мәселені қозғау 

қажет деп санаймын. Жақында біз Қазақстан Компар­

тиясы Орталық Комитеті, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 

мен респуб  лика Ми  нистрлер Кабинеті аппараттарының 

келісілген  іс-қимылдарына  қатысты  барлық  жайтты 

арнайы  талқыладық.  Партиялық  және  мемлекеттік 

аппараттардың кейбір қызметкерлері белсенді хабар­

лама алмасудың, бірлескен шараларды жоспарлаудың, 

т. б.  орнына  олардың  қайсысының  «басты»  екендігін 

анықтауға  күш-жігер  мен  уақыт  жұмсай  бастаған­

дықтан, мұндай әңгіме дер кезінде өтті деп санаймын. 

Ал ондай үрдіс жалпы іске залалын тигізеді. Осындай 

әңгімені өткізу облыстық, қалалық және аудандық дең­

гейлерде де пісіп-жетілді ғой деп ойлаймын. 

Сөзімнің  соңында  мына  бір  түбегейлі  мәселеге 

тоқтала кетуді өзімнің парызым деп санаймын. Мен 

Президент ретінде Жоғарғы Кеңесте алдағы кезеңнің 

іс-қимыл  бағдарламасы  туралы  сөз  сөйледім.  Менің 

айқындамам анықталған, үкіметтің бағыты да сарап­

талған. Сондықтан маған нарыққа көшу жөніндегі өріс-

теген жұмыстарға байланысты коммунистердің пікірін 

білу өте маңызды. Бұл арада жасыратын ештеңе жоқ: 

белгіленген  іс-қимылдарға  байланысты  «иә»  немесе 

«жоқ» деген кесімді жауапты естігіміз келеді. 

Бұл әншейін мәселе емес. Біз қоғам мен әрбір адам 

өмірінің терең қатпарларын қозғайтын іске кірісеміз. 

Бірқатар шаралар адамдардың арасында жақтырмау-

шылықты тудырады. Және бұл уақытта бізден қатаң 

сұрайтын да болады. Сондықтан мен жұмыстың қызған 

шағында коммунистердің арасында келіспеушіліктің 

пайда болуын қаламаймын. Әрине, бұл арада әңгіме 


504

I  ТОМ. – 1989–

1991 


пікірсайыс заңды болып табылатын жекелеген мәселе, 

ағындағы  істер  туралы  емес.  Әңгіме  стратегиялық 

бағытта:  коммунистер  біздің  нарыққа  көшу  тұжы­

рымдамамызды  қолдай  ма,  жоқ  па?  –  деген  мәселе 

туралы болып отыр. 

Бұл мәселені жағалауда тұрған кезімізде-ақ анықтап 

алуымыз керек, әйтпесе кейін кеш болады. Егер кім де 

кімнің «принциптен бас тартқысы келмесе», бұрынғы 

жүйені жақтайтын болса, бұл туралы ашық және адал 

айтуы  керек  қой  деп  ойлаймын.  Мен  заман  ағысы­

ның  қалай  қарай  бұрылатынын  күтіп,  түлкібұлаңға 

салынғандардан гөрі, ашық қарсыласты қатты сыйлай­

тынымды жоғарыда айтып өттім. 

Мен біздің бағытымызға сенім туралы сессияда депу­

таттармен сұхбат өткіздім және парламентарийлердің 

менің ұстанымымды толық қолдайтынына қанағаттан­

дым. Осы мәселеге ашық, бүкпесіз жауапты партияның 

Орталық Комитетінің мүшелерінен де алғым келеді, ал 

мен олардың сенімін ерекше құрметтеймін.


505



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет