Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата15.03.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9851
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұйымның жарғысы

Жарғы – бұл заңды тұлғаның қызметін реттейтін қағидалардың жиынты-

ғы. Жарғының айрықша мәртебесі болады, ол ұйымның «ішкі өмірін» рет-

тейді және заңды тұлғаның басқа да жергілікті актілерінің баспалдағында ең 

жоғары орын алады. Ұйымның ішкі құжаттары жарғыға қайшы келмеуі тиіс 

және қайшылықтар туындаған жағдайда әркез жарғының нормалары қолда-

нылады. Бүгінгі таңда Интернеттің қолжетімділігі және ресурстардың көптігі 

кезінде ұйымның кез келген ұйымдық-құқықтық нысаны жарғысының үлгісін 

тауып алу қиын емес. Мәселен, сілтемесінен:

• http://law-experts.kz/index.php-option=com_content&task=view

&id=970&Itemid=116.htm

• http://mountain.kz/ru/mountaineering-federation/100/ustav-

assotsiatsii-federatsiya-alpinizma-i-skalolazaniya-respubliki-

kazakhstan

• http://www.lawcs.ru/index.php?option=com_phocadownload&vie

w=category&id=5

Жарғының үлгісі сізден жете өңдеуді қажет етеді, «Ұйымның мақсаттары» 

және «Ұйымның қызметі» бөлімдеріне баса назар аудару қажет.

Құрылтай шарты

Заңды тұлға үшін құрылтай шартының маңызы зор. Құрылтай шарты 

өзінің құқықтық табиғаты жағынан құрылтайшылардың заңды тұлғаны құру 

жөніндегі өзара міндеттемелерін бекітетін азаматтық-құқықтық көптарапты 

келісім-шарт; оған өз мүлкін беру мен оның қызметін қатысу шарттары; кіріс-

тер мен шығыстарды қатысушылар арасында бөлісудің шарттары мен тәртібі, 

заңды тұлғаның қызметін басқару, құрылтайшылардың (қатысушылардың) 

оның құрамынан шығуы шарттары болып табылады. Құрылтай шарттарының 

үлгілері сіз 1,2,3 Қосымшалардан көре аласыз.

Тұрған орнын растайтын құжат

Заңды тұлғаның тұрған орнын растайтын құжаттар: жалға алу, сатып алу-

сату шарты, жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы 

мөртаңба қойылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды растайтын құжат, не 

болмаса осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері және 

азаматтық заңнамада көзделген басқа да құжат. Егер үй-жайдың иесі жеке 

тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның тұрған жері 

ретінде көрсету туралы нотариалды куәландырылған келісімі табысталады.

Жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның тұрған жері ретінде көрсету ту-


16

ралы нотариалды куәландырылған келісімнің нысаны нотариуста болады, ол 

осы нысанды растап береді. Келісімнің нысанын нотариуста растау үшін сізге 

мыналар қажет: иесінің жеке куәлігі, сатып алу-сату келісім-шарты, үй-жай-

дың техникалық жоспары, заңды тұлғаның келешек атауы және нотариалды 

растау қызметінің төлемақысы, оның сомасын абзалы нотариустың өзінен 

нақталып алыңыз.

Енді бізде қандай құжаттарды әзірлеуіміз қажет екендігі туралы түсінік 

бар. Ұйымды мемлекеттік тіркеу үдерісіне көшелік. Мемлекеттік тіркеу субъ-

ектілерге заңды тұлға мәртебесін беру тәсілі болып табылады. Субъектінің 

заңды тұлға құқықтарын иеленгенін ресми растау заңды тұлға туралы мәлі-

меттерді заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне енгізу және 

бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) тағайындалған мемлекеттік тіркеу туралы 

куәлік болып табылады. Тіркеу кезінде заңды тұлғаны құрудың мақсаттылы-

ғы, филиалдар мен өкілдіктер ашу, оның өндірістік-шаруашылық және қаржы 

қызметін бақылау және оған араласу мақсаты көзделе ме деген мәселелер 

назарға алынбайды.

Тіркеуді заң компаниясына жүктеуге болады. Ол белгілі бір ақы үшін сізге 

бәрін жасап береді. Әлбетте, қажетті құжаттар мен сенімхат және т.т. бере 

отырып,  бұл іске ішінара қатысуыңыз қажет болады. Бірақ сіз құжаттарды 

әзірлеуге және оларды ХҚКО-на ұсынуға өте аз уақыт жұмсайсыз.

Екінші нұсқа – тіркеумен өздігіңмен айналысу. Біз бұл жұмысты кезеңі-

мен сипаттауға тырыстық.

1 саты

Кім және не: Өтінім беруші кәсіпорынды тіркеуге қажетті құ-

жаттардың тізімін анықтау үшін ХҚКО-на шығады және бұл ақ-

паратты қабырғалықтан немесе кеңесшіден алады.

Уақыт: 30 минут.

Құны: өтінім беру үшін 0

1 қадам. Процестің  ту рәсімі туралы ақпарат алу

Өтінім беруші ХҚКО-на кіргеннен кейін күту залына қарай өтіп, қажетті 

процестің барлық өту кезеңдері туралы білмекке кеңесшіге таянады. Сондай-

ақ бұл ақпаратты ХҚКО-ның анықтама телефонына қоңырау шалу арқылы да 

білуге болады.

2 қадам. Өтінім беруші үшін процестің  ту құны туралы ақпарат алу

ДӨтінім беруші бұл ақпаратты ХҚКО-ның күту залындағы кеңесшілерге 

жүгіне отырып, ақпарат қабырғалығынан, банктің кассасынан, не болмаса 

ХҚКО-ның анықтама телефонынан ала алады.



17

3 қадам. Қызметтерді алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы 

ақпарат алу

Кәсіпкер құжаттар тізбесі туралы ақпаратты күту залындағы кеңесшіден 

ала алады, не болмаса ақпарат қабырғалығындағы тізімнің көшірмесін ала 

алады. Сондай-ақ өтініштің үлгісінің көшірмесін алуға да болады.



Сатының нәтижесі: қажетті құжаттардың тізімі, процестің құны мен өту 

тәртібі туралы ақпарат алынды.



2 саты

Кім және не: Өтінім беруші қажет құжаттар пакетін (түпнұсқа-

лар мен көшірмелері) жинақтайды.

Өтінім беруші үшін уақыт: құжаттардың дайын болуына қарай 

– шамамен 1 апта.

Құны: Егер құжаттардың көшірмелерін ХҚКО-нда жасаса, онда бір 

парақтың құны 10 теңге + тіркеу үшін 6,5 АЕК алым төлеу

Нұсқаулар: қажетті құжаттардың тізімін жоғарыдағы кесте-

ден қараңыз.

1 қадам. Қажетті құжаттарды жинақтау

ЗӨтінім беруші ХҚКО-нан алған тізімге сәйкес барлық қажетті құжаттарды 

жинақтайды, сондай-ақ белгіленген үлгіде өтініш жазады, қажетті құжаттар-

дың ксерокөшірмесін жасайды, кейбірлерін нотариусқа куәландырады.



2 қадам. Қызметі үшін мемлекеттік баж т леу

Төлем ХҚКО-нда орналасқан банк кассасында жүргізіледі. Төлем туралы 

түбіртек құжаттарға қоса тіркеледі.

Сатының нәтижесі: құжаттар әзірленді

3 саты

Кім және не: Өтінім беруші құжаттар пакетін табыстау үшін 

ХҚКО-на келеді. ХҚКО маманы барлық қажетті құжаттардың 

бар-жоғын тексереді. Құжаттардың жетіспейтіні анықталған 

жағдайда өтінім берушіге жетіспейтін құжаттарды жинақтау-

ды жүктейді. Өтінім берушінің барлық құжаттары бар болған 

жағдайда ХҚКО маманы құжаттар пакетін өз қолын қойып қа-

былдап алады, сондай-ақ дайын құжаттардың берілетін күнін 

хабарлайды.

Қоғамдық бірлестікті (ҚБ) мемлекеттік тіркеу

Уақыты: 10 жұмыс күні.

Құны: 6,5 АЕК.


18

Қорды мемлекеттік тіркеу

Уақыты: 10 жұмыс күні.

Құны: 6,5 АЕК.

Заңды тұлғалардың бірлестігін (қауымдастық немесе одақ түріндегі) 

мемлекеттік тіркеу

Уақыты: 10 жұмыс күні.

Құны: 6,5 АЕК.

1 қадам. Кезек күту

Өтінім беруші қолына барлық қажетті құжаттарды алып, ХҚКО-на екінші 

мәрте келеді. Талон алып, өз нөмірінің электронды кезекте пайда болуын кү-

теді. Кезек келгенде өтінім беруші құжаттарды тапсыру үшін ХҚКО-ның мама-

нына жақындайды.

2. қадам Құжаттарды ХҚКО маманына тапсыру

Өтінім беруші операция залындағы керекті терезеге қарай өтіп, маманға 

өзі жүгінген қызмет түрін атайды, жинақтаған құжаттар пакетін береді. ХҚКО 

маманы барлық құжаттарды тексереді, егер құжаттар жинағы толық болған 

жағдайда, оны жұмыс істеуге алады. Осыдан кейін өтінім берушіге құжаттар-

ды алғаны туралы қолхат береді, сондай-ақ дайын құжаттарға келетін күнді 

айтады. Қолхатта мынадай мәліметтер болады: 

• 

өтінімнің нөмірі мен қабылданған күні; 



• 

сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;

• 

тіркелген құжаттар саны мен атауы; 



• 

құжаттардың берілетін күні, уақыты және орны;

• 

құжаттарды рәсімдеуге өтінім алған орталық испекторының тегі мен 



аты-жөні.

Сатының нәтижесі: құжаттар тапсырылды.

4 саты

Кім және не: ХҚКО маманы құжаттар пакетін әділет департа-

ментіне өткізеді. Дайын құжаттар 10 жұмыс күні ішінде ХҚКО-на 

қайта беріледі.

Уақыты: 10 жұмыс күні

Құны: өтінім беруші үшін 0.

5 саты

Кім және не: Өтінім беруші тағайындалған күні ХҚКО-на келіп, ма-

маннан заңды тұлғаның БСН тағайындалған мемлекеттік тіркеу 

(қайта тіркеу) туралы куәлікті, салық төлеушінің куәлігін (са-

19

лық төлеушінің тіркеу нөмірін), статистикалық кәртішке (ОКПО 

коды) алады.

Уақыты: 15 минут.

Құны: Өтінім беруші үшін 0. 

Нұсқаулықтар: Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен қолхатты ала 

жүріңіз. Егер құжаттарды алу үшінші тұлғаға жүктелген жағдай-

да, сенімхат қажет. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімін-

де келмеген жағдайда Орталық оларды 1 айға сақтауды қамтама-

сыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға береді.

1 қадам. Өз кезегін күту 

Дайын құжаттарды беру бар кезек тәртібімен жүргізіледі. Талон 

берілмейді.

2 қадам. Дайын құжаттарды алу

Өтінім беруші терезеге келіп, жеке куәлігін (сенімхатты) және қолхатты 

көрсетеді. ХҚКО маманы қажетті құжаттарды іздейді, және олар дайын бол-

ған жағдайда Өтінім берушіге береді. Өтінім беруші журналға қолын қояды.



Сатының нәтижесі: құжаттар - заңды тұлғаның БСН тағайындалған 

мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін, салық төлеушінің куәлігін 

(салық төлеушінің тіркеу нөмірін), статистикалық кәртішкені (ОКПО коды) 

алады. 


Процесс аяқталады.  

Әділет органы тіркеуден бас тартқан немесе тіркеу мерзімін үзген жағ-

дайда нақты заңның (оның нақты бабының) бұзылғандығына сілтеме бар 

бұйрық шығарылады және өтінім берушіге беріледі. Мемлекеттік тіркеуден 

(қайта тіркеуден) бас тартылған жағдайда өтінім, заңнаманы бұзған құжаттар 

қайтарылуға жатпайды. 

Құжаттардың пакетін толық тапсырмаған, оларда кемшіліктер бар болған, 

құрылтай құжаттары бойынша сарапшының қорытындысын алу қажет болған 

жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде 

көзделген басқа да негіздер бойынша мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу 

мерзімдері үзіледі.

Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы жөніндегі наразылық болған жағдай-

да Орталық директоры және (немесе) Қазақстан Республикасы Әділет ми-

нистрлігі басшылығының атына шағым беріледі. Шағымдар ауызша немесе 

почта бойынша жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген 

жағдайларда электронды түрде, немесе жұмыс күндері Орталық кеңсесі ар-

қылы қолма-қол қабылданады. Қабылданған шағым Орталықтың ақпаратты 

есепке алу журналында тіркеледі және заңнамада белгіленген мерзімде қа-

ралады. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген жүгінулер міндетті түрде 


20

қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. 



Б лімге қатысты сауалдар

• 

Сізде ұйымды тіркеуге қажетті қаражат бар ма?

• 

Ұйымды тіркеуге қажетті қаражатты сіз қайдан аласыз?

• 

Ұйымды жеке тіркеу үшін Сіздің уақытыңыз бар ма?

• 

Ұйымды жеке өзіңіз тіркеуге уақытты қалай бөле аласыз?

• 

Сіз ұйымды қалай тіркейсіз – жеке өзіңіз бе, әлде заң компа-

ниясы арқылы ма?

21

5. Фандрайзинг

Ағылшынның «fundraising» сөзінің орыс тіліндегі дәл баламасы жоқ. 

Сондықтан осы ағылшын сөзін «фандрайзинг» немесе «фандрейзинг» деп 

әркім өзіне ұнағанына қарай орыс әріптерімен жазады. Одан мағынасы өз-

гермейді: әңгіме коммерциялық емес жобаларға ресурстар тарту жөніндегі 

қызмет туралы болып отыр. Ресурстар тартумен шұғылданатын адам, әдетте 

«фандрайзер» деп аталады, біз де оны солай атаймыз. Ал ұйым қолдау ала-

тын ұйымдарды донорлар деп атаймыз. «Ресурстар» сөзіне назар аударыңыз: 

бұл «ақша» сөзінің баламасы емес, бұл анағұрлым кең түсінік. Коммерциялық 

емес ұйымға өз миссиясын табысты атқаруы үшін не қажет? Әлбетте, ақша, 

бұл – бір, екінші – тауарлар. Әрі қарай: үй-жай, қызметтер, білікті қызметкер-

лер құрамы, уақыт, байланыстар, ақпараттар және т.т.

Кейде фандрайзинг тек ақша ғана емес, достарды, байланыстарды, БАҚ-

тың қолдауын және т.т. тарту ретінде өте кең түсіндіріледі. Солай бола берсін, 

бірақ бір маңызды ескертпе жасайық: дегенмен фандрайзингтің тиімділігі 

алынған ресурстардың санымен және сапасымен өлшенеді. Фандрайзингтің 

тиімділігін әркез өлшеуге болады және өлшеу қажет. Бұл тиімділікті өз ұйы-

мыңыздың миссиясын атқару тиімділігімен шатастыруға болмайды (оны 

әркез өлшей алмайсыз). Мәселенки, егер бір қызметкер 10 мың теңге тар-

туға бір жұмыс күнін, ал екіншісі жарты күнін жұмсаса, кім тиімдірек жұмыс 

істеген болады? Егер фандрайзинг шарасына 10 мың рубль жұмсалып, 5-уі 

алынса, онда өзіңізді «оның орнына баспасөздегі 5 жарияланым болды» деп 

жұбатудың қажеті не? Өзіңізге өзіңіз шын көңілмен айтыңызшы: «Фандрай-

зинг секілді шара сәтсіз шықты» деп. Фандрайзинг мен бизнестің арасында 

ортақ нәрселер өте көп. Айырмашылығы сол, ресурстардың қандай мақсатқа 

тартылатынында. Бизнес үшін – барынша көп пайда табу және оны әрі қарай 

акционерлер арасында бөісу. ҮЕҰ үшін мақсаты – мәні әркез қандай да бір 

әлеуметтік (кең мағынасындағы сөз) проблемаларды шешуде болып табыла-

тын өз миссиясын орындау. Сондықтан егер ҰЕҰ-да «басыартық» ақша, кіріс 

пайда болса, олар қызметкерлердің арасында бөлінбейді, жарғылық мақсат-

тарға жұмсалуы тиіс.

Фандрайзинг процестері әркез фандрайзинг деп аталатын цикл бойынша 

жүреді. Сіз осы циклдың көптеген сипаттамасын кездестіресіз. Олардың бәрі 

солай және басқаша бірқатар негізгі элементтерді қамтиды. Әдепкіде сіз өз 

ұйымыңыздың немесе жобаның ресурсқа қажеттігін, сонымен бірге әлеуетті 

донорлар тұрғысынан өз жобаңыздың құндылығын бағалайсыз. Одан кейін 

сіз қолдаудың ықтимал көздерін бағалауыңыз тиіс: өзіңізге кім ақша береді?   

Келесі кезең қолдауға жүгінудің технологиясын, тәсілдерін таңдау, сон-

дай-ақ жүгінудің өзі болады. Барлығы донорларға алғыс білдірумен және 


22

істелген жұмысты бағалаумен аяқталады: барлығы қаншалықты тиімдірек 

істелген? Мақсатқа қол жетті ме? Нені жақсартуға болады? Осылайша, біз 

біртіндеп бірінші тармаққа – қажеттіктерді жаңаша бағалауға қайта орала-

мыз.

Фандрайзингтің толық циклы мынадай кезеңдерден тұрады:



• Мәселені 

талдау;


• Идея;

• 

Мақсатты топтың сипаттамасы;



• 

Мақсаттар мен міндеттерді анықтау;

• 

Механизмдер мен инструменттерді анықтау;



• 

Смета әзірлеу, қолда бар және қажетті ресурстарды талдау; 

• 

Әлеуетті донорларды іздеу және іріктеу;



• 

Фандрайзинг шарасын, акцияларын өткізу;

• 

Алынған нәтижелерді талдау, сабақтар алу;



• 

Донорларға алғыс білдіру.

Жұмысты дұрыс ұйымдастырған кезде фандрайзинг циклы үздіксіз бола-

ды: бір іс-шараның нәтижелерін бағалау мен өңдеу бірқалыпты жаңа іс-ша-

раны жоспарлауға және жетілдіруге ауысып отырады.

Қаражат к здерінің түрлері мен олармен жұмыс істеу әдістері

Жоғарыда айтылғандай, барлық қаражат көздері төрт топқа бөлінеді: 

қорлар, мемлекеттік көздер, компаниялар және жеке тұлғалар. Бұл топтың 

ішіндегі біріншісінің (қорлар) басқаларынан қағидаттық тұрғыдан айырма-

шылығы бар: қорлар сізге ақша бергісі келеді – олардың миссиясының мәні 

де сонда, ал қалғандарының миссиясы әдетте, олай емес. Тағы да бір елеулі 

айырмашылық: қорларда шешім қабылдау кезіндегі адам факторы жоққа 

тән: қордың сізге ақшаны беру немесе бермеуі шешілетін формальдық кри-

терийлері өте орасан. Барлық қалған көздерде, әдетте, нақты қағидалар мен 

жүйелер жоқ, ал шешімдерді өздерінің қош көруі мен әлсіздіктері бар адам-

дар қабылдайды. Бұл көбіне қорлардың бәріне бірдей тән емес. Сондықтан 

қорлармен жұмыс істеген кезде ортақ нәрселер өте көп: жұмыс тәсілі де, 

шешім қабылдау психологиясы да, ортақ.

Қаражаттардың негізгі көздерінің қысқаша сипаттамалары мынадай:

•  Қорлар – коммерциялық емес жобаларға конкурстық негізде 

қаражат бөлетін ұйымдар. Оңайлату үшін мұнда мемлекеттік және 

коммерциялық құрылымдардың гранттық бағдарламаларын да 

жатқызуға болады. Біз үшін қордың ақшаны қайдан алғанын білу 

тіптен маңызды емес, тек қордың оны бізге бергісі келетіні ғана 

маңызды. 

•  Мемлекеттік ұйымдар (конкурстық бағдарламалардан басқасы). 


23

Мұндай ұйымдардың қаражаттарының көзі түрлі деңгейдегі – 

республикадан жергілікті деңгейге дейінгі бюджеттер болып 

табылады. Басқаша айтқанда, бұл сіз бен біздің салығымыздың 

ақшасы. Мәдениет, жастар ісі және т.т. жөніндегі мүмкін болған 

барлық комитеттерді де осы топқа жатқызуға болады.

•  Коммерциялық ұйымдар. Мұнда пайда табу үшін жұмыс істейтін 

заңды тұлғаларды меңзеп отырмыз. Олардың ақшасы – сол біз айтып 

отырған пайдасы. Заң бойынша, оның бір бөлігі қайырымдылыққа 

бағытталуы тиіс. Алайда, шынайы өмірде компаниялар ҮЕҰ-дарды 

қолдауға, жарнама бюджетіне және маркетингке шығындай алады.

• 

Жеке тұлғалар. Бұл сіз бен біз секілді қарапайым адамдар. Яғни, өз 



қаражатының бір бөлігін ізгі іске беруге дайын адамдар.

Қаражаттарды тартудың негізгі тәсілдері

Компания, немесе жеке тұлғалар болсын, бізге маңызды емес, әлеуетті до-

норларды көзге елестетіп көрелік. Олардың қайырмалдық қаражаттарын алу 

үшін қалай да олардың «табалдырығын» аттау керек. Бұл әртүрлі тәсілдермен 

жасалады. Бұл бөлімде біз олардың бастыларын қысқаша атайтын боламыз. 

Келтірілетін жіктеу тым шартты: өйткені көптеген әдістер өзара қабысады әрі 

жиі қиылысады.

1. К пшілік жіберілімдер мен енгізілімдер

МКөпшілік жіберілімдер, басқаша айтқанда, «директ-мэйл» (direct mail) 

– ескі әрі аса танымал әдістердің бірі: үндеу хат конвертке басылады және 

мыңдаған адресатқа жөнелтіледі. Әдетте, хатқа бүктеме, төлем нысаны, со-

нымен бірге саналуан қосымшалар тіркеледі. Директ-мэйлдің қолданылған 

уақыты ішінде әлемде әртүрлі «қосымшаларды»: кәдімгі жапсырмалар мен 

күнтізбелерден бастап құрлыққа арналған дәндер мен таяқшаларға дейінгі 

дестелерді қолданып көрген. Бұл әдістің басқаша нұсқасы – журналға са-

лынған енгізілім. Басы дәл сондай, бірақ жөнелтілуі нақты адресатқа почта 

арқылы емес, оқырман жаздырып немесе сатып алатын журналдың бір бөлігі 

ретінде жіберіледі. Мұндай тәсіл бүгінгі таңда аса жоғары болып отырған 

және бүкіл пакеттің құнының 50-ден 70% дейінгісін құрайтын почта тарифін-

де едәуір соманы үнемдеуге септігін тигізеді. Директ-мэйл өткен шақта қал-

ған, бұл технология жұмыс істемейді деген сөздерді жиі естуге тура келеді. 

Бұл олай емес. Кез келген технология, соның ішінде директ-мэйл, қаншалық-

ты сауатты пайдаланылғанына қарай үздік немесе нашар жұмыс істейді. На-

разылықтардың көбі жіберілімдерге жауап ретінде лебіздің өте аз келетініне 

байланысты. Әдетте оның себебі жіберілім жүргізілген адресаттың сапасыз 

базасы болуы ықтимал. Егер де сіз хатты «салқын» базаға (яғни өзіңізден хат 


24

күтпейтін адамдарға) жіберсеңіз, онда аса көп пікірге сену аңғалдық бола-

ды. Ең дұрысы, пікір бір пайыздан да азды құрап, жіберілім өзін ақтамайды. 

«Жылы» базаға (бар донорлар немесе өз мекен-жайын өздері хабарлаған 

адамдар) жіберген кезде пікір 10, тіптен 20-25% дейін жетуі мүмкін. Мұн-

дай жіберілімге жұмсалған шығындар мен алынған қаражаттың (ROI – return 

of investment) арақатынасы тіптен 1000% дейін, және одан да жоғары өсуі 

мүмкін.


2. Мекенжайсыз үндеулер

Бұл тәсіл алдыңғыға өте ұқсас. Айырмашылығы сол, өз үндеуіңіздің кімге 

барып түсерін сіз алдын ала біле алмайсыз – сізде мекен-жай базасы жоқ. 

Мұндай әдісті қолданудың классикалық тәсілі – дүкендер, мейрамханалар 

мен көрмелерде және т.т. промо материалдарға арналған тұғырлар арқылы 

парақшалар мен бүктемелер тарату. Әдетте, пікірлер тым төмен (1% аз), бірақ 

көбіне осы тәсіл тиімді көрінеді – дегенмен шығындар да онша көп емес: үн-

деулерді басып шығару аса қымбат емес.



3.  Қайырмалдыққа арналған жәшіктер (ақша жинауға арналған сан-

дық-жәшік, donation boxes)

Қайырымдылық ұйымының бірінің қайыр-садақаға қойған жәшігі жоқ 

бір дүкен қалмаған шығар. Мұның мәні қарапайым әрі баршаға түсінікті: 

жәшік (әдетте, мөлдір)  адам көп жүретін тұсқа орнатылады, жанына үндеуі 

бар плакат ілінеді, және адамдар жәшікке қолма-қол ақшаларын тастайды. 

Бұл әдістің басқаларынан қағидаттық айырмашылығы кімнің қанша ақшаны 

садақа еткенін білмейсіз, сіз донорларды дербестеу және олармен қатынасты 

дамыту мүмкіндігінсіз анонимді төлемдерді аласыз. Мұндай жәшіктердің жақ-

сы жұмыс істеуі үшін көптеген бөлшектерді: орнатылатын орнын, жәшіктің 

өзінің және ілеспе материалдарының дизайнын, қауіпсіздікті, жәшіктің ұсақ 

алаяқтардың көңілін аудармас үшін ақшаларды алуды және оларды кассаның 

кірісіне алу логистикасын ойластыру қажет. Тағы да «шағын қулық» бар, ол, 

мәселен, жәшікке басында үлгі көрсету үшін бірнеше ақша купюрасын тас-

тайды. Егер жәшіктің жанында сіздің ақпараттық материалдарыңыз жатса 

кедергі болмайды, оларды қызыққан адамдар ғана алып кететін болады. Дәл 

солардың өзі сіздің ықыласты донорыңыз болуы ықтимал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет