ЌазЎТУ ХАБАРШЫСЫ
ВЕСТНИК КазНТУ
VESTNIK KazNTU
№5 (105)
АЛМАТЫ 2014 СЕНТЯБРЬ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Главный редактор
Ж.М. Адилов –
академик, доктор экономических наук, профессор
Зам. главного редактора
Е.И. Кульдеев –
проректор по науке и инновационной деятельности
Отв. секретарь
Н.Ф. Федосенко
Редакционная коллегия:
С.Б. Абдыгаппарова, Б.С. Ахметов, Г.Т. Балакаева, К.К. Бегалинова, В.И. Волчихин (Россия),
Д. Харнич (США), К. Дребенштед (Германия), И.Н. Дюсембаев, Г.Ж. Жолтаев, С.Е. Кудайбергенов,
С.Е. Кумеков, В.А. Луганов, С.С. Набойченко – член-корр. РАН, И.Г. Милев (Германия), С. Пежовник
(Словения), Б.Р. Ракишев – акад. НАН РК, М.Б. Панфилов (Франция), Н.Т. Сайлаубеков, Н.С. Сеитов –
член-корр. НАН РК, А.Т. Турдалиев, Г.Т. Турсунова.
Учредитель:
Казахский национальный технический университет
имени К.И. Сатпаева
Регистрация:
Министерство культуры, информации и общественного согласия
Республики Казахстан № 951 – Ж “25” 11. 1999 г.
Основан в августе 1994 г. Выходит 6 раз в год
Адрес редакции:
г. Алматы, ул. Сатпаева, 22,
каб. 904, тел. 292-63-46
n. fedossenko @ ntu. kz
© КазНТУ имени К.И. Сатпаева, 2014
● Жер туралы єылымдар
ЌазЎТУ хабаршысы №5 2014
3
УДК 911.37
Ш.Г. Каирова
(Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы, Қазақстан Республикасы, e-mail: Shynar_kairova@mail.ru)
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ МЕН ЖЕР ҚОРЫН ӨЗГЕРТУ ҚАЖЕТТІГІ
Аннотация: агломерацияның тұрақты дамуы, бірынғай халық шаруашылық кешенінің құруы мен
қызмет істеуін жақсарту қажеттілігі, əлеуметтік инфрақұрылымы мен көлік қызмет көрсетуін жетілдіру,
сонымен қатар Алматы қаласын айналасында азықтық жасыл аймақ құру үшін Алматы облысының
аудандарының жерінің бір бөлігін Алматы қаласының əкімшілігінің қоластына беру арқылы территорияны
өзгерту туралы шешім қабылданды. Мақалада 1998-2014 жылдар аралындағы Алматы облысының бір бөлік
территориясын Алматы қаласына қосу кезендері қарастырылды.
Түйін сөздер: жер қоры, Алматы қ., қала шекарасының өзгеруі, халық санының өсуі.
Қазақстан Республикасының Президентінің Стратегия-2050 «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты жолдауында айтылғандай республикамыздың əлемнің 30 дамыған елдерінің
қатарына енуінің басты бағытының бірі «инфрақұрылымдық триаданың қарқынды дамуы –
агломерациялардың, көлік-тасымалының, энергетиканың. Агломерациялар – Қазақстаннның ғылыми
экономикасының тірегі. Оларды жасау мен дамыту – еліміздің үлкен территориясы мен көптеген
аймақтарда халықтың тығыз орналаспауын есепке алсақ, маңызды халықшаруашылық мəселе болып
табылады. Мəселені республикалық бас ғылыми-болжамдық орталықтарда зерттеу Қазақстанның
алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ретінде ірі қалалар Астана мен Алматы, ары қарай –
Шымкент пен Актөбе болатындығын көрсеткен. Олар сонымен қатар ғылым мен инвестиция жəне
халықты тарту орталықтары болуы, сапалы білім, медицина, спорт жəне басқа да əлеуметтік мəдени
қызметтерді беруі қажет» [1].
Алматы қаласы – Қазақстан Республикасының ең ірі мегаполистерінің бірі, бүгінгі таңда біздің
еліміздің ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия аймақтарының қаржылық-экономикалық,
ғылыми-білім беру, өнеркəсіп-көліктік жəне мəдени орталығы болып табылады. Аумағы 450 кв. км-
дан асады, бұл қаланың аудан бойынша əлемдік рейтингте 9-шы орынды алуына себеп болды,
халқының саны шамамен 1,5 млн адамды құрайды [2].
Алматыға «тəуелсіздіктің алтын бесігі» болу – маңызды миссиясы қойылған. 1991 жылы мұнда
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы Заңы қабылданған. Еліміздің бірінші
президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жəне халықтың қалауымен
мемлекеттіліктің негіздері қалыптасты, демократия, нарықтық экономика қағидалары шығарылды,
біздің ішкі жəне сыртқы политикамыздың артықшылықтары анықталды. Алматы тəуелсіз
Қазақстанның астанасы болды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен
астана Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылы 1 шілдеде Алматы қаласының ерекше мəртебесі туралы Заң қабылданды, бұл оны
республиканың ғылыми, мəдени, тарихи, қаржылық жəне өндірістік орталығы ретінде айқындайды [3].
Алматы агломерациясын тұрақты дамыту, біріңғай халықшаруашылықтық кешен салу жəне
жұмыс істеуін жақсарту қажеттігі, əлеуметтік инфрақұрылым мен көлік қызметін көрсетуді жақсарту,
жəне де Алматының айналасында азық-түліктік жасыл желек жасау үшін ҚР Үкіметімен
территорияны өзгерту туралы шешім қабылданды, Алматы облысының аудандарының жерінің бір
бөлігін Алматы қаласының əкімшілігінің қоластына беру арқылы (сурет 1).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы
туралы» Заңының 9 бабына сəйкес 1998 жылы 29 сəуірде ауданы 4673 га болатын жерді қосып
Алматы қаласының аумағын арттыру туралы №3929 Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығы қабылданды. Қаланың шекарасына Талғар ауданының 1666 га жері, Іле ауданының – 445 га
●
Н А У К И О З Е М Л Е
● Науки о Земле
№5 2014 Вестник КазНТУ
4
жəне Қаскелен ауданының 2562 га жері қосылды. Барлығы 1888,4 егістік жер, 477,6 га – көпжылдық
екпе ағаштары, 181,6 га – жайылымдық жерлер жəне 2125,4 га – басқа да жерлер қосылды [4].
Қаланың шекарасын кеңейтудің екінші кезеңі 2001 жылы 2 сəуірдегі Қазақстан
Республикасының Президентінің №579 Жарлығымен жүргізілді, оған сəйкес қаланың шекарасына
Алматы облысының Қарасай ауданынан жалпы ауданы 158,4 гектар жері, оның ішінде
ауылшаруашылық жерлер 128,9 га құрайды: егістік жерлер – 71,5 га, соның ішінде суармалы жер–
37,8 га; көпжылдық екпе ағаштары – 51,1 га; жайылымдық жерлер – 6,3 га; жəне де 5 га орман алқабы
жəне 24,5 га – басқа да жерлер [5].
1-сурет. Алматы қаласының шекарасына қосу аудандары, га
2002 жылдың 21 желтоқсанда Алматы облысының Қарасай (1075,5 га) жəне Талғар (2647,5 га)
аудандарының жалпы ауданы 3723,0 гектар жері қаланың шекарасына қосылды, соның ішінде 54,5 га
– егістік жері, 101,9 га – көпжылдық екпе ағаштары, 2172,1 га - жайылымдық жерлер, орман алқабы
– 920,4 га, жəне де су астында – 19,5 га, құрылыста – 185,2 га, жол астында 62,6 га жəне 191,2 га басқа
да жерлер [6].
2011 жылғы 12 мамырдағы №77 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сəйкес
Алматы қаласының шекаралары өзгертілді, жəне оның шекарасына Алматы облысының жалпы
ауданы 1 330, 25 гектар болатын жерінің бір бөлігі енгізілді, соның ішінде ауданы 823,82 гектар
Қарасай ауданының, ауданы 496,92 гектар Талғар ауданының жəне ауданы 9,51 гектар Іле
ауданының жерлері. Алматы қаласының шекарасына енгізіетін Алматы облыстарының жер
бөліктерінің экспликациясы 235,48 га егістік жердерді, 39,55 га - көпжылдық екпе ағаштары, 37,46 га
- жайылымдық жерлер, орман алқабы – 920,4 га, жəне де су астында – 81 га, құрылыста – 13,59 га,
жол астында 119,58 га жəне 803,59 га басқа да жерлер құрайды [7].
2012 жылғы 21 қыркүйектегі №385 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына
сəйкес Алматы қаласының шекарасына Алматы облысының жалпы ауданы 11 920, 93 гектар болатын
жерін қосып, шекараларын өзгерту туралы шешім қабылданды, соның ішінде ауданы 8 360,52 гектар
болатын Қарасай ауданының, ауданы 3560,41 гектар болатын Талғар ауданының жерлері. Қаланың
шекарасына қосылған жерлер құралады: 570,38 га - егістік жерлер, 241,5 га - көпжылдық екпе
ағаштары, 133,96 га - жайылымдық жерлер, 14,93 га – су қорының жерлері, 341,46 га – өнеркəсіп,
көлік, байланыс жəне басқа ауылшаруашылық емес мақсаттағы жерлер, 231,7 га басқа да жерлер -
тұрғын үй құрылысы жерлері, 9995,46 га – ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері, 391,54 га –
басқа жерлер [8].
Алматы облысының Қарасай жəне Талғар аудандарының жерінің бір бөліктерін мегаполиске
аудару туралы шешім республикалық маңызы бар қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету
мақсатында қабылданды. Сонымен қатар, бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, туризмді,
өнеркəсіптік инфрақұрылымды дамыту, кіру магистральдарын кеңейту, Универсиада 2017
нысандарын, көлік түйіндерін салу. Алматы қаласының шекарасына Қарасай ауданының бөлігінде
халықаралық мəні бар «Көк жайлау» алғашқы таушаңғы курортын салу жоспарланған аумақ кірген.
Бұл проект Қазақстан Республикасында туризмды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге
асыру мақсатында іске асырылады. Өзгертілетін аумақта тұратын халықтың саны 1556 адам.
Негізінен бұл Таусамал мен Еременсай ауылдарының қосылатын жерлерінің тұрғындары. Қала
● Жер туралы єылымдар
ЌазЎТУ хабаршысы №5 2014
5
əкімшілігі тұрғындармен алдын-ала ортақ жиналыс жасап, көрсетілген аумақтардың Алматы
қаласының шекарасына қосылатындығы туралы айтылды.
Алматы қаласы шекарасын кеңейту факторларының бірі халық санының артуы болып келеді
(сурет 2).
2-сурет. Алматы қаласының халық санының өзгеруі, мың адам
Қазақстан Республикасының санақ Агенттігінің мəліметтері
Қала халқының саны 2012 жылдың басында 1 млн 450 мың 300 адам болды, 1990 жылдың
басында 1 млн. 099 мың 933 адам болған, осылай тəуелсіздік жылдарында Алматы қаласының
халқының саны 350,4 мың адамға артты [10]. Бұл көрсеткіш жыл сайын артуда.
2014 жылы 17 сəуірде мемлекет Басшысының Жарлығына сəйкес қаланың шекарасына жалпы
ауданы 23,2 мың гектар болатын Алматы облысының жерлері қосылды, соның ішінде ауданы 604,6 га
Іле ауданының, ауданы 16 069,7 га Қарасай ауданының жəне ауданы 6 525,7 га Талғар ауданының
жері, ол жерлерге халқының саны 92 мыңнан асатын 27 елді мекен кіреді. Алматы қаласының
аумағын үлкейту оны дамыту, қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету, өнеркəсіптік
инфрақұрылым қызметін жақсарту, кіру магистральдарын кеңейту, əлеуметтік нысандарды, паркингі
бар автовокзалдарды салу мақсатында жүргізіледі [9].
3-сурет. Алматы қаласы шекарасының өзгеруі (17.04.2014ж.)
● Науки о Земле
№5 2014 Вестник КазНТУ
6
Қала құрылысының қарқынды дамуы аймақтың экономикалық тұрақтылығының, оның
материалдық игілігі мен мəнінің көрсеткіші болып табылады. Бірақ мұндай құрылыстың нəтижесі
урбанистік құрылымдардың қалған өмір саласына кері əсер етеді: мəдени-эстетика, білім беру,
архитектура, қала құрылысына жəне т.б.
Осылайша, оңтүстік астананың шекарасын кеңейту мен қаланың аумағын арттыру қажеттігі
келесі факторларға байланысты:
- халық санының біріңғай артуы (1 501,0 мың. адам);
- халықты автомобильмен қамту деңгейінің артуы (500 мың. бірліктен астам автокөлік);
- күрделі көліктік жағдай;
- қаладағы экологиялық жағдайының нашарлауы жəне т.б.
Аймақтарды қосу қала құрылысының жаңа саясатын іске асыруға, қаланың даму стратегиясын
өзгертуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде онымен қатар «жасыл белдеу» деп аталатын қала
айналасындағы жасыл екпелердің ауданын арттыру қажет, бұл аумақтың географиялық
ерекшеліктерімен жəне аймақтың табиғи потенциалы мен мəдени мұрасын сақтап қалу мəселесімен
байланысты.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Cтратегиясы: «Қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2. Алматы қаласы мен Алматы облысын 2015 жылға дейін экономикалық жайғастыру ұзақмерзімі
тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының Үкіметінің №881 қаулысы, 2008 жылдың «24» қыркүйегінен,
Астана 2008
3. http://www.almaty.gov.kz
4. Қазақстан Республикасы Президентінің №3929 жарлығы 1998 ж. 29 сəуірден, «Алматы қаласының
шекарасын өзгерту туралы».
5. Қазақстан Республикасы Президентінің № 579 жарлығы 2001 жылдың 2 сəуірінен, «Алматы
қаласының шекарасын өзгерту туралы».
6. Қазақстан Республикасы Президентінің №1003 жарлығы 2002 жылдың 21 желтоқсанынан «Алматы
қаласының шекарасын өзгерту туралы».
7. Қазақстан Республикасы Президентінің №77 жарлығы 2011 ж. 12 мамырдан «Алматы қаласының
шекарасын өзгерту туралы».
8. Қазақстан Республикасы Президентінің №385 жарлығы 2012 ж. 21 қыркүйектен «Алматы қаласының
шекарасын өзгерту туралы».
9. Алматы қаласының аймағының Генералдық жоспары туралы (Қала құрылысын жоспарлау
аумағының жүйелі сызбанұсқасы). ҚР Үкіметінің 2010 ж. 22 қазандағы №1097 қаулысы.
10. almaty.gorstat.kz. Қазақстан Республикасының санақ бойынша агенттігі. Алматы қаласының санақ
департаменті.
REFERENCE
1. Қazaқstan Respublikasy Prezidentіnің «Қazaқstan-2050» Ctrategijasy: «Қalyptasқan memlekettің zhaңa
sajasi baғyty» atty Қazaқstan halқyna Zholdauy
2. Almaty қalasy men Almaty oblysyn 2015 zhylғa dejіn jekonomikalyқ zhajғastyru ұzaқmerzіmі tұzhyrymdamasy.
Қazaқstan Respublikasynyң Үkіmetіnің №881 қaulysy, 2008 zhyldyң «24» қyrkүjegіnen, Astana 2008
3. http://www.almaty.gov.kz
4. Қazaқstan Respublikasy Prezidentіnің №3929 zharlyғy 1998 zh. 29 səuіrden, «Almaty қalasynyң shekarasyn
өzgertu turaly».
5. Қazaқstan Respublikasy Prezidentіnің № 579 zharlyғy 2001 zhyldyң 2 səuіrіnen, «Almaty қalasynyң
shekarasyn өzgertu turaly».
6. Қazaқstan Respublikasy Prezidentіnің №1003 zharlyғy 2002 zhyldyң 21 zheltoқsanynan «Almaty қalasynyң
shekarasyn өzgertu turaly».
7. Қazaқstan Respublikasy Prezidentіnің №77 zharlyғy 2011 zh. 12 mamyrdan «Almaty қalasynyң shekarasyn
өzgertu turaly».
8. Қazaқstan Respublikasy Prezidentіnің №385 zharlyғy 2012 zh. 21 қyrkүjekten «Almaty қalasynyң
shekarasyn өzgertu turaly».
9. Almaty қalasynyң ajmaғynyң Generaldyқ zhospary turaly (Қala құrylysyn zhosparlau aumaғynyң zhүjelі
syzbanұsқasy). ҚR Үkіmetіnің 2010 zh. 22 қazandaғy №1097 қaulysy.
10. almaty.gorstat.kz. Қazaқstan Respublikasynyң sanaқ bojynsha agenttіgі. Almaty қalasynyң sanaқ
departamentі.
● Жер туралы єылымдар
ЌазЎТУ хабаршысы №5 2014
7
Каирова Ш.Г.
Необходимость изменения земельного фонда и границ г Алматы
Аннотация: Для устойчивого развития агломерации, необходимости улучшения функционирования и
создания единого народнохозяйственного комплекса, улучшения социальной инфраструктуры и транспортного
обслуживания, а так же создания продовольственного зеленого пояса вокруг Алматы принято решение об
изменении территорий, путем передачи части земель районов Алматинской области в подчинение
администрации г. Алматы. В статье выделены этапы присоединения части территории Алматинской области в
городскую черту начиная с 1998 по 2014 г. Проанализирован Генеральный план пригородной зоны города Алматы
2010 г., согласно которому рассматриваются две зоны: зона влияния города Алматы и пригородная зона.
Ключевые слова: земельный фонд, Алматы, расширение границ, увеличение населения.
Kairova Sh
Necessity of changes the land resources fund and the city boundaries of Аlmaty
Annotation: The changing of areas of Almaty agglomeration had been decided for the sustainable development
of agglomeration, the need to improve the functioning and establishment of a single economic complex, improving
social infrastructure and transport services, as well as the creation of a green belt around the food Almaty by
transferring part of the land area of Almaty oblast to subordination administration of Almaty city. The steps of joining
parts of the Almaty region in the city limits since 1998 to 2014 are highlighted in this article. In this paper we analyzed
the General Plan of Almaty city commuters in 2010, according to which two zones: the influence of Almaty city and
suburban area had been examined.
Key words: Land Fund, Almaty city, agglomeration boundaries, increasing the population.
ƏОЖ 631.4.415.3
Мамутов Ж.У.
1,2
, Аскербекова А.М.
1,2
, Оразбаев А.Е.
1
, Жаманғараева А.Н.
3
(
1
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы,
2
Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану жəне агрохимия ғылыми-зерттеу институты
3
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
е-mail: arai_09.91@mail.ru)
БОРДЫҢ ТОПЫРАҚТАҒЫ ƏРТҮРЛІ МӨЛШЕРЛЕРІНІҢ КҮРІШ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨНІП-
ӨСУІНЕ ƏСЕРЛЕРІ
Аннотация. Мақалада күріш алқаптарындағы бор қосылыстарының əртүрлі мөлшерлерінің күріш
дақылының өніп-өсуіне əсерін зертханалық жағдайда зерттеу нəтижелері баяндалған.
Кілтті сөздер: күріш алқаптарының топырақтары, бор қосылыстары, күріш, уыттылық.
Қазақстан астықтың жəне техникалық дақылдарын экспорттаушы ел ретінде əлемге белгілі.
Соның ішінде күріш дақылы еліміздің өзен суымен суғарылатын аймақтарда өсіріледі. Əсіресе,
тақыртəрізді топырақтар күріш өсіруге оңтайлы болып есептелінеді. Бұл топырақтар Алматы
облысының Іле өзенімен суғарылатын Ақдала алқабында да жайғасқан [1]. Олар тип деңгейінде
бөлініп, тұздану тереңдігі жəне деңгейі, сортаңдануы бойынша ерекшелінетін көптеген түрлерді
қамтиды. Осындай тұздануға бейім Ақдала алқабы топырақтарында өсетін күріш дақылы 1968 ж бері
өсіріліп келеді. Тақыртəрізді топырақта осы дақылды өсіру барысында топырақтың құнарлылығын
арттыру, тұздарды жуып-шаю тəрізді əдістері қолданылып жетілдірілген. Бірақ топырақтағы
құнарлылықты азайтып, тұздану мен өнімділіктің төмендеуіне тікелей əсер етіп отырған бор
қосылыстары болып табылады. Ол күріштің ақ кездік кезінде уытты əсер етіп, өсімдіктің өсуін
тежейді.
Бор қосылыстары Ақдала алқабындағы топырақтарда күріш дақылын өсірмей тұрған кезде
əрдайым болған. Себебі, сілті түзуге қабілетті бұл қосылыстар тек қана топырақтың өзінде ғана емес,
оның астындағы ғасырлар бойы қалыптасқан аналық тау жыныстары мен суларда да мол мөлшерде
жинақталған. Бұл жағдайды кезінде академик В.М.Боровский де ескерткен [2].
Бордың мөлшері органикалық затқа бай, топырақ субстратының механикалық жəне
минералдық құрамымен тығыз байланысты. Оның мөлшері көбінесе топырақтың минералды
бөлігінің дисперсиясына тəуелді жəне ондағы гумус қорына шамалы ғана байланысты. Бордың
жоғары жылжымалылығы негізінен тұзданған топырақтарға тəн, ал кейде, ондағы суға ерігіш
фракциялар бордың жалпы қорының 10%-ын құрайды [3].
● Науки о Земле
№5 2014 Вестник КазНТУ
8
Кейбір зерттеушілердің мəліметтері бойынша тұзданған топырақтардағы суда еритін бор
қосылыстарының орташа мөлшері 5-10 мг/кг аралығында болады екен [2]. Осы элементтің ерігіш
қосылыстары бейтарап жəне сілтілі топырақтарда көп болады, ал басқа оңай еритін тұздарға
қарағанда су мен топырақта бораттардың мол болуы өсімдіктер үшін өте қауіпті. Осыған байланысты
мелиоративтік шараларды ұйымдастырғанда, тұзданған топырақтардағы бор деңгейіне ерекше мəн
берген жөн. Себебі, борат пен басқа тұздардың уыттылығын салыстырғанда өсімдіктерге бораттар
өте улы əсер ететіні ақиқаттылықпен анықталған [4].
Ғылыми əдебиеттерге жүгінсек, күріш дақылы өсірілетін Сырдария, Іле жəне Қаратал
өзендерінің бойындағы топырақтарда бордың жалпы мөлшері 30-дан 100 мг-ға дейін, ал жылжымалы
түрі 4-тен 25 мг/кг-нан жоғары болады екен [5,6].
Көп жылғы зерттеулер бойынша, күріш дақылынан мол өнім алу үшін дақыл өсірілетін өте
тұзданған топырақтарды 5-7 жылға дейін жуып-шайып, уытты тұздардың мөлшерін «минимумға»
жеткізіп, ал «ерекше уыттылық» əсер етуші бор қосындыларын бейтараптандыру қажет. Осы
мақсатта, кезінде ғалымдар, бор қосылыстарының дақылға уытты түрін анықтау үшін Ақдала
алқабының тұзданбаған аумақтарынан тəжірибеге арналған топырақ үлгілерін алып зерттеу
жүргізген. Сонда олар келесідей химиялық құрамдарды сипатта болған: 100 г топырақта жалпы
сілтілік - 0,59, Cl-0,11, SO
4
- жоқ, Ca
++
-0,45, Mg
++
- 0,16, Na
++
- 0,88 мг эквивалент. 100 г өлшенген
топырақты Петри табақшасына орналастырып, онда сілті түзетін тұздардың əртүрлі мөлшерлерін
ендіріп, оған күріштің "Ақмаржан" сортынан 10 дана еккен. Егілген дəндер өніп, 2-3 жапырақ
шыққанға дейін өсірген. Тəжірибе келесі сызбанұсқа бойынша жүргізілген: 1-бақылау, 2- Na
2
CO
3
-
0,179, 0,536:, 1,071:, 2,143:, 4,300:, мг.экв/л, 3 - Na
2
HCO
3
осы концентрацияларда, 4 - Na
2
SiO
3
; 5 -
Na
2
B
4
O
7
көрсетілген концентрацияларда. Алынған нəтижелерге қарағанда тəжірибидегі барлық
тұздар өскіннің өсуіне кері əсерін тигізеді. Төрт сілті түзетін тұздардың ішінде 100 г топырақта 0,179
мг эквивалент мөлшерінің өзінде өскіндерге кері əсер еткен ең уыттылығы жоғары натрий тетраборат
тұзы болған. Натрий тетрабораттың мөлшері 100 г топырақта 0,536 мг болғанда күріш өскіндердің
биіктіктері 2 см-ге дейін жетіп, кейін бəрі өліп қалған. Ал осы концентрацияда қарапайым содада
олардың биіктіктері 7 см болса, натрий кремний қышқылында - 8,3 см жəне натрий бикарбонатында
4,2 см-ді құраған.
Сонымен зерттелген тұздардың ішінде ең уыттылықты натрий тетраборат тұзы көрсеткен. Бұл
тұз біріншіден, ортаның сілтілігін арттырып, екіншіден, күріш дақылының өсуі мен дамуына өзі улы
токсикант болып табылады. Осыған байланысты күріш өсірілетін алқап топырақтарындағы бордың
уыттылығы зерттеу жəне оны төмендету тек біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де алаңдатып
отырған мəселе. Мысалы, Поннамперума, 9,1 мг/кг суда ерігіш боры бар, топырақ ерітіндісінің рН
көрсеткіші 8,1 тең, тұзданған саздақта өсірілген күріш өсімдігіне бордың уыттылығын бақылаған.
Вегетациялық тəжірибелерде рН - 6,6 жəне 4,6 тең, жылжымалы бор 0,9, 0,6 мг/кг болатын
топырақтың екі түрінде өсірілген күріште зертханада жүргізілген тəжірибелердегідей нəтижелер
алынған. Осы топырақтарға бура түрінде 20 мг/кг бор ендіргенде топырақтағы бор концентрациясы
9,3 жəне 6,7 мг/кг-ға дейін артып, өсімдіктің өліміне алып келген [7].
Зерттеу нысаны ретінде алынып отырған күріш өсімдігі өсірілетін Ақдала алқабындағы
топырақтардың экологиялық жағдайын жақсартудың бірден-бір жолы - тақыртəрізді тұзданған
топырақтарда болатын бор қосылыстарын бейтараптандыру. Ол үшін, бірінші кезекте, күріш
өсімдігінің өніп-өсуіне уытты бор қосылысы, натрий тетраборат тұзының əсерін анықтап алуымыз
қажет (кесте).
Кестеде көрсетілгендей, бұл тұздың (Na
2
B
4
O
7
) 1-ден 15 мг/кг есебіндегі концентрациялары 19
күн аралығында бақыланды. Зерттеу нəтижелері бойынша, натрий тетраборат тұзының (Na
2
B
4
O
7
)
концентрациялары артқан сайын өсімдіктің өсуі тежеліп, дəндердің өнуі төмендеді. Бақылау
нұсқаларында өскіндердің орташа ұзындығы - 17,6 см болғанда, натрий тетраборат тұзының
(Na
2
B
4
O
7
) 1 мг/кг мөлшерінде күріш сабағының орташа ұзындығы - 16,5 см-ді құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |