ТАУБАЙ МЕН АМАНЖОЛ
Таубай:
аманжол, тың өлкенің ардагері,
Қызыл тіл, қиялдың да бар көмегі.
Кеңесті келістіріп сөз бастайық,
Көп болды сау жүрмісің, көрмегелі.
Партия ақындарға қанат беріп,
Қалыспай жігіттерден самға, деді.
Жасыңнан қалыспайды қажырлы қарт,
таңданба, теліді деп шалға мені.
Шабыстан қартайса да қалмай жүрген,
Бұл ағаң бір облыс тарланы еді.
ағаға талантты іні құт болады,
Жақсыға жаман іні жұт болады.
сөзге бай көрінесің тілге шешен,
айтыссаң аманжолжан, құп болады.
інімсің отаудағы тік тұратын,
айта отыр, барың болса ұқтыратын,
91
Айтыс 4 ТОМ
тіліңді жарқыным тек тарта сөйле,
мен емес жасық шалың ықтыратын.
Аманжол:
сермеймін құлашымды қанат қағып,
Көпшіліктің алдында шабыттанып.
Кезекті тәукең аға бергеннен соң,
Көрнекті жыр төгейін құмарланып.
сыртыңнан айтысыңды талай көріп,
ынталанып оқушы ем айызым қанып.
Бәйгеден талай келген тарлан едің,
адалдықпен жүретін еңбек жанып.
Әзілім ауырлау боп кетіп қойса,
Жүрмессіз ондай іске бос шамданып.
Көп алдында көсіліп айтысуға,
Келдім жаңа ойланып, аз қамданып.
ерінбей байлығымды айтып берсем,
тамсанып тыңдамақшы жұрт таңданып.
Жасы кіші ініммен тірестім деп,
үлкендікті білдірме құр арланып.
ен жатқан еркін байлық арқасында,
Келмей ме өз-өзінен сөз жалғанып.
толғау сөз болып жатыр айта берсе,
мұндайға бөгелмейтін құр алданып.
сондықтан ең алдымен өлкемді айтам,
сарыарқада даңқты еркемді айтам.
Көп түлік малдарымды семіртемін,
мың жусан бетегелі өртеңді айтам.
Қопарып терең жыртқан тыңымды айтам,
алтын кен таусылмайтын қырымды айтам.
Жаңа бет, жаңа тілек тың өлкенің,
даңқына ерекше арнап жырымды айтам.
Биылғы бітік шыққан егінді айтам,
Бірінші шамшырақтай ерімді айтам.
екінші астана боп атақ алған,
Қарқынмен қанат жазған елімді айтам.
92
Қазақ өнерінің антологиясы
мыңғырып малға толған даламды айтам,
Жайнатып жаңа салған қаламды айтам.
Барлығын техниканың күшіменен,
меңгеріп еркін жеткен шамамды айтам.
асыра аяқтатқан планды айтам,
өсірген өлкемізде қыранды айтам.
Халқымыз әлді-ауқатты халге жетіп –
делінген партиялық ұранды айтам.
еңбектен қалыспаған қартымды айтам,
Бөгетсіз жүріп жатқан қарқынды айтам.
сәулетті, салтанатты, сәнді тұрмыс,
орнаған байлық кернеп халқымды айтам.
Көре алмайтын күншілге қарғыс айтам,
таң қалтқан жердің жүзін табысты айтам.
Жеңіс пен табысымның жетекшісі
ардақты партияға алғыс айтам.
Таубай:
аманжол, жауабыңды есіттірдің,
ерте айттың демейді ағаң, кешіктірдің.
үлкен деп әлпештеген сөздеріңе,
тоқмейіл шақты бастан кешіп тұрмын.
Кежірлік, кейінірек жасай ма деп,
Қауіп қып кей жеріңнен шошып тұрмын.
екеудің жарысқанда бірі келер,
тарланның тартып белін қосып тұрмын.
Әуелі өзім айтып білдірейін,
деп тұрсаң сыр бойынан сыр білейін.
табысқа таңғажайып жете қарап,
Кеуліңді қош қылайын, күлдірейін.
сұрасаң облысым Қызылорда,
сан түрін шаруасының қойған жолға.
еңбекке елім тегіс ұйымдасып,
ұстады жеңіс туын берік қолда.
93
Айтыс 4 ТОМ
аңқылдап алға қарай осы күнде,
Қарқын бар өмірінде, өсуінде,
тамаша таудай үлес қосып жатыр,
съездің жеті жылдық шешіміне.
еңбекте озған талай ерлерім бар,
ержеткен партияның бесігінде.
Аманжол:
уа, тәуке, ақын сөздің кені емес пе,
өлең деген жүректің емі емес пе?
Қияға қанат қағып ұшатұғын,
Белгілі аманжолың мен емес пе?
Күріштен Қызылордаң бұлақ болса,
тың өлкем бір мұхитпен тең емес пе?
секілді бұйра толқын піскен бидай,
елімнің сарқылмайтын кені емес пе?
Платинаң бұзылса жазатайым,
сіздерде ұлтандай жер кем емес пе?
Жүгерім жайқалып тұр тың өлкемде,
малымның таңдамалы жемі емес пе?
тың өлке – елім атақ алған жоқ па,
екінші астана боп қалған жоқ па?
Бұрынғы құлазыған құба жонға,
егін мен зәулім үйлер салған жоқ па?
.........................................................
Хрущев өзі барып көрген жоқ па,
Келешектің сарайы кемімейтін,
Жеріме жетік баға берген жоқ па?
тың жатқан қазынамды ашқан жоқ па?
Кедейлік маңдайымнан қашқан жоқ па?
одақтың алды болып өткен жылы,
атағын қызыл дәнмен шашқан жоқ па?
талай ер мал өсіріп баққан жоқ па?
ерінбей еңбегімен жаққан жоқ па?
Шам-шырағым самаев алпысбайға,
үкімет алтын орден таққан жоқ па?
94
Қазақ өнерінің антологиясы
облыс қарауында он бес аудан,
ереймен жайлау алған биік таудан.
Құйқалы жері соны, шөбі шүйгін,
Боз жусан, кер бетеге бітік қаудан.
сондықтан бізге жұт жоқ, тәукең аға,
Жете ме ойлаңызшы, бұған баға.
Келіңіз, көрем десең тың өлкемді,
Қонақты қарсы аламыз құшақ жая.
Таубай:
Байлығы Қызылорда мал мен егіс,
еңбек қып жейді халқым содан жеміс.
ақындық көз жеткенмен сөз жетпейді,
Шалқыған шаруамды айтсам тегіс.
ортадан сырдария ағып жатқан,
Халқымыз арық қазып жолын тапқан.
Көк шалғын екі жағы майса құрақ,
сонікі орған егін, шөбім шапқан.
Қаратау, сарысуды жазда жайлап,
азбайды қыста малым сырда баққан.
ар жақта қой қыстайтын Қызылқұм бар,
Қорам мол қауіпті емес боран соққан.
осындай жер байлығым арқасында,
Қойларым жылына екі егіз тапқан.
егеді жүз мың гектар елім күріш,
дәрілеп тұқымдарын күтіп дұрыс.
алтындай ақ күріштің арқасында,
Халқыма жылдан-жылға қосылды ырыс.
атанған еңбек ері ерлерім көп,
ерінбей еңбек етіп істеп жұмыс.
ұстазы еңбек ері күрішімнің,
Жақаев ыбырайым қолы құрыш.
сол қартты қайда десең «Қызыл туда»,
Көз тартып көк күріші тұрған суда.
ыбекем «Қызыл тудың» қызырындай,
гектардан жүз центнер берген жылда.
95
Айтыс 4 ТОМ
Қайтпайды қатты еңбектен қолын сілкіп,
Жеңімен маңдайының терін сүртіп.
санасаң жүзден артық болар соя,
Бір дәннен өнген күріш болар бір түп.
тамыры тал шыбықтай кеткен терең,
Бір талы үзілмейді тартсаң жұлқып.
Әлемге аты еңбекпен мәлім болды,
естіген бір көруге болады ынтық.
аты асыл, ақ күріштің өнегелі,
Қызығын жиып-терген көреді елі.
үлгі алып ұстаз тұтып ыбекеңді,
ерлікке талай шәкірт ере келді.
ыбекем ел дәулеті үйді дәнді,
еліме еңбегіме үлгі салды.
«Бейнеттің түбі – рахат» деген осы,
мемлекеттік лауреат боп сыйлық алды.
мінезі ыбекеңнің тал жібектей,
сөйлейді күле қарап жан жүректей.
Күріштің жайын біреу сұрай қалса,
үйретіп жібермейді мәлім етпей.
айналды қарт жүрген жер рахатқа,
өшпейтін қалдырды атақ жұрағатқа.
Қазақстан Жоғары советіне,
сайланды үш мәртебе депутатқа...
Кейбір жас жігітпін деп жылмаңдайды,
ақынсып той-думаннан құр қалмайды.
Шалсынып шалып жығып кетейін деп,
аяғын сырттан алып бұлғаңдайды.
«Піскенше бура басы, жас ботаның
Басынан, – деген сөз бар, – дым қалмайды».
аманжол көп айтасың, байлығыңды,
Жатыр деп таубай біліп қай мінімді.
Жарқыным, жала жауып көп тиіспе,
сыйласып жақсы көрсең жәй жүруді.
96
Қазақ өнерінің антологиясы
Аманжол:
ой, шіркін, кеудеге кеп қамалады,
Әр түрлі сөз жүрекке жамалады.
елімнің өткен күнгі өмірлері,
Көз алдыма тізіліп саналады.
Қазір бізде ойлашы, арман бар ма,
Қанағыш қаскүнемнен қалған бар ма?
не тапсаң соның бәрі өзіңдікі,
Қолыңнан бүгін тартып алған бар ма?
алғашқы жарық көрген кезімізден,
игілікті таза жол салған бар ма.
Бейбітшілік жолымен біз келеміз,
уа, тауке, осымызда жалған бар ма?
Әрі ақын, әрі қоғам қайраткері,
ардагер сәкен ақын туған жері.
артына өлмес тура сөз қалдырған,
Баяндап не қылайын, біледі елі.
Қажымұқан, Балуан Шолақ сонда туған,
Палуандық, батырлықтың жолын қуған.
алысып алыбымен талай елдің,
Белдескен белі сынып, бетін жұмған.
уа, тәуке, таласарлық күшің қандай,
тиісіп, өзің келіп, қышынғандай.
Көлемің Қорғалжыннан аса алмайды,
толғаншы, өзің қандай, түсің қандай!
алтынды Бестөбедей кендерім бар,
Белгілі Жүкеновтай ерлерім бар.
отырған қазық қағып қарауылдап,
Көмбелі көмір, темір дәндерім бар.
іс болса міне осындай мақтанайық,
саудагер, жалқаулардан сақтанайық.
Көз көрмей кемшілікті сырттан пішіп,
Бірімізді-біріміз даттамайық.
Партия жол көрсетіп – «алға!» – деді,
ал, тәуке, қалыспайық, аттанайық!
1961 жыл.
97
Айтыс 4 ТОМ
ҚАЛҚА МЕН ЕСДӘУЛЕТ
Қалқа:
ақиқат асыл сөзі кемел шынға,
отырған осы халық бәрі сынға.
сөйлейін хал келгенше қабырғалап,
ел жүрсін көз жіберіп, таза тыңға.
Жырлайық ленин алыпты,
Жасаған жаңа тарихты.
Білімін жұрттың көтеріп,
Қоғамды, елді дамытты.
Көзім көрген ел-жұртым,
айтайын енді анықты.
ленин менен Калинин
декретке қол қойып,
түсірді бізге жарықты.
Жиырмасыншы жылында,
Қазақты дербес ел етіп,
дүниеге танытты.
Біздің қазақ баласы,
Қалған екен алыста.
Қырық жылдың ішінде,
Қол жетті мұндай табысқа.
Қатарлас туыс халықпен,
түстік бәйге жарысқа.
атанды Қазақстан алтын өлке,
Бақыттың базарындай артық өлке.
Жерінде мың бір түрлі жеміс бітіп,
иісі қалампырдай аңқыды өлке.
Кешегі құс қонбаған шөлдеріңнің,
айдын көл ортасынан шалқыды өлке.
торқалы қырық жылдық тойың болып,
Жайылды жер шарына даңқың, өлке.
Басынан атам қазақ шаруа атанып,
мал баққан, егін еккен салтың, өлке.
Қырық жылдық тойыңды,
Компартия өткізді.
98
Қазақ өнерінің антологиясы
Бақытқа қазақ халқының
Қолын қазір жеткізді.
Қазақстан ел болдық,
Берекелі көрікті.
алматыға алыстан
ақын достар келіпті.
астанаға шақырып,
ғалымдар көңіл бөліпті.
есдәулет батыр айтайын,
Шаяннан ащы тіліңіз.
мойның жуан антұрған,
Күрессең жығар түріңіз.
осы отырған халайық,
өнерін жұрттың сынайық
Кел, есдәулет, сөйлейік,
Халыққа сөзбен ұнайық.
елдің салты ежелден,
амандық жағын сұрайық.
Есдәулет:
ай жарық болды, Қалқа, бұлт шыққандай,
Боп тұрмыз жас баладан тіл шыққандай.
Кешегі өтіп кеткен сұм заманда,
Болмап па ек қасіретке тұншыққандай.
Бақытқа ұлы ленин жол бастады,
Боп отыр шөл даладан су шыққандай.
үш жүздің баласымен басым қосып,
Көңілім болып отыр тыншыққандай.
Бір жаста бала күліп талпынады.
Бес жаста торғай қуып алқынады.
он жаста ерте оянып, оқу оқып,
он бесте өнер іздеп шарқ ұрады.
Келгенде жиырмаға жігіт жасы,
ауады алуан іске ықыласы.
Байлық, бақыт, береке басына орнап,
Бекиді отау үй мен босағасы.
99
Айтыс 4 ТОМ
Жиырма бес мүшелінде кірер күші,
ой толып, ақыл тоқтап болар кісі,
орнығып отыз бесте ақыл, қайрат,
Жігіттің әр нәрсеге түсер ісі.
Қырықта қырға шығып қырындаған.
Жұмыс жоқ ер жігітке қиындаған,
сол жасқа келді, міне, Қазақстан,
топ үні басылған жоқ дуылдаған.
Партия бастап отыр халықты алға,
Шаттықпен шаруашылық шарықтауда.
Қалқа ақын, колхозыңды көре алмадым,
Жетістік, кемістігін анықтауға.
арман ғып, ақын Қалқа, танысуды,
айт дедің амандық пен табысыңды.
сұрасаң Жамбыл менің облысым,
Қалайша естімедің дабысымды.
Жамбылдың қоңыр тауы көлбеп жатқан,
өзен, көл сай-саласы сел боп аққан.
ақтылы қой, ақ бас сиыр айналасы,
ежелден момын елміз шаруа баққан.
Жайылған тау төсіне қойым семіз,
туады семіздіктен үнемі егіз.
Жаз жайлап аңырақай, сарыарқаны,
Құлжа мен Хан тауын да күзетеміз.
Қыстауым Қызылқұм мен түлкіліде,
Қыста мал қисаймайды бір түгі де.
Боз жусан, қызыл изен, жасыл еркек,
Шығады бие тойып бір түбіне.
есе бермес есдәулет,
домбыраны бұраса,
елдің жайы осылай,
тағы да айтам сұраса.
еліңді, Қалқа, таныстыр,
Жатармыз кейін сұраса.
100
Қазақ өнерінің антологиясы
Қалқа:
есдәулет, осы арада халық отыр,
Құлағын сіз бен бізге салып отыр.
Шырағым, бұлақ пенен малыңды айттың,
айтылмай бір әңгіме қалып отыр.
Қалқа ақын қандай сөзді сұрайды деп,
осы топ құлағын сап бағып отыр.
Жамбылдың жаңбыры мен желі қандай?
талас, Шу өзенімнің селі қандай?
Болып тұр біздің жақта құрғақшылық,
айдаған арпа, бидай егін қандай?
мал түгіл адамның да даруанасы,
Жеріңнің биыл шыққан шөбі қандай?
төтелеп, төпей бермей, турасын айт,
дәл биыл төрт түліктің жәйі қандай?
Есдәулет:
Көңіліме айтатұғын бір сөз келді,
Кейіннен салыстырам артық-кемді.
Келеді енді қызып бұл есдәулет,
Халайық, сыр шертейін тыңда, енді.
ақыным жақсы болды табысқаның,
Халықтың баяндайық табыстарын.
Қалқа ақын, қандырамын құмарыңды,
асығып жарғанатша жабыспағын.
түсемін түлкі болсаң қыран болып,
егер сен қасқыр болсаң – арыстанмын.
сен маған неше түрлі бердің сұрау,
Жөн болар домбыраны енді бұрау.
Көпшілік үлкен-кіші қарап отыр,
Байқаймын көңілдері бізді сынау.
ауаның білесің ғой құбылысын,
Байқадым ақын Қалқа, сөзге ұрысың.
астықтың жайын менен сұрай берме,
өзіңнің қандай күйде құрылысың?
101
Айтыс 4 ТОМ
орынсыз әзіліңе шыдамаймын,
Бекерге тағы сені сынамаймын.
сұрайсың жүн, жұмыртқаң толды ма деп,
Жұмыртқа алматыдан сұрамаймын.
орденді ерлерім көп сарысуда,
Қалайсың, Қалқа, барып танысуға?
үш рет ленин орден сыйлық алған,
ер бар ма ормановпен жарысуға.
сайланды екі мәрте депутат боп,
ерлігі елге үлгі боп ауысуда.
Және бар Көктеректе Жәнібегім,
ерлерім еңбегімен табысуда.
ей, Қалқа, тоқталарсың болса санаң,
есдәулет тірі есе бермес саған.
сарысу, талас малды екі ауданда,
орден мен медалі жоқ сирек шабан.
ал, ақын, кезек бердім табысыңды айт,
Қарт тарлан қалма аянып, болса шамаң.
Қалқа:
Бұл айтыс былтыр емес, биыл болды,
Қалқаға қартайғанда қиын болды.
Шыдамай шымшығанға есдәулетім,
Көп сөзің көкейіме түйін болды.
Бар қанша әркім болар гауһар тастай,
Әркім жақсы болмайды батыр жастай.
ананың екі емшегін емгеннен соң,
дүниеде пенде қалмас қателеспей.
Бір емес ақын, әнші, серіменен,
сөйлессе көңіл ашылар теңіменен.
сан жүйрік, сан тұлпармен танысқанбыз,
Жарысқан жүйрігің жоқ тегі менен.
есеке, мына сөзге шыдамадың,
Қалқаның халін сұрап сынамадың.
сұрадым Жамбыл жайын мен екі рет,
Қалайша алматыны сұрамадың.
102
Қазақ өнерінің антологиясы
Есдәулет:
Шабады қару алып батыр жауға,
Жүйріктен әркім сұрар ақыл-сауға.
сен сұрадың, мен толық жауап бердім,
ойладым шықпайын деп қарсы дауға.
не пайда сөзің жұртқа ұнамаса,
несі ақын сөзді тура құрамаса.
айтшы енді, өз жайыңды ақын Қалқа,
мен сұраймын сен екінші сұрамасаң.
талаймен мен де өзіңдей жарысқанмын.
Әлқадыр өз шамамша алысқанмын.
Халайық қартайғанда топқа салды,
ал, ақын, барың болса қарыштағын.
Қалқа:
домбыраны сөйлеткен,
он саусақтың саласы.
ақындарды сайратқан.
алматының қаласы.
сен – сұңқар да, мен – торғай,
абайлап бір қарашы.
Бұлбұл деген торғай бар,
сұңқардан кем бе бағасы.
Байқап сөйле, есдәулет,
тілеп алған аурудың,
табылмай жүрер дауасы.
Есдәулет:
мен әлі кемігем жоқ, үдемесем,
тиістің өзің неге тілемесең?
Кер кетіп кемпіріңнен қашар ма едің,
Бойыңнан қуат кетіп сен жүрмесең.
мені әлі тәуір көрер келіндерім,
Шақырса келін шайға ерінбедім.
Қауқарсыз қарттық жеңген жылуың жоқ,
Шынын айт, күйің қалай сенің бүгін?
103
Айтыс 4 ТОМ
Қалқа:
Бұл айтыс атамыздан қалған мирас,
сөйлесе тіл ауыздан шығар құлаш.
есеке-ау, әлі сенен шабыттымын,
Бұл өсек болғанымен түбі рас.
Бозбала едім бір күнде,
түнемейтін күнде үйге.
Қаратал, Көксу жерінің,
Қариясы болдым бұл күнде.
Қазынасы болдым елімнің,
атасы болдым келіннің.
есдәулет, сенен сақтасын.
Баса алмай жүрген желігін.
немере сүйдім жібіді,
Құдайға шүкір, ерінім.
Кемпірімнен жалықтым,
Келіндерден ұялдым,
Кер кеткем жоқ, шегіндім,
Көрінген соң немере,
Кемпір деген немене,
Баламды сүйіп бөліндім.
ей, Кенен мен есдәулет,
Келіндерді ептейсің,
Жал, жамбасқа жетпейсің,
Әр қыраға ат байлап,
тапсаң да жөнді өтпейсің.
азғырма мені, есдәулет,
өз жөніңмен кеткейсің...
естерің болса екеуің,
өздеріңді сөккейсің.
Есдәулет:
ежелден, ақын Қалқа, сырың мәлім,
мініңді мойындадың, бұрылмадың.
Күлдірген қылығыңды айтып тұрмын,
Желіктен мен де қашан тыйылғанмын.
дүние келеріңде сынаптайсың,
он жаста жарға ойнаған лақтайсың.
104
Қазақ өнерінің антологиясы
он бесте бала болып бәрің тегіс,
Кезінде тал шыбықтай бұлғақтайсың.
Жеткен соң жиырмаға жігіт болып,
Көргенде құрдасыңды қылжақтайсың,
отыз бесте тоқтайтын, ақыл тауып,
Көктемде көзі аршылған бұлақтайсың.
Қырықта қылшылдаған қылыштайсың.
елуде ерлер мінер құр аттайсың.
алпыста ақыл ауып, қайрат кеміп,
Әйтеуір ат жейтұғын құрақтайсың.
Жетпісте немереңді сылтау қылып,
Қалқаша кемпіріңнен жырақтайсың.
өмірі адамзаттың, міне, осындай,
сөзімді қалай, жұртым, ұнатпайсың.
Қалқа:
Бақ қонбай адамға адам бағынбайды,
Қызыл тіл сөйлегенде ағындайды.
осында үмбетәлі, Кенен отыр,
айт десең, тау суындай сарылдайды.
азырақ әзіл айтып көңіл аштық,
Шалдарға мұндай күн көп табылмайды.
айна алып өзіңе бір қарап көрші,
есеке, сонда көңілің қабынбайды.
Халайық, рақмет ықыласыңа,
ақындар осыменен дамылдайды.
1961 жыл.
КЕНЕН МЕН ЕСДӘУЛЕТ
Кенен:
Көсем адам сөз бастар,
Көпті көрген жол бастар.
Батыр адам қол бастар,
Көсем серке қой бастар.
ақын адам той бастар,
ал, тыңдаңдар, жолдастар!
Қордайдағы қос ақын,
Қозғамаса болар ма!
105
Айтыс 4 ТОМ
домбырасы – жан жолдас,
Қолға алмаса болар ма.
ұл-қыздарға үлгі айтып,
Жол салмаса болар ма.
Халық ақыны бұл көпке,
сөз салмаса болар ма.
ел алдында сол үшін
айтысқалы отырмыз.
Жетістік пен кемшілік
салысқалы отырмыз.
Көп алдында көсіліп,
Жарысқалы отырмыз.
сексен жасқа келгенде
тірескелі отырмыз.
Қоғам үшін қос ақын
Күрескелі отырмыз.
Жетістікті жырла деп,
Кемістікті сына деп,
домбыраңды бұра деп,
тапсырған соң келгенім,
Халқыма сәлем бергенім.
ардақты елім «ақтерек»,
ел-жұрты маған көп керек.
Қатар жатқан ауылмыз,
туысқан аға бауырмыз.
Колхоз, совхоз тілектес,
еңбекте бірге білектес.
ауылымыз аралас,
Қойларымыз қоралас.
даласы мен тауымыз.
өсірген елім мәпелеп,
Қызықты көрдім еркелеп,
асын ішіп, ат мініп,
түйелерді жетелеп.
тұзыңды ақтап айтпасам,
Қаларсыздар өкпелеп.
Жан жолдасым, есдәулет,
Шық майданға, жекпе-жек!
Әліңді білмей алыссаң,
мыжылайын желкелеп.
106
Қазақ өнерінің антологиясы
Қара бура секілді,
Жер тарпына күжілдеп,
Күзгі желдей уілдеп,
атты алысқа айдаса,
ал жарыстық төтелеп.
Қарабайыр сен едің,
Қазанаты мен едім.
Қашан маған тең едің?!
тұрып қалма күрсілдеп,
Жастан бірге жүрсек те,
айтысқанымыз жоқ еді.
Қалжың-әзіл болмаса,
Қағысқанымыз жоқ еді.
Келді міне, бір кезек.
Есдәулет:
Келсең кел, енді батыр, қоян-қолтық,
Шын жорға қамшыласа кетеді орғып.
осы жұрт рұқсат берді екеумізге,
тұрам ба шешінген соң сенен қорқып.
енді біз қызбалықты жыр айталық,
Қазыналы ұлан-байтақ жерді айталық.
мыңғырып кең далада сыймай жатқан,
төрт түлік асыл тұқым малды айталық.
сол шаруаға еңбек қып атақ алған,
үлгілі озат шыққан жанды айталық.
енді мен сөз бастайын тұрғын тыңдап,
Халқымыз қарап отыр бізді сынап.
Қасыма кәрі дауыл келді білем,
«мені айтқын», «мені айтқын» деп бәрі шулап.
Жайлаудың басы бізде Қасқабұлақ,
Жүз метр бар-ақ қарғып жатыр құлап.
ақтерек, ырғайты мен Жамантыдан,
Күмістей жарқыраған су сарқырап.
Жайылған сол жайлауға асыл қойлар,
ақша бұлт секілденіп будақ-будақ.
107
Айтыс 4 ТОМ
сол өрісте бес түлік мал өседі,
Қозы мен қой бірдей боп тең өседі.
Жүйріктің шапқан сайын қозар желі,
аянбай айқасудың келді кезі.
темірді қақтағандай қызып тұрған,
өзіне сенген батыр келсін бері.
Бастадық, міне ақыным, жарысуды,
Байқағын жібермеуге намысыңды.
Көп алдында әйгілеп айтып берші,
төрт түлік малдан алған табысыңды.
егістен қандай өнім алдыңыздар,
Көрейін, Кенен батыр, шабысыңды?!
Кенен:
«Киров» атты колхозым,
Жетпіс мың гектар жері бар.
егінге бай, малға жай,
тау мен дала белі бар.
төрт колхоздан құралған,
Бес жүз үйлі елі бар.
Қоңыр салқын Қордайдың,
дертке шипа желі бар.
Қордай батыр тарихта,
атағы асқан ері бар.
Бұл өңірдің қалыпты,
Баға жетпес кені бар.
сағасында салынған,
Шалқып жатқан көлі бар.
аққу, қазы саңқылдап,
Балықтары бұлтұлдап,
Қыз-бозбала ән шырқап,
Жолаушылар шомылып,
ары-бері тоғылып,
Жанға рахат лебі бар.
алма-өрігі жайқалған,
Бұлбұлдары сайраған,
Барған халық сауықтар,
Жұмыртқасы жұдырықтай,
ақ қайыңдай тауықтар.
108
Қазақ өнерінің антологиясы
осындай көркем жайыңды,
ақындықпен тауып қал!
Есдәулет:
ойладым енді саған танысуды,
мен айтайын көрсетіп табысымды.
Көрген соң совхозымның мол табысын,
Қоярсың мойныңа алып жарысуды.
Көрсетем шопандардың табыстарын,
ардақты еңбек адам данышпанын.
сыйлыққа үш мың үш жүз ақша алды,
еңбек еткен әйгілі арыстаным.
Көрсетем қой өсірген саңлақтардан,
Кімің бар Шәдікбектей ардақталған?
алтынмен жазған кітап алып отыр,
осындай шопан бар ма ел мақтаған?
тайыптың таң қаласың өрнегіне,
совхозға қандай табыс бергеніне.
отыз екі қозы алды қосымша ақы,
Көрнекті үздік шыққан еңбегіне.
Байжүніс пен Қапар да озат шопан,
Қолайлы шаруаға қандай маман.
Жиырма екі қозы алды ол да үстеме,
Бір бас шығын болмаған малы да аман.
ей, Кенен, бойыңды өлшеп өзіңді біл,
долданса құлаш болар бұл қызыл тіл.
табысын совхозымның білмеп пе едің,
Бетінде Құрмет тақта жазулы тұр.
Көрерсің тағы менен қызықтарды,
есекеңнің табаны қызып қалды.
одаққа ерке болдың жемісін жеп,
Колхоздың жағдайымен танысқың жоқ.
ауылдың жағдайларын шын білмейсің,
үйде бес күн тұрмайсың, өрісің көп.
109
Айтыс 4 ТОМ
Достарыңызбен бөлісу: |