1
Айтыс 4 ТОМ
ҚазаҚ ұлттыҚ өнер университеті
ҚорҚыт атындағы ғылыми-зерттеу институты
айтыс
IV
ТОМ
«Күлтегін»
астана
2014
2
Қазақ өнерінің антологиясы
ӘоЖ 821.512.122
КБЖ 84(5Қаз)-5
Қ 17
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін
басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді.
Жобаның авторы: М. Жолдасбеков
филология ғылымдарының докторы, профессор
Редакция алқасы:
М. Жолдасбеков (төраға),
А. Мұсақожаева, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, С. Негимов,
Р. Әлмұханова, Ж. Ерман, А. Әлтаев, С. Дүйсенғазин,
Ш. Қойлыбаев
Қ 17 Қазақ өнерінің антологиясы. 25 томдық. Құраст.
М. Жолдасбеков, С. Негимов. – астана, «Күлтегін» баспасы.
ISBN 978-601-7318-40-6
Айтыс. Т. IV. (Кеңестік кезеңдегі айтыс). – 2014. – 400 б.
ISBN 978-601-7318-44-4
Қазақ өнері антологиясының бұл томына 1957-1991 жылдары өткен айты-
стар енгізілді. Кеңес дәуіріндегі еңбек адамының дәріптелуі, өркендеген өндіріс
ошақтары, кеншілердің қажыр-қайраты, тың игеру жылдарындағы ел тынысы,
техникалық прогресс мәселесі айтыс жырларында кеңінен көрініс тапқан. атап
айтқанда, 1961 жылы өткен Халық ақындарының республикалық кеңесінің, Қазақ
сср-нің 50 және 60 жылдығына арналған республикалық айтыстардың материал-
дары ұсынылды.
«Қайта құру» жылдары мен Желтоқсан көтерілісінен кейінгі атамұра өнердің
жаңғыру кезеңінің басында тұрған е.Жақыпбеков, Ә.Қалыбекова, Ә.Беркенова,
Қ.Әбілов, Ә.Жанқұлиев, е.асқаровтардың айтыстары да хронологиялық тәртіпке
сай осы томға еніп отыр.
антология консерваторияның, өнер университеттерінің, өзге де жоғары оқу
орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыка мектептерінің мұғалімдері
мен оқушыларына, айтысты зерттеушілерге, сондай-ақ, қазақ өнерін қастерлейтін
қалың оқырманға арналады.
ӘоЖ 821.512.12.2
КБЖ 84 (5Қаз)-5
ISBN 978-601-7318-4-4 (т. IV.)
ISBN 978-601-7318-40-6 (ортақ)
©
«Күлтегін» баспасы, 2014
©
М. Жолдасбеков
©
С. Негимов
3
Айтыс 4 ТОМ
БІРІНШІ БӨЛІМ
(1957-1969)
4
Қазақ өнерінің антологиясы
ФАЙЗОЛЛА МЕН ӘБІЛАХАТ
Халық ақыны Шаймерденнің айтысты ашқаны:
атақты болмасам да артық, озық,
дүбірге шыдамадым арқам қозып.
міне, отыр облыстың саңлақтары,
Бәйгені алатындар басып озып.
Бас иіп сәлем бердім ақындарға,
мұндайда қызбай қалар ақын бар ма?
Күріштің сушысы едім совхоздағы,
мінеки, мен де шықтым сахнаға.
ардақты ақындықтың ақтап атын,
терең ой, сөз маржанын ақтаратын.
Кел, енді, ағызайық жыр бұлағын,
есіткен ел сүйсініп шаттанатын!
Шырынмен секілденіп ауыз шайған,
сұңқардай көкке самғап қанат жайған.
ой, қиял, сенен де ұшқыр зат бар ма екен,
Бір сәтте хабар алған аспанда айдан?!
Кел, енді тұғырыңа қайта қонып,
теңіздің тереңіне сүңгіп шомып.
не көрдің, нені білдің, сал ортаға,
төреші төрт жағыңа бірдей болып.
ашылған тыңнан қоныс «тағай», «Боздақ»,
Қой қоздап, жатыр қаптап түйе боздап.
Бал бұлақ, шөбі шүйгін, ен жазира,
Әркімді-ақ ақын қылар ойды қозғап.
«Шыбынтай»,«Босағақұм» – Қызылдағы
1
,
тірілді қан жүгіріп Қызыл жаны.
тағысын табиғаттың бағындырып,
аталды меңгеріліп «Қызыл бағы».
1
Қызыл – қызылқұм.
5
Айтыс 4 ТОМ
«Жаутөбе» өзбекпенен шектеледі,
Жайылған сан мың малы көк төсегі.
Бүгінде «Жаутөбе» емес, «Бейбіттөбе»,
Жәннат боп жайған гүлдей кетті есебі.
Пірман қарт «Белқұдықтың» басындағы,
Көгерген қолдан еккен жасыл бағы.
өзі қарт жетпіс үште болса-дағы,
Әлі жас жиырма бесте асыл жаны.
Күн батса, электрі жарқыраған,
Көшеде жайдары жүз, жарқын адам.
айнала алтын қазына, есік ашық,
елімнің сүйсінгендей салтына жан.
алқапты ақ күрішті төңірегі,
Құлпырған масатыдай өң, реңі.
Күрішін Қызылорданың бір жерге үйсек,
асқақтап алатаудай көрінеді!
ақындар, жаңа ашылған тыңды жырла!
Қылыштай кесер алмас шыңды жырла!
Келтірген елдің көркін, жердің көркін,
Қасиетті толқып аққан сырды жырла!
табысқа мақтанамын, шаттанамын,
аспанға көтеріліп кетті адамым!
табыс бар асқар таудай тағы алдыңда,
Көркейтер көркі болып астананың.
Кіршіксіз болсын ақын таза көңіл,
тербетіп жан бесігін барады өмір.
мақсатқа коммунизм қол жеткенше,
Шалқысын, толсын нұрға салалы өңір!
Файзолла:
Жайылып жатыр далаң дастарқандай,
Қарсы алған құшақ ашып достар қандай!
Жайдары, ғазиз жандар мінездері,
Әлемге нұр шапағын шашқан таңдай!
6
Қазақ өнерінің антологиясы
Қармақшы маған таныс қарт пен жасың,
оларды көрсең қайтып шаттанбассың?!
өйткені, біз егіздің сыңарындай,
Бірге емдік сұлу сырдың ақ мамасын.
Жасымнан бауыр басқан бұл мекенім,
Жұртқа аян – өскен ұлың бірі екенім.
сондықтан қасиетті Қармақшы – ана,
мен сені жарқылдата жыр етемін!
айтпақшы ақын қайда Әбдікәрім¹,
Көп таттық өлеңінің тәтті нәрін.
ез бар ма, ерлер бар ма ел ішінде,
Әбекең түк қалдырмай айтты бәрін.
Қармақшы мекені бұл ақындардың,
Әрине білесіздер атын бәрің.
оқысам омар, Жүсіп, Базарларды
2
,
арманның асқарына шарқ ұрамын!
Әбілахат:
төрт түлік малды ауылдың өрісінде,
алтын дән ақтарылған еңісінде.
Жырлайды Қазалыны мақтан етіп.
Әр ақын, әрбір малшы сол үшін де.
малшым бар ел сенімін ақтайтұғын,
диқан бар егінші арын сақтайтұғын.
Жастар бар жалын оты жүрегінде,
ерлерше етер еңбек, таппай тыным.
ақын бар жүлде аларлық суытты ерен,
соңынан мен де бүгін қуып келем.
Па, шіркін, ақын жаны сезімтал ғой,
іркілмей жазды неше уытты өлең.
1
Әбдікәрім Оңалбаев (1900-1963).
2
Омар Шораяқов (1878-1924), Кете Жүсіп (1871-1927).
Базар жырау (1842-1911) – Сыр бойының белгілі ақындары.
7
Айтыс 4 ТОМ
Бәйекең
1
Қазалының майталманы,
демейді ешкім: «сөзін айта алмады».
ақылшы сөзге шебер ақын аға,
отыр ғой ортамызда жайсаң жаны.
Жырлаған сонау заман дүлейінде,
Ән қандай асқақ еді, үрей үнде!
ерімбет
2
жүзден жүйрік аталынды,
«сымбатты сырдың сұлу сүлейінде
3
».
Жер бетін аймалайды таң самалы,
Әркімнің осы еді ғой аңсағаны.
Қазалы, Қармақшының жайлауы бір,
Қырлы алап төрт түліктің майса жалы.
достарға Қызылқұм мен Қырдан сәлем,
алқабы ақ күрішті сырдан сәлем!
Белгілі тұрмағамбет, Жүсіп, омар,
Кейінгі тастап кеткен жырдан сәлем!
Бәріңе ізгі тілек алып келдік,
адал ой, ақ жүректен жарып келдік.
Жарыстас Қазалының қалың елі,
сыртыңнан табысыңа қанып келдік.
Файзолла:
ақын дос, Қазалыны араладың,
сүйсініп жырға қостың бар алабын.
Қол соғып қуанышпен құттықтадың,
үлгісін әсемдіктің тарағанын.
Құба жон, құмайт дала Қарақұмда,
Электр жарқыраған қала барын.
мұнтаздай киініп ап оқып жүрген,
ардагер малшы, шопан балаларын.
Көрдіңіз: «Бозкөл», «ленин», «Байқожада»,
орнаған мәдениет салаларын.
1
Бәйекең – Байназар Өтепов, Қазалы ауданында тұратын халық ақыны.
2
Ерімбет Көлдейбеков (1844-1916) – Сыр бойының белгілі ақыны.
3
Халық ақыны Қуаныш Баймағамбетовтың жұртқа кең жайылған шығар-
масы ның аты («Пернедегі термелер», А.,1965, 87-92-б).
8
Қазақ өнерінің антологиясы
Қызығып ақ ниетпен риза болды,
мұзарап, Шаймердендей
1
ағаларың.
өзің-ақ, айта қойшы, Әбілахат,
назарлап бұған неғып қарамадың?
Қазалым қандай сұлу сәнді қала,
сүйетін ұлы думан, әнді ғана.
аққудай тізіліскен ақша құздар,
Қарайды тамашалап таңды мына!
сіміртіп, жұпар иіс бал ауасын,
табиғат игі анадай қалды тына.
Жайқалған, тал-терегі, алма бағы,
Жастарды жайраң қағып алды ығына.
Бұрқырап жатса шаңы кешелері,
Қараңыз, қазір қандай көшелері?!
сан құрыш салтанатты сұңғақ үйлер,
Күн санап тұлғаланып өсе берді.
ғажап-ау, әсіресе, жазды көрсең,
Қоңырқай самал желі есер еді!
Киноға барғың келсе, клуб анау,
орнаған өнерпаздың неше өнері.
Қармақшы тым-ақ кедей көк дегеннен,
талдары биыл тіккен көктемеген.
Бұл–дағы әсемдіктің бір белгісі,
«Әншейін, жалбыраған шөп» дегенмен.
Бастығы поссоветтің мұны сезбей,
тал-терек тұрғындарға ек демеген.
ағашты көше сайын отырғызып,
Жайқалтып өсіруге беттемеген.
дегенді: «Қол тимейді», желеу етіп,
Басшылар көңіл бөлмей кеткен екен.
ақыным кәне, осыған жауап берші,
ұмытқан қала сәнін неткені екен?
екі-ақ күн болып едім қонақ үйде,
Білдің бе түскенімді қандай күйге?
1
Мұзарап Жүсіпов, Шаймерден Шегебаев қармақшылық халық ақындары.
9
Айтыс 4 ТОМ
аз ғана сын айтамын осы жайда,
мейлің сүй, ақын досым, мейлің сүйме.
Бөлмені қара суық жайлап алған,
Көмірді қайда апарып пайдаланған?
түн бойы дедек қағып, дірілдедік,
Жылытса басшылары қайда қалған?
Шалдығып жол жүрсем де күніменен,
ұйқы жоқ, өлең жаздым түніменен.
«тынықсам бірер сағат» деп-ақ едім,
Жағдай ғой талап еткен мұныменен.
Шыққанда кім ойлапты қонақ үйді,
осындай болады деп шыныменен.
Болды екен неге мұндай айтшы, құрбым,
Білейік бар екенін қандай сырдың?
Әбілахат, елдің сенген ақынысың,
тілімен баяндап бер отты жырдың.
Әбілахат:
айтулы болмасам да асқақ ақын,
менің де ретім жоқ жасқанатын.
«сүлейлер» туып өскен елден келдім,
Қомдап ап жыр-сұңқардың қос қанатын!
елім бар ақ алтынды үйіп жатқан,
Жерім бар көк барқытты киіп жатқан.
Жастар бар аса жарқын жүрегінде,
интернационалдығы сыйып жатқан.
аулымда мәдениет тасқыны бар,
Әр үйде бақытты елдің дәстүрі бар.
саналы әр семьяда жеміс бағы,
Қоймада көптен жиған астығы - бал.
сәулетті болашақтың ұл-қыздары,
аттанды табыстан тау тұрғызғалы.
еңбектің коммунистік екпінінен
Жарқ етті шамшырақтың жұлдыздары.
10
Қазақ өнерінің антологиясы
теп-тегіс нұрға біткен алтын аймақ,
«сыр» жатыр ортасында шалқып, ойнап!
Балауса, балғын шөптен асар соғып,
малшым жүр келер қыстың артын ойлап.
Көрсеңіз малды ауылды «тағайдағы»,
Бір жылда-ақ гүлге оранған «тағай бағы».
Қалайша үлгі алмайды осы жайдан,
«Қазалы» совхозы сол маңайдағы?
саламын ортаға әкеп көптің сөзін,
Шындықты дәлдеп айтар жетті кезім.
ауданым қарқынды іспен тұрғызуда,
Бақытты болашақтың «көк күмбезін»!
Жерім бай, жемісім мол бақшадағы,
Көктемде қандай көркем ақ сабағы!
екпепті Қазалының көп колхозы,
Көшетін бізбен бірдей тапса-дағы.
ауылың бар мақтан етер тал-шыбығын,
ешкің жүр мойнына артып бар шығынын.
Көп жерде бойы түзу көшең де жоқ,
есіңе сен де осыны алшы бүгін!
Жарқыным, қонақ күнде қонып жатса,
Жылытармыз күзде кісі тоңып жатса.
ал, қане, айта қойшы, қалай екен,
өзіңнің қонақ үйің оңып жатса?
лайға айналасы бөгіп жатса,
Күл-қоқыс қорасына төгіп жатса,
«Шым үйден, көрінбе» – деп меймандарға,
Қайтер ең кезекшің кеп, сөгіп жатса?
Көңілсіз ол үйіңде қап-қараңғы,
өзіңнен көрсең тәуір артпағанды,
тез түзе, ақын досым, келсе әлің,
Көріксіз, лай кешкен, «қарт қалаңды»!
11
Айтыс 4 ТОМ
айтысқа болмасам да баста маман,
ақынмын да бір ауыз сөз тастамаған.
Файзолла, осыдан-ақ аңғарарсың,
Бірісің сен де өлеңге жас жаны алаң.
Файзолла:
дұрыс қой кемшілікті сынағаның,
Әрине, шындық болса құп аламын.
ойда жоқ ол қылықтың бетін ашсақ,
мен оған сүйсінемін, қуанамын.
ал, бірақ, асыра айтсаң ренжимін,
«Япыр-ау, қайткені, - деп, бұ баланың?».
ақын ең әрі сыншыл, әрі сыршыл,
ондайдан әзірше жоқ түк алаңым.
айта бер, қанатыңды еркін қағып,
Көңіліңе «қолайлы» деп ұнағанын.
Қадірлі, Әбілахат, замандасым,
Көпке аян, сендей құрбы таба алмасым.
Әйтсе де, көзім көрген кемшілікті,
Жасырып, жаба тоқып қала алмаспын.
Қылмысты Қасымбеков төлегенге,
сермеймін жалын жырдың ақ алмасын.
Болса да кіші өзінен жарым жасы,
Кінәсіз несібелі қарындасты,
еріксіз әйел етпек ойда болып,
аяққа адамшылық арын басты.
аяусыз жас қанатын қайыруға,
Қиды екен қалай ғана қарлығашты?
сүймеген несібелі наразы боп,
аузынан «аһ» деген де жалын шашты.
ақыры өз үйіне қайта оралып,
төлеген санасының шаңын басты.
Көрмедік зорлауменен сүйіскенді,
осылар көзге неге шалынбас-ты?
ал, енді, ақын досым, өкпелеме,
«орынсыз олқылықты төкті» деме.
Халқымыз ғазиз жанды болсын десек,
айтпаймыз кемшілікті бетке неге?
12
Қазақ өнерінің антологиясы
сырларын аманкелді жігітіңнің,
Бермейсіз түсіндіріп көпке неге?
үйленіп тынышгүлдей жап-жас қызға,
ұяттан ада болған неткен неме?
ақыным, сіз айтпасаң, біз айтайық,
Бар әлі... осыменен шектеле ме?
Қапсанов қызға үйленді он бестегі,
Қараңыз сұмдық ойлап ол не істеді?
Көндірген алдап-арбап Кеңескүлді,
Жан болса ақыл қосар, көнбес те еді.
сондағы комсомолдар комитеті,
Бұл жайды алдын ала білмес пе еді?
Болар іс болып қалып қапияда,
«ақырын күтейік» деп үндеспеді.
ауылыңда ақын құрбым, Әбілахат,
Қылықтар кездеседі осындай жат.
Әлгідей өрескелдік көзге түссе,
Кімде-кім өкінеді басын шайқап.
ұятқа қалың көпті ұшыратпақ,
мұндайды жүрмесеңіз, досым, байқап.
Әбілахат:
Шарқ ұрып шабытты ойлар жарысқанда,
от жүрек, өр кеуделер тоғысқанда,
арнайы асқақ қиял қағысқанда,
ақындар оңай, сірә, ұғысқан ба?
Әркімнің досқа тартар сыйы бөтен,
«Жолдас» деп сын айтпау да қиын екен.
Файзолла неде болса кездестік қой,
өзіңдей нөсер сөзбен құйып өтем.
Жат қылық болса ақын сөз етпегің,
өзіңде жоқ па, неге безектедің?
Бізде олар әлдеқашан «сыйын» алған,
Болмаса тағы сондай кезектегің.
мен айтсам «энгельстіктер» бастамасын,
Көтере даусыңды сен қостағансың.
13
Айтыс 4 ТОМ
ал, көрші: «мұратбаев», «Қызылтуға»
айтыңдар, ауырсынып тастамасын!
менде ме, сенде ме тал көктемеген,
сөзің бе әлде өзіңе өкпелеген?
Көрсең де бақтарымды, бір айтпайсың,
Біз бе едік саған жеміс екпе деген?
Көтердің «кәрі» талды дәл иектен,
отыр ғой әр түбінде әр үй еппен.
Қарағаш, қайың, терек бары рас,
оларды баяғыда ғани еккен.
Жақсы ғой өз қалаңды мақтағаның,
Кей жерге мен де арнайы тоқтағанмын.
сәнге сән, кеміне өткір сын айтуды,
өзіңдей мен де артқа сақтағанмын.
Көшеңде асфальт та бар, батпақ та бар,
сәні әзір көрінбейді жат таң қалар.
Қой, достым, көп айқайлап, даурықпашы,
Бір-екі құрылысың да тоқтап қалар.
Кей көшең жатса-дағы шырайланып,
Бауырына тартты көп жер лайланып.
«арқырап» алып күшті автобустар,
Шыға алмай ортасында тұр айналып.
ақын, дос, кітап ақын, кітап дана,
айтатын көргенімді сыр ақтара!
Баяғы «Жетібайдың жер кепесі»,
айтшы өзің, қай колхозда кітапхана?
Жаңылдың ауыз судың есебінен,
Басшың жүр «водовоздың» өсегімен.
Жете алмай жолда қалды аяп қарттың –
арбасы су тасыған есегімен.
Халқыңыз суға тапшы, барып көрсек,
Жағдай мол, жоспарыңды алып көрсек.
14
Қазақ өнерінің антологиясы
Жарыстас, қатар жатқан аудан едік,
Қайтер ед «водокачка» салып берсек?
осындай сынды көрсем жасырмаймын,
Жағдайшыл, жарамсаққа бас ұрмаймын.
ақын дос, мақтанудың реті бар,
Құр босқа даурықпаңа қосылмаймын.
Файзолла:
мен өзім көпшілікке сыр сақтаман,
Жігітпін шындық сөйлеп, жыр баптаған.
Әшейін, қуыс кеуде біреулерді,
Жан емен, дабыра ғып құр мақтаған.
ойлашы, қалай ғана жырламассың,
ұстазды алғыс алған ұрпақтардан.
Әлмәмбет, Жұмамұрат, Жәлкен, Шәріп,
еш адам қызметінен кір таппаған.
ақ ниет адамзаттың баласы үшін
мәңгілік жүрегіне нұр сақтаған.
мектепте ширек ғасыр ұстаздық қып,
Баяғы қарқынынан бір қайтпаған.
ұл-қызы қыр гүліндей толқып өссе,
Көңілін қай адамның марқайтпаған?
сақтаған ар-намысын мектептердің,
ұстазды Қармақшыдан көптеп көрдім.
Балалар білім нұрын жарқыратып,
мәуелеп жемістері көктепті ердің.
Балапан қанаттанып ұшып жатса,
Барлығы нәтижесі төккен тердің.
алайда, аздаған бір кемшілікті,
Баршаға келіп отыр жырлап бергім.
Баланы айыратын анасынан,
ананы айыратын баласынан.
Білесің, арақ дейтін әзәзіл бар,
аздырған асып кетсе қанасынан.
табылса өкінішті-ақ ішушілер –
мұғалім, тәрбиеші арасынан.
дәлірек болу үшін лебізіміз,
Фактілер келтірейік тағы осыған.
15
Айтыс 4 ТОМ
абытов безектеген арақ іздеп,
«айда, жүр, асханаға барамыз!» - деп.
Балалар ду күледі оны көрсе,
«ағайды, ана жүрген қараңыз!» - деп.
ішуді Бөрібаев қойды ма екен,
тағы да бір «ақ басты» сойды ма екен?
ғазизов, ахметов, ысқақовтар,
Қойыпты-ау ішкіліктен ойды бөтен.
Береді қалай үлгі ұрпақтарға,
ұстаздық абыройды жойды ма екен?
Халықтың халі қалай «наурызбайда»,
ондағы ақша ұрлаған дәрігер қайда?
алдамшы Колыганов деген біреу,
Қалаға шошқа сатып тапқан пайда.
ауданда бас дәрігер Құлмұратов,
зер салып тұрмайды екен осындайға.
Әндетіп Ковалевін тағы кетті,
Бұл қалай болды деп ел шошымай ма?
ол жалған дипломды қайдан алған?
Байқатпай кете берсе тосын айла.
ақыры неге соқпақ бұл қылмыстың,
алдымен, ақын досым, осыны ойла.
Әбілахат:
Шындықты дұрыс, досым, бүкпегенің,
Жалған сөз мен де сенен күтпегенім.
Қалайда, ретсіздеу: «түйе үстінде
отырып, жердегіге бұқ» дегенің.
Келіпсің өз кеміңді жауып қана,
Көрсетіп Қазалыңды «сауық қала».
Піржан мен тілеубаев дегендердің,
мектеп деп жүргендері «тауық қора».
ойнақшып елден бөлек «үркерлене»,
сенде де көп қой «сылқым» бір көрмеге.
Көптілеу соның бірі «Жаңайдағы»,
ұятын, арын сатқан селтең неме.
16
Қазақ өнерінің антологиясы
үш бірдей жас баласын қиып кетті,
Жемістің қылмаңына бұйып кетті.
адамдық ар-ожданы, қасиеті,
Құзғынның уысына сыйып кетті.
осындай «әбжылан» көп ойнақтаған,
Қиянат қарттарға да ойлапты адам.
ақ шашты, әзиз жаны сүйретіліп,
Қайтерсің, соққы көрсе ардақты анаң.
Бұрын да болғаны анық, жария осы,
түңілген халқыңның жас, қариясы.
сабаған: «дәрі ішіп, алжыды» деп,
анасын ысмағұлдың мәриясы.
Кезекпен өтіп жатыр айлар епті,
сенде де осындай көп жайлар өтті.
өзі жас, өзі оқушы, осы жазда,
тоғыз қыз бір мектептен қайда кетті?
Күйеулер «ұрын» кеп жүр қалыңдыққа,
түйе мен биелер жүр «қалыңдықта».
сонда да төрт әйелін қоя берген,
сырғатай тимей кетті сағындыққа.
гүл еді ол, биыл ғана он бестегі,
сақалды кәрі шалға көнбес те еді.
түрткіден оқу тастап, қашып кетті,
мал-жанды, әкесін де көрмес тегі.
Әбенов, өміртаев аш болды ма?
тал түсте дүкен тесті мас болды да.
асанов, Қанасовтар күріш ұрлап,
ұрлыққа жол бергізді бас болды да.
Қайтесің, арамтамақ мұратыңды,
Қасқырдай көрінгенге тұра ұмтылды.
нұғыман, Әзберген мен Қаракеден,
«маскүнем» деген жайсыз сыр ашылды.
17
Айтыс 4 ТОМ
Жерің аз, маған досым, ұнап жатқан,
сақшың кем, жөнсіз істі сұрап жатқан.
Көрдің ғой осы жазда милицияңды,
мас болып, төбелесіп, құлап жатқан.
Бұларға не айтар ең, ақын досым?
түзеуге мен де азырақ ақыл қостым.
сынға сын, сыпайыға нәр бергендей,
Қабыл ал, бұл тілегін жақын достың.
Файзолла:
Кім білмес Жұмагүлді аралдағы,
рулін трактордың ол алғалы.
ел үшін еңбек етіп, терін төгіп,
атағы өлкемізден таралды әрі.
Қалыспай Бағдагүл мен Күмісай қыз да,
Қайыстай жерді тіліп барады әні.
Бұл қыздар отан-ана жүрегінен,
өзіне жылы мекен табады әлі.
еңбекке кілең жастар аттануда,
тұрмай ма Әбілездер мақтануға?
орынбай, Көшербай мен Әли достар,
табысын туған елге ақтаруда.
Күресіп коммунистік еңбек үшін,
Жеңістің зор дабылын қақты ауылға.
ақыным, болса осындай өрен жасың,
Баяндап жүйрік тілмен айт қауымға.
Кемшілік болса жастар арасында,
амал не, тура келер тоқталуға.
Бижұма жап-жас жігіт «Калининде»,
Жүр ме екен еңбек етпей әлі күнге?
Қоғамның жұмысына қайда барсын,
төрт сиыр, тоғыз қойдың әлегінде.
Күйбеңдеп, мал қайтарып жүргенінде,
Қалың ел аттанады бәрі егінге.
Бұл күнде Бижұма жүр шаруа жайлап,
мәз болып бақшасының пәлегіне
1
.
1
Пәлек – қауынның сабағы, жапырағы.
18
Қазақ өнерінің антологиясы
Қармақшы еш міні жоқ аудан болса,
ақыным, айта қойшы, кәне, бұл не?
аймырза, тен, нұрбаев, Шарапаттар,
өзінің шаруасын қырағаттар.
саятшы серісіндей баяғының,
Қорада қаңтарылып тұрады аттар.
Қоғамға бір тамшы да пайдасы жоқ,
Қайлықта қандай ғана рахат бар?
демей ме осыларды арамтамақ?
ойлары халықты да бар алдамақ.
өтірік бірі ауру, бірі сырқау,
Жүреді пайдасына жалаңдап-ақ.
Көп үшін еңбек етер азамат боп,
өздерін енді қашан адалдамақ?
аз ғана сөз етейін Қиназарды,
Қиназар көрген екен көп азарды.
аяулы анасы оның ардахан қарт,
сыр айтпай баласына көп сазарды.
Келіні зүбайрадай қатал адам,
айтуға көрген ісін бата алмаған.
ақыры ардаханды келіні ұрған,
аузына келген сөзін аталаған.
үстіне келіп қалған баласы да,
Жол таппай, не істерге қапаланған.
оған да бес тырнағын түгел салып,
«Кәнеки, сотқа жүр?» деп шаталаған.
өз бетін өзі жыртып, ойбай салып,
Әйтеуір, сүйегіне тақамаған.
ақыры ардаханды қуып шықты,
«осылар не істейді, – деп, – нақа маған?».
Бір кезде нәресте едік қол басындай,
ана ғой адам еткен бізді осындай.
Кімде-кім сыйламаса ұлы ананы,
адамдық қатарынан шық, қосылмай.
Болыпты осы оқиға Қармақшыда,
19
Айтыс 4 ТОМ
есітсе тұрар еді кім шошымай?
Бұл сыным, ойлағанға қатты батар,
ақын дос, кетермісің бір тосылмай?
Достарыңызбен бөлісу: |