Титульный лист программы
дисциплины (SYLLABUS)
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.4/19
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова
Кафедра «Производство и стандартизация строительных материалов»
ПРОГРАММА ДИСЦИПЛИНЫ (SYLLABUS)
Павлодар, 2013
Лист утверждения
программы дисциплины
(Syllabus)
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.4/19
УТВЕРЖДАЮ
Декан АСФ
__________ М.К. Кудерин
«___»__________20___ г.
Составитель: __________ ст. преподаватель Абильдинова Г.К.
Кафедра «Производство и стандартизация строительных материалов»
Программа дисциплины (Syllabus)
для студентов очной формы обучения специальности 5В010700 «Изобразительное
искусство и черчение»
Программа разработана на основании рабочей учебной программы, утверждённой
«___» ___________ 20___ г.
Рекомендована на заседании кафедры от «___»___________20___ г.
Протокол №____
Заведующий кафедрой __________ Станевич В.Т. «___» _________20___ г.
Одобрена учебно-методическим советом архитектурно-строительного факультета «___»
___________ 20___ г. Протокол № _______
Председатель УМС ___________ Жукенова Г.А. «___» __________ 20___ г.
1. Паспорт учебной дисциплины
Наименование дисциплины: профессиональный казахский язык
Дисциплина вузовского компонента
Количество кредитов и сроки изучения
Всего –2 кредита
Курс: 2
Семестр: 3
Всего аудиторных занятий – 30 часов
Лекции - нет
Практические /семинарские занятия – 30 часов
Лабораторные - нет
СРС – 60 часов
в том числе СРСП – 15 час
Общая трудоемкость - 90 часов
Форма контроля
Экзамен – 3 семестр
2. Предмет, цели и задачи
Предмет дисциплины: дисциплина профессиональный казахский язык
составляет основу языковой подготовки, позволяющих общаться и читать литературу
по профессии на разных языках.
Цель преподавания дисциплины:
формирование компетенции
профессионального общения на казахском языке студентов групп с русским языком
обучения на основе учета языка специальности.
Задачи изучения дисциплины:
Основными задачами изучения дисциплины является:
- изучение казахского языка как средства профессионального общения;
- освоить казахский язык как средство делового общения;
- обогащение знаний студентов энциклопедическими и интеллектуально-
культурными сведениями о специальности.
3. Требования к знаниям, умениям, навыкам и компетенциям
В результате изучения данной дисциплины студенты должны:
знать:
- лексико-грамматический строй речи казахского языка;
- - языковую систему и стилистические ресурсы на лексико-грамматическом
уровне;
- - язык специальности (терминологический минимум, минимум речевых тем);
- язык и особенности делового общения (лексико-грамматический минимум,
минимум этикетных формул и правил, типы и виды служебных документов);
уметь:
- анализировать языковые и стилистические средства;
- вести служебно-деловые беседы, переговоры;
- создавать тексты научного, делового, публицистического стиля;
- строить высказывания-монологи в рамках языка профессии и специальности;
иметь практический опыт:
- употребления языковых средств в общении;
- строить стратегию общения для достижения успешной коммуникации;
- правильно оформлять официальную служебно-деловую документацию.
быть компетентным:
– в диалогической и монологической речи на казахском языке в
устной/письменной форме.
4 Тематический план изучения дисциплины
Распределение академических часов по видам занятий
№
п/п
Наименование тем
Количество
аудиторных
часов по видам занятий
СРС
лекции практиче
ские
(семинар
ские)
лаборато
рные
студийн
ые,
индивиду
льные
Всего
в том
числе
СРСП
1
Тема 1 Байланыстырып сөйледің
кейбір
психологиялық
педагогикалық
және
лингвистикалық ерекшіліктері
-
5
-
10
2
2
Тема 2 Кәсіби тілдің негізгі
ұғымдары
5
-
10
3
3
Тема 3 Кәсіби тілдің стиль
нормалары
-
5
-
10
3
4
Тема 4 Терминдік сөздер. Кәсіби
тілдің мазмұны, құрамы
-
5
-
10
2
5
Тема
5
Кәсіби стильде
мәдениетті сөйлеу
-
5
-
10
2
6
Тема 6 Кәсіби кездесулер, оған
қажет коммуникативтік дағдылар
-
5
-
10
3
Всего:180 (4 кредита)
30
-
60
15
5. Список литературы:
Основная
1) Бектұров Ш. К., Бектұрова А. Ш. Казахский язык для всех. – Алматы :
Атамұра, 2008.
2) Бектұров Ш. К. Қазақ тілі. – Алматы : Атамұра, 2009.
3) Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. – Алматы : Арыс, 2007.
4) Франк В. Ю. Қазақ тілі жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған.
– Алматы : Болашақ балапандары, 2009.
5) Зейнулина А. Ф., Рахимжанов К.Х., Акошева М.К. Практический курс
казахского языка для стройтельных специальностей. Учебник. – Павлодар, 2003 – 241 с.
Дополнительная
1) Зейнулина А.Ф., Балпанов Н. М. Кәсіби-іскери қазақ тілі. - Павлодар, 2007.
2) Зейнулина А. Ф., Жұмабаева З. Е., Шаһарман Ә. П., Пазыл Ә. Қ. Іскери-кәсіби
қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. – 2009.
3) Зейнулина А. Ф. Кәсіби қазақ тілі : ақпараттық жүйелер, информатика. -2012.
4) Төлеуп М. М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту : оқу
құралы. - Алматы, 2005.
7. Содержание практических занятий – 30 часов
1 апта
БІРІНШІ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Байланыстырып сөйледің кейбір психологиялық
педагогикалық және лингвистикалық ерекшіліктері»
Грамматика:
Заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі
Сабақтың мақсаты: кәсіби мәтін бойынша студенттердің сөздік қорын молайту,
берілген ақпарат бойынша танымдық қабілетін арттыру, терминдермен таныстыру,
игеру және сөйлеу қабілетін арттыру, оларды сауатты жазуға дағдыландыру
1. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырыңыз.
Жобалау, салу, кешен, таңдандыру, күйдірілген кірпіш, сом тас, капитель (колоннаның
үстіңгі бөлігі), ордер (колонна тәрізді бағаналардан құралған композиция), ғибадатхана
(храм), тоғысу, құрылыс қаңқасы.
2. «Салу» етістігінің түрлі контексте қолданылуына сөйлем жазыңыз.
Үлгі: Хат салу; жол салу; су салу; көз салу т.б.
3. Мәтінді оқыңыз.
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру
өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни «құрылысшы»
деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік
ортасын қалыптастырады. Олар адамның әр түрлі қажеттіліктерін атқаруға арналған
және оның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын
үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер.
Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат
баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Ніл, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен
өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай
сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді.
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан елдің
бірі – Грекия. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік
архитектураға қосқан бір жаңалығы –
архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе
бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың
өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана,
ал олардың ұшар басы «капитель» деп аталады.
Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Римнің таңқаларлық
құрылыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда «ордерлер
жүйесі» қолданылды.
Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын
алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман
стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом
соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды.
Ал, Готика стилінің ерекшелігі – оның құрылыс композициясы жоғары созылып,
салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп
ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында
салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ
азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-
жартысы – 13 ғасырдың басы). Соборға бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде
готикаға тән ерекшеліктер сақталған.
Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы
(1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған.
Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің
қайта жаңғыруы деп қарауға болады. яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның
алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр
жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана
алған.
4. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап жазыңыз.
1.Сәулет өнері қандай өнерлерді тоғыстырады?
2. Мәтінде сәулет өнерінің қандай стильдері жайлы сөз болған?
3. Әр стильдің бір-бірінен айырмашылықтары бар ма?
Грамматика: заттың, құбылыстың пайда болу фактісінің берілуі
(обозначение факта возникновения/исчезновения предмета, явления, состояния)
Назар аударыңыз!
Пайда болу фактісі пайда болу, көріну, құрылу, қалыптасу, орнау (глаголы
обозначающие факт возникновения) сияқты етістіктерімен беріледі. Олар субъектінің
көңіл күйінде, ойында бір нәрсенің пайда болуын пайда болды, ой туды, оянды,
орнады, қалыптасты т.б. етістіктермен береді.
Мысалы: қызығушылық пайда болды, ой туды, сенім пайда болды, үміті оянды,
күдік туды /пайда болды, пікір қалыптасты.
1-жаттығу. Пайда болу фактісін білдіретін етістіктерге назар аударыңыз. Өзіңіз
мысалдар жазыңыз.
Органикалық заттар Күн энергиясының негізінен
пайда болады.
Лингвистикалық университет шет тілдері институты негізінде құрылды. Бұлт судың
булануынан пайда болады. Күлтегін жазуы ІV ғасырда пайда болды. Аспанда ай көрінді
(появилась). Шахмат ең алғаш Индияда пайда болды (появилcя). «Білім және ғылым»
журналында дельфиндер туралы қызық мақала шықты (появилась). Көптеген ғалымдар
тірі материя ең алғаш сулы ортада пайда болды деп санайды. Сәуірдің соңында
ағаштарда алғашқы жапырақтар пайда болады.
(З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы» грамматикалық жаттығулар жинағынан
132-133 бет)
2-жаттығу. Мәтін бойынша пайда болу фактісін білдіретін сұхбат жазыңыз.
Үлгі:
- «Архитектура» сөзі қандай ұғымнан пайда болды?
- --------------------------------------------------------------- .
- Архитектура туындылары нені қалыптастырды?
- -------------------------------------------------------------- .
- Тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіптік кешендер қандай
мақсатпен салынды?
- --------------------------------------------------------------------------------------- .
- Ніл, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында қандай мемлекеттер
пайда болып, сәулет туындылары дүниеге келді?
- ----------------------------------------------------------------------------------------- .
Екінші сабақ. (Мәтіннің жалғасы)
Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко
стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның
әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі. Еуропа елдерінде 17–
19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен
ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден
туған.
Шығыс архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен
және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. 19 ғасырдың 2-жартысынан
бастап, 20 ғасырдың басында әлемде құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл
кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба
алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі
блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.).
Инженер металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп
қабатты зәулім үйлер пайда болды. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес
қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды,
құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі
архитектор армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік
тапқырлықпен пайдаланды.
Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз.
1.Мәтін тақырыбы не туралы?
2.Мәтіндегі мамандығыңызға қатысты кәсіби сөздердің астын сызыңыз.
3.Мәтіннен нәрсенің пайда болуын білдіретін сөйлемдерді анықтаңыз.
4.Мәтінде сәулет өнеріне тән қандай стильдер жайлы сөз болады?
5.Шығыс стилінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
6.Сізге сәулет өнерінің қандай стилі ұнайды?
7.Өзіңізге ұнаған сәулет стилінің бір туындысы туралы әңгімелеңіз.
БӨЖ тақырыбы: Шығыс сәулеті жайлы материалдар дайындаңыз
Ағымдық бақылау тапсырмалары:
1. Сәулет өнерінің даму тарихы туралы айтыңыз.
2. Сәулет өнерінің қандай стильдерін білесіз?
3. Ұлттық сәулет өнері туралы ақпарат дайындаңыз.
Сабақтың тақырыбы: «
Құрылыс материалдары»
Грамматика: Зат есімнің түрлері. Жалғауды қайталау.
Сабақтың мақсаты: студенттердің құрылыс материалдары бойынша сөздік қорын
молайту, оларды күнделікті сөйлеуде қолдана білуге дағдыландыру, сауатты жазуын
қадағалау.
Ойтүрткі сұрақтар:
1.Қандай құрылыс материалдарын білесіз?
2.Табиғи күйінде қолданылатын құрылыс материалдырының түрлері бар ма?
3.Жасанды құрылыс материалдарын атаңыз.
1. Мәтінді оқыңыз.
Құрылыс материалдары
Құрылыс материалдары
– үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде
пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс
материалдарының түрлері:
табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар,
қиыршық тастар, т.б.);
органикалық (қарамай, синтетикалық шайыр , т.б.) және бейорганикалық
(цемент, гипс, әктас, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен
бұйымдар (құрылыстық керамика , бетон , темір – бетон, асбест, цемент, темір және
силикаттан жасалған бұйымдар);
ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе
блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, рельстер
құбырлар,
синтетикалық шайырлар мен пластмасса линолеум, пенопласт т.б.
Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б.
құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол
құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады.
Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар
ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан
жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар
(бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді.
Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-
бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады.
Әктастан құрылыстық қоспалар дайындалады.
Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай
1) байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-
бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары;
2) саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс
материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын материалдар
болып бөлінеді.
Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар
құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне
шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға
пайдаланылады. Металдардан, негізінен, болат құрылыста кеңінен қолданылады.
Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің
құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады.
2. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырыңыз:
қиыршық тас (щебня), қарамай, шайыр(смола), шыны,іргетас, жылыту жүйелері, жабын
материалдары.
Үлгі: Үйге құрылыс үшін қиыршық тас әкелінді.
3. Төмендегі сөйлемдерді тиісті қосымшалармен толықтырыңыз.
Мен жақында ... қала... бардым. Қала өте ... . Онда ... ... көптеп салынып жатыр екен.
Ғимараттар тым ..., ... . Бұл қалада мен... дос... тұрады. Мен Академия...
магистатурасы... оқуға түскенмін. Академия ма... жатақхана... орын берді. Менің дос...
пирамида... жанында тұрады. Мен жексенбі күні досым... үй... барамын. Пирамида...
жанында үлкен жаңа мешіт салын... . Оған да бар... .
4. Оқытушының көмегімен төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын анықтап,
ұғып алыңыз.
Құрылыс индустриясы, өнеркәсіптің қайта дамуы, үлкен белсенділік, құрылыс
нысандары, сыртқа шығаратын заттар, ішке кіргізетін заттар, алға басу үстінде, өнімнің
құндылығы, шаралар белгілеу.
Екінші сабақ
1. Жаңа сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз, сөйлем құрастырыңыз.
Қамтамасыз ету, ішкі нарық, құрғақ қоспа, саусақпен санарлықтай, сұраныс,
алыпсатарлар, тапшы, сең қозғалды, тасымалдау, мәрмәр.
2. Мәтінді оқымағынасын ұғып алыңыз.
Құрылыс заттарын қашанғы сырттан тасимыз?
Бүгінде
Қазақстан
қарқынды құрылыс алаңына
айналып отыр.
Құрылыс
саласына
қажетті
материалдардың көбі шеттен
тасымалдануда. Отандық өнім
жоқ деп айтуға болмас.
Дегенмен отандық құрылыс
материалдарын
өндіретін
кәсіпорындардың барлығы
өнім өндірсе де, ішкі нарықты
толық қамтамасыз ете
алмайды. Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, қазақстандық
құрылыс компаниялары жыл сайын 900 миллион доллардың құрылыс материалдарын
сырттан әкеледі екен. Техника ғылымының докторы Медiрбай Сәдуақасов: «Еліміздегі
компаниялардың 90 пайызы шетелден әкелiнетiн құрылыс заттарымен жұмыс iстеуге
мәжбүр. Елімізде құрылыс өнiмдерiн шығаратын зауыттар баршылық, бірақ ол
зауыттардың өнiмге қосатын құрғақ қоспаларының барлығы шетелден әкелiнедi. Сол
себептен де құрылыс материалдарының бағасы да қымбат», – дейді.
Үйдің іргетасын қалау үшін аса қажетті материалдың бірі – цемент. Оны
өндіретін өндіріс орындары елімізде саусақпен санарлықтай ғана. Жамбыл
облысындағы Мыңарал цемент зауыты мен Шымкенттегі цемент зауыты, Састөбе
зауыты бар. Құрылысқа аса қажетті материалдың бірі – ағаш өнімдері. Үйдің еденінен
бастап, шатырын жапқанға дейінгі жұмыстарға қажетті ағаштарды амалсыз тағы да
шеттен тасымалдаймыз. Еліміз орман қорымен мақтана алмайды.. Сол себептен де осы
аса құнды материалды импорттауда Ресей алдыңғы орында. Одан бөлек линолеум,
терезе, тұсқағаз, әйнек, шегеге дейін шетелден тасымалданады. Күйген кірпіш, шлако-
блок өндіретін кішігірім өндіріс орындары бар. Бірақ оның өзі де аз.
Отандық өндірушілердің арасында бетон плита шығаратын салада Павлодар
қаласындағы «Казстрой-меридиан» ЖШС сияқты бірді-екілі ғана өндіріс орындары
бар. Былтыр Шымкентте де шеге шығаратын цех ашылды. Бірақ өнім отандық
болғанымен, оны шығаруға атсалысатын технологиялардың бәрі шетелдікі. Бетон
плитаны немістің технологиясымен шығарса, шегені Қытайдың техникасы жасап
шығарады.
Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА
Достарыңызбен бөлісу: |