Шетел (ағылшын) тілі
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту курсы қарапайым
меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгейі - Breakthrough)
тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту кезінде оқытудың мақсатын,
тақырыбын, мазмұнын және түрін анықтау және әлеммен, баланың өмірлік
тәжірибесімен байланыстыру қажет.
Бастауыш білім деңгейіндегі шет тілін оқытудың мақсаттары төменгі
сынып оқушысы тұлғасының қалыптасуынан және оның тұтастай дамуынан,
сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік
құзыреттің қалыптасуынан, нақты бір тақырыптық минимум шеңберіндегі
сөйлеу ниетін іске асыру үшін төменгі сынып оқушыларының эмоционалдық,
шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерінің дамуынан
тұрады.
21
Оқыту мақсаттарының объективті көрінісі ретінде оқыту міндеттері
төмендегі әрекеттер арқылы іске асырылады:
шет тілінде сөйлейтін/жазатын адамдармен өзара түсіністік орнатуға
мүмкіндік беретін қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілі туралы түсінік
қалыптастыру, дыбысталатын және жазбаша мәтіндер арқылы жаңаны танып
білу;
төменгі сынып оқушыларының лингвистикалық ой-өрістерін кеңейту;
төменгі сынып оқушыларына қолжетімді және қарапайым деңгейде шет тілінде
ауызша және жазбаша сөйлеуді игеруге қажетті қарапайым лингвистикалық
түсініктерді меңгеру;
болашақта психологиялық кедергіні жеңу үшін жаңа тілдік әлемге
төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік-психологиялық бейімделуін
және шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз ету;
тілдік
материалдарды
игеру
барысында,
қарым-қатынастың
модельденетін жағдайына қатысу үдерісінде, рольдік ойындарда төменгі сынып
оқушысының тұлғалық сапасын, оның түсінігін, ойын және қиялын дамыту;
шет тілін пайдалану арқылы, үйрететін ойындар, оқу қойылымдары
процестерінде балалардың эмоционалдық саласын дамыту;
отбасылық, тұрмыстық, оқу қарым-қатынасы іспеттес ойындар ойнаған
сәттерде түрлі рөлдерде шет тілінде ойнау үшін жаңа әлеуметтік тәжірибеге
төменгі сынып оқушыларын қосу;
оқушыға рухани-адамгершілік тәрбие беру;
танымдық қабілетін дамыту, оқу-әдістемелік жинақтың түрлі құрамдас
бөліктерімен үйлестірілген түрдегі жұмыс жасауды игеру (оқулық, жұмыс
дәптері, аудиоқосымша және т.с.с.), топта жұмыс істей білу;
оқушылардың жеке, жүйелік-қызметтік және коммуникативтік әмбебап
оқу әрекеттері жүйесін меңгеру арқылы өз оқу қызметін ұйымдастыру қабілетін
қалыптастыру.
Шынайы қарым-қатынас жағдайына ағылшын тілін меңгеру үдерісін
жақындату мақсатында шынайы тілдік орта болмаған кезде тәрбиелік оқу,
белсенділік принципі, көрнекілік принципі, жүйелілік және
дәйектілік
принципі, игеру беріктігі принципі,
қолжетімділік принципі, даралану
принциптері сияқты дидактикалық оқу принциптерін жетекшілікке алған
маңызды.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарлы нәтижесіне қол
жеткізу үшін оқу үдерісін жоспарлау кезінде де, оқу материалын азайту кезінде
де іске асырылатын келесі әдістемелік принциптерді жетекшілікке алу қажет:
оқытудың коммуникативтік принципі, материалдың оқиғалық-тақырыптық
ұсынылуы
принципі,
функционалдық
принцип,
кешендік
принципі,
саралаушылық принципі, концентризм принципі.
Коммуникативтік принципі арнайы мақсат етілген тілдік құралдар –
белсенді
лексика
және
белсенді
грамматикалық
материал
арқылы
коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған, күнделікті жағдайдағы
рөлдік ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
22
Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық
принципке ерекше назар аудару қажет. Тілдік жүйе ағылшын тілінің әртүрлі
деңгейлік
құралдары
–
лексикалық
және синтаксистік (фонетикалық,
сөзжасаушы, морфологиялық шеңберде де) құралдары микрожүйесінің нақты
тақырыбына қызмет ететін жүйе ретінде көрініс табады.
Кешендік
принципі
ағылшын
тілі
бойынша
тілдік
емес
(экстралингвистикалық) және тілдік (лингвистикалық) оқу материалының өзара
байланысқан ұсынылымында, сонымен бірге сөйлеу қызметінің түрлерін өзара
байланысқан аспектіде оқытуда: 1-сыныпта – аудиолау және сөйлету (ауызша
алға озу принципі бойынша; ағылшын әліпбиімен танысу 2-жартыжылдықтан
басталады), аудиолау, сөйлету, оқу және жазу – 2-4-сыныптан бастап жүзеге
асырылады.
Саралаушылық принципі оқушының бастапқы кезеңдегі сөздік қорын
байыту үшін шағын мәтіндер бойынша бөлінген бір мәтіндегі жаңа сөздердің
функционалдық-семантикалық
берілу тәсілдерін, көрнекілік
құралдарына
арналған тіректерді, оқушылардың сөйлеуіндегі жаңа сөздерді белсендіруді
(белгілі бір тақырыптық кеңістік аясындағы олардың белсенді түрі) ұсынады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу және коммуникативтік қабілеттерін
қалыптастыру кезінде ағылшын грамматикасы баланың әр ойын қамтамасыз
ететін жүйе ретінде бекуі тиіс. Сөйлеудің грамматикалық қатарын дамыту
қарапайым ой айтудың белсенді түрлерін оқиғалы пайдалану тәсілдерімен,
сөйлемдер негізін нақтыландырғыш құрамдас бөліктермен тарату (екінші
деңгейлі мүшелермен), екі қарапайым сөйлемді бір күрделіге біріктіру
тәсілдерімен сипатталады.
Концентризм принципі бастауыш мектепте оқушыларға ағылшын тілін
оқыту кезінде әр сыныпқа арналған белгілі бір минимумдар арқылы жүзеге
асырылады: тақырыптық және оқиғалық минимумдар, сөйлеу интенциялары
минимумы, лексикалық және грамматикалық минимумдар, диалогтық және
монологтық минимумдар. Бұған қоса әрбір сыныпқа арналған тақырыптық
минимум мазмұны сабақтастық принципі есебінен құрылған.
Бастапқы кезеңде бала дамуының деңгейіне сәйкес басты назарда үйрену
пәні ретінде ауызша сөйлеу (дауыстап айтылатын және естіліп қабылданатын)
орын алады. Оқу және жазуды 2-сыныптан бастап оқыту қажет, себебі дыбыс
арқылы қабылданады, сөйлеу арқылы түсініледі, сөйлеу арқылы жазылады.
Тілдік білімді спираль түріндегі алға жылжу түрінде беру қажет.
Аудиолауға үйрету төменгі сынып оқушыларының оқу және даму деңгейі,
қызығушылықтары мен қажеттіліктері есебінде, мысалы қысқа ертегілер,
шағын әңгімелер, жануарларды сипаттау, атаулы оқиғалар және т.с.с. жүзеге
асырылуы тиіс. Мәтіннің дыбысталу ұзақтығы 1 минутқа дейін, қайталау саны
– 2-3рет.
Өз ойын айтуға үйрету диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін
дамытуды көздейді: этикеттік сипатта диалог, сұрақ-диалог, оқиғаға араластыру
диалогы, пікір алмасу диалогтарын жүргізу қабілетін арттыру.
23
Білім берудің осы деңгейінде монологтық сөйлеуді дамыту нақты
тақырыптық
жағдайлар
шеңберінде
қарапайым
ой
айту
қабілетін
қалыптастыруға бағытталған: өзі туралы, отбасы мүшелері, достары туралы, өз
елінің жануарлары мен өсімдіктер әлемі туралы (жұмыс күні, жұмыс түрі,
мектептегі сабақ және т.с.с.) ақпарат беру.
Оқуға үйрету кезінде балалардың қалауына иек арту арқылы таныс
сөздерді, өз атын, ағылшын досына хат жазу; өз киіміндегі, шоколад және
кәмпит сыртындағы т.с.с. ағылшын жазуларын оқу.
Оқуға және жазуға үйрету бір уақытта орындалады, алайда жазу түсінігіне
карточкадан сөздер құрастыру, магниттік тақтада немесе жинау жолағында сөз
құрастыруды қосатын болсақ, жазу негізгі қызмет болып табылады.
«Шет тілі» пәні қызметтік сипатқа ие, сондықтан ол әлемді тұтастай,
эмоционалды және белсенді қабылдайтын төменгі сынып оқушысы табиғатына
сәйкес келеді. Бұл осы жастағы балаларға тән басқа да қызмет түрлеріне
(ойындық, танымдық, көркем, эстетикалық және т.с.с.) өзге тілдік сөйлеу
қызметін қосуға және бастауыш мектепте оқытылатын пәндермен әртүрлі
байланыс орнатуға, және ықпалдастырылған болып табылатын жалпыоқу
қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1-сыныпта апталық оқу жүктемесі 1 сағатын құрайды, жылына – 33 сағат.
Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.
1.2 «Математика» білім саласы
Математика
Пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар
негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз
етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз
ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру,
негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық
негіз жасау.
Оқытудың міндеттері:
тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша,
сонымен
қатар
математика
тілінде
сөйлеу,
психомоторика
тәрізді
функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық
ойлауын дамыту;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау,
жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін
(талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі
бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға
қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік
дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты
дайындықты жүргізу;
24
оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң
көзқарасы мен
қызығушылығын, танымдық қызығушылығын,
өздігінен жұмыс атқару
дағдысынқалыптастыру;
стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде
жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу
арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
баланың
тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік,
мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге
қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді,
патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан
этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына
құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған
құндылықтарға қатыстыру кіреді.
Математиканы оқыту ерекшелігі:
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір
жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.)
оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді
оқытып-үйретуде білім, білік, іс-әрекет, дағды қалыптасады.
Білім берудің бастауыш деңгейінде «Математика» пәнiнен берілетін
базалық білім мазмұны: теріс емес бүтін сандар арифметикасы; алгебра
элементтері; геометрия элементтері деп аталатын үш тараудан тұрады.
Пәнді игертуде 1000000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының
арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі
орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
1,3,4-сыныптарға арналған оқулықтардың өңделмеуі, 2013 жылғы пән
бағдарламасы мазмұнындағы жаңа өзгерістерге орай, 1 - сыныпта 6 сағаттық
мөлшермен жаңа «10-нан 20-ға дейінгі сандар» тақырыбы енгізілген. Сонымен
қоса 1-сыныптың соңында 2-сыныпта оқытылатын «100-ге дейінгі сандар»
тақырыбын оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
2-сынып пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына
бейімделе жазылған. 2-сыныптың
басындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта
алған білімді жетілдіру мен жүйелеуді мақсаттайды.
2 сынып оқушыларына «Көбейту мен бөлу амалдары» тақырыбын игертуге
20 сағат бөлінген. Бөлінген сағат көлемі оқушылардың тақырыпты толық
игеруіне септігін тигізеді.
3-сынып оқушыларына «Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің
сәйкес жағдайлары», «1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту», «Шамалар
арасындағы тәуелділік», «100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша
тәсілдері», «Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем», «1000-ға
дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері» тақырыптары меңгертіледі.
3-сынып оқушылары көбейту мен бөлу кестесін жатқа білулері қажет.
4-сыныптағы пән мазмұнында айтарлықтай өзгеріс жоқ.
25
Бастауыш білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық
бағалау жүйесімен бағаланады.
Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ауызша
сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өткізу ұсынылады.
1-4 - сыныптардағы «Математика» пәнінен ағымдық бақылау нысандары
жазбаша, ауызша түрде ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары
аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.
Тақырыптық
бақылау
жұмыстарын
жазбаша
түрде
ұйымдастыру
ұсынылады.
Математика пәнінен ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау
жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады.
1-4 – сыныптарға арналған «Математика» пәнінен бақылау жұмыстарының
тоқсандар бойынша саны (2-кесте) ұсынылады:
2-кесте – 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
1 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
2
2
3
3
Өздік жұмысы
2
2
3
3
Барлығы:
4
4
6
6
2 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
2
2
3
3
Өздік жұмысы
2
2
3
3
Барлығы:
4
4
6
6
3 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
2
2
3
3
Өздік жұмысы
2
2
3
3
Барлығы:
4
4
6
6
4 - сынып
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
Бақылау жұмысы
3
2
3
4
Өздік жұмысы
2
2
3
3
Тестік
тапсырмалар
-
1
-
1
Барлығы:
5
5
6
8
Математика пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1-
сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат, 2-сыныпта: аптасына 4 сағ,
барлығы 136 сағат, 3-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4-сыныпта:
аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат.
26
1.3 «Жаратылыстану» білім саласы
Дүниетану
Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың
табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды
қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын,
ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа
саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
«адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы
қазбаларды көрсетуге үйрету;
тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін
қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары
туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
бақылау,
өлшеу,
салыстыру
дағдыларын
қалыптастыру,
өмірлік
тәжірибелерін жетілдіру;
адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған
орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың
адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы
туралы түсініктерін
кеңейту;
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін
білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Пәнді оқыту ерекшелігі: 2013-14 оқу жылында «Шетел тілі» пәнінің
1-сыныпқа ендірілуіне байланысты «Дүниетану» пәні 1 сағаттан оқытылады.
Ал 2-4-сынып оқушылары «Дүниетану» пәнін оқу жылы көлемінде аптасына
2 сағатпен оқуды жалғастырады. 2-сынып «Дүниетану» оқулығының жаңадан
жазылып, пән мазмұнның өзгеріске ұшырауына байланысты, 1-4 сыныптар
үшін тақырыптық жоспарлау үлгісі ұсынылды
Бастауыш
сыныптарда
«Өмір
қауіпсіздігінің
негіздері»
курсының
тақырыптары «Дүниетану» пәні сабақтарына төменгідей кіріктіріледі:
27
№
Тақырыптар
Сағат саны
1- сынып
1.
Қоршаған әлем. Табиғат құбылыстары.
1
2.
Адам.
1
3.
Табиғат. Ауа райы.
1
4.
Қыс.
1
5.
Көктем.
1
6.
Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні.
1
Барлығы:
6
2- сынып
1.
Адамныңайналадағыдүниеменқарым-қатынасы. Адам және
табиғат.
1
2.
Табиғат.Ауа.
1
3.
Табиғат. Су.
1
4.
Табиғат. Топырақ.
1
5.
Өсімдіктердіңтіршілігі.Өсімдік – тіріағза.
1
6.
Табиғатты қорғау ережесі.
1
Барлығы:
6
3- сынып
1.
Адам – табиғат перзенті.
1
2.
Табиғат және адам.
1
3.
Ауа. Су. Ауа райы
1
4.
Тау жыныстары және оны қорғау. Мұнай және табиғи газ.
1
5.
Адамдардыңөсімдіктіөзпайдасынажаратуы.
1
6.
Бунақыденелілер.
1
Барлығы:
6
4-сынып
1.
Табиғат. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.
2
2.
Пайдалы қазбалар, олардың топтары.
1
3.
Су. Су айналымы.
2
4.
Ауаны ластаушы заттар.
1
5.
Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс.
1
6.
Қауіпсіздік ережелері.
1
7.
Жер –ғарыш денесі.
2
Барлығы:
10
Барлығы1-4 - сыныптарда
28 сағат
1.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Өзін-өзі тану
Пән әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас
жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық
әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды
көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың
қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық
белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды
біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
28
Пәннің мақсаты: оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі
мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне,
адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; адамдарға
көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу; өзімен-
өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту; өз ойын,
сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты
болу; қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Пәннің міндеттері:
оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және
қоршаған ортаға деген
құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық
және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын
түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін
дамыту;
өзін
дәріптеу,
өзіне сену,
өз ойы, сөзі және іс-әрекеті
үшін
жауапкершілік сезімдерін дарыту;
адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның
табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз
байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене
және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан
өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу
қабілеттіліктерін дамыту;
белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау
үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау;
жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке
шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік
таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы
шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу
іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пәннің оқыту ерекшелігі: оқушының өзіндік бейімін ашу және оның
темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға
ретінде ретінде дамыту. «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны
оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт
негізгі бөлімді қамтиды:
1) Өзін-өзі тану бақыты;
2) Адами қарым-қатынасқа үйренейік;
3) Адам болам десеңіз...;
4) Әсемдік әлемінде.
Оқыту үдерісі оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа
деген
қарым-қатынасын
айқындайтын
адамгершілік
мінез-құлықтарды
қалыптастыруға, өз- өзіне, қоғамға қызмет етуге бағытталған.
29
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағаттан: 1-сынып 33 сағатты, 2 – 4-сыныптар
34 сағатты құрайды.
1.5 «Өнер» білім саласы
Музыка
Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың
қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігінің артуына
ықпалын тигізеді.
«Музыка» оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін
тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық
қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана
білуіне негізделген.
«Музыка» оқу пәнінің басты міндеті:
–оқушылардың музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып,
музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;
– музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын
іске асыру: музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі
қимылдар жасау, суырып салу;
– оқушылардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамытып, көркемдік
талғамын қалыптастыру.
Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық
музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және
республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасы болып табылады.
Бағдарлама музыкалық өнер дамуының заңдылықтарына негізделіп, оның
өмірмен байланысына бағытталған.
Музыка пәнінің мазмұны тақырыптық топтардан құралып, бастауыш
сыныптардың бірізді және жүйелі түрде дамуын көрсетеді. Пәнді оқытуда
«Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға
саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән
беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы
кеңейеді.
Қазіргі заман технологиялары оқыту жүйесінің әдістемесіне негізделген.
Бірінші–екінші сыныптардағы сахналық
ойындар оқушылардың
білімін
толықтыра түсіп, коммуникативтик
қызмет атқарады. «Ұстаз-шәкірт»
технологиясы шынайы шығармашылық қарым қатынас қалыптастырады.
«Жетістік» технологиясы окушылардың шағармашылық биігіне көтерілуне
көмектеседі. Бастауш мектебінде саяхат-сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы,
репортаж-сабақ сыңды түрлі сабақ түрлері пайдаланылады.
«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны: 1-ші сынып аптасына 1
сағат, жылына барлығы 33 сағат; 2-4 сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына
барлығы 34 сағат.
|