№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



Pdf көрінісі
бет17/21
Дата15.03.2017
өлшемі3,69 Mb.
#9930
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 
ДҮЙСЕНҚҰЛ Жансая
«Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 
№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясы» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 «В» сынып оқушысы, 
Меркі ауылы, Меркі ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КЕМЕЛЬБАЕВА Меруерт Рысмахамбетқызы, 
«Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 
№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясы» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
пәнінің мұғалімі, Меркі ауылы, Меркі ауданы, Жамбыл облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ШОЛПЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Бұл  жұмыста  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  «Шолпы»  атты  туындысының 
рухани-адамгершілік және әдеби құндылықтары қарастырылады. 
Автор  ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  «Шолпы»  атты  туындысының  әдеби 
ерекшелігін  бүгінгі  жастардың  бағалау  проблемасын  қарастырады  және  оны 
шешудің келесі болжамын алға қояды: ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
135 
шынайы жүрекпен, ғасырларға қарамастан түсінікті етіп жырлайды. Автор өз алдына 
мына  мақсат  қояды,  яғни  табиғатынан  жаны  сұлу  сыршыл  ақын  адамның  ең  асыл 
сезімін  жеткізуге  келгенде  ғажап  шеберлік  танытады.  Сондықтан  бүгінгі  жастар 
үшін ақынның «Шолпы» туындысы жақын екенін дәлелдеуге тырыстық. 
Зерттеу нәтижесін тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қосымша материал 
ретінде және тәрбие сағаттарында пайдалануға болады. 
Кілт  сөздер:  махаббат  лирикасы,  жалпыадамзаттық  рухани  құндылықтар, 
ұлттық мәдениет, қазақ қыздарының адами пәктігі. 
 
Кіріспе. Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, 
артына  өшпес  мол  мұра  қалдырғанын  анық  білеміз.  Оның  лирик  ақын  екені  де 
баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол. 
Қазіргі 
таңда 
Мағжан 
жырлары 
кеңінен 
насихатталуда. 
Мектеп 
бағдарламасынан да білеміз. Мағжанның «Шолпы» атты өлеңінде қазақ қызының өн 
бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі – шолпыны өте таза шынайы суреттеуі 
байқалады.  Сондықтан  Мағжанның  «Шолпы»  өлеңін  оқи  отыра,  халқымыздың 
тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек 
таныстыра кетуді жөн көрдім. 
Зерттеу жұмысының кезеңдері 
1-ші  кезең:  1.  Проблеманы  шешудің  жолдарын  белгілеу.  2.  Ғылыми-ақпарат 
көздерін  талдап,  ақынның  туындыларын  жан-жақты  (5  аспекті  бойынша)  зерделеп, 
ақынның шығармашылық мұрасының бүгінгі күнмен үндестігін көрсету. 
2-ші  кезең:  1. Жоғары сынып оқушылары арасында арнайы  зерттеу жұмысын 
жүргізіп,  ақынның  рухани  мұрасының  қазіргі  заман  жастары  үшін  маңыздылығын 
өздеріне  жаңалық  ретінде  ашуға  ықпал  ету.  2.  Алынған  нәтижені  талқылау, 
қорытындылау. 
Зерттеу  мәселесін айқындау  мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында 
ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  өмірбаяны  мен  шығармашылығына  байланысты 
сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 27 оқушы қатысты. 
Нәтижесінде:  ақынның  өмірбаянын  15  оқушы  жақсы  біледі;  ақынның 
шығармашылығымен  12  оқушы  терең  танысқан;  «Шолпы»  өлеңін  5  оқушы  ғана 
оқыған; «Шолпы» өлеңінің әдеби ерекшелігін 2 оқушы ғана әңгімелеп бере алды. 
Анықталған  кемшіліктерді  түзету  мақсатында  арнайы  көпшілік  іс-шаралар 
өткізілді,  яғни  ақынның  шығармашылығы  мен  өмірбаянына  арналған  сынып 
сағаттары мен «Мағжан кеші» өткізілді. 
Мағжан  Жұмабаев  –  поэзия  әлеміндегі  жарық  жұлдыз,  қайталанбас  құбылыс. 
Оның  қуатты,  бойға  жігер,  жүрекке  от  беретін  рухты  үні,  ізденістері  мен 
жаңашылдығы  қазақ  әдебиетін  ХХ  ғасырдың  басында-ақ  Еуропа,  орыс  әдебиетінің 
биік  деңгейіне  көтерді.  «Өлеңді  музыкаға  айналдырған,  дыбыстан  сурет  тұрғызған, 
сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі 
шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар 
Әуезов: «Мағжан – мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне 
қарағанда,  бұл  бір  заманның  тегінен  асқандай,  сезімі  жетілмеген  қазақ  қауымынан 
ертерек  шыққандай…  Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар  жазушысының  ішінен 
келешекке  бой  ұрып,  артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын  сөз  –  Мағжанның  сөзі. 
Одан  басқамыздың  бәріміздікі  күмәнді,  өте  сенімсіз  деп  білемін»,  -  деп  жазды  [5, 
264]. 
Мағжанның таза махаббат тақырыбына арналған лирикасы – аса көркем мұра. 
Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге келгенде 
ғажап шеберлік танытады. «Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу», «Жұлдызды жүзік, Айды 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
136 
алқа  қып  берейін»,  «Шолпы»,  т.б.  өлеңдерінде  Мағжан  адамға  тән  осынау  ұлы 
сезімді аса биікке көтере жырлайды. Ақынның лирикалык қаһарманы үнемі ғажайып 
сезімнің  кұшағында  жүреді.  Шын  сүю  –  Мағжанның  ұғымында  әрі  ләззатты,  әрі 
азапты  күй.  Қуанышы  да  мол,  азабы  да  аз  болмайтьш  сезім.  Ақынның  сезімі 
кіршіксіз  мөлдір.  Сонымен  бірге  ол  махаббатқа  шексіз  адал.  Сүйген  жанының  бір 
сәттік  қуанышын  ол  патшаның  тағына  да,  дүниенің  малына  да  айырбастамайды. 
Сүйген жары үшін не қиындыкқа да төзуге даяр. 
«Жұлдызды  жүзік,  Айды  алқа  ғып  берейін»  өлеңі  дәл  осындай  кіршіксіз 
махаббаттан  туған  шығарма.  Сүйгеніне  қол  созған  ғашық  жан:  Кел,  жұлдызым, 
жылжып  кана  жібектей,  Жұлдызды  жүзік,  Айды  алқа  ғып  берейін,  -  деп,  жүрек 
сырын ақтарады. Оның ғашығы – сөзі сиқыр, шашы толқын, күлкісі күміс табақтай 
сыңғырлаған  ғажайып  сұлу.  Ақын  осы  сұлулыққа  жету  жолында  бәрін  де  құрбан 
етуге  даяр  ғашық  жанының  бар  сезімін  тамаша  суреттермен,  бейнелі  кестелермен 
береді. 
Лирикалық  кейіпкерінің  «көз  жасынан  меруерт  тізіп»,  тіпті  аспандағы 
жұлдызды  жүзік,  айды  алқа  етіп  ғашығына  сыйға  тартқызады.  Мағжан  –  қазақ 
өлеңінің  көркіне  көрік  қосқан,  саздылығы  мен  әуезділігін  әсемдеген  ақын. 
Жоғарыдағы өлеңдерінің бәрінде де ол қарапайым өмір кұбылыстарын әсем суретке 
айналдыра жырлайды [5, 241]. 
«Шолпы»  –  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  рухани  құндылықтар  туралы 
поэзиялық туынды. 
Ұлт  тағдыры,  ұлыс  бірлігі  туралы  «он  ойланып,  жүз  толғанған»  қазақ  ақыны 
бірте-бірте  әлемдік  ойшылдар  қатарына  көтеріліп,  жалпыадамзаттық  проблемалар 
жайында  өзінше  үн  қатады.  Адамдардың  жаппай  пайда  қууы,  өнер-білімнің  өзін 
пайда  табудың,  біреуге  зорлық  жасаудың  құралына  айналдыру  –  адамзатты  апатқа 
соқтыратын жол екенін Мағжан сол кезде-ақ сезінген. Пайдакүнемдік рационалдық 
ойлауға  негізделген.  Батыс  өркениеті  ақынды  қатты  шошындырады.  Шығыс 
философиясындағы  сезімдік  таным  әдісі,  пайдалылыққа  емес,  руханилыққа 
басымдық беру дәстүрі Мағжанды қатты қызықтырған. Әлемді  апаттан құтқаратын 
Шығыстағы дәл осы руханилық нұры деп есептейді ақын. 
ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  ойшылдарының  көзқарастары  терең 
демократиялық  және  гуманистік  сипатта  болды.  Олардың  шығармаларында 
жалпыадамзаттық  маңызға  ие  философиялық  мәселелер  –  адамның  болмысы  мен 
еркіндігі,  өмірдің  мәні,  дін  мен  еркіндіктің  арақатынасы,  т.б.  мәселелердің  де 
көтерілгенін  атап  айтуымыз  керек.  Қазақ  ойшылдары  адам  бойындағы  даралық 
қасиетке  ерекше  мән  берді,  кез  келген  кісіге  қайталанбас  жаратылыс  жұмбағы 
ретінде  қарады,  адам  мен  ұлттың  тарихтағы  рөлін  дұрыс  бағалай  білді. 
Философиялық  мәселелерді  ізгілік  пен  қараулық  аясында  қарастырып, 
дүниетанымдық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі. 
Дәл  осы  кезеңде  ғұмыр  кешкен  ең  көрнекті  қазақ  ақындарының  бірі  Мағжан 
Жұмабаев поэзия аспанын өзінің құдай берген жарқын талантымен ерекше шұғылаға 
бөледі.  «Өлеңнің  тілге  жеңіл,  құлаққа  жылы  тиюін  Абай  да  іздеген,  -  деп  жазады 
Жүсіпбек  Аймауытов  өзінің  1923  жылғы  «Мағжанның  ақындығы  туралы»  деген 
мақаласында,  -  Абай  да  сөздің  ішін  мәнерлеп,  тонын  сұлу  қылуға  тырысқан,  бірақ 
дыбыспен  сурет  жасауда,  сөздің  сыртқы  түрін  әдемілеуде  Мағжанға  жеткен  қазақ 
ақыны  жоқ...  Олай  болса,  ақындық  жүзінде  Абайдан  соңғы  әдебиетке  жаңа  түр 
кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ». 
Мағжанның,  жалпы  адамзаттың  құндылығы,  таза  махаббат  тақырыбына 
арналған  лирикасы  –  аса  көркем  мұра.  Табиғатынан  жаны  сұлу  сыршыл  ақын 
адамның  ең  асыл  сезімін  жеткізуге  келгенде  ғажап  шеберлік  танытады.  «Шолпы» 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
137 
өлеңінде  Мағжан  жалпы  адамзатқа  тән  осынау  ұлы  сезімді  аса  биікке  көтере 
жырлайды.  Ақынның  лирикалык  қаһарманы  үнемі  ғажайып  сезімнің  кұшағында 
жүреді. Шын сүю – Мағжанның ұғымында әрі ләззатты, әрі азапты күй. Қуанышы да 
мол, азабы да аз болмайтын сезім. Ақынның сезімі кіршіксіз мөлдір. Сонымен бірге 
ол  махаббатқа  шексіз  адал.  Сүйген  жанының  бір  сәттік  қуанышын  ол  патшаның 
тағына да, дүниенің малына да айырбастамайды. 
Бүгінгі күні проблемасымен үндестігі. Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер 
перзенті  Мұхтар  Әуезов  1927  жылы  «Еңбекші  қазақ»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан») 
газетінің  сауалдарына  қайтарған  жауабында:  «Мағжан  –  мәдениеті  зор  ақын... 
заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын болады... Сондықтан бүгінгі күннің бар 
жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз 
Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін», - деп жазады. 
Бұдан  қазіргі  заман  әдебиетшілері,  соның  біреуі  Мухтар  Әуезов:  «Мағжан 
Жұмабаев жырларының қазақ халқы, тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі 
зиялы  қауымының  санасы  мен  сезімін  жаулап  алып,  аймақтық,  тіпті,  әлемдік 
мәдениеттегі  ерекше  құбылысқа  айналғанын  байқаймыз»,  -  деген.  Шынымен-ақ, 
Мағжан шығармаларында айтылатын қағидалар мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған 
толғаныстар  бүгінгі  таңда,  бір  ғасырға  жуық  уақыт  өтсе  де,  өз  мәнін  жойған  жоқ. 
Керісінше,  уақыт  озған  сайын  ұлттық,  ұлыстық,  жалпыадамзаттық-әлеуметтік 
проблемалар  қатарында  алдымыздан  қайта  шығып  отыр.  Ал  оның  жырларындағы 
терең  толғаныстардың  философиялық-дүниетанымдық  астары,  ақынды  сан  түрлі 
сезімге  түсірген  жағдайлардың  әлеуметтік  мәні  зерттеушілер  назарынан  тыс  қалып 
келеді. 
Ақын «Шолпы» туындысында әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың 
тал  бойынан  көруді  көксеген.  Қыр  гүліне  тән  нәзіктік  пен  батылдық  бір  бойына 
жарасқан  қазақтың  қыздарына  тәнті  болған  жазушыларымыз  шығармасына  арқау 
етсе,  ақындарымыз  инабаттылығы  мен  нәзіктігін  әнге  қосып,  өлең  өрнектерімен 
көмкерген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. 
Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз – ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, 
салиқалы  әже  болары  табиғат  жолынан  белгілі.  Бірақ,  бүгінгі  күні  кейбір  қазақ 
қыздарының  болмысы  өзгергендей  сияқты.  Тіпті,  мектеп  табалдырығындағы 
қыздарымыздың өзі тым еркінсіп кеткен. Мәселен, сабақтан қайтып келе жатқан екі 
қыздың  әңгімесіне  құлақ  түрсең:  «Ой,  қойшы,  ол  маған  ұнамайды,  ауылдан 
шыққаны  көрініп  тұр.  Анау  өзі  бүгін  жынды  киініп  алыпты,  шақырып  алып 
сабасына түсірейік», - деген сөздерді еститініміз рас. 
Ал,  осылай  өсіп  келе  жатқан  қыздарымыз,  жастық  шаққа  тән  махаббат  деген 
сезімді қайдан түсінсін. Жұдырықтай ғана жүректің дегеніне көніп, «ол мені сүйеді» 
деген  сеніммен  өмір  сүріп,  үкілі  үмітті  кеудеге  іліп,  сондай  бір  үмітпен  ұйықтап, 
сонымен ояну бір бақыт екенін бүгінгі қыздарымыз сезінбейді де. 
Ал  «Шолпы»  шығармасы  бүгінгі  қазақ  қыздарының  ішкі  жан  дүниесінің 
сұлулығына,  мәдениеттілігіне,  әдептілігіне  өзге  жұрттар  таңдай  қағып  қарап, 
өздеріне үлгі етуге үйретеді. 
Қыз  бала  қай  халықта  болмасын  әдемілік  пен  әдептіліктің,  сұлулық  пен 
іңкәрліктің  символы. Бұрынғы  кезде  ата-бабаларымыз  қыз  баланы  қорғап, 
періштедей аялаған. Қыз баланы кішкентайынан әдепті, инабатты етіп тәрбиелеген. 
Дана  халқымыз  бойжеткендерін  пәле-жаладан,  жамандықтан  аулақ  ұстап, 
сақтандырған.  Осының  бәрі  қыз  баланың  қасиетін  биіктетіп,  сұлулық  бастауына 
көтерілуіне  жол  ашады. Халқымыз  қыз  психологиясын  ерекшелігін  түсіне  білген. 
Қыз  баланың  ұқыптылығын,  шеберлігін,  сүйкімділігін,  жанының  нәзіктігін,  өнер, 
білімге  бейім  тұратынын  жоғары  бағалап,  оның  ол  қасиеттерін  бейнелі  сөздер 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
138 
арқылы  ерекше  көрсеткен.  Мысалы:  «Қыздың  жиған  жүгіндей»,  «Қыздың  тіккен 
кестесіндей»,  «Қыз  –  елдің  көркі,  гүл  –  жердің  көркі»,  «Жақсы  қыз  –  жағадағы 
құндыз»,  «Қызы  бар  үйдің  қызығы  бар».  Отбасы,  әке-шешесі,  аға-жеңгелері, 
бойжеткен  қызын  жібектей  мінезімен,  уыздай  тәтті  қылығымен,  іскерлік-
ұқыптылығымен,  сыпайы-салмақтылығымен,  әдепті-ізеттілігімен  көргісі  келген. 
Оларды  кішкентайынан  көздің  қарашығындай  сақтап,  жаны  мен  арының  таза, 
мінезінің  жайсаң  болуын  қадағалап  отырған,  олардың  мінездерінің  өзгертіндігін 
ескере отырып, «қырық үйден тыю» керектігін үнемі ескеріп отырған. 
Қыздарға  жан-жақты  сұлулық,  яғни,  жан  сұлулығымен  қоса,  тән  сұлулығы 
бiрдей болғаны жарасады. Жастықтың өзi – сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсі. Сондай-
ақ ерте  замандағы  Қыз  Жібек,  Баян  сұлу  т.б.  қазақ  қыздары  ерекше  сұлу  болған. 
Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып жүрген. 
Халық  ауыз  әдебиетінің  мына  өлең  жолдарымен  өз  ойымды  сабақтай  кетсем 
деймін: 
Желкілдеген тұлым менен бұрымды, 
Кие тұтқан ата-бабам бұрынғы. 
Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың, 
Жас ұрпаққа бүгін таңда білімді. 
Ұзын шаштың әр талына бақ қонған, 
Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан. 
Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп, 
«Алтын, Қара, Сұлушаш» деп ат қойған. (С. Мұсаев. Қазақтың қыздары). 
Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы бұрымы тарқатылып кетпеу 
үшін  таққаны  белгілі.  Халқымызда  қалыптасқан  сенім  бойынша,  неше  түрлі  асыл 
тастан  жасалған  сылдырмақ,  салпыншақтан  тұратын  салмағы  ауырлау  шолпының 
әсерінен  шаш  ұзын  болып  өседі.  Сондай-ақ  ауыр  шолпы  таққан  адамның  басы 
ауырмайды 
деп 
есептелген. 
Қазақтың 
қыз-келіншектерінің 
шаштарына 
сылдырмақты  шолпы  тағуына  «адам  жанына  зиян  келтіретін  бәле-жалалар 
жоламасын» деген сенім-түсінік те өз әсерін тигізбей қоймаған. 
Бойжеткен  қыз  баланың  жүрісін,  қимылын  түзеу  үшін  қоңыраулы  шолпыны 
бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, 
жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп, үйдегі үлкендер қалжыңын қойып, 
әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп, секіруін 
тиған. 
«Шолпы» деген ұғым балықтың cудағы секіріп, ойнағанынан шыққан сияқты. 
Мағжан  –  қазақ  өлеңінің  көркіне  көрік  қосқан,  саздылығы  мен  әуезділігін 
әсемдеген  ақын.  Өлеңдерінің  бәрінде  де  ол  қарапайым  өмір  кұбылыстарын  әсем 
суретке  айналдыра  жырлайды.  «Шолпы»  өлеңінде  Мағжан  өлеңдеріне  тән  ерекше 
бір әуезділігі айқын көрінеді. Мысалы: 
Сылдыр, сылдыр, сылдыр, 
Қанымды қайнатты кұрғыр. 
Шық-шық жүрекке тиеді, 
Күлпәра  талқан  боп  сыңғыр,  -  деген  жолдардағы  қазақ  қызының  шашына 
таққан  шолпысының  сыңғыры  әркімнің  құлағына  қазір  де  жетіп  тұрғандай  әсер 
береді. 
Иә,  Жүсіпбек  Аймауытов  сөзімен  айтсақ,  «Мағжан  сыршылдығымен, 
суретшілігімен,  сөзге  еркіндігімен,  тапқыштығымен  күшті,  маржандай  тізілген, 
торғындай  үлбіреген  нәзік  үнді  күйімен,  шерлі,  мұңды  зарымен  күшті».  Оның 
өлеңдері  «әлде  өкіндіреді,  әлде  мұңайтады,  әлде  жылатады,  әлде  аятқызады,  әлде 
есіркетеді,  әлде жігер  береді». Өмірге құштарлық, айналасындағы  адамдарға, туған 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
139 
табиғатқа,  жер-анаға  ғашықтық  туралы  ойлар  –  Мағжан  өлеңдерінің  басты 
сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен 
жырлайды.  Сол  себепті  де  оның  өлеңдері  сырлы,  сазды,  көркем.  Мағжан  –  қазақ 
өлеңінің көркіне көрік қосқан, саздылығы мен әуезділігін әсемдеген ақын. 
 
«Шолпы» өлеңіндегі ақынның тілдік шеберлігі 
 «Шолпы» өлеңіндегі ақынның суреткерлік шеберлігі керемет! 
Сылдыр, сылдыр, сылдыр, 
Қанымды қайнатты құрғыр. 
Шық-шық жүрекке тиеді, 
Күлпәра талқан боп сыңғыр. 
Сылдыр, сылдыр, сылдыр, 
Өзекті өртеді құрғұр. 
Әдейі іргеден жүреді, 
Сұлу қыз санадан солғыр. 
Үзінді  атақты  «Шолпы»  өлеңінен  алынып  отыр,  Шолпының  сыңғыры, 
ойнатқан күйі сан ақыл жырлаған бұлбұл әуезінен несі кем? Күннің жібек сәулесінен 
тоқылған осы жыр, астарында қандай сыр бүккен? Сұлулыққа табыну ма? Әлде жер 
басып  жүргеніңе  тәубе  еткізетін  өмір  күйі  ме?  Меніңше,  осы  өлеңде  соның  бәрі 
өрнектелген. 
Қазақ  қызының  әшекей  бұйымы  шолпы  –  кең  байтақ  қазақ  даласының 
символы. Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір 
салтының  ең  соңғы  мұрагері  қазақ  халқы.  Содан  болар,  көшпелі  қазақтың 
материалдық  және  рухани  мәдениеті  тікелей  байырғы  салтпен  шендесіп  жатыр. 
Қоғам алға жылжып, заман өзгеріп, материалдық және рухани құндылықтар өзгерген 
сайын  қазақ  әйелдерінің  киім  үлгілері  де  ауысып,  соған  сәйкес  киім  киюге  деген 
көзқарас та өзгеріп отырғаны даусыз. 
Ақын  Мағжан  Жұмабаевтың  алғашқы  өлеңдерінен  бастап,  соңғы  демі 
үзілгенше  туған  халқының,  бүкіл  түркі  жұртының,  Шығыс  мәдениетінің,  жалпы 
адамзаттың  тағдыры  толғандырады.  Ес  білгеннен  көкжиекке  дейін  керілген  кең 
байтақ  даланы  тамашалап,  еркін  өскен,  елінің  өткен  даңқты  тарихы  мен  ертегі-
аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында, әуелгіде, өршіл ұлттық рух 
кемерінен  асып  төгіледі.  Сондықтан  өскелең  ұрпақ,  бүгінгі  жастар  үшін  байырғы 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
140 
қазақ  қызының  әшекей  бұйымы  шолпы  –  кең  байтақ  қазақ  даласының  символы 
болмақ. 
«Шолпы» өлеңінің сатылай кешенді талдауы: 
1. Авторы: М. Жұмабаев. 
2. Тақырып: Махаббат лирикасында жазылған ақынның іңкәрлік сезімі. 
3. Жанр түрі: өлең. 
4. Идеясы: Ақынның сезімі, сол арқылы қазақ қызының шолпысының сыңғыры 
әлі күнге дейінге сақталып қалса ғой деген үміті. 
5. Бұл өлең – 5 шумақты. 
6. Өлеңде 20 тармақ. 
7. Бунақ саны 3-4. 
8. Өлең аралас буынды. 
9.  Ұйқас  түрі:  өлеңде  4  шумағы  қара  өлең  ұйқасына  құрылған  (а-а-б-а),  5 
шумақ шұбыртпалы ұйқас (а-а-а-а). 
10.  Әдеби  теориялық  ұғымдар.  Қайталау:  Сылдыр,   сылдыр  сөздері.  Символ: 
қанымды қайнатты, өзекті өртеді, жүректі жандырды. Аллитерация бар. 
11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: бұл өлең арқылы әр адам өзінің іңкәр 
сезімін  білдіріп,  шолпы  арқылы  қазақ  қыздарының  әдебі  жақсаруы,  қазақшылыққа 
шақыруы байқалады. 
Мен  Венн  диаграммасын  пайдаланып,  Мағжан  Жұмаевтің  «Шолпы»  өлеңінің 
әдеби ерекшеліктеріне талдау жасауға тырыстым. 
Күшті жақтары: 
Мағжан  Жұмабаев  «Шолпы»  атты  өлеңінде 
адамға тән ұлы сезімді түсінуге шақырады; 
Өлеңде  қазақ  қызының  бойына  жарасқан 
әшекей  бұйымдарының  бірі  –  шолпының 
дыбысына көңіл бөліп, таза шынайы суреттеуі 
байқалады; 
Ескінің  көзін  жаңарту  мақсатымен,  қыз 
баланың тәрбиесін жоғары ұстау көзделеді. 
Әлсіз жақтары: 
Қазіргі  қыздар  шолпы  бұйымы 
туралы білмейді; 
Қазіргі 
қыздардың тәрбие 
мәселесі  төмен  деңгейде  болып 
тұр. 
Төнетін қауіп: 
Қазіргі 
жастар 
ұлттық 
рухани 
құндылығымызды ұмытып қалуы мүмкін. 
Қыз  балалардың  тәрбиесінің  деңгейі  түсіп 
қалып, өзгеруі мүмкін. 
Шешу жолдары: 
Әрқашан 
ұлттық 
рухани 
құндылығымызды  айтып,  еске 
түсіріп, 
жастардың 
білуін 
қадағалау керек; 
Тәрбиеге  ерекше  көңіл  бөліп, 
көп мән беру керек. 
Мағжанның таза махаббат тақырыбына арналған лирикасы – аса көркем мұра. 
Мен  өз  зерттеу  жұмысымда  осы  пікірді  дәлелдеу  үшін  Мағжан  Жұмабаевтың 
«Шолпы»  атты  туындының  адами  және  әдеби  құндылықтарын  қарастыруға 
тырыстым. 
«Шолпы»  өлеңінде  Мағжан  адамға  тән  осынау  ұлы  сезімді  аса  биікке  көтере 
жырлайды, адамға тән ұлы сезімді түсінуге шақырады. 
Өлеңде  қазақ  қызының  бойына  жарасқан  әшекей  бұйымдарының  бірі  – 
шолпының дыбысына көңіл бөліп, таза шынайы суреттеуі байқалады. 
Ескінің  көзін  жаңарту  мақсатымен,  қыз  баланың  тәрбиесін  жоғары  ұстау 
көзделеді. Мағжанның рухы – қазақтың рухы. Мағжанның арманы – ұлттың арманы. 
Мағжан  мен  қазақ  –  егiз,  бiртұтас  жаратылыс,  бiр  бүтiн  дүние.  Бұларды  бөлуге  де 
болмайды,  ажыратуға  да  келмейдi.  Сондықтан  да  бiз  Мағжанның  рухына  дәйiм 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
141 
тағзым  етуiмiз  керек.  Ал  Мағжан  рухына  тағзым  ету  дегенiмiз  –  өзiмiздiң  қазақ 
екенiмiздi ешуақытта естен шығармау деген сөз. Қазақ ұлтына қызмет етудi, қызмет 
ете  отырып  сол  ұлттың  мүддесiн  көздеудi,  жыртығын  жамауды,  тесiгiн  бүтiндеудi 
бiр  сәтке  де  ұмытпау  деген  сөз.  «Қазақ  қорланбасын,  қор  болмасын,  қазақтың 
шыққан тауы ылғи да биiк болсын!» деген тiлектiң соңында болу деген сөз. 
Бұл  жұмыстың  нәтижесінде  ұзын  шаштың  әлі  де  сұлулық  символы  ретінде 
есептелетініне  көз  жеткіздім.  Өз  қатар  құрбыларымның  ұзын  шаш  өсіру  жайлы 
ойлары белгілі болды. Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі 
бірегейі. Ол – артына өшпес рухани мол мұра, өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырған 
ұлы ақын. 
Міне,  Мағжанның  барлық  өмірі  –  поэзиясында.  Өлеңдері  романтикалық 
сезіммен өрілген. Ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы бар Мағжан атамыздың өлеңдері 
арқылы болашақ ұрпақтың отансүйгіш, елжанды, адал азамат болатынына сенемін! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет