3
3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)
redakciyabayantau@mail.ru
3
3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)
redakciyabayantau@mail.ru
Баянтау
Ұлтымыздың ұлы құндылығының
бірі, əрі бірегейіне айнала білген өнер
мен мəдениет атты ғаламаттың тыл-
сым сыры тереңде жатыр. Ықылым
заманнан-ақ сөз өнерінің қасиетін
жете түсініп, өнердің ұлылығына бас
иіп, тəу ете білген бірден бір ұлт -
қазақ жұрты. Қай кезеңде болмасын
ұлы дала иесі осы ғажап өнер мен
мəдениеттің маңызды бедері мен тыл-
сым күшін жүрегімен сезіп, айшықты
ізінің мəңгілікке жол тартатынына
кəміл сенді. Сол себептен де тамы-
ры тым тереңнен бастау алатын қос
ұғымның қазақ жұртшылығы үшін
маңызы зор, орны бөлек.
Əу бастан-ақ, қадір тұтқан қа-
сиеттің қазанында қайнап, ғұмырын
өнермен өрнектей білген жандар
бүгінде ортамызда жетерлік. Олар
осы саланы жанына серік етіп, ұлты-
мыздың асыл мұрасын айшықтау жо-
лында еңбектенуден жалыққан емес.
Əдетте ұлтымызда өнер қонған дарын
иесіне деген құрметтің орны да бөлек.
Өйткені, өнер өлкесіне белсене атса-
лысып жүргендерге қолдау көрсетуді
ұлттың ұлы өнерін дəріптеуге, мəде-
ниетінің мерейін тасытуға бөлінген
көңіл деп білеміз.
Осының айқын бір дəлелі бірнеше
жыл бұрын Елбасының Жарлығымен
бекітілген мəдениет жəне өнер қыз-
меткерлерінің аталып өтілуі. Биыл
жылдағы дəстүрден ауытқымай, Бая-
науыл ауылының жұртшылығы мəде-
ниет пен өнер саласының маманда-
рына ерекше ілтипат көрсетті. Аудан
орталығындағы С.Торайғыров атын-
дағы мəдениет үйінде бас қосқан сала
қызметкерлері кəсіби мерекелерін
атап өтті.
Дəстүрлі тойға арнайы қатысқан
аудан əкімінің орынбасары Бақыт
Тоғжігітова «Өнер – ұлттың жаны»
деген халық даналығын сөзіне арқау
ете отырып, кез келген ел өнерімен,
мəдениетімен танылып, бағаланаты-
ны анық екендігін айтты.
- Өркениетті ұлт, ең алдымен, тари-
хымен, мəдениетімен, ұлтын ұлық-
таған ұлы тұлғаларымен, əлемдік
мəдениеттің алтын қорына қосқан
үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады.
Сіздер киелі өнер жолында Баянауыл
даңқын ел-жұртқа танытып, биік тұ-
ғырдан көрсетіп жүрсіздер. Өнерлері-
мен елдің рухын көтеріп, адамзат ба-
ласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш
сыйлап, халқымыздың мəдени тал-
ғамы мен танымын қалыптастырып
жүрген жандарды кəсіби мерекелері-
мен шын жүректен құттықтаймын, -
деді Бақыт Кенжеқайырқызы.
Осыдан соң мəдени кеш мəдениет
жəне өнер майталмандарын мара-
паттау рəсімімен жалғасын тапты.
Атап өткенде, аудандық мəдениет
үйінің əдіскері Жеңісбек Қадырұлы-
на «Бейбітшілік əлемі» халықаралық
қазақ творчестволық бірлестігінің
халықтар арасындағы достық пен
ынтымақтастықты нығайта отырып,
еліміздің өркендеуі жолында Қазақс-
танның рухани-мəдени жасампаздық
əлеуетін одан əрі нығайту жолында-
ғы өлшеусіз еңбегі мен өнердегі шы-
ғармашылығы үшін арнайы дипломы
беріліп, «Мəдениет майталманы»
медалімен марапатталды. Сондай-
ақ, орталықтандырылған кітапхана
жүйесінің əдіскері Алма Хамитова,
«Кенші» мəдени достық орталығы-
ның аккомпаниаторы Берікбол Мұн-
талиев, Жуантөбе ауылдық мəдениет
үйінің көркемдік жетекшісі Жангелді
Смағұлов, Майқайың балалар кітап-
ханасының кітапханашысы Шолпан
Кенжетаева, Қызылтау ауылдық кі-
тапханасының кітапханашысы Зəмзə-
гүл Мəжитова, Жаңажол ауылдық
мəдениет үйінің көркемдік жетекшісі
Тілек Сейітов, Ұзынбұлақ ауылдық
мəдениет үйінің директоры Самат Əб-
жанов аудан əкімінің алғыс хатына ие
болды.
Сонымен қатар, аудандық мəс-
лихаттың хатшысы Темірболат Қа-
сен ауданымыздың мəдениеті мен
өнерін айшықтауда еңбек етіп жүр-
ген жандардың маңдай тері өлшеусіз
екендігін айта келіп, салада ерекше
көріне білген жандарға алғыс хаттар
табыстады. Аудандық мəслихаттың
марапатын Торайғыр ауылдық мəде-
ниет үйінің директоры Бикен Нұрғо-
жина, Үшқұлын ауылдық клубының
көркемдік жетекшісі Мақпал Төлеу-
бекова, Қызылтау ауылдық кітапха-
насының кітапханашысы Светлана
Нашенова, Мұрынтал ауылдық кітап-
ханасының кітапханашысы Орынтай
Тілеубаева иеленді.
Аудандық мəдениет жəне тілдерді
дамыту бөлімі басшысының міндетін
атқарушы Ерлан Зікіров аудандық мə-
дениет қызметкерлері кəсіподағының
төрайымы Гүлжамал Айтмағанбето-
ваға облыстық мəдениет, архив жəне
құжаттама басқармасының Құрмет
грамотасын табыс етті. Баянауыл
орталықтандырылған кітапхана жү-
йесінің директоры Айман Мақтаева
Большевик ауылдық кітапханасының
кітапханашысы Марал Омароваға,
орталықтандырылған кітапхана жү-
йесінің əдіскері Раушан Тоқановаға,
Сəтбаев ауылдық кітапханасының
кітапханашысы Данаш Жақсыбаева-
ға, Ақсаң ауылдық кітапханасының
кітапханашысы Несіпжан Асылбе-
коваға, Ұзынбұлақ ауылдық кітап-
ханасының кітапханашысы Жанна
Ақылбековаға С.Торайғыров атын-
дағы облыстық кітапханасының ма-
рапатын тапсырды. Аудандық мəде-
ниет қызметкерлері кəсіподағының
төрайымы Гүлжамал Айтмағанбетова
Шөптікөл ауылдық кітапханасының
кітапханашысы Гүлнəр Дүйсекееваға,
Октябрь ауылдық кітапханасының кі-
тапханашысы Айгүл Рахметоваға, Ле-
кер ауылдық клубының меңгерушісі
Берік Смағұловқа, Күркелі ауылдық
мəдениет үйінің көркемдік жетекшісі
Нұргүл Қасымоваға облыстық мəде-
ниет ұжымдары кəсіподағының сый-
лығын табыстады.
Осылайша ауданымыздың мəде-
ниеті мен өнері саласында жүрген
көптеген қызметкерлердің еңбегі
еленіп, ерекше салтанатпен аталып
өтілген кештен барша халық көтеріңкі
көңіл-күймен тарқасты.
Қанат ТИТАН.
Бiлiм
Мәдени іс – қастерлі міндет
Тестілеу сынағына былтыр Ми-
нистрлік тарапынан ҰБТ өткізу Ере-
жесінің 48-тармағына
өзгерістер
енгізілген болатын. Аттестатқа ҰБТ
шеңберінде
тапсырылған
жалпы
білім беретін пəндер шешіміне сəй-
кес жылдық баға есептелген орташа
арифметикалық баға қойылады. Егер
«3» жəне «4» немесе «4» жəне «5»
бұл бағалар дау тудыратын жағдайда
бағаны дөңгелектеу көтеру жағына
жасалады.
Осы жылы да Қазақстан Респуб-
ликасының «Білім туралы» Заңына
өзгерістер орын алды. Осыған бай-
ланысты үш жыл бойы жалпы білім
беру пəндері бойынша халықаралық
олимпиадалар мен конкурстардың
жеңімпаздары сынақтан босатылады.
2016 жылғы педагогикалық маман-
дыққа, арнайы жəне шығармашылық
дайындықты талап ететін мамандық-
тар, арнайы жəне шығармашылық
емтихандарды есепке ала отырып іске
асырылады. Шығармашылық жəне
арнайы емтихан тест жəне əңгімелесу
кезеңімен өткізіледі. Тапсырмаларды
жоғарғы оқу орны əзірлейді. Тест
жұмыстары арнайы бланкіде орын-
далып, алған ұпайы бағаланады. ҰБТ
пəндері бойынша 25 ең жоғары балл.
Алынған баллдары арнайы емтиханда
тапсырған орташа шекті деңгейдегі
баллына ықпал етпейді.
Жағымды жаңалықтың бірі шекті
деңгейді жинай алмаған түлектер
үшін ағымдағы жылдың тамыз айында
жоғары оқу орындарында тестілеуді
қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.
ҰБТ-ны қайта тапсыруға болатын жо-
ғары оқу орындарының тізімі Білім
жəне ғылым министрлігі тарапынан
айқындалады. Шекті деңгейді жинай
алмаған бітірушілер тестілеуді төрт
пəн бойынша қайта тапсырады: оқы-
ту тілі, Қазақстан тарихы, математика
жəне таңдау пəнінен (бейінді). Қайта
тестілеу рəсімінің құны 2242 теңгені
құрайды
Биыл Павлодар облысы бойынша
тестілеу сынағы арнайы белгіленген
10 пунктіде өткізілетін болады. Атап
өтсек, Павлодар қаласында - 3, Екі-
бастұз қаласы - 1, қалған 6 пункт –
Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Қашыр,
Ертіс аудандарындағы жалпы орта
білім беру мектептерінде. Успен, Ле-
бяжі, Павлодар жəне Шарбақты ау-
дандары Павлодар қаласында, Май
ауданы Ақсу қаласында тесттілеуден
өтеді.
ҰБТ өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін дəстүрлі түрде техникалық
құралдарды бірлесе отырып қолда-
ну жоспарланып отыр. 2015 жылдан
бастап əрбір ҰБТӨП Министрлігінен
қосымша бір техникалық жұмыскер
жіберіледі. Ол адам құрылғылардың
үзіліссіз жұмыс істеуін жəне металл
іздегіштердің, ұялы телефон сигна-
лын, бейне тіркеуіштерді өшіруін са-
палы қамтамасыз етуі тиіс. Барлық
пунктерде қажетті техникалық құ-
ралдармен қамтамасыз етілген. Со-
нымен бірге, ата-аналар балаларын
тосатын орындарда ҰБТ жүру бары-
сын тікелей бейнетрансляция арқылы
көре алады. Əрбір аудиторияда Ми-
нистрліктен келген өкілдер болады.
Олар тесттілеу өткізу тəртібін жəне
түлектердің тəртіп ережелерін сақ-
тауын қамтамасыз етеді. ҰБТ өту ба-
рысында түлектердің бірінен рұқсат
етілмеген қандай да бір зат табылған
уақытта тəртіп бұзушы аудиториядан
шығарылады, ал оның нəтижесі жо-
йылады. Мұндай шаралар өз кезегін-
де оқушылардың шынайы білім дең-
гейін анықтауға мүмкіндік береді.
ҰБТ өткізу уақытында түлектер
мен олардың ата-аналарынан түскен
өтініштері мен шағымдарына дер
кезінде жауап қайтару үшін Павлодар
қаласында ҰБТ өткізу жəне коор-
динациялау бойынша штаб өз жұ-
мысын атқарады. Білім жəне ғылым
Министрлігінде республикалық штаб
жұмыс жасайды.
Бірыңғай талаптарды сақтауды
қамтамасыз ету жəне тест тапсырма-
ларын бағалауда даулы сұрақтарды
шешу, ҰБТ қатысушылардың құқы-
ғын қорғау үшін тесттілеу өту ағы-
мында əрбір ҰБТӨП апелляцияны
қарастыруда апелляциялық комиссия
бойынша республикалық комиссия
құрылады.
Естеріңізге саал ктейік, ағымдағы
жылда Павлодар облысының мек-
тептерін 3604 түлек тəмамдап отыр.
Оның 2680-і ҰБТ-ға қатысуға өтініш
берген. Бұл жалпы түлектер санына
шаққан кезде 74,4% құрап отыр.
Светлана ОРАЛОВА,
Павлодар облысы бойынша
білім беру саласын
бақылау департаментінің бас
маманы.
2016 жылғы ҰБТ-ға дайындық
Оқу жылы аяқталысымен мектеп бiтiрушi түлек-
тердi бiлiм деңгейiн сынауға бағытталған басты до-
даның бiрi тестiлеу сынағы күтiп тұрады. Ағымда-
ғы жылы бұл сын маусым айының 1-15 аралығында
өткiзiлмек.
Мереке
4
3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)
redakciyabayantau@mail.ru
4
3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)
redakciyabayantau@mail.ru
Баянтау
Поляктар-сталиндік
репрессия-
ның қанды шеңгеліне алғашқылар-
дың қатарына іліккен ұлттардың
бірі. Батыс Украина жерінен күштеп
жаппай шығарылып, Қазақстандағы
Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Пав-
лодар облыстарына жер аударыл-
ған. Аш-жалаңаш, ауру-сырқаулы,
кейбірі өлім халінде жатқан көпте-
ген поляктар Қазақстанға жүдеп-
жадап əрең жеткен.
1939-1941 жылдары жер аударыл-
ған поляктардың басым көпшілігі
Майқайың кентінде орналасты.
Сталиндік саясаттың құрбаны бол-
ған поляктар арып-ашып жүк таси-
тын сұп-суық поезбен Павлодарға
жеткізіліп, одан Майқайыңға ат-ар-
бамен, жаяу-жалпылы келгенін мұ-
рағат құжаттарынан белгілі. Де-
портацияға ұшыраған поляктардың
көпшілігі кінəсіз балалар мен əйел-
дер еді. Олардың арасында акаде-
миктер, ақын-жазушылар, мұғалім-
дер де болған. Келген жазықсыз
жандарды жергілікті халық құшақ
жая қарсы алып, қолдарында бары-
мен күтіп, тамақ, киім-кешек беріп,
үйлеріне паналатқан.
1941 жылдың қысы ерекше аяз-
ды-боранды болған қысқы суыққа
шыдамай аш-жалаңаш, аурулы по-
ляктардың көпшілігі өмірмен қош
айтысып, Майқайың топырағында
жерленген.
Мұрағатта сақталған ресми де-
ректерге жүгінсек, сол жылдарда
Майқайың кентіндегі поляктар ко-
митетінің хатшысы болған М.Алек-
сандровичтің хаттамасында 1941
жылдың қазан айында Майқайың-
да 50 жастан асқан адамдар саны –
160, жұмыс істеуге жарамды 16-50
жастың арасындаы адам саны – 375
болса, жұмыс істеуге жарамды адам
саны – 224, 16 – жасқа дейнгі бала
саны – 511 болған.Барлығы – 1270
поляк тіркелген.
Бес жүз он бір бала... Сұрапыл
жылдары аштыққа, суыққа шыда-
май шейіт болған панасыз, күнəдан
пəк бүлдіршіндердің бəрі көз жұм-
ған. Бұл күндері Майқайың кенті-
нен бес-алты шақырымдай жерде
орналасқан поляктар зиратында 511
бала жерленген.Жарты ғасырдан
астам уақыт өтсе де поляктардың
бүгінгі ұрпақтары Майқайыңға жиі
келіп, мəңгілік ұйқыда жатқан құр-
бандардың басына тағзым етуді дəс-
түрге айналдырды.
1946-47 жылдары ғана жер ауда-
рылған, аман қалған поляктар өз
Отанына оралуға мүмкіндік алды.
Бастарына күн туғанда қа-
зақ елінің қамқорлығын сезініп,
мейіріміне бөленген поляктар күні
бүгінге дейін Майқайың халқымен
тығыз байланыс жасап отыр. Өйт-
кені, көптеген поляктардың ата-ана-
лары, жақын-жуықтарына Майқа-
йың жерінің топырағы бұйырды.
1996 жылы Павлодарда «Поло-
ния» облыстық қоғамы құрылды.
1997 жылы поляктардың «Поло-
ния» облыстық қоғамының ұйым-
дастыруымен, репрессияға ұшырап,
облысымызда жерленген поляктар-
ға ескерткіш орнатылды.
2001 жылдың маусым айында
1940-1946 жылдары біздің өңірде
жер аударуда болған бір топ по-
лякңтар Павлодарға, оның ішінде
Майқайыңға келді. Бір кездері Май-
қайың орыс мектебінде білім алған
олар, аталмыш білім ордасында
болып, оқушылармен кездесулері
ұмытылмас əсерлі кезең болып
есептеледі. Мектеп басшысы Шол-
пан Аусағитқызы Жасылғұсованың
ұйымдастыруымен, жыл сайын қу-
ғын-сүргін құрбандарын еске алу
күніне орай Майқайың кентінің
шетіндегі бауырластар зиратына
күтім жасалып отырды. 2004 жылы
Шолпан Жасылғұсова Польшаның
Познань қаласына сапар шегіп, по-
ляктардың ұрпақтарымен кездесті.
Поляктардың облыстық «Павло-
дарчик» клубының ұйымдастыруы-
мен өткізілген жалпы поляктардың
жетінші сьезіне қатысып қайтқан
Шолпан Аусағитқызы күні бүгінге
дейін поляктармен достық қарым-
қатынасын үзген емес.
- Майқайыңға соғыс жылдары
жер аударылған поляктар туралы
көп айтуға болады. Польшаға бар-
саңыз,ол жақта қазақ десе поляктар
тік тұрады.Егер қазақтың шексіз
мейірімі мен қамқорлық көмегі бол-
маса бəріміз қырылатын едік дейді
поляктар. Өзім басшылық еткен
білім ордасында оқып, білім алған
ұлты поляк Елена Буялинская педа-
гогика ғылымының докторы, про-
фессор, Польшаның құрметті аза-
маты. Ал 15 жасында нөмір екінші
шахтада жұмыс істеген Фербе Ри-
хард қазір Польшада тұрады. Кезін-
де өндірістік сауда палатасында
лауазымды қызмет атқарған беделді
азамат еді. Жалпы, поляктардың
қайсы болсын, қазақтарды өздерінің
жақын туыстарындай көріп құрмет-
тейді, - дейді Шолпан Аусағитқызы
поляктар туралы ерекше тебіреніс-
пен айта отырып.
Шолпан Аусағитқызы өзі еңбек
еткен жылдары мектепте өлкетану-
тарихи мұражайын ұйымдастыр-
ған еді. Таяуда біз поляктар туралы
мəліметтерді іздестіру мақсатында
мектеп мұражайында болғанымыз-
да мұнда көптеген құнды, мұрағат-
тық құжаттар сақталғандығының
куəсі болдық. Мектеп директоры
Ержан Сламбекұлы қуғын-сүргін
құрбандары болған поляктардың
қиын да аянышты тағдыры жəйлі
сыр шертті.
- Жалпы депортациялау 1937
жылдан басталды. Тарихқа жүгі-
нетін болсақ, 1937 жылды 21 тамы-
зында И.Сталин мен М.Молотов қол
қойған корейлер мен поляктарды
депортациялау жөнінде ресми нұс-
қау берілген. Осы іс-шара бойынша
корейлер, поляктар тағы басқа ұлт
өкілдері Қазақстанға жер аударыл-
ды. Майқайыңға тағдыр тəлкегімен
еріктен тыс келген поляктар, тіпті
немістер де келгенін айта кеткен
жөн. Жергілікті халық жоқшылық
пен азаптың құрбаны болған жан-
дарға достық қолын ұсынып, ру-
хани қолдау көрсете білді.Кейінгі
ұрпағымыз мұны ұмытпауы тиіс, -
дейді Ержан Сламбекұлы мұражай
ішіндегі құнды құжаттарды көрсете
отырып.
Ия, поляк халқы қазақтардың
қонақжайлық, бауырмалдық қа-
сиеттерін, қиын кезде пана болған
қайырымдылықтарын
ешқашан
ұмытпайды.
Бұл шағын мақаланы жазудағы
басты мақсатымыз – қиын-қыстау
кезде поляктарға пана болған Май-
қайыңдықтар туралы кейінгі жастар
біле жүрсе екен дейміз.
Бағзад НҰРТАЙҚЫЗЫ,
Майқайың кенті
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргiн жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күнi
ПОЛЯКТАРҒА ПАНА БОЛҒАН МАЙҚАЙЫҢ
Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын»
атты поэмасын білмейтін қазақ баласы бүгінде
жоқ шығар.
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
– деп басталатын жолдар дүйім қазақ жұрты-
ның тұтас тарихын паш етіп тұрғандай.
Расында уақыт жылжып бара жатқан сайын
тарих атты құбылыстың қойнауында талай оқи-
ғалар қалып барады. Өткенді парақтап, кейінгіге
сəл шегініс жасаған көзі қарақты адамның қазақ
қоғамының тарихына зер салғанда көзіне жас ал-
май тұра алмасы анық. Себебі, ақын ағамыз жыр-
лағандай «мың өліп мың тірілген» қазақ ұлтының
басынан өтпеген зұлмат кемде-кем. Солардың
ішінде өткен ғасырдың отызыншы жылдарында-
ғы тоталитарлық саясаттың зардабы бəрінен асып
түсті. Сол жылдары ұлтым деп еңіреп, жерім деп
жылаған талай ұлт тарландары жазықсыздан жа-
зықсыз жапа шекті. Қаншама жандардың тағдыр-
лары тəлкекке түсті. Сөйтіп, саяси қуғын-сүргін,
аштықтың салдары қазақ тарихында тағы бір
өзінің қанды белгісін қалдырып кетті.
Бүгінгі күні егеменді ел атанған қазақ жұрты
өткен тарихын əсте ұмытқан емес. Жыл сайын
күллі қазақ 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін
жəне ашаршылық құрбандарын еске алып, жа-
зықсыз жапа шеккендердің аруақтарына Құран
бағыштайды. Биыл да Баянауыл ауданының ор-
талығында алапат кезеңдерде қаза тапқандарға
арналып орнатылған ескерткіш маңына адам көп
жиналды.
Еске алу митингісіне аудан əкімінің орынба-
сарлары, аппарат басшысы, аудандық мəслихат-
тың хатшысы, Мұса мырза мешітінің бас имамы,
ауданнның мемлекеттік мекемелері мен ұйым-
дарының басшылары, қызметкерлері, ауданның
құрметті азаматтары мен ақсақалдары қаты-
сып, солақай саясаттың құрбандарын бір минут
үнсіздікпен еске алды.
Шарада Баянауыл ауылының əкімі Қинаятол-
ла Тəліпов халқымыз үшін бұл күн
ерекше тарихи мəнге ие екендігін
жеткізді. Өз сөзінде ол ХХ ғасырдың
30-40-жылдарындағы жаппай саяси
қуғын-сүргін миллиондаған адамға
қайғы-қасірет əкелгендігін айтып,
зұлмат жылдар жаңғырығы ұлт жа-
дында мəңгі сақталатындығын атап
өтті.
Баянауыл ауданының құрметті аза-
маты, зейнеткер Қорабай Шəкіров
қазақ халқының басынан өткен қиын-
қыстау кезеңдердің аз болмағанды-
ғын тілге тиек етті.
- 1920 жылдары қазақтың ұлы тұлға-
сы Ахмет Байтұрсынұлы: «Əлһамду-
лиллаһ алты миллион қазақпыз» деп
айтқан екен. Бірақ, тоталитарлық ре-
жимнің содыр саясатының кесірінен
қазақ ұлтының басына нəубет жыл-
дар орнады. Аталмыш кезең– зұлмат алапат. Өт-
кен тарихымызға көз жүгіртсек, бүкіл ұлт-азаттық
күрестер барынша басып жанышталып, репрес-
сиялық саясат тоқтаусыз жүргізілді, - деді. Бұдан
соң Мұса мырза мешітінің бас имамы Саян қажы
Арыстанұлы қуғын-сүргін құрбандарын арнап
Құран бағыштады.
Алапат нəубетті жылдары елімізде 103 мың
адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасы-
на кесілген. Қазақ халқының көрнекті перзенттері
- Шəкəрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов,
Сəкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Əлихан Бө-
кейханов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин,
Ілияс Жансүгіров, Жүсіпбек Аймауытов жəне бас-
қа да көптеген саңлақтар қуғын-сүргін құрбанда-
ры болды.
Қатал тоталитарлық жүйенің барлық ауыртпа-
лығын қазақ халқымен бірге жер аударылған 1,5
миллион неміс, поляк, корей, шешен, түрік, грек
жəне басқа да халықтар өкілдері көтерді. Оларға
қазақ халқы пана болып, үйлерінен төрін ұсынды.
Зұлмат заманға қарамастан, барынан айырыл-
ған жандар біздің жерімізден жаңа баспана тауып,
жан жылуына, түсіністік пен қамқорлыққа ие бол-
ды.
Зұлмат жылдары Қазақстанда «АЛЖИР»,
«КАРЛАГ» секілді лагерьлер құрылып, онда 2
миллионнан астам тұтқын отырды. Соның ішінде
мемлекетіміздің болашағы үшін қызмет атқарған
азаматтардың 4 мыңнан астамы жазықсыздан-
жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, азап көрді,
ашаршылық кезеңін еске алсақ қазақ халқының
40 пайыздан астамы аштықтан қырылды. Осының
салдарынан көптеген қандастарымыз туған жерін
тастап кетуге мəжбүр болды.
Бүгінде ел тəуелсіздігінің 25 жылы ішінде көп-
теген азаматтарымыз ақталды. Олар жөнінде
тарихи деректер жиналды. Елді мекендер мен
көшелерге, мектептер мен кітапханаларға саяси
құрбандарымыздың есімдері берілді. Осылайша
елін сүйген жазықсыз қудаланған арыстарымыз-
дың есімі мəңгі сақталып, тарих бетіне өшпес із
қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: