Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата15.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#9932
1   2   3   4   5   6

Қанат ТИТАН.

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды



5

3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)

redakciyabayantau@mail.ru

5

3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Мемлекеттік  рəміздер  күнін  мере-

келеу  қазақстандық  азаматтық  бір-

тектілікті,  патриотизмді  жəне  ұлт 

бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік 

саясаттың негізгі элементі болып табы-

лады.


2016  жылғы  желтоқсан  айында  Қа-

зақстан  Республикасының  Мемле-

кеттік рəміздері күнін мерекелеу қағи-

далары бекітілді. 

Мереке  «Қазақстан  Республикасы-

ның  мемлекеттік  рəміздері  туралы» 

2007 жылғы  4 маусымдағы Қазақстан 

РеспубликасыныңКонституциялық  за-

ңына  қол  қойылған  күнге  орайласты-

рылған.


Осы қағидаларға сəйкес Мемлекеттік 

рəміздер күні жыл сайын еліміз бойын-

ша барлық жерде мерекеленеді.

Мемлекеттік  рəміздер  күнін  мереке-

леу  Қазақстан  Республикасының  мем-

лекеттік  рəміздерімен  безендірілген 

үй-жайларда  салтанатты  түрде  мемле-

кеттік жəне қоғамдық қайраткерлердің, 

мəдениет,  білім  жəне  ғылым, 

экономика жəне қаржы, сондай-

ақ  басқа  да  салалардың  белгілі 

өкілдерінің  қатысуымен  өткізі-

леді. 

Мемлекеттік  рəміздер  күнін 



мерекелеуге  арналған  ресми 

жəне 


салтанатты 

рəсімдер, 

спорттық іс-шаралар Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік 

Туын  салтанатты  жағдайда  кө-

теру  жəне  тігумен  басталады 

жəне Мемлекеттік Гимн орындалады. 

Ресми  жəне  салтанатты  рəсімдер, 

спорттық іс-шараларда Қазақстан Рес-

публикасының  мемлекеттік  рəміздер 

күнін  мерекелеуге  арналған  құттық-

тау,  сондай-ақ  оның  тарихы,  маңызы 

жəне маңыздылығына арналған сөздер 

ұйымдастырылады. 

 Мемлекеттік рəміздер күнін мереке-

леу шеңберінде өткізілуі мүмкін:

-  Қазақстан  Республикасының  Мем-

лекеттік  Гимнін  бір  мезетте  орындау 

жөніндегі шарасы;

-  медальдарды,  төсбелгілерді,  ве-

домстволық  наградаларды,  құрмет 

грамоталарды жəне алғыс хаттарды та-

быстау;

-  жаңа  объектілердің,  ұйымдардың 



ашылуы;

-  əкімшілік  мемлекеттік  қызметші-

лерге ант қабылдату;

- Қазақстанның мемлекеттілігі мəсе-

лелері  бойынша  ғылыми-практикалық 

конференциялар,  форумдар,  мəжіліс-

тер, дөңгелек үстелдер;

-  кітапханалар  мен  музейлерде  Қа-

зақстан Республикасының мемлекеттік 

рəміздеріне арналған тақырыптық көр-

мелер мен экспозициялар;

-  көрнекті  саяси,  еңбегі  сіңген  жəне 

қоғам  қайраткерлерінің  сұхбаттары 

мен  жарияланымдарын,  тақырыптық 

бағдарламалар циклдарын шығару; 

-  мемлекеттік  рəміздерді  дəріптеуге, 

өз еліне деген мақтаныш жəне отанына 

деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, 

тəрбиелеуге  бағытталған  конкурстар, 

викториналар;

- мемлекеттік рəміздерді насихаттау-

ға  бағытталған  басылым  жəне  естелік 

өнімдерін шығару;

- Мемлекеттік рəміздер күнін мереке-

леуге арналған өзге де шаралар.

Мемлекеттік  рəміздер  күнін  мере-

келеуде  ақпараттық  сүйемелдеу  шең-

берінде  мемлекеттік  заңды  тұлғалар 

Мемлекеттік рəміздер күніне арналған 

шараларды  бұқаралық  ақпарат  құрал-

дарында  кеңінен  жария  ету  жөніндегі 

шаралар қабылданады. 

Жергілікті  атқарушы  органдар  та-

рапынан  мемлекеттік  рəміздер  күнін 

ұйымдастыру  жəне  өткізу,  сондай-ақ, 

ақпараттық  сүйемелдеу  жөніндегі  іс-

шаралар жоспарын əзірлейді жəне бекі-

теді. 


Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттiк рəмiздерi күнiн мерекелеу

Празднование  Дня  государственных 

символов  является  основным  элемен-

том  формирования  патриотизма  и  на-

ционального единства. 

В  декабре 2015 года  были  утверж-

дены  Правила  празднования  Дня  го-

сударственных  символов  Республики 

Казахстан.

Праздник  приурочен  ко  дню  подпи-

сания  Конституционного  закона  Рес-

публики Казахстан от 4 июня 2007 года 

«О государственных символах Респуб-

лики Казахстан».

Согласно  этим  правилам  День  госу-

дарственных  символов  теперь  будет 

праздноваться на всей территории Рес-

публики Казахстан ежегодно.

Празднование  Дня  государственных 

символов  должно  проводиться  в  тор-

жественной обстановке в помещениях, 

оформленных  государственными  сим-

волами  Республики  Казахстан,  с  учас-

тием государственных и общественных 

деятелей,  известных  представителей  в 

области  культуры,  образования  и  нау-

ки, экономики и финансов, а также дру-

гих областей.

Официальные  и  торжественные  це-

ремонии,  спортивные  мероприятия, 

посвященные празднованию Дня госу-

дарственных  символов,  начинаются  с 

поднятия и установки Государственно-

го Флага Республики Казахстан и соп-

ровождаются  исполнением  Государст-

венного Гимна Республики Казахстан.

В официальных и торжественных це-

ремониях,  спортивных  мероприятиях, 

посвященных  празднованию  Дня  го-

сударственных  символов,  организовы-

ваются выступления с поздравительной 

речью, а также об истории, значении и 

значимости государственных символов 

Республики Казахстан.

В  рамках  празднования  Дня  госу-

дарственных  символов  могут  прово-

диться:


-  мероприятия  по  единовременному 

исполнению  Государственного  Гимна 

Республики Казахстан; 

-  вручение  медалей,  нагрудных  зна-

ков,  ведомственных  наград,  почетных 

грамот и благодарственных писем; 

-  открытие  новых  объектов,  органи-

заций; 


-  принесение  присяги  администра-

тивными  государственными  служащи-

ми;

-  круглые  столы,  заседания,  научно-



практические  конференции,  форумы 

по  вопросам  государственности  Ка-

захстана; 

-  тематические  выставки  и  экспози-

ции в библиотеках и музеях, посвящен-

ные  государственным  символам  Рес-

публики Казахстан; 

-  выпуски  циклов  тематических  пе-

редач, публикаций и интервью видных 

политических, заслуженных и общест-

венных деятелей; 

-  конкурсы,  викторины,  нацеленные 

на  популяризацию  государственных 

символов,  укрепление  патриотизма  и 

формирование уважительного отноше-

ния к государственным символам; 

- выпуск печатной продукции, пропа-

гандирующей государственную симво-

лику;

-  иные  мероприятия,  посвященные 



празднованию  Дня  государственных 

символов. 

В  рамках  информационного  сопро-

вождения празднования Дня государст-

венных  символов  юридическими  ли-

цами принимаются меры по широкому 

освещению  в  средствах  массовой  ин-

формации  проводимых  мероприятий, 

посвященных празднованию Дня госу-

дарственных символов.

Местными  исполнительными  орга-

нами разрабатываются и утверждаются 

планы  мероприятий  по  организации  и 

проведению,  а  также  информационно-

му  сопровождению  празднования  Дня 

государственных символов Республики 

Казахстан.

Празднование Дня государственных 

символов Республики Казахстан

 

Баянауылдың  таулы  аймақтары – 

табиғаттың  ең  əсем  көрінісі,  өзінің 

көркем  геологиялық  нысандарымен 

көз тартады.

Баянауыл  мемлекеттік  ұлттық  та-

биғи паркі жергілікті жерге бейімдел-

ген ағаш түрін енгізу жəне оны өсіру, 

молайту  қолға  алынған.  Жыл  сайын 

орман ағаштарының тұқымын дайын-

дап,  сараптамадан  өткізіп,  кəдімгі 

қарағай  орман  тұқымбағына  себі-

леді.  Отырғызылған  тұқымды 2 жыл 

өсіреді,  суару,  арам  шөптен  тазалау 

жұмыстары атқарылады. Орман екпе-

лерін  отырғызуға 2 жылдық  қарағай 

ағаштары пайдаланылады.

Екпе ағаштар отырғызу тек қана ор-

маны жоқ алқаптарға тағайындалған, 

өйткені өздігінен өскін ағаштарға  ыл-

ғал жетіспеушіліктен себебінен.

Ұлттық  парк  бойынша 2016 жыл-

дың көктемінде 36 гектар алқап жер-

де орман екпелері отырғызылды жəне 

тұқымбаққа 0,12 га  кəдімгі  қарағай 

тұқымы  себілді.  Сонымен  қатар,  ме-

кемеге қарасты орман қоры жерлерін 

іріктеп, санитарлық кесу арқылы таза-

лау жұмыстары жүргізілуде.

А.ДƏУЛЕТҚАЛИЕВ,

Табиғи кешендер мен 

объектілерді өсіру

жəне табиғатты пайдалану 

болімінің бастығы.

Табиғат елдің 

байлығы!

Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың  мəселелеріне  жəне  мемлекеттік  ұлт-

тық табиғи парктер қорының нысандарын сақтауға жұртшылық назарын аудару 

мақсатында жыл сайын сəуірден маусымға дейін «Парктер шеруі» табиғатты қор-

ғау акциясы өткізіледі. Оған барлық аудандық, облыстық мекемелер, мектептер, 

кəсіптік лицей, ұйымдар мен Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер 

пайдаланушылары қатысады.

Биылғы жылы «Парктер шеруі-2016» акциясына Баянауыл ауданының 11 орта 

білім  беру  мектептері  қатысты. «Парктер  шеруі-2016»  акциясының  салтанатты 

жабылуы  Ш.Айманов атындағы  мектебінде өтті. Сонымен қатар Баянауыл  ұлт-

тық  табиғи паркінің  қызметкерлері  сайысқа  қатысқан  оқушыларға  мадақтама 

мен сыйлықтарды берді. Сайысқа толықтай 106 оқушылар қатысты.     

     

М.САБЫҚОВА,                                              

БМҰТП экскурсия жөніндегі гид-нұсқаушы.

Парктер шеруі - 2016

Баянауыл  мемлекеттік  ұлттық  та-

биғи  паркі  жерінде  негізгі  ағаш  кесу 

тек қана жаппай санитарлық кесу мен 

ормандағы  ағаштарды  тазалау  жұ-

мыстары  жүргізіледі.  Өйткені  бізде 

одан басқа ағаш кесу жұмыстарының 

түрлері қолданылмайды. ҚР Ауыл ша-

руашылығы  министрілігі  орман  ша-

руашылығы  жəне  жануарлар  дүниесі 

комитетінің төрағасының 2015 жылғы 

24 желтоқсандағы  № 349 бұйрығына 

сəйкес  БМҰТ  паркінде  келесі  ағаш 

кесу жұмыстарына рұқсат берілген.

Басқа мақсатта ағаш кесу - жаппай 

санитарлық кесулер 8,1 га көлемде 41 

текше  метр,  жарамды  қоңырсуды  та-

залау 38,3 гектар  көлемде 353 текше 

метр ағаш кесілу қажет. Осы берілген 

көлемдегі  ағаштарды  дайындау  жұ-

мыстары 2016 жылы  екінші  жарты-

жылдықта орындалады.

Ұлттық  парктің  негізгі  мақсаты 

-  ормандағы  құлаған  жəне  шіріген 

ағаштардан тазалау. Баянауыл, Жасы-

бай,  жəне  Далба  орманшылықтарын-

да  жоспар  бойынша  осы  жоғарыда 

айтылған  көлем  бойынша  орман  та-

зартылып ағаш дайындалуда.

Ислям СОЛТАНАЛИН,

табиғи кешендер 

мен объектілерді өсіру                                                                                        

жəне табиғатты пайдалану бөлімінің 

инженері.

Жоспарланған 

жаппай санитарлық 

тазалау 


жұмыстары

С.Торайғыров  атындағы  жалпы  орта  білім  беру  мектебінде  «Бастауышым – 

балбұлағым» атты 4-ші сынып оқушыларының бастауыш сыныппен коштасу ме-

рекелік шарасы өтті. Алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Сайлау Тоқ-

тасынов алып, 4-ші сынып оқушыларын, сынып жетекшісін жəне ата-аналарын 

құттықтап  өтті.  Жыл  бойы  алған  білімдері  бағаланып,  үздік  оқыған  оқушылар 

мақтау қағаздарымен, озат оқушыларға алғыс жарияланып, спортта жəне аудан-

дық оқуларда көрсеткен жетістіктері үшін дарынды оқушылар марапатталды. 

Оқушылар тақырыпқа сай өлеңдерін мəнерлеп оқып, əн салып, би биледі. Бас-

тауыш  сыныптарда  көп  жыл  еңбек  еткен  ардагер  ұстаздар  Р.Жакенова,  К.Əбіл-

диналар  келіп  өздерінің  жылы  лебіздерін  білдірді.  Соңында  ата-аналар  шашу 

шашып, 4-сынып жетекшісі Перизат Қабыкенқызына ризашылықтарын білдірді.



С.МАХАМБЕТОВА,

аға тəлімгер. 

«Бастауышым – балбұлағым»


8

3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)

redakciyabayantau@mail.ru

8

3 маусым, 2016 жыл №23 (10726)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мəселесі 

болып отыр. Үлкен əлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысы-

нан бір-біріне ұқсамайтын  əлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  

алаңдататыны  анық.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес, сыбайлас жемқорлық қыл-

мыстарға  негізінен  лауазымды  қылмыстар  жатады.  Өмір  көрсеткендей,  қызмет 

өкілеттігін  теріс  пайдалану,  билікті  не  қызметтік  өкілеттікті  асыра  пайдалану, 

пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрі-

неу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысы-

рап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе 

қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қоры-

тынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот 

шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы 

жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Елбасы биыл да «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік сая-

саттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократия-

лық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше 

мəнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбы-

лысты жою бағытындағы кешенді жəне жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, 

əрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Конституциялық  тəртіпті  қорғау,  сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  аясында 

тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың 

өмір  сүруінің  барлық  салаларында  сыбайлас  жемқорлық  пен  оның  көріністері 

деңгейін  төмендету,  қоғамның  мемлекетке  жəне  оның  институттарына  сенімін 

нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы  мақсаттағы  жұмыстарды  жүйелі  жүргізуге  тағы  бір  серпін  ретінде  «Қа-

зақстан Республикасында қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті 

күшейту  жəне  құқық  қорғау  қызметін  одан  əрі  жетілдіру  жөніндегі  қосымша 

шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа 

енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілді-

руге  бағыттала  отырып,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  əрекеттермен  олардың 

пайда болуының алдын-алуда жүйелі, əрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз 

етеді.

Ұзынбұлақ ауылдық округі əкімі аппараты бойынша Қазақстан Республикасы-



ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын іске асыру бағытында 

атқарылып жатқан бір шама іс-шаралар бар. 

Ұзынбұлақ ауылдық округі əкімі аппаратында бүгінгі күні 4 мемлекеттік қыз-

меткер еңбек етеді. Олар əкімшіліктегі қызметтерін аудан əкімдігінің «Баянауыл 

ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жəне көлеңкелі экономикаға қарсы 

іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» 

қаулысы бойынша атқарылатын жұмыстары алдын ала бекітілген іс-шаралар жос-

пары бойынша жүргізіледі.     

Ауылдық округ көлеміндегі кəсіпкерлер құқықтарын қорғау жұмыстары жал-

ғастырылуда. Жер телімдерін беру барысында Қазақстан Республикасының Жер 

кодексі  нормаларының  бұзылу  фактілерін  болдырмау  басты  назарда  ұсталады. 

Ауылдық  округ  аумағында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманы  қолдану 

тиімділігін арттыру жұмысын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү-

рес жөнінде қолданылған шаралар туралы ауыл тұрғындары жиындарында есеп-

тер берілді. Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілеріне аудандық мемлекеттік 

органдарының нақты қызмет саласындағы өкілеттіліктері түсіндіріліп, кеңестер 

беріледі. Ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету үшін ауданның мемлекеттік 

органдары қабылдайтын шешімдер (мемлекеттік сатып алулар, қоршаған ортаны 

қорғау, жер қатынастары) туралы ауыл жұртшылығы хабарландырылып отырады.

Мемлекеттік қызметкерлердің жеке табыс кірістері туралы деклорация  салық 

органына уақытында тапсырылуы үнемі назарда ұсталады. Ағымдағы жылы əкім 

аппаратының  қызметкерлерімен  жəне  ведомствоға  бағынысты  құрылымдардың 

Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметшілерінің  əдеп  кодексі,  Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  заңнамаларын  жəне  Қазақстан  Республикасының  «Мемле-

кеттік  қызметі  туралы»  Заңын  бұзу  фактілері  бойынша  азаматтардан  өтініштер 

түскен  жоқ.  Ауыл  əкімі  аппараты  ғимаратында  мемлекеттік  қызметкерлердің 

құқық  бұзушылық  іс-əрекеттері  туралы  азаматтардың  өтініштері  үшін  арнайы 

жəшік орнатылған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 

жылғы №1567 Жарлығымен бекітілген жəне 2011 жылғы 1 сəуірдегі №1180 Жар-

лығымен еңгізілген қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жəне «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдар-

дың талабын орындамау туралы мəліметтерді хабарлау үшін сенім телефон жұ-

мыс істейді. 50-2-25 телефоны «сенім телефоны» болып үздіксіз, ауылдық округі 

əкімінің қабылдау бөлмесінде орналастырылған.

«Заңды жəне жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Заңына сəй-

кес қабылдау бөліміне келіп түскен өтініштер тіркеліп Заң бойынша уақытында 

қаралып, жауап берілуі жəне есебін уақытында тапсыру бақылауда ұсталынады.

2015  жылы  жеке  тұлғалардан 30 өтініш  тіркеліп, 17 өтініш  қанағаттанарлық 

шешімін тапса, 13 өтінішке түсінік берілді. 2016 жылдың 4 айында жеке тұлға-

лардан 9 өтініш тіркеліп, жауап-түсініктеме берілді.

Жалпы іс-шаралар жоспары аясында азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мə-

селелерімен  жергілікті  əкімшілікте  қабылдауды  өткізу  кестесі  бекітіліп,  əр  сəр-

сенбі сағат 15-00 – 18-00 дейін, жұма сағат 15-00 - 18-00 ге дейін қабылдау өткізі-

леді.

Ауылдық округі əкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қаражатының мақсат-



ты жұмсалуын жəне уақытында игерілуін бақылауда ұстайды. Бүгінгі күнге қа-

ражаттың мақсатсыз жұмсалған немесе уақытында игерілмегені туралы фактілер 

болған жоқ. Тауарларды сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талапта-

рына сəйкес жүргізіледі.

Ел  болып  еңсемізді  көтергенімізге,  тəуелсіздігімізді  алып,  шаршы  əлемге  та-

нылғанымызға  жиырма  төрт  жылдай  уақыт  өтті.  Өткенімізге  көз  салсақ,  Ел-

басымыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  көреген  саясатының  арқасында 

мемлекетіміздің  тамыры  тереңге  тартып,  нығая  түсуіне  бағытталған  құқықтық 

заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен əлеуметтік жағда-

йы түзеліп, əлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл əлемге 

өзінің  біртұтастығымен,  ажырамас  бірлігімен  танылды.  Қоғам  дамуының  жаңа 

жолын таңдап, уақыттан туындаған əртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қой-

ды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлының бастауымен алға қойылған 

сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан  сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  барлық  Қазақстан  Республикасы 

азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.



А.МҰҚАНОВ,

Ұзынбұлақ ауылдық округінің əкімі.                            

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Жамағат жұмылған сауапты іс алдыңғы апта-

да  да  өз  жалғасын  тапты.  Баянауыл  ауылы  ба-

сындағы мекемелердің қызметкерлері,  бақилық 

болған адамдардың туған – туысқандары өздері-

не тиесілі ескі зираттарға барып тазалық шара-

ларын жасап, зират іші мен маңайын жыл бойы 

жиналған қоқыстан тазартып, сыртын сырлады. 

Тілге  тиек  еткен  мəселеміз – зираттардың  

тазалығы.  Кейбір  қабір  маңайларындағы  бос 

бөтелкелер  мен  күл-қоқыс  жайлаған  зиратты 

көргенде,  көзге  ұрып  тұрған  қоқыстарға  қарап 

немқұрайлылық  таныту,  өлінің  аруағын  сыйла-

мау, босаған бөтелкені лақтыра салу, мұның бəріне салғырттық таныту біздің осал 

тұсымыз болып отыр.

Аудан əкімі мен мешіт имамдарының осы мəселені қолға алғаны абыройлы іс 

нəтижелі деп айтуға болады. Атамыз қазақтың «Өлі разы болмай, тірі байымай-

ды» дегенді бекер айтпағанын естен шығармағанымыз абзал. Зират басында атқа-

рылар іс-шараларға барша тұрғындар мен мекемелердің қызметкерлері, фəниден 

озған марқұмдардың туған-туысқандары зират аумағы мен оның маңын құрылыс 

пен тұрмыстық қалдықтардан тазалап, сырлауға ат салысты. Өткенге құрмет ету 

біздің басты міндетіміз.

Осы шараға қатысқан əрбір адам игілікті іс жасағаны сөзсіз. Сонымен қатар, осы 

күні, бірқатар мекемелер аудан  басындағы өздеріне тиесілі учаскелерге шығып, 

тазалық жумыстарын жасап тұрады. Аудан көркіне атсалысып, үнемі сенбілікке 

қатысып жүрген жерлестерімізге алғыс айтқан жөн. 



Жадыра ҚОШЛАНОВА.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Ғылым мен техника дамыған ХХІ ғасырда халықаралық талаптарға сəйкес ке-

летін білім беретін оқу ордалары Қазақстанда ашыла бастады. Соның бірі – білім 

саласында ұлттық брендіне айналған Назарбаев Университеті. Еліміздің кез кел-

ген оқушысы осы университетте білім алғанды қалайды. 

Балаларының  болашағы  үшін  ата-аналар  ең  алдымен  оларды  еліміздің  əрбір 

аймақтарында  ашылып  жатқан  Назарбаев  зияткерлік    мектептеріне  оқуға  беру-

де.  Алдына  биік  мақсат  қойып,  оған  жетуге  талпыныс  жасаған  оқушының  бірі 

– Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінің 6-шы сынып оқушысы Айға-

ным Бөкенбай. Ол наурыз айында Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік 

мектебінде 2 күн  емтихан  тапсырып,  құжат  тапсырған 475 оқушының  ішінде 

45-орынды  иеленді.  Пəндік  тест  бойынша  жалпы 724 балл  жинады. «Маған  ең 

қиыны ағылшын тілі болды», дейді Айғаным. 

Сəуір  айында  Баянауылға  Павлодар  қазақ-түрік  лицейінің  ұстаздары  келіп, 

6-шы  сынып  оқушыларынан  қабылдау  емтиханын  өткізген  болатын.  Айғаным 

оған да емтихан тапсырып, 2 тур бойынша аудан оқушыларының ішінде жалғыз 

өзі қабылданды. Қай оқу орнына барып оқиды таңдау Айғанымның өзінде. Саба-

ғыңды алдыңғы уақытта  да үздік оқып, білім шыңына өрлей дейміз!

А.МАЛИКОВА,

Баянауыл ауылы.

Озат оқушы

31 мамыр күні аштық зұлматы мен саяси қуғын-сүргін зобалаңына ұшырағандар-

ға  арнап,  Жаңатілек  ауылдық  округінде  ескерткіш  тақта  орнатылды.  Ауылдағы  мə-

дениет  үйінің  жанына  жиналған  ұстаздар,  мəдениет  жəне  əкімшілік  қызметкерлері, 

дəрігерлер мен ауыл азаматтарының алдында ауыл əкімі Жабай Мұсабаев сөз сөйлеп, 

ел тарихының осы бір ақтаңдақ, қаралы кезеңдеріне тоқталып өтті. Бүгінгі ашылғалы 

тұрған ескерткіш тақтаның тасын ауыл азаматы Ғабды Исин берсе, тасқа жазуды қа-

шап жазған ауыл имамы Зинат Тұманбаев екенін көпшілікке таныстыра келіп, осынау 

иманды шараға ат салысқан азаматтарға ел атынан алғыс айтты.

- Елдің елдігін танытып жүрген ауыл азаматтарының, ауыл десе бүйрегі бұрып тұ-

ратын жерлестеріміз ұйымшылдығы мен бірлігі, биік намысы мен туған жерге деген 

сүйіспеншілігі кейінгі жастарға үнеміүлгі болуда, - дей келе, ауыл əкімі сөз арасында 

былтырғы  Ұлы  Жеңістің 70 жылдығы  қарсаңында  ауылдағы  белгісіз  жауынгер  ес-

керткішінің маңында төрт қара мəрмəр тақтаға жазылған майданда қаза тапқан ауыл-

дастар мен соғыс ардагерлерінің тізімін де 1967 жылы туған ауыл азаматтары өз қара-

жаттарына жасап орнатқанын атап өтті. 

Ескерткіш тақтаның ашылуында ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дүйсен-

бай  Жұматов  ауылдық  мектеп  мұғалімі  Нұрмұханбет  Жүнісов  сөз  сөйлеп,  сол  бір 

қиын да қаралы кезеңнің ауыртпашылығына тоқталып өтті, енді ондай күндер бол-

мауына, елдің тыныш, ұрпақтың бақытты болуын тіледі.

Ескерткіш тақтаны ашу құрметі ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дүйсенбай 

Жұматов, еңбек ардагері Сейфолла Мəйкенов ағаларға беріліп, ақ жамылғысы сыпы-

рылды. Ауыл имамы Зинат Тұманбаев аруақтарға арнап құран бағыштады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет