Әдебиеттер
Серікбаева А. Адамдармен сауда жасау – адам құқығын өрескел бұзу // Закон и правосудие. – 17 сәуір
2014 ж. 75 б.
Балғабеков Т.А. Қылмыстармен күресу мәселелері //Семей таңы газеті. 15 шілде 2012 ж. - №8. 26 б.
Бекеш А.А.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 1 курс магистранты
ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТҮСІНІГІ
Аннотация: В настоящей статье раскрыто понятие пенитенциарной безопасности в Республике Казахстан.
Дано авторское определение пенитенциарной безопасности в контексте Нового уголовно-исполнительного
кодекса.
Summary: In this article the concept of security of the prison in the Republic of Kazakhstan. Given the author's
definition of the prison security in the context of the new Criminal Executive Code.
Қылмыстық-атқару жүйесі – Қазақстан Республикасының ұлттық қаупсіздігіне қауіп-қатерді алдын-
алу бойынша міндеттерді шешуде маңызды орынға ие және қылмыстылыққа қарсы әрекет етуге
бағытталған мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, қылмыстық-атқару
жүйесінің органдары мен мекемелеріндегі жағдай, біздің мемлекетіміздегі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы
жағдайына тікелей ықпал етеді. Қоғам мен тұлғаның мүдделерінің қауіпсіздігін, қылмыстық-атқару
жүйесінің мекемелеріне барып тұратын тұлғалар мен сотталғандардың қауіпсіздігін, түзету
мекемелерінің қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, мемлекет пен қоғамның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері орындалады.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi – іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың
құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін
қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық
тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мемлекеттiң барлық органдары мен лауазымды адамдары,
сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды iске асыруға заңды негiзде
қатысатын азаматтар мен ұйымдар құзыретiнiң аражiгi нақты ажыратылған және олардың үйлесімді
жұмыс iстеуi қамтамасыз етілген кезде дәйектілікпен iске асырылатын мемлекеттiк саясат арқылы қол
жеткізіледі [1, 2б.].
Бас бостандығынан айыру орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін анықтауда, жалпы
қауіпсіздік түсінігінен айналып өтуге болмайды.
Қауіпсіздік – өте күрделі түсінік. Оның пәнаралық арналуын ескере отырып, кешенді түрде түсіну
қажет. Бұл жерде экономикалық, саяси, құқықтық, экологиялық, ақпараттық, әскери және басқа
аспектілері бірдей дәрежеде маңызды. Қауіпсіздік түсінігі шегінде алуан түрлілілігін анықтау
қажеттілігі тек бір мемлекетте ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықта көрініс тауып отыр. Түсінікті
қазіргі кездегі болып жатқан әлемдік өзгерістерде іздеу қажет. Адам цивилизациясы көзді ашып
жұмғанша өзгеріп жатыр. Ғылым мен техниканың даму процессі тез жоғарылады, яғни өндірістік
негізде өзгереді. Кенет тауар айналымы жоғарылады, қаржы құралдары мен техникалық идеялар
ағындары қарқындады. Мұның бәрі қауіпсіздік түсінігіне жаңадан қарауға мүмкіндік береді, оның
мазмұнын түсінуге жаңа тәсілдер іздейді [2, 522б.].
«Қауіпсіздік» термині 800 жыл бұрын жиі қолданыла бастады және кез келген қауіп-қатерден өзін
қорғалған деп санаған адамның рухының тыныш жағдайын білдірді. «Қауіпсіздік» мәселесінің өзектілігі
XVII-
XVIII ғасырларда капиталистік қатынастар қалыптаса бастаған сәтте, көптеген еуропалық
мемлекеттер мен АҚШ-та мемлекет өзінің басты мақсаты ретінде жалпы ауқаттылық пен қауіпсіздік
деген идеясы жүзеге асқанда нақты болды. Бұл әлем тарихының кезеңінде қауіпсіздік ретінде, нақты
физикалық және моральдық қауіп-қатердің болмауы салдарынан пайда болатын тыныштық жағдай және
29
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
осы жағдайды пайда болуы мен қолдауына көмектесетін ұйымдастырушылық құрылымдар,
материалдық, экономикалық және саяси жағдайлар түсіндірілді [3, 13б.].
Жатқанбаева А.Е. «Адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі – қауіпсіздік» және оны қамтамасыз ету
қажеттілігі қоғам мен мемлекеттің пайда болуына ең алғашқы себеп болғандығын атап өтті [4, 53б.].
КСРО-да «қауіпсіздік» түсінігі барлық қоғамдық қауіпсіздіктің түрлерінен тұратын мемлекеттік
қауіпсіздікпен әрқашан теңдестірілді [3, 13б.].
Көптеген авторлардың ойларынша, қауіпсіздік және ұлттық қауіпсіздік, оның концепциялары,
стратегиялары туралы мәселе жеткілікті деңгейде зерттелмеген ұғымдар санатына жатады. Прохожев
А.А: «қауіпсіздік – мағынасы бәріне түсінікті күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс, алайда, тәжірибеде
әркім бұл түсінікті өзінше түсінеді және өзіне ыңғайлы етіп қолданады», - деп жазды [5, 111б.].
Жалпы мағынада қауіпсіздікті қауіп-қатер төнбейтін, қауіптен қорғанысы бар жағдай ретінде, қауіп-
қатердің жоқтығы ретінде, амандық, сенімділік, бейбітшілік жағдайы ретінде сипаттауға болады [6,
41б.].
«Тұлға-қоғам-мемлекет» қатынас триадасында өзекті категорияларының маңыздысы ретінде
қауіпсіздік құқықтық нысан мен заңи мағынаға ие болды.
Қауіпсіздіктің жалпы түсінігін анықтауда бірыңғай көзқарас жоқ. Мысалы, Розин М. қауіпсіздік
қатынастарының айқын сипаты ретінде, олардың қоғамға жоғарғы қауіптілікті көрсетететін объектілерді
қолдануымен немесе дүлей апат және басқа да төтенше жағдайларға байланысты пайда болады деген [6,
41б.].
Туманов Г.А. мен Фризко В.И. қоғамдық кауіпсіздікті қоршаған орта мен адамдардың деyсаулығы
мен материалдық құндылықтарына қауіп-қатерді жою немесе алдын алу мақсатымен физикалық,
техникалық және ұйымдастырушылық нормаларымен реттелінетін, жоғарғы қаупі бар қатынастар
жиынтығы деп көрсетеді [7, 21б.].
Кузнецова Н.Ф. және Куринов Е.А. қоғамдық қауіпсіздікті техникалық нормалар мен ережелерді
ұстану көзқарасынан ғана емес, көптеген немесе аз адамдардың тәндік тиіспеушілігін және өміріне
төнетін қауіпті жоятын қоғамдағы азаматтардың тәртіп ережелерінің жүйесін байланыстырып
анықтайды [8, 121б.].
Қауіпсіздікті түсіну үшін жалпы «қауіпсіздік» термины түсінігінің мазмұны мен болмысына сүйіну
қажет. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «қауіпсіздік» сөзі «қауіпсіздіктіктің жоқтығы,
сақтаушылық, сенімділікті» білдіреді [6, 41б.]. Орыс тілінің сөздігі бойынша «қауіпсіздік біреуге немесе
бір нәрсеге қауіп төнбейтін жағдай» [6, 41б.].
Сонымен «қауіпсіздік» ретінде тыныштық, сенімділік, сақтау және тіркеудің немесе бір нәрсенің
жағынан қауіп-қатердің толықтай болмауы, яғни қауіп-қатердің кез келген түрінің толықтай шығарылуы
түсіндіріледі. Құқықтық мағынадан қауіпсіздік – тұлға, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды
мүдделерін ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғау жағдайы деп түсінеміз. 90 жылдардың
ортасынан бастап Қазақстан үшін ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын қалыптастыру өзекті
мәселелердің біріне айналды. Ол өзінің нақты құрылымдық рәсімін ҚР Президентінің халыққа
жолдауында алды: 1996 жылы – «Елдегі жағдай және 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың
негізгі бағыттары туралы», 1997 жылы – «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», 1999 жылы – «Жаңа жүз жылдықтағы елдің тұрақтылығы мен
қауіпсіздігі».
Аталған жолдауларында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің негізгі қырлары кескінделген болатын.
Дәл осы кезеңнен бастап ұлттық қауіпсіздік әріқарай қабылданған ел үшін маңызы бар барлық
құжаттарда алдыңғы қатардағеы басымдылық ретінде танылды. Осы кезеңдегі мемлекеттік саясаттың
бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін заң жүзінде қамтамасыз ету болды.
1998 жылы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осы заңда
ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету аясында лдыңғы жылдары жасалған барлық ұсыныстар жүйеленген
болатын Аталған нормативтік актіде алғаш рет заңи дәрежеде қауіпсіздікке түсінік берілді.
2012 жылдың 6 қаңтарда «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы
қабылданған болатын. Бұл құжатта алдыңғы Заңда орын алған кейбір мәселелер өз шешімін тапты.
Жаңа Заңда адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекетті қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
мазмұны мен қағидаттары, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi,
мақсаттары мен бағыттары қарастырылған болатын. Атап айтқанда ұлттық қауіпсіздік негізгі түрлері
ретінде қоғамдық қауiпсiздiк, әскери қауіпсіздік, саяси қауіпсіздік, экономикалық қауiпсiздiк,
ақпараттық қауiпсiздiк, экологиялық қауiпсiздiк, сонымен қатар Қазақстан Республикасының негізгі
ұлтты мүдделерi, ұлттық қауіпсіздікке қол сұғатын негізгі қауіп-қатерле қарастырылған болатын.
Қарастырылып жатқан нормативтік актіге сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз етудің субъектісі –
30
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
қолданыстағы заңнамамен қазақстан республикасының аумағында әрбір азаматтың құқықтары мен
міндеттері қорғайтын мемлекет болып табылады. Қауіпсіздік объектілеріні қорғанысының қажетті
деңгейі осы саланы реттейтін құқықтық нормалардың жүйесін құрастырумен, мемлекеттік билік
органдарының қызметін негізгі бағыттарын анықтаумен, қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарының
қалыптасуымен жетеді.
Әдебиеттер
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы
6 қаңтардағы № 527-IV Заңы //http://adilet.zan.kz/
Теория государства и права. Учебник / Под редакцией В.В. Лазарева. М., 2002. С. 522.
Генрих Н.В. Криминологические аспекты противодействия угрозам экономической безопасности
России. Дис. ... канд. юрид. наук. М., 2002. С. 13.
Жатканбаева А.Е. Правовые аспекты информационной безопасности в Республике Казахстан.
Алматы, 2009. – 304 с.
Прохожев А.А. Национальная безопасность: основы теории, сущность, проблемы РАГС.-М., 1996. –
220 с.
Толковый словарь русского языка / Под редакцией С.И. Ожегова, НЛО. Шведовой. М., 2000. С.41.
Туманов Г.А., Фризко В.И. Общественная безопасность и ее обеспечение в экстремальных условиях
//Советское государство и право. 1989. №8. С.21.
Кузнецова Н.Ф. Новое уголовное право России. М., 1996. – 198 с.
Бисейтов Е.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 2 курс магистранты
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ЖАЗАЛАРДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация: В настоящей статье дана эффективность применения санкций по экологическим
уголовным правонарушениям.
Summary: In this article the effectiveness of sanctions on environmental criminal offenses.
Экологиялық қылмыстық бұзушылықтардың санкциясын талдау нәтижесінде барлық қылмыстық
құқық бұзушылықтар қылмыс санаты бойынша: қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес, ауырлығы
орташа және ауыр қылмыстар топтарын құрайды. Сондықтан, қылмыстық жаза деген не және оның
мақсаттары не үшін қажет деген сауалға жауап алып содан соң жеке экологиялық қылмыстық
бұзушылықтар бойынша жазаларды талдап тиімділігін анықтап көреміз.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің
қылмыстық құқық бұзушылықпен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.
Мемлекет қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық,
тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстық
құқық бұзушылықтан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз
мемлекетіміз қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі
басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен
экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқықтық сана-сезімін
жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу ретінде тек
арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана асырылады. Қылмыстылықпен күресте мемлекет басқа да
шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі - жаза. Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет
мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы
нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар
мүддесіне үлкен зиян келтіреді [1, 195-196б.].
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда (1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 1922
және 1926 жылдарғы РКФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін 1959 жылғы ҚазКСР ҚК-і) жазаға
анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейінгі заң әдебиеттерінде
жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір-бірінен онша айырмашылығы
жоқ, оларда жаза дегеніміз - қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған
мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
ҚР ҚК-нің 39-бабында жаза дегенiмiз соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу
31
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
шарасы, - деп көзделген [2]. Осы шараны тек сот қана тағайындайтыны жөнінде өткен ғасырдың
алпысыншы жылдары М.Д. Шаргородский атап өткен: «Кеңестік қылмыстық құқықтағы жаза деп
қылмыс жасаған адамға сот органдарымен тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы», - деп
көрсеткен болатын [3, 7-8б.].
Осы ұғым қазіргі күні ғалымдар арасында күмән тудырмайды. Ал экологиялық қылмыстар бойынша
жазалардың мақсаты әлі күнге дейін дау туғызып отыр.
ҚР ҚК-нің 39-бабының 2-бөлігінде жаза - әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ
сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе
адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi,- делінген [2].
Сөйтіп, қылмыстық заңда жазаның үш мақсаты көзделген, бірақ ғалымдар оның мазмұнын өзгерту
қажеттігін көрсетеді. Заң ғылымдарының докторы, профессор Д.С. Чукмаитов пікірінше: «Жазаның
мақсаттары өзара тығыз байланысты және әрбір нақты жағдайда жазаны қолдану кезінде олар жалпы
мақсатқа сай болу керек» [4, 22б.].
Ал Р.Т. Нұртаев былай деп жазды: «Абайсызда жасалған қылмыс үшін қылмыстық жазаның жақын
мақсаты – сотталғандарды түзеу және қайта тәрбиелеу болып табылады. Оның тарапынан қылмыс
қайталанса, онда алдын алу мақсаты кейінге шегерілуі мүмкін. Ал жалпы алдын алудың мақсаты түзеуге
және қайта тәрбиелеуге қарағанда жоғары деңгейде болады» [5, 122 б.].
Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар ішінде ең тиімді жұмыс істейтін баптар ретінде 287-288,
290-
291 баптар (жаңа ҚК-те олар: 334, 335, 337, 339, 340 баптар) екенін байқау қиын емес, қалған қылмыстар
ондай тиімді емес немесе олар бойынша дәлелдеу қиындыққа әкеледі.
2002-
2014 жылдар аралығындағы қылмыстық істерді талдау нәтижесінде экологиялық қылмыстар
бойынша көбінесе бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу жағдайлары орын алады.
Егер қоршаған ортаға деген әсерлердің азаюын қысқартпасақ және қылмыстық құқық бұзушылық
жасаған адамдарды қылмыстық жазамен қорқыту жолымен алдын алмасақ, онда қазақ елінің болашағы қауіп
туғызып отыр. Сондықтан, Елбасы мақсат етіп қойып отырған 2050 жылға дейін даму стратегиясының
нәтижелерін көру үшін Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық
зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс» [6].
2015 жылдың 1 қаңтарынан Елбасы көздеген міндеттерді орындау мақсатында жаңа Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексі заңды күшіне енді. Жаңа кодекс материалдық жағынан қылмыскерлер
қалтасынан соғу мақсатында айыппұлдарды кеңінен қолдануға жағдай жасады.
Сонымен қатар, альтернативтік жазалар пайда болды, олардың мөлшері қатаңдатылды. Әсіресе,
айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары кеңінен қолданыла бастады.
2015 жылдың 1 қаңтарынан заңды күшіне енген ҚР ҚК Ерекше бөлімін талдау көрсеткеніндей,
мүлікті тәркілеу жазасы Ерекше бөлімнің 12 тарауының 220 санкциясында көзделген, олардың ішінен
152 санкцияда мүлікті тәркілеу міндетті қосымша жаза ретінде көзделген. Тәркілеу жазасы көзделген
қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлығы қылмыс (әдетте, ауыр немесе аса ауыр) болып табылады,
мүлікті тәркілеу жазасы көзделген жалғыз қылмыстық теріс қылық – экономикалық контрабанда (ҚР ҚК
234-
бабының 1-бөлігі). Демек, біздің жаңа қылмыстық заңнама бойынша мүлікті тәркілеу кез келген
қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындала алады: оның пайдакүнемдік ниетпен жасалуы немесе
қылмыс болуы міндетті емес.
Бір түсініксіз жайт, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылып отырған жаза
түрін тағайындау мүмкіндігі мүлде қарастырылмаған. Тіпті дәстүрлі түрде мүлікті тәркілеу жазасы
көзделетін балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз аулау (ҚР ҚК 335-
бабы), заңсыз аңшылық (ҚР ҚК 337-бабы) сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тәркілеу
көзделмеген. Сондықтан, экологиялық қылмыстық бұзушылықтар бойынша мүлікті тәркілеу жазасын
қолданған жөн болады деп есептейміз.
Әдебиеттер
1.
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: оқулық. жалпы бөлім. – өңд., толықт. – 5 бас. – Алматы: Жеті-жарғы, 2011.
–
376 б.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3
шiлдедегі № 226-V ҚРЗ// «Заң» деректер базасы.
3
Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву. - М.: Гориздат, 1958. – 240 с.
4 Чукмаитов Д.С. Теоретические основы системы исполнения наказаний по законодательству РК. - Алматы:
Баспа, 1999. – 287 с.
5 Нуртаев Р.Т. Борьба с неосторожными видами преступлений: проблемы эффективности. – Алма-Ата: Наука
Каз.ССР, 1990. – 208 с.
6 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050»
32
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Десюпов Ж.Ш.
магистрант 2 года обучения Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета
КОЛЛИЗИОННЫЕ ПРИВЯЗКИ, ОПРЕДЕЛЯЮЩИЕ ПРАВОВОЕ ПОЛОЖЕНИЕ
ФИЗИЧЕСКИХ ЛИЦ КАК СУБЪЕКТОВ МЧП
Түйін: Бұл мақалада жеке тұлғалардың мәртебесін анықтайтын коллизиялық нормалар мен
байланымдар қаралған.
Summary:
The article deals with conflict binding, defines the legal status of individuals.
Важное значение при определении правового статуса иностранных ли и лиц без гражданства имеет
коллизионная привязка личного закона физического лица. Согласно ст. 1195 Гражданского кодекса РК
личным законом физического лица считается право страны, гражданство которой это лицо имеет.
Международными договорами допускается наличие двойного гражданства. Так, гражданин РК,
имеющий также иное гражданство, рассматривается Республикой Казахстан только как гражданин РК.
Приобретение гражданином РК иного гражданства влечет за собой прекращение гражданства РК.
Если иностранный гражданин имеет место жительства в РК, его личным законом является
Казахстанское право.
При наличии у лица нескольких иностранных гражданств личным законом считается право страны, в
которой это лицо имеет место жительства.
Личным законом лица без гражданства считается право страны, в которой это лицо имеет место
жительства.
Личным законом беженца считается право страны, предоставившей ему убежище.
Аналогичные коллизионные привязки действуют в странах континентальной системы права. В
странах общего права применяется в большей степени привязка к законодательству места жительства
гражданина. В разных государствах существуют разные возрастные пределы установления полной,
частичной дееспособности, недееспособности гражданина. Так, полная дееспособность возникает с 18
лет в Великобритании, Бельгии, Франции, Японии, с 20 лет - в Швейцарии, Дании, с 21 года - Греции, от
18 до 21 года - в разных штатах США. В Германии до 7 лет ребенок является недееспособным. В
Германии, Франции ребенок может быть объявлен полностью дееспособным с 16 лет (эмансипация). В
США, Великобритании институт эмансипации отсутствует. Личным законом физического лица
определяется:
-
гражданская правоспособность физического лица. При этом иностранные граждане и лица без
гражданства пользуются в РК гражданской правоспособностью наравне с казахстанскими гражданами,
кроме случаев, установленных законом (например, иностранные граждане и лица без гражданства не
могут осуществлять функции единоличного исполнительного органа и главного бухгалтера страховой
организации с иностранными инвестициями);
-
гражданская дееспособность физического лица. Физическое лицо, не обладающее гражданской
дееспособностью по своему личному закону, не вправе ссылаться на отсутствие у него дееспособности,
если оно является дееспособным по праву места совершения сделки, за исключением случаев, когда
будет доказано, что другая сторона знала или заведомо должна была знать об отсутствии
дееспособности;
-
права физического лица на имя, его использование и защиту, если иное не предусмотрено
Гражданским кодексом РК или другими законами;
-
установление и отмена опеки или попечительства над несовершеннолетними, недееспособными
или ограниченными в дееспособности совершеннолетними лицами (по личному закону лица, в
отношении которого устанавливается либо отменяется опека или попечительство);
-
обязанность опекуна (попечителя) принять опеку (попечительство) по личному закону лица,
назначаемого опекуном (попечителем).
Другой коллизионной привязкой, применяемой в законодательстве РК является привязка к
Казахстанскому праву (закону суда), в соответствии с которой определяется в РК:
-
признание физического лица ограниченно дееспособным или недееспособным;
-
признание физического лица безвестно отсутствующим и объявление физического лица умершим.
Процессуальные особенности признания гражданина ограниченно дееспособным, недееспособным,
безвестно отсутствующим или объявления умершим определяются международными договорами, а
33
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
также внутренним законодательством страны, суд которой рассматривает данное дело. Так, в
соответствии со ст. 24 Минской конвенции стран СНГ о правовой помощи и правовых отношениях по
гражданским, семейным и уголовным делам по делам о признании лица ограниченно дееспособным или
недееспособным компетентен суд Договаривающейся Стороны, гражданином которой является это
лицо.
В случае, если суду одной Договаривающейся Стороны станут известны основания признания
ограниченно дееспособным или недееспособным проживающего на ее территории лица, являющегося
гражданином другой Договаривающейся Стороны, он уведомит об этом суд Договаривающейся
Стороны, гражданином которой является данное лицо.
Если суд Договаривающейся Стороны, который был уведомлен об основаниях для признания
ограниченно дееспособным или недееспособным, в течение трех месяцев не начнет дело или не сообщит
свое мнение, дело о признании ограниченно дееспособным или недееспособным будет рассматривать
суд той Договаривающейся Стороны, на территории которой этот гражданин имеет место жительства.
Решение о признании лица ограниченно дееспособным или недееспособным направляется
компетентному суду Договаривающейся Стороны, гражданином которой является это лицо.
Коллизионная привязка места регистрации физического лица в качестве индивидуального
предпринимателя определяет право физического лица заниматься предпринимательской деятельностью
без образования юридического лица в качестве индивидуального предпринимателя. Согласно ст. 1201
Гражданского кодекса РК если это правило не может быть применено ввиду отсутствия обязательной
регистрации, применяется право страны основного места осуществления предпринимательской
деятельности. Иностранный гражданин или лицо без гражданства могут быть зарегистрированы в
качестве индивидуальных предпринимателей в РК в соответствии с законом РК О государственной
регистрации юридических лиц и индивидуальных предпринимателей» при условии представления
копии документа, подтверждающего право физического лица, регистрируемого в качестве
индивидуального предпринимателя, временно или постоянно проживать в РК.
Вопросы гражданско-правового статуса иностранцев на территории конкретного государства издавна
являлись краеугольными в международном частном праве. Первоначально именно отношения,
связанные с правовым положением иностранных купцов, по русской терминологии того времени —
«заморских гостей», составляли основную сферу действия международного частного права.
Для международного частного права характерен дифференцированный подход к физическим лицам,
находящимся в пределах юрисдикции конкретного государства, основанный, во-первых, на разделении
на соответствующие категории, а во-вторых, установлении определенного правового режима в
отношении каждой из них.
Таких категорий, как правило, три. Прежде всего это собственные (отечественные) граждане данного
государства. Затем следуют иностранные граждане и, наконец, лица без гражданства. В последние годы
становится все более актуальным выделение в отдельную позицию и еще одной группы лиц — беженцев.
Иностранный гражданин — это лицо, имеющее особую правовую связь — гражданство — с
определенным государством. В связи с этим на гражданина любого государства, находящегося вне пре-
делов юрисдикции своего отечества, распространяется по крайней мере два правопорядка: своего
государства и иностранного, на территории которого лицо находится.
По общему правилу гражданская правоспособность лица —это его способность иметь гражданские
права и обязанности, возникающая с момента рождения и устанавливаемая законом. Например, ст. 18
Гражданского кодекса РК следующим образом раскрывает содержание гражданской правоспособности:
«граждане могут иметь имущество на праве собственности, наследовать и завещать имущество,
заниматься предпринимательской и любой иной не запрещенной законом деятельностью; создавать
юридические лица самостоятельно или совместно с другими гражданами и юридическими лицами;
совершать любые не противоречащие закону сделки и участвовать в обязательствах; избирать место жи-
тельства; иметь права авторов произведений науки, литературы и искусства, изобретений и иных
охраняемых законом результатов интеллектуальной деятельности, иметь иные имущественные и личные
неимущественные права». Приведенные формулировки свидетельствуют, что закон отнюдь не
ограничивает содержание гражданской правоспособности указанным перечнем правомочий лица. В
практике международного частного права сложилось такое положение, когда иностранные граждане,
обладая определенным объемом правоспособности, которая предоставлена им собственным
(отечественным) правопорядком, во время своего пребывания на территории другого государства не
вправе ссылаться на тот объем правомочий, которыми они располагают в своем государстве. В то же
время объем прав, которыми наделены иностранные граждане в государстве пребывания, зачастую
может быть более значительным, нежели тот, который они имеют в своем отечестве.
34
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Литература
1.
Казанский П.Е. Введение в курс международного права. Одесса, 1901; Казанский П.Е. Учебник
международного права публичного и гражданского. Одесса, 1902. 480 с.
2.
ПиленкоА.А. «Очерки по систематике международного частного права». СПб., 1911. 165 с.
3.
Гражданский кодекс Республики Казахстан (часть особенная). Закон РК от 27 декабря 1994 г. № 410-1 «О
введении в действие ГК РК (Общая часть)» Информационная система « Параграф». www.prg.kz.
4.
Брун М.И. Введение в международное частное право. С. 78—79.
1
См.: Звеков В.П. Международное частное
право. Курс лекций. М., 1999. С. 36.
5.
Казанский П. Е. Учебник международного права. Одесса, 1904. С. 505, 506.
6.
Лунц Л.А. Курс международного частного права. Общая часть. М., Юридическая литература, 1973. С. 125-170.
7.
История правового регулирования внешнеэкономических связей Казахстана. // Правовое регулирование
внешнеэкономической деятельности. Часть 1. Алматы, 1995.С.14-28.
8.
Сарсембаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии. Алматы, , 1995. С. 127-
145, 172-176, 226-227.
Достарыңызбен бөлісу: |