Сенбі, 2 тамыз, 2014 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата15.03.2017
өлшемі7,34 Mb.
#9959
1   2   3   4   5   6

 

Директор                             

 Б.Қожахметов    

 АСТАНАдАН



2014 жылғы 22-24 шілдеде Астана қаласында ЮНЕСКО мен 

бірлесе ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының 

Бірінші өңірлік  кеңесі өткізілді

Аталған  іс-шара  алғаш  рет  әлеуетті 

өрістету,  ынтымақтастықты  нығайту  және 

Ұлттық  комиссиялардың  таңдаулы  тәжірибесін 

ілгерілету жөніндегі жалпы кеңестер өткізу үшін 

ЮНЕСКО  штаб-пәтерінен  тыс  әлемнің  барлық 

өңірінің Ұлттық комиссияларын біріктірді.

Іс-шара  жұмысына  ЮНЕСКО-ның  барлық 

бес  өңірлік  топтарынан  (Араб  мемлекеттері, 

Азия  және  Тынық  мұхиты,  Еуропа  және  Сол-

түстік  Америка,  Латын  Америкасы  және  Ка-

риб  бассейні)  өкілдік  ететін  125  елдің  Ұлттық 

комиссияларының өкілдері қатысты.

мағзұмбек маШаЙЫҚҰЛЫ

Адам өзінің халыққа  еткен адал қызметімен, 

елеулі  еңбегімен,  адамгершілік    асыл  қасиет-

терімен  елдің  сый-құрметіне  бөленеді.  Осын-

дай жандардың бірі–Ұлытаудай ұлы жердіңқы-

зы,  жаны  жаз,  көңілі  көктем,  ұлтымыздың 

баға  жетпес  құндылықтарын  бойына  сіңірген 

аудандық  мәслихаттың  бас  маманы,  «Нұр 

Отан» партиясының белсенді мүшесі Гүлзағи-

ра  Самарханқызы  Бірмұханова.  Ол  өзінің  адал 

еңбегімен,  жарасымды  мінез-құлқымен,  бүкіл 

болмысымен  көзге  түскен  халықтың  сүйікті 

қызы.

  Жомарттық,  мәрттік  қасиет  қазаққа  бағзы-



дан тән. Бір-бірімізге бауырмыз, ағайынбыз дейміз 

біз  алып-ұшып.  Сол  себепті,  әлеуметтік  жағдайы 

төмен, тұрмысы кенжелеу қалған қандастарға жәр-

демдесіп, қолұшын береміз.  

Қазақ  әрқашанда  ауызбіршілікті  ту  етіп  ұстанған. 

Қиын-қыстау  кезеңде  «бір  адамның  баласындай»  жұ-

мыла білген. Ауқымды әлеуметтік істерді жұмыла көтер-

ген-ді.  Өткен  дүйсенбіде  Ұлытау  аудандық  мешіттің  ұй-

ымдастыруымен  жеке  кәсіпкер  Ерлан  Жарасбаев  және 

Ұлан  Қоғамбаевтың    қолдауыменен  ауданымызда  аз 

қамтылған 8 отбасыға азық-түлік және тоқты еті таратыл-

ды. «Қолы ашықтың–жолы ашық»-деп атам қазақ бекер 

айтпаған.  Бауырларымызға  Алла  разы  болып,  кәсібіне 

береке  берсін.  Осындай  азаматтарымыз  әрқашан  қоға-

мымызда көбейе берсін.  

ҰЛыТАу аудандық мешіт


8

2 тамыз, 2014 жыл 

№31 (5951)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ

Астық сұр көбелегі жылы-

на бір ұрпақ береді. Ең соңғы 

жастағы жұлдызқұрттары  

топырақ арасында қыстайды. 

Күзде жыртылмаған егіс дала-

ларында жұлдызқұрттардың 

көпшілігі 4-5 мм-ден төмен 

тереңдікке кетпейді. Ал, зябь 

жыртылған участоктарда олар 

10 см және одан да төмен 

тереңдікте жатады. Жұлдыз- 

құрттары әсіресе жиналмай 

қалған сабан мен дестелердің 

астында көп болады. Қыстап 

шыққан жұлдызқұрттар көбіне-

се кешкі және түнгі сағаттарда, 

ал жауын-шашынды күндері 

күндіз де қоректенеді. Егер 

жұлдызқұрттар күзде жеткілікті 

түрде қоректене алса, онда 

олардың көктемгі қосымша 

қоректенуі ұзаққа созылмайды. 

Күйлі жұлдызқұрттар қосым-

ша қоректенбей-ақ, көктемде 

тез қуыршақтанады. Сон-

дықтан да көктемгі қоректену 

мерзімінің ұзақ не қысқа болуы 

жұлдызқұрттар күйінің негізгі 

көрсеткіші болып саналады. 

Қоректену мерзімі неғұрлым 

ұзаққа созылса, солғұрлым 

жұлдызқұрттардың қалыпты 

түрде қуыршақтануы екіталай. 

Паразиттермен зақымданған 

жұлдызқұрттардың да көктемгі 

қоректенуі ұзаққа созылады. 

Жұлдызқұрттардың қоректенуі 

тоқтатылып, қимылдамайтын 

кезеңі немесе қуыршақтануға 

дейінгі сатысының ұзақтығы 

10-12 күн. Жұлдызқұрттар 

мамырдың екінші жартысында, 

ал жауын-шашынды салқын 

көктемде мамырдың аяғында 

жер бесікте қуыршаққа айна-

лады. Қуыршақ дәуірі орташа 

есеп бойынша 26-28 күнге, 

ал кейде 36 күнге және одан 

да ұзаққа созылады. Көбе-

лектердің шығу мерзімі құрғақ 

жылдары жұлдызқұрттар ерте 

қуыршақтанады және осыған 

сәйкес ерте шығады.

Жұлдызқұрттар ылғи астық 

дәнімен, ал көбелектер масақ 

шырынымен қоректенсе, астық 

сұр көбелегінің өсімталдығы 

жоғары болады. Астық көбе-

легі жаппай қаулап  өсіп-өнген 

жылдары бір ұрғашы көбелек 

2000-ға дейін, ал қолайсыз 

жылдары 500-ге дейін жұмы-

ртқа салады. Жұмыртқадан 

шыққан соң жұлдызқұрттар 

алғашқы күндері бидай дәнінің 

ішінде еніп қоректенеді. Одан  

кейінгі кездерде денелерінің 

ұлғаюына байланысты дәннің 

ішінен шығады да масақшалар-

дың немесе олардың қауыз- 

дарының арасына орнығып 

алып, дәнді сыртқы қабығынан 

бастап кеміріп жейді. Бес 

жастан бастап жұлдызқұрттар 

түнде ғана қоректеніп, күндіз 

төменгі жапырақтардың астын 

паналап жатады.

Астық сұр көбелегі негізі-

нен бидайды, қара бидайды, 

аздап арпаны, кейде жүгеріні 

де зақымдайды.Жұлдызқұрт-

тар өскен сайын әсіресе 5 

жастан бастап, қомағай келеді. 

1 жастан 7 жасқа дейінгі даму 

кезеңінде бір жұлдызқұрт орта 

есеппен 500 мг астық дәнін 

жейді. 8 жастағы жұлдызқұрт 

онан әрі аңызда қоректене 

отырып, қысқы ұйқыға кет-

кенше 1-1,2 грамм дән жейді. 

Сөйтіп бір жұлдызқұрт қысқы 

ұйқыға кеткенге дейінгі даму 

кезеңінде 2 грамға жуық астық 

дәнін жояды екен.

Әртүрлі жастағы жұлдыз- 

құрттардың астық дәндерін 

зақымдау сипаты да нешетүрлі 

болады. Жұмыртқадан жаңа 

шыққан ұялас жұлдызқұрттар 

топтасып, бір дәннің ішінде 

қоректенеді. Ал, ондай дәннен 

тек оның сыртқы қабығы ғана 



Ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  аса  қауіпті  

зиянкестерінің бірі астық сұр көбелегі. Астық сұр кө-

белегінің зақымдалуын анықтау үшін ҚР АШМ АӨК МИК 

«Республикалық  фитосанитарлық  диагностика  және 

болжамдар  әдістемелік  орталығы»  ММ-нің  маманда-

ры шілде айының аяғында және тамыз айының басын-

да  бақылау-тексеру  жұмыстарын    яғни,  әрбір  егістік 

алқаптарын  аралап  өтіп,  масақ  кесу  жұмыстарын 

жүргізеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жұл-

дызқұрттардың  қаншалықты  мөлшерде  бар  екендігі 

анықталады. 

қалады. 3, 4 және 5 жастағы 

жұлдызқұрттар дәнді үңгіп, 

әртүрлі пішінді қуыс жасап қо-

ректенеді. Ал 6 жастан бастап 

жұлдызқұрттар астық дән-

дерімен қатар гүл және масақ-

ша қауыздарын да жеп қояды. 

Егіннің көбі үшін астықтың сұр 

көбелегі онша қауіпті емес. Се-

бебі бұл кезеңде жұлдызқұрт-

тардың саны күрт азаяды да, 

ал қалғандары қуыршақтануға 

даярланып, қоректенуін тоқта-

тады. Егіс далаларында астық 

сұр көбелегі жылдан-жылға 

біртіндеп көбейеді де, содан 

кейін ауа райы қолайлы болған 

жылдары (көктем мен жаздың 

бірінші жартысы құрғақтау 

және ыстық, ал күз орташа 

жауын-шашынды және жылы 

болғанда), ол жаппай өсіп-өніп, 

сан мөлшері бірден көбейіп 

кетеді. Егістік жерлердің дер 

кезінде және сапалы түрде өң-

деліп, бапталмауы, өнім жинау 

науқанының ұзаққа созылуы 

және өнімнің көп ысырап 

болуы да астық сұр көбелегінің 

жаппай өсіп-өнуіне қолайлы 

жағдай туғызады. Астық сұр 

көбелегіне қарсы биылғы жылы 

5000 гектар жерге химиялық 

өңдеу жұмыстарын жүргізу 

жоспарланып отыр. Сондықтан 

егін шаруашылығымен айналы-

сатын шаруа қожалық иегер-

лері әрбір егістік алқаптың диа-

гональ бойынша жүріп 200-250 

масақтан жинап, «РФД жБӘО» 

ММ-не әкелулері керек. Сол 

арқылы зиянкестің зияндану 

қаупі анықталады. Сонымен қа-

тар,  агротехникалық және про-

филактикалық шаралар ішінде 

астық дәнін төгіп-шашпай 

жинау және астық жиналған-

нан кейін егістік жерлерді таза 

ұстаудың маңызы өте зор. 

Бұл шаралардың барлығы 

зиянкестің жұлдызқұрттарын 

қысқы ұйқыға кетер алдында 

қорексіз қалдырады да, олар-

дың қыста жаппай қырылып 

қалуына әкеліп соқтырады. 

Қыстап шыққан жұлдызқұрт-

тардың бірқатарын көктемде 

егістік жерді ең алдымен үстін 

сыдыра, одан соң терең етіп 

жырту және культивациялау 

арқылы да құртуға болады. Ал 

парды культивациялау арқылы 

көбелек қуыршағының 90 пай-

ызын жоюға болады. Химиялық 

күрес шаралары 3 жастағы 

жұлдызқұрттардың 100 ма-

саққа келетін орташа саны ауа 

райы бірқалыпты қоңырқай 

болған жылдары – 20, ал жа-

уын-шашынды жылдары – 15 

болғанда жүргізіледі.



М.ҚОҢЫРҚҰЛЖИНОВА,

Ұлытау аудандық аумақтық 

инспекциясының  

бас маманы, өсімдіктерді 

қорғау 

жөніндегі мемлекеттік 

инспекторы.

Ауыл  шаруашылығы  дәнді  дақылдарының 

аса қауіпті зиянкесі астық сұр көбелегінің жұл-

дызқұрттары астық дәнін зақымдауына байла-

нысты    тексеру-анықтау  жұмыстарын  жүргізу 

үшін  әрбір  шаруа  қожалық  иегерлері    2014 

жылдың  шілде  айының  үшінші  онкүндігінде 

және  тамыз  айының  бірінші  онкүндігінде    әр-

бір егістік алқаптың диагональ бойынша жүріп 

200-250  масақтан  (15-20  жерден  10-15  ма-

сақтан) жинап, оған этикетка жапсырып, шүбе-

рек қалтаға салып, аудандық «Республикалық 

Туберкулез–жұқпалы ауру. 

Одан емделіп, жазылам деген 

адам жазылады. Дегенмен де ол 

қаншалықты дәрежеде қатерлі 

жұқпа екенін біз осы білеміз 

бе? Біз одан қашан және қайтіп 

арыла аламыз?

Бұл сырқат туберкулездің 

жұқпалы түрімен ауырған адам-

нан, ара-тұра сауын сиырдан 

сүт арқылы да жұғады, жұ-

мыртқадан да болады. Сирек 

жағдайда үй жануарларында 

болады. Туберкулездің жұқпалы 

түрімен ауыратын бір науқас 

жылына 10-15 адамға жұқтыра-

ды. Жұқпамен қарым-қатынас 

отбасында, жұмыс орнында, 

кездейсоқ кездесулерде бола 

береді. Ауру жөтел түшкіру және 

сөйлесу арқылы да беріледі. 

Мұнымен қатар, сүйгенде, тіпті 

қол алысқанда жұғуы мүмкін. 

Жұқпалы түрмен ауыратын 

науқас ауасы желдетілмейтін 

бөлмеде отырғанда айналасын-

дағылар үшін аса қауіпті. Ауада 

бактериялар күрт көбейіп сау 

адамдардың өкпесіне барады. 

Салақ науқастың жерге, еденге 

түкірген қақырығы кепкеннен 

кейін ауаға көтеріліп қалықтап 

жүреді. Сондықтан уақытылы 

желдетілмейтін бөлмеде, 

кеңседе, оқу кабинеттері мен 

көп адам мінетін көліктерде т.б. 

адам шоғырланатын жерлерде 

жұқпа қаупі бірнеше есе артады. 

Түкіргіш балалардың қолдары 

жететін жерде тұрса, балалар 

оны ұстап қолдарын аузына са-

лады. Сөйтіп, қоздырғыштарды 

жұтып қояды. Мұндайда жұқпа 

қарқынды болады. Туберку-

лездің созылмалы түрлерінде 

науқастың өзімен салыс- 

тырғанда, онан жұқтырғандар 

тез асқынуға, ауыр түрлерге 

бейім болады.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ 

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Елімізде, ауданымызда 

әсіресе, шамамен 2000 жылдан 

бастап, қазіргі туберкулездің 

түрлері 3 топқа бөлінетіні айқын 

болды. Бұлар дәріге сезімтал 

туберкулез (яғни кәдімгі тубер-

кулез); дәрілік препараттарға 

төзімді туберкулез (яғни емделуі 

анағұрлым қиындаған, әрі 2-3 

есе ұзақ емделетін туберкулез); 

емге мүлде туберкулез (яғни 

емге көнбейтін туберкулез). 

Бұның бәрі аспаннан жауған 

жоқ, өзіміз қолдан жасап алған 

дүниелер. Емнің режимін бұзып 

дұрыс емделмеу, дәрілік пре-

параттарды қабылдамай тығып 

қою, ауруханадан қашып кету

ем кезінде арақ ішу т.т. дәріге 

төзімділіктің пайда болуына 

алып келді. Қазір елімізде 

төзімді, туберкулез барлық 

науқастардың тең жарымына 

жеткен. Ол аздай-ақ, осы дәріге 

төзімділер басқаларға туберку-

лездің төзімді түрін жұқтырады. 

Дәріге төзімді науқас алған 

емінен нәтиже шығармаса, ол 

жоғарыда айтып өткеніміздей 

супер төзімді, яғни емделу 

мүмкіндігін біржола жоғалтқан 

болып есептеледі. Осы сәттен 

бастап, оларға қымбат бағалы 

арнайы препараттарды қолдану 

тоқтатылады.

 Еліміздегі жалпы ахуалға 

келетін болсақ, СНГ мемле-

кеттері ішінде республикамыз 

туберкулезбен аурушаңдық 

жөнінен алдыңғы орында. Дәріге 

төзімділіктің өсуінен әлемде 

алдыңғы орындағы 22 елдің 

қатарына кіреді.

Біздің Ұлытау ауданындағы 

ахуал да мәз емес. Белсенді 

туберкулезбен диспансерлік 

есепте тұратын науқастар саны 

2009 жылы–15, 2010 жылы–21, 

2011 жылдың аяғында 35 нау- 

қасқа жетіп отыр. Төзімді тубер-

кулез–43 пайыз. Туберкулездің 

алдын алу жайына келетін бол-

сақ, денсаулық кілті ең алдымен 

әр адамның өз қолында болады. 

Медицинаға денсаулықтың 8-10 

пайызы ғана байланысты екені 

дәлелденген. Әркім жұқпадан 

өзін, отбасын, жақындарын 

сақтауы тиіс. Ол үшін туберку-

лездің не екенін неғұрлым жетік 

тануға тырысуы керек. Қиыны, 

біздің жеке адамдарымыздың 

бұл жөніндегі сауаты туберку-

лезден сақтану үшін тым аздық 

етеді. Жеке адамның белсен-

ділігін төмен жерде дәрігер 

де, мемлекет те қауқарсыз. 

Қоздырғыштар топырақта, суда, 

заттарда, төсек-орында, киімде, 

қағазда, т.б. жерлерде ұзақ 

сақталады. Жұмыссыздық, кез-

белердің көбеюі–топтасып жүруі, 

кейбір басқосулар жұқпаның 

таралуына себеп болады. Қант 

диабеті, асқазан жарасы, алко-

голизм, нашақорлық, берекесіз 

өмір кешу, психикалық ауытқу-

лар, кейбір дәрілік препараттар 

иммунитетті төмендетіп ауруға 

себепші болады. Бұларды, бір 

сөзбен айтқанда, қатер топтары-

на жатқызады.

ТУБЕРКУЛЕЗДЕН 

ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА 

БОЛАДЫ?

Саламатты өмір салтын ұста-



ну, жеке бас тазалығын, тұрмыс 

үй тазалығын сақтау туберкулез-

ден сақтайды. Бөлмені желдетіп 

тұру–кірлеген ауамен бірге он-

дағы қалықтап жүрген туберку-

лез бактерияларын да алып ке-

теді. Тікелей түскен күн сәулесі 

20-30 минутта қоздырғыштарды 

жоя алады. Сүлгін 20-30 минут 

қайнату туберкулез бактерияла-

рын өлтіреді. Нәрестелер мен 

жас балалардың иығына БЦЖ 

вакцинасын егу оларды туберку-

лезден жақсы қорғайды. Бірақ, 

мұндай жасанды иммунитеттің 

2-3 жылда күші азая бастайды. 

Қарқынды жұқпа мұндай имму-

нитетті жеңе алады.

Ересектер мен жасөспірімдер 

жыл сайын флюрографиядан 

өтуі, басқаларға да белсенді 

ықпал етуі тиіс. Елде, ауылда 

флюрографияға түспеген адам 

қалса ауру ошағы да қалады. 

Флюрографиядан өтпеген 

адамдар көптеген көпшілік 

бас қосқан жерлерге баруы 

жөн емес. Туберкулез әсіресе, 

алғашқы сатыларда байқалмай 

өрбуі де мүмкін. Оған дейін сау 

адам өзіне туберкулездің қатысы 

жоқ деп ойлайды. Ұқсас белгілер 

байқалған күннің өзінде мойын-

дамауға тырысады. Оның үстіне 

2 аптадан асқан жөтел (кейде 

қан аралас болуы да мүмкін); 

тез шаршау, тершеңдік, тамаққа 

тәбеттің төмендеуі, жүдеу, кеуде 

қуысының ауырсынулары басқа 

себептерден де болуы мүм-

кін. Сондықтан, туберкулезді 

анықтаудың заманауи ең дәл 

әдістері болады. Олар — ере-

сектер мен жасөспірімдерге 

жылжымалы флюро-рентгенди-

агностика, қажет жағдайда қақы-

рық тексерісі және жасөспірім-

дер мен балалардың білегіне 

салынатын Манту сынамасы. 

Туберкулезбен ауырып, тәуір 

болғандар жыл сайын флюро-

мен (қажет жағдайда рентген) 

тексеріліп тұруы керек.

Ауырып ем іздегенше, ауыр-

майтын жол ұстанайық, ағайын!

Б.ӘБІЛОВА,

дәрігер.

фитосанитарлық диагностика және болжамдар 

әдістемелік орталығы» Ұлытау аудандық фили-

алы ММ-сіне әкеліп берулеріңіз қажет.

Астықтың  сұр  көбелегімен  зақымданғаны 

анықталған  жағдайда  Республикалық  бюджет 

есебімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. 

Өңдеу барысында «Даклоприд, 20% в.к.» және Ди-

мирон 48% с.к.» пестицидтері (улы химикаттары) 

қолданылады. Байланыс тел: 2-12-71, 2-15-13. 



«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық 

аумақтық инспекциясы» ММ-і.

(сеРАя зеРНОВАя сОВКА)

ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ



Ешкім дЕ, ЕштЕңЕ дЕ ұмытылмайды

9

2 тамыз, 2014 жыл 



№31 (5951)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ

дариға-ай, туып өскен  

елім қайда?

Сүйікті ата қоныс жерім 

қайда?


шалғыны көк теңіздей

 толқынданып,

Жататын малы шайлап 

көлім қайда?

ақылгөй, ел тірегі шалым 

қайда?


Үй көркі бала менен 

жарым қайда?

келтіріп кең даланың 

жарасымын,

төрт түлік қатар өрген 

малым қайда?

Ел жайлап, шалқып жатқан 

өзен қайда?

мал өріп, асушы еді 

сайдан-сайға.

Қырың шөп, суың балық 

қайран жерім,

Қызығың асушы еді 

айдан-айға.

Белгілі ұлытаудай 

өрім қайда?

Басы арша, етегің бау, 

желің майда.

айнала көлемінің бәрі 

байлық, 


Егіс бар 500 гектар, 

бір дүтбайда.

Басында осы таудың 

шалқар бұлақ,

Су ішкен арқар, 

елік содан құлап,

көз тартқан күндік 

жерден ұлытаудай,

Жер қайда құтты қоныс, 

елге тұрақ.

Сарыкеңгір, Қаракеңгір 

өзендерім,

мыңғыртып мал өсірген 

колхозды елім.

ауызбен айтып адам 

жеткізе алмас,

Байлыққа тұнып тұрған 

колхоз жерің.

кішітау айыртаумен 

егіз туған,

Бағынып ұлытауға 

мойынсұнған.

ауданның көлемінде үш 

көктөбе,


Бауырына колхоз малын 

ұйыстырған.

Ешкіөлмес, арғанаты, 

тамдыменен,

татанбай, айбас бәрі 

қатар өзен.

Қоғамдық мал мен 

жанның несібесі,

шығыста Барақ 

жатыр Қоскөлменен.

кененбай үлкен тоған, 

бар ырғайлы,

кетейін қалай қоспай 

шақабайды.

шығырлы, Бала Жезді 

басы айқасып,

кім білмес Байқоңыр 

мен Қарсақбайды.

Қу мола мен дүйсенбай 

ағып төмен,

Құяды Бестамақ топ 

Білеутіден.

Үш еспе батысында 

арыс құмы,

ар жағы қойындасқан 

телкөлменен.

шығыстан Жыландының

 өзені ағып,

кеңгірге құйып жатыр ол да

 барып.


Қызыл шың, Бостандық 

пен Үлкен бұлақ,

колхоздың ең дәулетін 

жатыр бағып.

атасы ақ тұма, атан, 

көкдомбақты,

Жерімнің біреуінен 

бірі жақсы.

көрмедім туған жердей 

қымбатты мен,

аралап жүрсемдағы 

бар аймақты.

шығыста Жетіқоңыр,

 апақайы,

Өрісі кең қоғамдық 

малдың жайы.

ақкеңсе, бер жағында 

Борсеңгір тұр,

малының түгін тартса,

 шыққан майы.

шығысым–Сарысу, 

кеңгір, батыс–торғай,

төрт түлік дәулетіне 

өрісім сай.

Ортаңда орда болып 

ұлытау тұр,

көркейіп гүлдене бер, 

Отанымдай.

Бір өзен Үлкен Жезді 

қойған атын,

Қақ жарып ағып жатыр 

тау саласын.

Өн бойы бұл өзеннің 

колхоз-совхоз,

Есепсіз өндіріс бар 

кен алатын.

Жезқазған алып завод, 

бар құрылыс,

Рудник дайындауда 

жез бенен мыс.

марганец жаңа ашылған 

кен орны бар,

тасының жүз пайызы 

бәрі құрыш.

тасы алтын, тауы 

салқын жердің майы,

көлемі ұлытаудың 

жер шұрайы.

Бір өзі бір колхозға 

қоныс болған,

Жаныңда бұл заводтың 

Нардың сайы.

Өрлесең жоғарыға 

Қарабұлақ,

Бір колхоз қоныс еткен 

оны қалап.

талдысай, аяққамыр, 

керегетас,

тайкеткен құйып жатыр 

және жанап.

Жездінің таусылмайды 

сала-сайы,

тағы бар күнкүйген 

мен дәуімбайы.

Босаға, Жылантөбе, 

тұяқ жалы,

Құяды екі арадан 

Жаман сайы.

Бір алқап күйген бұлақ 

қойған атын,

Бір табан басқа жерден 

тауға жақын.

шығыста Сүттібайдың 

Сары бұлағы,

Есепсіз саласы бар шөп 

шабатын.


Сары сай, шерубай мен 

дәрбек жайы,

Жайнайды көз алдымда 

жердің бәрі.

мәңгілік ферма келіп 

қоныстанған,

атақты дәрекеңнің 

Бес тарауы.

Бір сала бұған таяу 

ақша сайы,

Жер еді ой мен қыры 

малдың жайы.

Бір өзі отыз үйге 

қоныс болған,

Қыры шөп, ойы қияқ, 

жердің байы.

Бас бұлақ, аяқ бұлақ 

құйған жері,

Бұл–нағыз Әжекеңнің 

туған жері.

Ертеден әкем келіп 

қоныс алған,

мәңгілік осы арада 

салған көңі.

Сағынып ел мен 

жерім түскенде ойға,

Бітеді арыстандай ашу бойға.

Екі рет асколькамен 

жараландым,

Жауменен арпалысқан 

қан майданда.

күн сайын жылжудамыз 

батысқа–алға,

дұшпан жүр жер таба 

алмай паналарға.

Жем болып ит пен құсқа 

сұмырайлар,

Осындай жауыз қиып 

түсті халға.

Жаңбырдай жауғызамыз 

аспаннан оқ,

Бұрылып жан сақтайтын 

амалы жоқ.

Уралап ұран салып 

коммунистер,

Бір қадам шегінбейміз 

тастүйін боп.

Қуаныш, Жеңіс айы 

май да туды,

Бет қаратпас қайсар 

күш жауды қуды.

шығармай бірін шашау 

жендеттердің,

Берлиннің ортасына 

бәрін жиды.

Сол күні жараландым, 

емдеуге алды,

тамаша бағудамын 

жанға жайлы.

күтеді сестралар өз 

қызымдай,

Сөйлетіп радио мен 

патефонды.

* * *


Қарт ата, кіші іні, ағаларым,

адамға пайда бермес 

сары уайым.

Қайраттан, серпіл енді 

Жеңіс келді,

Жұмылып жақсартыңдар 

шаруа жайын.

Жау кірді өз ініне күні қараң,

Біз үшін майдандағы 

болма алаң.

Жеңіспен туған елге 

жаздым сәлем,

дабылын естісін деп 

байтақ далам!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет