мымызда көбейе берсін.
8
2 тамыз, 2014 жыл
№31 (5951)
ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ
Астық сұр көбелегі жылы-
на бір ұрпақ береді. Ең соңғы
жастағы жұлдызқұрттары
топырақ арасында қыстайды.
Күзде жыртылмаған егіс дала-
ларында жұлдызқұрттардың
көпшілігі 4-5 мм-ден төмен
тереңдікке кетпейді. Ал, зябь
жыртылған участоктарда олар
10 см және одан да төмен
тереңдікте жатады. Жұлдыз-
құрттары әсіресе жиналмай
қалған сабан мен дестелердің
астында көп болады. Қыстап
шыққан жұлдызқұрттар көбіне-
се кешкі және түнгі сағаттарда,
ал жауын-шашынды күндері
күндіз де қоректенеді. Егер
жұлдызқұрттар күзде жеткілікті
түрде қоректене алса, онда
олардың көктемгі қосымша
қоректенуі ұзаққа созылмайды.
Күйлі жұлдызқұрттар қосым-
ша қоректенбей-ақ, көктемде
тез қуыршақтанады. Сон-
дықтан да көктемгі қоректену
мерзімінің ұзақ не қысқа болуы
жұлдызқұрттар күйінің негізгі
көрсеткіші болып саналады.
Қоректену мерзімі неғұрлым
ұзаққа созылса, солғұрлым
жұлдызқұрттардың қалыпты
түрде қуыршақтануы екіталай.
Паразиттермен зақымданған
жұлдызқұрттардың да көктемгі
қоректенуі ұзаққа созылады.
Жұлдызқұрттардың қоректенуі
тоқтатылып, қимылдамайтын
кезеңі немесе қуыршақтануға
дейінгі сатысының ұзақтығы
10-12 күн. Жұлдызқұрттар
мамырдың екінші жартысында,
ал жауын-шашынды салқын
көктемде мамырдың аяғында
жер бесікте қуыршаққа айна-
лады. Қуыршақ дәуірі орташа
есеп бойынша 26-28 күнге,
ал кейде 36 күнге және одан
да ұзаққа созылады. Көбе-
лектердің шығу мерзімі құрғақ
жылдары жұлдызқұрттар ерте
қуыршақтанады және осыған
сәйкес ерте шығады.
Жұлдызқұрттар ылғи астық
дәнімен, ал көбелектер масақ
шырынымен қоректенсе, астық
сұр көбелегінің өсімталдығы
жоғары болады. Астық көбе-
легі жаппай қаулап өсіп-өнген
жылдары бір ұрғашы көбелек
2000-ға дейін, ал қолайсыз
жылдары 500-ге дейін жұмы-
ртқа салады. Жұмыртқадан
шыққан соң жұлдызқұрттар
алғашқы күндері бидай дәнінің
ішінде еніп қоректенеді. Одан
кейінгі кездерде денелерінің
ұлғаюына байланысты дәннің
ішінен шығады да масақшалар-
дың немесе олардың қауыз-
дарының арасына орнығып
алып, дәнді сыртқы қабығынан
бастап кеміріп жейді. Бес
жастан бастап жұлдызқұрттар
түнде ғана қоректеніп, күндіз
төменгі жапырақтардың астын
паналап жатады.
Астық сұр көбелегі негізі-
нен бидайды, қара бидайды,
аздап арпаны, кейде жүгеріні
де зақымдайды.Жұлдызқұрт-
тар өскен сайын әсіресе 5
жастан бастап, қомағай келеді.
1 жастан 7 жасқа дейінгі даму
кезеңінде бір жұлдызқұрт орта
есеппен 500 мг астық дәнін
жейді. 8 жастағы жұлдызқұрт
онан әрі аңызда қоректене
отырып, қысқы ұйқыға кет-
кенше 1-1,2 грамм дән жейді.
Сөйтіп бір жұлдызқұрт қысқы
ұйқыға кеткенге дейінгі даму
кезеңінде 2 грамға жуық астық
дәнін жояды екен.
Әртүрлі жастағы жұлдыз-
құрттардың астық дәндерін
зақымдау сипаты да нешетүрлі
болады. Жұмыртқадан жаңа
шыққан ұялас жұлдызқұрттар
топтасып, бір дәннің ішінде
қоректенеді. Ал, ондай дәннен
тек оның сыртқы қабығы ғана
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті
зиянкестерінің бірі астық сұр көбелегі. Астық сұр кө-
белегінің зақымдалуын анықтау үшін ҚР АШМ АӨК МИК
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және
болжамдар әдістемелік орталығы» ММ-нің маманда-
ры шілде айының аяғында және тамыз айының басын-
да бақылау-тексеру жұмыстарын яғни, әрбір егістік
алқаптарын аралап өтіп, масақ кесу жұмыстарын
жүргізеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жұл-
дызқұрттардың қаншалықты мөлшерде бар екендігі
анықталады.
қалады. 3, 4 және 5 жастағы
жұлдызқұрттар дәнді үңгіп,
әртүрлі пішінді қуыс жасап қо-
ректенеді. Ал 6 жастан бастап
жұлдызқұрттар астық дән-
дерімен қатар гүл және масақ-
ша қауыздарын да жеп қояды.
Егіннің көбі үшін астықтың сұр
көбелегі онша қауіпті емес. Се-
бебі бұл кезеңде жұлдызқұрт-
тардың саны күрт азаяды да,
ал қалғандары қуыршақтануға
даярланып, қоректенуін тоқта-
тады. Егіс далаларында астық
сұр көбелегі жылдан-жылға
біртіндеп көбейеді де, содан
кейін ауа райы қолайлы болған
жылдары (көктем мен жаздың
бірінші жартысы құрғақтау
және ыстық, ал күз орташа
жауын-шашынды және жылы
болғанда), ол жаппай өсіп-өніп,
сан мөлшері бірден көбейіп
кетеді. Егістік жерлердің дер
кезінде және сапалы түрде өң-
деліп, бапталмауы, өнім жинау
науқанының ұзаққа созылуы
және өнімнің көп ысырап
болуы да астық сұр көбелегінің
жаппай өсіп-өнуіне қолайлы
жағдай туғызады. Астық сұр
көбелегіне қарсы биылғы жылы
5000 гектар жерге химиялық
өңдеу жұмыстарын жүргізу
жоспарланып отыр. Сондықтан
егін шаруашылығымен айналы-
сатын шаруа қожалық иегер-
лері әрбір егістік алқаптың диа-
гональ бойынша жүріп 200-250
масақтан жинап, «РФД жБӘО»
ММ-не әкелулері керек. Сол
арқылы зиянкестің зияндану
қаупі анықталады. Сонымен қа-
тар, агротехникалық және про-
филактикалық шаралар ішінде
астық дәнін төгіп-шашпай
жинау және астық жиналған-
нан кейін егістік жерлерді таза
ұстаудың маңызы өте зор.
Бұл шаралардың барлығы
зиянкестің жұлдызқұрттарын
қысқы ұйқыға кетер алдында
қорексіз қалдырады да, олар-
дың қыста жаппай қырылып
қалуына әкеліп соқтырады.
Қыстап шыққан жұлдызқұрт-
тардың бірқатарын көктемде
егістік жерді ең алдымен үстін
сыдыра, одан соң терең етіп
жырту және культивациялау
арқылы да құртуға болады. Ал
парды культивациялау арқылы
көбелек қуыршағының 90 пай-
ызын жоюға болады. Химиялық
күрес шаралары 3 жастағы
жұлдызқұрттардың 100 ма-
саққа келетін орташа саны ауа
райы бірқалыпты қоңырқай
болған жылдары – 20, ал жа-
уын-шашынды жылдары – 15
болғанда жүргізіледі.
М.ҚОҢЫРҚҰЛЖИНОВА,
Ұлытау аудандық аумақтық
инспекциясының
бас маманы, өсімдіктерді
қорғау
жөніндегі мемлекеттік
инспекторы.
Ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының
аса қауіпті зиянкесі астық сұр көбелегінің жұл-
дызқұрттары астық дәнін зақымдауына байла-
нысты тексеру-анықтау жұмыстарын жүргізу
үшін әрбір шаруа қожалық иегерлері 2014
жылдың шілде айының үшінші онкүндігінде
және тамыз айының бірінші онкүндігінде әр-
бір егістік алқаптың диагональ бойынша жүріп
200-250 масақтан (15-20 жерден 10-15 ма-
сақтан) жинап, оған этикетка жапсырып, шүбе-
рек қалтаға салып, аудандық «Республикалық
Туберкулез–жұқпалы ауру.
Одан емделіп, жазылам деген
адам жазылады. Дегенмен де ол
қаншалықты дәрежеде қатерлі
жұқпа екенін біз осы білеміз
бе? Біз одан қашан және қайтіп
арыла аламыз?
Бұл сырқат туберкулездің
жұқпалы түрімен ауырған адам-
нан, ара-тұра сауын сиырдан
сүт арқылы да жұғады, жұ-
мыртқадан да болады. Сирек
жағдайда үй жануарларында
болады. Туберкулездің жұқпалы
түрімен ауыратын бір науқас
жылына 10-15 адамға жұқтыра-
ды. Жұқпамен қарым-қатынас
отбасында, жұмыс орнында,
кездейсоқ кездесулерде бола
береді. Ауру жөтел түшкіру және
сөйлесу арқылы да беріледі.
Мұнымен қатар, сүйгенде, тіпті
қол алысқанда жұғуы мүмкін.
Жұқпалы түрмен ауыратын
науқас ауасы желдетілмейтін
бөлмеде отырғанда айналасын-
дағылар үшін аса қауіпті. Ауада
бактериялар күрт көбейіп сау
адамдардың өкпесіне барады.
Салақ науқастың жерге, еденге
түкірген қақырығы кепкеннен
кейін ауаға көтеріліп қалықтап
жүреді. Сондықтан уақытылы
желдетілмейтін бөлмеде,
кеңседе, оқу кабинеттері мен
көп адам мінетін көліктерде т.б.
адам шоғырланатын жерлерде
жұқпа қаупі бірнеше есе артады.
Түкіргіш балалардың қолдары
жететін жерде тұрса, балалар
оны ұстап қолдарын аузына са-
лады. Сөйтіп, қоздырғыштарды
жұтып қояды. Мұндайда жұқпа
қарқынды болады. Туберку-
лездің созылмалы түрлерінде
науқастың өзімен салыс-
тырғанда, онан жұқтырғандар
тез асқынуға, ауыр түрлерге
бейім болады.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Елімізде, ауданымызда
әсіресе, шамамен 2000 жылдан
бастап, қазіргі туберкулездің
түрлері 3 топқа бөлінетіні айқын
болды. Бұлар дәріге сезімтал
туберкулез (яғни кәдімгі тубер-
кулез); дәрілік препараттарға
төзімді туберкулез (яғни емделуі
анағұрлым қиындаған, әрі 2-3
есе ұзақ емделетін туберкулез);
емге мүлде туберкулез (яғни
емге көнбейтін туберкулез).
Бұның бәрі аспаннан жауған
жоқ, өзіміз қолдан жасап алған
дүниелер. Емнің режимін бұзып
дұрыс емделмеу, дәрілік пре-
параттарды қабылдамай тығып
қою, ауруханадан қашып кету,
ем кезінде арақ ішу т.т. дәріге
төзімділіктің пайда болуына
алып келді. Қазір елімізде
төзімді, туберкулез барлық
науқастардың тең жарымына
жеткен. Ол аздай-ақ, осы дәріге
төзімділер басқаларға туберку-
лездің төзімді түрін жұқтырады.
Дәріге төзімді науқас алған
емінен нәтиже шығармаса, ол
жоғарыда айтып өткеніміздей
супер төзімді, яғни емделу
мүмкіндігін біржола жоғалтқан
болып есептеледі. Осы сәттен
бастап, оларға қымбат бағалы
арнайы препараттарды қолдану
тоқтатылады.
Еліміздегі жалпы ахуалға
келетін болсақ, СНГ мемле-
кеттері ішінде республикамыз
туберкулезбен аурушаңдық
жөнінен алдыңғы орында. Дәріге
төзімділіктің өсуінен әлемде
алдыңғы орындағы 22 елдің
қатарына кіреді.
Біздің Ұлытау ауданындағы
ахуал да мәз емес. Белсенді
туберкулезбен диспансерлік
есепте тұратын науқастар саны
2009 жылы–15, 2010 жылы–21,
2011 жылдың аяғында 35 нау-
қасқа жетіп отыр. Төзімді тубер-
кулез–43 пайыз. Туберкулездің
алдын алу жайына келетін бол-
сақ, денсаулық кілті ең алдымен
әр адамның өз қолында болады.
Медицинаға денсаулықтың 8-10
пайызы ғана байланысты екені
дәлелденген. Әркім жұқпадан
өзін, отбасын, жақындарын
сақтауы тиіс. Ол үшін туберку-
лездің не екенін неғұрлым жетік
тануға тырысуы керек. Қиыны,
біздің жеке адамдарымыздың
бұл жөніндегі сауаты туберку-
лезден сақтану үшін тым аздық
етеді. Жеке адамның белсен-
ділігін төмен жерде дәрігер
де, мемлекет те қауқарсыз.
Қоздырғыштар топырақта, суда,
заттарда, төсек-орында, киімде,
қағазда, т.б. жерлерде ұзақ
сақталады. Жұмыссыздық, кез-
белердің көбеюі–топтасып жүруі,
кейбір басқосулар жұқпаның
таралуына себеп болады. Қант
диабеті, асқазан жарасы, алко-
голизм, нашақорлық, берекесіз
өмір кешу, психикалық ауытқу-
лар, кейбір дәрілік препараттар
иммунитетті төмендетіп ауруға
себепші болады. Бұларды, бір
сөзбен айтқанда, қатер топтары-
на жатқызады.
ТУБЕРКУЛЕЗДЕН
ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА
БОЛАДЫ?
Саламатты өмір салтын ұста-
ну, жеке бас тазалығын, тұрмыс
үй тазалығын сақтау туберкулез-
ден сақтайды. Бөлмені желдетіп
тұру–кірлеген ауамен бірге он-
дағы қалықтап жүрген туберку-
лез бактерияларын да алып ке-
теді. Тікелей түскен күн сәулесі
20-30 минутта қоздырғыштарды
жоя алады. Сүлгін 20-30 минут
қайнату туберкулез бактерияла-
рын өлтіреді. Нәрестелер мен
жас балалардың иығына БЦЖ
вакцинасын егу оларды туберку-
лезден жақсы қорғайды. Бірақ,
мұндай жасанды иммунитеттің
2-3 жылда күші азая бастайды.
Қарқынды жұқпа мұндай имму-
нитетті жеңе алады.
Ересектер мен жасөспірімдер
жыл сайын флюрографиядан
өтуі, басқаларға да белсенді
ықпал етуі тиіс. Елде, ауылда
флюрографияға түспеген адам
қалса ауру ошағы да қалады.
Флюрографиядан өтпеген
адамдар көптеген көпшілік
бас қосқан жерлерге баруы
жөн емес. Туберкулез әсіресе,
алғашқы сатыларда байқалмай
өрбуі де мүмкін. Оған дейін сау
адам өзіне туберкулездің қатысы
жоқ деп ойлайды. Ұқсас белгілер
байқалған күннің өзінде мойын-
дамауға тырысады. Оның үстіне
2 аптадан асқан жөтел (кейде
қан аралас болуы да мүмкін);
тез шаршау, тершеңдік, тамаққа
тәбеттің төмендеуі, жүдеу, кеуде
қуысының ауырсынулары басқа
себептерден де болуы мүм-
кін. Сондықтан, туберкулезді
анықтаудың заманауи ең дәл
әдістері болады. Олар — ере-
сектер мен жасөспірімдерге
жылжымалы флюро-рентгенди-
агностика, қажет жағдайда қақы-
рық тексерісі және жасөспірім-
дер мен балалардың білегіне
салынатын Манту сынамасы.
Туберкулезбен ауырып, тәуір
болғандар жыл сайын флюро-
мен (қажет жағдайда рентген)
тексеріліп тұруы керек.
Ауырып ем іздегенше, ауыр-
майтын жол ұстанайық, ағайын!
Б.ӘБІЛОВА,
дәрігер.
фитосанитарлық диагностика және болжамдар
әдістемелік орталығы» Ұлытау аудандық фили-
алы ММ-сіне әкеліп берулеріңіз қажет.
Астықтың сұр көбелегімен зақымданғаны
анықталған жағдайда Республикалық бюджет
есебімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Өңдеу барысында «Даклоприд, 20% в.к.» және Ди-
мирон 48% с.к.» пестицидтері (улы химикаттары)
қолданылады. Байланыс тел: 2-12-71, 2-15-13.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық
аумақтық инспекциясы» ММ-і.
(сеРАя зеРНОВАя сОВКА)
ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ