Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі488,8 Kb.
#9962
1   2   3

Дарынды балалардың писихологиялық ерекшеліктері 

Дарынды балаларға тән оза дамудың мынадай ерекшеліктері бар: 

- қабылдауының ауқымдылығымен ерекшеленетін балалар; 

- есте сақтауы жоғары деңгейдегі балалар; 

- тілі ерте дамыған, бай сөздік қорға ие балалар

- зейін қоюы жоғары деңгейдегі балалар; 



11 

 

Дарынды балалардың мінез-құлқында шыншылдық сезімдері жоғары, жақсы 



әзілқой  сезімдерге  ие,  сонымен  қатар  тез  өзгеретін,  шыдамсыз,үнемі  назарда 

болғанды  ұнататын  қасиеттерін  байқатады,  оларға  қорқыныш,  жоғары 

сезімталдық  тән.  Бала  тұлғасы  мен  дарындылығының  дамуына  ықпал  ететін 

табиғи факторлар мен мақсатқа бағытталған тәрбие және оқытудың ролі мен 

үлесін қаншама қарастырсақ та, отбасының маңызы, соның ішінде ата-ананың 

жоғары деңгейде көңіл бөлуі шешуші роль атқарады. 

        Осындай  балалардың  дарындылығын  дамыту  ата-аналардың  өзініңде  

жоғары танымдық қызығушылықтарын тудыруға ықпал етеді. 

Ата-аналардың бала тәрбиесінде әрқашанда тұрмыстық мәселелер аясынан 

тысқары, олардың қарым-қатынасы – ортақ ойындар, компьютердегі бірлескен 

жұмыстар, күрделі міндеттер мен мәселелерді талқылаулар түріндегі бірлескен 

танымдық әрекеттер болуы қажет.  

Жалпы жасы мен ақылының шапшаң қарқынмен дамуы байқалатын жалпы 

танымдық қызығушылығы негізінде ата-аналар мен балалар бірігуі тиіс. 

 Дарынды балалар даралап оқытуды қажет ететін балалар тобының ерекше 

бөлігін  құрайды.  Педагогикалық  үдерістің  субъектісі  бала  болып  табылатын 

ұжымдық оқытуды ұйымдастыру мектепке дейінгі дарынды балаларға арналған 

оқытудың  неғұрлым  тиімді  түрі    болып  табылады.  Қатал  түрде  емес,  еркін 

жүйеде  ұйымдастырылған  әрекеттер  әр  балаға  өз  бетімен  ізденуге  және 

бағытты дербес таңдауда жетістікке жетуге мүмкіндік береді. 

Шығармашылықты, 

кәсіби 


құзіреттілікті 

меңгерген 

педагогтың        

тәрбиелеу  мен  оқытудағы  ролі  ерекше.  Дарындылық    дегеніміз  –  «даралықты 

қажет  етеді»  және  әр  балаға  жеке  қарым-қатынас  жасайтын  дербес  тәсіл  табу 

екенін  есте  сақтау  маңызды.  Қазіргі  кезеңде  балалар  дарындылығы,  оларды 

анықтау  мүмкіндіктері  және  дарынды  балаларға  арналған  ерекше  білім  беру 

бағдарламаларын  құру  мәселелеріне  көптеген  психологтар  мен  педагогтар 

назар аударып отыр.  

Сондықтан,  дарындылықты  диагностикалау  және  дарынды  балалармен 

жұмыс  −  арнайы  жүргізілген  зерттеу  мәліметтеріне  сүйенеді.  Екіншіден, 

баланың неғұрлым қолайлы өмір сүру жағдайын айғақтайтын жақсы үйренген 

балалардан    дарынды  балаларды  ажырату  үнемі  мүмкін  бола  бермейді. 

Қабілеттері  бірдей,  бірақ  жоғары  әлеуметтік  –  экономикалық  мәртебедегі 

отбасы балаларының белгілі бір әрекеттердегі жетістіктері жағдайы жасалмаған 

балаларға  қарағанда  салыстырмалы  түрде  жоғары  болатыны  айтпаса  да 

түсінікті.  Нақты  баланың  дарындылығы  белгілі  бір  шамадағы  шартты 

сипаттама.  Баланың  ең  тамаша  қабілеттерінің  өзі  оның  болашақта  жететін 

табыстарының  тура  және  жеткілікті  көрсеткіштері  бола  алмайды.      Балалық 

шақта  айқындалған  дарындылық  белгілерінің  біртіндеп  дамуы  да  немесе 

шапшаң жоғалуы да мүмкін екендігін естен шығармау қажет. Осы мүмкіндікті 

дарынды балалармен практикалық жұмыс барысында ескерген дұрыс.  

Дарындылық – өзінің сипатына қарай сан қырлы құбылыс.Тәжірибе үшін – 

бұл мүмкіндіктер және сонымен қатар нақты бала дарындылығына тән 

неғұрлым жан-жақты көзқарастардың қажеттілігі болып табылады. 


12 

 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ 



 

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру жолдары: 

1.  Дарынды  балаларды  анықтау:  баланың  табыстары  мен  жетістіктеріне 

талдау.  Балалардың  әлеуеттік  мүмкіндіктерін  диагностикалау.  Бақылау, 

сараптамалық бағалау әдістерін қолдану. Психологиялық тестілер (ата-аналар 

мен  педагогтарға  арналған  А.  И.  Савенковтың  «Дарындылық  картасы» 

әдістері;    В.  Шебеко,  А.  Булахтың  ата-аналарға  арналған  сауалнамалары; 

Торренс және басқалардың креативтілік тестілері) қолдану. 

2.  Мектепке  дейінгі  жастағы  дарынды  балаларды  психологиялық-

педагогикалық қолдау: 

-  баланы дербес дамыту жоспарын құру; 

-    дарынды  балалардың  жан-жақты,  эмоциялық  және  әлеуметтік  дамуына  

көмектесетін  қолайлы заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру

-  мектепке  дейінгі  жастағы  дарынды  балалардың  шығармашылық 

бағыттарын: дербес шығармашылық тапсырмаларды іске асыруына көмек беру; 

-  зияткерлік ойындарға, конкурстарға қатысу; 

-  дарынды балаларды ынталандыру: әртүрлі конкурстарға қатысқаны үшін 

дипломдармен, грамоталармен марапаттау. 

3.  Дарынды  балалардың  ата-аналарымен  жұмыс:  дарынды  баламен,  ата-

анамен  және  тәрбиешімен  бірлескен  практикалық  әрекеттер.  Әңгімелер, 

тренингтер,  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  мамандарымен  жеке  кеңестер. 

Талантты  балалардың  ата-аналарына  қолдау  жасау  және  ынталандыру  (ата-

аналар  жиналыстарында  грамоталар  мен  алғыс  хаттар  тапсыру).  Ата-аналарға 

дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.  

4. Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша 

педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен 

жұмыс  мәселелері  бойынша  «Мектеп  жасына  дейінгі  дарынды  балалар: 

теориясы,  мәселелері  және  оларды  ертерек  анықтау»  тақырыбында  оқыту 

семинары,  «Дарындылық  бала  тұлғасының  даму  факторы  ретінде», 

«Кіріктірілген  оқыту  әдістерін  қолданудың  вариативтілігі»  тақырыптарында 

кеңестер.  Кітапхана  қорына  өз  білімін  көтеруге  қажетті  әдебиеттер  жинақтау 

және  іріктеу,  жаңадан  түскен  әдебиеттерге  жүйелі  шолу,  Ғаламтор 

мүмкіндіктерін  пайдалану.  Мектепке  дейінгі  балалық  шақ  кезеңінде  алғашқы 

бейімділіктері  айқындалғаннан  бастап    бала  қабілеттерінің  жарқырап 

гүлденуіне,  дарындылыққа  дейінгі  аралықта    дарынды  бала  тәрбиеленетін 

балабақшада  және  отбасында  қолайлы  жағдай  құрылып,  бірлескен  жұмыстар 

үйлесімінде мүмкін болады.  

Мектеп  жасына  дейінгі  шығармашыл  баланы  тәрбиелеу  үшін 

тәрбиешіге инновациялық тәсілдер қажет болады: 

-  стандарттан тыс , креативті жұмыс істеуге ынтасы; 

-  ізденіс белсенділігі, ізденімпаздық; 

-  мектеп  жасына  дейінгі  бала  психологиясы  мен  дарынды  балалар 

психологиясынан білімі. 


13 

 

Дарынды  балалармен  жұмысты  ұйымдастыру  бағдарламасы  бойынша 



тәрбиелеу үдерісі заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылады және 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  тәрбиелік,  дамытушылық  және  оқыту 

міндеттерінің бірлігі қамтамасыз етіледі.  

Дарынды  балалармен  жұмысты  ұйымдастыру  бойынша  Бағдарлама 

мазмұны:  «Таным»,  «Шығармашылық»  білім  беру  салаларына  негізделеді, 

балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты 

дамуына бағдарланған. Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды тәрбиелеу-

оқыту жұмыстарын ұйымдастыру үшін мынадай жағдайлар жасалады: 

 

 дарынды  балалармен  жұмыс  істейтін  арнайы  дайындалған  жоғары 



біліктілігі бар тәрбиешілер мен педагогтардың болуы; 

 



 бай заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның болуы

 



 балаға қамқор және мейірімді қарым-қатынастағы ахуал құру; 

 



 жұмыс жоспарының болуы.  

Біз өз жұмысымызда мына ұстанымдарды басшылыққа аламыз: 

 

 тәрбиешілердің,  педагогтардың  және  ата-аналардың  ынтымақтастық 



үдерісі жүзеге асырылатын, сабақтастық; 

 



 әр балаға жеке қарым-қатынас жасау

 



 таңдау мүмкіндігі; 

 



 кешенді қарым-қатынас; 

 



 баланың  жеке  және  ұжымдық  әрекеттерінің,  арнайы  ҰОІӘ  көлемі  мен 

жалпы дамыту ҰОІӘ көлемінің тиімді ара қатынасын сақтау; 

 

 балабақшаның  қосымша  білім  беру,  мәдениет  ұйымдарымен  өзара 



байланысы және ынтымақтастығы. 

Мектепке 

дейінгі 

ұйымдарда 

ұйымдастырылған 

секциялардың, 

студиялардың,  үйірмелердің  дарындылық  белгілері  бар  балалардың 

қабілеттерін ашатын және жүзеге асыратын мүмкіндіктері бар. 

Соңғы уақытта дарындылықты ерте айқындау және дамыту мәселелерінің 

өзектілігі мен маңыздылығы арта түсуде. 

Мектепке дейінгі балалық шақ дарындылықты дамытудың маңызды және 

қолайлы кезеңі болып табылады. 

Әдеттегі  балабақша  жағдайында  балалар  дарындылығын  дамыту  барлық 

педагогикалық  ұжымнан  осы  бағыттағы  педагогикалық  басқарудың  біртұтас 

жүйесін  әзірлеуді  және  енгізуді  талап  етеді.  Балабақшадағы  педагогикалық 

ұжымның  балалар  дарындылығын  дамыту  бойынша  әрекеттері  жүйелілік, 

тұлғаға-бағдарлану, тұлғалық-әрекет тәсілдеріне негізеліп құрылады. Мектепке 

дейінгі ұйымдар көлемінде балалар дарындылығын дамыту бойынша жұмыстар 

мазмұны мынадай блоктарды қамтиды: 

- педагогтармен жұмыс; 

- балалармен жұмыс; 

- балалардың ата-аналарымен жұмыс; 

- психологтармен жұмыс. 


14 

 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  -  оқыту  үдерісінде  



тәрбиелеудің  заманауи  технологиялары  мен  балалар  дарындылығын 

дамытудың ерекше әдістері қолданылады. 

  Дарынды  балалармен  әлеуметтік  -  психологиялық  тренингтер 

ұйымдастыру 

Жоғары қиындықтағы тапсырмаларды орындау: Бағдарламада орындау 

барысында  жиі  сәтсіздіктер  мен  таңданулар  туғызатын  қиындықтары  бар 

тапсырмалар    жиынтығы  қамтылған.  Жүргізуші  топқа  қажетті  көмекті  бере 

отырып, соңғы нәтижесінде тапсырманың толық орындалуына қол жеткізеді. 



Қатысудың  толық  еріктілігі:  Бала    әрбір  жаттығуға,  талқылауларға 

өзінің  қатысу дәрежесі туралы шешімді өзі қабылдайды. Бұл ішкі бақылауды 

дамытуға,  дербес  шешім  қабылдауға  және  ол  үшін  жауапкершілік  алуға 

мүмкіндік береді. 



Тренингтің  қауіпсіз  ортасы:  Жетекшілері  де  және  топ  та  тұтасымен 

тренингтің  әрбір  қатысушысына  үнемі  эмоциялық  қолдау  көрсетеді.  Жарыс 

сәттері  атымен  болмайды,  жалпы  ұстынымы:  «Жеңіске  бірге  жетеміз  немесе 

жеңілсек бірге жеңілеміз». 



Топта алған тәжірибенің күнделікті өмірмен байланысы: Бұл байланыс 

талқылаулармен,  пікірталастар  ұйымдастырумен,  қызықты  аңыз  әңгімелер 

енгізумен, жетекші ұсынатын қысқа әңгімелермен қамтамасыз етіледі. 

Топ  жетекшілерінің  айырықша  ұстанымы:  Жетекшілер  топты 

бағыттайды, бірақ оның қатысушыларына кедергі жасамайды. 



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің (ҰОІӘ) типтік құрылымы 

ҰОІӘ негізгі бөлігіндегі жұмыстарға одан әрі ынталандыратын және көңіл-

күйді  қуанышқа  бөлейтін,  қысқа  эмоциялық  ойын-тапсырмаларға  толы 

жаттығулармен басталады. Мысалы: 

«Шапшаң қимыл». Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады, қарама-қарсы 

тұрғандар  көзқарастарымен    кездеседі  және  бір-бірімен  орын  алмастыруға 

«келіседі». 

«Сәйкес  келу».  Қатысушылар  жұптарға  бөлінеді  және  бұйрық  бойынша 

қолының  саусақ  сандарын  ерікті  түрде  шошайтады.  Саусақ  сандары  сәйкес 

келген  қатысушы  жұп  қатты  қуанады:  қол  ұстасып,  секіреді  және  «Алақай!» 

деп айқай салады. Осылайша төртеуден, сегізден барлық топ біріккенше және 

бір сәтте саусақ саны бірдей болғанша қайталайды. 

«Өз орныңды тап». Барлық қатысушылардың көздері байланып, көп алыс 

емес әр тұсқа бытырайды. Бойымен бір қатарға сап түзеу ұсынылады. 

ҰОІӘ  негізгі  бөлігі  топың  біріккен  күш  жігері  мен  нәтижелерді    және 

қатысушылардың  жағдайын  талдауды  талап  ететін  ұзақтау  бірнеше 

тапсырмалардан 

тұрады. 


Топтық 

өзара 


әрекеттерді 

ұйымдастыру 

қиындықтарды  жеңуге  және  туындаған  даулы  жағдаяттарды  шешуге 

бағытталады.  Бұл  сенімді  қарым-қатынасты  бекіту,  мінез-құлықтың  неғұрлым  

тиімді  нұсқаларын  қалыптастыруға  және  өз  тілегінің  орындалуына  деген 

жауапкершілігі   негізінде болады.  Талқылау  кезінде  ішкі және  психологиялық 



15 

 

қиындықтарды  жеңу  тақырыбына  басымдық  беріледі.  Бірнеше  мысалдар 



келтіруге болады. 

«Байланыс».  Қатысушылар  «кеменің  апатынан»  кейін  шағын  «салда» 

сиысуы  қажет.  Салдың  кеңістігі  барлық  топ  мүшелерінің  еркін  тұруына 

мүмкіндік бермейді,  сондықтан тығыз байланыс және топтық шешім қажет.  

«Шырмауық».  Қатысушылар  басында  шеңбер  бойында  оң  қолымен 

өзімен  қатар  тұрмайтын  серіктесінің  оң  қолынан,  соңынан  сол  қолымен  − 

көрші  емес  басқа  серіктесінен  ұстайды.  Міндет  −  пайда  болған  шырмауықты 

қолын жіберместен шешу және шеңберге тұру.   



«Электр  сымы».  Еденнен  шамамен  бір  метр  қашықтықта  мықты  жіп 

керіледі. Барлық топ жіптің біржағына тұрады. Міндет −барлық қатысушылар 

жіптің  үсті  арқылы,  «электр  тогы  жүріп  тұрғандай»  денесіне  тигізбей  екінші 

жағына шығуы қажет. Егерде ең болмағанда бір қатысушы (кез келген сәтте − 

өтерде немесе өткен соң) жіпке тиіп кетсе, барлық топ бастапқы кезеңге келіп, 

қайтадан  басынан  бастайды.  Қатысушыларға  қауіпсіздік  және  сақтану 

ережелері  түсіндіріледі  (бір-бірінің  иығына  қалай  дұрыс  тұруға  болатындығы 

және  т.б.  көрсетіледі).  Жүргізуші  бұл  ережелердің  мұқият  орындалуын 

қадағалайды.  

ҰОІӘ қорытынды кезеңі тағыда топтың біртұтастығын сезінуге және тізе 

қосып  топтасуына  бағытталған,  тапсырмалар  мен  қысқа  эмоцияға  толы 

ойындарды қамтиды. Мысалы:  



«Алғыс». Қатысушылар кездейсоқ ретпен қозғалады, жұптасып кездеседі, 

бір-бірінің  көзіне  қарайды  және  қандай  да  бір  тілек,  ықылас  немесе  алғыс 

айтады. 

 «Құрт». Қатысушылар алдында тұрғандардың белінен ұстап және артында 

тұрғандардың  тізесіне  жеңіл  отырып,  бір-бірінің  артынан  тұрады.    Пайда 

болған «құрт» белгілі бір қашықтықты жүріп өтуі қажет. 

«Логикалар әлемі» зияткерлік үйірмесі мынадай міндеттерді шешеді: 

1.  Балаларды  заттар  туралы,  олардың  байланысы  және  қатынасы,  ол 

заттардың  қасиеттері  туралы  білімдерін  анықтауға  үйрету;  қоршаған  әлемнің 

әрекеттері  мен  құбылыстарының  арасындағы  себеп-салдар  қатынасын,  тірі 

табиғат  пен  өлі  табиғаттың,  адам  мен  табиғаттың  байланысын,  олардың  екі 

жақты  маңызын,  табиғаттағы  адамның  ролін  көре  білуге  үйретеді.  Шартты 

белгілерді тануды, дайын үлгілерді пайдалануды үйретеді. 

2.  В.  В.  Воскобовичтің  «Ойынның  ертегі  лабиринттері»  технологиясын 

қолдану  арқылы  шығармашылық  белсенділікті  және  ойлану  икемділігін 

дамытуға болады: 

 



 математикалық қабілеттер мен бейімділікті дамыту; 

 



 көру-моторлық үйлестіруді және ұсақ моторикасын дамыту; 

 



 тұлғалық қасиеттерді, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын 

дамыту; 


 

 мектепке даярлық. 



16 

 

Үйірмеге  даярлық  топтарындағы  математикаға  бейімділігі  бар  және  ақыл 



ой қабілеттері жоғары дамыған дарынды балалар қатысады. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  дарынды  балалармен  жұмыстарға 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  жасау  үдерісін  басқару  үлгісі  мектепке 

дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың  кезек  күттірмейтін  міндеттерін  шешуде, 

сондай-ақ,  педагогтардың  өзін-өзі  кәсіби  жетілдіру  бойынша  белсенді 

әрекеттерге ынталандыру тұрғысынан да тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, 

мектепке  дейінгі  ұйымдардың  ата-аналармен  жұмысында  оңтайлы  өзгерістер, 

педагогтардың өз жұмысының сапасына жауапкершілігінің артуы байқалады. 

 

 Дарынды балалармен жеке жұмыс бағдарламасының үлгісі 



Тақырып, 

негізгі 


бағдарлама, 

тарау 


Оқылған 

тақырыпқа 

сай 

сұрақтар, 



тапсырма-

лар 


 

Осы 


сұрақтар 

туралы 


әдебиет-

тер 


 

Бала өз 


бетімен 

меңгере 


алатын 

сұрақтар 

 

Қайдан табуға 



болатын қайнар 

көздері көрсетілген

болашақта оқылатын 

тақырыптар 

 

Әңгімелесу 



жоспарлары 

(ҰОІӘ) 


 

 

 



 

 

 



 

 

Дарынды балалардың жеке даму картасының үлгісі 

Баланың 

психология-

лық 

мінездемесі 



 

Әртүрлі 


деңгейдегі 

тапсырма-

ларды 

орындауы 



 

Баланың 


шығарма

шылық 


қабілетте

рін 


зерттеу 

картасы 


 

Ұйымдасты

рылған оқу 

іс-


әрекеттеріне 

қатысуы 

Педагогтар мен 

психологтарға 

ұсыныстар 

 

Дарынды 


балалардың 

ата-аналарына 

ұсыныстар 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрбір  бала  қолайлы  жағдайлар  болғанда  тиімді  дами  алатын  және  өз 

дамуында  үлкен  биіктерді  алуға  мүмкіндік  беретін  туғаннан  орасан  зор 

әлеуетке ие болатындығы дәлелденген. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Дарындылық  ғасырлар  бойы  әлеуметтік-педагогикалық  тәжірибеден  өз 

алдына  бөлек  дербес  қарастырылып  келді.  Білім  беру  жүйесінде  дарынды 

балалармен  жұмыстар  ұйымдастырудың  қажеттілігі  болмады.  Қазіргі  кезеңде 

дарынды балаларды ертерек анықтау мен дамытуға ерекше назар аударылуда. 

Зияткерлік  және  шығармашылық  дарындылық  дарындылықтың  негізгі 

түрлері ретінде қарастырыла бастады. Дарынды балаларға оза даму тән. 

 Мектеп  жасына  дейінгі  дарынды  балалар  мәселелерін  анықтау  олардың 

құрдастары,  ересектер  мен  ата-аналарымен  байланыс  жасау  арқылы  жүзеге 

асады.  Бағдарламада  бірқатар  ғалым-педагогтардың  зерттеулері  келтірілген. 

Дарынды  балалар  санынан  орташа  даму  деңгейіндегі  балалар  саны  басым 

болатындығын  зерттеулер  көрсетіп  отыр.  Яғни  дарынды  балалар  саны  өте  аз. 

Осыған  байланысты  мектеп  жасына  дейінгі  дарынды  балалалардың  дамуына 

көмек  жасау  және  қолдау  қажет.  Бұл  дарынды  балалармен  жұмыс 

бағдарламасын  мектепке  дейінгі  және  қосымша  білім  беру  ұйымдары 

педагогтарының жұмысына қолдануға болады. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

 

Бағдарламаның нормативтік-құқықтық базасы:  

1.  БҰҰ  бас  Ассамблеясы  1948  ж.10  желтоқсанда  қабылдаған  «Адам 

құқығы Декларациясының» негізгі ережелері;  

2.  БҰҰ  бас  Ассамблеясы  1989  ж.20  қарашада  қабылдаған  «Бала  құқығы 

Конвенциясының» негізгі ережелері; 

3. Қазақстан Республикасындағы «Бала құқығы туралы» Заңы 2002 ж. 

4.  ҚР  «Білім  туралы»  Заңы  (2007  ж.  және  24.10.2011ж.13.01.2015ж. 

өзгертулерімен және қосымшаларымен); 

5.  ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы, 7.12.2010; 

6.  «Балапан»  бағдарламасы  2010  -  2020жж.  28.05.2010ж.  (20.12.2013ж) 

№1377 


7.  Қазақстан  Республикасы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 ж. №1080 

8.  Е.С.Белова Одаренность малыша : раскрыть, понять, поддержать/  

М.: Академия, 1998.-251 б. 

9.    Д.Б.  Богоявленская  Рабочая  концепция  одаренности/Педагогика,1998.-

257б. 


10. 

Л.И.Божович  Избранные  психологические  труды.  Проблемы 

формирования личности, 1995.- 212 б. 

11.  Большая Советская энциклопедия / А.М.Прохорова-М.: 1974 - 634б. 

12.  Л.С.Выготский Воображение и творчество в детском возрасте/ СОЮЗ, 

1997.-96 с. 

13.  А.И.Доровской  Сто  советов  пот  развитию  одоренности  детей. 

Родителям, воспитателям, учителям/  1997. - 312 б. 

13.    Қазақстан  Республикасында  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

жалпы білім беретін Типтік бағдарламасы 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19 

 

ҚОСЫМШАЛАР 



 

Дарынды балалардың ата-аналарына бірнеше кеңес 

-  Балаға ойлануға және рефлексияға уақыт беріңіз. 

-  Заманауи  ақпараттардан  хабардар  болу  үшін  дарындылық  бойынша 

мамандармен  және  дарынды  балалардың  ата-аналарымен  жиі  хабарласып 

тұрыңыз. 

-  Барлық сала бойынша бала қабілеттерін дамытуға тырысыңыз. Мысалы, 

зияткер  дарынды  баланың  шығармашылығын,  икемділігін,  дене  және  көркем 

қабілеттерін дамытуға бағытталған шаралар өте пайдалы. 

-  Балаларды бір-бірімен салыстырудан аулақ болыңыз. 

-  Балаға    қателесуден  қорықпай  шешімін  табуға  мүмкіндік  беріңіз. 

Қателіктен  қорытынды  шығаруға  және  ең  алдымен  өзінің  тың  ойларын 

бағалауға көмектесіңіз. 

-  Жақсы  ұйымдастырылған  жұмыстарды  және  уақытты  ұтымды 

пайдалануды ынталандырыңыз. 

-  Бастамашылдықты  ынталандырыңыз.  Сіздің  балаңыз  өзінде  бар 

материалдардан өз ойыншықтарын , ойындарын, үлгілерін жасасын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет