Л-фараби атында ы аза лтты



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата15.03.2017
өлшемі9,01 Mb.
#9967
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

дайберген Т РСЫН,
                                          
әл-Фараби атында ы  аза  
лтты  университеті жур-
налистика факультетіні  
баспасөз және                
электронды БА  
кафедрасыны  ме герушісі,
филология  ылымдарыны  док-
торы, профессор  
АДАМЗАТ 
ҚҰНДЫЛЫҚ-
ТАРЫНЫҢ 
ЖАРШЫСЫ
В статье рассматриваются актуальные проблемы 
кафедры печати и электронных СМИ факультета 
журналистики. Предложены рекомендации по 
повышению действенности масс-медиа. 
The article deals with current problems of the 
Department of Print and Electronic Media    
School of Journalism. Recommendations to 
improve the effectiveness of mass media.
У
ақыт тым жүрдек қой. Сонау өткен 
ғасырдың отызыншы жылдарының 
орта  шенінде  шаңырақ  көтерген 
Қазақ  Коммунистік  Журналистика 
Институты  ұзақ  жылдар  бойына  республиканың 
журналист  кадрларын  даярлайтын  бірден 
бір  орталығы  болып  келді.  Осы  үрдіс  кешегі 
тоқсаныншы жылдардың басына дейін сақталып, 
осы  ордада  даярланған  журналистер  нағыз  май-
талман,  өз  ісінің  шын  шеберлері  атанды.  Жыл 
сайын  республика  аумағындағы  он  тоғыз  облы-
стан жиналған сайдың тасындай, от ауызды, орақ 
тілді болашақ журналистер бақ сынасып, “жүзден 
жүйрік,  мыңнан  тұлпарлар”  ғана  қастерлі  сту-
дент партасына отыратын. Олар, білім бұлағынан 
сусындап  қана  қоймай,  студент  шағынан  ақ  
бойларындағы  қабілет  қарымын  газет  пен  жур-
нал, радио мен теледидарда көпшілікке танытып 
жататын.  Ал,  қазанның  құлағындағы  “тұлпарды 
тай  кезінен  танитын”  редакторлар  ертеңгі  Тай-
бурылдар  мен  Толағайларды  балапан  шағынан 
баптап,    бойларындағы  “ащы  терін”  шығарып, 
додаға мəпелеп ғана қосатын. Сол Азаматтардың 
тай  шағындағы  шабысын  көріп,  газет  бетіндегі 
жаңға  жайлы,  жүрекке  жақын  материалдарын 

187
оқып,  ертеңгі  күннің  “маңдайлары  жарқыраған 
жұлдыздарын”  бірден  байқайтынсың.  Осынау 
алпыс  жылға  жуық  мерзім  С.М.Киров  атындағы 
(бүгінгі  əл  Фараби)  ҚазМУ  дің  журналистика 
факультетінің “алтын кезеңі” екен ғой.
Ал, осы бір “періштедей аңғал да адал, пəк те 
таза” қоғамдық ойдың болашақ көшбасшыларына  
бойларындағы білімі мен білігін берген ұстаздар 
қауымы  да  кезеңінің  корифейлері,  уақытының 
білімдарлары  болатын.  Заманының  алыптары 
атанған Санжар Аспендияров, Сəкен Сейфуллин, 
Мұхтар  Əуезов,  Құдайберген  Жұбанов,  Сəбит 
Мұқанов,  Сəрсен Аманжолов, Мəлік Ғабдуллин, 
Бейсенбай Кенжебаев, Мəулен Балақаев, Зейнол-
ла Қабдолов, Тұрсынбек Кəкішев,  Қайыржан Бек-
хожин,  Тауман  Амандосов,  Темірбек  Қожакеев, 
Совет  Масғұтов,  Сағынбек  Рамазанов,  Марат 
Барманқұлов,  Намазалы  Омашевтардың  дəрісін 
тыңдап,  лебізіне  қаныққан  студенттің  “білімсіз, 
біліксіз” болып шығулары  нағыз “надандықпен” 
тең  болатын.  Оған  себеп  бойларындағы  терең 
білімді    құз  шыңдардағы      жойқын  селдер-
ден  алған  білімдарлар,  шағын  тұмалар  мен 
жылғаларды ізінен қоса  ерте жүріп, алып арнаға 
айналатын.  Сол  жайсаңдар  мен  жақсыларды 
көріп  өскен,  солардың  шалқар  дариядай  білімі 
мен  білігіне  қаныққан  болашақ  “арландар 
мен  тарландар”  заманының  айтулы  тұлғалары 
дəрежесіне  дейін  көтерілді.  Жылдар  сілемінде 
ойлары бойларына теңелген, қаламдары қарымды  
түлектеріне  арнап  заманының  заңғары  ұлы 
Мұхаң:  “Жақсы  жазғандарыңыз  далаға  кетпейді, 
ешбір қасиет бағаланбай қалмайды, алтының та-
нылмай қалмайды”, дегенде де еткен еңбектің еш 
болмайтындығын  бағамдап,  ұлты  үшін  аянбау 
мен халқы үшін бұлқынуды меңзеді емес пе! Сол 
кезеңде  ақ  бойларындағы  шынайылыққа,  таңғы 
шықтай мөлдірлік қонақтаған осы Асыл ағаларды 
бүгінде  армандай  аңсайтынымыз,  сағына  аҺ 
ұратынымыз жасырын емес. 
Тəуелсіздік  төрімізге  еніп,  берік  орныққан 
шақта,  жаҺандану    кезеңіне  тап  болдық.  Бұл 
жойқындық  сенің  ұлттығыңды    жоғалтудың, 
өзгелердің саған байқатпай  сені өзіне сіңістірудің 
алғашқы қадамдары ғана. Міне, осы кезеңде алыс 
болашақты  бағамдап,  жан  жағыңды  қымтап, 
барың  мен  жоғыңды  түгендеп,  ертеңгі  жүрер 
жолыңды айқындау кезек күттірмес міндеттердің 
бірі.  Осыны    өзгелерден  ерте  ұғынған  əл  Фа-
раби  атындағы  Қазақ  ұлттық    университетінің 
басшылығы    бұрыңғы    ірілі  ұсақты    99  кафе-
драны  заман  сұранысына  сай  ірілендірілген, 
орталықтанған    53  кафедраға  топтастырды. 
Əрине,  ұзақ  уақыт  бойына  оқу  үдерісі  мен  ма-
ман  даярлауға  бейімделген  кафедралардың  за-
ман  талабына  сай  кластерлік  бағытқа  бағдар 
ұстануы да кезегінде өз қиындықтарын алға тар-
туда. Дегенмен, күні бүгін мұның уақытты оздыр-
мастан  ерте  қолға  алынғанының  дұрыстығына 
факультеттің оқытушы профессорлар құрамының 
да көзі жете бастағандай. Мысалы журналистика 
факультетінде  талай  жылдық  тарихы  бар  жур-
налистика  тарихы  кафедрасы  (кейін  бұқаралық 
коммуникация  тарихы  мен  теориясы  ),  мерзімді 
баспасөз  кафедрасы    (кейін  мерзімді  баспасөз 
жəне  Интернет  журналистика)  жəне  телерадио-
журналистика кафедраларының негізінде биылғы 
жылдың    тамызында  баспасөз  жəне  электронды 
БАҚ    кафедрасы  құрылды.  Университеттегі  ка-
федраларды    оқу  процесі  мен  маман  даярлауға 
сай  қайта құру  оның кадрлар даярлау кезеңіндегі 
бəсекеге  қабілеттілігін  бұрыңғыдан  де  артты-
ра  түсті.  Сондықтан  да  жаңаша  құрылымдық 
өзгерістерге сай кафедраға барлық өкілеттіліктер 
берілген. Болашақта кафедрамыздың материалдық 
жəне  ғылыми  лабораториялық  базасын  нығайту 
бағытындағы  жұмыстар  қазірден  бастап  қолға 
алынды.  Ең  бір  оңтайлысы  кафедра  меңгерушісі  
кесімді    жалақымен  (өз  келісіміне  сəйкес  жар-
ты  жүктемеде  сабақ  беру)  басқарушылық  əрі 
менеджерлік  жұмыспен  тікелей  айналыса-
ды.  Жəне  де  кафедра  меңгерушісіне  де  дəл 
осындай  талаппен  екі  бірдей  орынбасар  (оқу, 
əдістеме  жəне  тəрбие)  жəне  (ғылым,  иннова-
ция  жəне  халықаралық  қатынастар)  бекітілген. 
Демек  кафедраның  барлық  деңгейдегі  жұмысы 
меңгеруші  жəне  оның  екі  бірдей  көмекшісінің 
бақылауымен  жүзеге асырылады.       
Осы бағытта уақыт көшінде игілікті істердің 
бастауында  тұрған  айтулы  кафедраларды 
ірілендірудегі  мақсат  қандай  жəне  жаңадан  бой 
тіктеген кафедраның алға қойған міндеттері нен-
дей  болмақ  деген  заңды  сұрақтың  тууы  орын-
ды. Республика жəне алыс жақын БАҚ саласына 
ұзақ жылдар бойына əрбір кафедрада  даярланған 
мамандардың  білім  біліктері  төмен  болды  де-
сек,  бұл  “жауырды  жаба  тоқығандық”  болар 
еді.  Отандық  төл  журналистикамыздың  негізін 
қалаушылардың  бірі  Қайыржан  Бекхожин  баста-
уында  тұрған  журналистика  тарихы  кафедрасы 
(іргесі 1948 жылы қалаңған) осы саланың өткенін 
түгендеу, бүгінін мақсатқа жарату, алдағы жүрер 
жолын бағамдауда орасан істерді атқарды. Əсіресе, 
осы бағытта 1982 жылдан кафедраның  тұтқасын 
ұстаған  елімізге  танымал  тұлға  Сағымбай 
Қозыбаевтың басшылығымен өлшеусіз жұмыстар 
атқарылды.  Қ.Бекхожинның  “Қазақ  баспасөзінің 
даму  жолдары”,  “Қазақ  баспасөзі  тарихының 
очеркі”,  С.Қозыбаевтың    “Аудитория  –  весь  Ка-
захстан”, “Очерки истории журналистики Казах-

188
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
стана”,  “Справочник  журналиста  Казахстана”, 
“Журналистской энциклопедии Казахстана” жəне 
т.б.  оқулықтар  мен  оқу  құралдары,  баға  жетпес 
зерттеулері  мен  жарияланымдары  студенттердің 
танымын кеңейтіп, талғамынан шығып жатты.       
Ал, 
бастау 
бұлағында 
журналистика 
саласының  корифейлері  –  Қайыржан  Бекхожин, 
Тауман Амандосов, Темірбек Қожакеевтер тұрған 
мерзімді  баспасөз  кафедрасының  (іргесі  1958 
жылы қалаңған) еліміздің газет журнал саласының 
мыңдаған 
майталмандарын 
даярлағанын 
еске  алсақ,  осы  ұжымның  парасат  пайымы-
на  тəнті  боласың.  Қазақстанда  журналистика 
теориясы  бойынша  тұңғыш  профессор  атанған 
Т.Амандосовтың  “Совет  журналистикасының 
теориясы  мен  практикасы”,  “Публицистика  – 
дəуір  үні”,  “Қазақ  совет  баспасөзінің  жанрла-
ры”,  кезінде  факультеттің  “тамыршысы  Һəм  ты-
нысындай”  болған  Темірбек  Қожакееевтің  “Жас 
тілшілер серігі”, “Көк сеңгірлер”, “Қазақ сатира-
сы”  т.б.  еңбектері  күні  бүгінге  дейін  журналист 
мамандарының бағдаршамы іспеттес.
Өз  кезегінде  тележурналистика  кафедра-
сын  (іргесі  1970  жылы  қалаңған)  танымал  Марат 
Барманқұлов  жəне  радиожурналистика  кафедра-
сын  өз  саласының  білгірі  Намазалы  Омашевтар 
басқарған тұста, бұл сала электронды БАҚ саласына 
небір майталман, өз ісінің шынайы шеберлерін да-
ярлады.  Отандық  тележурналистиканың  іргетасын 
қалаған  Марат  Барманқұловтың  “Журналистика 
для  всех”,  “Жанры  печати,  радиовещания  и  теле-
видения”,  “Телевидение:  деньги  или  власть?”, 
республикалық  радио  саласының  “атасы”  атанған 
Намазалы Омашевтың “Қазақ радиожурналистика-
сы”, “Жол үстінде   журналист” т.б. зерттеу еңбектері  
күні бүгін де өздерінің аса құндылығы əрі өлшеусіз 
бағалылығымен де маңызды.
Бүгінде ҚазҰУ і заманның талабы мен уақыттың 
сұранысына  сай  ғылыми  зерттеу  бағытындағы  
университет  моделіне  бағыт  ұстануда.  Оған  се-
беп, алдымен болашақ  мамандардың  өз саласы-
нан жан жақты, білімдар  болуымен қатар белгілі 
бір саланың, мəселен “құқық”, “денсаулық”, “эко-
номика”, “саясат”,  “өнер” т.б. бағыттарда маман-
дануына баса көңіл бөлу. Демек, болашақ жақын 
жылдарда дипломдағы “журналист” жолдарының 
қатарына  “журналист экономист”,   “журналист 
саясаттанушы”  болып  жазылатын  күн  де  алыс 
емес. Ал журналистке мұның артар  салмағы мен 
жүктер  міндеттері  тым  ауқымды.  Бұл  бағыттағы 
жұмыстарды  жүзеге  асыру  үшін  факультет 
басшылығы      бұрыңғы  оқытушы  профессорлар 
құрамындағы  танымал диктор Сауық Жақанова, 
отандық  фотоөнерінің  бүгінгі  көшбасындағы 
Асылхан  Əбдірайым,  елімізге  белгілі  спорт  ком-
ментаторы Амангелді Сейітхановтардың қатарына, 
жаңа оқу жылында    “Заң” газетінің бас редакто-
ры  Бекжан  Əшірбаев,  құқық  саласының  майтал-
маны  Серік  Жұмабеков,  Қазақ  теледидарының 
танымал  тележүргізушісі  Гүлмария  Барман-
бекова,  журналистика  саласының  ардагерлері 
қатарындағы Нарбин Кенжеғұлова, Дəмегүл Бая-
лиева,  Клара  Қабылғазина,  Əмір  Молдабеков 
сынды  “шоғырлы” топ келіп қосылды. Ал кафе-
дра құрамындағы алты ғылым докторы мен про-
фессорлар  Сағымбай  Қозыбаев,  Кəкен  Қамзин, 
Есберген Алауханов,  Шəрбан Нұрғожина, Сəуле 
Барлыбаева  жəне  он  екі  ғылым  кандидаты  мен 
доценттер  қатарындағы өз саласының білгірлері 
Аманқос  Мектеп,  Орынгүл  Ошанова,  Жидегүл 
Əбдіжəділқызы,  Сəкен  Нұрбеков,  Светлана  Ве-
литченко,  Əйгерім  Əлжанова  жəне  өзгелердің 
білім білігі болашақтың  танымал “тəлімгерлерін” 
даярлауға жұмылдырылуда. 
Кафедра  басшылығы  келесі  оқу  жылында 
тəжірибесі тəлімімен тамырласқан, жазғандарына 
оқырманның  мейірі  қанатын,  сөйлегенде  “қара 
сөзден  сел  ағызатын”  бір  саланың      “академигі” 
атанған БАҚ саласындағы танымал журналистер 
мен  өзге  саланың  да  үздіктерін  оқытушылыққа  
шақыруды  жоспарлап  отыр.  Оған  себеп,  биылғы 
жылдың  өзінде  кафедраға  3  PhD  докторанты 
мен    магистратураға  18    магистрант  жаңадан 
қабылданды. Сонымен дəл бүгінгі күні кафедрада 
факультеттегі  650  студенттің    400  дейі  жəне    40 
қа жуық магистрант жəне  болашақ 5 PhD доктор-
анты білім алуда. Ал оларға 30 дан астам жоғары 
білікті оқытушылар білім беруде.
Жаңа  кафедраның  алдында  тұрған  басым 
бағыттардың бірі – ғылымның соны жетістіктерін 
отандық    БАҚ  жəне  БКҚ    (бұқаралық  коммуни-
кация құралдары) саласындағы нақты секторлар-
да жүзеге асыру. Осы салада кафедра жарғысына 
сəйкес  болашақта  университет  жанынан  “Масс 
медиа ғылыми зерттеу орталығын” ашу жоспарла-
нып, соған сəйкес бүгінде оқытушы профессорлар 
күшімен оның концепциясы даярлануда. Егер ка-
федра жанынан осы орталық ашылып, іске кіріссе 
республика аумағындағы  240 тан астам телекомпа-
ния мен 80 ге жуық радио жəне 4000 ға жуық басы-
лымдар мен жүздеген жарнама жəне продюсерлік  
орталықтардың  сан  саладағы  қордаланған  про-
блемаларын зерттеуге кең жол ашылар еді. Оған 
дəлел, күні бүгінге дейін  Байланыс жəне ақпарат 
министрлігі  не ҚР ТРК мен ірі телерадиокомпани-
яларда лабораториялар мен зерттеу орталықтары 
құрылмаған.  Ғасырдан  астам  қилы  қилы  тарихы 
бар баспасөз бен 90 жылдық тамаша тарихы бар 
радио  жəне  50  жылдан  астам  жүріп  өткен  жолы 
бар теледидар саласында проблема жоқ деп айта 

189
аламыз  ба!?  Əйтпесе,  Ресейдің  телеэкрандағы 
мағынасыз  мазмұнсыз  көшірмесіне  миллиондап 
табылған  қаржылар,  бүгін  жəне  болашақ  үшін 
бағыт бағдар болар салаларға табылмай ақ келеді. 
Өйткені,  отандық  БАҚ  саласында  күні  бүгінге 
дейін    “ғылым  мен  өндіріс”  бір  бірімен  байла-
ныссыз,  өз  беттерінше  өмір  сүруде.  Осыған  бас 
ауыртып, балтыр сыздатып жатқан басшылық не 
қосшылық тағы жоқ. Елбасымыз кез келген сала-
да    “өндіріс пен ғылымның” байланыста болуын 
нақтылап айтса да, біздегі БАҚ дың проблемалары 
мемлекеттік не Үкіметтік деңгейде əлі күнге дейін 
нақтылы қолға алынбай келе жатқаны ойлантады. 
Енді бұл бағыттағы əлденеше жылдар бойы-
на  қордаланған  проблемаларды  ҚР  Байланыс 
жəне  ақпарат  министрлігі  əл  Фараби  атындағы 
Қазақ  ұлттық  университетімен  бірлесе  отырып, 
қолға  алар  деген  үміттеміз.  Оған  себеп,  осы 
жақында ғана университетімізде өткен ағымдағы 
мəжілісте  география  жəне  табиғатты  пайдала-
ну    факультеті  география  ғылыми  зерттеу  ин-
ститутымен,  ал  биология  жəне  биотехнология 
факультеті  микробиология  жəне  вирусология, 
зоология,  жалпы  генетика  жəне    циталогия    ин-
ституттарымен  осы  салалардың  проблемала-
рын  бірлесе  зерттеу  бағытындағы  үш  жылдық 
бірлескен меморандумға қол қойды. Ал мұның екі 
жаққа да тиімділігінің  мол болатындығы даусыз. 
Оған себеп өз кезегінде университет жəне инсти-
тут  ғалымдары  өздерінің  ғылыми  потенциалда-
ры  мен  білім  біліктерін  біріктіре  отырып,  жаңа 
бір  биіктерге  негіз  қалайды.  Осының  негізінде 
белгілі  бір  салада  отандық  экономиканың  тың 
мүмкіндіктеріне  ірге  қаланып,  жаңа  бағыттарға 
жол салынады. Сондықтан да біз бүгінде Үкімет 
тарапынан  министрліктің  алдына  қойылып 
отырған “ақпараттық коммуникациялық жүйелер” 
жəне    “ақпараттық  технологиялар”    бағытында  
“жаңалық”,  “мультимедия”,  “əлеуметтік  желі” 
бағытында  бірлесе  жұмыс  істеп,  осы  саланың 
ілгері қадам басуында күш жігерімізді біріктіруге 
қол  жеткізер  едік.    Жəне  елімізде  “Электрон-
ды  үкіметтің”  қызметіне  сəйкес  Байланыс 
жəне  ақпарат  министрлігінің  əзірлеуімен    “ҚР 
ақпараттық  жəне  коммуникациялық  техноло-
гияларды дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға 
арналған    бағдарлама”  қабылданғаны  белгілі. 
Осы  бағытта    2015    жылға  дейінгі  кезеңде  ел 
аумағының түгелдей “сандық телевизияға” көшуі 
нақтыланған. Ал осы бағыттағы əлемдік үрдістен  
дүние  жүзінің  бірде  бір  елі  шет  қала  алмайды. 
Демек,  осы саладағы проблемалар да шаш етек-
тен.  Сондықтан  да  біздің  кафедрадағы  таны-
мал  ғалымдарымыз  профессорлар  С.Қозыбаев, 
К.Қамзин, 
С.Барлыбаева, 
Ш.Нұрғожина, 
Н.Кенжеғұлова, 
А.Мектеп, 
С.Нұрбеков, 
С.Велитченко  жəне  т.б.  зерттеу  еңбектері    мен 
ізденістері  осы  саланың  басым  бағыттарын  алға 
жылжытуға    көмек жасар еді.
Бүгінде университетімізде кластерлік негізде  
қайта  құрылған  журналистика  факультеті    де 
білімді,  толыққанды,  бəсекеге  қабілетті  маман-
дар  даярлауды    қолға  алды.  Факультеттегі  оқу 
бағдарламаларының  көпшілігі    əлемдік  дамудың 
бағытына    сəйкестендірілуде.  Ал  жаңа  оқу  жы-
лында  факультетімізде жаңа мамандықтар ашу да 
жоспарда бар. Бүгінде кафедраларда шет тілінде 
оқытылатын  топтар  құрылып,  оған  осы  саланың 
білікті  ғалымдары  тартылуда.  Басты  мақсат  – 
ертеңгі  түлектер  кез  келген  бəсекеге  қабілетті 
жəне өз саласында сұранысқа ие болуы. Міне, осы 
бағытта  факультетіміздегі  соны  сандық  техноло-
гиямен  жабдықталған  теле  жəне  радиостудияға 
жүктелген    міндеттер  ауқымды.  Себебі  біздің 
“баспасөз жəне электронды БАҚ” кафедрасының 
оқу  жоспарына  сəйкес  студенттерге  аудитория 
қабырғасында алған теориялық білімдеріне қоса, 
тəжірибелік  жəне  студенттердің  өзіндік  ізденіс 
жұмыстарын білікті ұстаздардың басшылығымен 
“тəжірибеде  сынау  алаңына”  зор  үміт  артып  от-
ырмыз.  Кафедра  студенттері  аптаның  өн  бойын-
да  күн  сайын  20  минут  өз  күштерімен  сан  сала-
дан  телесюжеттер  əзірлеп,  оны  эфирге  тұрақты 
беріп  отыруды  үрдіске  айналдырған.  Студенттер 
университет қабырғасында ақ  сюжет тақырыбын 
айқындап,  сценарийді  жазып,  нысанды  түсіріп, 
монтажға  бейнеинженермен  бірлікте  қатысып, 
кадрден  тыс  мəтінін  оқып,  музыкасын  таңдап, 
эфирде  өзі  жүргізуші  болады.  Демек,  бүгінгі 
студент  күні  ертең  сценарийст,  оператор,  режис-
сер,  бейнеинженер,  компьютерлік  графика  жəне 
тележүргізуші  секілді  қат  қабат  мамандық  иесі 
болып  шығады.  Келешекте  бұл  салаға  автокөлік 
жүргізушісі  мамандығын  қосу  да  жоспарда  бар. 
Оған  қосымша  университет  жанынан  жаңадан 
ашылған      кабельдік “əл Фараби” телеарнасы да 
өзінің алғашқы қадамын жасауда. Бұл да факуль-
тет студенттеріне болашақта үлкен мектеп болары 
даусыз.
Осы  ретте,  Байланыс  жəне  ақпарат 
министрлігі мен Білім жəне ғылым министрлігінің  
уақытты  оздырмай  мына  салаларға    бірінші  ке-
зекте  ерекше  көңіл  бөлгенін  қалар  едік.  Оған 
себеп  жақында  Астанаға  іссапар  барысында  фа-
культет  деканы  Есберген  Алауханов  мырзамен  
“Хабар”    агенттігінде  болып,  оның  техникалық 
жəне  шығармашылық  құрамының  əлеуетімен 
таныстық.  Кезінде  өзім  білім  берген  шəкіртім, 
бүгінде республика көрермендеріне жақсы таны-
мал, басқарма төрағасы Айдос Үкібай бізді ертіп 

190
Хабаршы.  Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы                2011  (30)2 
жүріп, соны сандық техникалармен жабдықталған 
студиялар мен монтаждау аппаратханаларын жəне 
шетелден  алынған  соны  үлгідегі    жылжымалы 
телестансалармен  таныстырды.  Кешегі    өрімдей 
жастардың  бүгінде  отандық  идеологияның 
қабырғалы  азаматтары  дəрежесіне  көтерілгенін 
көріп,  көңіл  марқайды.  Дегенмен,  “іс  тетігін 
білікті  кадр”  шешетіндігін  айтқан  төраға,    “Ха-
бар” арнасында ғана емес, жалпы алғанда респу-
бликамызда  осы  саланың  көптеген    бағыттағы 
білікті  мамандарының  жоқтығы  не  аздығын 
тілге  тиек  етті.  Оған  себеп  республикамыздағы 
бірде  бір  жоғары  не  орта  оқу  орындарында  
күні  бүгінге  дейін    компьютерлік  графика,  сту-
дияны  безендіру  (декорациялау),  жарық  қою, 
бағдарламаны  түзуші,  телесценарийст,  теледра-
матург,  тележүргізуші    мамандарын  арнайы  да-
ярлау  нақты  жолға  қойылмаған.  Көпшілігі  осы 
салаға жолдан қосылған “жолбикелер” немесе өз 
беттерінше  оқын  үйренген  əлде  Ресейде  арнайы 
курстан өткендер. Сондықтан осы салаға қатысты 
екі  министрліктің  жауапты  басшылары  алдағы 
жаңа  оқу  жылында  қажетті  мамандықтар  тізімін 
айқындап,  шұғыл  түрде  мамандар  даярлауды 
қолға алғандары орынды болар еді. Оған қосымша 
алдағы оқу жылында жастарды əр саладан кем де-
генде 5 10 нан Ресей жəне алыс шетелдерде оқыту 
мен курстардан өту жағының да нақты шешілгені 
қажет. Немесе студенттер мен оқытушыларды  Бо-
лон процесінің негізгі қағидаты бойынша “Эраз-
мус” бағдарламасымен жыл сайын бір семестр не-
месе бір курс осы бағыттағы мықты  мектептерге, 
зертханаларға жіберіп, білімдерін жетілдірулерін 
жолға қою да артық болмас еді.    
БАҚ  қай  кезеңде  де  елімізде  жəне  əлемде 
жинақталған заманауи құндылықтарының жаршы-
сы Һəм насихатшысы міндетін мүлтіксіз атқарып 
келеді. Ал университет басшылығы өз дамуының 
болашақ  бағытының  бірі  ретінде  еліміздің 
адамзаттық 
құндылықтарын 
қалыптастыру 
міндетін  алға  қойып  отыр.  Елімізге  алыс  жақын 
шетелдердің  жиіркенішті,  қатігез,  қоқысқа  толы 
дүниелері  тоқтаусыз  ағынмен  келіп  жатқан 
кезеңде, осыған тосқауыл болар, шынайы, адами 
құндылықтарды  дəріптейтін  бағдарламалар  мен 
мақалалардың  жарық  көруі  –  заңдылық  болып 
табылады.  Телеэкранда  не  басылым  беттерінде 
жан дүниесі шуаққа толы, жүзінен мейірім төгіліп 
тұратын, іс əрекеті бағалы кейіпкерлерді ел арасы-
нан іздеп тауып, оларды жас өркінге үлгі өнеге жа-
сау да көпшілікке жасалған қайырымды істердің 
бірі  болмақ.    Осы  бағытта  біздің  кафедраның 
оқытушылары  мен  ертеңгі  түлектеріне  жүктелер 
міндет, артылар салмақ та ауқымды. 
Республика  ғана  емес  Орта  Азия  жəне  алыс 
жақын шетелдерде өзі тектес университеттер ара-
сында көшбасында келе жатқан ҚазҰУ жақында  
Quasguarelli  Symonds  (QS,  Ұлыбритания) 
рейтингісі  бойынша  əлемнің  700  үздік 
университетінің арасында 401 450 нші орынға та-
бан тіреді. Демек, ендігі мақсат осы үрдісті нысана 
етіп, одан да жоғары сатыға көтерілу. Ал бұған əрбір 
оқытушы  профессорлардың  үздіксіз  ізденісі  мен 
тынымсыз еңбегі, қажыры мен қайраты жəне жан 
жақты білігі мен терең білімі дəрежесінде ғана қол 
жеткізуге  болады.  Сондықтан  да  университеттің 
оқытушылары  алдыңғы  толқынның  зерделі 
ізденістерін  жарасымды  жалғастыра  отырып, 
сол  биіктен  төмендемей,  ғасыр  сілемінде  ЖОО 
лар  арасындағы  көшбасшылық  туды  қолда  берік 
ұстауды басты нысан етіп отыр.     
Жиырма    бірінші  ғасыр  тарихымызға 
“ақпараттар  дəуірі”  ретінде  еніп  отыр.  Адамзат 
ақыл ойы күн санап қарыштап дамыған техниканың 
алып мүмкіндігіне ілесе алмауда. Осындай шақта 
жаҺанданудың  “алып  аждаҺасы”  байқатпастан 
екі бүйірден қаусыра қысуда. Ал осыған төтеп бе-
рер қауқар, қарсы тұрар күш бізде күні бүгін бар 
ма, біз соған даярмыз ба? Сұрақ көп, жауап жоқ. 
Ғалымдар  мен  зерттеушілер  осы  бағыттағы  күні 
бүгінге дейін қордаланған проблемалар турасында 
өз кезегінде айтудай ақ айтып, жазудай ақ жазып 
келеді. Алайда осыны ғылым саласындағы таны-
мал  зерттеушілер  мен  өндіріс  саласының  кəсіби 
мамандарының    күшін  бір  арнаға  біріктіре  оты-
рып қана, еңсеруге болатындығы – анық ақиқат. 
                  
    
1. М.Əуезов «Жиырма жылдық шығармалар жинағы. 20-том. Монография, мақалалар. А. 1985. 451 бет.
2. А. Жұмағалиев «Ақпарат кеңістігінің болашағы» Егемен Қазақстан. 2011 ж. 13 қаңтар.
3. С. Əлімбекова «ҚазҰҮ топ университеттер қатарында» Қазақ университеті. 2011. 13 қыркүйек.

191
К
азахская публицистика  с момента её 
зарождения и до наших дней играла 
и играет важную роль в формирова-
нии  и  развитии  казахского  этноса. 
У неё сложились свои богатые традиции, она на-
копила большой опыт участия в решении государ-
ственных и общественных дел, выработала  свой 
«почерк», стиль и метод отражения действитель-
ности. Велика её роль в развитии национального 
сознания, духовности, национальных традиций и 
обрядов. В разные периоды в публицистике рабо-
тала плеяда талантливых, преданных своему делу 
людей, которые выступали не только «фиксатора-
ми» событий и явлений в жизни казахского наро-
да, но и несли в массы новые идеи, воздействова-
ли на сознание нации, выступали защитниками её 
интересов. Благодаря им о казахском этносе стало 
известно далеко за пределами Великой степи.  Не 
только по их произведениям, но и по ним самим 
мир познавал казахский народ.
Национальная  публицистика  переживала 
взлёты  и  падения,  не  всегда  она  могла  говорить 
всю  правду.  Особенно  трудно  ей  приходилось 
в  условиях  колониализма,  в  период  коммуни-
стического  тоталитаризма.  Однако  было  бы  не-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет