Жания БДІБЕК,
Әл-Фараби атында ы аз У,
журналистика факультетіні
2 курс студенті.
«ҚЫЗЫЛ
ҚАЗАҚСТАН» –
«АҚИҚАТТЫҢ»
ТҮПҚАЙНАРЫ
50
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
ішінара большевиктік басылымдардың өзіне
ұлттың күйін күйттейтін мақалалар беріп отыр-
ды. Сондықтан, Кеңес дəуірінде жарық көрген
баспасөз құралдарына ұлттық таным тұрғысынан
баға беріп, аса түсіністікпен зерделеп, оң көзбен
қарауымыз тиіс.
Қазақ баспасөзінің дұрыс жолға қойылуы
компартияның 1921 жылғы қарарынан кейін
жəне коммунистік партия ұйымының Қазақстан
облыстық бірінші конференциясынан кейін
жүзеге аса бастады. Ташкентте «Ақ жол» газеті,
Орынбор қаласында «Еңбекшіл қазақ» газеті
мен «Қызыл Қазақстан» журналы жарық көрді.
1921жылы 15 қыркүйектен бастап РК(б)П-ның
Қазақ облыстық комитеті "Қызыл Қазақстан"
журналын айына екі рет шығара бастады. Ре-
дакторы болып белгілі қалам қайраткері Абдол-
ла Асылбеков сайланды. Нəзипа Құлжанованың
естеліктерінің бірінде: «Жайықтың жағасындағы
бұрынғы генерал-губернатордың үйі –Қазақстан
Халық Комисарлар Кеңесінің кеңсесі. Оның
жоғарғы қабатында «Еңбекшіл қазақ» газеті мен
«Қызыл Қазақстан» журналының редакциясы
орналасқан»,−делінген /2/. Бұл дерек журналдың
алғашқы редакциясының орны туралы ақпар
береді. 1921-1925 жылдары не бары 48 нөмірі
жарық көрді. Қағаз, қаржы тапшылығынан кейде
оның 3-4 нөмірі біріктіріп шығарылды.
«Қызыл Қазақстан» журналы жалпы
қоғамдық-саяси, шаруашылық жəне мəдениет
мəселелерін қамтитын басылым болды.
Журнал компартияның қаулы−қарарлары
мен шешімдерін, үкіметтің қабылданған
жоспарларының маңызын насихаттап, мақалалар
барлығы дерлік кеңестік идеология негізінде
жазылуы тиіс еді. Мəселенки, "Кеңес мектептері
туралы", «Ауыл шарушылық ұйымдары», «Ауыл
шаруасы əм кооперциясы», "Октябрь төңкерісі
һəм қазақ əйелі", "Қазақстанның шаруа кəсібі",
"Октярь һəм жастар", "Халық һəм əдебиет" жəне
т. б. Мұндай мақалалар арқылы кеңес өкіметін
өзінің жүргізіп отырған саясатының дұрыс
екендігіне қазақтың көзін жеткізуге тырысты.
Қазақ баспасөзі тарихының сара зерттеушісі
Хайыржан Бекхожин айтқандай, журнал «Кеңес
өкіметінің нағыз халықтық өкімет екенін,
оның жұмысшы-шаруа одағы жəне халықтар
ынтымақтығы негізінде құрылғанын, пролетари-
ат диктатурасын, пролетариялық интернациона-
лизм идеясын түсіндірді»./3/
Сондай-ақ, ғалым Бекхожин: «Журналда
шикіліктер де кездесіп жатты. Мəселен, 1925 ж.
26 қарашасындағы өлкелік комитеттің баспасөз
бөлімін құру шешіміне орай 1926 ж. 14 қаңтарынан
бастап бұл бөлім іске кірісіп, оның басшылығына
Т. Рысқұлов тағайындалды. Жаңадан құрылған
баспасөз бөлімі мерзімді басылымдардың орган-
дарын тексеру ісін Ғ. Тоғжановқа жүктеді. Қазақ
газет-журналдардың қызметі қатаң тексеріліп,
мазмұны жағынан партиялық ұстамдылығы
жоқ, саяси сенімсіз мақалалар мен фельетондар-
ды жариялаған басылымдар айқындалды. Мы-
салы, «Қызыл Қазақстан» уақытында дұрыс
шықпауы əлсіз басшылықтың əсерінен деп
көрсетілді. «Қызыл Қазақстан» журналының
жақсы жақтарымен қатар осал жақтары, тіпті
қателіктері де болды. Оның бетінде идеялық
жағынан ұстамсыз, мазмұны құнсыз материалдар
орын алып жүрді»,−дейді. /Сонда/
Біздің пайымдауымызша, ғалым атап
көрсеткен «идеялық жағынан ұстамсыз» немесе
«мазмұны құнсыз материалдар» өкіметтің ша-
мына тиетін, шымбайға бататын ащы шындық
болса керек. Сондай тақырыптардың бірі
-1921-1922 жылғы ашаршылық мəселесі бо-
луы мүмкін. Өкіметтің қолдан жасаған аштығы
салдарынан қазақ қойдай қырылды, шұбырып
шетке қарай босты. «Қызыл Қазақстанда»
ашаршылықтың зардаптары айқын жазылып, осы
қиыншылықтармен күресудегі жүргізіліп отырған
іс-шаралар нақтыланды, жер-су реформасын
жүргізу барысында өрескел қателіктер мен асыра
сілтеушіліктерге жол берілгендігі ашылды, əскери
коммунизмнің салдары халыққа ауыр тигені
айқындалды. Журналдың авторы əрі редакторы
Абдолла Асылбеков халықты жұтап бара жатқан
ашаршылық мəселелеріне аса көп көңіл бөлді.
«Сол күндердегі өзінің күйзеліс-күңіренісі шын
жылаған көзден тамған мөлдір жастай жыр болып
құйылды. Өлең атының өзі де «Аш жетімдерге
жəрдемге!» деп ұрандап жатты. «Кімнің шуы
сардалаңда, тыңдашы, кім жылаған көл боп ағып
көз жасы?» деп сұрау қояды да:
Ол жас жетім, жас балалар жетпеген.
Өмірлері жаңа гүлдеп беттеген.
Жүздеп, мыңдап күтіп отыр өлімін
Жас періште емшек табы кетпеген,−
деп жауап береді.
Тоқ ағайын, аш бауырды көріңдер!
Барың болса, аш балаға бөліңдер!−деп
жұртты аштарға жəрдем беруге , «өле жегенше,
бөле жеуге» шақырды. /2,120б /
Бір өкініштісі сол, журналда ұлт тəуелсіздігі
жолында бас көтерген Алашорда өкіметі сынға
ұшырады. «Сүйсінгеніңнен сүйенгенің мықты
болсын» дейтін кей авторлар істің ағынан
гөрі жамандаушының жатық сөзіне жығылып,
Алашордаға əділетсіз баға берді. 1922 ж. «Қызыл
51
Қазақстан» журналына М. Атаниязовтың «Алаш»
партиясының өткен жолын, жүргізген қызметін
талдаған «Алаш» партиясының тарихи сыны», С.
Меңдешев алашордашылардың Кеңес үкіметінің
билігіне кедергілер келтіріп отырғандығын
айтқан «Қазақстан Республикасының үш жыл
жасауы» атты жəне т.б. мақалалар жарияланды.
1923 ж. А. Кенжин «Алаш партиясы туралы та-
рихи мағлұмат» атты мақаласын жариялап, онда
«Алаш» партиясының бағдарламасына терең тал-
дау жасай келе, өзіндік баға беруге тырысқан бо-
латын.
«Қызыл Қазақстан» журналына əр жыл-
дарда Абдолла Асылбеков, Нығмет Нұрмақов,
Смағұл Сəдуақасов, Ораз Жандосов, Əбдірахман
Байділдин, Ерғали Алдоңғаров басшылық
етті. Солардың ішінде Абдолла Асылбеков−
журналдың алғашқы редакторы ретінде жур-
нал тарихынан ерекше орын алады. Əр нөмірінің
жариялануына, оның редакциялық құрамы,
жарияланған мақалалардың өзектілігіне баса на-
зар аударып отырды. «Ғ. А», «Ғ.», «Кедей баласы»
деп қол қойып, мақалаларын кейде бүркеншік
атпен жариялап отырған.
«Қызыл Қазақстан» «Айқаптан» кейінгі
қазақтың маңдайына біткен екінші журнал бо-
луымен құнды. Төл баспасөзіміздің қарлығашы-
«Айқап» іспетті «Қызыл Қазақстанда» қалың
бұқараның ой-санасының өсіп, кемелденуіне
қанатымен су септі. Өкіметті насихаттағанын
былай қоя тұрғанда, ол халықты жаһандық
мəдениетке үндеді; публицистері қазақ қоғамын
оқу-білімге шақырды. Сауатсыздықпен күресу
науқанында насихаттаушы бірден-бір ақпарат
құралы болып, қазақтың білімге деген ынта-
ықыласын күшейту ісіне белсене атсалы-
сты. Журналдың «Саясат», «Оқу-білім» атты
бөлімдері оқу-білім мəселесіне қатысты партия
ұйымдарының жүргізіп отырған іс-шаралары
жөнінде мақалалар жəне осы мəселеге қатысты
түрлі ұсыныстар жарияланып тұрды.
Журнал ұлттық əдебиетке, мəдениетке аса
назар аударып, көпшіліктің əдеби шығармалармен
таныс болуына ықпал етті. Басылым бетінде
1923-1924 жылдары Сəкен Сейфуллиннің «Тар
жол, тайғақ кешулерінен» үзінділер, «Айша»,
«Қыр балалары», «Қашқынның ауылы», «Сырын
білмей атыңа сенбе», «Біздің ұлан», «Ақсақ киік»
секілді көркем шығармалары да жарық көрді.
Əдебиет тақырыбында жазылған «Əдебиет һəм
оның бағыттары», «Əдебиет һəм оның ағымдары»
деген мақалалары басылды. Сəбит Мұқановтың
«Сынға сын» деген мақаласы жəне басқа ақын-
жазушылардың
шығармалары
жарияланды.
Халық журнал арқылы əдеби шығармалармен
сусындап, жаңа дүниелермен танысуға мол
мүмкіндік алды. Сонымен бірге, басылым бетінде
театр мен опера саласы туралы жəне енді-енді
қалыптасып келе жатқан сахна саңлақтары ту-
ралы мақтанышпен жазылды.
«Қызыл Қазақстанның» құндылығы сон-
да, журнал тарихи мақалаларға өте бай еді.
Қазақ тарихын жазу мəселесі ХХ ғ. 20 жж.
бірнеше рет мерзімді басылымдарда ашық түрде
көтеріліп, қазақ зиялылары халықтың ұмыт бо-
лып бара жатқан тарихын, келешек ұрпаққа
жазып қалдыруға шақырған еді. Осы уақытта
қазақ тарихшылары өз еңбектерін «Қызыл
Қазақстанға» (тағы да басқа басылымдарға) жа-
риялап, қазақтың шежіресін, оның түп-төркінін,
қазақ тарихындағы екіұшы мəселелерді зерт-
тей отырып, калың оқырманға бай дүние бере
білді. Қатаң саясатқа қарамастан халқымыздың
асыл құндылығы – шежірелер, оның жазба-
ша нұсқасы өз жалғасын тапты. Ұлтымыздың
баға жетпес қазынасын келешекке жазып
қалдыруға тырысты. Кейінгі тарихшыларға да
өте құнды дерек көзі болды. М. Дулатовтың
«Қызыл Қазақстан» журналына шыққан «Қазақ-
қырғыз тарихы туралы», «Қазақ-қырғыздың аты,
тегі туралы» атты мақалаларында қазақ пен
қырғыздардың ұқсас тайпалар болмағанменен,
екеуі екі бөлек этнос екендігін, тарихы мен
мəдениетінде, тілінде алшақтық көп екендігі атап
көрсетілді. Дулатовтың бұл мақалаларын публи-
цистика зерттеушісі Т.Қожекеев «өтініш-хатқа»
ұқсатады. Өйткені автор осы мақалаларында
қазақ пен қырғызды шатастырмауды өтініп, олай
деуіне себептерін айқындап жазды. Ерте за-
мандардан бері қазақтың сайын даласында
көшіп жүрген тайпалар мен көшпелі халықтан
құралған хандықтар туралы Ə. Əйтиев тарихи
деректемелермен байытылған шығарма берсе,
1923 жылы журналдың бірнеше нөміріне Телжан
Шонановтың «Қазақ жер мəселесінің тарихынан»
атты ғылыми зерттеуі жарияланды. Бұл зерттеу-
де қазақтың 1732 жылдан бастап Патшалы Ре-
сейге бодан болғандығын, қазақтардың орысқа
қосылуының себептерін атап көрсеткен. Бəлкім,
осы мақалалар «идеялық жағынан ұстамсыз»
жариялымдардың қатарында болған шығар.
1926 жылғы 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалыстың 10 жылдығына орай журналға
аталмыш көтеріліске байланысты қыруар мақала
бастырылды. Қазақ зиялылары Ə. Бөкейханов, М.
Дулатов, Т. Рысқұлов, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин,
С. Мендешев жəне тағы басқалар баспасөз арқылы
1916 ж. көтерілістің шығу себептері мен өрбу ба-
52
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
рысын ашып көрсетуге шақырды жəне өздері де
бұл қозғалысқа кеңестік көзқараста баға беруге
тырысты. Көтерілістің революциялық сипатына
аса мəн беріліп, көсемдері мен қатысушылары
туралы очерктер мен өлең-қиссалар жарилан-
ды. Сондай-ақ, журналдың Сəбит Мұқанов,
Ғ.Тоғжанов, Ə.Байділдин, əйел мəселесіне
көп көңіл бөлген Нəзипа Құлжанова секілді
журналдың қаламы ұтқыр авторлары болған.
Журнал осы секілді мақалалар беріп, оқу-
ағарту мəселелерін қамтыды. Уақыт ағымында
өзгеретін əлеуметтік-саяси жағдайларға орай
бейімделіп, жаңа міндеттерге үн қосып отыр-
ды. Əр жылдарда атауы «Ауыл комунисі»(1932
ж. қыркүйек), «Коммунист» (1938 ж. мамыр),
«Қазақстан большевигі» (1945 ж), «Қазақстан
коммунисі» (1952 ж. қараша) болып өзгерді. Ел
тəуелсіздігі орнаған соң, 1991 жылдан бастап
«Ақиқат» деген атпен шығып келеді. «Ақиқат»
ұлттық-қоғамдық журнал. «Қызыл Қазақстан»
журналының ізбасары. /6/
«Ақиқат» журналына биыл 90 жыл то-
лып отыр. Яғни «Ақиқат» бастау көзі- «Қызыл
Қазақстанның» құрылғанына торқалы тоқсан
жыл. Осы жылдар ішінде журналдың халықтың
қоғамдық өмірімен тіні үзілмей келеді. Ба-
сылымда публицистеріміздің тайға таңбас
басқандай етіп жазып қалдырған дүниесі бар.
«Бүгінгі жаңалық− ертеңгі тарих» дегендей, өз
кезіндегі жаңалықтарды моншақтай тізе беріп,
бір ғасырдың шежіресін жасаған журналдың
төл публицисткамызда орны ерекше.
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Жұртбаев Т. Талқы.–Алматы: Қазақстан,1997. 4б
2. Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. – Алматы: Санат, 1995. –168 б
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958). – Алматы, 1981. – 108 б.
4. Қожекеев Т. Көк сеңгірлер. –Алматы: Қазақ университеті 1992ж., 9б
5. 30 ХХ ғ. 20-30 жж. мерзімді баспасөздің деректік маңызы («Еңбекші қазақ», «Ақ жол» газеттері мен «Қызыл
Қазақстан» журналы мысалында) // Қазақ еңбек жəне əлеуметтік қатынастар академиясының жаршысы. – 2007. – №1
(14).
6. Нсанбаев Ə. Қазақстан ұлттық энциклопедия.−Алматы: Қазақ энцияклопедиясы 1998ж, 182б
53
ЭЛЕКТРОНДЫ
АҚПАРАТ
ҚҰРАЛДАРЫ
54
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
Клара абыл азина,
Филология ылымдарыны
кандидаты, доцент
ЭЛЕКТРОНДЫ
БАҚ-ТЫҢ ҚОҒАМ
ДАМУЫНДАҒЫ
МАҢЫЗЫ
В статье анализируется роль электронных СМИ
в развитии общества.
In article the role electronic mass-media in society
development is analyzed.
Б
үгінгі қоғамды ақпараттық құрал-
дарсыз елестету қиын, өйткені
олар халықпен, бүкіл қоғамдық
өмірмен бірте қайнасып кеткен.
Дүние жүзінде болып жатқан оқиғалар тек осы əр
тілдегі, əр бағыттағы ақпарат құралдары өкілдері
арқылы таралып жатады. “Журналистика – халық
– қоғам” деп аталатын үштік бірінсіз бірі қызмет
етуі мүмкін емес.
Кез келген ақпарат таратушы ұйымдар
өзіндік идеологияға қызмет етеді. Мысалы,
республикалық “Егемен Қазақстан”, “Халық
жəне Президент” газеттері, “Қазақстан”, “Ха-
бар” телеарналары, Қазақ радиосы сияқты
ұжымдар мемлекеттік мүддені насихаттайтын
болса, “Сол-дат”, “Тас жарған”, “Свобода слова”
сияқты тағы басқа бұқаралық ақпарат құралдары
оппозициялық бағытта жұмыс атқарса, ал “Алда-
спан”, “Ислам əлемі” тəрізді ақпарат өкілдері діни
бағыт ұстайды.
Əрине, қай қоғамда болмасын БАҚ өкіл деріне
кімді, нені жақтаймын, қандай мəсе лені көтеремін
десе де еріктері, өйткені, демокра тиялық
бағыттағы үкіметтің ұстанған саясаты осын-
дай. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан
55
қоғамы жаһандану мен ұлттық мемлекетті жаңа
тұрғыда нығайту процесін бастан өткізуде. Капи-
тал, өндіріс, шикізат, интеллект қозғалысы бір не-
месе бірнеше елдер ынтымақтастығы шеңберінен
сыртқа
шығып,
глобальды
қауымдастық
шеңберінде
қадамдар
жасау
жағдайын
республикаға барынша жақындатады. Мақсат –
оның сыртында қалып қоймай, керісінше, тепе-
теңдік құқында ол процестің ішіне ену. Бұл елді
дамытуға жаңаша көзқарасты талап етеді. Соған
байланысты Қазақстан қоғамы тек экономиканы
сандық, көлемдік жағынан ғана көтеріп қоймай,
ендігі жерде оны ғылымның, техниканың, техноло-
гиялардың, коммуникативтілік жүйелерінің озық
жетістіктерімен үйлестіре отырып көрсетуге
бағыт ұстайды. Осындай жауапты қадамдар
мен міндеттер тек етек жеңі жинақы, ұйымшыл,
білімді, жоғары мəдениетті, интеллектуалды əрі
адамгершілікті елмен, оның осыған сай азамат-
тары арқасында, олардың тиімді еңбегі арқылы
ғана мүмкін болмақ. Батыс елдер тарихы мен
əлеуметтік тəжірибесі жоғары рухани мəдениетсіз,
терең тамыр жайған адамгершіліксіз ешқандай
озық техника мен технология жекелеген елдерді,
олардың азаматтарын да бақытты ете алмайты-
ны дəлелденді. Жоғары дамыған материалдық
байлық қоғамдық ортада жоғары дамыған рухани
кеңістікке жол ашады. Яғни, еліміздің табысты
тіршілігі мен тəуелсіз, əрі бəсекеге төтеп беретін
мемлекет болу кепілдігі –біздің адамдарымыз. Біз,
қазақстандықтар, сан жағынан шағын елміз. Алай-
да, басты мəселе тек халық санында ғана емес,
алдымен, сапада, жоғары рухани мəдениеттілік,
интеллект пен патриоттық үйлесімінде. Қазіргі
тарихи уақыт пен глобальды қауымдастыққа тепе-
теңдік принципі негізінде тіршілік ету жаңа типті
адам тəрбиелеуді алға қойды. Ол - білімді, тəрбиелі,
коммуникативтік қабілеті жоғары, биологиялық
жəне психологиялық дені сау, əлеуметтік бағдары
мен рухани мəдениеті қалыптасқан адам”, – де-
ген болатын. Яғни, елдің айнасы – бұқаралық
ақпарат құралы, сол арқылы мемлекет мүддесі
айқындалып отыруы тиіс.
Қазіргі кездегі əр түрлі партиялық, эконо-
микалық үрдістер, дүниежүзілік қарым-қатынас-
тың күшеюі, соғыс əрекеттері тəрізді жайлар
информациялық тасқынды күшейтіп отыр.
Оқырман ба, тыңдарман ба, көрермен бе нені
оқып, нені тыңдап, нені көрер мəселесіне халық
аса талаппен қарайды. Осы тұрғыдан келгенде кез
келген журналист өз өнімінің өтімді болуы үшін,
өз рейтингі жоғары болуы үшін күреседі.
Қазақ телевизиясы жəне радиосы - қазақ
журналистикасының, өнерінің, мəдениетінің
көрнекті қайраткерлерін, қаламгерлерді, зиялы
қауымды қалыптастыруда үлкен рөл атқаруда.
Радиода жинақталған мол тəжірибе, қалыптасқан
дəстүр, журналистік ізденіс пен шеберлік кейіннен
Қазақ теледидарының да жедел дамып, өркендеуіне
жол ашты. Өзінің жартығасырлық мерекесін үлкен
табыстармен қарсы алған Қазақ телевизиясы даму
жолдарынан өтіп, халық көңілінен шығуда. Үнемі
ізденіс үстінде жүретін жас журналистерден
құралған ұжым əлі де талай асуларды алары анық.
Телерадиожурналистер эфирде еркін сөйлейтін,
ойын еркін жеткізетін дəрежеге жетті. Əлемдік
жəне деңгейлес мемлекеттер тəжірибелерінен
үлгі ала отырып, қазақтың тележурналистика-
сы қадамын қарыштай түсуде. Оған мысал бола-
тын - көптеген жаңа бағдарламалар легі əрі жас
журналистер тобы жəне олардың ізденіске толы
еңбектері екендігін батыл айта аламыз.
Радио жəне телевизия – қазіргі заманғы
қуатты бұқаралық ақпарат құралдары, тұрмыста
кеңінен қолданылатын, адамдардың өмір сүруіне,
ақпарат алуына жəрдемдесетін қалыптасқан
жүйе. Егер радио – ақпаратты шұғыл таратып,
жедел құлақтандырса, телевизия – оқиғаны, бол-
мысты көрсетеді; газет-журнал – деректі, оқиғаны
талдап, түсіндіреді; интернет — ақпаратты сан
қырынан көрсетеді.
Жақсы əн мен əуенді танытуда радионың,
телевизияның алдына ешбір ақпарат құралы
шыға алмайды.Əрине, барлық БАҚ-тардың негізгі
атқаратын міндеті – ақпарат тарату болса, элек-
тронды бұқаралық ақпарат құралдарының басты
ерекшелігі сол дыбыстылығында, əуезділігінде
жатыр.
Ал, бүгінгі егемендік, тəуелсіздік жағдайын-
дағы радионың мүмкіндігі шексіз артып, бет-
бейнесі өзгеріп, бұл ортада да бəсекелестік
күшейді, таңдау мүмкіндігі пайда болды. Əр түрлі
бағыт-бағдардағы, стиль мен мəнердегі, пішіндік
құрылымы өзгерген радиостанциялар көбейді. Ра-
диоарна өз қаржысын өзі тауып, дамитын жағдайға
жетті, шығармашылық шексіз мүмкіндіктер
ашылды. Бүгінгі радио адамның биологиялық,
физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан
дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін
бұқаралық ақпарат құралдарының бірі бола алуда.
Радионың көптеген табиғи қасиеттерінің, əсіресе
жеделдігінің арқасында ақпарат жеткізуде көш
бойы озық тұр. Радио тыңдарман үшін əмбебап
ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан ба-
стап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлар,
экономикалық жаңалықтар, спорт əлеміндегі
қызықты деректердің барлығы əуе толқынында
тарап жатады. Бəсекелестік жағдайындағы ра-
56
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
диостанциялар саны жылдан жылға көбеюде,
сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар та-
рату бағыт-бағдары да өзгеріп, өз тыңдармандарын
табу жолында солардың сұранысына орай маман-
данып, белгілі бір аудиторияға бейімделе бастады.
Яғни, жастар, ересектер, балалар хабарларына
қоса саясаткерлерге, экономистерге, заңгерлерге
т.б. қоғамға қажетті, сұраныстағы мəселелерге ар-
налып та бүкіл қоғамдық өмірді қамтитын хабар-
лар, бағдарламалар қатары өсті. Бір радио жедел
ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі
əуендерді қайта жаңғырту арқылы тыңдарманын
тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты
ғана қолдайды, тағы бірі жасөспірімдер үшін
хабар таратады, соған орай сөйлеу стилі мен
əдісін де сақтайды. Осыған байланысты əр түрлі
радио форматтары көбейді, радионың аудито-
риясы да түрлене түсті. Осыған орай электрон-
ды журналистиканың аудиториясы да барынша
өзгерді. Тыңдармандар мен көрермендер талғамы
арта түсуде, соған орай пішіндік, мазмұндық,
аудиториялық қамту жағынан да өзгерістерге толы
бағдарламалар легі күн санап өсе түсуде. Əрине,
көретін, тыңдайтын бағдарламалар, хабарлар,
баспасөз өнімдері көбейген сайын бəсекелестік ар-
тады, бəсекелестік болған жерде сапа жақсарады.
Оны өмір өзі көрсетіп отыр.
Қоғамдық дамудың демократиялық жолын
таңдаған егемен Қазақстан жағдайында радио жəне
телестанциялар сөз бостандығын алды, цензура
жойылды (кеңес үкіметі тұсында əр редакцияның
жанында арнайы цензуралық бақылау бөлімдері
жұмыс істейтін), жекеменшіктік қатынас орнықты,
бəсекелестік күшейді, ақпараттық саясат көбіне
тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді
радионың, телевизияның ақпараттық, демалыстық
міндеттері алдыңғы қатарға шығып, ағартушылық
қыры бəсеңдеді. БАҚ-тың ағартушылық қырын
күн тəртібінен шығарып тастауға болмайды, əрине,
заман талабына орай, батыстық өркениет əсеріне
байланысты солай бағытталып жатқан радиолар,
телеарналар саны артуда. Ал, ағартушылық үрдісін
дамытып отырған тек Қазақ радиосы жəне Қазақ
телевизиясы екенін мақтанышпен айтуға болады.
Радио қызметінде қоғамдық пікірді сарап-
тап, жүйелеп отыратын социологияның рөлі ар-
тып отыр. Радионың бүгінде табысты дамуы
хабарларының рейтингіне тікелей қатысты, соған
қарай жарнама құны белгіленеді. Көптеген ха-
барларда аудиториямен тікелей байланыс орнату
арқылы тыңдармандардың талап-тілегі, сұранысы
ескеріледі.
Радионың маңызды міндеттерінің бірі – ол
адам мен адам арасында қарым-қатынас ор-
натуы, қарапайым əңгімелесу, сол арқылы
тыңдарман жүрегіне жол табу.. Радио бұл
бағытта да өсу үстінде, соңғы жылдары авторлық
бағдарламалардың қатары көбейді, тіпті журнали-
стер бір арнаның келбетін, имиджін айқындайтын
жағдайлар да кездеседі. Радио осындай тұлғалар
арқылы тыңдарманына жақындай түсті. Яғни, ав-
тор мен тыңдарман арасында эфир арқылы жылы
қарым-қатынастың орнауының өзі қажеттіліктен
туындап отыр.
Соңғы уақытта қазақ телерадиоарналарында
тың серпіліс, жаңа бағдарламалар легі байқалуда.
Электронды журналистика заман ағымының
күретамырын дөп басуға деген талпынысы,
уақыт үрдісімен үйлесімділікке бағдар ұстауы
заман талабы. Əр заманның өз өлшемі бар. Мы-
салы, осыдан он шақты жылдар бұрынғы мен
бүгінгі электронды БАҚ-ты салыстыруға болмай-
ды. Қазір асқан жеделдік, қысқа əрі нұсқа айту,
дəлдік, ықшамдылық бірінші кезекке шықты.
Соған байланысты радиожурналист, тележурна-
лист тыңдарман қауымнан бір саты жоғары тұруы,
хабарды көпшілікке ой тастау тəсілімен немесе
көңілді көтеретін жеңіл əңгімемен бір дегеннен
аудиторияғы əсер ете бастауы, жалпы алғанда
əрбір тыңдарманның, көрерменнің санасында із
қалдыруы сияқты үрдістер байқалады.
“Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың
алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашыл-
ды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білімі
мен білігіне байланысты. Менің пайымдауымша,
күллі əлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға
негізделген жаңа заманға бастайтын жаһандану
БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті.
Сондықтан олар өздерінің əрбір сөзі үшін
моральдық жауапкершілікті терең сезінуі керек.
Баспасөздің еркіндігі мен оның қоғам алдындағы
моральдық жауапкершілігі арасындағы тепе-
теңдікті таба білу – бүгінгі форумның күн
тəртібіндегі ең басты мəселелердің бірі болады
деп есептеймін. Сөз бостандығы шексіз емес. Ол
табындыратын ғана емес, талқандайтын да қуатты
күш. Ол саясатты қана жасап қоймайды, сонымен
бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір
мен қалың бұқараның санасын да сомдайды.
Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік
ар-ұждан жауапкершілігі деп те танығандарыңыз
жөн. Тəулсіз БАҚ дегеніміз – аса қымбат
құндылық. Сондықтан ол ешқашан “ақпараттық
соғыстардың” “сойылына” айналмауға тиіс.
Журналист қандай мəселені қаузаса да пара-
сат шеңберінен шықпауы керек. Бұқаралық
ақпарат құралдары қоғамдағы, экономикадағы
жəне іскер топтардағы күштердің ара салмағын
57
да айқындайтын құрал. Газеттер жеке тұлғалар
мен корпорациялардың иелігінде болса да, сөз
бостандығы тек халықтың құзырында екенін еш
уақытта естен шығармаған жөн», – деген болатын
ҚР Президенті Н.Назарбаев дəстүрлі халықаралық
журналистер форумында сөйлеген сөзінде. Яғни
сол мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдары
ақпарат таратуда ортақ игілікті, ортақ бейбітшілік,
ортақ міндеттерді бірге отырып шешулерін
міндеттейді.
Бұл тұрғысында, ұлттық арна Қазақ радио-
сының жəне телевизиясының атқарып отырған
жұмыстары бірталай ауызға аларлықтай. Мемле-
кеттік іс-шараларды орындауға жоспарлы
түрде ат салысуда. Саясат жəне ұлттық сана,
экономи калық жəне əлеуметтік өмір, тəуелсіздік
бағытында жұмыс істей отырып, тəуелсіз
респуб ликаның дүниежүзілік қоғамдастық пен
нарықтық қарым-қатынастағы жетістіктерін
көрсету, халықтың мұң-мұқтажын үкімет тара-
пына жеткізу, елді əлеуметтік қорғау сияқты т.б.
көптеген мəселелерде өзіндік таңба қалдыруы
өзекті болып отыр. Мысалы, мемлекеттік ұзақ
мерзімді “Мəдени мұра” бағдарламасына қатыс-
ты бағдарламалар соның нақты көрінісі. Əрине,
қоғамның өзгеруімен бірге БАҚ-тағы айдарлар,
пішіндер, ақпараттар мазмұны өзгеріп отырады.
Дегенмен, өміршең материалдар қоғамның қай
кезінде де өз орындарын таба алады.
Тыңдарманға мағлұмат беру, жаңалықты
жеткізу, мəлімет тарату мəселелері электронды
журналистикада өзіндік сүрлеуін тапқан. Сен-
сация тудыру шеберлігін де отандық журна-
листер үйрену үстінде. Тиянақты ой, шешімді
түйін, ұсыныс пікір қалыптастыру дəрежесі де
жоғары деңгейде қалыптасуда. Алайда, көптеген
журналистерде мəселені көтеру, аудиторияға
жеткізу бар да оны шешу жолдарын көрсету,
бағытын ұсыну жағы кемшін тартуда.Қоғамдағы
шешімін таппай жатқан жайларды көру, айту
керек. Ал оның шешілу жолын тиісті орындар-
мен келісе отырып көрсетуге тырысқан хабарлар
рейтингісі асқақтайтыны ақиқат. Түйіні табыл-
май жатқан мəселелерді құр айта беру халықты
тығырыққа тірейтін факторлардың бірі болып
табылады. Сондықтан да отандық журналистер
нақты, жүйелі, бағыты айқын ұсыныстар ,идея-
лар бере отырып, қоғамдық мəселелерді шешуге
атсалысқандары орынды. Өйткені, өз өмір сүріп
отырған қоғамымыздың гүлденуіне, дамуына
тікелей əсер етуші факторлардың негізгісі осы –
электронды БАҚ.
1. Н.Назарбаев. «Сындарлы он жыл».
2. Н.Назарбаевтың үшінші медиафорумда сөйлеген сөзі.
3. Н.Назарбаевтың төртінші медиафорумда сөйлеген сөзі
.
4. Радиожурналистика. Учебник. 2-е издание Под ред. А.А. Шереля. М., 2002
5. Гаймакова Б.Д., Макарова С.К., Новикова В.И., Оссовская М.П. Мастерство эфирного выступления. М.: Аспект
Пресс, 2004.
6. Ложникова О.П. Коммерческие радиостанции Алматы: история и современность: Учебное пособие. -Алматы: Қазақ
университеті, 2003
58
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
Достарыңызбен бөлісу: |