Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,06 Mb.
#9982
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

347

атойламайды. Автор оқиғаны ширықтыра түседі. Бүкіл ел 

демін  ішіне  тартып,  Тұрысбек,  Есімбектер  қыпылықтап 

қалады.  Сосын  Сараны  қуаттандыру  үшін  қажы  бата 

береді.  Осының  бəрі  көркем  шығармаға  тəн  оқиғалар, 

ситуациялар  емес  пе?!  «Кел,  Сара  амандасайық»  деген 

Біржанға Сара «Қисасұл əнбиені» алға тартып, оңтайлы 

жауаппен  қарсыласын  омақастырғанынан  оқиғаның 

дамып,  нағыз  ситуациялық  шиеленістерге  ұласқанын 

байқау  қиын  емес.  Осындай  композициялық  сатыларда 

автор өз баяндауымен оқиғаны ары қарай өрбіте жалғап 

отырады:


Көтерді домбырасын көкке сермеп,

Салады түрлендіріп əнмен өрнек.

Бұл сөзге ызаланып алғаннан соң

Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп.

Оқиға  қимылы  күшейіп,  тартыс  тақымы  тарыла  түс-

кендей. Бірі – сал, екіншісі – əнші. Екеуі де өз бастарының 

атақ-даңқын  асыруда  бірінен-бірі  өтіп,  түрленген  теңеу 

мен  астары  мол  асыл  сөзге  көмілді,  ұтымды  ұқсатулар 

мен бағалы баламалар тіпті қалмады. Енді екі ақын да өз 

елдерінің  бетке  ұстарларын  асыра  мақтауға  көшті.  Бай-

қасаңыз, оқиға жүйелі бір тəртіппен дамып отырады. Бір-

жан Арғынды адақтаса, Сара Найманды асырды.  Әрине, 

оқиға  бөгетсіз  дами  бермейді.  Бұл  сюжеттік  дамудың 

ситуациядан  шиеленіске  көшкен  түрі.  Енді  кейіпкерлер 

арасында  қақтығыстар  басталды.  Біржан  Құнанбай  мен 

Абайды  асыра  мақтаса,  Сара  Құнанбайды  Қазыбекке 



Сара саңлақ

348

найзалатып,  Абайды  жерден  алып,  жерге  салды.  Демек, 

тартыс  –  өмірдегі  қайшылықтардың  өнердегі  көрінісі, 

адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың өнер 

туындысындағы жинақталуы, суреттелуі, яғни, оқиғаның 

барынша  шиеленісе  түскендігі  аңғарылады.  Біржан 

Құнанбайдың  Найманға  қылған  ерлігімен  тамсанады. 

Ақыр  соңында  Сара  қыздың  Жиенқұлдай  нашарға 

қосылғанын  айтып,  сол  жаманды  көргісі  кеп,  құмарта, 

құтырынған  Біржан  Сараны  сүріндіріп  тынады.  Міне, 

дарадан  күрделіге  қарай  дамыған  қым-қуат  ширыққан 

шиеленістер шоғыры оқиғаның шарықтауына да жеткізді. 

Автордың сөзіне бақсақ:

Тұрысбек Біржан салға атан берді,

Маман құтып тай-тұяқ шапан берді,

Естуші ек дабылыңды сыртыңыздан

Жарайсыз, өнеріңді көзім көрді.

Сараға ер Есімбек берді жорға,

Ұялып бергеннен соң алды зорға.

Тұрысбек ақ жібектен көйлек беріп,

Жылатпаспын, – деді, – енді сені қорға.

Бұл  –  шығарманың  мақсатын  айқындар  автордың 

үкімі, тартыстан туған соңғы нəтиже, көркем туындының 

шешімі.  Ал,  шығарманың  прологы  –  соңғы  сөзіне  Сара 

мен  Біржанның  қоштасуы  мен  автордың  соңғы  сөзі 

кіреді.  Шым-шытырық  оқиғалар,  тартыс  таразысымен 

шиеленісе  барып  шешілген  көрініс  аяқталды.  Біздің 

түйген ойымыз – Сара ақындық өнері мен сөз қуатының 



Сара саңлақ

349

арқасында  бас  бостандығына  қол  жеткізді,  ал  Біржан – 

Сараның  сөз  қуатын  шынықтыра  шыңдаған,  сөйтіп, 

ақындық дəрежесін үлкен биікке көтеруші, Сара қыздың 

бас бостандығына кепілдік əперуші. Бір сөзбен айтқанда, 

жоғарыдағы  талдаулар  айтыстың  бастан-аяқ  белгілі  бір 

сюжетке құрылған көркем шығарма екенін танытып тұр. 

Осы  тұста  Ахмет  Байтұрсынұлының  мына  бір  пікірін 

келтіре кетуді жөн көрдік: «Айтыс бастапқы кезде шын 

екі  ақынның  айтысқаны  болса  да  соңғы  кезде  ақындар 

айтысты өз жанынан шығаратын болған. Яғни, екі ақының 

айтысқаны қылып, екі жағының да сөзін өзі шығаратын 

болған. Сөйтіп, «айтыс» шын айтыс емес, тек шығарманың 

түрі болуға айналған. Адамның, елдің яки бүкіл жұрттың 

келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын айтқысы келсе, 

ақындар  өз  атынан  айтпай,  айтысқан  ақындардың  сөзі 

қылып шығаратын болған» деген пікірі (Шығармалары. – 

Алматы:  Жазушы,  1989.  227-бет)  «Біржан  –  Сара  айты-

сының» тарихын тап басып тұрғандай.

Демек,  келтірілген  дəлелдеулер  Әріптің  Біржан  мен 

Сара арасындағы болған айтысты елеулі өңдеуден өткізіп, 

толықтырып,  көркем  туындыға  тəн  оқиғалы  дүние 

жасағандығын көрсете алады.

Дəлелдерімізді  бекіте  түсу  үшін  Әріптің  «Тəуке  мен 

Ұрқия айтысы» шығармасын «Біржан – Сара айтысымен» 

салыстырып,  екі  айтыстың  идеялық  мазмұнына,  оқиға 

орайластығына,  сөз  салымдарына  үңіліп  байқайық.  Екі 

айтысты салыстырмас бұрын, алдымен, ақынның «Тəуке – 

Ұрқия  айтысына»  түсінік  беріп  кетейік.  Шығарманың 

басты  кейіпкерлері  Тəуке  мен  Ұрқия.  Ұрқия  –  Әріпке 



Сара саңлақ

350

туыс.  Жанкөбек,  Ақтайлақтан  тарайды.  Ал,  Тəуке  – 

Тобықты, Мəмбетей елінің батыры. Тəуке жайында Уəйіс 

Шондыбайұлы «Тəуке – Жікібай» дастанын жазған. Бұл 

туралы  Мұхамедханұлы  өз  еңбегінде  кеңінен  түсінік 

берген  (қараңыз:  Абайдың  ақын  шəкірттері.  К.  2.  – 

Алматы: Дəуір, 1995). Тəуке 1912 жылдары тұтқындалып, 

Сергиополь  түрмесінде  отырғанда  Ұрқиямен  кездесіп 

айтысқан.  Қ.Мұхамедханұлы  осы  жайында:  «Тəуке  – 

Ұрқия  айтысы»  –  өмірде  болған  шын  оқиғаны  айтыс 

түрінде  жазған  Әріп  ақынның  көркем  шығармасы»,  – 

дейді. (Абайдың ақын шəкірттері. К. 3. –Алматы: Дəуір, 

1995,  162-бет).  Болған  айтысты  көркем  шығарма  етіп, 

өңдеп  жазу  Әріптің  ақындық  өнеріне  машық  құбылыс 

екендігін «Тəуке – Ұрқия» шығармасы дəлелдей түседі.

Енді  екі  айтыстың  табиғатын  таразылар  болсақ, 

əкесінің төрт түлігі сай, дүниеге мұқтажсыз Сара айтыста 

қажы  ағасына  мұңын  шағып,  бас  бостандығын  аңсаған 

жан болса, Ұрқия да Жұмақандай мырзаның қарындасы, 

еріксіз  аз  ауыл  Ақымбетке  ұзатылып,  Аякөзде  тезек 

арқалап, су тасыған күйге түседі.

Сара:

Сіздерден ұялғаннан үндемеуші ем

Есекке қосақталуы өтті-ау күнім, –

деп  ашынса,  Ұрқия  «Ақ  ноқта  басқа  киіп  қатын  бол-

дық», – деп мойынсұнады.

Айтыстағы  Сара  да,  Тəуке  де  өз  қарсыластарынан 

ақын дық қуатының кемдігінен немесе ұрымталда сөз тап-


Сара саңлақ

351

па ғаннан  жеңілген  жоқ.  Елінің  айнасы  болған  ақынның 

ең  осал  тұсы  да  –  сол  елдің,  өз  елінің  міні.  Сараны 

Жиенқұлға қосақтаған да, Тəукеге шынжыр ноқта кигізіп, 

абақтыға жапқан да ел-жұрты, дəлірек айтқанда өз елінің 

игі-жақсылары.

Жеңілдім рақымсыз елім үшін,

Кетіп тұр бүгін менің қайрат күшім.

Сиық жоқ қазір менде Тəуке дерлік

Азғындап, қан азайып, тұрған пішін,–

деп ер Тəуке ақындық қуатын елінің жамандығына құр-

бандық етсе, Сара:

Адамға жол бермеген есіл тілім,

Күн өтпей қурап ұшқан қызыл гүлім.

...Өзі білер деуші едім жақсылардың,

Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім, –

деп, ел жуандарының рақымсыздығынан Біржан алдын-

да  шырмалады.  Екі  айтыста  да  əлеуметтік  ой-түйіндер 

осылайша  бір  араға  түйісуде.  Екеуіндегі  осыншалық 

ұқсастықтарды елемеу мүмкін емес.

«Біржан  –  Сара  айтысына»  Әріпті  қатыстырғысы 

келмей  тін  зерттеушілер  тобының  ұстанар  дəлелдерінің 

ең  салмақтысы  –  Әріп  шығармалары  мен  айтыс  таби-

ғатындағы  сөз  қолдану,  стиль  алшақтықтары.  Мə-

се лен,  Е.Ысмайловтың:  «Біз  əуелі  Біржан  мен  Сара 

айтысының  Әріп  өлеңдерімен  үндестігі,  ақындық  өнер 



Сара саңлақ

352

жағынан  қайталанып  келетін  тамырластығы  бар  ма  деп 

қарастырдық, бірақ ондай үндестік байқалмайды», – деп:

Ақ қағаз тəштит етпе хат жазарға

Түскен соң мағлұм болды сөз базарға...

Жаһил көп тілін тіске құр жаныған

Не пысық сəел қылсаң иманыңнан,–

деген сияқты Әріптің бірнеше осы сипаттас өлеңдерінен 

үзінділер  тере  келіп:  «Әріптің  мұндай  өлең,  сөз  өрнек-

терінен  Біржан  мен  Сара  айтысындағы  ақындық  өнер 

үлгісі  байқалмайды.  Әріп  оқыған  діндар  ақын,  оның 

өлеңдерінде  ақыл  айту,  мінез  құлық  түзеу,  құбылысты 

сол  қалпында  прозалық  үлгімен  баяндау  басым  болып 

отырады. Әріптің өлеңдерінде қайталап келетін сөз кес-

тесі, сөз машықтарының бірде-бірі Біржан мен Сараның, 

сондай  сал-сері  ақындардың  ақындық  дүниесіне  тіпті 

қабыспайды»,  –  дегенін  (Ысмайылов  Е. Әдебиет  жайлы 

ойлар.  –  Алматы:  Жазушы,  1968,  106-107  бб.)  толық 

құптау қиын. Өйткені, Әріп – «Біржан – Сара айтысымен» 

тақырыбы жағынан жақын, сөз саптау, оқиға құру жағынан 

соған  жетеғабыл  «Тəуке  –  Ұрқия  айтысын»  көркем 

шығарма  етіп  ұсынған  эпик  ақын.  Бірнеше  айтыстары 

бізге  жеткен  суырыпсалма  айтыскер.  Өз  туындыларын 

«құр  баяндауға»  құрмаған,  Абай  алдын  көрген  сыншыл 

да шыншыл ақын дер едік. Дəлеліміз құр сөз болмас үшін 

«Біржан  –  Сара  айтысы»  мен  Әріп  шығармаларындағы 

кейбір тармақтарды таразылап көрелік.


Сара саңлақ

353

Біржан – Сара айтысы: 

Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын, 

Арқаның Алтай-Қарпық ақтанкері. 

Қырандай желді күнгі аспандаймын, 

Даусымның көтерілер шықса тері. 

Ақиық мұзбалақпын жерге түспес, 

Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес. 

Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес, 

Болатпын екі жүзді алмас кеспес. 

Жалымнан ұстаған қыз арман етпес, 

Жібек жол арғымақпын тұмарланған. 

Орта жүз əн шырқасам сүйінеді, 

Мойыным жүзген қаздай иіледі. 

Түлкінің жүгірісін қыран байқар, 

Ойласаң сөзің емес маған айтар. 

Қанды көз, май жеп алғыш ақиықпын, 

Сен түгіл қасқыр көрсе бірақ шайнар. 

Қамысты терең көлдің сұқсырымын, 

Қаңғыған ілдірмеймін қаршығаға. 

Найманда түлеп ұшқан ақиықпын, 

Топшыңды қанатыңмен сындырайын. 

Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынмын, 

Жапалақ иемденер басқан ізін. 


Сара саңлақ

354

Шалынса шалқыған қыз біздің көзге, 

Қырғидай бөдене ілген жұмарлармын. 

Майысып нəзік белім бұраң қаққан, 

Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан. 

Ей, Сара шаршысын байқамастан, 

Етесің ақ байталдай елек-елек. 

Даусыма аспандағы құс айналар, 

Құбылып тоты құстай төңкерілген. 

Өлеңді қолқа қылсаң ағытайын, 

Самарқан жібегіндей оннан өріп.

Әріп шығармасы:

Бір күнде Бағдаттың сұңқары едім

Дүлдүлден затым шыққан тұлпар едім.

Жолықтым қалың торға құтылмастай

Ақ торан тоят алған сұңқар едім.

Ақиық қыран едің бұлғын ілген,

Талай құрбың сағынды ойнап-күлген.

Шапшыған тұнық едім тұрған жайнап,

Жібермес жауға түстім көзім жайнап.

Тұлпар ең арда күрең жауға түспес, 

Үстіңе сегіз жігіт мінгескендей.

Қызығын əнмен алдым осы жаздың,

Үнім бар дауысындай қоңыр қаздың.


Сара саңлақ

355

Демеймін бұл сөзімді табалаған,

Ер едім артық кемді шамалаған.

Ақиық артыңнан кеп сыпырғанда,

Қоқақтап қаншық түлкі абалаған.

Мен – ақ сұңқар, ол – аққу,

Көп көлдерден көрінсе,

Көлденеңнен ілем деп.

Болғанда сен ақиық мен бір түлкі,

Топшыңды сындырамын тасқа соғып.

Лашын құс тоят алып бермейді деп,

Бірге ұш жапалақпен жүрексінсең.

Құшақтап қыл беліңнен бір таң жатсам,

Ақ торғын орамалдай жұмарлармын.

Қамыс бармақ майысып іс тіккенде,

Бойыңа ине балқып өте алмаған.

Қалыспай тұлпар аттан қарсы шауып,

Жаратып байталыңды қамданасың.

Ай мен күн сырнай тартып, жұлдыз билеп,

Сегіз қыр, сексен сырмен шырға тартсақ,

Қара өлең Құдай берген қиын емес,

Сабасам бейпіл желді екі жақтап.



Сара саңлақ

356

Міне,  дəлелдеуді  қажет  етпейтін  құрылымдық  жəне 

мағыналық  жағынан  сəйкестік  тауып  жатқан  қуатты 

ой,  əсерлі  суреттер  «Әріп  өлеңдері  мен  «Біржан  –  Сара 

айтысының»  арасы  мүлде  алшақ»  деген  пікірлердің 

толыққанды  дұрыстығына  шүбə  келтіреді.  Сондай-ақ, 

Әріптің  жастық,  жігіттік  шағындағы  сезім  мен  суретке 

бай  лирикалық  өлеңдерінің  дені  бізге  жетпегенін  де 

естен шығармаған жөн. «Мен Әріптің өлеңдерімен біраз 

таныс адаммын, олардың ішінде асылдық жəне көркемдік 

жағынан  «Біржан  мен  Сараның  айтысына»  қатарласу 

түгіл,  маңайлайтыны  да  жоқ.  Егер  Әріп  күшті  ақын 

болса,  оның  өз  өлеңдері  «Біржан  мен  Сара  айтысына» 

неге  теңесіп  жатпайды?  Өз  өлеңдерінде  ол  «құба 

төбел»  шағын  ғана  ақын»,  –  деп  жазады  Әріп  ақынның 

дидактикалық сарынға құрылған өлеңдерімен ғана таныс 

болған  С.Мұқанов  (Бұлай  шатастыруға  болмайды.  // 

Қазақ əдебиеті, 1962, 1 мамыр).

Әрине, мұндай ұқсастық Сарадан, əсіресе Біржанның 

поэзиясынан  көптеп  табылары  хақ.  Әйтсе  де,  қатты 

ескеретін бір жай – көптеген зерттеушілер айтысты Бір-

жанның,  Сараның  поэзиясымен  салыстырып,  ай тыс-

тың  табиғатын  жазба  шығармамен  тең  қойып  зерттеп 

жүргендерін естен шығарып алған сияқты.

«Біржан – Сараны» айтыс деп қарайтындар, мұны осы 

екі  ақынның  айтыстарымен  салыстыруы  ақиқат  болар. 

Осы арада көкейге қонымды тағы бір сауал туындайды. 

Егер  айтыс  толығымен,  осы  қалпында  Біржан  мен 

Сараныкі болса, олардың басқа айтыстары неге осындай 

деңгейде  емес?  Біржанның  біз  білетін  белгісіз  қызбен 



Сара саңлақ

357

жəне Шөжеден ұтылған бір-екі ауыз сөз қағысы ғана бар. 

Ал, Сараның мықты деп саналатын Төребаймен айтысын 

(егер  осы  айтыс  болды  десек,  өйткені  Сара  37  жасында 

дүниеден өтсе, Төребаймен кексе таратқанда еш айтыса 

алмайды)  «Біржан  –  Сара  айтысымен»  көркемдік  қуаты 

жағынан  теңестіруге  келмейді,  бұл  –  бір,  екіншіден, 

Біржанның  адымын  аштырмаған  18-дегі  Сара  қыз  көп 

жыл  тəжірибе  жинап,  айтыстың  «маманы»  болған 

шақта  Біржанның  шəкірті  Төребайдан  оңбай  жеңіледі. 

Жеңілгенде де басқа себеп емес, сөз таппағаннан, өз елінің 

жақсыларын  жарытып  таныта  алмағанынан  жеңіледі. 

«Біржан – Сара» мен Сараның басқа айтыстарындағы сөз 

қуатына үңілсек:



Біржан – Сара айтысы:

Еркек жоқ өз басыма теңгерілген,

Сөз пірім он жасымнан меңгерілген.

Нəп-нəзік көзден олқы көрінсем де,

Сан жүйрік қойдан оңай өңгерілген.

Ұшырған тəрбиелеп ақ тұйғынмын,

Матайдың Қаракерей сеңгірінен.

Даусыма аспандағы құс айналар,

Құбылып тоты құстай төңкерілген.

Төребай мен Сара айтысы:

Белгілі əйелде ерке сал екенім,

Біледі Үйсін, Найман Сара екенім.


Сара саңлақ

358

Атақты сал Біржаннан бата алғаным,

Біледі ел өлеңге ебім бар екенін.

Сара мен Ермек айтысы:

Құлаштап келер жақсы өткен дүние,

Сұңқардай тоят алып қанат жайған.

Құсындай құдіреттің кез боп қалдым,

Дəм татпас тірі жүрсе адам қайдан?!

Айтыстағы ақиқат жолдар осылай сөйлейді.

«Біржан  –  Сара  айтысы»  тек  осы  екеуінің  аузынан 

шыққан айтыс жанрының соншалықты озық үлгісі дегенге 

бағанадан келтірген фактілер кепілдік бере алмайды.

Төңкеріске  дейін  айтыс  Қазан  қаласында  екі  нұсқада 

бірнеше  рет  жарық  көрді.  Е.Мырзахметұлының  үшінші 

нұсқа деп отырған Зайсан нұсқасы екінші нұсқа. (Қараңыз: 

Біржан  мен  Сара  айтысқан  ба?  //  Қазақ  əдебиеті,  2006, 

15  қыркүйек).  Негізінде,  айтыстың  екі-ақ  нұсқасы  бар. 

Ең  алғаш  рет  1898  жылы  айтыстың  бірінші  нұсқасы 

ба сылым  көрді.  Оны  бастырған  Ж.Шайхысламұлы. 

«Қисса-и  Біржан  сал  менен  Сара  қыздың  айтысқаны. 

Бастырған Шамсуддин Хұсайн ұғлының балалары. Қазан, 

Университет  баспаханасы,  19  б.»  Бұл  нұсқа  дүркін-

дүркін  1900,  1901,  1907,  1913,  1914  жылдары  басылып 

шықты.  Екінші  нұсқа  алғашқы  нұсқадан  кейін  іле-

шала  1899  жылы  төмендегідей  атпен  шықты.  «Қисса-и 

Біржан  сал  менен  ақын  Сараның  айтысқаны.  Бастырған 

ағайынды Кəримовтар. Қазан, М.А.Чиркова балаларының 



Сара саңлақ

359

баспаханасы,  1899.  24  б.  Редакциясын  басқарған  Абу-

Ғаб дулуахид Шəкиржан Әл-Хамиди-т-Тəкəви». Бұл нұс-

қа Зайсан қаласынан жіберілген нұсқа делінеді.

Аталған  екі  нұсқаның  негізгі  оқиға  желісінде  үлкен 

өзгерістер  жоқ.  Екі  ақынның  айтысы  кейбір  шу мақ-

тардың  бірінде  болып  екіншісінде  болмай  қалуы,  сон-

дай-ақ  синонимдік  өзгеріске  түскен  сөздердің  айыр ма-

шылықтарын ескермегенде екі нұсқаның жалпы сұлбасы, 

сюжеттік желісі бір.

Негізгі  өзгешелік  айтыстың  басталуы  мен  аяқталуы 

жəне  айтушының  сөздерінің  қосылуы.  Көлемі  жағынан 

толығырақ екінші, яғни Зайсан нұсқасы болып табылады. 

Екі нұсқадағы елеулі деген өзгешеліктерге тоқталсақ:

Бірінші  нұсқадағы:  «Қызы  екен  Тастанбектің  ақын 

Сара» деп басталып, «Құдайым қуат берсе енді сізге» деген 

аралықтағы шығарманың алғы сөзі (елу жол өлең) екінші 

нұсқада басқаша өрілген. Екінші нұсқадағы «Жарандар, 

құлағың сал, келді кеңес» деп басталып, «Қажыға мұңын 

айтқан  сонда  отырып»  деген  аралықтағы  172  жол  өлең 

жолы айтыстың көркем шығармалық құрылымын анықтап 

оқиғалық желіспен берілген. Оқиға желісі былай: Біржан 

алты  жолдасымен  ақын  Сараны  іздеп  Жетісуға  келеді. 

Алдымен Сараның шешесімен, одан Сараның сіңлісімен 

айтысады.  Арасында  айтушының,  яки  автордың  жəне 

Жүнісбектің сөзі бар.

Шығарманың  соңында  бірінші  нұсқада  «Жиылған 

жұрттың бұларға берген сыйы» (20 жол), «Сараның сон-

да  жұртқа  айтқаны»  (16  жол),  «Айтушының  сөзі»  (26 

жол)  сияқты  екінші  нұсқада  кездесетін  өлең  жолдары 



Сара саңлақ

360

жоқ.  Есесіне,  екінші  нұсқада  соңғы  Біржанның  айтқан 

сөз дерінің  кей  тұстары,  (30  жол)  сондай-ақ  Сараның 

Бір жанмен  қоштасу  сөзі  (20  жол)  сəл  өзгешелеу  келеді. 

Алайда  екі  нұсқаның  аяқталуындағы  Біржан  мен  Сара 

сөз дерінің мағынасы бір.

Бірінші нұсқада жоқ Біржанның «Ыбырайға тамам елің 

Найман  жетпес»  деп  басталып,  «Барыңды  өз  қолымнан 

таратайын» деген 60 жол өлең екінші нұсқада бар. Онда 

Ыбырайға  (Абайға),  Құнанбайға  қатысты  мадақ  сөздер 

айтылған. Осындай өзгешеліктердің өзі екі нұсқаны бір– 

бірінен  алшақтата  алмайды.  Демек,  түбі  бір  шығарма 

бастырушылар  тарапынан  немесе  бастыруға  ұсынушы 

тарапынан өзгеріске түскен.

Ендігі жерде «Біржан мен Сара айтысқан ба, əлде оны 

Әріп  ақын  шығарған  ба?»  деген  екіұшты  пікір  жөнінде 

қысқаша тоқталып өтейік.

Біржан  сал  Жетісуға  бірнеше  рет  келген.  Соңғы  бір 

сапарында  əдейілеп  Сарамен  кездеседі.  Бұл  кездесу 

шамамен  1895-96  жылдар.  Сараның  Жиенқұлға  айтты-

рылған аянышты тағдыры Біржанды бей-жай қалдырмаған. 

Әдейі  іздеп  келген  Біржан  алдында  Сараның  Тұрысбек 

қажыға айтқан арызы, Біржанның Сараны қорғап сөйлеген 

сөзі Әріптің айтыс жазуына негізгі арқау болған. Біржан 

мен  Сараның  айтқан  өлеңдері  көп  өзгеріссіз  айтысқа 

енген.  Ел  аузында  сақталған  өлеңдерді  кезінде  Сара 

Тастанбекқызы өмірін терең зерттеген Т.Қалилахановтың 

арнайы  мақаласында  (қараңыз:  «Ақын  Сара  туралы 

соны  деректер.  //Жұлдыз.  1958.  №4,5»),  І.Омаровтың 

еңбектерінде  (қараңыз:  Ақын  Сараның  əдебиетіміздегі 



Сара саңлақ

361

үлесі. //Қазақ əдебиеті. 17 шілде, 1959., Әдеби толғамдар. 

Алматы, 1988) келтірілген. Айтысқа Біржан мен Сараның 

нақты  қай  сөздері  қандай  өзгерістермен  енді  деген 

сауалға  жауап  ретінде  Т.Қалилахановтың  «Ақын  Сара 

Тастанбекқызы» (Астана, 2006) кітабындағы Шепшектің 

Ахметі деген ақынның поэмасымен танысу керек. Поэмада 

Ешкіөлместегі  Біржан  мен  Сараның  кездескенін,  екі 

ақынның сөздерін, ондағы Әріптің орнын осы оқиғаның 

тірі куəсі болған Ахмет ақсақал толық баяндаған. Әріптің 

жазған  поэмасындағы  Біржан  мен  Сараның  сөздерін 

Шепшектің  Ахметі  де  сол  күйінде  келтіреді.  Әріп 

шығарған айтыстың негізгі сұлбасы, Біржан мен Сараның 

айтқан кей өлең шумақтары еш өзгеріссіз айтысқа енген, 

автор өзгертуді жөн деп таппаған. Сондықтан да, көркем 

шығарма  ретінде  жазылған  бұл  айтыста  Біржан  мен 

Сараның да үлкен үлесі бар екенін ерекше айта кетуіміз 

керек.


Үш-төрт  жыл  ішінде  елге  тарап,  даңқы  жайыла 

бастаған  туындыны  əуелі  Жүсіпбек  Шайқысыламұлы 

баспаға ұсынады. (Ескерте кетейік, айтысты 1871 жылы 

болған  дейтіндер,  Жүсіпбектің  «Сара  аузынан  келер 

жылында жазып алдым», – дейтін сөзін алға тартатыны 

бар. Егер айтыс 1871 жылы болса, Жүсіпбек 1872 (келер 

жылы)  он  бес  жастағы  бала.  Ол  1857  жылы  туып,  1931 

жылы  дүниеден  өткен).  Іле-шала  Әріптің  де  нұсқасы 

жарық көреді. Әріп нұсқасының аяғында:

...Екі өлеңші бас қосып сөйлескен соң

Көп əңгіме болыпты бұл бірталай.


Сара саңлақ

362

Бірі əйел, біреуі əнші өлең айтқан

Біледі жат елдердің жайын қалай?

Нұсқасы екеуінің Арғын, Найман,

Бұл өлең шыққан екен бірталайдан.

Сөйтсе де хат болмайды, басылмайды

Қазанға бастыруға көңіл ауған.

Әр кісінің қолында біреуі жүр

Біреуі рас болса, бірі жалған.

Зайсанның жіберілді қаласынан

Кімнің кім зиян шегер данасынан,–

деген жолдар бір ғасырға жуық біз үрлеп жүрген даудың 

шаласына  су  құяр  нақты  жауаптың  өзі  емес  пе,  ұққан 

жанға…


Айтыстың  толық  нұсқасы  деп  танылып  жүрген  1899 

жылғы Зайсан нұсқасын негізге алсақ, Әріп Біржан мен 

Сараның  кездесуін,  ондағы  өлең-сөздерін  арқау  ете 

отырып айтысты белгілі бір сюжеттік желіске құрылған 

көркем  шығарма  етіп  жазған.  Біржанның  Ешкіөлмеске 

келуі, Сараның шешесімен, сіңлісімен айтысуы, Найман 

мен  Арғын,  дəлірек  айтқанда  Әріпке  жақын  тақырып 

Сыбан-Тобықты арасындағы тартысты Сараның бас бос-

тандығы  сияқты  тақырыпқа  ұштастырып  əкеп,  əдемі 

сюжеттік желіс құрауы Әріптің толық авторлық құқығын 

айқындайды.

«Біржан  –  Сара  айтысының»  Әріп  Тəңірбергенұлы 

қолынан  туған  көркем  туынды  екендігін  қуаттайтын 

негізгі деген мəселелер атап көрсетсек төмендегідей:

– «Біржан – Сара айтысын» Әріп жазған деген пікірлер 

төңкеріске  дейін  жəне  одан  кейінгі  30-жылдардың 



Сара саңлақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет