«Хакимул - Харамәйни-Шәрифәйн (екі абыройлы мекен
Мекке мен Мәдинаның әкімі)» делінген кезде:
«Жо-жоқ! Керісінше, Хадимул - Харамайни-Шәрифәйн
(екі абыройлы мекен Мекке мен Мәдинаның қызметшісі!)»
- деп жылап, жауап қайтарды.
Ыстамбұлға қайтып келгенінде күндіз Үскідарға
жетті. Ыстамбұл халқы өзін қатты қошаметпен қарсы
алатындығынан хабардар болғандықтан кеңесшісі Хасан
Жанға:
«Кеш түсіп, күн қарайсын, бәрі үйлеріне қайтсын,
көшелер босасын, мен содан кейін Ыстамбұлға кірейін.
Фәнилердің қошеметі мадақтары мен ілтипаттары бізді
жеңіп, жерге құлатпасын!» - деді».
Явузды - қорқынышты Сина шөлінде арыстан, Мысырға
кіргенде қарапайым, көзі жасты шүкіршілікке бөленген
мүмин, Үскідарға келгенде өзін нәпсімен күресуге
бағыттаған иләһи және ішкі ләззаттарға шомылған бір
дәруіш сияқты көреміз.
Хасан Жанға мына шумақтарды айтты:
Әлемге патша болу бос бір талас екен,
Бір әулиеге пенде болу бәрінен биік екен!
Явуздың кеңесшісі Хасан Жан оның қалай қайтыс
болғанын былайша баяндайды:
«Арқасына шиқан шыққан еді. Шиқан аз уақытта
ұлғайып, үлкен тесікке айналады. Жараның ішінен
Явуздың бауырын көретін едік. Өзі қатты қиналатын,
қасына жақындап:
«Хан ием, енді Аллаһ Тағаламен бірге болу уақыты кел-
ген сияқты!» - дедім.
Атақты сұлтан бұрылып, бетіме таңдана қарап:
«Хасан, Хасан! Сен мені осы сәтке дейін кіммен бірге деп
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 133 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ойлап едің? Маған Ясин оқы!» - деді. Сөйтіп, Ясин шәриф
оқылып жатқанда рухын Раббысына тәслім етті».
Тоғыз жылдық салтанатында қол жеткізген атақты
жеңістер, дүниелік шекпендер, фәнилердің ілтипаттары
оны мастыққа жетелеп, жеңе алған жоқ. Үнемі Раббысы-
мен бірге болу, тек содан ғана жәрдем сұрау санасымен өмір
сүрді.
Уа, Раббым! Бізді шынайы сұлтандық болып саналатын
құлдыкта ақырғы демге дейін дұрыс бағыттан айырма!
Әмин!
- 134 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ТҰТҚЫНДЫҚТАН ЕРКІНДІККЕ
«Достардыңдосын еске алуы мүбәрәк
нәрсе. Әсіресе ескеруші Ләйлә, еске алынушы
Мәжнүн болса!»
Хазіреті Мәуләнә
Бір саудагердің қапаста қамалған әдемі бір тоты құсы бар
еді, оны өте жақсы керетін.
Бір күні саудагер Үндістан жаққа саудаға шығуға
әзірленді. Жомарттығынан қызметшілерінің қалауларын
сұрап, тапсырыс алды. Осы кезде өте жақсы көретін тоты
құсынан:
«Саған Үндістаннан не әкелейін?» - деп сұрады. Тоты
құс:
«Сол жердегі тоты құстарға менің жағдайымды айтып,
сәлемімді жеткіз!» - деді.
Қапастағы тоты құс өзіне тән (хал) тілімен Үндістандағы
тоты құстарға мына айғайын жеткізбек болды:
«Сендерге қызыққан бұл қапастағы тоты құс аңшының
тұзағына түсті. Өмір бойы қапасқа қамалды. Сендерге
сәлемімді айтып, сендерден бір шара, көмек сұрап, жол сіл-
теп, бағдар берулеріңді үміт етемін!»
«Бұл лайық па, мен темір капаста қамалып жатай-
ын, сендер болсаңдар еркіндікге жасыл орманның, әсем
гүлдерінің ішінде шат болып жүресіңдер! Мен болсам
қапаста, сендер болсаңдар гүлстандасыңдар! Достардың
адалдығы осы ма? Менің осы бөтен елде сағынышпен сен-
дерден жырақ болудың қасіретінен шырылдағаным, осылай
жан тапсырғаным дұрыс па?»
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 135 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей, ұстаз тоты құстар! Сендер таң сәріде далада фәйіз
шықтарына шомылған кезде бұл бишараны да естеріңе
алғайсыңдар!»
«Достардың досын еске алуы - мүбәрәк нәрсе, бақыт
үстіне бақыт. Әсіресе ескеруші Ләйлә, еске алынушы
Мәжнүн болса».
«Ей, үнемі бірге кезіп ұшқан тоты құстар! Сендер онда
еркін кезіп жүргенде, мен қапасымда жүрегімнен тамған
қанды ішіп жатырмын! Мені шат қылып, тірілткілерің
келсе, мен үшін ішкен шәрбәттарыңнан бірнеше жұтым
ішіп, Бұл жалғыз бишара бауырларың үшін топыраққа бір-
неше тамшы себіңдер!»
Тоты құстың сұранысын қабыл алған саудагер жолға
шықты. Үндістанға жеткен соң бұтақтан бұтаққа қонған
бірнеше тоты құс көрді. Оларға дауыстап, қапастағы тоты
құстың сәлемін жеткізді.
Хал тілімен жеткізілген қапастағы тоты құстың бұл
сәлемі, яғни жан айғайы, Үнді тоты құстарын қатты әсерге
қалдырды. Тіпті, араларынан біреуі естіген сөздерінен ді-
рілдеп, құлап, демі бітіп өліп қалды.
Саудагер бұл жағдайға қатты таңданды. Айтқанына
өкініп, өзіне-өзі:
«Бір тірі жанның өлуіне себеп болдым, күнәға бат-
тым. Бұл тоты құстың менің тоты құсыммен туыстық
қатынасы бар шығар, бәлкім. Мұны неге істедім? Неге осы
хабарды жеткізіп шикі сөздеріммен бишараның жанын
өртеп, күйдірдім?» - деді.
Саудагер жұмысын бітіріп, еліне қайтқан соң басынан
өткен оқиғаларды таңдана, толқып, қайғыра, қапастағы
тоты құсқа жеткізді:
«Ей, тоты құс! Айтқаныма, айтатыныма әлі өкінемін,
өкініштен саусағымды тістеп қалдым! Алайда, соңғы
өкініштің қандай пайдасы бар?»
Иесін бар жан-тәнімен тыңдаған қапастағы тоты құс та
саудагердің сөзі бітпей жатып, қалаған жауабын алғандай
- 136 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
болып дәл сол Үндістандағы тоты құс сияқты дірілдеп,
қапастың түбіне құлап қимылсыз қалды.
Бұл жағдайды көрген саудагер орнынан атып тұрып,
өкінішінен басындағы бөркін шешіп, жерге ұрды. Қатты
әсерленген еді. Жеңі мен жағасын жыртып, ойбайға басты:
«Ей, сұлу тоты құс! Ей, менің сұлу дауысты құсым! Не
болды? Неге осы халге тап болдың? Пай-пай, менің жол-
дасым! Егер Сүлейменнің (аләйһиссәләм) осындай құсы
болғанда, басқа құстарға алданбайтын еді».
Өйткені, құсы ол үшін қуаныш көзі, сұхбаттасатын жол-
дасы әрі сырласы еді. Өкініштен жылап-еңіреп отырып,
кейде:
«Берген Аллаһ, алған Аллаһ!» - дейді, кейде көлеңкеге ал-
данып, кейде ақиқатқа алпынды. Тоты құсынан айырылып,
күйіп-жанды. Теңізге түскен адамның салға жабысқаны
сияқты, өзіне жұбаныш іздеді. Кінәні тіліне артып, оны бы-
лайша тілдеді:
«Ей, тіл! Сен өлімге себеп болдың! Маған көп зиян
келтірдің. Енді мен саған не дейін? Ей, тіл! Сен әрі от, әрі
қырмансың! Бұл қырманды қашанға дейін өртейсің? Ей, тіл!
Жаным саған ренішті. Ол сенің әрбір айтқаныңцы орындаса
да, сенің қаншама ауыртпалығыңды арқалайды! Ей, тіл!
Кейде қас құлдардың тілі сияқты бітпейтін қазынасың,
бірақ кейде пасықтардың улы тілі сияқты дауасыз дертке
айналасың! Ей, ынсапсыз! Ей, жыланды інінен, адамды діні-
нен шығаратын тіл! Маған ешқандай мейірімділік етпейсің
бе, өлтірмек болып, садағыңды оқтап алыпсың!» - деді.
Ақыры саудагер біраз уақыт жылап-еңіреп алып, өлген
тоты құсты қапастан шығарды. Көмбек болып, орын әзірлей
бастады.
Міне, осы кезде өтірік өліп жатқан тоты құсқа жан бітіп,
ұшып кетті де, биік бір ағаштың бұтағына қонды.
Саудагер құстың істеген ісіне таң ж,алды. Сонда да
осының мәнін білгісі келіп, құсына былай деді:
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 137 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей құсым! Құдай үшін, бізге жағдайыңды айт!
Үндістандағы тоты құстан не түсіндің? Қулық жасап,
мені күйдіріп жібердің! Бұның сыры неде? Түсіндірші, мен де
осы рухани сырлардан нәсіп алайын! Мені мақрұм етпе!» -
деді.
Сонда тоты құс былай деп жауап қайтарды:
«Хабарын жеткізген үнді тоты құсы маған үнсіз
әрекеттерімен бағдар көрсетті, насихат жасады.
Өртенген жаныма бейне бір өмір нәрін ұсынды. Маған:
«Сені қапасқа қаматқан сұлу дауысың!» дегенді білдір-
ді. Және: «Ей, үлкендерге де, кішілерге де сайрайтын! Ей,
ғалымдарды да, надандарды да көркем сайрауымен мас
қылған! Ей, адамдарды әсерлі сайрауымен баурап алған құс!
Есіңді жина, Бұл сайрауды тоқтат! Сенде мен сияқты өл
де, тұтқындықтан құтыл!» деді. Мен де берілген тәлімді
орындадым. Өзімді өлтіріп, құтылдым!»
Тоты құс сөзін жалғап:
«Ей, Мырза! Мен тұтқындықтан құтылдым, енді негіз-
гі орныма, мекеніме қайтамын. Сен де мен сияқты істесең,
тән қапасынан амандықпен құтылып, еркіндікке қауышып,
негізгі отаныңа, яғни атаң Хазіреті Адамның келген жері,
жәннатқа қайтасың! Осы балшық тәннен құтылып,
пәктікке қауышасың, өте жоғары дәрежелерге жетесің!» -
деді.
Осы сөздерден әсер алған саудагер есін жинап, өзіне-өзі:
«Маған осы үгіт те жетеді! Еңці мен де тоты кусымның
жолын үстайын. Өйткені, оның жолы адамға ақиқатты
ұғындыратын, нүрлы жолға жетелейтін, мәңгілік өмірдің
шәрбәті болған абылхаят екендігін түсіндім!»
Хикаяда айтылған қапастағы тоты құс тәннің, яғни
нәпсінің тұтқыны болған рухты көрсетеді. Үндістандағы ер-
кіндікке батқан, бұтақтан-бұтаққа қонған тоты құстар бол-
са, дүниенің ләззаттарынан қашып, фәнилік пен заттықтың
тұтқынынан құтылған әулиелердің руханияттары.
- 138 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Үндістандағы құстардың қапастағы құсқа тәлімі:
«Өлмей тұрып, өліңдер!» бұйрығына мойынсұнудың
қажеттілігінен фәни тірлік тұтқынынан, осы жолмен ғана
құтылуға болады. Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай
дейді:
«Өлсеңдер, ақиқат таңында тірілесіңдер!»
Үндістандағы тоты құс қапастағы тоты құсқа бұл тура-
сында былай дегендей еді:
«Сен де өл! Яғни табиғи өлім келмей тұрып, өз нәпсіңнен
құтыл. Нәпсі тәніңнен өз еркіңмен өле біл, рухани өмірде
тіріл, осылайша рухани аспанда қанат қақ!»
Өйткені, өзінің нағыз ақиқаты бойынша өмір сүрмеген,
ішіндегі жасырын гауһардан бейхабар адамның өмірі,
тән қапасында жан берісіп, жан алысудан басқа не болуы
мүмкін? Шынайы өмір нәпсіден өлуден басталады. Өйткені,
бұл өлім - нағыз өмірдің өзі.
Сондықтан Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Жан тоты құсының хикаясы да саудагердің тоты
құсының хикаясына ұқсайды».
«Ей, ғапыл! Осы құс сияқты өлсең, құтыласың! Дән
сияқты болсаң, сені құстар жинайды. Гүл сияқты болсаң,
сені бала-шаға жұлып кетеді».
«Дәніңді жасыр, алыста сақтан! Гүліңді сақта, шатыр-
лар мен дуалдың түбінде өскен шөп сияқты бол!»
«Яғни танылудан, өзіңді көрсетуден қаш! Қарапайым,
кішіпейіл бол! Осылайша жаман көздерден, әрі болдым,
толдым деп, шектен шығудан құтыласың!»
«Сұлулығын саудаға салған адам бәлекетке алақан
жайған болып саналады. Мұнысы, барлық жағымсыз на-
зарларды өзіне тартады. Дұшпандары бір жағынан, доста-
ры екінші жағынан оны жығуға тырысады. Бірі қызғанып,
екіншісі шектен тыс зиянды (артық) мадақтаулармен
өмірін құртады. Осы қауіптерден құтылу үшін тәннің
шектеуінен құтылудан басқа шара жоқ».
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 139 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тән шектеуінен құтылу үшін не өлу немесе өлгендей болу,
яғни иләһи әмірлер мен танымдарға шын көңілден байла-
нысу, оларды орындау қажет болады. Сол себепті Жүнәйд
Бағдади Хазіреті тасаввуфты:
«Хақ Тағаланың сені сендігіңде өлтіріп, өзімен тіріл-
туі» - деп танымдайды.
Өйткені, құл дүние кірлерінен арылып Аллаһтың мейі-
рімін паналап иләһи нұрға бөленген кезде, ол бәлекеттерге
емес, бәлекеттер оған бас иеді. Сондай-ақ, иләһи ашу-
мен буырқанып, Аллаһтың дүшпандарын батырған су-
лар, Хазіреті Нух пен Хазіреті Мұсаға жар болған,
Нәмрудтың жүрегінен өкініш түтінін шығарған от та
Ибраһимге (аләйһиссәләм) гүлстан болған. Бұл оқиғалар
да кездейсоқтық емес, Аллаһ Тағапаның ізгі құлдарына де-
ген сыйы мен жәрдемінің көрінісін қамтыған мүғжизалар.
Бұларда әлде қайда қаншама хикмет пен ғибраттар бар.
Екіншіден бұл ақиқаттар иләһи сыйлардың оларға
лайықты болған басқа құлдарға да дәл сондай немесе
басқаша түрде берілетіндігін білдіреді. Бірақ, құлдың
міндеті - мендіктен, яғни ібілістіңтүбінежеткен сипаттан
құтылып, күнәлардан арылып, тек Раббысына бет бүруы
мен көңілін соның зікірімен толтыруы.
Бірақ зікір тек қана тілдің Аллаһ атын қайталауы ғана
емес, Аллаһ (жәллә жәләлуһу) түсінігімен иләһи көріністің
барлық болмысын қамтып, жүректе орын алуы екендігін
білу керек.
Үнемі зікір ету құлды керемет дәрежеге жеткізетіні сон-
ша, зікірдің ақиқаты, жүректің жаратылыс мақсатымен
бірлеседі. Жүрек зікірге толық айна болады.
Зікірдің ақиқаты - әріп, сөз бен дауыстан пәк жүректің
негізгі өзегі иләһи және Раббани болғандықтан пәк бір се-
зім. Екі құндылық осылайша заттықтан құтылып, бір-бі-
рімен бірігіп кетеді. Бұл дәрежеде зікір қорған сияқты
жүректі қамтып, мәсиуәдан қорғайды. Жүрек зікірде
жоқтыққа қауышады. Зікір етілген заттан, яғни Аллаһ
- 140 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тағаладан басқа барлық нәрсе шығарылады. Бұл фәнахалі.
Фәнилердің ортадан шығып "Бақи" ғана қалған мәртебе.
Тыныштыққа бөленіп, шаттыққа қауышу. Рағд сүресінің
28 - аятында былай делінеді:
��ِ�َ� ْ�َ� ِ�ا ِ�ْ�ِ�ِ� َ�َأ ِ�ا ِ�ْ�ِ�ِ� ْ�ُ�ُ��ُ�ُ� ��ِ�َ� ْ�َ� َو ا�ُ�َ�َا َ��ِ���َا
ُب�ُ�ُ�ْ�ا
«Бұлар иман етушілер және жүректері Аллаһтың зі-
кірімен тыныштыққа қауышқандар. Біліңдер, жүрек тек
Аллаһ зікірімен ғана тынышталып, рахатқа қауышады».
Екінші бір қасиетті аятта:
ْ�ُ�ُ��ُ�ُ� ْ�َ� ِ� َو ُ�ا َ�ِ�ُذ اَذِا َ��ِ���ا َن�ُ�ِ�ْ�ُ�ْ�ا �َ���ِا
َن�ُ���َ�َ�َ� ْ�ِ�ِّ�َر �َ�َ� َو �ً��َ��ِا ْ�ُ�ْ�َداَز ُ�ُ��َ�َا ْ�ِ�ْ�َ�َ� ْ�َ�ِ�ُ� اَذِا َو
«Мүминдер - тек Аллаһ зікір етілген кезде (еске алынған
кезде) жүректері дірілдеп, оларға Аллаһтың аят кәримәлері
оқылған кезде имандары артып, тек Раббысына ғана
сүйеніп, сенім артқан адамдар,» - (Әнфәл,2) делінеді.
Аллаһтың нұрымен нүрланған Аллаһ достарының ақирет
жағдайын білдіретін тағы бір аят кәримә:
َن�ُ�َ� ْ�َ� ْ�ُ� َ� َو ْ�ِ�ْ�َ�َ� ٌفْ� َ� َ� ِ�ا َءَ��ِ�ْوَا �نِا َ�َا
«Біліңдер, Аллаһ достарына қорқыныш жоқ. Және олар
қасіретке ұшырамайды да» - (Юнус,62) делінеді.
Қапастағы қүстың осы ишараттағы сырдың мәнін
түсініп, іске асыруы оны мәңгілік еркіндіктің бақытына
қауыштырды.
Расында, тән - рух үшін бір қапас Бұл қапасқа бір емес,
мыңдаған қүс кіріп шығады. Кірген құстар - нәпсі күштер,
тәни әуестіктер мен шайтани үрейлер. Шыққандар болса
- адамға жағымсып, пайдасы үшін адамды мадақтағандар.
Осы екі топтың, әрқайсысы адамға түрлі нәрселерді айтады.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 141 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Кейбірі:
«Сенің нағыз досың менмін!» - дейді. Кейбіреулері:
«Жоқ, саған мен ғана жар, жолдас бола аламын!» - дейді.
Енді біреулері.
«Сен өте жақсы адамсың, жомарттық, ізгілік иесісің,
кешірімдісің!» - деп мадақтайды.
Ал кейбіреулері болса:
«Екі дүние сен үшін жаратылған. Біз сенің есігіңнің
алдындағы құлың мен күңіңбіз!» - деп жағынады.
Кейбіреулері (әр сөйлеген сайын):
«Дұрыс айттыңыз!» - деген сөздермен риялық жасайды.
Мұндай жағдайлар жалғаса береді. Өкінішке орай тән
қапасына ынтық, ақылсыз және әлсіз рухты адамдар
осыларға алданып, өздерін бір нәрсе санайды. Бұлардың өз
ішіне орныққан мыңдаған шайтанның қауіпті қулықтары
екендігін Бұл бишаралар қайдан білсін. Өйткені, бұл
дүниенің Бұл аңцауына алданған адамдар үшін дәмді тамақ,
жағымды бір әуен сияқты сезіледі. Алайда, Бұлар соңында
алауға айналатын шайтанның тамағы, ол алдымен ләззат
беретін сияқты болып көрінгенімен, кейіннен жоюшы отқа
айналады. Осы қорқыныш алауларын Бұл дүниеде сезбе-
гендер, ақиретке көтерілген алаулардың ортасында қалған
кезде ғана істің ақиқатын түсінеді, бірақ барлық істер бітіп
болады, айғайлар мен өкініштер, жойылудың соңғы сарын-
дары түрінде қалады.
Сондықтан Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) былай дейді.
«Адамды қүртатын екі нәрсе. Біреуі - нәпсіқүмарлыққа
салыну, екіншісі - мақтау мен мадақты жақсы көру».
Аллаһ Тағала ақиреттің бақытын дүниеде тәкаппарлық
пен пандық танытпаған, бұзыкгықжасамаған, көңілінде
Аллаһқа деген сүйіспеншілік лаулағандарға нәсіп еткен.
Өйткені, қарапайымдылық нығметінен алыстап, жа-
ман сипаттарға жұғысқан адамдар перғауынға айналудан
құтыла алмаған. Олай болса, қарапайымдылық арқылы
осындай жағымсыз ахлақтан арылу керек.
- 142 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Қарапайымдылықтың жақсылықтары көп. Қарапайым
адам жомарт болады. Жомарт адам мейірімді болады.
Мейірімді адам, мақлүқатқа қызмет етуге ықыласты бо-
лады. Бұл Раббтың ризашылығына дәнекер болады. Ал
қарапайымдылықтан алыс адам осы ізгі қасиеттерден
мақрүм болады.
Қарапайымдылық сипатына ие болған құлда түсінік
жақсы дамығандықтан қарапайым құл досымен дұшпанын
оңай ажырата алады. Қарапайымдылықтың арқасында
бір күні нәпсісіндегі сұлтандықты, әкімгершілікті және
даңққұмарлықты жоғалтқан кезде, өзіне жағынған
адамдардың бір сәтте дүшпан екендіктерін көреді. Солар
оны жек көреді. Одан жалығып, арыстаннан қашқандай
қашады.
Сондықтан құл өз ақиқатын өзіне көрсететін көңілдің
айнасы болған Аллаһ достарымен бірге болуға тырысып,
нәпсісі мен оның қулықтарын білуі керек. Әулиелер мен
олардың халдеріне жүрек кезімен қарап, хикметті түсініп,
әртүрлі нәпсінің азғырулары мен қате халдерінен қашуы
қажет.
Әулиелердің сөзі мен халдерінің хикмет екендігін білу ке-
рек. Олар лайықты болмаған адамдарға білдірмеу, лайықты
адамдарды мақрұм етпеу үшін сездеріндегі сырларды кей-
бір белгілер мен ишараттар арқылы жеткізеді. Ол сөздерді
тек таза жүрекке ие болған адамдар түсінеді. Түсінбегендер
тек қарапайым сөздерді ғана естиді.
Әбу Һурайра (радиаллаһу анһу) былай дейді:
Мен Расулүллаһтан екі түрлі білім алдым. Бірін тарат-
тым, екіншісін жасырдым. Таратсам, өзгелер мағынасына
шыдай алмай, менің басымды жүлып алар кетер еді...
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пай-
ғамбарлық пен әулиелікгің барлық ерекше сипаттарын
өз бойында жинақтаған еді. Жүз жиырма мыңнан астам
пайғамбардың қасиеттері мен таңдаулы сипаттары, кәміл
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 143 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
түрде бір Оның бойында жинақталған еді. Ол әрбір пайғамбар
мен әулиенің пәк сипатының ең жоғарғы дәрежесінде еді.
Әрбір пайғамбар пайғамбарлықта, өзіне тән пәк сипатқа
ие болған, мысалы:
Ибраһим (аләйһиссәләм) Аллаһтан басқа көңілінде
ешбір жаратылыстың орны болмаған деген мағынада
"Халилұллаһ", Хазіреті Мұса (аләйһиссәләм) Аллаһпен тіл-
дескен, өмірі жәләл (айбындылық) сипатының көрінісінде
болған деген мағынада "Кәлимүллаһ", Иса (аләйһиссәләм)
іш пен нәпсінің тазаруымен кемелденген деген мағынада
"Рухұллаһ" атағына ие болған.
Әулиелердің де әрқайсысы ерекше сипаттарға ие. Және
әртүрлі көріністерге ие. Мәселен: Абдұлқадир Гейлани
(құддисә сирруһ) басқарушылықпен қолдануда, Мүхидцин
Араби (құддисә сирруһ) рухани ілімдер мен көрегенділікте,
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) болса, жанды өртейтін
ғашықтық, ынтықтықжәне махаббатпен ерекшеленеді.
Хазіреті Мәуләнә ез халін былайша жеткізеді:
«Мен бұл сырларды бүкпелеп қысқаша ғана айт-
тым. Ашып айтқан жоқпын. Әйтпесе, кеңірек баяндауға
тырысқандардың тілі, тыңдағандардың түсінігі күйіп ке-
тер еді».
Басқа бір шумағында былай дейді:
«Менің шумақтарым - өлең емес, рухани әлем. Әзілім де
- әзіл емес, әдеп, киссаларым – қарапайым жәй ғана сөздер
емес, тәлім. Сырларды ашып түсіндіру үшін (солай ет-
тім)».
Мәснәуи - тәлім, иршад пен тәрбие үшін ретке келтіріл-
ген бір кітап. Мәснәуидің екінші бір ерекшелігі түсініктер
мен қабілеттер әр адамда әртүрлі болғандықтан кейде
әзіл соқпағына түседі. Яғни, қарапайым болып көрінген
қиссалар арқылы иләһи тәртіптің сырларын, қүпияларын,
ерекшеліктерін өзгеше түрде түсіндіреді.
- 144 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә өз өлімінің «шәби арус», яғни, той кеші
болатынын айтып, өзінің тән қапасынан қүтылып "шексіз
сүлуға" қауышуын жеткізген кезде айтқан:
«Көңіл достарым сол кеште мереке жасап, менің халіме
қуансын!» - деген сөздерімен:
«Мен өліп, табытыма қойылған кезімде пай-пай, қабірге
қойылған кезде «Қош, қош» деме! Өйткені, өлім мен үшін
қайғыратын нәрсе емес, куанатын нәрсе,» - деп айтқан
сөздері қандай мәнді.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) «Дүние деген не?» - деген
сұраққа: «Рухтардың түрмесі!» - деп жауап береді. Жаны
жаралы Юнус бұл дүние түрмесінде көрген азабы мен
сағынышын бұлбұлға назданып қандай тамаша жеткізген:
Сен бұл жерде ғаріп қалдың ба,
Неге жылайсың, ей, бұлбұл?
Шаршап, жолыңнан адастың ба,
Неге жылайсың, ей, бұлбұл?
Қарлы таулардан астың ба?
Терең сулардан өттің бе?
Жарыңнан айырылып қалдың ба?
Неге жылайсың, ей, бұлбұл?
Хазіреті Мәуләнә басқа бір өлеңінде:
«Мен қызмет етіп, халыққа жол көрсетуге міндетті
болғаңцығым үшін дүние абақгысында отырмын. Әйтпесе
зындан қайда, мен қайдамын? Кімнің малын ұрлап,
абақтыға қамалдым?!» - дейді.
Дүниеде әр қадам басқан сайын көздеген жеріңе барасың.
Әр дем алған сайын дүниеден өтуге жақындайсың. Екінші
жағынан рухтардың мекені - рухтар әлемі. Әрбір демді алған
сайын негізгі мекеніңе жақындайсың. Қауыздағы судың
Бұланып, жоқ болатындығы сияқты, үнсіз ғана алған-бер-
ген демдермен өмір де бітеді.
Адам болсын, хайуан болсын негізі топырақ болғандықтан,
соның ішінде шіриді, жоқ болып, топыраққа айналады.
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 145 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Материалдық зат осылай болғанымен рух негізіне
қайта оралады. Рухани негізі жәннаттың элементтері-
нен болғандар жәннатқа, жәһәннамның элементтерінен
болғандар, жәһәннамға кетеді. Мәуләнә (құддисә сирруһ)
емірінің үш кезеңін: «Шикі едім, пістім және өртендім!» -
деп жеткізеді. Тәннің жануы - рухтың рухани қоректерге
тойып хайуани қоректерге орын қалмаудың нәтижесі
дүниелік ләззаттардан толықтай арылуы деген мағынада.
Көбелек қалайша жарықтың айналасында тартылысқа
тап болып, еркінен айырылып, соңында жарыққа соғылып,
тәнін жақса, Хазіреті Мәуләнә да:
«Тәнді жақпай, иләһи ғашықгық пен махаббаттың
ләззатына қауышу мүмкін емес» - дейді.
Халлаж Мансұр көп рухи толқулардың салдарынан
өлімді сағынып: «Мен өлгенде ғана тіріліп, өмірге келем!»
- деді. Нәпсінің иірім шұңқырларына түспеу үшін Мәуләнә
(құддисә сирруһ) өлеңдерінде былай деп ескертеді:
«Балшық жеме! Балшықты сатып алма! Және
балшықты іздеме! Өйткені, балшық жейтіндердің түрі
үнемі сары болады».
«Рухани қабілеттеріңді жетілдіру үшін көңіл же! Яғни,
жүрекке түскен фәйіздермен қоректенсең, үнемі жасарып,
иләһи көріністерден түрің раушан гүлі сияқты болады!»
Бабил патшасы Нәмруд Хазіреті Ибраһимді отқа
салғызды. Бірақ:
َ��ِ�اَ�ْ�ِا �َ�َ� �ً�َ� َ� َو اًدْ�َ� �ِ��ُ� ُر�َ� �َ�
Достарыңызбен бөлісу: |